Мұхтар Әуезов пен Джек Лондонның шығармашылық лабораториясын зерттеу


Ш. ҚҰДАЙБЕРДИЕВТІҢ АҚЫНДЫҚ ӘЛЕМІ
- Шәкәрім поэзиясындағы жаңашылдық
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазіргі әдебиеттану ғылымы
қарқынды даму үстінде. Сол себептен де әдеби даму, ғылым мен білім,
көркемдік ізденістер әдебиеттану ғылымының алдына күрделі мәселелерді
шешуді басты мақсат етіп қоюда. Сол мақсаттардың бірі де халықаралық
әдебиеттердің байланысын көрсету. Олардың арасындағы ұқсастықтарды ашу.
Көркем шығармада идеяның тақырыппен ұштасып, оқиғалар желісінің бір-бірімен байланыса, кейде шарықтап, кейде дамып, кей тұста шиеленісіп, ақыры
шешімін тауып отыруы қажет. Сонымен қатар, жазушы ішкі толғанысын, көңіл
күйін жеткізе де білуі тиіс. Бұған практикалық жұмыс, шығармашылық
лаборатория көмектеседі.
Дж. Лондон мен М. Әуезов шығармаларының арасындағы сюжеттік және
кейіпкерлер образы арасындағы сәйкестіктерге назар аударып,
шығармаларындағы мотивтер қарастырылды. Біздің мақсатымыз Мұхтар
Әуезов пен Джек Лондонның шығармашылық лабораториясын салыстыра
отырып зерттеу. Жазушы лабораториясын зерттеу - күрделі процесс. Күрделі
болатын себебі - көркем шығарманың тақырыбына ой-түрткі болған бастапқы
баспалдағынан бастап, ойға оралуынан материал жиналып, жазылып аяқталуы,
оқырмандық аяда қабылдануына дейін болжам жасалуы шарт. Лабораториялық
зерттеуде, ғалым Құлбек Ергөбеков мынадай талаптар қояды:
- жазушының көркем шығармаға тақырып табу ерекшеліктері;
- табылған тақырыпқа материал жинау тәжірбиесі;
- жиналған материалды қорытып екшеуі;
- жазбақ шығармасына жоспар жасауы;
- тұлғаға таяныш боларлық түптұлғаларды табуы, тұлға /кейіпкер/
түптұлға /прототип/ арақатнасын анықтау;
- шығармашылық процесс;
- аяқталған, немесе аяқталмаған бейтаныс шығармалары тағдырын
бағамдау;
- жазушының шығарманы өңдеуі, жөндеу тәжірбиесін қорыту [1, 5-6 б. ] .
Екі жазушының шығармаларындағы «жыртқыш» психологизмін ашу. М.
Әуезов пен Дж. Лондонның шығармашылық лабораториясын кеңінен зерттеп,
«Көксерек» пен «Ақ азуды» жазуға ойтүрткі болған оқиғаларды қарастырдық.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бұл жұмыста қаралатын басты
мәселе қазақ және шетел әдебиетіндегі жыртқыш аңның ортақ психологиясын
қарастыру. «Қасқыр» бейнесі адамның нәпсісі мен хайуандық, жыртқыштық
болмысын меңзейді. Қасқырдың ішкі психологиялық жай күйін, реалистік
бейнеде суреттеу адамның нәпсілік табиғатын, мейлінше ашуға мүмкіндік
береді. Егерде Мұхтар Әуезовтің қасқырдың қасқырлығын ғана айтып,
аңшылар мен ауыл иттерінің ерлігін суреттеуді мақсат еткен болса, онда дала
арланының бар тіршілігінен тек сұмпайылық пен жиреніш эмоциясы басым
болар еді. Ал жазушының мейлінше терең ойлы, әділетті авторлық аңсары
4
дүлей көкжал әрекеттерінен жыртқыштықпен бірге жыртқыштар үшін түсінікті
натуралистік көріністеріндегі эстетикалық сұлулық сәттерін аңғартады. Ал,
Джек Лондонның жартылай ит жартылай қасқырдың терең психологиясы,
көзқарасы арқылы танылатын әлем картинасы кімді де болса тебірентпей
қоймайды. Жалпы кез келген көркем шығарманың ең қуатты тұсы оның
психологиясымен белгіленеді. Автордың мықтылығын да осы шығарма
психологиясынан байқалады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Мұхтар Әуезовтің «Көксерек»
және Джек Лондонның «Ақ азу» көркем шығармалары арқылы адам
психологиясын, жыртқыш психологиясын, тағдыры мен таным-түйсігін, ішкі
жан-дүниесін, негізгі көзқарастары мен өмірлік ұстанымдарын айқындау және
сондай кейіпкерлердің әлемін бейнелеудегі жазушылардың шеберлігіне,
суреткерлік әдістері мен құралдарына тоқталу болып табылады. Осы екі
шығарманы салыстырмалы түрде талдай отырып, қазақ және шетел
әдебиеттеріндегі қасқыр образындағы ортақ психологияны ашу үшін біз
мынадай мақсаттар қойдық:
- Жазушы дүниетанымы, жазу кезіндегі образдар жүйесін ашу;
- Психологизмнің бейнелеу құралдарын айқындау;
- Жоғарыдағы екі тұжырым негізінде зерттеу нысанындағы
шығармаларды талдау;
- Мұхтар Әуезов пен Джек Лондонның шығармашылық лабораториясын
зерттеу;
- Жыртқыш психологиясын жасау арқылы қаламгерлердің айтпақ болған
ойларын айқындау, әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетіне қосқан үлесін
салмақтау, әр қаламгердің көркемдік-эстетикалық ізденісіне,
ұстанымдарына баға беру негізгі міндет болып табылады.
Зерттеу нысаны: Зерттеу жұмысымыз Мұхтар Әуезовтің «Көксерек»
және Джек Лондонның «Ақ азу» шығармаларының негізінде жүргізілді.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы: Әлем әдебиеттану
ғылымында жыртқыш аңның соның ішінде, «қасқыр» табиғатына сипаттама
беріп, көркемдік қасиеттерін кеңінен талдап қарастырған шығармалар көп.
Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» және
Джек Лондонның «Ақ азу» шығармаларының негізінде жүргізілді. «Көксерек»
повесі - Мұхтар Әуезовтің ұлттық проза өнерін әлемдік деңгейге көтеру
мұратымен күн кешкен, адуын, асқар таланты тәркі тіршіліктің күйбең,
зобалаңына құрық бермей жүрген шағында жазылған үздік туындыларының
бірі. Бұл қазақ әдебиеті үшін мүлде жаңа құбылыс болатын. Ал дүние жүзі
көлемінде адамзат қоғамынан бөлек те жырақ, достығы мен қастығы бірдей,
көбіне соңғысы басым жануарлар әлемінің терең түпкірлерін қозғайтын көркем
дүниелер баршылық. Ал, Джек Лондонның негізгі идеясы - ешбір хайуан бар
ғұмырын кек қайтаруға сарп етпейдігі және кек қайтаруды көксейтін сұмдық
сезім тек адамдарға ғана тән екендігі. Хайуандар тыныштық тілейді деген үлкен
астарда жазылған шығарма.
Зерттеудің әдістері-тәсілдері: Жұмыс ғылыми сипаттама әдісі негізінде
5
жүзеге асты. Сондай-ақ, салыстыра отырып зерттеу, кешенді талдау, жүйелеу
және оны түсіндіру, аудару, жинақтау тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің нәтижесі: Әрбір ұлттың дүниетанымы мен мәдениетін танып
білу мақсатына сол ұлттың құндылықтарының жиынтығын ұлттың тілінде,
сөздік қорында сақталған. Олардағы әр халықтың дүниетанымы мен өмірлік
тәжірибиеде қалыптасқан түсініктердің көріністерін ашып, ұлттық және
танымдық сипатын айқындау мақсатында зерттеу жүргізілді.
«Көксерек» пен «Ақ азу» шығармаларындағы ұқсастықтар, ішкі монолог, үш
тілде салыстыру жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі
тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ш. ҚҰДАЙБЕРДИЕВТІҢ АҚЫНДЫҚ ӘЛЕМІ
- Шәкәрім поэзиясындағы жаңашылдық
Қазақ әдебиет тарихында орны ерекше, елге ежелден белгілі болған ақын, Абайдың шәкірті, жазушыларымызды еске алғанда ең бірінші Шәкәрім Құдайбердіұлын атауымыз орынды. Абаймен замандас. Замандасы ғана емес, інісі, шәкірті болған ақын. Абай қалыптастырған қазақ әдебиетіндегі реалистік дәстүрдің алғашқы дамытушыларының бірі болған. Қазақтың рухани және адами болмысын шебер бейнелеген дара тұлғала Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы тағдыр танымы жалпыхалықтың дүниетану шеңберін айқындауға негіз, әр ұлттық ұғым сөздерімен байланысып жатыр. Қазақ елінің халқымен қайта қауышқан бес арасының бірі, ақын, ойшыл, философ, дінтанушы, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлы тек Шығыстың ғана емес, Еуропаның философиялық еңбектерімен жете таныс болған. Шәкәрім шығармасындағы негізгі мән - мұрат пен мақсат, адам өмірінің қат - қабат қыры мен ішкі сыры, жарық дүние сәулесімен қатар өрілген қайғы мен қуанышы, үміті мен мұңы, арамн тілегі. Ақындық ішкі қуат пен сезіп түсіну және дүниені танып қабылдау - ақынның шығармашылығының үзілмес арқауы. Әрбір ұлттық тілдің ішкі құндылықтарын құрайтын негізгі концептілердің бірі - өмір мен тағдыр танымы ақынның поэзиясының негізін «тағдыр», «үміт», ар, иман» сияқты танымдық тақырыптар құрайды. Ақын шығармаларының сабақтастығы да осында.
Шәкәрім Құдайбердіұлы - ұлы ойшыл, кемеңгер ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі.
2. 1 « Шәкәрім шығармаларын оқытудағы инновациялық тәсілдер » деген тараушасы қазіргі заман талаптарына сай Шәкәрім шығармаларын оқытудың жаңа инновациялық технологияларын танытуға арналған. Соңғы кездерде педагогикалық технологияға ғалымдар тарапынан қызығушылық арта түсіп, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді оқу үрдісіне пайдалануға байланысты көптеген зерттеу еңбектері жүзеге аса бастады. Ғылым мен техниканың өсуіне қарай адам дамуының жетілуіне қажетті жаңа таным құралдар жасалуда. Технология ұғымы соңғы жүзжылдықта маңызды ғылыми ұғымдардың біріне айналуда. Теория мен практика ұғымдары мәні жаңынан ажыратылғанмен, олар өзара тәуелді, тығыз байланыста болып келеді. Технология сөзі (techne - өнер, шығармашылық, logos - ілім) грек тілінен аударғанда: а) өндірістің сәйкес келетін құралдармен шикізат, материал немесе жартылай фабрикатқа әсер ететін тәсілдер туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Ғылым мен техниканың дамуына қарай педагогика саласында технологиялық оқыту тәсілі жақсы өріс ала бастады. Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында білім беруді технологияландыруға көшудің қажеттілігімен келіспеу мүмкін емес. Педагогикалық кәсіпте мұғалімдерге білім беру міндетімен қатар тәрбиелушілік міндеті де жүктелген. Ұстаз тұлғасы - әрі тәрбиеші, әрі оқытушы, әрі кеңесші болғанымен, кез келген педагог бұл міндеттерді кез келген жағдайда толық атқара алады деп айту қиын, себебі педагогикалық үрдістің құрамдас жүйелерінің көптігі, олардың қызметтерінің әртүрлі бағытта өзгеру ықтималдылығы осы үрдістің теориясынын және жүзеге асыру технологиясының ерекшеліктерімен таныс болуды қажет етеді. Сондықтан педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі білім беруші мен білім алушы тұлғасын өздігінен дамытып, олардың ішкі әлеуеттерін барынша толығырақ ашқызу үшін оқыту мен тәрбиелеуді негізгі тетік ретінде қолдану болып табылады. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер жаңа педагогикалық технологияларға терең қызығушылық танытып, білім берудегі технологиялық тәсілді дәстүрлі оқыту әдістерінен анағұрлым тиімдірек деп есептейді. Технология ұғымына Б. Т. Лихачев, В. П. Беспалько, В. В. Сериков, В. М. Монахов, М. В. Кларин, В. В. Гусеев, Н. Д. Хмель, Ғ. М. Құсайынов, Ж. А. Қараев, М. М. Жампеисова т. б ғалымдар мен зерттеушілер жан - жақты түсініктемелер бере отырып, олардың практикалық тиімділігі туралы құнды пікірлер мен нақты ұсыныстар айтқан. Қазіргі жаһандану заманында жаңа технологияның басты мүддесі - оқушыны жай білімнен шығармашылыққа дейін көтермелеу. Қазіргі заманда жаңа технологиямен қаруланған ұстаздардың жеке тұлғаны қалыптастыруда көп ұтары сөзсіз.
Педагогикалық жүйе ретінде бір- бірімен байланысқан әдістермен тәсілдерді, іс - әрекеттердін жеке тұлғаға бағытталуын, мақсатты, бағытты педагогикалық әсерді алады. В. Шепель: « . . . это искусство, мастерство, умение, совокупность, методов оброботки, изменения состояния объекта», - десе, С. Н. Данакин: «способ осуществления деятельности на основе ее рационального разчеленения на процедуры и операции с их и выбором оптимальных средств и методов их выполнения», - деп түсіндіреді [10, 7] .
Ғалымдар еңбегіне шолу жасай отырып, технология туралы пікірлерін былай жинақтауға болады:
Кесте 1
- көздеген нәтиженің орындалу кепілі.
- нақтылы мақсатқа негізделгнн болашақ оқу үрдісінің жобасы.
- сатыланған және тәртіптелген іс - әрекет жүйесі
- мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы, жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс-әрекеттер жиынтығы
- білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы
Педагогикалық технологиялар қолдану сипатына қарай дәстүрлі және инновациялық болып бөлінеді. Инновация («новация» - жаңа, жаңашылдық; «ин» “ қайталанатын” процесс, құбылыс, оқиға) әрекет етуші нәрсенің ішінде жаңаның пайдаболуын, дамуын білдіреді. Бұл ұғым кейде жаңалықты енгізу, жаңашылдық, жаңаны жасау реформалау деген сияқты мағынаны білдіреді, ал кең тұрғыдан алғанда жүйедегі кез келген өзгерісті білідіреді. Инновация теориясының алғашқы ұғымдарының негізін қалаушылар неміс ғалымдары В. Зомбарт, В. Метчерлих және австриялық экономист Й. Шумпетер болып табылады. “Педагогикалық инновация” (жаңаны енгізу) ұғымына педагогикалық сөздікте мынадай анықтама беріледі: 1) тұтас білім беру жүйесінің және оның жекелеген бөліктерінің, компоненттерінің сипатын жақсартатын тұрақты элементтерді (жаңашылдықты) білім беру ортасын енгізудегі мақсатқа бағытталған өзгерістер; 2) жаңашылдықты (жаңа құралдарды, әдістерді, әдістемелерді, технологияларды, бағдарламаларды және т. с. с) меңгеру процесі; 3) ерекше әдістемелер мен бағдарламаларды ісдестіру, оларды білім беру процесіне енгізу және оларды шыңармашылықпен ой елегінен қткізу [117, 49] . Сонымен бірге педегогиалық инновация педагогикалық іс - әрекетке жаңаны енгізу, оқыту мен тәрбиелеуді тиімділігін арттыру мақсатында олардың мазмұны мен технологиясын өзгерту болып табылады. [109, 253] . Әртүрлі анықтамаларды талдау инновацияға мазмұнды өзгерістер тән деген қорытындыға алып келеді, ал инновациялық өзгерістің басты функциясы өзгерту функциясы болып табылады.
Бүгінгі күні инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін, ізденушілігін, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізігі мақсаттың бірі. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - «интерактивті оқыту әдісі». Интерактив - ағылшынның өзара әрекет ету деген сөзі. Интерактивті оқыту әдісі оқушы мен мұғалум арасындағы қарым -қатынасқа негізделе отырып, оқушыны дамытуға бағытталған қазіргі білім беру парадигмасы. Осы орайда дәстүрлі білім беру мен интерактивті әдістерді салыстыратын болсақ.
Кесте 2
Сан алуан әрекет арқылы ақылды жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін дамыту жолдарын іздестіру қазіргі заман қажеттілігі. Білім беру саласында оқытудың ақпараттық жаңа құралдары жақсы әсерін тигізіп, қзін - өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді пайдалануға көмектеседі. Интерактивті әдістерді жиі қолдану, әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріа отыру - біз секілді жаңа жас педагогтардың басты міндеті. Сабақ барысында пайдаланып жүрген әдістер оқушылардың оқуға деген ынтасын, ойын, біліктілігін арттыратыны сөзсіз. Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытуда әр түрлі әдістерді, құралдарды қолданудың тиімді тұстарын арттыру болып табылады. Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісін қалыптастыру, тұлғасын дамыту бағытында инновациялық технологиялар қарқынды дамуда. Егеменді еліміздің дамушы елу мемлекет қатарында болудың негізгі бір талабы - мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін жаңа технология элементтерін сабақта қолдануды талап етіп отыр. Қазіргі жаһандану заманында инновациялық технологияның басты мүддесі - оқушыны жай білімнен шығармашылыққа дейін көтермелеу.
Біздің дипломдық жұмысымыздың мақсаты да осы: «Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын инновациялық технологиялар мен интерактивті әдістер» арқылы оқушыға қалай тиімді түсінідіріп жеткізуге болады және осы әдістер арқылы оқушылардың көркем шығармаға деген қызығушылын артыру басты міндетіміз - оқушының шығарма мазмұны арқылы, образдар жүйесі, ондағы көтерілген негізгі мәселелермен білім алушының сана - сезіміне қозғау салу. Технологияның негізгі ерекшелігі де, тиімділігі де осында. Шәкәрім шығармаларын оқытуда инновациялық технологияны элементтерін тиімді қолданудың негізгі мақсаты - оқушыға берілетін білімнің ғылыми жүйелілігі және білімді белсенділікпен саналы меңгере отырып, білімнің тиянақтылығына ерекше мән беру.
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық жолы - ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр арасында қазақ әдебиетінің атасы, педагог, Ы. Алтынсариннің, хакім Абайдың көзқарастарын, шығармаларының идеялық тақырыптарын С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Торайғыров, тағы басқа қазақ зиялыларының еңбектерімен тығыз байланыстырған - «алтын діңгек» [1] Шәкәрімнің өнегелі өсиетке толы әдеби мұрасын оқу барысында тиімді қолдану - әр педагогтың алдындағы жауапты міндет болып табылады.
Сабақты өту барысында оқытушы: Шәкәрім туралы оқушылар не біледі? Оқушыларға Шәкәрім Құдайбердұлының бейнесін жасау негізгі мақсаттардың бірі. Сабақ басында «Insert» әдісін қолдана отырып оқушыларға Шәкәрім туралы:
Кесте 3
Мақсаты: Осы әдісті пайдалана отырып оқушылардың арасында білетіндерін анықтап, білмейтіндерге қайта түсіндіру. Бұл әдіс арқылы жаңа тақырыпты түсіну үшін бұрыңғы білім арасына байланыс орнату. Ұтымдылығы: Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды. Ары қарай балалардың қызығушылығын ояту мақсатында « Шәкәрім әлеміне саяхат» әдісін қолданамыз. Яғни, бұл әдіс арқылы оқушыларды топқа бөлеміз. Топқа бөлу үшін кітаптардың суреті бар қиындылар қажет болады. Бірдей кітап таңдағандар «Абай», «Шәкәрім», «Ыбырай» атты 3 топқа бірігеді. Сабақ Шәкәрім туралы ақпарат алмасумен жалғасады. Шәкәрімнің ақындық жолының бір арнасы - поэмалары. Жалпы білім беретін орта мектептің әдебиет пәнін оқыту бағдарламасына енген Шәкәрім өлеңдерін оқыту барысында байқалатын басты ерекшелік, ақынның, ең алдымен, сыршылдығы, өсиетшілдігі, қатал сыншылдығы, өлең тақырыптарын уақыт талабы, заман көшіне қарай асқақтата жырлай отырып, соның бәрінде де мәңгілік жолдарын негізгі нысана ету белгілері болса, ал поэмаларында осы жанрдың негізгі қасиеттері - мазмұны мен көркемдіктің бірлігін, оқиғамен өрілген образдылық пен идеяның ұштасатынын оқушының тануына және де әр поэманың мазмұндық желісі, көркемдік шешімі, образдар әрекеті сол оқиға болған тұстың шындығымен жырланатынына көңіл аударылуы қажеттігі зерттеу жұмысында талдап көрсетілген. Поэмадағы үлкен ерекшелік - тұрмыстық, әдет-ғұрыптық көріністердің тапқыр суреттелуін яғни, ескі қазақ ауылының бүкіл тіршілік дүниесін реалистік тұрғыда суреттегенін оқушы танып қана қоймай, ақынның ауыл өмірінің шындығын бейнелеуде қажет детальдарды орынды қолданғанын байқату. «Еңлік - Кебек» поэмасын топтық жарыс сабағы және интерактивті әдістер арқылы оқыту сабақтың құндылығын арттырады. Оқушыларға трагедияның мазмұнын меңгерту, тақырыбын, идеясын ашу, диалог, монолог, драмалық жанрдың ерекшелігі туралы әдеби теориялық білімдерін тереңдету; .
«Еңлік- Кебек» поэмасын әр топқа бөліп беріп шығарманың басын, ортасын және аяқталуын. Әр топ өз ретімен тұрып оқыған жерінен түсініктерін айтады. Бұл әдіс оқушылардың шығармаға деген қызығушылығын арттырады, уақыт жағынан үнемдейді. Бұл тапсырмалар оларды поэманың мазмұнын игеріп қана қоймай, өз бетімен ізденуге, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, өзіндік ой қорыту, тұжырым жасауға дағдыландырады. Әрі қарай мәтін бойынша түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі ( еркек-шора, бастаңғы, оғат, халал, асық, шаһит болу ) . Әр түрлі әдістер қолдану негізінде оқушылардың сабаққа деген ынтасы оянып, қызығушылығы артады. Шәкәрім шығармаларын интерактивті әдістері арқалы оқыту, игерту барысында жұмыста төмендегідей жаттығу-тапсырмалары берілді: 1-жаттығу. «Еңлік-Кебек» мен «Қыз Жібек» лиро - эпостық жырларын салыстыру. Мақсаты: оқушылардың шығарма мазмұнын жүйелі меңгеріп, оны талдай алу қабілетін дамыту. Ұтымдылығы: поэманың желісін жетік білуі, шығарманың өн бойынан басты кейіпкерлерді тани білуі, кейіпкерлердің бейнесін сомдауға ұмтылуы, жағымды, жағымсыз қасиеттерді ажырата отырып, өзіндік көзқарасын дәлелдей білуге баулу.
Кесте 4
2-жаттығу. «Миға шабуыл» әдісі арқылы топпен тест тапсырмасын шешу арқылы оқушының шығарманы қаншалықты білетінін байқауға болады. Бұл әдісті жаңа заман талабына сай «Кахоот» онлайн-ойынымен орындауға болады, бұл ойын әдісі балардың сабаққа деген қызығушылығын ашып, барынша тақырыпқа зейін аударуына ықпал етеді.
1) Поэманың көтерген мәселесі не деп ойлайсыздар?
a) Махаббат
b) Тарих
c) Әлеуметтік өмір шындығы
2) Еңлік пен Кебек не үшін қашуға мәжбүр болды?
a) Екі ел арасындағы дау - дамай
b) Әлеуметтік теңсіздік
c) Жер дауы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz