Философияның анықтамасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ОБӨЖ

Тақырыбы: Ойлаудың философиялық түрі-сын және күмәндау ретінде

Орындаған:Амангелді М.Е
Тобы:ТКиП-18-11
Тексерген:Бижанова М.А

Алматы 2019ж.
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Сыни ойлау - адам өмірінің бір саласы
2.2. Жүйелі күмәндану әдісі
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Философияның басы -- таңдану. Сократ Менің білетінім -- мен ештеңе білмеймін дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.
Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән.
Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады. Тәуелділік философияны көркейтпейді. Кеңетік кезеңдегі философияның мазмұны бұл пікіріміздің жақсы мысалы.
Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады. Бұл -- байыпты, ғылыми, толерантты, еркін, творчестволық ойлау.
Философия жауабын табу қиын, тез арада шешу мүмкін емес, күрделі мәселелерді зерттеумен айналысады. Мысалы, адам өмірінің мәні мәселесі, табиғат, қоғам, және адамның арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып саналады.
Философияның анықтамасы: Философия -- бар болып отырғанды тұтас, элементтері бірі-бірімен тыгыз байланысты түрде қарастыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Философия ойлау мектебі ретінде әрекет етеді. XVII ғасырдағы ағылшын философы Томас Гоббс: Философия сенің ойлауыңның жемісі болып табылады... және сенің өзіңде өмір сүреді деген тұжырымды бекерден-бекер жасамаған. Ол іштей әркімге тән. Өйткені жұмыр басты пенденің ешқайсысында өмірдің, азаттықтың әділеттілік пен мәңгіліктің мәні, мағынасы туралы ойлану құқығынан айыра алмайсың. Адамның ақыл-ой мәдениетінің негізінде нақ осы пайымдау жатыр.
Ұғымдар, категориялар мен ұстанымдарды пайдалана білу өнері - туа біткен қасиет емес. Сондай-ақ ол тек қана ойшылдардың артықшылығы және үлесі болып табылмайды, өйткені білімді, білімсіз, ақылды және ақымақ, жас және кемелденген адамның бәрі әр нәрсеге баға береді, ойланады. Алайда пайымдаулар мен дәлелдердің дәйектілігі, ақиқатты іздестірудегі дұрыс әдіс әркімге беріле бермейді. Бұл жерде логикалық ойлауға басымдылық берілгені жөн. Бұл, өз кезегінде, ойлау мектебі ретіндегі философияның алдыңғы дәрежелі рөлін растайды.
Мәселе философияның зерделеу объектісі нақтылы зат емес, зат туралы ойлау, ұғымдар, пайымдар, ой қорытымдар және т.б. формасындағы (ал бұлардың көмегімен жекенің ғана емес, жекедегі жалпының да қасиеттері бейнеленеді) ойлау қызметінің заңдары екендігінде. Табиғаттың қоғамның және ойлаудың дамуының жалпы заңдары философияның пәні болып табылады.[1]

Сыни ойлау - адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Философияның сыни ойлау бөлімі (логика) - философиялық ұғымдар мен категорияларды, заңдарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне, қызметіне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге, сыни тұрғыдан талдауға үйретеді. Философия ғылымының көмегімен адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады. Ол жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізеді, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді.
Сын тұрғысынан ойлау -ашық қоғам негізі.Ол өз алдына сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу,сонымен қатар басқалардың пікірлерін ділірек қарастыруды және сол ділелдемелердіі қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Сыни ойлау-адам өмірінің бір саласы. Олай делінетіні-бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін маңызды, әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі.
Адам қашан терең ойлана бастайды? Бірінші мезетте оның алдында дайын жауабы жоқ қандай да бір мәселе (пробле әлі де үйреншікті бола қоймаған жаңа ақпарат пайда болғанда. Екіншіден, адам бұл проблеманың жауабын табуғ жасағанда немесе жаңа нәрсені түсініп, оның байыбына жетуге тырысқанда. Ойланудың қандай да болмасын ыңғайсыздық, күмән туғанда пайда болатындығы туралы философ Джон Дьюи былай деп жазған: Ойлау тығыры таңдау жасау керек кезде басталады[2] .Рефлексия жасағанда адам көптеген шешімдерді сараптап, оларды ой елегінен өткізіп, өз құндылықтары мен тү түйсігі мен қажеттіліктерінің таразысына салып, салғастырады, проблеманың байыбына жетуге тырысады. Осыдан с таңдап алып, көңілі қалаған шешімді тура сол қалпында қабылдамай, оны жан-жақты қарастырады, оның оң ажыратады, кемшіліктерін келтірумен қатар оны қуаттау үшін дәлелдер іздейді. Бұл тұжырымдауға қанағаттанбай, ө балама іздестіреді, жаңа ұсыныстар мен болжамдар жасайды. Ылғи да өзіне еш бүкпесіз шындық тұрғысынан сұрақ қ жауап іздейді, жауап тапса, қайтадан сұрақ қойып, енді соның жауабын іздестіреді, оған да қанағаттанбай, әрі қарай қ қаза береді. Сұрақтар, сұрақтар, сұрақтар. Жауап іздеу, жауап іздеу, жауап іздеу. Үздіксіз іздену мен зерттеу...
Ойлаудың осындай толассыз түрі сыни ойлау деп аталады. Мұнда ойлау тізбекті (сызықты) түрде бір нүктеден екінші бағытпен жылжымай, біресе алға, біресе артқа ойысады. Проблеманың шешімін табу мұнда ең аяққы нүкте деп саналм дәлелдеп беру керек, оның тиімділігі мен ықтимал қолайсыздықтарын айқындау қажет, оған балама келтіру керек. Сыни ойлау проблема шешуге бағытталумен қатар өзінділікпен (дербестік) ерекшеленеді: қандай да болмасын мәсе бойынша өзіндік түсінік қалыптастырып, оған тәуелсіз тұрғыдан баға беру, дербес шешім қабылдау. Сыни ойлауды дәріптеушілердің бірі Ричард Поль мына аумалы-төкпелі, күнделікті өзгеріп отырған заманда инстинктеріне бостан босқа сенбеуі керек деп есептейді. Мұның себебі мынада: адам өз түсініктерін, ұста құндылықтар мен нанымдарын бірден қалыптастырмай (мысалы, сезімдер жетегімен немесе басқа біреудің айтқаны олар туралы терең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Өмір философиясы
Социализм теориясын нақтылау
Әл- киндидің өмірі
Философия және философ қоғам мен адам өмірінде
Философиялық білімнің ерекшелігі
Орыс христиан философиясы
Өркениеттер мен мәдениеттегі ғылым мен философияның байланысы
Философия пәні және оның қызметі
Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі
Пәндер