Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
БАИШЕВ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІЖШС

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектеп пен отбасы,қоғам ынтымақтастығы
Пән: Педагогика
Мамандығы: ДТ-415

Орындаған: Жолдасқызы.Ү
Тексерген:Сағындыкова.Л.Л

Қорғауға жіберілді (жіберілмейді).

Білім беру және жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің

Төрайымы_______Бағындық.Ж.Ә.

_________2020

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
I.МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ,ҚОҒАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ... ... ... ... ... . ... ...5
1.1Отбасы адам баласы тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..7
1.2Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының формулалары ... ... ... ... ... ... ... ...9
II.ОҚЫТУДЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Ынтымақтастық оқыту әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 20

КІРІСПЕ

Елiмiздiң үкiметi соңғы жылдары қабылдаған Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтiк-экономикалық мiнез-құлқы қалыптастыру тұжырымдамасы Жалпы бiлiм беретiн мектептер тұжырамдамасыЭтникалық мәдени бiлiм беру тұжырымдамасы сияқты тарихи құжаттарда қандай азамат тәрбиелеу керек жаңа қоғамды құрушылар қандай болуы керек деген мәселе күн тәртiбiне қойылып оған ғылыми дәйектi жауап iздестiрiлгенҚазiргi жалпы бiлiм беретiн орта мектеп оқушыларын тәрбеилеудiң үлгi бағдарламасында жоғарыда көрсетiлген тарихи тұжырымдамалар мен ел басшысы ННазарбаевтың ¤асырлар тоғысында ғылыми - теориялық еңбегiне негiздей отырып тәрбиенiң түпкi мақсаты-қоғамның нарықтық қарым - қатынасқа көшу кезiнде саяси-экономикалық және рүхани дағдарыстарды жеңiп шыға алатын iзгiленген 21 ғасырды құрушы iскерөмiрге икемделгiшжан-жақты мәдениеттi жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру деген тұжырым жасалғанСоған орай тәрбие бағдарламасының жаңа жобасында көзделген басты принциптер: бiрiншiден-қоғамдық қатынастардың өзгеруiне байланысты тәрбиенi таптық тұрғыдан қарастырып әсiресе саясаттандыруға негiздемейжалпы адамзаттық мәдениетпен ұлттық мәдениеттiң озық үлгiлерiн кiрiктiре пайдалану мәдени байлық барлық қоғам мүшелерiне бiрдей ортақ деп санаутәрбие мәселесiне культурологиялық тұрғыда қарау үшiншiден-жеке тұлғаны тәрбиелеп жетiлдiру iсi қоршаған орта арқылы iске асырылатындықтан оқушының дүниеге көзқарасын қарым-қатынаспен тәрбиелеп қалыптастырудың жолын қарастыру болып отырТөртiншiден-бұрын баланы тек тәрбиеленушi объек деп қарап тәрбиешi-ұстаздар қауымы өз беделдерiмен ықпал етiп келсеендi оларды тәрбие iсiне белсене қатыстыра отырып әрi тәрбиенiң объектiсi ә„рi өзiн-өзi тәрбиелеушi саналы субъект деп қарау баланың жеке басын бағалау онымен санасу сенiм бiлдiру ынтымақтаса iс- әрекет етубесiншiден-адам тәрбиесi әрi биологиялықәрi психологиялық процесс болғандықтан тәрбие iсiн баланың жас және жеке басына тән даралық ерекшклiктерiн ескере жургiзу алтыншыдан-оқу-тәрбие iсiн iзгiлендiру демократияландыру жеке тұлғаны дамыта тәрбиелеужетiншiден- тәрбиенiң түрлерi өтпелi кезең талаптарына сай қайта қаралыпоның мiндетi мақсаттарын нақтылау мәселесi ойластырылдыСегiзiншiден-әр сыныпта оқу-тәрбие жүйесiнде берiлетiн бiлiмбiлiкдағдылар көлемi ескерiлiп сыныптан тыс тәрбие жұмысында мумкiндiгiнше кеңейтiлiп жалғасын тапты Тоғызын- жеке тұлғаны тәрбиелеп жетiлдiрудiң нәтижесiнтәрбиелiк деңгейiн анықтаудың iшкi механизмiн ашуға зер салынды[4.10]
Тәрбие iсiнiң адам туғаннан о дүниеге аттанған дейiн үздiксiз және кешендi түрде жүргiзiлетiн үрдiс екенiн ескере отырып нарықтық қарым-қатынасқа бейiмiскержан-жақты жетiлген азамат тәрбиелеуде азаматтық мәдениет қорынан бастау алатын өркенииеттi әлемдiк мәдениет пен жергiлiктi ұлтық мәдениеттi кiрiктiре iске асыру көзделдiЯғни жеке тұлғаның ақыл-ой мәдениетi адамгершiлiк мәдениетi кәсiби бағдар беру мен политехникалық-еңбек мәдениетi эстетикалық мәдениет дене мәдениетiсаяси және құқықтық мәдениетiэкологиялық мәдениетi бүкiл адам заттың қолы жеткен бұрын-соңғы рухани мәдениет пен әлеуметтiк-экономикалық материалдық мәдениет атаулының байлықтарына сүйене отырып қалыптастырылады

Зерттеу мақсаты:Ынтымақтастық педагогикасының ғылыми-педадгогикалық негіздерін теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде талдау.
Зерттеу міндеттері:
-Ынтымақтастық педагогикасы жайлы ұғымды қарастыру
-Ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеяларын талдау.
-Ынтымақтастық педагогикасының қазіргі кезеңдердегі міндеттерін саралау

Зерттеу әдістері:Курстық жұмыста ҚР қолданылып жүрген ресми құжаттары.Білім және Ғылым министрлігінің халық педагогикасын,ұлттық мұраны дәріптеуге байланысты,тұжырымдамалар,оқулықтар ,мектеп ұстаздарының қазақ халқы педагогикасының шығармалары мен отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының еңбегің қолдана отырып орындалды.
Зерттеу пәні. Ынтымақтастық педагогикасының ғылыми педагогикалық негіздерін дамыту процесі.
Зерттеу обьектісі. Ынтымақтастық педагогикасының ғылыми-педагогикалық негіздерін дамыту процесі.
Курстық жұмыстың құрылымы.Кіріспеден,екі тараудан,қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

I.МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ,ҚОҒАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке автономиялық мекеме болаған емес. Сондықтан оның іс - әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік функциясы осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, сонымен бірге мөлтік аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы.
Мектеп іс - әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез - құлық, эстетикалық және дене тәрбиесі) мақсаттары және міндеттері жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көптеп саналады. Олар: ата - аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің үйелменмен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстардың барлығына мекиеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

Отбасы адам баласы тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөніндегі мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің отбасыда мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.[5]

Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата - аналардың борышы. Өкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Оған дәлел: балалар мекемелері жөніндегі халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балаларды еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми - техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу - әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Бала өмірін және іс - әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбекпен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Күн ырғағын жасауда ата - ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасыда күн ырғағының негізгі құрамды элементтері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Күн ырғағын сақтау негізінде мидың үлкен жарты шарының қабында шартты рефлекстер жүйесі (динамикалық стереотип) пайда болады. Мысалы, бала белгілі бір уақытта ұйықтауға үйренсе, оның ми қабында тежелу процесі басым болады да тез ұйқыға кіріседі. Сондықтан, ата - аналар белгілі бір уақытта сабаққа дайындалуға, ұйықтауға, тұруға үйретулері, яғни, ырғақ элементтері берік орындалуы тиіс.

Балалардың бос уақыты - бұл шығармашылық елігу, қызығу дүниесі. Бала бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кинофильмдерге, спектакльдерге қатысады. Көптеген отбасыларда ата - аналардың балаларымен бірігіп серуендеуі ізгі дәстүге айналды.

Отбасыда балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелері жатады:
Отбасының этикалық құрамы және құрылымы:
толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары:
отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл - ауқаты, селодық және қалалық отбасы.
Отбасының мәдени потенциалы:
күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті,күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаттарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.
Ішкі отбасылық қатынастар микроклиматының сипаттамасы, үйелменде көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көз қарасы.[7]
Қоғамға көзқарасы:
еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.
Отбасының тәрбиелік потенциалы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата - аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Отбасының өзіне тән ерекше функциялары бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажетті шаруашылық функциясы, отбасы мүшелерінің өзара және туған - туысқандарымен қатынас жасау функциясы.
Отбасы тәрбиесінің кейде сәтсіздікке ұшырауының себептері.
Отбасылық тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып, отырмайды. Зеттеу мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі - үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады.

Біріншіден отбасында болатын өктемдік баланы өзін өзі билеушілігінен айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жай - күйі төмен болады.

Екіншіден, баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік ата - аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп еркіне жіберушілік өзімшілдікке тәрбиелейді.

Үшіншіден, әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата - аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдалнып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.

Төртіншіден, ата - аналар балаларды еркімен қарым - қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.

Бесіншіден, егер әке мен ана өз баласының іс - әрекетіне немқұрайды, жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады.

Біздің халқымыздың отбасы жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші буын ата мен әже іс - әрекетінің төңірегінде шоғырланған. Себебі, отбасында әке мен шеше негізгі еңбек иелері, отбасы қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесіне даналық ақыл - ойдың, орында дүниетанымының, талғамның, денсаулық бағбанының, орынды тәртіп пен мінез құлықтық мектебі болып табылады.

1.2. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының формулалары.

Мектеп оқу - тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата - аналарды, барлық жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата - аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделік өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бол уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты формалары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі - педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен, күнделік өмірімен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әртүрлі тақырыптарда ата - аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.[2.8]
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір формасы педагогикалық насихат, яғни ата - аналарға педагогикалық білім беру.
Қазір ата - аналар және қалын бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуде болымды әсер етеді. Н.К.Крупская өзінің еңбектерінде ата - аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудың қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын.

Ата - аналардың тәрбие жұмысы процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық - психологиялық білім негіздерімен ата - аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.

Мектептің ата - аналар комитеті мұғалімдерге, ата - аналарға көмектеседі, балалардың демалысын, қиын отбасыларды шефке алуды, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ата - аналар жиналыстарын, олардың конференцияларын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізудің дайындық жұмыстарына қатысады. Мектептің, отбасының, бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол, үшін отбасы және оның тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан- жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Олай болса, сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде?
-баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуы;
-баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;
-баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асыру үшін;

-баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;
-балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналармен жұртшылықтың педагогикалық қолдауын ұйымдастыруда;

-баланы түрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі үшін;

-балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді біріктіру үшін;

-сынып жетекшісі, оқушылармен ата-аналардың жағымды көңіл-күйін, өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т.с.с..

II.ОҚЫТУДЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1. Ынтымақтастық оқыту әдісі

Оқытудың ынтымақтастық технологиясы Ынтымақтастық оқыту, кіші топта оқыту педагогикада бұрыннан қолданылуда. Кіші топта оқыту Япония, Израиль, Батыс Германияда алғаш рет қолданылды. Бірақ ынтымақтастық оқытудың негізгі идеологиясы американ педагогтарының үш тобымен бөлшектеліп өңделді: Джон Хопкинс университетінен, Миннесот (Роджер Джонсон және Дэвид Джонсон) университетінен, Дж. Аронсон, Калифорния тобымен. Содан бастап ынтымақтастық оқыту пікірі көптеген әлем мемлекеттеріндегі педагогтардың күшімен өзіндік дамуға ие болды. Ынтымақтастық оқытудың басты идеясы - бірігіп орындау ғана емес, бірігіп оқу болып саналады. Ынтымақтастық педагогикасының негізінде адамға деген гуманистік көзқарас, оның потенциалдық мүмкіндіктеріне және қабілеттеріне сену, оның қызығушылығын, қажеттілігін, бейімділігін түсіну, оларды оқыту процесінде ескеру мен ұғыну жатыр. Оқытудың ынтымақтастық проблемасы (жұмыстың ұжымдық, топтық формаларын) соңғы он жылдықтарда біздің еліміз бен шет елде белсенді және жан-жақты дамытылды және төмендегі ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан: В.Дойз, С.Г.Якобсон, Г.Г.Кравцов, А.К.Маркова, Л.И.Айдарова. Ынтымақтастық педагогикасы- білім беруде көптеген жаңалықтарды өмірге келтірген, оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынасын және т.б. көптеген жағдайларды қамтитын аса бай педагогикалық қатынас. Бұл технологияның атауын 80-жылдардағы жаңашыл педагогтар тобы ұсынды. Тұтас технология ретінде ынтымақтастық педагогикасының нақты үлгісі жоқ, реттеу-атқару жабдықтамасы қалыптаспаған. Ынтымақтастық- бұл балалар мен үлкендердің бір-бірінің рухани өміріне өзара түсіністікпен, ұғынушылықпен, осы әрекеттің барысы мен нәтижесін ұжымдық талдаумен бекітілген, бірлескен дамытушы іс-әрекетінің гуманистік идеясы. Ынтымақтастық педагогикасының идеялары:[9]
:: Ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс-әрекетінің идеясы, ынтымақтастық педагогикасы принципінен туындайды, өйткені ол мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай ересек адам мен баланың шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамасыз етілуі тиіс;
:: Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға- бала, ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты;
:: Ұжымдылық, шығармашылық тәрбиесінде бағыттылық идеясының мәні өте зор. Бірыңғай тәрбие ұжымы-бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды.
Ынтымақтастық педагогикасының жалпы құндылық бағдарына байланысты үш басты тұлғалық қасиеттерін бөлуге болады, олар:
А) кез келген оқушыны қандай болса, тура солай қабылдау. Мұнді оқушы мен мұғалім бір-біріне жеккөрінішті қарамайды, оқушының нақты мен деген түсінігін бағаламау жоқ;
Б) баланың эмпатикалық түсінуі. Мұғалім оқушының ішкі әлеміне енуге тырысады. Қоршаған ортаны оқушы сияқты көріп, оны оқушының ішкі әлемі арқылы сезінуге ұмтылады;
С) оқушымен ашық, сенімді қарым-қатынас.
Мұғалімдер оқушыларға өзінің ішкі әлемін ашуға көмектеседі. Маңыздысы мұғалімнің сенімді болуы. Ынтымақтастық педагогикасы, ынтымақтастық түсінігінің астарында біріккен ісәрекет жатыр, яғни ол былай сипатталады:
1. мақсаттардың бірлігімен;
2. іс-әрекетті ұйымдастыру және басқарумен;
3. функцияларды, іс-әрекеттерді, операцияларды бөлумен;
4.тұлғааралық қарым-қатынастың болуымен Ынтымақтастық дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру бойынша жұмыс бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады:
І кезең- оқыту процесіне қатысушылардың тренингтерді, өзара оқыту және шағын сабақтарды ұйымдастыру арқылы аталған іскерлікті меңгерудің қажеттілігін сезінуі;
ІІ кезең- оқушылардың бір-бірін біріккен әрекетке қатыстыруға қолдауды, жауаптарды жалпылауды, қорытындылауды, пікірлерді снауды, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыруды түсінуі. Аталған іскерлікті игеру, ақыл-ой ойындары мен тренингтердің көмегімен жүзеге асады және бақылаудың жеке парағына мұғалім немесе оқушы белгілейді;
ІІІ кезең- мұғалімнің қарым-қатынас жағдайларына байланысты жағдаяттарды құруы, топтық тапсырмаларды өңдеуі (ақпаратты өзара алмасу, жасалған жұмыс бойынша есеп беру, оны бақылаушы топпен бағалау);
ІV кезең- мұғалімнің оқушыларды іскерлікті оқу құралдарының көмегімен әрі қарай меңгеруін қолдауы. Ынтымақтастық дегеніміз- оқушы мен ұстаз бір-бірінің жан дүниесін түсініп, ортақ іс-әрекеттің барысы мен нәтижесін бірігіп талдауы. Ата-аналармен ынтымақтасу дегеніміз- балаға үйде де, мектепте де бірдей талап қою деген сөз емес. Ата-аналарды педагогиканың, технологияның, дербес әдістеменің негіздерімен таныстырып, өз баласын сүюді үйрету.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары. Оқу процесіндегі оқу ынтымақтастығы өз тарапынан келесі төрт бағыт бойынша тарамдалған өзара әрекет болып келеді: Балалардың жігерін, міндеттерді орындауға және дағдыларды жаттықтыруға біріктірудің артықшылығы қандай деген сұраққа жауап бере отырып, осы проблеманы жетілдіруші Г.А.Цукерман әлемде жүргізілген зерттеулерді жалпылау негізінде біріккен іс-әрекетіндегі келесі ережелерді көрсетеді:
:: Меңгеріліп отырған материалдың көлемі және түсіну тереңдігі ұлғаяды;
:: Балалардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық деңгейі өседі;
:: Білім мен іскерлікті қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады;
:: Оқу мотивациясының ақаулары мен шартталған тәртіп сақтаушы қиындықтар бәсеңдейді;
:: Оқушылар білімнен көбірек қанағат алады, өздерін мектепте еркін сезінеді; :: Оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас сипаты өзгереді;
:: Сыныптың бірлігі күрт өседі, бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімдердің ынтымақтастығы
Ынтымақтастық педагогикасының ғылыми – педагогикалық негіздері
Ынтымақтастық педагогика
Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
Ынтымқтастық педагогика жайлы ұғым
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Қазақстанда педагогика және әлеуметтік педагогика тарихына үлес қосқан тұлғалар
Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары, оларды оқу-тәрбие процесінде қолдану
Ұжым-тәрбиеқұралы
Оқушылар ұжымы және оның ерекшеліктері
Пәндер