Сақтандыру жарнасын есептеу тәртібі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

«Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы және оны талдау» тақырыбына

«5В050900-Қаржы» мамандығы бойынша жазылған

ДипломДЫҚ ЖҰМЫС

МАЗМҰНЫ Кіріспе . . . 5
  1. Сақтандыру қорларын қалыптастыру әдісі ретіндегі сақтандырудың мәні . . . 7 1. 1 Жалпы сақтандырудың экономикалық мәні және мазмұны . . . 7

1. 2 Сақтандыру ұйымдарының ұйымдық-құқықтық нысандары . . . 11

1. 3 Сақтандыру қорларының арналымы және оның экономикалық негіздемесі . . . 17

2. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы және оны талдау («Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы мысалында) . . . 22

2. 1 «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясына сипаттама және оның қаржылық жағдайы . . . 22

2. 2 Сақтандыру компанияның төлемқабілеттілігін бағалау . . . 31

2. 3 Сақтандыру компанияның қаржылық тұрақтылығын талдау . . . 36

  1. Қазқастанда сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығын жетілдіру жолдары . . . 43Рыноктық экономикадағы сақтандыру бизнесін басқаруды жетілдіру жолдары . . . 43

3. 2 Қаржылық дағдарыстан кейінгі сақтандыру рыногының проблемалары . . . 51

Қорытынды . . . 59

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 61


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасының дамуы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және оның барлық салаларындағы терең нарықтық қайта құруларды жүргізуге бағытталған. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы мемлекет экономикасындағы қаржы секторында елеулі жағымды өзгерістерді қарастырады. Қаржылық даму стратегиясындағы маңызды орынды сақтандыру алады, себебі мұнда отандық экономиканың дамуына көп мөлшердегі қаржы ресурстары шоғырланған.

Қаржы жүйесінің маңызды бөлігі ретіндегі қаржы жүйесін құру кәсіпкерлік қызмет пен бүкіл қоғамның дамуына жағдайлар мен мүмкіндіктер қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алайда, қазіргі кезде республикадағы сақтандырудың даму деңгейі оған қойылған талаптарға толығымен сәйкес келмейді. Бұл сақтық қорғауымен барлық тәуекелдерді жабуға мүмкіндігі жоқ, инвестицияның әлеуетінің әлсіздігінен экономиканың нақты секторын қаржыландыруға қатысуға қабілетсіз ұсақ сақтандыру компаниялардың көптігімен түсіндіріледі. Осыған сәйкес мемлекет сақтық қадағалаудың уәкілетті органы ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен сақтандыру жүйесінің тұрақтылығы мен сенімділік жағдайларға бағытталған сақтандыру компанияларын ірілету саясаты жүргізілуде. Республикадағы сақтандыру дамуының проблемаларының бірі - сақтанушы, сондай- ақ мемлекеттік органдарға, кредиторларға, инвесторлар мен басқа да серіктестерге қажетті отандық сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығы туралы ақпараттың жоқтығы. Сақтандыру компанияларының қызметінің нәтижелерінің толық айқындығын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы сақтандыру тәжірибесіне сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын рейтингтік бағалау жүйесін енгізу қажет. Рейтинг сақтандыру компаниясының сақтандыру нарығында жұмысының сапасын куәландыратын сенімді сертификат болуы керек.

Республиканың сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін сақтандыру бойынша заңнамалық және нормативтік базаны жетілдіру, нарық экономикасының талаптарына жауап беретін сақтандыру инфрақұрылымды құру бойынша шаралар қабылдау қажет.

Осыған сәйкес сақтандыру қызмет ету мәселелерін зерттеу және осының негізінде құрылған жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу өте маңызды болып табылады.

Барлық жоғарыда аталған проблемалар зерттеудің тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін анықтай түседі.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компанияларының қорларының дамуының теориялық және практикалық аспектілерін талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Қойылған мақсатқа жету келесі міндеттерді шешуді қарастырады:

  • сақтандырудың теориялық негіздерін қарастыру, сақтандыру түрлерінің ғылыми негізделген жіктелімін жасау;
  • сақтық операциялардың ерекшеліктерін зерттеу, республика сақтандыру нарығындағы олардың даму тенденцияларын анықтау;
  • отандық сақтандыру компаниялардың қаржылық қызметіне баға беру және оны жетілдіру бағыттарын анықтау;
  • Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеудің қазіргі тәжірибесін қарастыру, сақтандырудың заңнамалық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу;
  • шетел тәжірибесін оқу негізінде сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын бағалаудың рейтингтік әдістемесін дайындау.

Дипломдыжұмыстың зерттеу объектісі «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығы болып табылады.

Зерттеу пәні ретінде Қазақстан Республикасындағы сақтандырумен байланысты ұйымдық-құқықтық қатынастардың жиынтығы қарастырылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасының сақтандыру бизнесіндегі сақтандыру қорларын зерттеуде рыноктың жай-күйін талдау және оның даму бағыттарын негіздеу болып табылады. Дипломдық зерттеудің негізінде қорғауға шығарылған нәтижелері нақты түйіндер мен тұжырымдар келесілерден тұрады:

  • сақтандырудың дамуы мен оның ұйымдық-құқықтық нысандарының теориялық тәсілдемелері айқындалды;
  • сақтандыру компанияларының қаржылық төлемқабілеттілігін бағалауы анықталды;
  • «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясының қаржылық жәй-күйін талдау негізінде сақтандыру бизнесін дамытудың тетіктері анықталды;
  • рыноктық экономикадағы сақтандыру бизнесін басқаруды жетілдіру жолдары негізделді;
  • қаржылық дағдарыстан кейінгі сақтандыру рыногының проблемалары айқындалды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негіздеріне сақтандыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша агенттігінің талдаулық есеп берулері, республика аймағында сақтық қызметті жүргізетін компаниялар дайындаған мақалалар, республикадағы сақтандырудың құрылу кезеңдерін, бүгінгі таңдағы жағдайын және даму қарқыны мәселесімен байланысты материалдар негіз болды.

Қазіргі таңда сақтандыру саласы Қазақстан Республикасында дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Мемлекеттің даму деңгейін жоғарлату үшін осы салаға көп көңіл бөлу керек. Мемлекетіміз 50 бәсекеқабілетті елдің қатарына қосылу үшін сақтандыру нарығын әлемдік нарықпен сәйкестендіріп келтіру керек. Сақтандыру ұйымдарына талаптарды кезеңдік көтеру керек, сақтандыру нарығының дамуын реттеу керек, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру керек, ең негізгі қадам-бұл мемлекетіміздің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру, бұл сақтандыру қызметі нарығының құруды қамтамасыз етеді.

  1. Сақтандыру қорларын қалыптастыру әдісі ретіндегі сақтандырудың мәні

1. 1 Сақтандырудың экономикалық мәні және мазмұны

Әдетте экономиканың рыноктік қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, айырбас операциялардың және тауар айналымының ұлғаюы, шаруашылық субьектілер арасындағы өзара келісім шарт жасалуы сақтандыру ұсынатын сенімді кепіл жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде өндіру процесінде, бөлу, айырбастау және материялдық игіліктерді тұтыну кезінде пайда болатын қоғам және жеке мүдделердің қорғанысы мүмкін болады.

Сақтандыру өзімен бірге белгілі бір оқиға пайда болған кезде сақтандыру жарналарынан қалыптасқан немесе ақша қорларының есебінен төленетін жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау қатынасын көрсетеді.

Сақтандырудың маңызды ролі - қоғамдық ұдайы өндіріс жүйесіндегі мемлекеттің экономикалық даму типіне сай келетін сақтандыру қызметтер сферасының бар болуын ұсынады. Шаруашылық рыногындағы табиғи апаттарға (жер сілкінісі, су тасқыны, өрт, техникалық апаттар) байланысты кәсіпкерлердің зияндарын жабу үшін, қаржылық жағдайы мен несиелік міндеттемелердің бұзылуына және пайда мен кірістердің жоғалуына әкеп соғатын басқа да экономикалық факторлардың іс әрекетері және контрагенттердің төлемқабілетсіздігіне әкеп соқпауы үшін сақтандыруға деген қажеттіліктері елеулі өседі. Өмірді, денсаулықты, еңбек қабілеттілігін және азаматтардың материялдық игіліктерін сақтандыру - олардың экономикалық мүдделеріне байланысты және жеке, әлеуметтік, мүліктік сақтандыру қызметтері арқылы өткізіледі.

Сақтандыру операцияларының белгілі бір нәтижеге жетуіне және келісім шарттың құрылуына қызығушылығы бар жақтардың өзара әрекеттері сақтандыру рыногында өтеді. Сақтандыру рыногы өзін ақша қатынастар саласында көрсетеді. Мұнда оның сатып алу - сату объектісі - «спецификалық тауар», яғни сақтандыру қызметі болып табылады. Сақтандыру рыногының объективті мәнділігі - сақтандыру қызметтерін пайдаланушылардың бар болуы және олардың қажеттіліктерін қанаттандыратын атқарушылардың болуы. [1]

Сақтандыру дегеніміз - кем дегенде екі жақ жүргізетін экономикалық қатынасты айтамыз.

Бірінші жақ (субъект) - бұл сақтандыру ұйымы, яғни сақтандырушы. Сақтандырушы сақтандыру шартын құрып (сақтандыру оқиғасы болғанда сақтанушылардын зияндарын өтейді), және оларды өз клиентеріне ұсынады, яғни заңды (кәсіп орын, ұйым, ұжым) және жеке тұлғаларға (бөлек жеке азаматтар) . Сақтандырушы - бұл сақтандыру қорының қаражаттарын құрып және оларды шығындауға, сақтандыру операцияларын жүргізуге лицензиясы бар белгілі бір заңнамаға сәйкес ұйымдық - құқықтық нысандағы заңды тұлға. Сақтандырушылар - бұл мемлекеттік сақтандыру ұйымдары, акционерлік және сақтандыру қоғамы, өзара сақтандыру қоғамдары мен қайта сақтандыру компаниялар болып табылады.

Егер клиентке жоғарыда айтылған шарттар сай келсе, онда олар сақтандыру келісім шартына қол қояды және шартқа сәйкес келісілген мерзім ішінде сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру жарналарын төлеп тұрады.

Сақтандырудың экономикалық қатынасының екінші жағы (субъект) - заңды тұлға немесе жеке тұлға (бөлек жеке азаматтар), яғни сақтанушы болып табылады.

Сақтанушы деп - сақтандырушылармен бірге келісім шартқа тұрған немесе заң жүзінде сақтанушы болып табылатын және іс-әрекетке қабілеттілігі бар жеке тұлғаны айтамыз.

Сақтандырушы сақтандыру оқиғасы пайда болғанда, яғни сақтанушыға зиян келгенде, келісім шарттың талаптарына сәйкес сақтанушыға өтемақы немесе шығынның орнын толтырады.

Жоғарыда айтылған анықтамалар бойынша сақтанушы мен сақтандырушы арнайы келісім шартпен сақтандырудың экономикалық қатынасын қадағалайды. Халықаралық практикада оны полис деп атайды.

Полис дегеніміз - сақтандыру келісім шартын куәландыратын құжат болып табылады. Мұнда сақтандыру оқиғасы болғанда келісім шартқа сәйкес сақтандырушы белгілі бір сомманы төлейтіні туралы жазылған.

Сақтандыру келісім шарты сақтандырушы сақтандыру оқиғасы кезінде міндетті түрде сақтандыру өтемақысын беретіні, ал сақтанушы сақтандыру жарналарын белгіленген мерзімде төлейтіні туралы жазылған сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы келісім болып табылады.

Сақтандыру келісім шарты басқа талаптардан болуы мүмкін, олар екі жақтын келісімімен анықталады және Қазақстан Республикасының азаматтық - құқықтық заңнамамен қаралған, мәміленің жалпы талаптарына сәйкес болуы керек. [2]

Қоғамдық ұдайы өндіріс процесі - табиғи және әлеуметтік - эконоикалық сипаттағы әртүрлі күштердің қарсыласуы мен өзара әрекет етуі болып табылады. Адам мен табиғат арасындағы қарама - қайшылық (су тасқыны, құрғақщылық, дауылдыр жер сілкінісі және т. б. табиғи кездейсоқ апаттар), бір жағынан, қоғамдық қарама - қайшылық (экономикалық, саяси, діни, ұлтаралық дағдарыстар, әртүрлі сипаттағы соғыстар және т. б. ), екінші жағынан, бұлар жинақтала келе, кездейсоқ сипаттағы жағымсыз салдардың пайда болуына жағдай жасайды, қоғамдық - ұдайы өндірістің әртүрлі кезеңдеріне және кез -келген әлеуметтік - экономикалық қатынастарға тән белгілі бір тәуекел пайда болады. Осындай жағдайлар бүкіл әлемдегі сақтандыру іс - әрекетінің пайда болуына және дамуына әкеледі.

Сақтандыру экономиканың маңызды, бірақ азырақ зерттелген саласы болып табылады. Сақтандыру өте ертеректе пайда болған категориялардың бірі және ол кездейсоқ қауіптерден сақтық қорғаудағы адамның әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Сақтандыруда өндіріс, айналым, материалдық игіліктерді айырбастау және тұтыну процестерде адамдар арасында қалыптасатын белгілі экономикалық қатынастар іске асады. Ол барлық шаруашылық жүргізуші субьетілер мен қоғам мүшелеріне шығындарды өтеуде кепілдік береді, яғни көптеген тұлғалар арасында бөлу арқылы заңды немесе жеке тұлғаның мойнына алған шығындарын өтеу (немесе орнын толтыру) сақтандыру ұйымдарының басшылығындағы сақтандыру қорларының қаражаттарымен жүзеге асырылады.

Экономикалық категория ретінде сақтандыру бұл әртүрлі тәуекелдер кезіндегі сондай - ақ азаматтарға олардың өмірінде белгілі бір жағдайларда көмек көрсету кезіндегі шығындарын өтеу үшін ақша қаражаттарының мақсатты қорларын құру және пайдалану әдістері мен формаларының жиынтығын қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

  1. қатынастардың ықтималдық сипаты;
  2. қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымдà мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) .

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

  • сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
  • сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
  • оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
  • сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
  • ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы) .

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. [3] Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған залалдың орнын толтырумен байланысты. [4]

“Сақтық қызметі туралы” заңға сәйкес сақтандыру деп сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру келісімшартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенін айтады. [5]

Сақтандыру үдерісі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру келісімшарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;

сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік;

сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес.

Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.

Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымының сақтық қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.

Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.

Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысаныда мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру (көлік құралдарын қоспағанда) ; кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қоспағанда) .

Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнімі болып табылады.

1. 2 Сақтандыру ұйымдарының ұйымдық-құқықтық нысандары

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметін Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

Өзара сақтандыру қоғамы тұтыну кооперативінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесі заңды тұлғаның әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретінде мемлекеттік тіркелуімен және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуымен айқындалады.

Өзара сақтандыру жөніндегі қызметті уәкілетті орган беретін лицензия негізінде жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының құқықтық мәртебесі осы Заңмен және «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады. [6]

Өзара сақтандыру жөніндегі қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының құқықтық мәртебесі «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жіктелуі:

  • Меншік құқығына қарай - жеке, акционерлік (корпоративтік), мемлекеттік, муниципалдық;
  • Орындайтын операцияларының сипатына қарай - мамандандырылған (арнайы, жеке немесе мүліктік сақтандыруға арналған), әмбебап, қайта сақтандырушы;
  • Қызмет көрсету аймағына қарай - жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық (трансұлттық) ;
  • Жарғылық капитал көлеміне қарай - шағын, орта және ірі;
  • Жеке сақтандыруды ұйымдастырудың айрықша формасы ретінде жинақтаушы зейнетақы қорларын (ЖЗҚ) қарастыруға болады. ЖЗҚ салымшыларға (сақтанушыларға) олардың белгілі бір жасқа (зейнетақы) жасына) жеткен жағдайда ренталық төлемдер бойынша кепілдік береді. [7]

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ұйымдық-құқықтық формалары:

Акционерлік қоғам. «Сақтандыру туралы» заңның 26-бабына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру кезінде ешқандай тұлға тікелей немесе аффилирленген тұлғалар арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының 25 пайызынан артық акцияларын қолдануға немесе иелік етуге құқығы жоқ. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекет құрған жағдайда және еншілкес ұйым құрған жағдайларда ғана аталған тұлғалар 25 пайыздан жоғары шамада дауыс беруші акцияларға иелік ете алады. [8]

Өзара сақтандыру қоғамы - бұл құрылтайшылардың үлестеріне сәйкес қаражаттарды орталықтандыру негізінде сақтандыру қорын ұйымдастыру формасы болып табылады. Өазара сақтандыру қоғамының қатысушысы әріс сақтанушы, әрі сақтандырушы ретінде қызмет етеді. [9]

Басқару органдары. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндетті түрде келесідей ұжымдық органдар құрады:

  • директорлар кеңесі - басқару органы;
  • басқарма - атқарушы орган;
  • ревизиялық комиссия - бақылау органы.

Қосымша қызмет түрлері («Сақтандыру қызметі туралы» Заңның 11-бабы) . Сақтандырушы (сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымы) сақтандыру (негізгі) қызметінен басқа мынадай қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыра алады:

  • құзіретті органның қабылдаған нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес инвестициялық қызмет;
  • жинақтаушы сақтандыру келісімімен қарастырылған сомада сақтанушыларға несиелер беру;
  • сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін қолданылатын арнайы компьютерлік бағдарламаларды сату;
  • сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы арнайы әдебиеттерді сату;
  • сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншігіндегі мүлікті сату немесе арендаға беру;
  • сақтандыру қызметімен байланысты сұрақтар бойынша кеңестер беру;
  • сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы мамандардың біліктілігін көтеру мақсатында оқу курстарын ұйымдастыру;
  • сақтандыру агенті ретінде делдалдық қызмет көрсету;
  • сақтандыру саласында ғылыми-зерттеушілік жұмыстар жүргізу.

Сақтандыру салалары мен сыныптарын біріктіру. Қазақстан Республикасында сақтандыру ұйымдарының қызметі «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша лицензиялардың негізінде және аталған лицензияда көрсетілген сақтандыру кластары шеңберінде жүзеге асырылады.

«Жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметі, біріншіден, «өмірді сақтандыру» саласындағы қызметпен бірігуге болмайды, екіншіден, жинақтаушы сақтандыру формасында жүзеге асырыла алмайды.

«Өмірді сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметі, біріншіден, «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметпен бірігуге болмайды (қолайсыз жағдайлардан және аурудан сақтандыру, мединициналық сақтандырудан басқа) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі
САҚТАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫ пәнінің ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Туристтік фирманың бухгалтерлік есебін жүргізу
Жинақ зейнеткерлік қорға төленетін міндетті зейнеткерлік жарнасының есебі
Банктік емес ұйымдардың түрлері және жүзеге асыратын операциялары
Зейнетақы реформасы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жиынтық инвестициялық портфелі
Әлеуметтік сақтандыру қоры
Салық міндеттемесінің есебі туралы
Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz