Туынды эмоционалды сөздер


АННОТАЦИЯ
Эмоционалды сөздердің тіл білімінде зерттелуі, экспрессия, экспрессивтілік ойдың және еріктің пайда болуындағы сияқты эмоционкалды болып қабылданылуы, экспрессия бұл айқындылықтың, бейнеліліктің күшейтілуі, айтылған сөздің ықпал етуші күшінің артуы. Қолданыстағы әсер ету күші, тілде экспрессивтілік эмоционалдылыққа қарағанда бірінші ме? әлде эмоционалды сөздер экспрессивті сөздердің негізінде пайда болды ма? эмоционалды сөздер әрқашанда экспрессивті бола ма? - деген мәселелер төңірегінде қарастырылады. Эмоциялық өң берілген лексика ұнату мен ұялту, үрей мен қуаныш, масаттану мен жек көру, қорқыныш пен батылдық, сенім мен сенімсіздік, қайғы уайым, зарығу т. б. көптеген мағыналардың қолданылуы. Тіл бірліктердің семантикалық стилистикалық белгілердің жинақталған түрі. Ол сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе ол сөз арналған адамға (адресатқа) деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын көрсететін тілдік құрал ретінде қолданылуы жұмыстың негізгі нысаны болып табылады.
1-тарауда эмоционалды бірліктердің лексика-семантикалық сипаты, эмоционалды бірліктерді топтастырудың белгілері, эмоционалдылексикалық бірліктердің лексика-семантикалық топтары қарастырылады. Эмоция тіл білімде қарастырыла бастағаннан бері бұл мәселе туралы бір-біріне қарама-қайшы келетін талас пікірлер де қатар орын алып келеді.
2-тарауда эмоционалды бірліктердің сөзжасамдық сипаты, тбір эмоционалды сөздер, эмоционалды лексиканың сөз таптары жүйесіндегі орны, туынды эмоционалды сөздер қарастырылады. Аталып отырған тақырыптардың негізгі мәнін ашу мақсаты зерттеу жұмысының негізгі нысаны болып табылады.
Эмоция құралдарын фонетика, грамматика, лексикология, стилистика және семантика зерттейді.
Жұмыстың көлемі-67 б.
Мазмұны
Кіріспе . . . 7
1 Эмоционалды бірліктердің лексика-семантикалық сипаты . . . 10
1. 1 Эмоционалды бірліктерді топтастырудың белгілері . . . 16
1. 2 Эмоционалды лексикалық бірліктердің лексика-семантикалық тобы . . . 22
2 Эмоционалды бірліктердің сөзжасамдық сипаты . . . 36
2. 1 Түбір эмоционалды сөздер . . . 37
2. 2 Эмоционалды лексиканың сөз таптары жүесіндегі орны . . . 42
2. 3 Туынды эмоционалды сөздер . . . 47
Қорытынды . . . 63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65
КІРІСПЕ
Эмоция арқылы шыққан сөздердің лексикалық мағынасы солғандау болды. Олардың (одағай мен еліктеу сөздердің) лексикалық мағынасы субстантивтенген жағдайда немесе зат есім, етістік тудыратын жұрнақтар жалғанғанда ғана айқындалады. Эмоция арқылы шыққан сөздер сөз топтастыруда грамматикалық принципке толықтай жауап бере алмайды. Аталмыш сөздер тобы өздігінен жеке тұрып (түбір күйінде) белгілі бір сұраққа жауап бере алмайды, яғни атаушы сөз таптарының зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу секілді атаушы топтарына сұрақ қойған сияқты, оларға сұрақ қоя алмаймыз. Сөз топтастырудың синтаксистік принципі эмоци арқылы шыққан сөздерді топтастыруда негізі бола алмайды. Оны одағай, еліктеуіштер туралы еңбек жазған ғалымдар нақты мысалдармен дәлелдеп берген.
Тақырыптың өзектілігі: Эмоционалды сөздердің тіл білімінде зерттелуі, экспрессия, экспрессивтілік ойдың және еріктің пайда болуындағы сияқты эмоционалды болып қолданылуы, экспрессия бұл айқындылықтың, бейнеліліктің күшейтіліуі, айтылған сөздің ықпал етуші күшінің артуы. Қолданыстағы әсер ету күші, тілді экспрессивтілік эмоционалдылыққа қарағанда бірінші ме? әлде эмоционалды сөздер экспрессивті сөздердің негізінде пайда болды ма? эмоционалды сөздер әрқашанда экспрессивті болама? - деген мәселелер төңірегінде қарастырылады. Эмоциялық өң берілген лексика ұнату мен ұялту, үрей мен қуаныш, масаттану мен жек көру, қорқыныш пен батылдық, сенім мен сенімсіздік, қайғы уайым, зарығу т. б. көптеген мағыналардың қолданылуы. Тіл единицаларының семантикалық стилистикалық белгілерінің жинақталған түрі. Ол сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе ол сөз арналған адамға (адресатқа) деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын көрсететін тілдік құрал ретінде қолданылады. оның фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, синтаксистік құралдары бар. Осы құралдар арқылы сөз сөйлеушінің психикалық, эмоционалдық күйін көрсетеалатын қабілетке ие бола алады. Эмоция айтылған сөзді эмоционалдық (сезімдік) айшықты (аффекті) сөз ретінде жеткізеді. Эмоция құралдарын фонетика, грамматика, лексикология, стилистика және семантика зерттейді деп көрсетілген.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Экспрессияны зерттеуде алғашқылардың бірі болып саналатын Ш. Балли тілдегі экспрессивтілікті эмоционалдылықпен тығыз байланысты деп санайды. Ж. Вандриес "аффективті элементтер ойға логикалық әсерлі реңктер мен бояу береді" деген шешімге келеді. К. эрдман: "Осы сәттердің (эмоционалды жәнеи экспрессивті) барлығының тікелей қатысы бар, сөзді әр айтылған сайын басқаша көмкеріп тұратын барлық осы санадан тыс және зорға білінетін қосалқы түсініктер, белгілі бір сезімдер мен олардың реңктері, дауыстың қатты бәсеңдігі- осының бәрі логикалық мағынадан кем түспейді" дейді. Бай тілдік материалдарға сүйеніліп жасалған терең теориялық жұмысты іргелі зерттеудің қатарына қосуға болады. Мұнда ауызекі-әдеби және диалектілік тілдерде қолданылатын экспрессивті лексикаға терең семантикалық талдаулар жасаған. Тілдегі адам факторының рөлін қазір ғалымдар басты мәселе ретінде қалыптастырып жүр. Бұл бағыттағы зерттеулер ең алдымен тілдік құралдардың экспрессивтілік мәселесін қарастырудан басталу тиіс. Экспрессивті тілдік механизмдерін жан-жақты зерттеуге В. Н. Телияның жетекшілігімен ұжымдық монография жариялайды. Бұл еңбекте экспрессивтіліктің барлық мәселелері қозғалған деуге болады. В. И. Шаховскийдің пікірі бойынша, "бұл кітаптың басты жетістігі онда экспрессивтілік категориясы сөйлеу-ойлау әрекеттің когнетивтік жағымен байланысты қаралады және экспрессивтілікті осы тұрғыдан қарастыру аталмыш монографияның ерекшелігі мен жаңалығын көрсетеді". Осы кезде эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің тіл жүйесіндегі алар орны мен рөлін зерттеуді мақсат еткен жұмыстар да ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің арақатынасын анықтауды зерттеушілердің көзқарастары әртүрлі, бір жерден шықпайды. Н. М. Павлова сөзде эмоционалдылық пен экспрессивтілік тығыз байланысты деп санап, олардың табиғи өзгешеліктеріне шек келтіреді.
Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеті. Зерттеу жұмыстың басты мақсаты-тіл біліміндегі эмоционалды сөздердің жасалу ерекшеліктері, қолданылу, зерттелу нысаны, қазақ тіліндегі алатын орны мен қосатын үлесін анықтау. Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
-диплом жұмысына тиянақ болатын теориялық және әдістемелік қағидаларды айқындау және негіздеу;
-эмоционалды және экспрессивті сөздердің белгілерін анықтау;
-тілдік деңгейі;
-беретін мағынасы;
-тілдік қызметі;
-тілдік құралдары.
Бүгінгі күнге дейін аталмыш мәселеге арналған зерттеулерге эмоционалды, экспрессивті, эмоция, эмоционалды-экспрессивті сияқты сөздерді бірінің орнына бірін қолданып, жиі шатастырылатындығы аңғарылады. Тілде осы мәселеге байланысты жазылған лексикологиялық еңбектерде "эмоционалды", "экспрессивті" атауларын дәрежесі бір бейнелі сөздердің категориялары ретінде қарау дәстүрге айналған. Десек те, Н. А. Лукянова экспрессивті сөздерді атауда экспрессив терминін қолдануды сәтті әрі тиімді деп санай келе, бұл термин номинатив терминіне құрылымдық жағынан сәйкес келе отырып, оған қарсы мағынада қолданыла алады. Және оның бір мағынасы ретінде экспрессема да сондай мағынада қолданылады. Жоғарыда айтып кеткендей, экспрессивті сөздер номинатив бірліктерден (сөз, сөз тіркесі) негізінен екі жағдайда да ерекшеленеді: семантикасы және жұмсалымдық өрісіарқылы ажыраты;
Зерттеу нысаны. Аталып отырған тақырыптың негізгі мәнін ашу мақсатында, қазақ тілінде эмоционалды бірліктердің қолданылуын негізгі зерттеу нысанына айналдыру.
зерттеу әдістері. бұл дипломдық жұмыс жинақтау, сараптау, бақылау қорыту әдістерінің негізінде жазылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТАРАУ ЭМОЦИОНАЛДЫ БІРЛІКТЕРДІҢ ЛЕКСИКА-
СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Қазіргі қазақ тіл білімінде эмоционалды лексика эмоционалды және экспрессивті болып екіге бөлінетіні белгілі. Қазіргі кездегі лингвистикалық әдебиеттерде (орыс, қазақ) осы екі терминді атауда бірізділіктің жоқтығы байқалады. Эмоция тіл білімінде қарастырыла бастағаннан бері бұл мәселе туралы бір-біріне қарама-қайшы келетін талас пікірлер де қатар орын алып келеді. Бүгінгі күнге дейін аталмыш мәселеге арналған зерттеулерде эмоционалды, экспрессивті, эмоция, эмоционалды-экспрессивті сияқты сөздерді бірінің орнына бірін қолданып, жиі шатастырылатындығы аңғарылады. Тілде осы мәселеге байланысты жазылған лексикологиялық еңбектерден "эмоционалды", "экспрессивті" атауларын дәрежесі бір бейнелі сөздердің категориялары ретінде қарау дәстүрге айналған. Десек те, Н. А. Лукьянова экспрессивті сөздерді атауда экспрессив терминін қолдануды сәтті әрі тиімді деп санай келе, бұл термин норматив териніне құрылымдық жағынан сәйкес келе отырып, оған қарсы мағынада қолданыла алады. Және оның бір мағынасы ретінде экспрессема да сондай мағынада қолданылады. Жоғарыда айтылып кеткендей, экспрессивті сөздер номинатив бірліктерден (сөз, сөз тіркесі) негізінен екі жағдайда да ерекшеленеді: семантикасы және жұмсалымдық өрісі арқылы. Осымен байланысты Н. Ан. Лукьянова: "экспрессив"- семантикада денонативті компонент (номинативті базис) пен коннотативті компонент (экспрессивтілік, эмоционалдылық және бағалауыштық) қатар қолданылған узуалды немесе оккозионалды сөздерде және сөйленімде номинавтилік пен экспрессивтілік (көркемді, грамматикалық) қатар қолданған сөздерді айтады. [1, 5] . Зерттеуші "экспрессия мен эмоция өзара байланысты, осы негізде эмоция экспрессив негізінде пайда болған, ол екінші" [1. 6] деп түсіндіре келе, экспрессивтілік кең мағынада тілдік бірліктердің семантикалық қасиеттерінің негізінде (эмоционалдылық, бағалаушылықтың, бейнелілік) көрініс бере отырып, сөйлемнің көркемдеуші құралы болып табылады дейді. Демек, Н. А. Лукьянованың пікірінше, тілде экспрессивтілік бірінші, ал эмоционалдылық соның категориясы болып табылады. Байқағанымыздай, ол "экспрессивтілікті" кең ұғым ретінде санайды. "Экспрессив" терминін өте кең, ауқымды түрдеқарайтын ғалымдар- М. И. Черемисина мен О. А. Рыжкина. Олар бұл топтағы сөздерді "экспрессивті лексикалық қорға [2. 24] жатқызады".
Келесі топтағы ғалымдар, дәлірек айтқанда, Е. М. Галкина-Федорук, Н. М. Павлова т. б. "экспрессив" терминін "эмоционалды" терминімен бір деңгейде қарайды. Эмоция сөзі француз тілінің emotion; латын тілінің emovere- қыздыру, толқыту сөзінен шыққан. Эмоционалды - сезім негізінде шыққан эмоциялар. Эмоционалды сөздер адамның сезім өрісінің бай екендігін дәлелдейді. Бірақ осы лингвистикалық еңбектерде эмоционалды және экспрессивті ұғымдар жиі шатастырылады. Көптеген еңбектерден "эмоционалды-экспрессивті" немесе "экспрессивті-эмоционалды" деген терминдерді олардың мағыналарында сезімге қатысты ешқандай реңк болмаса да, "экспрессивті" деп, немесе, керісінше, олардың мағыналарынан эмоцияны, сезімді кездестіре алсақ та, оларды "эмоционалды" деп қолданылатынын байқаймыз. Яғни эмоционалды сөздер 50-60 жылдың шеңберінде зерттеліп келсе де, экспрессиялы сөздер дегеніміз не? эмоция мен экспрессия аралығында қандай айырмашылық бар? экспрессия тілде қалай көрініс табады?- деген мәселелер әлі де күн тәртібінде тұр деуге болады.
Экспрессия адамның сөйлеу кезінде ғана емес, сонымен бірге ым, дене, бет қимылдары, жұмыс кезіндегі адамның барлық мінезінде пайда болады. Тілде экспрессивті элементтер мен эмоционалды элементтерді айыру, олардың өзара байланысына қарамай, функционалдылық мақсатының бөлек болуымен түсіндіріледі. Эмоционалдылық ой және ерік бір қатарда тұрады және олардың тілде қолданылу тәсілдері бар. Экспрессия, экспрессивтілік ойдың және еріктің пайда болуындағы сияқты эмоционалды болып қолданылуы мүмкін. Сол себептен Е. М. Галкина-Феодорук: "тілде экспрессивтілік эмоционалдылыққа қарағанда әлдеқайда кең, экспрессия бұл айқындылықтың, бейнеліліктің күшейтілуі, айтылған сөздің ықпал етуші күшінің артуы. Қолданыстағыәсер етуші күші басым, қатты таң қалдыратын барлық сөздер экспрессиялы сөздерге жатады" [3, 107] деп, "эмоционалдылық" пен "экспрессивтілікті" бір деңгейдегі категориялар екендігін атап көрсетеді. Және эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің ара жігін шектеп, лингвистикада ең алғаш рет эмоционалды сөздер әрқашанда экспрессивті болады деген крийтериді ұсынады. Шынында да, жоғарыдағы ғалымдардың дәлелдеулеріндегідей тілде экспрессивтілік эмоционалдылыққа қарағанда бірінші ме? эмоционалды сөздер экспрессивті сөздердің негізінде пайда болды ма? эмоционалды сөздер әрқашанда экспрессивті болама? - деген мәселелер төңірегінде ойлануға тура келеді.
Тіл білімінде "эмоционалдылық - (лат. Emovere-еліктіру, толқыту) фр. emation - қоршаған болмасқа деген адамның әртүрлі көңіл-күйі, сезімі, әсері. Эмоциялық өң берілген лексика ұнату мен ұялту, үрей мен қуаныш, масаттану мен жек көру, қорқыныш пен батылдық, сенім мен сенімсіздік, қайғы уайым, зарығу т. б. көптеген мағыналардың қолданылуы (қара. эмотивтік, экспрессивтік, одағай) [4, 432], деп түсіндірсе, экспрессивтілік (лат. expressio- выражение, мәнерлілік) ағыл. Expressivity expressivitat (мәнерлілік) - тіл единицаларының семантикалық стилистикалық белгілерінің жинақталған түрі. Ол сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе ол сөз арналған адамға (адресатқа) деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын көрсететін тілдік құрал ретінде қолданылады. Оның фонетикалық, монрфологиялық, лексикалық, синтаксистік құралдары бар. Осы құралдар арқылы сөз сөйлеушінің психикалық, эмоционалдылық күйін көрсете алатын қабілетке ие болады. Эмоция айтылған сөзді эмоционалдық (сезімдік) айшықты (аффекті) сөз ретінде жеткізеді . Эмоция құралдарын фонетика, грамматика, лексикология, стилистика және семантика зерттейді [4. 430-431] деп көрсетілген.
Эмоционалды сөздердің тіл білімінде зерттелуін ХХ ғасырдың басында жазылған еңбектерден кездестіреміз, бұл еңбектерде эмоция мени экспрессияны бөлмей бірге қарау орын алған. К. Эрдман: "Осы сәттердің (эмоционалды және экспрессивті) барлығының тікелей қатысы бар, сөзді әр айтылған сайын басқаша көмкеріп тұратын барлық осы санадан тыс және зорға білінетін қосалқы түсініктер, белгілі бір сезімдер мен олардың реңктері, дауыстың қатты бәсеңдігі - осының бәрі логикалық мағынадан кем түспейді. " [5] дейді. Экспрессияны зерттеуде алғашқылардың бірі болып саналатын Ш. Балли тілдегі экспрессивтілікті эмоционалдылықпен тығыз байланысты деп санайды [6] . Ж. Вандриес "аффективті элементтер ойға логикалық әсерлі реңктер мен бояу береді" деген шешімге келеді [7] .
Орыс тіл білімінде экспрессивтілік пен эмоционалдылық мәселесі зерттеушілердің назарын көптен бері аударып келе жатқаны белгілі. Бұл тұрғыдан алғашқы зерттеулердің бірі ретінде академик В. В. Виноградовтың "Русский язык (грамматическое учение о слове) " атты еңбегін атауға болады. Ғалым аталмыш сөздерді мағыналық жағынан грамматикалық және лексикалық мағына деп, сонымен бірге жеке тұлға мен топтық бағаның берілуі деп те бөледі. Сөздер әлеуметтік ортада қолданыс табуына байланысты олардың экспрессивті бояуы болады. Сөздің көмегімен сөйлеуші қандай да бір затқа, құбылысқа өзінің бағасын береді. Осы негізде олар жоғарыда берілген топтардан (атауыш сөздер) ажыратылады. Қандай да бір жағдайда сөзбен берілген бағаны В. В. Виноградов экспрессиялық сөздер деп атайды. [8. 18-19] .
Бұл мәселе 1950 жылдары жан-жақты зерттеліне бастады. Осы кезде В. В. Виноградовтың, В. А. Звегинцевтің, А. И. Ефимованың, Е. М. Галкина-Федоруктың, А. Н. Гвоздеваның, Л. Л. Кимнің, А. Д. Григорьеваның және т. б. көптеген ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Бұл ғалымдардың еңбектерінде тілдің экспрессивті-көркем тәсілін жан-жақты түсіндіру, тілдік бірліктерден экспрессивті-эмоционалды бірліктерді табу және олардың өзіндік семантикалық ерекшеліктерін айқындау, эмоционалдылық, экспрессивтілік ұғымдарына анықтама беру ең алғаш рет орын алды десе де болады.
Осы кезде эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің тіл жүйесіндегі алар орны мен рөлін зерттеуді мақсат еткен жұмыстар да ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Эмоционалдылық пен экспрессивтілік арақатынас анықтауда зерттеушілердің көзқарастары әртүрлі, бір жерден шықпайды. Н. М. Павлова сөзде эмоционалдылық пен экспрессивтілік тығыз байланысты деп санап, олардың табиғи өзгешеліктеріне шек келтіреді. Берілген ой желісіне В. В. Шаховский "бұл екі бөлек-бөлек категориялар бір-бірін толықтыру арқылы ғана байланысты болмайды" деген қарсы пікір айтты. Бұл екі ұғымды Ю. М. Осипов та осылай ажыратады. Ғалым оларды бір-біріне тәуелсіз құбылыс ретінде қарайды. Эмоционалдылықты тілдік жүйедегі элемент деп санаса, ал экспрессивтілікті сөздің сұрыпталуы және қолданылуы негізінде пайда болған деп есептейді. Яғни, ол сөйленімдік элемент болып табылады. Тіл білімінде мұндай пікірлердің қалыптасуы аталмыш тақырыпты жеке-жеке зерттеуге әкеліп соғады. Осының нәтижесінде аталған тілдк категориялар туралы тың пікірлер айтыла бастады.
1974-1980 жылдары аралығында жыл сайын жарық көрген "Актуальные проблемы лексикологии и словообразования" жинағы да аталмыш мәселені зерттеуге өз үлесін қосып отырды. Бұл жинақта экспрессивтілікті негізінен теориялық тұрғыдан зерттеу жағы басым. н. А. Лукьянова орыс тіліндегі экспрессивтілікті, эмоционалдылықты, бағалауыштық ұғымдарын жеке-жеке жіктеп, осы негізде олардың семантикалық типологиялық тұрғыдан зерттеуді қалыптастырады. Ғалым лексикологтар ішінен экспрессивтілікті жеке қарастыратын жаңа лексикологиялық пәнді бөліп шығару туралы оң пікірлер шығып қалуы да ғажап емес деп есептейді. Өйткені қазіргі зерттеу бағыты соған алып келе жатыр. Ол кісінің экспрессивті лексиканың сөздігін жасауда да елеулі орны бар. 1986 жылы оның "Экспрессивная лексика разговорного употребления (проблемы стилистики) " атты монографиясы жарық көрді. Онда экспрессивті сөздердің лексикалық семантикасы жайлы айтылған. Бай тілдік материалдарға сүйеніліп жасалған терең теориялық жұмысты іргелі зерттеудің қатарына қосуға болады. Мұнда ауызекі-әдеби және диалектілік тілдерде қолданылатын экспрессивті лексикаға терең семантикалық талдаулар жасалған.
Тілдегі адам факторының рөлін қазір ғалымдар басты мәселе ретінде қалыптастырып жүр. Бұл бағыттағы зерттеулер ең алдымен тілдік құралдардың экспрессивтілігі мәселесін қарастырудан басталуы тиіс. Экспрессивті тілдік механизмдердің жан-жақты зерттеуге В. Н. Шаховскийдің пікірі бойынша, "бұл кітаптың басты жетістігі онда экспрессивтілік категориясы сөйлеу-ойлау әрекеттің конгнетивтік жағымен байланысты қаралады және экспрессивтілікті осы тұрғыдан қарастыру аталмыш монографияның ерекшелігі мен жаңалығын көрсетеді" [9, 126] .
Түркі тілдерінде де аталмыш мәселені айтарлықтай зерттелді деуге болады. түркітануда бұл мәселе негізінен 1950 жылдардан бастап зерттеле бастады. Оларға әзірбайжан тілі бойынша С. Абдуллаевтың, Т. А. Эфендиеваның, Э. А. Багированың, а. Денирчи заденің, А. Охундованың, Ю. Сандованың және т. б. ; өзбек тілі бойынша Ш. Казановтың; якут тілі бойынша В. И. лихановтың; қазақ тілі бойынша С. К. Кеңесбаевтың, Н. Т. Сауранбаевтың, М. Б. Балақаевтың, Ғ. Ғ. Мұсабаевтың, А. І. Ысқақовтың, Ш. Ш. Сарыбаевтың, Е. Жанпейісовтың, Ш. Ы. Нұрғожинаның, Х. Нұрмұхановтың, Ф. М. Мұсабекованың және т. б. ғалымдардың еңбектерін жазуға болады.
Т. А. Эфендиева эмоционалдылық пен экспрессивтілікті тілдің дербес екі категориясы ретінде түсіндіре келіп, әйтсе де "экспрессивті лексикаға қарағандаэмоционалды лексика мағынасы жағынан экспрессивтірек болады" деген шешімге келеді. [10] . Осы негізде ғалым әзербайжан тілінің сөздік қорын экспрессивті-эмоционалды және экспрессивті лексикка деп екіге бөлінеді. Аталған еңбекте тілдегі эмоционалды және экспрессивті сөздерді тудырушы лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдері талданады: 1) жағымды экспрессивті бояулы эмоционалды лексика; 2) жағымсыз экспрессивті бояу тудыратын эмоционалды лексика деп эмоционалды - экспрессивті лексиканың эвфемизмдерден жасалатындығын көрсетеді.
Ш. Казанов "Өзбек тіліндегі Хамза драмасындағы эмоционалды бағалауышты лексиканың семантика-стилистикалық ерекшеліг" атты еңбектерінің бірінші тарауы хамза драмасындағы эмоционалды-бағалауышты лексикаға, екінші тарауы аталмыш драмадағы эмоционалды-бағалауышты фразеологизмдерге арналады. Ол драмадағы эмоционалды лексиканың семантикалық жағынан: 1) жағымды мағынаны беретін эмоционалды-бояулы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz