Тұлға дамуын диагностикалауға қатысты практикалық жағдай
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
Қорғауға жіберілді
ПЦК төрайымы:
2020ж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында тұлғаның ақыл - ойының дамуын диагностикалау жолдары
Мамандығы: 0111000 - Негізгі орта білім беру
Біліктілігі: 0111013 - Қазақ тілі және әдебиеті
Тобы: ҚТ-Ж-16
Орындаған: Қайбулла Медине
Ғылыми жетекші: Әбиева Гүлжайна
Қорғалды:
Бағасы:
Қызылорда, 2020 жыл
Мазмұны
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5б.
ІІ. Тұлға дамуын диагностикалауға қатысты практикалық жағдай
2.1Диагностикалау ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .6- 8б.
2.2Тұлғаның ақыл-ойының даму процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-13б.
2.3. Тұлға дамуына әсер ететін факторларды диагностикалау негізінде анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14-18б.
ІІІ. Тұлғаны диагностикалауға қатысты теориялық мәселелер
3.1.Қазіргі уақыттағы тұлғаны диагностикалауға қатысты озат педагогикалық тәжірибиелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19-22б.
3.2 Қазақ тілі сабақтарында тұлғаның ақыл - ойының дамуын диагностикалау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3-28б.
3.3 Қазақ тілі сабақтарында тұлғаның ақыл - ойының дамуын диагностикалауды оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29-33б.
IV. Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34-45б.
V. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46-47б.
VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .48б.
VII. Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49- ...б.
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі.Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған.Сондықтан халықаралық ұйымдар әлемі елдерінің бәсекегеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісіп, оның теориясы мен тұжырымдалары жасалып жатыр. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы жолдауында айқындалған. Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр.
Жастарды оқытуға оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған.Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін,оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау.
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады деп тұжырымдалса, Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс,адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қажетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп атап көрсетілген.
Педагогикалық даму саласындағы диагностиканың мəн-мағынасы, медицинадағы сырқатты күні бұрын анықтаумен бірдей. Диагностика жолымен тəрбие процесіндегі қандай да өзгерістердің белгілері мен себептері, оның сипаты анықталып, ол тəрбиені болашақта дұрыс жолға келтірудің жоспарына негіз береді. Дұрыс орындалмаған диагностика барлық еңбекті зая етіп, алдағы тұрған мақсатқа жетудің кедергісін азайтпақ түгіл, оны асқындырып жібереді. Сондықтан да, даму желісін диагностикалау жоғары мамандық пен жауапкершілікті талап ететін өте маңызды практикалық іс.Оқушылардың дамуындағы кейбір ерекшеліктерді диагностикалаудың қарапайым əдістерін үйреніп алу кəсіби педагогикалық дайындықтың аса маңызды шарты.
Адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік саналар мен қасиеттерді қалыптастырады, әрі дамытады. Жеке тұлғаныңдамуы мен қалыптасуына қоршаған орта мен қоғам әсер етеді. Осы күнгі педагогикада жеке адамның дамуы жөнінде қалыптасқан ой-пікірлер төмендегіше: адамның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуына табиғи қабілеті аса маңызды. Әр адам іс-әрекеттің түріне негіз болар нышанмен, дүниеге келеді, сондықтан да адамның биологиялық және әлеуметтік даму мүмкіншілігі бір-бірімен тығыз байланыста, бірақ әлеуметтік фактордың ролі басымдау. Жеке адамның дамудың ықпалды көзі-тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекші фактор болып табылады. Тұлға адамның әлеуметтік қасиеттерінің тұтастығы, белсенді іс-әрекетпен араласу.
Тұлға дамуын жетілдіру қай қоғамның болмасын өзекті мәселесі болғаны анық. Әсіресе қоғам дамуын тұлға дамуымен барынша тығыз байланыстырып отырған қазіргі Қазақстан Республикасы жағдайында бұл аса өткір мәселелердің біріне айналып отыр. Білім беру жүйесі білімді тереңдетуге бағытталған ұмтылысын сақтай отырып, өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани - адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне аудара бастады. Демек, тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту заман талабы.
Зерттеу мәселесі: тұлға дамуын диагностикалау.
Зерттеу мақсаты: тұлға дамуын ұйымдастырудағы диагностикалау ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны: тұлғаны дамыту үрдісі.
Зерттеу мақсатына сәйкес мынадай міндеттер қойылады:
- Педагогикадағы тұлғаның дамуына байланысты проблемаларды қарастыру;
- Тұлғаны диагностикалауға қатысты озат педагогикалық тәжірибиені зерттеу;
- Тұлғаны диагностикалау әдістемесін анықтау.
Зерттеудің болжамы. Егер педагогикадағы тұлғаның дамуына байланысты проблемаларды қарастырылып, тұлғаны диагностикалауға қатысты озат педагогикалық тәжірибие зерттелсе, онда тұлға дамуын дұрыс жүзеге асыратын білім беру мақсаттарына тиімді қол жеткізу мүмкіндігі пайда болады, демек тұлға ретінде даму сапасы артады.
Зерттеу әдістері: Зерттеудің әдіснамалық және теориялық-әдістемелік негіздерін айқындауда сараптау,жалпылау әдістері,диагностикалық әдістер, зерттеу нәтижелерін қорытындылау барысында талдау, қорыту, жинақтау әдістері қолданылды.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және ғылыми әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
II.Тұлға дамуын диагностикалауға қатысты практикалық жағдай
2.1 Диагностикалау ұғымы
Педагогикалық практикада оқушының даму деңгейіне байланысты жетістіктерді дер уақытында зерттеп тұру қажеттігі күннен-күнге үлкен маңызға ие болуда. Бұл қажеттік тұлғаның қалыптасу процесін тиімді басқару үшін, ондағы жүріп жатқан өзгерістердің тереңдігін, қарқыны мен ерекшеліктерін білу керектігінен туындаған. К.Д.Ушинский: Егер педагогика адамды барша тараптан тəрбиелегісі келсе, онда ол сол адамды ең алдымен жан-жақты білуі шарт -деп өз уақытында диагностиканың нақты оқу тəрбие процесіндегі маңызын баса көрсеткен.
Диагностика (грек сөзі: диа - ашық, айқын жəне гнозис - білу) - зерттелуші объект немесе процесс жөніндегі ақпараттарды күні ілгері алудың жалпы тəсілі. Педагогикалық даму саласындағы диагностиканың мəн-мағынасы, медицинадағы сырқатты күні бұрын анықтаумен бірдей. Диагностика жолымен тəрбие процесіндегі қандай да өзгерістердің белгілері мен себептері, оның сипаты анықталып, ол тəрбиені болашақта дұрыс жолға келтірудің жоспарына негіз береді. Дұрыс орындалмаған диагностика барлық еңбекті зая етіп, алдағы тұрған мақсатқа жетудің кедергісін азайтпақ түгіл, оны асқындырып жібереді. Сондықтан да, даму желісін диагностикалау жоғары мамандық пен жауапкершілікті талап ететін өте маңызды практикалық іс.
Диагностика оқыту тәжірибесіндегі білім, білік, дағды, іскерлікті тексеру ұғымын қамтығанымен, одан мазмұны, мақсаты жағынан ауқымды. Білім, білік, дағдыны іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні ғана көрсетеді.Ал, диагностика бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мәліметтерге талдау, оның даму бағытын айқындау, дидактикалық үрдісті жобалау, яғни педагогикалық жүйенің тұтастығын қамтамасыз ету қызметін атқарады. Диагностика үрдісінде оқытудың нәтижесі ғана анықталып қоймай, сол нәтижеге жетудің жолдары мен амалдары талданылады. Олай болатын болса, білім жүйесіндегі өзгеріс, яғни 12-жылдық білім жүйесіне көшу, біздің алдымызға келелі міндеттерді қойып, сол міндеттерді шешудің жолын қарастыруды талап етеді.
Оқушының тəн-дене дамуын диагностикалау қиындық тудырмайды. Бұл үшін бүкіл дүниежүзінде жалпы жəне айрықша сапалардың даму дəрежесін өлшестіруші ерекше тестер (нұсқау-көрсетпелер) қолданылады. Берілген тапсырманы орындауына қарай оқушының қажетті деңгейге, тəн-дене дамуындағы нақты өлшемдерге сəйкестігі анықталады. Алынған деректер жас мүмкіндіктермен салыстырылады.
Рухани, əлеуметтік дамуды диагностикалау үлкен қиындық тудырады. Бұл мақсатта қолданылатын əдістемелер əзірше күрделі, қорытынды дəлдігін қамтамасыз ете бермейді. Диагноз анықтаудың сенімділігін көтеруге орай комплексті тексерістер, антропометриялық, əлеуметтік жəне психологиялық деректер жинақталып, өзара салыстырылады, ал бұл үшін арнайы жабдықталған клиникалар мен зертханалар, дайындықты мамандар қажет. Нақты педагогикалық практикада мектеп психологтары мен мұғалімдері тұлғаның жекеленген қасиет-сапаларын анықтауы мүмкін, бірақ мұндай зерттеулердің нəтижесіне негіздеп, даму құрылымдарына жалпы баға беріп болмайды[1].
Оқушылардың дамуындағы кейбір ерекшеліктерді диагностикалаудың қарапайым əдістерін үйреніп алу кəсіби педагогикалық дайындықтың аса маңызды шарты. Мектеп мұғалімдерін аса қызықтыратын жəйттер - оқушылардың ақыл-ой əрекеттерін, мінез-құлық сеп- түрткілерін, қажетсіну деңгейін, көңіл-күй шабытын, əлеуметтік бітістер дамуы мен т.б. маңызды сапаларын күні ілгері байқастыру. Аталған сапаларды зерттеудің кең тараған əдісі - бұл тестілеу.
Мысал ретінде чех психологы Й. Иырасектің алты жасар балалардың ойлау қабілетін анықтауға жəрдемін тигізер тесттерді кейбір өзгерістер енгізілген үлгісі:
1. Қай жануар үлкенірек - жылқы ма, ит пе?
Жылқы - 0 , қате жауап- -5.
2. Күндіз оқимыз, ал түнде... ?
Ұйықтаймыз-0, ойнаймыз, сабақ оқимыз жəне т.б. - -3.
3. Күндіз жарық, ал түнде ... ?
Қараңғы - 0, қате жауап - 4
4. Аспан көк, ал шөп...?
Жасыл - 0, қате жауап- 4.
5. Алма, алмұрт, шие... бұл не?
Жеміс - 1, қате жауап-1.
6. Неліктен адамдар өтетін жолда қызыл бағдаршам жанады?
Сақтандыру үшін, т.т. - 0, қате жауап-1.
7. Сағат неше? (қағаз сағатта: жетіге 25мин. қалды, 5мин. кем 8,
он екіге 5мин. қалды).
Жақсы көрсетілген - 4, бір ғана уақыт көрсетілген-3, білмейді-0.
8. Мəскеу,Алматы, Астана деген не?
Қалалар - 1, станциялар-0, қате жауап- -1.
9. Кішкентай сиыр-бұзау, кішкентай ит ..., кішкентай қой ...?
Күшік, қозы - 4, екеуінің біреуі-0, қате жауап - -1.
10. Ит мысыққа не тауыққа ұқсай ма? Несімен ұқсайды?
Мысыққа (бір белгісі жеткілікті)-0, мысыққа ұқсас (белгі келтірмей-ақ)-1, тауыққа - -3.
11. Автомобильдерге тежегіш неге керек?
Екі себеп (таудан түскенде, тоқтау үшін жəне т.б.)-4, бір себеп-0, қате жауап- -1.
12. Балға мен балта несімен ұқсас?
Екі ұқсастық-3, бір ұқсастық - 2, қате жауап-0.
13. Жолбарыс пен мысық несімен ұқсас?
Екі ортақ белгі - 3, бір ұқсастық - 2, қате жауап-0.
14. Шеге менен винт немен ажыралады?
Винттің тілімі бар-3, винттің гайкісі бар-2, қате жауап-0.
15. Футбол, волейбол, суда жүзу - бұл ...?
Спорт (дене шынықтыру-3, ойындар (жаттығу, жарыс)-2, қате жауап - 0.
16. Қандай автокөліктерді блесің?
Үш жол көлігі жəне ұшақ не корабль-4, жəрдемдесумен жауап-2, қате жауап-0.
17. Кəрі жас адамнан қалай ажыратылады?
Үш белгі-4, бір не екі ерекшелік-2, қате жауап (таяғы бар, шылым шегеді)-0.
18. Адамдар неге спортпен шұғылданады?
Екі себеп-4, бір себеп-2, қате жауап-3.
19. Неліктен сабақтан қашу жаман?
Дұрыс жауап - 2, қате жауап-0.
20. Неліктен хат конвертіне марка жабыстыру керек?
Тасудың төлем ақысы - 5, айыппұл төлемес үшін-2, қате жауап-0.
Тест нəтижесі - жеке сұрақтарға берілген балл қосындысы.
Нəтижелердің сарабы (классификациясы) :
өте жақсы... +24 жəне одан жоғары
жақсы ...+14 +28 дейін
қанағаттанарлық... +0 +13 дейін
жаман ... -1 -10 дейін
өте жаман ... -11-дан төмен[2].
Психолог Й. Иырасектің тесті бойынша оқушылардың ақыл-ой əрекеттерін, мінез-құлық сеп- түрткілерін, қажетсіну деңгейін, көңіл-күй шабытын, əлеуметтік бітістер дамуы сияқты сапаларын зерттеп, диагностикалай аламыз. Бұндай тесттер балалардың ойлау қабілетін анықтауға жəрдемін тигізеді.
2.2 Тұлғаның даму процесі
Адамның тұлға ретінде дамуы оның өмірлік жолының жалпы контексінде жүреді (С.Л. Рубинштейн) ол белгілі қоғамда тұлғаның қалыптасуы мен дамуының, адамның белгілі бір дәуірдің замандасы және белгілі бір ұрпақтың құрдасы ретінде дамуының тарихы ретінде анықталады. Б.Г. Ананьев бойынша, өмірлік жолдың белгілі кезеңдері бар, олар өмір сүру түрі, қарым-қатынастар жүйесі, өмірлік бағдарламасында және т.б. болап жатқан өзгерістермен байланысты. Өмірлік жолдың кезеңдері онтогенездің жас ерекшеліктік сатыларына өз әсерін тигізеді, оның әсер ету деңгейі соншама, қазіргі уақытта кейбір жас ерекшеліктік сатылар өмірлік жолдың кезеңдері сияқты белгіленеді, мысалы, мектеп алды, мектепке дейінгі және мектеп шағындағы балалық.
Тұлғаның индивидті әлеуметтендіру процесі ретінде дамуы отбасының, жақын қоршаған ортаның белгілі әлеуметтік жағдайында, аймақтың, мемлекеттің белгілі әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайында, өзі соның өкілі болып табылатын халықтың этникалық, әлеуметтік мәдени, ұлттық дәстүрлерінің жағдайында жүзеге асырылады. Бұл тұлғалық дамудың макрожағдаяты. Сонымен бірге, өмірлік жолдың әрбір кезеңінде, Л.С. Выготский атап өткендей, баланың өзіндік қатынасы мен оны қоршаған әлеуметтік өмір шындығының қатынасы ретінде дамудың белгілі әлеуметтік жағдаяттары қалыптасады. Л.С. Выготский бойынша, дамудың әлеуметтік жағдаяты тұлғаның жаңа қасиеттерін бойына сіңіру үшін бала бағыт ететін жолдар мен формаларды толығымен анықтайды, ол оны дамудың негізгі көзі - әлеуметтік өмір шындығынан алады, бұл әлеуметтіктің индивидуалды болатын жолы.
Қарым-қатынастар жүйесін, әлеуметтік өзара әрекеттесудің әртүрлі деңгейлерін, әрекеттің әртүрлі типтері мен формаларын қамтитын дамудың әлеуметтік жағдаяты тұлғалық дамудың негізгі шарты санатында қарастырылады. Бұл жағдаятты адам өзінің қоршаған ортадағы орынын оның мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтінін түсінгеннен соң өзгертуге тырысатыны сиқты өзгерте алады. Егер бұл болмаған жағдайда, онда баланың өмір сүру дағдысы мен оның мүмкіндіктерінің арасында ашық қарама-қайшылық туады (А.Н. Леонтьев).
А.В. Петровскийге сәйкес, дамудың әлеуметтік жағдаятының өзі, немесе одан да кең түрде - әлеуметтік орта тұрақты немесе өзгеріп отыратын бола алады, бұл дегеніміз баланың, адамның өмір сүретін әлеуметтік бірлестігіндегі салыстырамалы тұрақтылық пен өзгерістеді білдіреді. Осы бірлестіктің өміріне баланың әлеуметтік жан ретінде енуі үш кезеңнен өтуді ұйғарады: осы бірлестікте қолданылатын нормалар, өзара әрекеттесу мен әрекеттер формаларына бейімделу; индивидтің ең жоғары дәрежеде дербестендіру қажеттілігі мен тұлғаның осы бірлестікте ықпалдасуын қанағаттандыру ретінде дараландыру. Егер дараландыру өз жеке тұлғасын белгілеу үшін құралдар мен әдістерді іздеумен және осы ұмтылыс пен бейімделудің нәтижесі арасындағы қарама-қайшылықтарды жоюмен сипатталса, онда интеграция субъекттің өзінің ерекшеліктері және осы бірлестікте өзіне маңызды өзгешеліктермен идеалды көрінгісі келетін алдыңғы сатыда қалыптасқан ұмтылысы мен бірлестіктің субъектке тән жеке ерекшеліктердің ішіндегі тек оған ұнайтын, және оның құндылықтарына сәйкес келетін, бірлесіп атқарған қызметте табысқа жеткізетін және т.б. ерекшеліктерді ғана қабылдау, құптау және енгізу арасындағы қарама-қайшылықтармен детерминирленеді. Баланың өмір сүріп жатқан нақты әлеуметтік жағдаятында (А.Г. Асмолов) жетекші әрекет шеңберінде жүзеге асырылу үстіндегі бірлескен әрекет, тұлғаның кез-келген әлеуметтік жағдаятында дамуының негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Баланың интеллектуалдық дамуындағы сияқты тұлғалық дамуы да жалпы мінез құлықтың және мінез-құлықтың белгілі жағдайлардағы реакцияларының еркіндігінен, қарқындылығынан оның реттелуіне қарай жүреді. Бұл беталыс баланың өз мінез-құлығын басқара алу, саналы түрде мақсат қою, қиыншылықтар мен тосқауылдарды жеңіп, оларға жетудің жолдары мен құралдарын әдейі іздеу іскерлігімен көрінеді. Ырықтылық пен өзін-өзі реттеу - баланың интеллектуалдық-тұлғалық дамуының өзекті бағыты. Мінез-құлықтың еркіндігі сыртқы реттеуден өзін-өзі реттеуге біртіндеп ауысуға негізделеді. Бұл беталыс сыртқы бақылау мен бағаланудан туатын өзін-өзі бақылауда әсіресе анық байқалады. Жас ерекшелік психологиясының осы ережелерін тәжірибелі мұғалімдер мектеп оқушыларының білімін бақылау мен бағалауды ұйымдастыруда үнемі назарға алады. Сырттықтан ішкіге, мұғалімнің ұйымдастырған әрекетінен оқушының оны өзін-өзі ұйымдастыруына - бұл мектеп оқушысының тұлғалық дамуы мен өзін-өзі дамытуының сара жолы.
Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, Д.Б. Элькониннің, Л.И. Божовичтің зерттеулерінде баланың тұлға ретінде дамуы тұлғалық жаңа қасиеттердің біртіндеп қалыптасуымен анықталады. Л.И. Божович баланың тұлғалық дамуының бес жас ерекшеліктік кезеңдерінің ішінде талдауын келтіреді. Бірінші өмір жылында ең басты, яғни тұлғалық жаңа қасиеттер болып қоршаған ортаның әсер етуіне қарамастан баланың мінез-құлығын тудыратын аффектті қуатталған көріністердің пайда болуы саналады Л.И. Божович бұл көріністі түрткі болушы деп атаған. Оның әсері баланы сыртқы әсерлердің тегеуірінен босатады. Алайда, ол оны әлі түсінбейді, бірақ ол субъект бола бастайды. Үшінші өмір сүру жылында, яғни ерте балалық шақтың аяғында маңызды жаңа қасиет ...МЕН жүйесі болады және осы жаңа қасиеттен туатын өзі әрекет жасау қажеттілігі болады, ол Мен өзім формуласы бойынша беріледі. Жүзеге асыру қажеттілігі мен өзінің Мен дегенін бекіту ... басымды болады. Бұл кезеңде - келеді және керек деген екі күш бетпе-бет келеді. Өзіндік сана сезімнің қалыптасуы жүреді.
7-8 жасқа дейінгі кезеңді Л.И. Божович баланың әлеуметтік индивид ретінде қалыптасуымен байланыстырады. Онда жаңа өмірлік позиция пайда болып, осы позицияны қамтамасыз етуші қоғамдық-маңызды қызмет қажеттілігі туады. 12-14 жасқа таман нысананы көздеу қабілеттілігі қалыптасады, яғни саналы мақсаттарды анықтау және қоя білу, ал 15-16 жаста - өмірлік болашақ қалыптасады.
Л.И. Божовичтің қарастырған жас ерекшеілік кезеңдері 1-ші және 3-ші жылдардағы өмірдегі, 7 жастағы және жасөспірімдік жастағы дағдарыстармен сәйкес келеді. Педагогикалық тәжірибе үшін Л.С. Выготскийдің жоғарыда келтірілген ережелерін ескеретін негізгі және маңызды қорытынды - педагог оқушылардың тұлғалық дамуының осы ерекшеліктерін ескеруі қажет. Бұл мектеп оқушыларының жас ерекшелік дағдарыстарының шиеленесуін шешуге, фрустрацияның (психикалық шиеленіс, алаңдаушылық және т.б.), жүйкенің тозуы пайда болуының алдын алу.
Бала тұлғасының дамуын дұрыс түсіну үшін осы процестің ерте кезеңдері (7 жасқа дейін) ерекше қызығушылық туғызады. Бұл сөздің шынайы мағынасында персоногенез, яғни тұлғаның қалыптасуы мен жеке дамуы. Осы проблеманы зерттеушілердің бірі В.С. Мухина тұлғаның дамуын баланың өзіндік сана сезім құрылымын деңгейлік, сатылап қалыптастыру ретінде қарастырады. Бұл құрылымда 5 буын бар: жалқы есім және дене, өзін мойындатуға ұмтылу, жыныстық сәйкестендіру, психологиялық уақыт және тұлғаның әлеуметтік кеңістігі. В.С. Мухина бойынша, тұлға дамуының механизмдері сәйкестендіру, оқшаулану және олардың өзара әрекеттесуі болып табылады. Автор атап өткендей, қоғам мен тұлға үшін жалпы маңызды құндылық болып адамның өзіндік сана сезімінің құрылымы болады, оны жалқы есім, өзін-өзі бағалау және ... .. , өзін белгілі бір жыныстың өкілі ретінде ұсынуы, өзін уақытта елестетуі (өткен, осы, және болашақта), өзін құқық пен міндеттерге қатысты бағалау. В.С. Мухина мен оның оқушыларының жүргізген зерттеулері мұғалімнің оқушыға қаншалықты мұқият болуын көрсетеді. Бірінші сынып оқушысымен қарым-қатынас жасаудың формасын таңдағанда, әсіресе, алты жастық оқушыға, баланы тегімен (фамилиясымен) атаса, ол оны жатсынтады - себебі, ол өзінің есіміне үйренген. В.С. Мухина мұғалім оқытудың басында балаларға (әсіресе, жайсыз отбасыларанан шыққан) есімін атап, Петя, сен жарайсың!, Маша, бүгін үздік! және т.б. деп баланың әрекеттерін жақсы бағалаудан қорықпауы керек. Өзін ұл немесе қыз бала ретінде сезініп, бала мұғалімнің көмегімен өзінің жыныстық (әлеуметтік) позициясын қалыптастырады. Ұл бала күшті болуы керек, ол қызды қамқорлыққа алуы, оған көңіл бөлуі қажет.
В.С. Мухина балаларды үнемі Балалар! деп ортақ атауы әбден дұрыс емес деп әділетті атап өтеді. Бұл жерде бала тұлғасын дамыту барысында қыздардың (нәзіктілік, ұстамдылық, биязылық, мейірімділік, тазалық, адамгершіліктік, аяушылық) және ұлдардың (батылдылық, шешімділік, жауапкершілік, кеңжүректік, адалдылық) назарын неге аударудың ерекшелігін тіркеп, атап отыру қажет. Баланың өмірлік болашағын оның өткен, болашақ және осы шақта өзін елестетуін басқару негізінде қалыптастырудың ерекшеліктері туралы В.С. Мухинаның ойлары өте маңызды. Бірінші сынып оқушысының өмірлік позициясын былайша тұжырымдауға болады: бүгінгі күн ертеңгі күн үшін. Оны зерттеу, балалардың басым көпшілігі өзінің өткен шағына емес, болашағына қарайтынын көрсетті. Бұл ереже ең алдымен, депривирленген дамуға емес, дұрыс дамуға қатысты (яғни, өзін таныту, мойындатуға үміт арту сияқты қажеттілік қанағаттандырылмайтын процесте даму). Оны қоғамның әлеуметтік қайта құрулар, қалыптасқан пікірлер, адамдардың, атап айтқанда, баланың жеке санасында таптаурындардың (стереотиптердің) қалыптасқан кезеңінде жұмыс істейтін мұғалімге ескеру өте маңызды. Мұғалім саналы түрде баланың болашаққа оптимистік ойларын мақсатты қалыптастыруы, позитивтік өмірлік болашақты нығайтуы, өмірге пессимистік, нигилистік қарау беталыстарына қарсы тұра білуі қажет.
Толыққанды белсенді тұлға қалыптастыруға (К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, В.А. Сухомлинский, Я. Корчак, В.В. Давыдов және көптеген басқалар) бағытталған адамгершіліктік тәрбиелеуші оқытудың жалпы тұжырымдамасын әзірлей келе, В.С. Мухина ерекше назарды қоғамда қабылданған құқықтар мен міндеттерге баланың қатынасын қалыптастыруға аударады. Автор балалардың міндеттерін олардың құқықтарына айналдыру идеясын ұсынады, оны түсіну баланың өзін-өзі сыйлауының деңгейін көтереді. Бізге үйренішті екі өтінішті салыстырайық: Балалар, сендер тыныш отыруға тиістісіңдер, Сендер сабақта өз беттеріңмен жұмыс істеулерің қажет және В.С. Мухинаның ұсынатын формасы: Балалар, сендердің тыныштыққа, өз беттеріңмен жұмыс істеуге құқықтарың бар, сол құқықтарыңды пайдаланыңдар.
В.С. Мухинаның әзірлеген Мен Петя, - жақсы - бала - болғанмын, - қазір бармын - боламын - құқым бар - міндеттімін деген бала тұлғасының өзін-өзі саналы ұғыну құрылымы ... адамның барлық бойында көрінетін негізін көрсетеді, ол бір жағынан, дәстүр, әлеуметтік құрылысқа, екінші жағынан, және тұлғаның жеке даму жолына байланысты мазмұнды жағынан толысады. Осы құрылымның компоненттері әрбір оқушының өзіндік сана сезімінде орын алады, және әрине, оның тұлғалық, жас ерекшеліктік даму деңгейіне байланысты олар оның оқушы ретіндегі позициясын, оның оқуға, мұғалімге, мектепке деген қатынасын анықтайды.
Ең бірінші кезекте отандық психологияда зерттелінген (Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, А.В. Петровский) тұлға дамуының келтірілген тұжырымдамасы Л.С. Выготский бойынша, даму дегеніміз ең бірінші кезекте, бұрынғы сатыларда болмаған жаңаның үнемі пайда болуы және қалыптасуымен баланың даму сатыларына шығу барысында қоғамдық пен жекенің бірлігі ретінде сипатталатын өзін-өзі қозғалысқа түсіруші үздіксіз процесс[3].
Тұлғалық даму, адамның тұлға, әлеуметтік жаратылыс ретінде қалыптасуы көпжақтылығы соншама, оны бір уақытта сыртқы немесе ішкі шарттар ретінде анықтайды. Адамның жаратылысын негізгі екі қарама-қайшылық анықтайды, оның дамуы және оның жаратылыстық қасиеттерінің саналуандылығын мен сипаттаушы кешендерде олардың үйлесуі. Олар: а) табиғатты жатсыну және онымен байланыста болу; б) қоғамнан, басқа адамдырды жатсыну және олармен байланыста болу. Дамудың әрбір шартының әсерін абсолютке апару- теоретикалық абстракциялар мен түсінік берудің әдіснамалық негіздерінің проблемасы.
2.3 Тұлға дамуына әсер ететін факторларды диагностикалау негізінде анықтау
Адам ˗ өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. Әлеуметтік мұрагерлік адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыт - биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның "дамуы мен қалыптасуы" ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер.
Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты. Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық.Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн.
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардық көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдың,М.Ф.Харламовтың "Педагогика" (М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің философиясы"(1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық методологиясы, практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық еңбектері жарық көрді.Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз -- оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Тұлға дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.
Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адамның дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.
Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.
Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды. Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды[4].
Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі.Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды.Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" - деп сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың қалыптасуындағы рөлін онша бағаламады.Революционер-демократ В. Г. Белинский (1811-1848) баланың жаны таза тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де ескерген жөн деді.Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген жорамал ойға келді.Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды ұсынды.Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардық (баспа-сөз, радио, теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордық ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол -- баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Дамуға нəсілдіктің, қоршаған ортаның жəне тəрбиенің ықпалына қосымша əсер ететін аса маңызды жағдаяттардың жəне бірі - бұл тұлға іс-əрекеті. Іс-əрекет ұғымы қандай да жұмысты орындау үшін жасаған адам қимыл-қозғалыстарының бəрін аңдатады.
Іс-əрекет барысында адамның жан-жақты жəне біртұтас тұлғалық дамуы жүріп жатады, оның қоршаған дүниеге көзқарас, қарым-қатынасы қалыптасады. Таңдалған іс-əрекет көзделген тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал етуі үшін оны қажетті деңгейде ұйымдастыру жəне келелі бағдарлап отыру қажет. Бұл тəрбие практикасында өте күрделі іс. Өкінішке орай, көп жағдайларда осы күрделілік даму мүмкіндіктерін шектейді; кейде тəрбиеленушілер ең қажетті болған жағдаяттарға - қоғамдық, еңбек, таным əрекеттеріне белсенді араласа алмай, енжар бақылаушы күйінде қалып, дайын ережелерді жаттаудан ары өте алмайды[5].
Балалар мен жасөспірімдердің іс-əрекеттерінің негізгі түрлері - ойын, оқу, еңбек. Бағдары бойынша іс-əрекет танымдық, қоғамдық, спорттық, көркем өнерлік, техникалық, кəсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып ажыралады. Барлық жастағы оқушылардың іс-əрекеттерінің ерекше түрі - тілдесу, қатынасу (ортақтасу).
Іс-əрекет сипаты бойынша белсенді (актив) жəне енжар (пассив) болуы мүмкін. Тіпті, құрттай ғана сəбидің өзі белсенді тіршілік иесі болып көрінгенді қалайды. Ол жасына қарамай үлкендерге, қатарына қандай да талаптар қояды, төңірегіндегі кісілерге, заттарға, болып жатқан оқиғаларға өз қатынасын білдіруге тырысады. Уақыттың озуымен қоршаған орта жəне тəрбиенің ықпалы арқасында белсенділік көтерілуі де мүмкін, кейде төмендеуі де ықтимал. Мысалы, адам көп жұмыс істеуі мүмкін, бірақ іске құлықсыз, көңілі құламай, орындалуы қалай болса, солай - енжар. Əлбетте, мұндай іс-əрекет адамды жоғары нəтижелерге жеткізбейді. Дамудың тиімді болуы іс-əрекеттің белсенділігіне, көңіл-күй жарасымдылығына тəуелді. Адам таңдаған ісіне жан-тəнімен кірісіп, өзіндегі бар мүмкіндіктердің бəрін іске жұмылдырып, өзін кемелденген тұлға ретінде көрсете білуі қажет. Мұндай қызмет адамға қанағат лəззатын əкеліп, шабыт пен қуаттың көзіне айналады. Сондықтан да, іс-əрекеттің маңыздылығы оның өздігінен ғана емес сол əрекетте көрінетін тұлға белсенділігінің деңгейіне байланысты.
Тұлғаның белсенділігі дамудың тек алғы шарты емес, оның нəтижесі де. Қоғамдық белсенді, ынталы, шығармашыл жəне өзі мен төңірегіндегі қатысқан адамдардың бəріне бірдей жақсылық пен қуаныш беретін тұлға қалыптастырушы тəрбие əрдайым өз мақсатына жетіп отырады. Саналы, педагогикалық сынақтан өтіп, ұйымдастырылған оқушы іс-əрекеті белсенділіктің қай түрін де қамтамасыз ете алады. Өсіп келе жатқан адамға толық іс-əрекет мүмкіндігін ашып беру, өз күш-қуатын белсенді қолдануға қажет əрекет тəсілдерімен қаруландыру, тұлғалық ерекшеліктерді жете зерттеу жəне əр тұлғаның болмысындағы табиғаттан берілген нышандар мен дарындылықты мейлінше жайып салу- əрбір тұлғаның даму процесін ақылгөйлікпен бағыттаушы ұстаз-педагогтың өз ар-намысы мен қоғам алдындағы борышы.
III.Тұлғаны диагностикалауға қатысты теориялық мәселелер
3.1. Қазіргі уақыттағы тұлғаны диагностикалауға қатысты озат педагогикалық тәжірибиелер
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған.Сондықтан халықаралық ұйымдар әлемі елдерінің бәсекегеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісіп, оның теориясы мен тұжырымдалары жасалып жатыр. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы жолдауында айқындалған. Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылым-техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындайды.
Жастарды оқытуға оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған.Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін,оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады деп тұжырымдалса, Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс,адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қажетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп атап көрсетілген
Еліміздің әлеуметтік жағынан дамуы оның азаматтарының адамгершілік және шығармашылық белсенділігінің дамуымен тығыз байланысты. Қоғамдағы жетістіктердің негізгі күші - адам, оның білімі, шеберлігі, еңбектегі табандылы-ғы, ойлауы мен адамгершілік қасиеттері. Еңбектің қай түрі болмасын адамның психологиялық мүмкіндіктерін мейлінше толық, жан-жақты ескеріп, соған сәйкес ұйымдастырылса ғана жақсы нәтиже берері сөзсіз. Адамның жан дүниесімен сырласып,оның психологиясын зерттеп жүрген ммамандар, психологиялық көмектің әрбір тұлға үшін аса қажет екенін айтады.
Қазіргі білім беру жүйесін қайта құру мен ұйымдастырудың басты жұмыс жоспарында тұлғаның өзіндік ерекшелігін танып білу мен дамыту және өз мүмкіндігін пайдалы істерге қолдана білуге жағдай жасау мәселесі қойылған. Атақты педагог К.Д.Ушинскийдің Адамды жан-жақты тәрбиелеу мен дамыту үшін оны жан-жақты біліп алу керек деген қағидасын қазіргі заманға лайықталып айтылғандай. Психологиялық білімді мектеп тәжірибесінде қолдану және психологиялық қызмет көрсету психологтың көмегімен іске асырылады. Психологтың жұмысы балалардың белгілі жастағы психикалық жаңа түзілімге, сонан соң олардың дамуындағы потенциалды мүмкіндіктерін пайдалануға негізделіп құрастырылады. Әр кезеңдегі жас ерекшеліктерін ескермей балаларды дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әсер ететін қоғамдық жағдайлардың да мазмұны өзгеруде.Психолог кәсіби ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz