Банктің несие операцяларын зерттеу



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Мен Ибрагимова Майнур Алматовна, өндірістік тәжірибемді Қараганды қаласы " Банк ЦентрКредит" АҚ өттім. Тәжірибенің өту аралығы 20.01.2020-28.03.2020ж. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол банктің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Банктің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.
Тәжірибесінің мақсаты - теориялық біліммен тәжірибеден алған машықты нығайтудан тұрады, сонымен қатар қазақстандық коммерциялық банктерінің қаржылық жағдайына, атқаратын операцияларына кеңірек тоқталу.
Жұмысқа уақытылы келуді;
Ұжымдастармен қарым-қатынасты орнатуды;
Өз жұмысыма ұқыптылықпен және жауаптылықпен қарауды;
Клиенттерге дұрыс бағыт-бағдарда ақпарат жеткізуді үйрендім.
Тәжірибесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
а) студенттердің өндірісті басқару мен оның басты функцияларын, әдістері мен қағидаларын тәжірибеде қолдануға үйренуі;
б) кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін экономикалық талдау мен нарыққа талдау әдістемесін игеру;
в) экономикалық басқару әдістерін (коммерциялық есеп, баға белгілеу, жоспарлау, бағдарламалық-мақсаттық әдістер, қаржы саясаты және т.б.) тәжірибеде қолдану;
г) практика барысында есеп беруге қажетті материалдарды таңдау мен өңдеу;
д) кәсіпорынның құқықтық жағдайы мен ұйымдық құрылымын зерттеу, персоналдың қалыптасуы мен даму процесін басқару;
е) алдыңғы қатарлы талдау мен жоспарлау әдістерін қолдануға негізделген өзіндік есептеулер жүргізу, лауазымдық нұсқаны дайындау, бөлімдер қызметін белгілеу;

1. Тәжірибе базасымен танысу, құрылымының және банк қызметінің сипаттамасы.
"Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылды. 29 жыл ішінде АҚ "Банк ЦентрКредит" Қазақстанның қаржы нарығында өз қызметтерін табысты өткізуде. АҚ "Банк ЦентрКредит" Қазақстанның ең алғашқы коммерциялық банктерінің бірі болып табылады.
Банктің Республика бойынша кең тараған өзіндік филиалдық желісі бар, 100-ден астам филиалдар мен бөлімшелерде заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетіледі. АҚ "Банк Центр Кредит" Қазақстанда ең бірінші барлық банктік өнімдер мен қызметтерді сатумен айналысатын, клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсететін, ішкі филиалдық операцияларды өңдейтін және барлық клиенттердің шоттары және барлық мәмілелеріне бақылау жасайтын фронт және бэк офистарды енгізді.
Банк ЦенрКредит АҚ атқаратын негізгі қызметтері:
· Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту;
· Несие беру;
· Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
· Төлем құралдарын шығару,
· Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
· Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару ( яғни траст операциясын жүргізу);
· Клиенттерге кеңес беру.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар. Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердің экономикадағы ролі артуда. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады
Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:
- Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
- Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;
- Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
- Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
Бүгінгі күнде Қазақстан банктік секторының ағымдық жағдайына бір мәнді баға беру мүмкін емес, себебі банктік қызметтің барлық сферасында жоғары тэуекелдер сақталуда. Банктің дерлік барлығы өзін банкроттықтан сақтандырылғанына кепілдік бере алмайды. Оған себеп олардың активтерінің қүрамының ең үлкен бөлігін несиелік операциялар алып отырғандығымен жэне сәйкесінше, оның несиелік қызметінде жоғарғы тэуекел сақталып қалуымен түсіндіруге болады. Банктердің нақты секторға несие беруге қүлықты болмауының себебі, банктердің экономиканы дамытуға деген ықыласының азайғанынан емес, өздерінің несиелік портфелінің сапасының төмендігіне байланысты болып отыр. Егер несие алушы жеке түлға немесе заңды түлға оны төлеуге қабілетті, сенімді болған жағдайда ол портфелдегі сапалы несиелік ресурс болып есептеледі. Қазіргі жағдайда көптеген несиелердің қайтарымы төмен, банктердің қолындағы кепіл мүліктер бағасы төмендеуде, олар жөнінде қайта қүрылымдау туралы эңгіме қозғалуда. Кейбір банктердің несие портфелінің 30-35 % нашар несиеден түрады. Осыған байланысты дағдарыстан кейінгі жағдайда коммерциялық банктер үшін несие беру формаларын жетілдіру мен оның несие портфелінің сапасын жоғарылату маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Несиелік портфель - бүл белгілі критерийлер бойынша жіктелінген жэне берілген несиелердің сапасы мен қүрылымының сипаттамасы.
Банктің стратегиялық көздеуі:
Сапалы қызмет көрсететін жоғары технологиялық Банк
Бөлшекті бизнеске және ШОБ-қа бағытталған әмбебап Банк
Тәуекелдерді басқара және мақсатқа сай кіріс ала отырып, тұрақты өркендеу
Өсу стратегиясы
Орташамерзімді бесжылдық мақсатқа жету аралық кезеңдерден өтуге негізделеді:
2018 - 2019 жж.: корпоративтік және бөлшекті бизнес нарығындағы үлесті ұстап тұру, ШОБ нарығындағы үлесті арттыру;
2020 - 2022 жж.: корпоративтік сегмент нарығындағы үлесті ұстап тұру, бөлшекті бизнес және ШОБ нарығындағы үлесті арттыру.
Банктің 2022 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі қағидалары
Банк стратегиясы клиенттердің қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға, сервистің сапасын жақсартуға, активтердің кірістілігін ұлғайтуға және бөлшекті бизнес пен ШОБ-тағы үлесті арттыра отырып, кредит портфелін әртараптандыруға ерекше назар аударады
ЦКБ-нің перспективалы моделі дәстүрлі банкингтен инновациялық-технологиялық және клиентке бағытталған модельге өтуді көздейтін болады
Бизнес сегменттеріне және сәйкес өнімдерді дамытуға, ірі бизнеспен олардың контрагенттері мен қызметкерлері бойынша серіктестік бағдарламаларына және кросс-селлингті арттыруға ерекше назар аудару
Бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында банктің өнімдерін нысаналы сегменттерге жіктеу
Келесі іс-шаралардың: 1) қызметті оңтайландыру (қысқамерзімді банк өнімдері: транзакциялық өнімдер және қысқармерзімді қаржыландыру; OPEX төмендету), 2) бизнестің ауқымын кеңейту; 3) кірістілігі жоғары өнімдерді дамыту есебінен кірісті арттыру
Банктің операциялық моделінің тиімділігін арттыру (ұйымдық құрылым, процестер, автоматтандыру)
Ағымдағы сыртқы экономикалық жағдаят пен банк секторына сәйкес Банктің стратегиялық мақсатын іске асыруды кезеңдерге бөлу
Тәуекелдерді орташамерзімді кезеңде бағалаудың икемдірек моделіне өту

2. Банктің несие операцяларын зерттеу
IronCard

Бірқатар базалық кэшбектерді*:
Барлық операциялар үшін - 2%
1 000 000-нан 6 000 000 KZT дейін салымы болған кезде +1%
6 000 000 KZT бастап салымы болған кезде + 2%
Контактісіз төлемдерді (соның ішінде ApplePay);
Дүние жүзі бойынша кез келген банкоматтан қолма-қол ақшаны тегін алу мүмкіндігін;
Дүние жүзі бойынша Lounge Key-ді шектеусіз қолдану және 2020 жыл ішінде Нұр-Сұлтан қ. әуежайының бизнес-залына алты рет кіру мүмкіндігін;
Тәулік бойы консьерж-сервисті пайдалану мүмкіндігін;
Visa Luxury Hotel Collection, Agoda.com және Avis бойынша жеңілдіктерді иеленеді.
Карта иелерін және олардың отбасы мүшелерін 1 млн USD дейін толық сақтандыру:
Медициналық көмек
Рейстің күшін жою
Жол жүгінің жоғалуы
Сатып алған тауарларды қорғау.
Бір айға ең жоғарғы сома - 100 000 KZT
Баспана Хит
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешек болмауы тиіс;
Қайта қаржыландыру (бұрын берілген ипотекалық тұрғын үй қарызын толық немесе ішінара өтеу үшін) қаражат берілмейді;
Бірлесіп қарыз алушыны тартуға болады. Бұл кезде бағдарламаның тұрғын үйдің болмауы жәненемесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешектің болмауы жөніндегі талаптары бірлесіп қарыз алушыға қатысты қолданылмайды..
Рахмет депозит
Мерзімі: 3, 6, 12, 24 және 36 ай
Мерзімін автоматты түрде ұзарту: Иә, сыйақы мөлшерлемесін Шарттың мерзімі ұзартылған сәтте қолданыста болған мөлшерлемелерге сәйкес Банк белгілейтін болады.Мерзімінен бұрын бұзу талаптары: Клиент өтініш берген күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен кезде, сыйақы Шартты бұзған күні қолданыста болған Талап еткенге дейінгі салымының мөлшерлемесі бойынша төленеді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры АҚ-та қосымша қорғалған**
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы
Бағдарламаның талаптары
Қарыз алушының Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің болмауы, төмендегілерді:
әрбір отбасы мүшесіне пайдалы алаңы 15 шаршы метрден кем болатын жатақханадағы бөлменің болуын;
тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша жергілікті атқару органының тиісті анықтамасы арқылы расталатын құлау (қирау) қаупі бар авариялық жағдайдағы тұрғын үйді қоспағанда
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы.Қайта қаржыландыруға жол берілмейді (бұрын берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын толық немесе ішінара қтеу үшін тұлғаның ипотекалық тұрғын үй қарыздарын алуы). Бірлесіп қарыз алушыны тартуға рұқсат етіледі. Бұл кезде Бағдарламаның тұрғын үйдің жәненемесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы туралы талабы Бірлесіп қарыз алушыға қатысты қолданылмайды.
Пайдалану мақсаты Бастапқы тұрғын үй сатып алуға.
Бастапқы тұрғын үй - құрылыс салушыдан (тапсырыс берушіден) немесе құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) тұрғын үйін өткізетін басқа заңды тұлғалардан сатып алған кезде меншік құқығы бірінші рет тіркелетін жылжымайтын мүлік объектісі.Бастапқы тұрғын үйдің ең жоғары нарықтық құны Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін 25 млн теңге;Басқа өңірлер үшін 15 млн теңге.Сыйақының жылдық номиналды мөлшерлемесі Жылдық 7%Бастапқы жарна Кепілдік қамсыздандыру құнының кем дегенде 20% және одан аспайды
Кредитті өтейтін күн Тек әр айдың 15 (он бесі) күні (егер өтейтін күн демалыс немесе мереке күндеріне сәйкес келсе, қарыз одан кейінгі жұмыс күні төленеді).
Кредиттеу мерзімі 3 айдан бастап 300 айға дейін. Қамсыздандыру Сатып алынған тұрғын үй кепілдікке беріледі. Кепіл беруші тек қарыз алушы болып табылады
BCC-ОУСА
2013 жылғы 21 тамызда Банк ЦентрКредит АҚ-тың еншілес ұйымы ВСС-ОУСА ЖШС құрылды. ВСС-ОУСА ЖШС - күдікті және үмітсіз активтерді басқаратын ұйым. Ұйымның мақсаты - мемлекеттік бағдарламалар аясында ірі бизнесті сауықтыру және Банк ЦентрКредит АҚ-тан сатып алынған проблемалы несиелер бойынша активтерді жақсарту.
ВСС-ОУСА ЖШС қызметінің негізгі бағыттары:
- бас банктің күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарын сатып алу;
- бас банктің меншігіне өткен жылжымайтын мүлікті және (немесе)құрылысы бітпеген объектілердің меншік құқықтарын сатып алу;
- құрылысқа, құрылысты аяқтауға және (немесе) жер телімдері және (немесе)құрылысы бітпеген объектілер түріндегі күмәнді және үмітсіз жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға енгізуге бағытталған қызметті жүзеге асыру;
- кепіл ретінде қабылданған жағдайда, заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып алу;
- жылжымайтын мүлікті жалға беру;
- бас банктің меншігіне өткен жылжымалы мүлікті сатып алу;
- қарыз беру;
- күдікті және үмітсіз активтерді қаржылық лизингке, жалға, сенімді басқаруға немесе мүлікті ақылы және уақытша пайдаланудың басқа нысанына тапсыру;
- күдікті және үмітсіз активтердің сапасын жақсартуға бағытталған қызметті жүргізу, оның ішінде үшінші тұлғалардан жер телімдерін және (немесе)аяқталмаған құрылысты сатып алу;
- мүлікке және (немесе) мүліктік кешенге байланысты тауарларды, жұмыс пен қызметтерді (оған қоса қызметтік лицензия берілген түрлерін) өндіру және іске асыру;
- бас банкке және (немесе) заңды тұлғаларға күдікті және үмітсіз активтерді сатып алуға байланысты қызметті (кеңес беру, заң тұрғысынан қолдау көрсету, сот органдарында, басқа уәкілетті органдар мен заңды тұлғаларда мүддесін білдіру) ақылы негізде көрсету.
ВСС-ОУСА ЖШС-ның стратегиялық міндеттері:
- бас банктің несие портфелін жақсарту;
- проблемалы активтерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру;
- мониторинг жүргізуді күшейту;
- ақша қаражаты түрінде барынша толық қайтаруды қамтамасыз ету.

#Картакарта
Банк ЦентрКредит акционерлік қоғамы Visa жаһандық төлем технологиялары компаниясымен бірге #картакарта атауы берілген жаңа кредит картасын шығаруды бастағанын хабарлайды. Жаңа өнім әмбебап карта болып табылады, онда жеке қаражатты да, кредит қаражатын да пайдалану, сондай-ақ пайызсыз бөліп төлеу және әртүрлі кэшбэк алу мүмкіндіктері бар. #картакарта картасына тапсырыс берген алғашқы клиенттер үшін картаны шығару және жылдық қызмет көрсету - тегін!
#картакарта картасын ұстаушыларға келесі мүмкіндіктер ұсынылады:
3 000 000 теңгеге дейін кредиттік лимит;
55 күнге дейін жеңілдікті кезең;
12 айға дейін пайызсыз бөліп төлеу;
жасаған сауда үшін картамен төлем жасаған кезде 30% дейін кэшбэк:
+1% - барлық жеке сатып алулар үшін;
+1% - Рақмет немесе Рақмет+ депозиті және онда 1 млн теңгеден басталатын сома болған кезде;
10% дейін - сүйікті санаттарда;
30% дейін - серіктестерде.
Біз 2020 жылды бірінші монохром кредит картасын іске қосудан бастаймыз. Бұл - қарапайым өнімдердің жаңа карталық желісін құрудың бастамасы. Жақын уақытта ЦКБ-нің карталары монохромға өзгереді - дейді Банктің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов. - Қолыңда қомақты кредиттік лимиті мен тауарқызмет ақысын бөліп төлеу мүмкіндігі бар құралдың болуы - бұл ыңғайлы әрі тиімді!
Бөліп төлеу мүмкіндігін StarBanking мобильді қосымшасында 247 режимінде бақылауға болады. Бұл ретте біздің клиенттер әр айда сауда бойынша жоғары кэшбэк берілетін жаңа ұсыныстар алады және өздерінің қажеттіліктері мен жоспарларын ескере отырып, сүйікті санаттарды таңдай алады. ЦКБ-нің жаңа өнімдері - бұл біздің клиенттеріміздің қажеттіліктеріне қарай біздің жасаған қадамымыз. #картакарта картасын ұстаушыларды қызықты қызметтер мен жаңа кэшбэктер күтуде. Ал #картакарта серіктестерінің тізімі тұрақты түрде көбейіп отырады.
Атап өтетін маңызды жайт: жаңа картаны барлық клиенттер аша алады, тіпті бастапқыда нөлдік кредиттік лимит белгілеуге де болады. Картаны жеке қаражатпен толықтыра және 30% дейін тамаша кэшбэк жинай отырып, лимитті кейін алу мүмкіндігі қарастырылған. #картакарта картасын ресімдеу бойынша консультация алу үшін Банктің call-орталығына келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады:
+7 (727) 244 30 30
505 - мобильді телефоннан тегін.

3. Банктің есеп айырысу операцияларын зерттеу
Жеке кәсіпкерлер үшін:
шотты басқаруға нотариалды куәландырылған сенімхат
жеке басын куәландыратын құжат
жеке кәсіпкердің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Заңды тұлғаларға:
Шотты басқаруға сенімхат (қол қою құқығын көрсете отырып)
Тағайындау тәртібі (қол қою құқығын көрсете отырып).
Электрондық шот
1) электрондық төлем қызметтері - ақпараттық банктік қызметтерге жатпайтын Операцияларды жүргізуге байланысты электрондық банктік қызметтер;
2) электрондық банктік қызметтер - банктік шоттағы(-тардағы) ақша сомасы, банктік шот(-тар) бойынша жүргізілген операциялар туралы ақпаратты алу үшін Клиенттің өзінің банктік шот(тар)ына қолжетімділік алуымен, төлемдер мен ақша аударымдарын жасаумен, банктік шотты(-тарды) ашумен немесе жабумен жәненемесе телекоммуникация желілері бойынша, спутниктік байланыс немесе байланыстың өзге түрлері арқылы банк ұсынатын банктік операциялардың өзге түрлерін жүргізумен байланысты қызметтер;
3) ақпараттық қызметтер - Банктің Клиентке оның банктік шоттары бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы, жасалған төлемдер мен ақша аударымдары туралы ақпаратты және Клиентті сұратулары бойынша не болмаса Банк пен Клиенттің арасында жасалған шарт бойынша көрсетілетін және көрсетілген банктік қызметтер туралы өзге ақпаратты беруімен, банктік қызметтерді ресімдеуімен, Картаны шығаруды және қайта шығаруды ресімдеумен байланысты электрондық банктік қызметтер;
4) ШМЖС (Шотқа Мониторинг жүргізу сервисі) қызметі;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік шотқа төлем тапсырмасы, төлем талабы, төлем ордері арқылы нұсқаулар қою;
6) Байланыс арналары, Терминалдар, Мобильді қосымша арқылы банктік шотқа ақшаны есепке жазу;
7) Клиенттің Банкке төлем нұсқауын, төлем жасау не болмаса банктік шотқа ақша аудару туралы төлем ордерін жолдауы;
8) аударуға, Төлем жасауға өтінішті Банкке беру;
9) Клиенттің (Серіктестің тауарларынжұмыстарынқызметтерін сатып алушының) Серіктестің пайдасына, соның ішінде электрондық ақшаны пайдаланып, ақша аударуғатөлем жасауға электрондық нұсқауға бастама көтеруі;
10) Клиенттің Жеке кабинетіне төлем картасының электрондық деректемелерін жолдау арқылы төлем картасын шығаруқайта шығару;
11) Шартта және Клиентпен жасалған банктік қызмет көрсету шарттарында көзделген өзге электрондық банктік қызметтер. 3.2. Банк Клиентке Ережелерде, Шарт жасасқан сәттегі Банктің Тарифтерінде көзделмеген жаңа қосымша ақылы электрондық банктік қызметтерді ұсынуға және мұндай қызметтерге Банктің Тарифтерінің мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Бұл жағдайда Банк мұндай жаңа қызметтерді көрсету талаптарын Кaspi.kz-те орналастыру арқылы Клиентке қосымша қызметтерді көрсету (қосу) ұсыну туралы хабарлама жолдайды. Клиентке қосымша қызметтер Клиент жарияланған қосымша қызметтерді көрсету талаптарында көзделген қызметтерді алу бойынша әрекеттерді жасау, Шот-көшірмедегі Банктің (қызметтерді қосу) ұсынысының талаптарында көзделген тәсілдермен ақпаратты сұрату сияқты конклюденттік әрекеттерді немесе өзге әрекеттерді жасаған жағдайда көрсетіледі (қосылады).
Шот бойынша Операциялар жүргізу үшін, Банктің валюталық бақылау жүргізуі, Банктің Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауы, сондай-ақ ForeignAccountTaxCompliance (бұдан әрі - FATCA) талаптарына сәйкес, соның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары арқылы Серіктестің деректеріндербес деректерін жинау, өңдеу және АҚШ-тың Салық қызметіне (Internal Revenue Service) беру үшін қажетті кез келген құжатты және ақпаратты Серіктестен сұратуға; 3.1.2. Серіктестің жазбаша келісімінсіз Серіктестерге БҚКШ мен Қосымшалар бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға беруге; 3.1.3. Серіктестің Банкке аударуы тиіс ақшасын, соның ішінде Банктің Серіктестерінің өтініштері бойынша Банкке аударылуы тиіс ақшаны акцептсіз тәртіппентікелей дебеттеу арқылы алуға (есептен шығаруға); 3.1.4. Серіктестерге БҚКШ-ның және Серіктестерге БҚКШ-ның аясында жасалған және ресімделген Қосымшалардың талаптары бұзылған жағдайда, Серіктестерге БҚКШ-ның қолданысын кез келген мерзімге тоқтата тұруға жәненемесе Серіктестерге БҚКШ-ны жәненемесе Серіктестерге БҚКШ-ның аясында жасалған шарттарды бұзуға; 3.1.5. Банктің алаяқтық операцияларға күдігі болған кезде, Серіктеске хабарламай, мән-жайлар анықталғанға дейін Операцияларға тосқауыл қоюға; 3.1.6. Кейіннен Серіктеске осындай есептен шығару туралы хабарлап, Серіктестің Шотынан оның келісімінсіз рұқсат етілмеген төлемдердің сомасын есептен шығаруға; 3.1.7. Серіктестен Қазақстан Республикасының заңнамасының және Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес өзге құжаттар мен мәліметтерді сұратуға; 3.1.8. Техникалық мүмкіндік болған кезде Серіктеске заңнаманың талаптарына сәйкес Серіктестерге БҚКШның тиісті Қосымшасында айқындалған тәріппен және ондағы негіздер бойынша қашықтан банктік шот ашу бойынша электрондық банктік қызмет көрсетуге; 3.1.9. Серіктестерге БҚКШ-ның талаптарын тиісінше орындамағаны үшін заңнамада айқындалған тұрақсыздық айыбын (заңды тұрақсыздық айыбын) төлеуін талап етуге; 3.1.10. Серіктестерге БҚКШ-да көзделген жағдайларда Серіктестерге БҚКШ-ның талаптарын өзгертуге; 3.1.11
Қазақстан Республикасының заңнамасында, соның ішінде Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Шартта көзделген жағдайларда, соның ішінде Банккке сұратылған құжаттарды жәненемесе мәліметтерді бермеген кезде Операция жүргізуді тоқтатуға және (немесе) Серіктеске Операция жүргізуден бас тартуға, Серіктеспен іскерлік қатынастарды бұзуға және Серіктестерге БҚКШ-ның қолданысын тоқтатуға; 3.1.12. Банктің Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы мақсатында Операциялар жасау үшін Банкке ұсынылған кез келген деректі алу, тексеруқайта тексеру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген әрекет пен іс-шараларды жүзеге асыруға; 3.1.13. Шарт бойынша ұсталатын бір немесе бірнеше комиссияны төлеген кезде, Банктің ұсынған жеңілдіктерін жәненемесе шегерімдерін өз қалауы бойынша алып тастауға; 3.1.14. СеріктескеПайдаланушыға Push-хабарламалар жәненемесе СМС-хабарлар арқылы Шоттар бойынша жүргізілген ОперацияларТранзакциялар туралы хабарламаларды өз қалауы бойынша беругеоларды жолдауды алып тастауға құқылы.

4. Депозиттік операцияларды зерттеу

Салымдар сенімді сақтандырылған
Жинақ ақшаңыз Банктің және мемлекеттің тарапынан екіжақты қорғалған*
Конфиденциалдылық және қауіпсіздік
PIN PAD сәйкестендіргіш-пароль тек біздің Банкте қолданылады
Ең жоғарғы кірістілік
Сыйақының жоғары мөлшерлемесі ұзақ мерзімге белгіленген
Ыңғайлы талаптар
Жинақ ақшаңызды тиімді басқару мүмкіндігі бар
Депозитті орналастырудың оңтайлы мерзімдері
:: Барлық депозиттер бойынша депозиттің мерзіміне қарай автоматты түрде ұзарту саны шектелген
Сыйақыны шоғырландыру
Пайыздар салым сомасына ай сайын қосылады
Мобильділік
Қазақстанның кез келген аумағында PIN PAD құрылғысының көмегімен қосымша ақша салуға, алуға және ақша аударуға болады
Қолайлылық
Қашықтан қол жеткізу жүйесі 724 режимінде Сізді барлық қажетті қызметтермен қамтамасыз етеді
Қолжетімділік
Кең ауқымды өткізу желісі
Сізге Банктің Қазақстанның 18 қаласындағы 103 бөлімшесі қызмет көрсетуге әзір
*Барлық депозиттер "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ-та сақтандырылған.
Кепілдік:
-мерзімді депозиттерге, талап еткенге дейінгі депозиттерге, шартты депозиттерге;
-ағымдағы шоттардағы және төлем карталарындағы ақшаға беріледі.
Депозиттерге кепілдік беру туралы толық ақпаратты www.kdif.kz сайтынан біле аласыз.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры - Сіздің банктегі жинақ ақшаңызға мемлекет тарапынан берілетін кепілдік!
Бір салымшының атына ашылған барлық депозиттер мен банктік шоттар бойынша мемлекеттік кепілдік әрбір банкте келесі сомаларды құрайды:
15 миллион теңгеге дейін - ұлттық валютадағы жинақ депозиттері бойынша,
10 миллион теңгеге дейін - ұлттық валютадағы депозиттер бойынша,
5 миллион теңгеге дейін - шетел валютасындағы депозиттер бойынша (қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша эквивалентінде).
Салымшының бір уақытта бір банкте теңгеде және шетел валютасында орналастырылған екі немесе одан көп депозиті болған жағдайда, 15 миллион теңгеге дейін кепілдік берілген өтем төленеді.

5. Кассалық операцияларды зерттеу

Жеке тұлғалар үшін Банк VISA International халықаралық төлем жүйесі карталарының келесі түрлерін ұсынады: Visa Instant Visa Social (жәрдемақы алуға арналған)Visa Pension (зейнетақы алуға арналған) Visa Virtuon Visa Gold Visa Gold Nomad Club Visa Platinum Visa Platinum Nomad Club Visa Infinite Visa Gift (Visa Prepaid). UnionPay International халықаралық төлем жүйесі карталарын: UnionPay Gold UnionPay Platinum UnionPay Diamond. Сондай-ақ MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйесі карталарының келесі түрлерін ұсынады: MasterCard Gold, World MasterCard Gold, World (CashBack өнімі) MasterCard Platinum.

Жеке кәсіпкерлер үшін (ЖК):
- Visa Gold Visa Platinum;
- MasterCard Gold, World MasterCard Platinum.
Банктің кассасы арқылы қолма-қол қаражат енгізу арқылы
o ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi туралы
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының банк жүйесі
Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру («Қазақстан Халық Банкі» АҚ тәжірибесінен)
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерінің қолма-қолсыз есеп айырысу операциясы
Депозиттің теориялық негізі
Банк несиелері мен қарызға алынған қаражаттардың есебі мен аудиті
Банктегі несиелік үрдістер
Коммерциялық банктің несиелік саясаты. (ақ «қазақстан халық банк» мәліметтері негізінде)
Аудитті басқарудағы компьютерлер
Қазақстан Халық Банкінің экономикалық мазмұны
Пәндер