Жүйе қан құюға дайын


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы (АҚ)
Хирургиялық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Донорлық. Медициналық құжаттарды толтыру. Қан құю кезіндегі асқынулар және реакциялар. (Тікелей емес қан құю әдістері)
Шымкент 2018ж
Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі бөлім :
2. 1 Тікелей емес қан құю әдістері
2. 2 Қан мен оның компоненттерін cақтау
2. 3 Қан мен оның компоненттерін, қан препараттарын компоненттерін, қан препараттарын қан құюға дайындау
2. 4 Жүйені дайындау және трансфузияның басталуы
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Қан құю- адам ағзасындағы биологиялық сұйықты немесе қанды донордан рецепиентке құюдың дербес, басқа жағдайы. Көптеген хирургиялық дерттер мен жарақаттар қан кетумен асқынады. Ал, жедел көп мөлшерде қан кету - қан жоғалту болса науқас өмірі үшін қауіпті. Бірақ, науқас организміндегі массивті қан жоғалту салдарынан дамитын патофизиологиялық өзгерістердің тереңдігі мен күрделілігі соншалық, тек қан тоқтату күткендей нәтиже бермейді. Қан жоғалтудың, айналыстағы қан көлемі мен оның құрамының азаю дәрежесіне байланысты жоғалтқан қан мен оның компоненттерінің орынын толтыру қажеттігі туындайды. Осы кездегі жүргізілетін трансфузиялық терапия жоғалған қанның орынын толтырумен қатар, организмнің кейбір функцияларын басқаруға мүмкіндік береді.
Бұл әрекеттер бірнеше әдістер арқылы іске асырылады. Соның ішінде ең қарапайымы және кең таралғаны тікелей емес қан құю әдістері
Негізгі бөлім :
2. 1 Тікелей емес қан құю әдістері
Стандартты трансфузия немесе тікелей емес қан құю - консервіленген қанды немесе оның бөлшектерін контейнер немесе флаконнан құю. Қазіргі кезде қан арнаулы полиэтилен пакеттерге алынады, ол пайдаланғаннан кейін жойылады. Бұл пакеттерді пайдалану арқылы қатаң стерильдік сақталады және пирогендік реакцияларды болдырмайды.
Әдістің
артықшылығы:
пайдаланудың қарапайымдылығы, инфекцияны жоққа шығару.
Әдістің кемшілігі:
консерванттың қолданылуы, ол науқастарда аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін, қанның ұзақ сақтауынан өз қасиеттерін жоюы.
2. 2 Қан мен оның компоненттерін cақтау
Консервіленген қан - белоктар мен жасушалар, формалық элементтер, плазма, консервілеуші ерітінділер қосвлған күрделі трансфузиялық орта
- Сақтау үшін құлыппен немесе қол жеткізу шектелген құрылғылар бар арнайы (тұрмыстық емес) тоңазытқыш жабдық пайдаланылады.
- Сақтау кезінде қан мен оның компоненттерінің температуралық режимін тұрақты бақылау жүргізіледі
- Әр түрлі топтар мен резус фактор қандары мен оның компонненттері бөлек сақталады. Әрбір компонент үшін жекелеген тоңазытқыш бөлу мүмкіндігі болмаған кезде бір тоңазытқышта тиісті деңгейде таңбаланған жекеленген сөрелер бөлінеді.
- Құрамында эритроциттер бар компоненттерді, тромбо және лейко концентраттар мен тоңазытылған компоненттерін тасымалдау кезінде оларды сілкуге, соғуға, аударуға, қыздыруға, клеткалық компоненттерін тоңазытуға және тоңазытылғандарын ерітуге болмайды.
- . Ілеспе құжаттар ластанудың алдын алу үшін су өтпейтін қаппен қапталады
. Тазартылмаған қан +4С +6С температурада сақталады. Сақтау мерзімі көрсетілген ерітінді құраммен белгіленеді.
. Глюгицир немесе цитоглюкофосфат ерітінділерінде дайындалған эритроцитті заттар 21күн бойы Циглюфад, СРDA ерітінділерінде +4С-+6С температурада 35 күнге дейін сақталады.
Эритроцитті қоспалар SAGM ерітіндісінде +4С-+6С температурадам 41 күнге дейін сақталады.
Лейкоциттері мен тромбоциттері аз эритроциттерді сақтау мерзімі +4С-+6С температурада 24 сағатқа дейін.
. Криоконсервіленген ерітілген эритроциттер +4С-+6С температурада сақталады және ерітілгеннен кейін 24 сағат ішінде пайдаланылады.
Тромбоконцентранттар +20С-+24С температурада 5 тәулікке дейін тромбомтксері бар термостат болған кезде және тромбомиксері бар термостат болмағанда ылғи араластыра отырып, оттегінің болуын қамтамасыз етумен 24 сағатқа дейін сақталады.
Лейкоцитарлы концентрат +20С-+24С температурада 24 сағатқа дейін сақталады және трансфузиялау үшін пайдалаүылады, оны дайындалғаннан кейін тез болуы мүмкін.
Жаңадан тоңазытылған плазма, супернатантты плазма мен тоңазытылған криопреципитат минус 30С және одан төмен тепературада 24 ай бойы, -25С-30С температурада 12 ай және -18С -24С температурада 3 ай бойы сақталады. Ерітілгеннен кейін 1 сағаттың ішінде пайдаланылады, тоңазытуға жатпайды.
Қан препараттары (альбумин, иммуноглобулиндер, глюнат, YIII фактор концентраты және басқалар) заттаңбада көрсетілген температурада және мерзімдер ішінде сақталады.
Донордан жоспарлы түрде қанды алады, инфекцияға және залалсыздыққа тексереді, консервант қосылады және оны арнайы ыдыста «Қан құю стансаларында» сақтайды.
Қан орталығына жеткізілген донор қанын құяр алдында бөлме температурасына дейін жылытады, науқастың және флакондағы қанның тобын қайталап анықтайды.
Содан кейін «АВО жүйесі» бойынша қанның жеке индивидуальді және «Резус-фактор» бойынша сәйкестігін анықтайды. Жеткізілген қанның ыдысын көзбен мұқият тексереді.
Консервіленген қанды немесе оның бөлшектерін тексеру:
- заттаңбасындағы қанның алынған мерзімін;
- қан тобын; Резус-факторын; қандай консервант қосылғанын;
- тіркеу нөмірін;
- донордың аты-жөнін;
- және қанды алған дәрігердің аты-жөнін.
Көңіл бөлу керек - жарамдық мерзіміне, консерванттық түріне байланысты жарамдық мерзімі даярланған сәттен бастап, 21 күннен 36 күнге дейін болуы мүмкін.
Тығынның герметикалық орналасуын тексеру керек, күмән туған жағдайда - ол қан құюға кері көрсеткіш болып саналады.
Бүтіндей қанды қарап тексергенде шишанада үш қабат көрінеді:
- түбінде эритроциттер қабаты,
- оның үсті сұр жолақ тромбоциттер және лейкоцитерден тұратын жіңішке қабаты,
- оның бетіндегі үшінші қабат болып - сары мөлдір плазма орналдасады.
Плазма қоспалар, ұлпалар, сонымен қатар түсі қызғылт болмауы керек, оның түсі әрдайым мөлдір болады.
«АВО жүйесі» бойынша сәйкестікті және «Резус-фактор» бойынша сәйкестікті бір мезгілде анықтайды. Осы мақсатта науқастың қанын алып, центрифугадан өткізеді, оның сұйық және ұйыған бөлігін бөліп алады.
«АВО жүйесі» бойынша сәйкестікті анықтау:
- пластинаның ақ бетіне немесе табақшаға науқастын сарысуының үлкен тамшысын (0, 1мл) және ыдыстан алынған қанның кішкене тамшысын (0, 01мл) тамызады;
- өзара араластырады;
- 15-25С температурада 5 минут бойы шайқайды
Агглютинацияның болмауы - қанның сәйкес екендігінің белгісі, ал агглютинация пайда болса - сәйкес еместігінің белгісі болып саналады.
«Резус-факторға» сәйкестікті келесідей орындалады:
- Пробирканың түбіне 2 тамшы науқастың сарысуын тамызады;
- 1 тамшы флаконнан алынған қанды және 1 тамшы 33% поликлюкин ерітіндісін тамызады. Пробирканың ішіндегі сұйықтықтың шыны қабырғасына біркелкі жайылуы үшін өз білігі бойында айналдырады;
- 5 минут айналдырғаннан кейін 3-4 мл. физиологиялық ерітінді қосады және пробирканы 2-3 рет абайлап төңкеріп араластырады.
- Осыдан кейін визуальді қарап, нәтижені бағалайды:Эритроциттердің гглютинациясының пайда болуы "Резус-фактор" бойынша қанның сәйкес еместігін көрсетеді.
- Агглютинацияның болмауы бойынша сәйкестігі бар екенін білдіреді
Тікелей емес тәсілмен құйғанда түтіктер мен сүзгіштерден (фильтр) тұратын жүйе арқылы құяды қан реципиенттің:
- көктамырына (шынтақ, бұғана асты көктамырына) ;
- артериясына (кәріжілік, сан артериясына) ;
- өкше, мықын сүйектің кеуегіне жіберіледі.
2. 3 Қан мен оның компоненттерін, қан препараттарын компоненттерін, қан препараттарын қан құюға дайындау
Қан құю үшін пластикалық, бір рет қолданылатын, науқастың қан тамыры арасына тромбтардың түсіп кетуінің аллын алатын капронды сүзгісі бар жүйені қолданылады. Жүйе флаконға ауа кіргізуге арналған сүзгі мен инесі бар қысқа түтіктен, біреуі флаконға енгізу үшін, екіншісі науқас венасын пункциялайтын екі шетінде инесі бар, қан құюңа арналған ұзын түтіктен тұрады.
Жүйе капронды сүзгісі бар тамшылатқышпен және енгізу жылдамдығын реттеуге арналған табақшалы қысқышпен қамтамасыз етіледі. Залалсызданған түрде, полиэтиленді қапшықта шығарылады, пайдаланар алдында оны одан шығарып алады. Қан құюға арналған жүйені орната отырып, мына қағиданы сақтау керек: қанды дайындағаннан кейін сақталған ыдыстан құю керек.
жасырын ауруларды қалай табудың жаңа тәсілі»
2. 3 Қан мен оның компоненттерін, қан препараттарын компоненттерін, қан препараттарын қан құюға дайындау
Пластикалық қапшықтан қан құю Қысқышты шешіп, жүйенің сүзілген төмен жатқан бөлігіндегі ауаның толық шығып кеткеніне дейін және инеден қан тасшысын тәрелкеге тамызып, донор қанының тобын және үйлесімділікке қайталап анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz