Философияның алғашқы бастаулары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Жаңа Дәуір философиясындагы рационалистік және эмпиристік багыттар. Ф.Бжон, Р.Декарт, Б.Спиноза ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Дж.Локк пен Т.Гоббстың ачеуметтік-философиячық концепциялары ... ... ... ... ... .. ..7
3. Дж. Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
III Қорытындыбөлім ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
V Глоссарий ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
VI Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
VII Тест сұрақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Кіріспе
Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), адам - ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демекд үниенің қожасы деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.
Негізгі ерекшеліктері:
-- ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі
-- білімнің қарқынды дамуы
-- ғылымдардың пайда болуы
-- діннің беделі мен билігі алдыңғы орынға шығуы
Жаңа дәуір философиясында эмпиризм және рационализм секілді екі бағыт қалыптасады.

1.Жаңа Дәуір философиясындагы рационалистік және эмпиристік багыттар. Р.Декарт, Б.Спиноза
Рационализм мен эмпиризм
Рационализм (лат. ратіо - сана) - болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Негізін салушы Р.Декарт, өкілдері Б.Спиноза, Г.Лейбниц. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық 2. гносеологиялық 3. этикалық рационализм
Эмпиризм -- танымның негізі тәжірибеде деп есептейтін философиялық бағыт негізін салушы Ф. Бэкон, көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Д.Локк, Д.Дьюи.
Осынысымен рационализм - идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның таза идеялары), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын) мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) - рационалистер.
Гносеологиялық рационализмнің басты идеясы - дүниені танып білетін бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық геология мен схоластика қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. Білім-күш девизін ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді. (Сезімде болмаған нәрсе - ақылды болуы мүмкін емес).
Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:
1.ақыл сүзгісінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;
2.ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық бола алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.
Моральдық - этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр деген түсінік этикалық рационализм деп аталады. Ежелгі дүние мен қазіргі заманға дейінгі көптеген философтарды (Платон, Демокрит, Эпикур, Сократ, Кант, т.б.) рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Р.Декарт, Спиноза болды. Эмпиризм - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді Жақтайтын философиялық бағыт. ХVII ғасырдағы Англияда, одан кейінгі кезенде АҚШ-та кең тарады. Негізін қалаушы - Фр.Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Дж.Дьюн. Эпиристер райционалистермен дауласты.
Рене Декарт (1596-1650) -- француз дворянының отбасында туып, иезу-иттердің Ла-Флеш коллегиясында физика, математика, арифметика, механика, музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қызықпаған де-карт (Картезий) алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогонияны, және, әрине, философияны талдады. Белгілі еңбектері: Бірінші философия туралы пайымдаулар. Философияның алғашқы бастаулары, Метод туралы ойлар.
Ерекшеліктері:
Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі математикалық ойлау тәсілінен жақсы көрінеді. Өзінің математикалық ізден-істерінің негізінде Р.Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізгі себеп -адамдар ғылым және өнер саласында ақиқат ұғымдарды емес, болжамды көбірек қолданады, сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану керек. Декарт төрт ережені тұжырымдайды:
1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымы буідіреді. Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуальдік сәуле деп түсінеді.
2) Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше қарапайым элементтерге бөліп қарастырсақ, қиыңдықтарды шешу, белгілі бір шешімге келу жеңілдейді.
3) Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным процесі қарапайымнан күрделіге қарай жүреді.
4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай шолу жасап отыру қажет -- энумерация.
Декарттың рационализмінің негізі -- күмән. Күмәнданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді, тіршілік етеді. Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін (Я мыслю. следовательно я существую. Соgіtо егgо sит). Декарттың пікірінше, біз анық қабылдайтыні нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылыи қабылданады.
Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие - тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:
1.материалды (заттар),
2. рухани (идеялар).
Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау - рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары - форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б.
Бенедикт Спиноза (1632 -- 1677 жж.) - нидерланд философы.
Негізгі еңбектері: Діни-саяси толғау, Декарт философиясының қағидалары, Этика, т.б.
Спинозаның ілімі бойынша, барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым ол -- субстанция (түпнегіз). Құдай, табиғат, әлем, түпнегіз біртектес, бір реттегі түсініктер, синонимдер. Түпнегізге сансыз көп атрибуттар (ең басты қасиеттер) тән. Солардың ішіндегі ең маңыздылары кеңістікте көсілу мен ойлау. Түпнегізді ешкім (құдай да, табиғат та) жаратпайды, ол өз-өзінен пайда болуына себепкер (causa sui). Түпнегіздің атрибуттары модустарды дүниеге әкеледі. Олардың өздері екі түрлі болады. Біріншісі, түпнегіздің атрибуттарынан тікелей туындаған модустар. Бүлардың өзі атрибуттарының табиғатына қарай: а) кеңістікте кесілу атрибутынан қозғалыс және тыныштық модустары; б) ойлау атрибутынан - ақыл-ой және жігер модустары болып бөлінеді. Екіншісі, әлемдегі жеке денелер -- модустар. Әлем түпнегізбен пара-пар болғандықтан, бұл модустар түпнегіздің (әлемнің) жеке денелер арқылы көрінуі. Әлем универсум (әмбебап жалпы ұғым) ретінде мәңгі және өзгермейді. Ал оған кіретін жеке денелер үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болады. Өзгермейтін, қозғалмайтын әлеммен үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болатын жеке денелердің арасындағы байланыс қозғалыс модустары арқылы жүзеге асады.
Түпнегіздің ойлау атрибутының модустары (тіршілік, рух, жан) барлық жеке денелер мен құбылыстарды қамтиды.
Осы модустардың әрқайсысы өздеріне лайық жеке денелерде әр түрлі болып кездеседі. Егер, жануарларда - жан, адамдарда - жан, рух, ақыл-ой, жігер модустары болса, басқа заттарда - тіршілік модусы ғана болады. Бұл жерде Спиноза тіршілік деп жеке денелердің пайда болған кезінен өлгенге дейінгі өмір сүруін айтады. Спинозаның әлемдегі барлық денелерді басынан бастап жанды заттар ретінде қарастыруы философиада гилозоистік көзқарастың жанданып, одан әрі қарай дамуына үлкен әсер етті.
Спинозаның ілімі бойьшша, тек денелер ғана модустар емес, сонымен бірге идеялар да - модустар. Олай болса адамдар өз мүмкіндіктерін, және табиғаттың заңдылықтарын, сырын неғұрлым көбірек білсе, соғұрлым ол өзі үшін әдептілік қағидаларын белгілеп, пайдасыз іс-әрекеттерден аулақ болып, құдайдың мәнін түсінуге жақындар еді. Ал құдайды жақсырақ түсінген сайын, оны көбірек сүйеміз. Осындай құдайға деген сүйіспеншілік -- біздің игілігіміз. Адамдар өзін туғаннан еріктімін деп есептейді, шындығында олар ерікті емес. Өйткені, олардың іс-әрекеттері себептілікке бағынады. Бұл заңдылықты білмегеннен кейін, олар өздерін еріктіміз деп ойлайды.
Табиғаттың, адам өмірінің себептілік заңдылығына бағынышты екенін түсіну үшін ойлаудың математикалық тәсілі ғана бізді ақиқатқа жеткізеді.
Жалпы алғанда, таным процесі үш сатыдан тұрады: біріншісі -- сезімдік таным. Бұл сатыда біз шынайы білім ала алмаймыз, себебі түйсіктер арқылы алған ақпараттар көп жағдайларда көңіл-күйге байланысты болады; екіншісі -- рационалдық таным, басқаша айтқанда ақыл-ой арқылы таным. Танымның бұл сатысында да біз ақиқатқа жете алмаймыз; үшіншісі - интуиция, немесе заттар мен құбылыстардың мәнін іштей түсіну. Бұл сатыда заттардың мәнін түсініп-білу арқылы, олардың түпнегізін (құдайды) білуге мүмкіндік аламыз.
Сөйтіп, құдайдың (түпнегіздің, табиғаттың, әлемнің) мәнін, мазмұнын, табиғатын түсіну тек математикалық тәсілді қолданған ғылымдарың ісі, ал дінге келетін болсақ, оның құдай туралы айтқан пікірлері қате. Жалпы алғанда, діннің шығуына екі түрлі себептер әсер еткен. Олар: 1) адамдардың табиғаттың өзінен табиғаттағы кұбылыстардың себептерін түсіндіре алмауы, және 2) олардың табиғаттың дүлей күштерінің алдыңдағы қорқынышы.
Бірақ Спинозаның пікірінше, дін халықты уыстан шығармай ұстап тұру және қоғамда тәртіп орнату үшін қажет.
Спиноза ілімінің атеистік идеялары XVIII ғ. француз ағартушыларының еңбектерінде әрі қарай өріс алса, оның дедуктивтік тәсілі мен таным проңесіндегі кейбір соны идеялары (интуиция т.б.) Шеллингтің, Канттың, Гегельдің философияларында дамытылды.
2. Дж.Локк пен Т.Гоббстың әлеуметтік-философиялық концепциялары
Томас Гоббс (1588 -- 1679 жж.) Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалық көзкарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: Левиафан -- материя, форма, мемлекеттік діни және азаматтық билік.
Гоббстың пікірінше, объективтік шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.
Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады (ұзын-қысқа, жоғары-төмен, үшбұрыш, шар, квадрат, т.б.). Сондықтан, геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі -- есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы (қосу, алу, көбейту, болу, т.б.).
Барлық денелер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Позитивизм
Ежелгi Үндi философиясы туралы ақпарат
Әл- Фарабидің философиялық көзқарастары
Гуманизмнің бастаулары бруно
Түркі дүниетанымы - қазақ философиясының бастаулары
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері жайлы
Антикалық философия туралы мағлұматтар
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Қазақ философиясының пайда болу туралы ойшылдардың көзқарастары
Философиялық ілімдер
Пәндер