Далалы аймақ қызғылт қара қоңыр топырақты қуаң дала
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Дипломдық жұмыс
Мамандығы 5В080800 - Топырақтану және агрохимия
Орындаған: Төлеуғазыева Балауса
Нұр-Сұлтан, 2020
Мазмұны
Кіріспе
3
1.
Шаруашылық туралы қысқаша мәлімет
4
2.
Топырақ түзілу факторлары
5
2.1
Климат жағдайлары
5
2.2
Жер бедері мен топырақ түзуші жыныстар
7
2.3
Аналық тау жыныстары
8
2.4
Жер асты және жер үсті сулары
9
2.5
Өсімдік жамығысы
9
3.
Кривинка ауылдық округінің топырақтары
10
4.
Топырақ бонитеті
11
4.1
Далалық жұсыстар әдістемесі
13
4.2
Алқаптар бойынша бонитет балының өзгеруін салыстырмалы бағалау
15
5
Бағалау шкаласы топырақ түрлері бойынша бонитет балының орташа өлшемді құрамы
5.1
0-50 см қабаттағы бонитет балдарын және гумус құрамын есептеу ведомосы
5.2
Контур бойынша топырақ бонитетінің балдарын есептеу ведомосы
5.3
Алқаптар бойынша бонитеттің орташа өлшенген балдарын есептеу ведомосі
Қорытынды
16
Пайдаланылған мәліметтер
17
Кіріспе
Жерді бағалауға, сақтауға және дұрыс пайдалануға міндеттіміз, себебі ол ауыл шаруашылығының негізгі өндіріс құралы болып табылады. Жерді тиімді пайдалану үшін ең алдымен толық топырақ жамылғысына тіркеу жүргізу керек, яғни топырақтың сандық, сапалық және материалдық құндылығын анықтау боып табылады.
Жердің санын анықтау - қарапайым (ауданын есептеу), ал топырақтың
сапасын анықтау - күрделі жұмыс.Оны әр-түрлі талдау нәтижелері арқылы анықтауға, баға беруге болады..Сонымен, ауданның топырағының немесе жерінің құнарлы немесе құнарлығы төмен екендігін айту үшін топырақ сапасын бағалау, яғни бонитеттеу жұмысын жүргізу қажет.
Ең алғаш 1972 жылы Семей қаласындағы ГПИ Казгипрозем топырақтанушылары Кривинский шаруашылығына ірі маштабты зерттеу жүргізді. Топырақ картасы және агро топырақтық очерк жасалынды.
1989 жылы, 1972 жылғы топырақ зерттеулеріне түзету енгізілді. Зерттеуде егістік жерлер түбегейлі жақсарылған, шабындық және жайылымдық жерлер қамтымаған.
Әдебиетке шолу
Шығыс Қазақстан облысы -- Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. 1932 жылы 10 наурызда құрылған.1997 жылғы 23 мамырдағы № 3528 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыс құрамына таратылған Семей облысының территориясы қосылды. Облыс орталығы -Өскемен (1720 жылы негізі қаланған). Жер аумағы - 283 300 км2. Халқының саны (2006) - 1 430 000 адам.Ауылдық аудан - 15. Қала - 10.Қалалық маңыздылығы бар қала - 5.Облыстық маңыздылығы бар қала - 5.Кент - 24.Ауыл - 826[1].
Шығыс Қазақстан облысы 10 миллион гектардай жерді алып жатыр. Өсімдігі мен топырағының орналасуы Батыс, Орталық және Оңтүстік Алтай жоталарының таулы рельфінің қиын жағдайын байланысты тік аймақтық заңдылыққа бағынады.
Облыс территориясы 3 географиялық аймаққа: далалық, шөл - далалық және шөлді аймаққа бөлінеді. Осының нәтижесінде таулы және тау етегіндегі аудандар белдікке бөлініп олардан: биік таулы шалғынды, таулы- далалы және тау етегіндегі шөл - далалы тік аймақтар пайда болады.
1. Далалы аймақ қызғылт қара қоңыр топырақты қуаң дала. Ол солтүстіктегі жазық далалы аудандарды (Бородулиха, Бесқарағай, Жаңасемейдің оң жақ жағалауы) қамтып, Обь жағалауындағы үстірт пен Ертіс жағалауындағы ойпауытты жерлерді қамтиды. Топырақ жынысы жеңіл және борпылдақ орташа сазды топырақ.
Облыстың жер қоры негізінен қызғылт қарақоңыр топырақта құралған.
Қызғылт қарақоңыр топырақ ішіндегі кең тарағаны - құрамы жеңіл сазды және құмдақты топырақтар. Негізінен Ертіс жағалауындағы жазықтық құм және құмдақ топырағынан тұрады. Бұл топырақтардың гумус горизонтының қуаты орташа (А+В=60-80 см горизонт қуаты А = 15 - 20 см. Көмір қышқылды карбон 60 - 100 см тереңдіктен ұшырасады. Жеңіл еритін тұзы жоқ, топырағы тұзды емес.
Топырақ құрамындағы гумус 1 деп 2 процентке, үлес салмағы 2,6 - 2,7 гсм жетеді. Бұл топырақтар су өткізгіштік қасиеті жоғары (195 - 266 ммсағ), су ұстауы төмен (8 - 12 %), ылғал пайдалануы аз (5 - 9%). Топырақ құрамындағы эрозиялық фракциялар 70 - 80%-ке жетеді, соның нәтижесінде бұл топырақ едәуір дәрежеде жел эрозиясына ұшырайды.
Қызғылт қара қоңыр кәдімгі саздақ топырақ облыстың негізгі жыртатын жері. Гумусты горизонт қуаты орташа 40 - 60см, оның ішінде А горизонты 16 - 20 сантиметрге тең. Топырақ құрамындағы гумус 2,5 - 3 %-ке жетеді. Бұл топырақтардың үлес салмағы 2,6 аумақтық салмағы 1,1 - 1,3гсм, су өткізгіштігі орташа (120 - 129ммсағ), даладағы су ұстағыштығы 21 - 32 %. Топырақ құрылымы кесекті, эрозиялық қиыршықтар 37 - 54%, суға берікті қасиеті төмен. Мұның бәрі бұл топырақтардың жел эрозиясына жеңіл ұшырайтынын, оны болдырмау үшін комплексті шаралар қолдануды қажет етеді.
Қызғылт қара қоңыр түсті кебір топырақтар көбінесе Коростеле даласына және оған шектес аудандарға тараған. Бұл топырақтардың айрықша белгісі сіңіру комплексінде натрийді сіңіруге қатынасады, сөйтіп физикалық қасиеті өте нашар және жаңғақты түйіртпекті әрі балшықты кебір горизонтта шағын тереңдікте иллювиалды коллоидтар құрайды. Әрқашан құрғақ күйінде кебір горизонттарда тік жарықшалар пайда болады.
2. Шөл - далалық аймақ ашық қызғылт қара қоңыр топырақты дала. Бұл Ертістің сол жақ жағалауындағы жазық пен Қазақтың ұсақ адырларының батыс бөлігін қамтып, Абай, Ақсуат, Жаңасемей, Жарма, Шұбартау, Аякөз және Көкпекті аудандарымен шектеседі. Бұл аймақтың жері ашық қызғылт топырақты, бірқалыпты, төменгі қабаты қоңырлана бастаған, гумус горизонтының қуаты шағын, құрылымы кесекті, карбонаттар жоғарыда жатады. Олардың ішінен тереңде қайнайтын (механикалық құрамы жеңіл), кәдімгі карбонатты, кебірлі және топырақтың нашар дамыған түрлері кездеседі. Ашық қызғылт қара қоңыр (кәдімгі) және нашар дамыған қиыршық тасты саздақ топырақ кең тараған. Алғашқысы адырлардың етектерінде, адыр аралығында және тау етектеріндегі аңғарларда құралады. Олардың гумус горизонтының қалыңдығы 30 - 45 см топырақ құрылымы шаң кесекті, карбонатты - иллювиальды қалың горизонты бар. 120 - 150 см тереңдікке дейін жеңіл еритін тұздар кездеспейді. құрамында 1,5 -2 % гумус болады.
Бұл аймақ топырағының ерекшелігі - барлық жерде де сортаң топырақпен бірге нашар дамыған және кебір топырақтар ұшырасады. Кебір топырақтың беткі горизонты кесекті - ұлпа әрі тығыз болып келеді және су өткізгіштігі нашарлайды, сөйтіп тұнба көп жиналып, топырақтың тез қабыршақтануына себепші болады.
3. Шөлді аймақ облыс территориясының бестен бірін алады, жусан және жусан - сораңды өсімдікті Зайсан мен Балқаш - Алакөл ойпаттарын қамтиды, топырағы ашық қоңыр түсті. Мұнда Ақсуат, Шұбартау, Аякөз, Үржар және Мақаншы аудандары орналасқан . Жалпы, бұл аудандырда ашық қоңыр топырақ облыстың оңтүстік шекарасына қарай тараған. Оның ішінде кәдімгі ашық қоңыр топырақ (тұзды емес), гипсті топырақ, кебір, нашар дамыған және тақырлы топырақтар кездеседі. Олардың горизонтының қалыңдығы 40 - 45 см, топырақтың үстіңгі қабаты тілімденген, төменгі қабаты тығыз кесекті - қатты горизонтты болып келеді.
Бұл аймақтың қай ендігінде болмасын жер бедері ылди болса шалғындық ашық қызғылт қоңыр және ашық қызғылт қара қоңыр не шалғындық қоңыр топырақты болып келеді.Бұл жерлердің ылғалы мен құнарлығы да біршама жоғары болып келеді.
4. Табиғи тік аймақ таулы жерге тараған, олар: Батыс Тарбағатай, Қалба, Шыңғыстау, Барлық және Алтай сілемдері. Облыс жерінің топырағы табиғи бес белдікке бөлінеді: Биік таулы шалғындық белдік - Батыс Тарбағатайдың ең биік бөлігі - көбіне су тарайтын дөңестеу және жайпақ тау жазығы, сирек болса тік қабатты тау беткейлері. Бұл жердің тау жынысты шалғынды топырағы аллювиалды - делювиалды шөгінділерден қалыптасып бетін аласа шөпті субальпілік шалғын басқан. Топырағы қара - қоңыр, қиыршық тас мөлшері әр түрлі, гумус горизонтының (А+В) қалыңдығы 60см, А горизонтының қалыңдығы 20 - 30 см, күшті шымдалған.
Шалғын далалы белдік - Батыс Тарбағатай мен Қалба жотасының солтүстік беткейлері, сондай - ақ тау етегіндегі соқпа жазықтар. Мұнда көбіне тау жынысты сілтісіз қара топырақ, тау жынысты далалық ксеморфты және қара топырақты сілтісіз топырақ, қалың тау жынысы төселген аллювиалды - делювиальды қиыршық тасты саздақ топырақ.
Таудың қара топырағы күңгірт сұр, беткі горизонты қара түсті дерлік, сілтісіз, гумусты горизонтының қалыңдығы едәуір (А+В 75 - 90 см), карбонаттардан тазарған, құрамы саздақты және қиыршық тасты, бұл тереңдеген сайын көбейе береді. Бұл топырақта гумус көп(13 - 14%), ол топырақ ерітіндісімен қышқыл реакция құрайды.
Сілтісіз қара топырақ Тарбағатай етегіндегі жазықтың оңтүстігіндегі дөңестің беткі қабатымен, Қалба тауы сілемдері арасындағы алқапта тараған. Бұл топырақтар өзінің қасиеті жағынан сілтісіз тау қара топырағына ұқсас. Онан айырмашылығы: гумусы аз (7 - 8%) және қиыршық тастар кездеспейді. Тау жынысты далалық ксеморфты сілтісіз топырақ Тарбағатай мен Қалба тауларына тараған. Олар қалың тау жыныстарына таяу төселген элювиальды - делювиальды қиыршық тасты шөгінділерден құралған. Беткейдің оңтүстігіндегі бұл топырақтар жылдың жылы маусымында тез әрі күшті кебеді, ал суық маусымда - қарының жиі еритіні байқалады, сөйтіп көмір қышқылды тұздары шайылып кетеді. Гумусты горизонттың қалыңдығы 50 - 60см, тұз қышқылынан тереңде қайнап ашық қоңыр түске енген, А горизонтының құрылымы жылтыр кесекті, барлық топырақ пішінін ұсақ тасты деуге болады. Мұнда гумус 6 - 8 % мөлшерінде.
Ылғалы орташа далалық белдік - таулы аймақтың қара топырақты ылғалы мол төменгі бөлігіне және тау етегіндегі қыратты жазықтарыд алып жатыр. Жер көлемі жағынан бұл белдік Қалба мен Тарбағатай беткейлері, Алтай, Тарбағатай мен Қалба таулары етегіндегі жазықтарды қамтиды. Мұнда оңтүстіктің таулы және тау етегіндегі қара топырағы басым. Оңтүстіктің таулы жерінің қара топырағы - әр түрлі боз шөпті қуаты аз саздақ топырақты элювиальды - делювиальды шөгінділерден солтүстіктің тік және көлбеу беткейлерінде қалыптасқан. Бұл топыраққа тән ерекшелік - гумусты горизонтының түсі қара қоңыр, төменгі қабаттары сұр түске айналады, қуаты аз (А+Б 36 -60см), құркесекті, түйіртпекті жылтыр кесектісі сирек кездеседі. Гумус мөлшері 6 - 7%.
Қара топырақтың ішінде ең көп тарағаны оңтүстіктің тау етектерінің қара топырағы. Бұл топыраққа тән ерекшелік гумусты қабатының (А+В=55-60см) едәуір қалыңдығы, гумусының аздығы (3 - 6%), суға еритін заттар мөлшері өте аз, гумус қабатының төменгі бөлігі карбонатты. Бұл топырақтар өзінің суға төзімді құрылымымен, салыстырмалы салмағының онша жоғары еместігімен, орташа су өткізгіштігімен, су сіңіруінің өте аздығымен(25-30%) және активті ылғалының көптігімен көзге түседі.
Тарбағатайдың тау етегіндегі оңтүстік қара топырағы үшін әр түрлі бағыттағы беткейлерде гумусты горизонт 40-тан 65 см дейін өзгеріп отырады, құрылымы суға онша төзімді емес, аумағы бойынша салмағы біршама жоғары, су өткізгіштігі жоғары, далалық су сіңірімділігі төмен. Топырағы суға шөлірекейді. Новошульба ауданындағы қара топырақ терең қатып және қардың аз түсуіне байланысты қар суы тек жоғары бір метрге дейінгі қабатқа жетеді.
Қуаң далалық белдік - қызғылт қара қоңыр топырақты тау және тау етектерінен басылып Тарбағатайдың, Қалба мен Шыңғыстаудың аласа және ұсақ адырлы Саырарқаның таулары мен тауетектерімен шектеседі. Тау топырағы - тығыз жыныстардан құралған, олар жер бедеріне қарай тік және түйетайлы болып келеді. Олардың гумусты горизонтының қалыңдығы (40 - 50см) орташа, түсі қоңыр, құрылымы құрткесекті, тереңдеген сайын ұсақ тасты, гумусы көп (4 процентке) жетеді, топырақтың механикалық құрамы көбіне саздақты болып келеді. Жер бедеріне қарай жыртуға жарамсыз, жайылымға жарамды деп есептеледі.
Тау етегіндегі қызғылт қара қоңыр топырақ Қалба, Тарбағатай және сирек те болса Шыңғыстаудың тау аңғарлары мен етегіндегі қыратты жазықтарға тараған. Гумус пен жалпы азот мөлшері жоғары: 3 - 4 және 0,18 - 0,26%. Жылтыр кесекті қызғылт қара қоңыр топырақтың агрегаттық құрамының құрылымы жоғары (60-75%), оның едәуір бөлігі суға төзімді (топырақ салмағының 20 - 40% - ке дейін).
Шөлдік - далалы белдік ашық қызғылтқоңыр топырақ кең алқапты алып жатыр, ол Тарбағатайдың етегінде оңтүстік беткейлерінің қыратты жазықтарының өнбойын қуалайды. Топырақ құрайтын негізгі жыныстар - көбінесе лессті топырақ және сирек те болса ұсақ тасы аз делювиальдысаздақ топырақ. Бұл топырақтар өзінің құнарлы және биологиялық активтілігінің күштілігімен ерекше көзге түседі.[2]
Семей қаласы. 18,3 млн гектар территориямен орналасып және топырақтық - өсімдік үш ендіктің шегінде; далалық, шөлді және далалық аймақта жатыр. Қалба тауының оңтүстік батыс беткейінде және батыс Тарбағатайда жоғары таулы шалғынды, таулы - далалық және тау етегіндегі шөл - далалық аймақтар байқалады.
Далалық аймақ құрғақ далалы қара топырақты ( 678мың га), әр түрлі шөп араласқан бетегелі - селеу өсімдіктері аралас болып келеді.
Қара қоңыр топырақтың шіріндісі А+В қабатының тереңдігі 40 - 60 сантиметрге дейін барады. А горизонты біртүсті, төменге қарай құбалана береді, кесек - түйіршікті және кесегі қатты емес.
Қара шірігінің мөлшері 4,1 - ден 2,6 процентке дейін, жалпы азот - 0,21 - 0,13 процент, РН - 7,0 - 7,4, жылжымалы элементтердің мөлшері (мгкг): суға ерімелі азот - 30 - 38, калий - 605-ке дейін.
Шөлді - далалы аймақта ашық қоңыр топырақ көбірек (6,4 млн.га). Аймақтың ауасының орта жылдық температурасы 1,7 - 3 градус, жылы мезгіл 205 күнге созылады. Жылына 250 мм ылғал түседі.
Ашық қоңыр топырақ шірінділі А+В қабатының тереңдігі 35 - 45 сантиметрге дейін барады. А горизонты (10 - 14 см) тозаңды-кесекті, шіріндісі көп ( 1,8 - 2,3 процент). Топырақ реакциясы аз сілтілі, РН - 7,3 - 8,0. Жылжымалы форманың мөлшері (мгкг): суға ерімелі азот - 35, фосфор - 10 - 28 және калий - 346 - 465. Топырақ жайылым ретінде пайдаланылады.
Солтүстік шөлді аймақта жусан өсімдіктерінің астында құба топырақ қалыптасады. Жылдық орташа температура 5 - 6 градусқа тең.
Құба топырақтың А+В қабаты 34 - 42 сантиметрге дейін барады. А горизонты (10-12 см) ашық құба түсті, кесекті. Төменірек кесекті - жаңғақты карбонатты - иллювиальды горизонт және одан да төмен гипсті және жеңіл еритін тұзды қабат жатады.
Қара шірігінің мөлшері 1,2 - 0,6 % жалпы азот - 0,07 - 0,54%; шіріндінің астындағы горизонтта 20 - 18 % - ке дейін кальций карбонаты болады. Рн - 7,5 - 8,0.
Облыстың оңтүстігінде сұр құба топырақ дамыған. Жазыққа орналасқан ширек миллион гектар қара топырақ бар (сілтісіз, қалыпты және оңтүстік). Қара топырағы - жақс егістік жер, дәнді дақыл егу үшін пайдаланылады.
Аймақтық топырақтардың ішінде шалғындық әр түрлі топырақ кең тараған. Олар 2 млн. гектарды алып жатыр. Ал, таулыжер топырағы 4,1 млн. гектарды алып жатыр, олардың ішінде ашық қоңыры (2млн.га) және қара қоңыры (1,26 млн.га) көп, бұларды шабындық пен жайылымдыққа пайдалануға болады[3].
2. Шаруашылық туралы қысқаша мәлімет
Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданына қарасты Жетіжар ауылдық округі (бұрынғы Кривинский) Бесқарағай ауданының солтүстік- батыс бөлігінде орналасқан, шығыстан батысқа созылған "Долонский" орман шаруашылығы арқылы екіге учаскеге бөлінген : негізгі және қосалқы . Кривинка ауылдық округінің территориясы солтүстікте КСРО 50 жылдығы казхозымен Павлодар облысымен, шығысы Бегеневский орман шаруашылығымен және Семеновский совхозымен, оңтүстігінде Семиярский совхозымен, батысында Ертіс өзенімен шектесіп жатыр.
Кривинка ауылдық округі район орталығы Бесқарағай ауылынан 130 км қашықтықта орналасқан, Семейден 220 км қащықтықта, облыс орталығы Өскеменнен 420 км қашықтықта орналасқан.
Ауылдық округтің негізгі өндірістік бағыты мал шаруашылығы болыа табылады. Негізгі бағыты шөп шабу және жем дайындау болып табылады. Кривинка аулыдық округінің жалпы ауданы - 55854,0га; оның ішінде егістік жер- 2957,0 га; тыңайған жерлер- 3561,0 га; шабындық жерлер - 2382,0 га; жайылымдық жерлер -45492,0; орман қорының жерлері - 498,0 га; батпақты жерлер -24,0га; басқада жерлер - 503,0 га.(1- диаграмма)
1-сурет. Кривинка ауылдық округінің жалпы ауданы.
3.Топырақ түзілу факторлары
3.1 Климат жағдайы
Кривинка ауылдық округінің құрғақ даладағы аумағында ауа температурасының ауытқуының өте үлкен болып табылады , күн мен түн, қыс және жаз температураларының күрт қарама-қарсылығы, жеке күшті желдердің болуы, жауын-шашынның аздығы шұғыл континенталдылықпен сипатталады. Қысы суық, қарлы, жазы құрғақ, ыстық. Орташа жылдық температура 2,9 °, қаңтардағы орташа температура -17,5 ° және шілдеде 22,1. (1-кесте, 2-сурет)
Ай
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Жылдық
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Темп.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz