Періштелер Хауа анаға
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Беркімбаева Ш.К.
Қожахметова К.Ж.
Қоңырбаева С.С.
ҰЛЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨТКЕН ТАРИХИ ДАРА ТҰЛҒА-АРУЛАР
ХРЕСТОМАТИЯ
Алматы
2007
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БАҒДАРЛАМАҒА ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР

Хауа ана

Адам әуелі топырақтан жаратылған. Құдіреттің әмірімен жерден көкке шығып, жұмаққа кірген. Бұл ағашқа жақын болма деген әмірді естіп, бидай дәнін жеуден тыйылған.
Адам Раббысына жақын болды. Киім киген періштелер сәжде қылып, Адамға құрмет көрсетті. Адамға барлық нәрселердің есімін білу, ғылымды меңгеру қасиеті берілді. Бұл - Адам ғалайһи-уәссәләм еді. Адам ғалайһи-уәссәләм жымиып күлсе, күн нұрындай мейірлі шуақ төгілетін. Періштелер Адам ғалайһи уәссәләмнің сұлулығын көріп, қайран қалып, Алла тағала берген тақты Адамға қадір тұтты. Адам ғалайһи уәссәләмді періштелер көкпен алып жүріп, жұмаққа әкелетін. Адам ғалайһи-уәссәләм жұмақ бақтарында серуендеп, жүзім, інжір, құрма жемістерін жейтін.
Бірде жалғыздықтан зерігіп, өз жынысыннан бөтен әлдебір затқа ынтықты. Осыдан кейін әлсіреп, көзіне ұйқы тығылады. Сол уақытта Алла тағала Адам ғалайһи-уәссәләмнің сол жақ қабырғасының жоғарғы жағынан Хауаны жаратты. Адам ғалаәһи-уәссәләм Хауаның өзінен жаратылғанын сезіп, ұйқыдан оянып, көзін ашты. Хауаны көріп, оның асқан сұлулығына көңілі толды.
Хауаның дауысы жіңішке, көздері қара, жүз тұлым болып өрілген шашы бар еді. Хақтағала сұлулықты жүз түрлі етіп жаратса, соның тоқсан тоғыз сұлулығын Хауаға берген екен.
Адам ғалайһи-уәссәләм Хауаға қолын созып: Жақында, - деді. Сол сәтте Жебірейіл ғалайһи-уәссәләм: Ей Адам! Хауаға қол созба! - дегенде, Адам ғалайһим-уәссаләм: Хауа мен үшін жаратылған, дейді. Сонда Жебірейіл ғалайһи-уәссәләм: Әрине, сен үшін жаратылғаны рас. Бірақ некесіз қол созу дұрыс емес. Хауаны Алла тағаладан жұптылыққа сұра, - дейді. Адам ғалайһи-уәссәләм: Иә, Раббым! Хауаны маған жұп қыл, - деп рұқсат сұрайды. Сұбхана уатағала ықыласымен неке құтпасын оқыды.
Сөйтіп, Адам ғалайһи-уәссәләм мен Хауа ана жұмақ ішінде түрлі жемістерді қорек етіп, өмір сүрді. Бір ғажабы, Адам қайда жүрсе де әлгі Алла тыйым салған ағаш алдында тұрады. Бірде Адам ғалайһи-уәссәләмнан періштелер: Сен не себепті Адам атандың?- деп сұрайды. Сонда Адам ғалайһи-уәссәләм Жер бетінен жаралғаным үшін? - деп жауап береді. Періштелер Хауа анаға: Сен неліктен Хауа атандың? - деп сұрағанда: Тіріден жаралғаным үшін, - дейді.
Адам ғалайһи-уәссәләм топырақтан жаратылды. Топырақ тұрған сайын тазарар. Сондықтан, ер кісілер қартайған сайын көріктенер. Хауа ана Адам ғалайһи-уәссәләмнан жаратылды, сондықтан әйелдер қартайса көріксізденер.
Алла тағаладан: Ей, Адам! Сені құдіретіммен жараттым. Барша заттардың есімін білдіріп, жалғыз жүрмеуің үшін жұбың Хауаны жараттым. Екеуің де жұмақтасың. Енді менің аманатымды сақта, - деген хабар келеді. Сонда Адам ғалайһи-уәссәләм: Иә, Раббым! Аманатың не нәрсе айт, - дейді. Алла тағала: Жұмақтағы түрлі жемісімнен жеңіз, сусын ішіңіз. Тек қана бір ағаш бар, сол ағашқа Хауа да, сен де жақын барма. Дұшпаныңның сөзін тыңдама, - деген.
Егер Адам мен Хауа антты орындағанда, жұмақтан шығып қалмас еді.
Адам ғалайһи-уәссәләм мен Хауа ана жұмақтан тұрып жатқан кезде, Ібіліс Хақтағаланың маңайынан аластатылған еді. Мұнан соң Ібіліс күншілдік қылып, Адам ғалайһи-уәссәләмға қастық жасауға көшті. Ол әр түрлі айла білетін. Хақтағаланың Адам ғалайһи-уәссәләмға ағаштан тыйым салуын естіп, шат болып, азғыруға асықты. Жерден көкке ұшып, жұмаққа кірудің жолын іздеді.
Ібіліс жылап-еңіреп жұмақтағы Адам ғалайһи-уәссәләм мен Хауа ананың жанына келді. Адам ғалайһи-уәссәләм Ібілістен: Неге жылайсың? - деп сұрайды. Ібіліс: Сіз үшін қиналып, жылаймын. Теңдесі жоқ сұлулық, сізден басқа көрікті ешкім жоқ. Соған қарамастан бір күні сіз де өлесіз - дегенде, Адам ғалайһи-уәссәләм: Өлім деген не нәрсе? - деп сұрайды. Ібіліс: Көзіңіз көрмей, қолыңыз ешнәрсе ұстай алмай, кеудеңізден жаныңыз шығар - дегенде, Адам ғалайһи-уәссәләм қатты қайғырған еді, бірақ Ібілістің сөзін қабылдамады.
Мұнан соң Ібіліс Хауа ананың жанына келіп, зар еңіреп жылай бастады. Хауа ана: Неге жылайсыз? - деді. Ібіліс Сіздің қайғыңызға жылаймын. Сізді Хақтағала неге бидай жеуден тыйғанын білесіз бе? - деп сұрады. Хауа ана: Иә, неге тыйым салды? - деді. Сонда Ібіліс: Бидай жесеңіз, жұмақта мәңгі қалып, өлмейтін едіңіз. Мен сізге осыны уағыз-насихат қыламын, - деп азғырды.
Хауа ана Ібілісті танымады. Бұл сөзді жылан айтып тұр екен деп түсініп, көңіліне ұялатты. Хауа сол сәтте он адым жерді аттап, бидай ағашының жанына келді. Бидай ағашының бір талын сындырып алып, Адам ғалайһи-уәссәләмға келді. Әй, Адам! Бұл ағаштың жемісі соншалық ләззәтті, ғажап екеп. Мен жедім, сен де же! - деді. Адам ғалайһи-уәссәләм Алла тағаланың аманатын ұмытып кетіп, бір дәнді аузына салып шайнайды. Жұта бергенде ғана Алла тағаланың әмірі есіне түсіп, өңешін ұстай алды. Бидай дәні не жұтылмады, не сыртқа шықпады. Ол өңешінде түйін болып, қатып қалды. Сол себептен де ерлердің кеңірдегінде түйін мирас болып қалды. Әйелдерде ол түйін жоқ.
Бұл оқиғадан кейін Адамның басынан тәж кетіп, үстінен киімдер алынды.
Хауа ана ағашты себепсіз сындырғанда, сол ағаштан қан ағыпты. Осы себепті әйелдерге қан мирас болып қалды.
Мұнан соң Адам ғалайһи-уассаләм мен Хауа ана нендей зор құрметтен айырылып, мехнатқа түсті. Хауа ана бидай ағашына аяғымен барып, аузымен жеп, қолын созып, бұтағын сындырғаны себепті, әйелдердің қан ауруымен ауыруы үш күннен он күнге созылады. Он күнге созылу себебі, Хауа ана бидайға жеткенше он адым аттап, күнәға батқан еді. Сондықтан себеп болды, себепсіз нәрсе жоқ.
Адам ғалайһи-уассәләм жұмақтан шығарылған соң, Хауа ананы жүз жыл бойы көре алмай, айырылып қалды. Хақтағала Хауа анаға: Қайдасың? - деді. Сонда ол қайғылы дауыспен: Иә, Раббым, мақұлықтар сіздің атыңыздан жалған сөйлер деп ойламап едім, деді. Хақтағала: Ей, Хауа! Сені жұмақтан шығарғанда 15 түрлі пәлемен айыптадым. Әуелі, күнәнің ең үлкендігінен қыздарыңа да қияметке дейін қан мирас болады. Екінші, тоғыз ай бала көтересің. Үшінші, бала тапқанда өлімнің ащы дәмін татасың. Төртінші, әдеп мехнатын шексін. Бесінші, еркі ерлердің еркінде болсын. Алтыншы, ақылы кем болсын. Жетінші, мұра да кем болсын. Сегізінші, куәлікте кем болсын. Тоғызыншы, талақ қылу ерлердің қолында болсын. Оныншы, діні де кем болсын. Он бірінші, ислам да мақұрым болсын. Он екінші, жұма жамиғат намазынан мақұрым болсын. Он үшінші, пайғамбарлықтан мақұрым болсын. Он төртінші, патшалықтан мақұрым болсын. Он бесінші, соғыс қылудан қалсын және ұзақ сапар әйелге харам болсын.

Адам ғалайһи-уассаләм мен Хауа ана інжір ағашының жапырағымен денесін жауып жұмақтан шықты. Адам Үндістанға түсті. Ібіліс Басараға (Басра), жылан Асфаханға (Исфахан), Тауыс Мінә тауына, Хауа ана Жүді (Джидда) тауына түсті. Баршасының халы жаман болды. Адам ғалайһи-уассалам түскен жерінде қайғырып көп жылады. Оның көз жасының ащы дәміне жемістер пайда болды. Ал Хауа ананың көз жасы тамған жерде Ғұт ағашы, пайдалы өсімдіктер өсіп, ауруларға ем болды.
... Жәбірейіл ғалайһи-уассалам тағы: Сен һәм барша балаларың қияметке барғанша Ораза ұстауға тиіссіңдер, - деді. Жәбірейіл ғалайһи-уассалам Адам ғалайһи-уассаламның жейтін нанын рұқсат етіп, Хауа анаға тиесілі үлесін берді. Ердің әйелге әкелетін үлесі сол заманнан қалған.
Мінә Адам мен Хауаны қауыштырып, Алла тағала жарылқап, міннәт қылды. Адам ғ.с. Хақтағаланың рұқсатымен Мінәда Хауаны қойнына алды. Сол үшін Мінә аталды.
Адам ғ.с. Үндіден Меккеге қарай қырық мәрте қажылық қылды. Хауа ананы шаттықпен Үндіге алып барып, сонда ғұмыр кешті. Адам ғ.с. Хауа анаға мүжәмәт етіліп (қосылып) Хауа ана құрсақ көтерді.
Хауа ананың неше құрсақ көтергенін ғұламалар әр түрлі болжаммен айтқан. Бірі жиырма құрсақ десе, екінші бірі қырық құрсақ, жетпіс құрсақ көтерген дейді. Әр құрсақтан егіз бала туып, бірі-ұл, бірі-қыз болған деседі. Қабыл нәсілі отыз жеті мың, Әбіл нәсілі қырық жеті мың болған.
Рабғұзи. Қисса-сул-әнбийя-й
Ұмай ана
Ұлы табиғат құшағының аңғал-саңғал алаптарында тіршіліктің ыстығына күйіп, суығына тоңа жүріп еңсесін көтерген адам баласының танымдық қабілеті де бірте-бірте оянады да, түрлі-түрлі құбылыстарды сол ұғым шеңберінде қастерледі. Өз жаратылысының негізінде сол нанымдарына ұластырады. Ең алғашқы күнді, аспанды, жерді, суды, отты, қасиетті санаған тотемді сенімдері күнделікті тумысындағы ғұрып, әдеттерінен орын ала бастады. Түпкі тегін болжауға ақыл-ойы, күш-қуаты жетпеген заттар мен құбылыстарды қасиеті жоқ құдіреті ретінде қастерледі. Ал осы жүйені сезімге бағындырған шамандық кезеңде бұл нанымның аумағы рухтың жебеушілерімен ұлғая түсті. Содан барып табиғат құбылыстары туралы алуан-алуан аңыздар пайда болды. Бұл - адам баласы иланым-нанымының сипаты болып қалған өшпес ізі еді ...
Осындай наным-сенімнің ең бастысы - адамның өзі қалай пайда болуы, қайтіп жаралуы болса, ол да қилы-қилы аңыз болып тарады. Бұл ұғымның аумағы да өте кең. Бәрі де алғашқы адам топырақтан жаралған деген сенімге тіреледі. Өте ерте заманда пайда болған Таурат кітабында еврейлердің құдайы Яхуэй топырақтан адам кейпін жасайды да мұрнына үрлеп қалса, жаны бар тіршілік иесіне айналғаны айтылады. Ал көне Юнан (грек) аңыздарындағы құдайлардың құдайы Зевс те балшықтан адам бейнесін жасап алып барып, оның бойына жан беріп, денесіне ақыл сезімін енгізеді. Құдіретті күштің иесі Прометей де тәңірдің әмірі бойынша топырақтан адам жасайды. Солтүстік Америкадағы үндістердің жерді жаратқан құдайы қызыл және қоңыр топырақтан алғашқы еркек пен әйелді жаратқан дейтін аңызы бар. Парсылардың ертедегі Авеста деген кітабында да тұңғыш адам Кломарстық сары топырақтан жаралғандығы әңгіме етеді. Сондықтан ол Гілшаһи (топырақ патша) аталған. Ал Ислам дінінің қасиетті кітабы Құран кәрімде: Адам ғалаһиссалам - бүкіл адамзаттың атасы, тұңғыш жаратылған кісі. Алла тағала оны топырақтан илеп алып, жан берген делінеді. Түркі халықтарының ата-мекені Алтай аңыздары да Құдай адамды сағыз лайдан жасаған дегенді негіз етеді. Көктен тамдық, жерден өндік деп, аспан мен жерді аялау сезімдерді басым Алтай аңыздардағы құдіретті тәңірдің бірі - Жер тәңірі. Жер - Отан, мекен адам баласының қорғанышы деп табылады.
Осындай ежелгі нанымдардың ішінде әйел-ана құдайлар да айрықша қасиетке ие. Бұл наным барлық халықтарда бар. Юнан аңыздарындағы әйел тәңірі Һера - аспан құдайы Зевстің әйелі. Ол той-думан, салтанаттың, ұрпақ көбеюінің жебеушісі. Үндістандағы будда жоруларындағы әйел тәңір Харид ана да ұрпақ өсірудің құдіреті. Ертедегі парсылар сенген әйел тәңір Анаһита да адам баласының көбеюін басқарған жебеуші. Демек, ұрпақ тағдыры адам баласын толғандырып, сол мұраты үшін талпынып отырған. Оны қолдаушы осы әйел тәңірлері еді.
Түркі халықтары да ерте заманда-ақ өздері табынған тәңірлерін қасиет тұтқан, сенімі де сан қилы. Өзінің қуаты жетпегеннің бәрін тәңір санаған. Жер, аспан, күн, тау, орман, найзағай, дауыл, тасқын-сел оларға тәңірдің бейнесі кейпінде елестейді.
Тәңір атауы о баста алтайлық шамандар қолданған тіл, көк (аспан), кеңістік мағынасын ұқтырады. Кейін келе құдіретті күштің иесі дегенді білдіретін құдай мағынасына ауысқан. Тәңір сөзі жыл санауымыздан 3 ғасырда-ақ Һун (гун) тілінде кездеседі. Олар бұл құдірет иесін қоғамдық ағымға бейімдеп, сол кезінде өздері табынатын аруақтарды аялап, оған тәңір сипатында табынған. Түркі халқы бұдан бес-алты жыл бұрын күнді тәңір тұтқан. Алтай аңыздарында тәңірдің Карахан деген атауы да болған.
Алтай шамандары табынған ең ұлы тәңірі - Каман. Тәңірдің баласы - Өлгін тәңір. Бұл Ұлугүн сөзінің өзгерген түрі көрінеді. Зерттеушілердің анықтауынша, осы екі сөз де құдіретті, ұлы мағынасын береді екен.
Аңызда айтуынша, Өлгін тәңір Ай мен Күннің арасында жүлдыздардың үстінде тұрады екен. Оған жетер жолда (кей аңызда тоғыз) жеті тосқауыл бар. Бұл тосқауылдар еркек шамандар (қам) келгенде ғана ашылады. Өлгіннің сарайында алтын тағы бар. Тәңірдің порымы адамға ұқсайды. Шаман дұғаларында бұл тәңірдің есімі Ақ аяз, Аязхан, Жаратқан, Жебеуші деп аталып, тауап етіледі екен. Наным бойынша көктен түскен жаңбыр тамшылары - осы тәңірдің ауызынан түскен нұр. Өлгін тәңірдің жеті ұлы, тоғыз қызы болған. Ұлдары: Қаршыт, Боғрахан, Жасылхан, Бахытхан, Әрканым, (Картал) Қарақұс, Боршахан, Әрханым. Олар да көкте тұрады. Қыздарының жеке аты айтылмайды. Ақ қыздары, Қияндар деп жалпы айтылады. Бұл қыздар - шамандар сарынының жебеуші перизаттары. Өлгіннің қызметінде басқа да жарық, шұғыла, қар секілді рухтар бар. Соның ішінде Жарық - адамдар мен Өлгін арасын байланыстырып тұратын құдірет иесі. Жалпы айтқанда, Өлгін ата тәңірі сипатында көктегі барлық құдірет иелерін басқарады екен.
Түркі халықтары пір тұтқан әйел тәңірі де бар. Оның құдіреті көк тәңірінен кем емес, оны Ұмай ана деп, түркі жұрты бас иіп, табынады. Ұмайға табынсаң, ұл табасың деген мақал Махмуд Қашқари жазған Түркі тілдері сөздігінде кездеседі. Ежелгі алтай аңыздарында адамды Ата тәңірі Өлгін мен Ана тәңірі Ұмай жаратқаны айтылады. Ана тәңір Ұмайдың есімі ежелгі түркі ескерткіштерінде жиі кездеседі. Тунюқұқ мәңгі тас ескерткішіндегі жазуда: Тәңір Ұмай, қасиетті жер-су бізге медет береді. Біз (тағы) неге тозып кетеміз деген сөз бар. Күлтегін ескерткішінде: Ұмайдай анам билеген елде інім Күлтегін ер аталады деген сөз де көңіл аударады. Демек, ежелгі түркі халықтары ұрпақтарының жебеушісі де Ұмай ана. Бұл наным халықтар жүрегінде сақталған. Моңғол мен Саха (Якут) халқы арасында Ұмай анаға табынушылар әлі де бар көрінеді. Қазақтардың көктен жаңбыр тілейтін ырымы да осы сенімнің жұрнағы.
Ұмай ананың құдіреті - адам баласына топырақ, су қайнарларын сыйлау, сондықтан ол жер бетіндегі күллі өнімнің де тәңірі саналады. Ұмай ананың он екі қызы болыпты. Олар адам баласын бақытқа жеткізу үшін өзенді бөгеп, сусыз жерге су шығару үшін қажымай еңбек етіпті. Қыздарының бұл ісіне сүйсінген Ұмай ана олардың өмір бақи адам баласына жол сілтеп тұруы үшін қада тастарға айналдырып жіберіпті. Бұл да қасиетті ананың адам ұрпағына істеген жақсылығы саналады.
Тәңірге сыйыну сипаты күні бүгінге дейін халқымыздың салтында бар. Қайтыс болған адам жатқан орынға жеті күнге дейін шырақ жағып қою, жаңбыр жаумай қалған маусымда тасаттық беріп, көктен жауын тілеу, толғатқан әйелдердің Биби Фатима аруағына қоса Ұмай ананы да атап, жебеуші болуын тілеуі секілді ниеттер ел ішінде ұзақ сақталған. Демек, ежелден-ақ әр халықтың өзі сыйынған жебеушілері болған анық. Соның ішінде ана тәңірлердің адам баласына қамқорлығы ерекше. Ал Ислам діні тарағаннан кейінгі адам баласының түбі - Адам ата мен Хауа ана. Бұлар да бұрынғы өткен күллі тәңірлер секілді болашақ ұрпақтың бастаушылары саналады. Адам баласы өз тіршілігінде өзіне өмір берген, жарық дүниені сыйлаған. Сондықтан да адам өзінің адамдық сипатын таза сақтауға тиіс. Алла тағаланың да күтетіні осы. Бұзақылық, қиянат, өсек-аяң, зинақорлық, жалған сөз - Алла тағаланың өте жиіркенетін істері. Адамгершілігі биік дейтін адамдар осы сипаттардан аулақ болуымен ардақты. Арыңыз да, намысыңыз да жаныңыздың тазалығымен өлшенеді. Отбасының сүттей ұйып, балдай тәтті күймен өмір сүруі де ар мен намысқа байланысты. Арлы ұрпақтарды тәңір жарылқай берсін.
Құрманбай Толыбаев
Сақ патшасы - Зарина сұлу (б.з.б. Ү ғ.)
Зарина - біздің заманымызға дейінгі ғасырларда өмір сүрген, ежелгі сақ тайпаларының бірін басқарған жауынгер әйел. Қазақ ұғымында бұл әйел ерлік пен өрліктің белгісіндей сақталған. Зарина билік құрған кезеңде көршілес жатқан Табғаш елі мен Славяндар әйел басқарып отырса да, Заринаның иелігіндегі жерге қарай қадам басуға жүрексінгені жайлы айтады. Заринаның әскерінде сонымен қатар қыздардан құрылған әскер де болған. Геродоттың жазбаларында бұлар: сақ тайпасының қыздардан құралған әскері - кез келген қолына қару ұстаған ер адамнан кем емес, олардың атқа мінісі мен ұрысу өнерін меңгергені және батырлықтарының өзі ер адамдарға үлгі боларлық деп жазады.
Бүгінгі жеткен аңыздар осы Зарина ханым басқарған жауынгер қыздар тобы (амазонка) болып саналады. Тарихшылардың айтуынша, Зарина басқарған тұста елде ешбір қиыншылық болмай, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болды деседі, көршілес елдермен бейбіт қарым-қатынас жүргізіп, елдің көркеюін қамтамасыз еткен ол бұл істерін тек өзге елдің өзіне ашуынан сақтануы үшін емес, өзінің де мыңдаған қол жауынгері сақадай-сай дайын тұрғандықтан болатын. Бұл оның барлығында елдің бейбіт өмірі үшін жасалды дейді.
Заринамен байланысты айтылатын бізге жеткен деректердің барлығы да оның Отаны мен еліне деген адалдығын дәлелдейді. Соның бірі де бірегейі - Тағбаш ханымен болған кездесуі. Көршілес Тағбаш ханы Заринаның өзіне ғашық болып, көңіл білдіріп, сөз салады. Бірақ тарихшылардың айтуынша, мұнда ешқандай да есеп пен сол елдің билігіне, ханымына үйлену арқылы жетсем деген ой болмағаны, шынайы ғашық болғаны жайлы айтылады. Десе де, бір ұлысты уысында ұстаған ақылды ханды кім жек көрсін, Зарина ханымның да бұл жүрек қалауы болса керек. Екі жақта келісім жүріп, енді үйлену мәселесі қалғанда өзіне тоқтау салған Сақ патшасы Зарина ханым Егер мен Табғаш ханына тұрмысқа шықсам, менің артымдағы қалың еліме де ол иелік жасайды, мұның ақырында менің халқым, сол елдің халқына құл болады деп, Табғаш ханына тұрмысқа шығудан бас тартады. Мұның өзі Зарина ханымның ерлігін көрсетсе керек-ті.
Зарина ханымның аты сол кезеңдерде Эгей теңізіне дейін жетіп отырғаны тарихи жазбалардан аян. Оның соғыс даласы үшін өсірілген аттары, соғыс салу өнеріне жаттыққан әскерлеріне қарап, басқарушысы әйел екеніне кейде жаудың өзі де сенбей қалатын. Бірақ аңдыған дұшпан алмай қоя ма? Зарина тым жас қалпында жыланға қастандықпен шақтырылып, аңшылықта жүріп қаза табады.
Зарина ханымның құрған ұлысы ханым өлген соң да жылдар бойы гүлденген жағдайда өмір сүрді.
*** *** ***
Зарина - біздің заманымызға дейінгі ғасырларда өмір сүрген, ежелгі сақ тайпаларының бірін басқарған жауынгер әйел, патша қызы еді. Күйеуінің аты - Мөрмөр, қолбасшы болатын.
Бір күндері Зарина соңына нөкер қыз-келіншектерін ертіп, кең далаға аң аулап, көңіл көтеріп қайтуға шығады. Бір төбеден бір төбе асып, құлан қуып жүргенде, алдынан қаз қатар тізілген жау әскері көрінеді. Олар Заринаның әйел екенін танымайды, дулыға киген жас жауынгерді қолға түсіру үшін қоршай бастайды. Зарина өжеттікпен қоршауды бұзып өтеді. Соңынан жау әскерінің көсемі қуады. Бір уақытта Заринаның санына оқ тиіп, жараланып, аттан құлайды. Ақсаңдап орнынан қайта ұмтыла бергенде, басындағы дулығасы ұшып кетіп, төбесіне түйген қолаң шашы жібектей сусып беліне түседі. Қуғыншы Заринаның әйел екенін білген соң, аттан секіріп түсіп, көмектесіп, көтеріп алады. Ай мен күндей сұлу келіншекті ұнатып қалады. Ол - Мидия патшасының баласы, Ханзада еді.
Ханзада Заринаны бір көріп қайту үшін жиілетіп ұлы сақтар даласына келіп тұратын болады. Бір күні Заринаның күйеуі Мөрмөрдің қолына түсіп қалады. Ол қолындағы тұтқынын өлтірмекші болады. Мидия Ханзадасын өлтірсе, екі елдің арасында жанжал туып, соғыс басталатынын сезген Зарина Мөрмөрді райынан қайтарғысы келсе де күйеуі оған көнбейді. Зарина нөкерін жұмсап, араша түспекші болғанда, Мөрмөр байқаусызда жараланып, ұзамай қансырап өледі.
Мидия Ханзадасы еліне кетерінде Заринаға сөз салып, бас қоспақ ниетін білдіреді. Екі патшалықты біріктіріп, бір ел болайық, - дейді. Зарина жауабын бірден бермей: Бір жылдан кейін анығын айтамын, - деп қала береді.
Арада бір жыл өтті. Заринаның да Мидиялық көркем жігітті ұнатып қалған сыңайы бар. Уағдаласқан күндері болғанда көп әскерімен атқа қонып, Мидияның шекарасына жақындайды. Арғы жақтан Ханзада күтіп тұр екен. Зарина сабырлы, салқындылықпен Ханзадаға былай дейді:
- Армысың сүйіктім! Мен сені ғана ұнатамын. Бірақ, әйелің бола алмаймын. Оның себебі: екеуіміз қосылсақ, сен хан боласың, мен ханым боламын. Менімен қоса артымдағы елім де саған бағынышты болады. Мен сүйгеніме қосылып бақытты болғаныммен, елім тәуелсіздігінен айрылып, бақытсыз болады. Мен үшін елімнің еркіндігінен артық ештеңе жоқ. Қош, сүйіктім!
Осы сөзді айтып бола бергенде, Заринаның қара көзінен жас тамып кетті. Ханзада да мұңға батып, басын төмен салды.
Бізге жеткен деректер Зарина Отаны мен еліне адал басшы болғандығынан хабар береді. Мұның өзі Зарина ханымның ерлігін көрсетсе керек-ті. Зарина ханымның аты сол кезеңдерде Эгей теңізіне дейін жетіп отырғаны тарихи жазбалардан аян. Оның соғыс даласы үшін өсірілген аттары, соғыс салу өнеріне жаттыққан әскерлеріне қарап, басқарушысы әйел екеніне кейде жаудың өзі де сенбей қалатын.
Тұмар патша (Томирис) (б. д.б. ҮІ ғ. )
Тұмар біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІ ғасырда сақ-массагеттердің әйел патшасы болып салтанат құрады. Сақ тайпалары Тұмар патшалық құрып тұрған кезде Ассириямен, Мидиямен жақсы қарым-қатынаста болған.
Тарихқа назар аударсақ, патшалықтың гүлденген тұсы патшайым билік жүргізген уақыт екеніне көз жеткіземіз. Сол кезеңде сақтардың қару-жарағы мен жүйрік аттарына тең келер құнды нәрселер болмағанын бүгінгі жеткен деректер әйгілейді.
Патшайым туралы бізге жеткен деректер аз. Соның бірі соғыс даласында өткен ІІ Кир есімімен байланысты әңгіме саналады. Достастық елдерде сонымен қатар Парсы патшасы атақты ІІ Кирдің өзі достық, соғыс одағын жасасқан. Алайда, асып-тасқан Кир бұл одақты місе тұтпай, Орта Азия мен Қазақстан жерін жайлаған сақ-массагеттер елін кіріптар етіп, жаулап алуға ұмтылады.
Тұмар ханым билік басына отыз жеті жасында, ерінің орнына келеді. Десе де өмірінің соңғы жылдары елдің жеріне көз алартушылықтардан көп жапа шегіп, шапқыншылық көбейіп, жеті жыл тақта отырады да қырық төрт жасында көз жұмады. Патшайымның жалғыз он алтыдан асқан ұлы бар еді. Ол бүкіл әскердің үштен бірін алып келе жатып, Кирдің адамдарына кездесіп оны жеңеді. Алғашқы жорығының жеңіспен аяқталғанына қуанған жігіт, сол жерде той тойлап, шарап ішіп, әскерімен алаңсыз ұйқыға кетеді. Мұны білген Кир қайтып келіп, ұйқыдағы әскерді тас-талқан етеді. Тұмардың баласы қолға түсті.
Тұмар патша Кирге жаушы жіберіп, баласын босатып, еліне тыныштықпен қайтаруды талап етеді. Тұмар Кирге былай деп сәлем айтады: Сен менің тұтқындағы ұлымды қайтар да аман-сауыңда еліңе кет. Бұл айтқанымды тыңдамасаң, қанға тоймас басыңды қанға тұншықтырамын!.
Кир баланы босатпайды. Кирдің жібермейтініне көзі жеткен жас жігіт өзін-өзі өлтіреді. Баласының қазасы Тұмар патшаны есеңгіретіп кетті. Көзі жасқа толып, бауыры езіліп, іштей еңіреді. Сонда да бауырын жазып атқа мінді. Ата-бабаның жерін таптатпауға, қанға-қан алуға бел байлады.
Қанды шайқас басталды. Қиян-кескі соғыста парсы әскері тас-талқан болып жеңіліп, ІІ Кирдің өзі майдан даласында қаза тапқан. Осы ұрыс жайында грек тарихшысы Геродот: Массагеттердің әйел патшасы Томирис шайқаста парсыларды жеңгеннен кейін Кир патшасының басын кесіп алып, қан толтырған тұлыпқа салады. Сосын, өмір бойы аңсағаның қан еді, құмарың қанғанша іш деп тұлыпты дарияға лақтырды, деп жазады. Себебі, бұл соғыста Томирис баласынан айырылған еді...
Тойымсыз Кирді жеңген сақтың қызы Тұмар патша осылай тарихта қалыпты. Бұл оқиғаны сол заманда өмір сүрген тарихшысы Геродот Тарих атты кітабында жазып кеткен. Онда Томирис деп аталады.
Бөрте ханым
Тарихи еңбектерде Шыңғыс ханның әйелдері мен күңдері бес жүзден асады деп көретілген. Мұсылман тарихшыларының еңбектерінде (XІІІ- XІVғ.ғ) Шыңғыс ханның әйелдеріне арнайы титул берілген: хатун (ханша, госпожа) және бики немесе (биге). Басты әйелдерін - хатун - бузург үлкен госпожа, ал үлкен әйеліне хатун-бузургтар - ұлы госпожа. Шыңғыс әулетімен қыздарын аттастыру көпшілік рулар үшін мәртебе болған. Шыңғыс хан әулетіне қыздарын ұзату құқын иеленген түркі - монғол рулары арасынан көбіне қоңыраттар болған. Тимучин бүкіл монғолдың билеушісі болғаннан кейін Шыңғыс хан әулеті қоңыраттармен қыз алмасу дәстүрі заңдастырылды. Шыңғыс ханның Юань - ши деген императорлық жарлығында: егер қоңырат руында қыз туылса, олар ұрпақтан-ұрпаққа ханшайымдар болады, ал ұл туылса, келешекте олар ханшаларға үйленеді делінген. Шыңғыстанушы Ю.А.Зуев Шыңғыс әулеті әйелдерінің негізін қоңыраттар құрағандығын және бұл тайпаны осы әулеттің одағы деп атаған.
Шыңғыс ханның күңдерін Кума деп атаған, олар екі топқа бөлінген: 1) моңғолдың қыздары, 2) жас тұтқын қыздар. Тұтқынға түскен қыздарды егер хан қаламаса, оларды әйелдеріне қызметші ретінде немесе туыстарына, уәзірлеріне бөліп берген. Күңдердің статусы болмаған, бірақ кейбір күңдерді Шыңғыс әулетінен біреу тұрмысқа алса, онда күң кумадан - хатунға көшкен.
Шыңғыс ханның әйелдерінің ішіндегі ең беделді әрі үлкені Бөрте болды. Тимучиннің әкесі Есукей аңшы, мерген батыр адам болған. Қайтыс боларынан бір-екі жыл бұрын үлкен баласына қоңырат тайпасындағы ағаш ұстасы, шебер Дүйшенің қызына құда түскен. Тимучин ол кезде тоғыз жаста болды. Бөрте Тимучиннен бір жас үлкен болған. Тимучин бүкіл некелік өмірінде Бөртені құрметтеп, оған қатты бауыр басқан.
Тимучин көрші жатқан қалың керей жұртының ханы әкесінің қаруласы Тоғырылды Шыңғысхан аталған кезінде бір шайқаста кейіннен Керей тайпасының ханы болған кезінде өлтіреді. Мұны естіген Бөрте жарының қаталдығына көзі жетіп: "Өткен іске өкінгенмен орнына келмейді. Саған кезінде жасаған жақсылығына, әкеңмен достығына арнап өлген жеріне зәулім де биік ескерткіш орнат" - дейді. Бұл жерде Бөртенің ақылдылығына, өмірдегі жақсылық пен жамандықты ажырата білетін парасаттылығына мән бере отырып, Шыңғысхан Қатын өзенінің бойынан үлкен ескерткіш орнатты. Бөрте Шыңғысханға төрт ұл, бес қыз туған. Төрт ұлы өте ақылды, абыройлы, батыл болған. Ол төртеуі төрт жақтағы қабырға секілді болған. Оларды төрт жұдырық деп атаған.
Бөрте ханым тарихта ақылдылығымен ғана емес, үнемі Шыңғыс ханға ақыл-кеңес бере отырып, кеңесшісі де бола білгендігімен де қалды. Шыңғыс хан Бөртені оның ақылдылығы, сабырлылығы үшін бағалай білген. Бөрте үнемі Шыңғыс ханға кеңес беруші болған. Осындай әлемді билеуші қатыгез Шыңғыс ханның әйелінің ақылын тыңдауы бұл Бөртенің ерекше жан екенін көрсетеді. Шыңғыс хан Бөртені құрметтегені сонша, хан екінші әйелі Құланға үйленерде Бөрте ханымның ықыласын білмек болып тоғыз кеңесшісінің бірін жіберген екен.
Бөрте өзінің ақылдылығы мен сабырлылығын көрсете отырып былай дейді:
Хан иемнің құдіреті бұл,
Қалың моңғолдың еркіндігі.
Әйел алсаң үстіне
Әйел қоса ал, демей ме? - деп ықылас білдіреді.
Бұл жерде Шыңғыс ханның Бөртеге деген адалдығын, құрметін көреміз. Басқа әйелдеріне үйленгенде Құланға, Есугейге мұндай көңіл бөлінбеген. Бөртені меркіттер алып қашып Чильгерге әйелдікке берген кезде де оны меркіттерден қайта алғанда, Шыңғыс хан оған бұрынғыша үлкен әйелі ретінде, үлкен сыйластықпен қараған. Тек Бөртеден туған балаларына ханзада деген атақ берілген. Шыңғыс хан Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алған соң (1219 - 1224ж.ж.), Бөртеден туған ұлдарына ерекше жерлерді бөліп береді. Қазақстан жері үш моңғол ұлысының құрамына енеді: далалық бөлігі - Жошы ұлысына, Оңтүстік және Оңтүстік - Шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысына енді.
Бөртеден туылған төрт ұлы қуатты билеуші болып, Шыңғыс әулетінің негізін қалады. Әйелдің жақсылығы тек көркінде ғана емес ісінде, адамгершілігінде, ақылы мен өнерінде. Осындай жақсылық адамгершілік ақыл мен өнер көшпелі тайпаның кең даласында туып өскен Бөртенің өн бойынан байқалып тұратын.
Шыңғыс ханның анасы Оулен ер мінезді, қайратты әйел еді. Ол Бөртеге Осы шаңырақтың бағы мен базары, орта қазық жел бақаны, тіреушісі болуға жаралған жансың. Жолың ақ, маңдайың толы бақ болсын, - деп бата берген. Бөрте ханым Шыңғыс ханның өмірінде ерекше орын алған. Оның өн бойында кездесетін өзіндік қасиеттері мен тарихтың бай мұражайының төрінен орын алып өскелең ұрпаққа үлгі ретінде қала береді.
Бөрте - Шыңғысхан жұбайы
Өскен де өнген, өркен жайған өрелі ұрпақ, еңселі тайпа, босаға таңбалы Нағанай батырдан тараған ақ боз үйлі ауылдың бірінде, дәл айтсақ, ел билеуші, әрі шешен, әрі би, талайлы елдің басшысы Менлеке атты қария үйінде 1170 жылдың күзінде, мизам ұшып, жиде гүлдеп, жемісін төгер шақта мынадай әңгіме болды. Бидің жақсы көретін немересі, балаң жігіт Сеңгеле атасына келіп былай деді:
- Ата деймін, анау әлгі біздің жылқыны бағатын жігіт бар ғой, сол еліне қайтамын деп жатыр...
- Ие, сол да гәп болып па, қайтса қайтсын. Жылқыға құрықша табылар. Ал жылқыны ерен бағып, ерекше көрінсе, менің атымнан, тіпті, сен де осал емессің, өз атыңнан алғыс айт. Жақсы көріп ұнатқан болсаң, ерінбей шығарып сал, бұл артық емес. Өсер елдің баласы ең алдымен өріс іздемейді, дос-жаран іздейді. Дос тапсаң, өріс өзі келеді...
- Сіздің айтқаныңызға бармын, ал оның өзі не дейді, оны өзіңіз сөз тартып білерсіз, мен де жандарыңызда отырармын. Оны ертіп келе қояйын! - деп Сенгеле сыртқа шығып кетті.
Балалар көп күттірмеді. Алдымен жылқышы бала кіріп келіп:
- Биеке, сау-саламатсыз ба? Күйлі қуатты боларсыз! - деді өте бір салмақты, жайбарақат үнмен. Дауысы еркін де берік.
- Есімің кім бала? - деді Мелеке, баланың мұны көптен білетіндерше сәлеміне аң-таң қалып.
- Мұны сіз, екі жыл бұрын, сұрауға тиіс едіңіз ғой. Оқасы жоқ. Әлде кеш емес, өткенге өкіну ер ісі емес. Менің атым Теміршын. Шешем Оөлен, осы сіздің елдің адамы. Әлі тірі. Сол шақырып жатыр. Еліме, шешеме барамын. Кетуге мұрсат сұрай келдім.
- Ата-ананы тыңдап өскен адам көпке барады. Әкеңнің аты кім?
- Әкем болған. Ол кісі жоқ. Аты - Есукей.
- Кім дедің?
- Есукей...
Менлеке баланың бетіне қайта-қайта тесіле қарап, көпке дейін үнсіз отырып қалды. Есіне көп жай түсті. Бірақ бірден шешілмеді.
- Әкең кім болған адам?
- Қалай десем болады. Жоғалған пышақтың сабы - алтын, жүзі - болат демекші, батыр ма, аңшы ма, мерген бе әйтеуір, тегін болмапты. Мынау, әлгі сіздің көршілер, татарлар у беріп өлтірген.
- Е, сен бала, бізге жиен боласың. Сен Есукейдің ең үлкен баласысың ба?
- Тұңғышымын.
- Сен, әрине, әлі үйленген жоқсың. Қалыңдығың бар ма?
- Бар болса, осы ауылда...
Менлеке есіне тағы да талай-талай хикаялар түсті. Немересі Сеңгелеге жалт қарап:
- Сен кәзір бар да, әлгі ағаш арба жасайтын ұста бар ғой, соны, ие Дүйшені шақырып кел! - деді.
Сенгеле жүгіріп кетті. Дүйше де көп ұзамай келді. Менлеке:
- Сен, Дүйше, мынау отырған жас азаматты танисың ба?
- Жоқ. Танымаймын. Бірақ сіздің қосында бір жылқышы бала бар деп естуші едім. Бұл сол бала болар.
- Болар емес, соның өзі. Енді есіңе бәрін де түсір. Атағы шыққан мерген Есукейді білесіңбе? Білесің.
- Ия, білемін.
- Білсең, бұл соның баласы, Теміршын.
- Есукей тірі ме? Өлді деп естігенмін.
- Әңгіме өлген жайында емес. Тірілер жайлы. Көп сөз - көбік, аз сөз - анық. Қысқасын айтсам, міне, мынау қызық: бұл отырған сенің күйеу балаң. Қалыңдығын бер. Той-домалақ жасайсың ба, жоқ па, оны өзің білесің? Еліне екеуін шығарып сал...
- Ау, биеке-ау! - деп Дүйше кідіріп қалды. Сонда Сенгеле:
- Әкесі барда мұнымен қызды атастырып, қол алысып, беттеріңе ұн жағыпсыңдар. Әкесі өлгесін айнымақсыз ба?
- Бөртеден сұрап көрейік, ол да бір пенде ғой - деді Дүйше.
- Ал онда, өзің айта алмасаң, оның өзі айтады. Ол да айта алмаса, үшінші болып мен айтамын. Есіңде болсын, үшінші өкім - шешуші өкім.
- Бөртенің өзін де тыңдайық дегенім ғой...
- Тыңдайық. Шақыр, сен Сенгеле!
Сенгеле мен Бөрте келгенше, жәй бір пендешілік әңгіме емес, Есукейдің батырлық, аңшылық мергендік қасиеттерін айтқан биді тыңдап отырды.
Айтылып жатқан сөз аяқталмай қалды. Есіктен ұзын бойлы, ат жақты, әдемі емес, сүйкімді ақ сарылау қыз бала кірді де:
- Ата, сіз шақырып жатыр дегесін, жөнді киім де кие алмай, асығып-үсігіп келдім. Қуаттымысыз ата, мен Бөрте деген балаңыз болам, - деді.
- О, айналайын! Өмір-жасың ұзақ болсын! Асыққан асылық болмайды, артық айтқан асылық. Шынын айтса, жөн сұрайын деп едім.
- Мен сізге жөн айта алмаймын. Ал, сауалыңызға уәж айтуға әзірмін, ата!
- Жөн дегенім уәж ғой. Соны айтсаң да жетеді. Дайынсың ба, балам, жауапқа.
- Тыңдап тұрмын ата!
- Мынау отырған, сенің өзіңе ұқсаған ақ сары әдемі жігіт, бұдан екі жыл бұрын сенімен атастырған бала. Есукей баласы, Теміршын. Әкесін көргенсің. Ол жарық дүниеде жоқ. Баласы келіп отыр. Ие, айтпақшы, осылар қайтер екен дегендей, қайын жұртына сынай қарап, осында екі жыл жүрген. Бұдан жөн-жосық, жол болсын сұраған ешкім болмаған. Мұны біз бүгін, бұл еліне қайтамын дегенде әрең біліп отырмын. Енді, қайтеміз? Мынай әкеңе айтсам күмілжиді. Кесімді сен айтасың ба, әлде мен айтайын ба?
- Сіз айтасыз да, ата!
- Мен айтатын сөз қысқа. Айтысқан сөз, алысқан қол, қағысқан кеуде - ант десең антпен, серт десең сертпен тең. Ертең осымен қол ұстасып, осының еліне, алыста болса да, онда апаң, Оөлен деген кісінің қолына келін боп түсесің, түсінікті ме? Ал енді, сен өз ойыңды айт. Өз құлағыммен естиін.
- Жазмыштан асар ештеңе жоқ, ата. Ал енді батаңызды беріңіз! - деді қыз алақанын аспанға қарай айқара жайып.
- Бірлік деген тірлік. Тірлік деген еңбек, талпыныс! Ойлаған ой, аңсаған арман, тілек-талап, тіршілік сен екеуіңе талмастай мықты, қанат берсін!
- Қанат берсін - деді Бөрте.
Дүйше үйінде шағындау, кішігірім той берді. Қыз алып кетуші жалғыз басты, салт атты, сабау қамшылы жас жігіт болғандықтан оған жастар жағы, қатар-құрбылар ғана қатысты. Той ұзақ болмады. Күйеу баланың елге жетуге асығыс екенін сезген жастар екеуін атқа мінгізіп, Ертіске дейін шығарып салды. Сонымен салт аттылар өзеннен өтіп, тауға, одан соң етек-жеңі далиған кең далаға бет түзеп жүріп кетті. Ат белін талдырып Теміршын туған жеріне оралды.
Оөлен ер мінезді де қайратты әйел еді. Баласы жалғыз келмей екеу болып оралғанына қуанғаны сонша, Есукей тіріліп келгендей болды. Өлгенім тірілді, өшкенім қайтты. О, тәңірім бар екенсің! Көзімнің жасын, көңілімнің налысын көріпсің, біліпсің, есіңе апсың. Бәсе-ау, бәсе, түс көріп едім. Түбімде мына жыртық үйдің тесік түндігінен күн сәулесі түсіп, қойныма келіп еді-ау. Немере сүйем. Бауырым балаға толады. О, тәңірім тілегімді бердің бе! Көз жасым қорғасындай ауыр, алтындай таза еді-ау! Оны көрген екен тәңірім!
- Апа, апажан, әлгі түсіңіз аспандағы айдай алтын боп, төбедегі күндей күміс боп, осы қара шаңырақтан салдырап етегіңізге төгілсін - деді Бөрте.
Әрине, қара шаңырақ бірден жаңармады да жамалмады. Бірақ кедей үйдің түтіні бұрынғыдай емес, түзу шыға бастады. Ең алдымен Теміршын әкеден қалған ерге отырып, атқа мінді. Ат желігі оған жаңа ой салды. Жейдесін шешіп, оны тор жасап, тұнық судан балық аулауды қойып, қару асынды. Балық сорпасының орнына, арқар мен киік етін жеп, күн кешуден де басқа айла-амалына ауысты. Әке көзін көрген ескі достардың көбі-ақ қайта оралып, бұрынғы желі, көнетоз ақырға атбасын қайта тіреді.
Бөрте босанып, Жошы атты тұңғыш баласы дүниеге келгенде ол Тоғырыл үйіне келіп, өзінің көптен бері ойланып жүрген ішкі дүниесін хан алдына жайып салады.
- Сыныңыздан өттім бе, өттім, хан ием! Енді маған шағын болмаса да, әрине, сізге бағынатын, ел етіп, мынау монғолдың басын қосып, халық қылайын. Батаңызды беріңіз! - деп, оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz