Мал шаруашылығының дайын өнімі
Курстық жұмыс
Тәжірибе жетекшісі : Айна Орынбасарова
Дайындаған: Бақтығұл Альфия
Тобы: 12.14.31
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 5
Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттері 5
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығындар және оларды жіктеу 6
Ауыл шаруашылығы өнімдері мен материалдық қорлардың есебі 9
Биологиялық активтердің есебі 14
Мал шаруашылығы шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау 21
Өнімдерді , жұмыстар мен қызметтерді сату есебі 33
ЖШС ПЕРВОМАЙСКИЙ ТАУАРЛЫ - СҮТ ФЕРМАСЫ 37
2.1 ЖШС Первомайский тауарлы сүт фермасы 37
ҚОРЫТЫНДЫ 43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 45
КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығындағы ең басты және еш нәрсемен ауыстыруға болмайтын, табиғаттың өзі берген өндіріс құралы жер болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің салалық айырмашылығынан басқа, сонымен қатар меншіктің әртүрлі нысандары есептің ұйымдастырылуына өз әсерін тигізеді.
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының əлеуметтік-экономикалық дамуын нығайту үдерісі өндірістің, əсіресе ауыл шаруашылығының тиімділігін тұрақты əрі бекем арттыру үшін шаруашылық жүйенің түбегейлі қайта құрылуын талап етеді. Қазіргі таңда отандық экономиканы қайта құру кезінде бірқатар мəселелер туындады. Əсіресе Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін анықтайтын аса маңызды стратегиялық қызмет саласы ретінде агроөнеркəсіп өндірісінің тиімділігін арттыруға елеулі назар аударылды.
Ауыл шаруашылығы ел экономикасының маңызды саласының бірі саналады. Бүгінде ауылдың ахуалын жақсарту, аграрлық саланы өркендетуге үкімет тарапынан кең қолдаумен қатар, қомақты қаржы да бөлініп келеді. Атырау облысында да ауыл шаруашылығы саласында биылғы жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Облыс бойынша тұрғындардың жалпы санының 51,4 пайызы ауылдық жерлерде тұратын Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені аймақтағы экономиканың маңызды секторларының бірі болып табылады. Ел Президенті Н.Назарбаевтың дер кезінде қабылдаған көреген саясатының нәтижесінде құлдыраған шаруашылықтың бәрі жаңаша дамып, қазіргі таңда агроөнеркәсіп кешенінің дамуы тұрақтанды. Біздің облыс шаруаға қолайлы аймақ деуге болады. Ауылды дамытуға соңғы төрт жыл ішінде жүзге жуық млрд. теңге бөлінді. Бүгінде өз өнімдеріміз өсіп, сырттан келетін азық-түлік деңгейі төмендеді. Мал басында және егіс өнімдерінде өсім бар. Қайта өңдеуші өнеркәсіп те жақсы дамып келеді.
Соңғы жылдары облыста ашық және жабық жерлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын тамшылатып суару технологиясы кең таралып келеді. Қазіргі таңда өңірдің Атырауагроөнімдері, Райхан, Сабуров, Жұмағалиев, Рахатов, Сандуғаш сияқты ірі шаруашылықтарының 250 га жерінде ашық және жабық жерлерде тамшылатып суару технологиясы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары өсірілуде, оның ішінде 155 га жерді жеміс-жидек ағаштары, 77,5 га жерді көкөністер, 8 га жерді бақша дақылдары және 10 га жерді картоп алып жатыр.
Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі қызықтырады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы талдауда ауыл шаруашылығының проблемалары түгелдей дерлік шешіледі деп ойлау қате болар, бірақ қайтсе де шешу жолдарын іздестіру артық болмас.
І. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1.Ауыл шаруашылығы ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттері

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері болып төмендегілер саналады:
- өндіріс процесінің технологиялық ерекшелігіне байланысты өндіріске жұмсалынатын негізгі және үстеме шығындар міндетті түрде нормалау қажет және есепті мерзімнің соңында нақты шығындар нормамен салыстырылып, ауытқу есебі бөлек жүргізілуі тиіс;
- өндіріске жұмсалынған шығын мөлшері мен алынған өнім көлемін дер кезінде және толық есепті көрсетілуі тиіс;
- құрылымдық бөлімшелерге қызмет көрсететін басқа құрылымдардың (көмекші өндірістер мен қосалқы өндірістердің) қызметі дер кезінде есепке алынуы тиіс;
- құрылымдық бөлімшелерде өндіріс құралдарының, еңбек ақы қорының дұрыс пайдалануын, отырғызылатын материалдар, жем-шөп және басқа да материалдық ресурстардың мөлшерге сәйкесті жұмсалуын жедел бақылауды қамтамасыз етуі қажет.
Ауыл шаруашылығы ұйымдарында жедел басқару үшін алғашқы құжаттарды дер кезінде әрі толық рәсімдеумен қатар, ұйымдағы материалдық жауапты тұлғалардың есеп бөліміне дер кезінде есеп берулерді тапсыруы маңызды әсер етеді. Жалпы ауыл шаруашылығына бағытталған кішігірім фермерлер мен серіктестіктерде бұл мәселеге жеткілікті түрде көңіл бөлінбей келеді. Оның негізгі себептерінің бірі - бүгінгі күнге дейін ауыл шаруашылығы үшін шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және бақылауға байланысты арнайы қабылданған нормативтік актілердің немесе әдістемелік ережелердің жоқтығы болып отыр. Сонымен қатар, көптеген ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары есептің өндірісті басқарудағы қажеттілігін және маңыздылығын әлі де болса бағаламай келеді.
Бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастырудың алғышарттары болып мыналар саналады:
1) Ауыл шаруашылығындағы меншік түрлерінің ұйымдық-құқықтық әрекет ету ерекшеліктеріне байланысты бухгалтерлік есепті жүргізудің арнайы ережелерін дайындау;
2) Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының есеп тәжірибесін қазіргі ұлттық және халықаралық есеп стандарттарына сәйкестендіру;
3) Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін алғашқы есеп құжаттары мен есеп регистерлерінің үлгілерін дайындау;
4) Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін есеп берудің тиімді нысандарын
дайындау;
5) Агроөнеркәсіп саласына бағытталған білікті есеп және қаржылық басқару қызметкерлерін дайындау.
1.2Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығындар және оларды жіктеу
Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындарда өндірістік шығындардың жіктемесін беру үшін, алдыменен мына жағдайларға жете назар аудару қажет:
- ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиялық-ұйымдық ерекшелігіне;
- әртүрлі меншік нысанында ішкі шаруашылық байланыстар мен шаруашылық
субъектісін басқарудағы ұйымдық-құқықтық құрылымға.
Өндіріс көлеміне қатысы бойынша шығындар өзгермелі және тұрақты болып бөлінеді. Өзгермелі шығындар өнім көлемінің өзгерісіне байланысты пропорционалды өзгеріп отыратын шығындар болатын болса, ал тұрақты шығындар өндіріс көлемінің өзгерісі кезінде өзгермейтін немесе маңызсыз өзгеретін шығындар болып табылады
Демек, өндіріс шығындарының жіктемесіне қарай толық анықтама беру үшін оларды төмендегі белгілеріне қарай жіктеп көрсетуге болады:
өндіріс процесіндегі экономикалық рөліне қарай - негізгі және үстеме;
құрамы бойынша - бір элементті және кешенді;
өндіріс көлеміне қатысты - өзгермелі және тұрақты; шартты-өзгермелі және шартты - тұрақты ;
әрбір өнімнің өзіндік құнына қосылу тәсіліне қарай - тікелей және жанама;
пайда болу жиілігіне қарай - ағымдағы және бір реттік;
өндіріс процесіне қатысуына қарай - өндірістік және өндірістен тыс (кезең шығындары);
жұмсалу маңыздылығына, тиімділігіне қарай - өндірімді және өндірімсіз;
жоспарды қамту мүмкіндігіне қарай - жоспарланатын және жоспарланбайтын.
Негізгі шығындарға өнім (жұмыстар мен қызметтер) өндірісі немесе технологиялық процеске байланысты шығындар жатады. Оларға шикізат, материалдар, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақылары, технологиялық мақсатқа отын және т.б. шығындар жатады.
Үстеме шығындарға өндірісті ұйымдастыру мен қызмет көрсету шығындары атап айтқанда өндірістік бөлімшелердегі әкімшілік-шаруашылық қызметкерлердің еңбек ақылары, жарықтандыру, өндірістік ғимараттарды жылыту, өндірістік негізгі құралдарды жөндеу және т.б. шығындар жатады.
Бір элементті шығындар деп - бір типті экономикалық элементтен құралған және құрамдас бөліктерге бөлуге келмейтін шығындар жатады.
Кешенді шығындарға бірнеше экономикалық элементтен тұратын шығындар жатады. Оларға үстеме шығындар, кезең шығындарын жатқызуға болады.
Өзгермелі шығындар деп өнім (жұмыстар мен қызметтер) өндірісінің көлеміне тікелей қатысы бар шығындарды айтамыз. Оларға шикізаттар мен материалдар, технологиялық мақсатқа отын мен жылыту шығындары, жұмысшылардың кесімді еңбек ақылары және т.б. шығындар жатады.
Тұрақты шығындар өндіріс көлемінің өзгерісіне байланысты өзгермейтін немесе маңызсыз өзгеретін яғни шартты-тұрақты шығындар жатады. Оларға үстеме шығындар және әкімшілік шығындарды енгізуге болады.
Демек, қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттары бойынша экономикалық элементтеріне қарай шығындар төмендегідей топтастырылады:
- материалдық шығындар;
- еңбекке ақы төлеу шығындары;
- әлеуметтік аударымдар;
- құралдардың тозуы;
- басқа да шығындар.
Қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттары бойынша өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау төмендегі шығын баптары бойынша жүзеге асырылады:
- материалдар;
- өндірістік жұмысшылардың еңбек ақылары;
- еңбек ақыдан аударымдар;
- үстеме шығындар.
1.3 Ауыл шаруашылығы өнімдері мен материалдық қорлардың есебі
Ауыл шаруашылығы өнімдері мен материалдық қорларды алғашқы тану және бағалау
Ауыл шаруашылығы өнімдері дегеніміз өсімдік және мал шаруашылығыда өндіріс процесін жүзеге асыру негізінде алынған өнімдер. Ол сатуға арналған өнім және әріқарай өндіріс процесінде пайдалануға арналған тұқым, мал азығы ретінде көрініс алады. Ауыл шаруашылығында өнідірілген өнімнің жартысы тауар ретінде сатуға арналады. Дайын өнім және материалдық қорлар есебінің негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
- ауыл шаруашылығы өнімі мен материалдық қорлардың қозғалысын дер кезінде және дұрыс құжаттау;
- ауыл шаруашылығы өнімі мен материалдық қорлардың қозғалысын, тиімді пайдалануын жүйелік бақылау орнату;
- кез-келген есеті мерзімге сақтау орындары бойынша дайын өнім мен материалдық қорлар жөнінде сандық мәліметтер алу;
- сатуға және ішкі өндірістік қор жасақтауға арналған дайын өнім мен материалдық қорлар жөнінде мәліметтер жинақтау.
Ауыл шаруашылығы өнімі келесі салалар бойынша жіктеледі: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және өнеркәсіп өндірісінің өнімдері.
Қаржылық есептіліктің 1-ші Ұлттық стандартына сәйкес ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары ауыл шаруашылығы өнімін мынадай кезде ғана таниды:
1) Ұйым өнімді өткен оқиғалардың нәтижесінде бақылауы тиіс;
2) Ұйымның осы өнімді пайдаланудан болашақ пайда алу тиіс;
3) Өнімнің өзіндік құнын бағалау ықтималдығы жеткілікті деңгейде жоғары болуы тиіс.
Ұйымның өзі өндірген өнімі өзіндік құны бойынша бағаланады. Осы есепті жылы өндіріліп, келесі есепті мерзімге ауысатын дайын өнім балансты қорлар ретінде нақты өзіндік құндарымен көрсетіледі.
Қаржылық есептіліктің 1-ші Ұлттық стандартына сәйкес материалдық қорларға мыналар жатады:
1) Сатып алынған және қайта сатуға сақталған тауарлар;
2) Қайта сатуға арналған мүлік (жер, ғимарат, автокөліктер);
3) Ұйым өндірген және сатуға арналған дайын өнім;
4) Дайын өнімді (жұмыстар мен қызметтерді) өндіруге арналған, сондай-ақ өндірістің өзін қамтамасыз етуге арналған шикізаттар және материалдар;
5) Аяқталмаған өндіріс - дайындық сатысына жетпеген өнім, кейіннен қайта өңдеуге арналған жартылай фабрикаттар;
6) Басқа да қосымша қорлар.
Жалпы ауыл шаруашылығы ұйымдарында материалдық қорлар пайдалану бағыты бойынша мұнай өнімдері, қосалқы бөлшектер, шикізаттар мен материалдар, құрылыс материалдары және басқа да материалдар.
Ауыл шаруашылық өнімдері мен материалдық қорлардың қозғалысы бойынша құжат айналымы
Ауыл шаруашылық өнімдері мен материалдық қорларының қозғалысы бухгалтерлік есепке негіз болып саналатын алғашқы құжаттардың негізінде рәсімделеді. Алғашқы құжаттар операциялардың болған кезінде рәсімделіп, әрбір құжатқа тиісті міндетті реквизиттерді қамтуы қажет.
Материалдық құндылықтардың қозғалысы бойынша операцияларды тиісті алғашқы құжаттармен дер кезінде және дұрыс рәсімдеу материалдық құндылықтардың сақталуын, үнемді жұмсалуын және материалдық шығындардың барынша төмендетілуін қамтамасыз етеді.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түсімін құжаттау. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында астық өнімдерін комбайнмен жинап, оны қырманға кірістеген кезде Астықты және басқа да өнімдерді егіс алаңынан жөнелту тіркемесі үш данамен толтырылады. Оның біреу комбайншыда, екіншісі жүргізушіде, үшінші данасы қырман меңгерушісінде қалады.
Егіс алаңынан астықты немесе өсімдік шаруашылығының басқа да өнімдерін жөнелту кезінде жоғарыда айтылған тіркеменің орнына Егістен астықты шығару жол қағазы құжатын толтыруға болады.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін жөнелту және жұмсау бойынша құжат айналымы. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін жөнелту немесе жұмсау кезінде Жүкқағазы, Тауарлық-транспорттық жүкқағазы, Акті, Ведомостілер және басқа да алғашқы құжат үлгілері қолданылады.
Мал шаруашылығы өнімдерінің кірісі, жөнелтілуі және жұмсалуы бойынша құжат айналымы . Ірі қара мал шаруашылығы кәсіпорындарында сауылған сүт есебі Сауылған сүттің есеп журналында жүргізіледі . Бұл журнал шаруашылықтағы күн сайын сауылған сүттің есебін жүргізуге арналған. Ай ішінде сүттің кірісі және жұмсалуы бойынша есепті шаруашылық меңгерушісі Сүттің қозғалыс ведомостісінде немесе Дайын өнімнің қозғалысы ведомостісінде жүргізеді.
Қоймадағы және басқа да сақтау орындарындағы дайын өнім мен материалдық қорлардың есебі
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында қоймадағы дайын өнім мен материалдардың қозғалысы мен олардың қалдығының есебін жүргізу үшін, оларды сақтау мақсатында және мүмкін пайда болатын өндірімсіз шығындардың алдын алу үшін қойма шаруашылығын ұйымдастырудың маңызы өте жоғары. Қойма меңгерушісінің есеп бөліміне тапсыратын құжаттар Қабылдау-өткізу регистріне тіркеледі. Материалдарға жауапты тұлғаның келісімі бойынша есеп бөлімінің қызметкері әрбір операцияның дұрыстығын тексергені және құжатты қабылдағаны жөнінде карточкаға қол қояды.
Ведомості құрамында материалдардың өзгерісі (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Ведомостіге цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты толтырушы (жүргізуші) қол қояды.Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін ведомостінің бір данасы жіберілген қателіктер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады. Айдың соңында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін барлық өнімнің нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша есептелген өзіндік құнның арасындағы айырмашылықтар анықталады.
Дайын өнім мен материалдық қорлардың талдамалық және жиынтық есебі
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында материалдық қорлар мен өндірістен алынған дайын өнімнің есебі 1300 Қорлар шотына ашылған шот топтарында жүргізіледі.
1310 Шикізаттар мен материалдар;
1320 Дайын өнім;
1330 Тауарлар;
1340 Аяқталмаған өндіріс;
1350 Басқа да материалдық құндылықтар.
Ауыл шаруашылығынан алынған дайын өнім өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өнеркәсіп өндірісінің дайын өнімі болып бөлінеді. Сондықтан 1320 Дайын өнім шотына төмендегідей аралық шоттар ашуға болады:
13201 Өсімдік шаруашылығының дайын өнімі (жем-шөп);
13202 Мал шаруашылығының дайын өнімі;
13203 Өнеркәсіп өндірісінің дайын өнімі.
Өсімдік шаруашылығынан алынған дайын өнімнің өзіндік құны Дт 13201 Кт 81101;
Мал шаруашылығынан алынған дайын өнімнің өзіндік құны Дт 13202 Кт 81102;
Өнеркәсіп өндірісінде қайта өңдеуден алынған дайын өнімнің өзіндік құны Дт 13203 Кт 81103 бухгалтерлік жазуларымен көрсетіледі.
Сатылған дайын өнімнің өзіндік құнын есептен шығару кезінде Дт 7010 Кт 13201; 13202; 13203 бухгалтерлік жазу беріледі.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында шикізаттар мен материал-дарды мынадай түрлерге бөліп жіктеуге болады:
13101 Отырғызылатын тұқымдық шикізаттар;
13102 Минералдық тыңайтқыштар;
13103 Отын;
13104 Биопрепараттар, дәрі-дәрмектер, химикаттар;
13105 Ыдыс және ыдыстық заттар;
13106 Өңдеуге берілген материалдар;
13107 Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар, тетіктер мен бөлшектер;
13108 Қосалқы бөлшектер
13109 Құрылыс материалдары;
131010 Басқа да материалдар.
1.4 Биологиялық активтердің есебі
Өсімдегі және бордақылаудағы малдарды бағалау ерекшеліктері
Қаржылық есептіліктің 1-ші Ұлттық стандарты және Қаржылық есептіліктің 41-ші Ауыл шаруашылығы халықаралық стандартына сәйкес билогиялық активтер дегеніміз ұйымның меншігіндегі малдар мен өсімдіктер. Сондықтан, өсімдегі және бордақылаудағы малдардың есеп объектісі болып: төл, тірі салмақ және тірі салмақ өсімі, ересек мал топтарына және негізгі табынға ауыстырылған төлдер; негізгі табыннан шығарылып бордақылауға қойылған негізгі табын.
Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың қозғалысы, олардың сақталуын қамтамасыз етуге байланысты барлық операцияларды дер кезінде бухгалтерлік есебін жүргізіп отыру қажет.
Негізгі табыннан шығарылып бордақылауға, бордақылауға қойылған малдар бухгалтерлік есепте баланстық құндарымен немесе сатудың таза құны бойынша бағаланады.
Басқа жақтан сатып алынған жас төлдер сатып алуға байланысты шығындарды ескере отырып, әділ құны бойынша бағаланады. Бордақылаудағы жас төлдердің және ірі малдардың тірі салмағы өсіру және бордақылауға байланысты өзгеріп отырады, сондықтан кәсіпорын бордақылаудағы малдардың тірі салмақ өсімін жүйелі түрде өлшеп отыруға тиісті.
Тірі салмақ өсімі ет алу үшін бағылатын малдың түрлері бойынша өлшеу жолымен (ірі қараны, шошқаны) және есептеу жолымен (қой, лақ, құс, үй қояны) анықталады.
Өлшеу жолымен - тірі салмақ өсімінің ай басындағы және ай соңындағы салмағын өшлеу арқылы, салыстыра отырып анықтайды және оның нәтижесінде әрбір мал түріне қарай алынған 1 центнер салмақ өсімі нақты өзіндік құны бойынша бағаланады. Есептеу жолымен - алынатын тірі салмақ өсімі қозылардың, лақтардың, құстар мен үй қояндарының шаруашылықта болу күндерін (азық-күндері) мен 1 (бір) азық құнының өзіндік құнының негізінде анықталады. Осы топтағы малдардың тірі салмақ өсімі тоқсанға бір рет малдардың ішінен таңдау арқылы өлшену жолымен шығарылады.
Өсімдегі және бодақылаудағы малдардың тірі салмақ өсімі былайша анықталады: әрбір топтағы мал мен құстың ай соңындағы салмағына ай ішінде осы топтан шыққан мал мен құстың салмағын қосып, ай ішінде түскен мал мен құстың салмағы мен ай басындағы мал мен құстың тірі салмағын шегеріп тастайды. Алынған нәтиже есепті мерзім ішіндегі бордақылауда тұрған мал топтары бойынша тірі салмақ өсімін көрсетеді.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында малдарды өлшеу төл алынған кезде, малдарды сатып алу, бір топтан екінші жас тобына ауыстырған кезде, негізгі табыннан бордақылауға қойған кезде, сою, сату кезінде жүргізіледі.
Тірі салмағы есепке алынбайтын малдар бойынша (құлын, бота, күре, жас аң) өсім құны нақты азықтандырылатын күн санымен және 1 күн ішінде өсірудің нақты өзіндік құны бойынша анықталады.
Мал шаруашылығына алынған жас төлдер, яғни бұзау, қозы, құлын, бота және т.б. бухгалтерлік есепте өзіндік құны бойынша есепке алынады және оны төмендегідей тәртіппен көрсетуге болады:
- сауын малындағы бұзаулар - 1 төлдің өзіндік құны бойынша;
- сойыс малындағы бұзаулар - бұзаудың туған кезіндегі тірі салмағы және енесінен айырған төлдің 1 кг тірі салмағының өзіндік құны бойынша;
- торайлар - туған кезіндегі тірі салмағы және енесінен айырған төлдің 1 кг тірі салмағының өзіндік құны бойынша;
- қозылар - енесінен айырғанға дейін 1 қозының өзіндік құны бойынша;
- боталар мен құлындар - ірі жылқыны баққанда азықтандыруға жұмсалатын 60 азық күніне теңестірілген 1 құлынның өзіндік құны бойынша бағаланады.
Бір жас тобынан екіншісіне ауыстырылған мал баланстық құны бойынша есепке алынады.
Арам өлген немесе амалсыздан сойылған малдар баланстық құны немесе сатудың таза құны бойынша бағалануға жатқызылады.
Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың қозғалысын құжаттау
Мал шаруашылықтарындағы өсірудегі жас малдар мен бордақылаудағы малдар өсіру және бордақылаудың нәтижесінде құрамын, тірілей салмағын өзгертеді және олар тиісті алғашқы құжаттар мен есеп регистрлерінде көрсетілуі тиіс.
Ірі қара малынан, қойдан, шошқадан және басқа да малдардан алынған төл үшін Мал төлдерін кірістеу актісі рәсімделеді. Бұл акт екі данада шаруашылық меңгерушісімен не болмаса бригадирмен толтырылып, бір данасы ұйымның есеп бөліміне өндірістік есеппен бірге тапсырылады, ал екінші данасы шаруашылық меңгерушісінде немесе бригадирдің есебіне тіркеледі. Ал төлдерін кірістеу актісіндегі мәліметтер есепті мерзімнің соңында Малдар мен құстардың қозғалыс есебінің ведомостісіне түсіріледі.
Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың салмағын кезеңдік немесе іріктеп өлшеу кезінде Малдарды өлшеу ведомостісі толтырылады. Оны шаруашылық меңгерушісі немесе бригадир толтыру қажет.
Өсімдегі және бордақылаудағы малдарды бір топтан екінші топқа ауыстыру үшін Малдарды топтан топқа ауыстыру актісі рәсімделу қажет. Актіні шаруашылық меңгерушісі (бригадир) осы мал топтарына жауапты тұлғалардың, яғни малдарды бір жас тобынан тапсырушы екінші жас тобына қабылдаушы тұлғалардың қатысуымен толтырады және бұл актінің мәліметтері есепті мерзімнің соңында малдар қозғалысының есебінің ведомостісін жасау үшін негіз болып саналады.
Егер шаруашылық жеке тұлғалардан немесе басқа да ұйымдардан өсіруге және бордақылауға жас төл мен малдар сатып алатын болса, жасасқан келісім шарттың негізінде Шот фактура және Малдарды қабылдау, сатып алу актісі жасалып, рәсімделуі қажет.
Шаруашылық жеке немесе заңды тұлғалардан өсіруге және бордақылауға жас төлдер мен малдарды сатып құрамында шаруашылық меңгерушісі, бригадир, мал дәрігері, қабылданатын малдарға жауапты тұлғаның қатысумен комиссия арқылы кірістеледі. Малдарды қабылдау, сатып алу актісі үш данада толтырылып, оған барлық комиссия мүшесі қол қойғаннан кейін, кәсіпорынның басшысымен бекітіледі, содан кейін бір данасы есеп бөліміне тапсырылады, екінші данасы шаруашылықтың меңгерушісінде, үшінші данасы сатушыда қалады. Бұл құжат малдарды сатушы жақпен есеп айырысу үшін және есепті мерзімнің соңында малдар қозғалысы есебінің ведомостісін жасау үшін негіз болып табылады.
Бордақылаудағы малдарды ет қабылдайтын комбинатқа немесе бөлшек сауда орындарына сатуға жіберген кезде Тауарлық-транспорттық жүкқағазы не болмаса Жүкқағаз рәсімделеді.
Егер өсімдегі және бордақылаудағы малдар амалсыз сойылуына немесе олардың өлуден жойылуына байланысты Малдарды және құстарды шығару актісін малдарды есептен шығаруға құрылған арнайы комиссия толтырып, оны кәсіпорын басшысы бекітеді.
Актіні ұйым басшысы бекіткеннен кейін есеп бөліміне тапсырылады және ол малдардың қозғалысы есебін жүргізу үшін ақпарат көзі болып табылады.
Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың союдан немесе олардың амалсыз сойылуына байланысты алынған ет, қосымша өнім, тері шаруашылықтың орталық қоймасына Жүкқағазы арқылы кірістеледі.
Ұйымның бөлімшелеріндегі малдар мен құстардың қозғалысы бойынша есепті бөлімше меңгерушісі немесе бригадир Малдар қозғалысы есебінің ведомостісі арқылы жүргізеді. Бұл ведомості өсімдегі жас төлдер мен бордақылаудағы малдардың топтық түрлері бойынша жасалады және есепті мерзімнің соңында осы ведомостідегі малдар қозғалысы жөніндегі мәліметтер есепті кезең үшін Өсімдегі және бордақылаудағы малдар қозғалысы есебін жасауға негізгі жинақтаушы ақпарат көзі болып саналады. Бұл есепте өсірудегі және бордақылаудағы малдардың жастық тобына және түріне байланысты есепті мерзім басындағы саны, есепті мерзімде түскені мен шыққаны және есепті мерзім соңындағы қалған малдардың саны көрсетіледі.
Егер ұйымның бірнеше мал өсіретін бөлімшелері болған жағдайда бөлімшелердегі мал қозғалысының есебін бөлімше меңгерушісі ай сайын жасап отырса, ал жалпы кәсіпорын бойынша малдар қозғалысы жөніндегі есепті бөлімшелерден алынған ай сайынғы Малдар қозғалысы есебінің ведомостісі негізінде тоқсанға бір рет жасауға болады.
Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың бухгалтерлік есебі
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мал шаруашылығынан алынған төл және бордақылауға қойылған ересек малдардың жиынтық есебін 2500 Биологиялық активтер бөлімшесінде 2523 Өсімдегі жас малдар және 2524 Бордақылаудағы ересек малдар аралық шоттарын ашып, жүргізе алады. Шаруашылықта өсірілетін жас малдың және бордақылаудағы ересек малдардың түрлеріне байланысты ұйым бұл шоттарды әріқарай жіктей алады. Оған: 1. Жас төлдер (жынысы, жасы, түрі бойынша); 2. Бордақылаудағы ересек мал (түрлері бойынша); 3. Құстар (түрлері бойынша); 5. Жануарлар (түрлері бойынша); 6. Негізгі табыннан шығарылған ересек малдар (бордақылауға қойылмай сойылған және сатылғандары) және т.б.
Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың талдамалық есебін төмендегідей өндірістік және жас топтары бойынша жүргізуге болады:
А) 2523 Өсірудегі жас малдар:
1. Ірі қара мал бағыты: екі жастан жоғары бұзаулар, екі жасқа дейінгі бұзаулар, бұқалар (жасына қарай);
2. Шошқа бағыты: аналық шошқа, екі айға дейінгі торайлар, екі айдан төрт айға дейінгі торайлар, төрт айдан жоғары торайлар (бордақылаудағы);
3. Қой және ешкі бағыты: негізгі табынға ауыстырғаға дейінгі өткен жылдың жас малы мен тоқтылар, есепті мерзімде туылған қозылар мен лақтар. Осы топта қойлар биязы, жартылай биязы және басқа да түрлері бойынша өсіріледі.
4. Жылқы және басқа да мал түрлері: құлындар, боталар жас топтарына қарай.
Б) 2524 Бордақылаудағы ересек малдар аралық шоты бордақылауға қойылған қолда ұсталатын және жайылымдағы жүретін ірі қара мал, қойлар мен ешкілер, шошқалар бағыты бойынша жіктеліп, бордақылаудағы малдардың есебін жүргізуге арналған.
Ауыл шаруашылығы ұйымында бірнеше мал өсіретін және бордақылайтын бөлімшелер болса, онда бөлімшелерде өсірілетін жас төлдер мен бордақылаудағы малдардың қозғалысы жөнінде есепті бөлімше меңгерушісі жасауға тиісті. Бөлімше меңгерушісі өсімдегі және бордақылаудағы малдар қозғалысы жөнінідегі бөлімшелік есепті ай сайын жасайтын болса, ал жалпы кәсіпорын бойынша малдар қозғалысы жөніндегі есепті бөлімшелерден алынған ай сайынғы Малдар қозғалысы есебінің ведомостісі негізінде тоқсанға бір рет Өсімдегі және бордақылаудағы малдар қозғалысы жөніндегі есепті шаруашылық меңгерушісі (бұрынғы бас зоотехник) жасай алады. Бұл есепте есепті ай ішінде мал бөлімшелеріндегі өсіріліп және бордықыланып отырған малдардың нақты бары, олардың кірісі мен шығысы жөнінде ақпараттарды жинақтайды.
Есеп берілетін мерзімнің соңында (тоқсан) Өсімдегі және бордақылаудағы малдар қозғалысы жөніндегі есеп мәліметтері бойынша тиісті бухгалтерлік жазулар беріліп, журнал ордерге, Бас кітапқа, егер кәсіпорында бухгалтерлік есеп автоматтандырылған болса машинограммаға түсіріледі.
Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық бөлімшелері бойынша оларға кемінде тоқсанға бір рет түгендеу жүргізіп отыру қажет. Түгендеу жүргізу үшін ұйымның ішінде арнайы түгендеу комиссиясы құрылып, комиссия өсірудегі жас төлдер мен бордақылаудағы малдардың өндірістік және жастық топтарына қарай санап, қажет болған жағдайда малдардың салмағын іріктеу арқылы өлшеп, түгендеудің нәтижесінде Түгендеу актісі (анықтамасы) рәсімделеді.
Түгендеудің нәтіижесінде артық шыққан мал құнына Дт 2523, 2524 Кт 6280; ал кем шыққан мал құнына (жауапты тұлғаға апарылмаса) Дт 7470 Кт 2523, 2524 бухгалтерлік жазу беріледі.
1.6 Мал шаруашылығы шығындары есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің әдістемелік негізі мен міндеттері
Еліміздің ежелден егжей-тегжейін жақсы білетін мал шаруашылығында үлкен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндігі бар еді. Қазіргі экономикалық даму кезеңі елдің агроөнеркәсіптік кешенінің алдына бірқатар жаңа маңызды міндеттерді күн тәртібіне қойып отыр. Қалыптасқан әлемдік үрдістер мен қолда бар әлеуетті ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешен біздің экономикамыздың аса маңызды жоғары кірісті саласы болуға тиіс.
Әрине, Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығын өркендетуде біраз жұмыстар істелінуде. Соның ішінде мал шаруашылығын малдың өнімділігін жоғарылата отырып, оның басын көбейту мәселелері қазіргі таңда агроөнеркәсіп кешенін жетілдіруде негізгі басым бағыттардың бірі болып отыр.
Мал шаруашылығы өсірілетін малдардың түрлеріне байланысты: ірі қара мал шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы және т.б. болып бөлінеді. Өз кезегінде осы саланың әрқайсысы өз алдына арнайы мамандандырылған бағытта әртүрлі өнім өндірісімен айналасады: ірі қара мал саласы - сүт бағытындағы және ет бағытындағы мал шаруашылығы; қой шаруашылығы - жүн және ет бағытындағы шаруашылық және т.б. өнім өндірісі салаларына бөлінеді.
Соған сәйкесті мал шаруашылығында шығындар сала және өндіріс түрлері бойынша бөлінуі қажет. Бұл өз алдына бухгалтерлік есептек көрсетілуге тиісті.
Мал шаруашылығында, басқа да салалардағы сияқты жұмсалатын шығындар әртүрлі болып келеді. Оған нақты жұмсалынатын материалдық шығындар (азық, биопрепараттар, дәрі-дәрмектер және басқа да материалдар), жұмсалынған еңбек шығыны, негізгі құралдардың амортизациясы және басқа да шығындар. Сондықтан, мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп өндіріс шығындарын олардың түрлеріне қарай қатаң бөлуге тиісті.
Өндіріс және шығын түрлеріне қарай мал шаруашылығындағы шығындар өсімдік шаруашылығындағы шығындар сияқты жүйеленеді, бірақ бұл есепте басқалай сипаттары бойынша толық сәйкес келетіндігі түсіндірмейді. Жалпы алғанда мал шаруашылығындағы шығындар есебінің құрылу тәртібінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл осы саланың ерекшелігіне байланысты анықталады.
Мал шаруашылығында қаражат айналымы өсімдік шаруашылығындағы қаражат айналымына қарғанда өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Мал шаруашылығына салынған қаржы және өнім өндірісі біркелкі қалыпты болып саналады. Мал шаруашылығына қаражатты салу және оны айналымнан алу қатаң уақыт мерзімімен шектелмейді, себебі мал шаруашылығы өндірісі бірқалыпты және операциялардың біртектілігімен сипатталады. Бұл ерекшеліктердің барлығы да шығындар есебін ұйымдастыру кезінде ескерілуі қажет.
Себебі, мал шаруашылығында қаражаттарды өндіріске жіберу мн өнім алу аралығы өте ұзаққа созылмайды, сондықтан есепті жылы жұмсалынған шығындар осы жылдан алынған өнімнің өзіндік құнына апарылуға тиісті. Соған сәйкесті, мал шаруашылығында шығындарды аралас жылдар арасында бөлудің қажеттілігі болмайды. Демек, мал шаруашылығындағы барлық шығындар есепті жылдағы өнім шығындары есебі бойынша шоттарда көрсетілуге тиісті.
Мал шаруашылығында өсімдік шаруашылығына қарағанда орындалатын жұмыстардың өте ауқымды саны болмайды. Мұнда орныдалатын технологиялық процесс біртекті, яғни малды азықтандыру мен бағып-күту және өнім алу. Бұл операциялар үздіксіз жүргізіліп отырылады және қатаң уақытпен шектелмейді. Сондықтан, мал шаруашылығында өндіріс шығындарын орындалатын жұмыс түрлеріне, уақытқа немесе арнайы операциялардың түрлеріне қарай жіктеу жүргізілмейді.
Сонымен бір мал шаруашылығында өнім өндірісі шоғырландырылған, мысалы: сүт бағытындағы малдарды өсіру - ірі қара мал бөлімшесінде, шошқа шаруашылығы - шошқа фермаларында жүзеге асырылады. Соған сәйкесті, бухгалтерлік есепте шығындарды өндірістік бөлішелер арасында бөлудің қажеттілігі жойылады (малдың бір түрін бірнеше бөлімшелерде өсіру жағдайынан басқа).
Сонымен, мал шаруашылыығнда шығындары мынадай белгілеріне қарай жіктеудің қажеттілігі болмайды: аралас жылдарға; жұмыс түрлеріне; кей жағдайда өндірістік бөлімшелер бойынша. Соған байланысты мал шаруашылығында шығындарды екі бағытқа бөлу қамтамасыз етілуі қажет:
1) Негізгі өндіріс түрлері және мал топтары бойынша;
2) Негізгі шығын түрлері бойынша.
Егер мал шаруашылығында өндіріс әртүрлі жерлерде орналасқан болса, онда шығындарды шаруашылықтың бөлімшелері бойынша бөлуге болады.
Негізгі өндіріс түрлері және мал топтары бойынша өндіріс шығындарын жіктеу шығындардың талдамалық есебін жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Шығындардың талдамалық шоттары мал шаруашылығының негізгі салалары бойынша, ал саланың ішінде - әрбір өндірістің түрі не болмаса мал тобы бойынша ашылады.
Ал ,негізгі шығын түрлеріне қарай өндіріс шығындары жіктеу тиісті есеп тіркемелері арқылы жүргізіледі. Яғни, мұнда шығындар есебі есеп тіркемелерінде әрбір шығын түріне ашылған бағандар бойынша ұйымдастырылады.
Шығындарды бөлімшелер бойынша жіктеу өндірістік есептерді жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Мал шаруашылығында шығындар есебінің әртүрлі әдістерін қолданудың қажеттілігі болмайды.
Мал шаруашылығында бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
- саладағы шығындарды өндіріс түрлері және мал топтары арасында экономикалық негіздеп, бөлу;
- өндірілетін өнімнің өзіндік құнын қалыптастыратын барлық шығындарды элементтері және баптарына қарай дұрыс жіктеу;
- мал шаруашылығынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz