Лэпбук - салыстырмалы түрдегі жаңа оқыту құралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы: " Лэпбук - мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың қазіргі
заманғы құралы "

Ағылшын пәні мұғалімі: Нурболатова Ляззат Маратовна

Ақтөбе
Мазмұны:

I. КІРІСПЕ
ІІ. Негізгі бөлімі
2.1. Лэпбук деген не?
2.2. Лэпбук неден тұрады?
2.3. Лэпбук не үшін қажет?
2.4. Лэпбуктің балабақшада мәні мен қолдану барысы.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ТҮСІНІК ХАТ

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа
саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол
танудың, түсінудің, дамудың құралы. Ал үш тіл білу біздің мемлекетіміздің
халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және
мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Қазіргі
уақытта Қазақстан Республикасының шет елдермен халықаралық байланыстары
күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін көп тіл білетін жас
ұрпақ тәрбиелеу қажет-ақ.
Елбасымыз: Мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде үш тілді оқытуды
жаппай енгізуді қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, Қазақстан халқына
Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің – мемлекеттік тіл ретінде қазақ
тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға
үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті
маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу
орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді
түсіндіреді. 
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 8 - бабында Білім беру
жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім
беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық
және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау - деп атап
көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты
міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және
жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы
жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын
пайдаланып білім сапасын арттыру.
Қазіргі кездегі жаңа білім саласына қойылатын талап инновациялық
технологиялар мен әдістемелерді көптеп қолдану болып табылады. Сонымен
қатар дәстүрлі оқыту әдісіне қарағанда инновациялық технология арқылы білім
беру оқушының пәнге деген қызығушылығын, ізденісін арттырады. Жаңа
кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани
тәрбие беру десек, оқытушылар осы талапқа сай оқытудың инновациялық
технологиялары мен әдістемелерінің мән-мағынасын түсініп, өз
тәжірибелерінде қолдана білудің маңызы зор. Инновациялық технология - алға
қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқудың әдіс-құрал
және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы болып
табылады. Инновациялық технологияда мазмұн, әдіс және құралдардың өзара
байланысы десек, ал аталған озық әдістемені қажетінше педагогикалық
міндетке сәйкес іріктей білу оқытушының педагогикалық шеберлігіне
байланысты. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда
көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-
тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз оқу қызметтерінде
қолданамын.
 Лэпбук - мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың қазіргі заманғы құралы.
Лэпбукті ағылшын тілі оқу қызметінде қолданғанда күтілетін нәтижелер:
• тәрбиеленушілердің барлығы дерлік оқу қызметіне қатысады;
• оқушылардың ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылығын арттырады;
• ҰОҚ пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
• Тәрбиеленушілерді жеке және топпен жұмыс істеуге үйретеді;
• Тәрбиеленушілердің есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін
дамытады;
Көбіне мен ағылшын тілі пәнінде интерактивті әдістерді және түрлі
ақпараттық технологияларды жаңа ұйымдастырылған оқу қызметін түсіндіргенде
және қорытынды оқу қызметінде қолданамын.

І. КІРІСПЕ

Бүгінгі уақыт, қоғам басты тұлға мұғалімге жаңаша талап қойып отыр. Қазіргі
уақыттағы мұғалімнің біліктілік деңгейі де, ішкі жан дүниесі де жетілген,
жан-жақты болуы керек, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт
күтілуде. Біз алдарымыздағы отырған тәрбиленушілерді рухани жан-дүниесі
бай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде
қалыптастыруымыз керек. Сонымен қатар мұғалім ақпараттық құралдарды жетік
меңгеру, Power Point, Active Studio бағдарламаларымен жұмыс істеп қана
қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби
шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы
өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну керек.
Осы жерде мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың білім беру әдістемелері
арасында Lapbook қазіргі заманғы құрал туралы айтқым келеді. Мен өз
жұмысымда жаңа Lapbook әдістемелік құралын пайдалана бастадым.
Лэпбук – салыстырмалы түрдегі жаңа оқыту құралы. Алғаш рет лэпбукты
америкалықтар құра бастады. Лэпбук (lapbook) – ағылшын тілінен тура
аударғанда (lap-тізе, book-кітап) деген мағынаны білдіреді.
Лэпбук – бұл қалташалары, есігі, терезелері бар жинамалы кітапша, жылжымалы
бөлшектерден құралған, оған бір тақырыптың материалдары орналастырылады.
Бұл бүлдіршіндермен белгілі біртақырыпты бекітуге арналған тамаша тәсіл
және кітаптың мазмұнын ұғыну арқылы, зерттеу жұмысын жүргізу, оның
барысында бала ізденіс жасайды, ақпаратты сұрыптап және талдайды.
Лэпбук - мектепке дейінгі балалардың танымдық – зерттеу белсенділігінін
дамуы түрінін инновациялық формасы, балалардың ойлау, шығармашылық
қабілеттерін дамуына жақсы әсер тигізеді, тәрбиеленушілер әр сала бойынша
білімдер алады және алған білімдерін қолдана алады.
Тақырыптың өзектілігі Интерактивтік папка – лэпбук Lapbook - бұл қолдан
жасалған кітапша бірнеше қалташаларымен, терезелерімен, конверттерімен,
қозғалмалы детальдарымен ерекшеленеді. Бала оларды алып, салып, қарап,
ойнап алады. Нақты бір тақырып бойынша зерттеп, оқып үйренген іс-әрекеттің
қорытынды кезеңі. Осы папканы толтыру үшін бала бірнеше әрекеттер жасау
керек: бақылау жасау, берілген материалды оқып дайындау, тапсырмаларды
орындау. Лэпбукты жасағанда балалар білімдерін толықтырады, өткен
материалды қайталап, пысықтайды. Алған білімдерін бір жүйеге келтіреді,
папканы алғанда өткен тақырыптар естерінде қалып, ойға тез келеді.
Мақсаты: педагогтарды жаңа бірлескен қызмет түрімен таныстыру, лэпбук
тақырыбын дайындау.
Міндеттері:
• Лэпбук туралы ақпаратты зерттеу;
• Тақырып таңдап, қалташалар жасап, жобасын құру;
• Педагог қызметінде ic жүзінде қолдану;
Түр атауы: Педагогикалық.
Жоба түрі: зерттеу.
Жобаға қатысушылар: мектеп жасына дейінгі балалар, педагогтар.
Жобаны іске асыру үш кезеңнен тұрады:
Дайындық кезеңі: Лэпбук – жаңа қызмет түрін зерттеу;
Негізгі кезең: Лэпбуктің жасалу жолдарын анықтау;
Талдау кезеңі: Лэпбукті іс жүзінде қолдану.
Жобаның ұзақтығы: мерзімі: басталуы 2016 жылдың қыркүйек айы, аяқталуы 2017
жылдың мамыр айы.

ІІ. Негізгі бөлім.
2.
1. Лэпбук деген не?

Лэпбук (lapbook) – ағылшын тілінен тура аударғанда (lap-тізе, book-кітап)
деген мағынаны білдіреді. Лэпбук – бұл қалташалары, есігі, терезелері бар
жинамалы кітапша, жылжымалы бөлшектерден құралған, оған бір тақырыптың
материалдары орналастырылады. Ол интерактивтік әдістеме, оны құрастыру
жөнінде келесі әдіс-тәсілдер қолдану болады: салыстырмалы талдау, ізденіс,
дидактикалық ойындар, әңгіме, сипаттау, сюжеттік ойындар т.с.с. Осы папканы
толтыру үшін бала бірнеше әрекеттер жасау керек: бақылау жасау, берілген
материалды оқып дайындау, тапсырмаларды орындау. Лэпбукты жасағанда балалар
білімдерін толықтырады, өткен материалды қайталап, пысықтайды. Алған
білімдерін бір жүйеге келтіреді, папканы алғанда өткен тақырыптар естерінде
қалып, ойға тез келеді.
Лэпбук арқылы келесі міндеттер атқарылады:
1. Балаларды ересек адамдармен және өзіңің құрдастарымен дұрыс қарым-
қатынас құруға тәрбиелеу, бірігіп іс-әрекет жасауға үйрету.
2. Балалардың танымдылық белсенділігін, өзділігін дамыту.
3. Ойлау қабілеттерін, логикасын дамыту.
4. Балаларды өз бетімен ақпарат жинауға, өз қалауы бойынша материалды
ұйымдастыру.
5. Жаңа тақырыпты дұрыс түсініп және есте сақтауға, алған білімдерін
өмірлік жағдайларда қолдану.

2.
2. Лэпбук неден тұрады?

Лэпбук А3 папкасынан тұрады, оған қалташа желімденеді, жинамалы кітапша,
терезелері және Лэпбуктың тақырыбы бойынша басқа да бөлшектері
көрнекіленеді: қызықты ойындардан лексикаға дейін және әртүрлі керемет
берілген ақпараттар негізінде.
Сізге не қажет?
- Лэпбукка басып шығарылған үлгілер;
- А3 пішіндегі қатты парақ қағазы немесе 2 А4 парағы;
- қайшы;
- желім;
- түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, түрлі-түсті қаламдар;
- скотч;
- ұшқыр ой
Интерактивтік әдістемесін құрастыруға қойылатын талаптар:
• Оқу материалынын нақтылығы.
• Іс-әрекеттің әр кезеңіндегі оқып жатқан материалдың бөлімдерінің
логикалық өзара байланысы.
• Өтіп жатқан тақырып бойынша көп ақпарат жинастыру.

2.
3. Лэпбук не үшін қажет?

1. Лэпбук балаға өткен тақырыпты өз қалауы бойынша ұйымдастырға, тақырыпты
жақсы түсінуге және материалды есте сақтауға көмектеседі (әсіресе, егер
сіздің балаңыз визуалды болса). Визуалды ересектерге де оқытудың мұндай
түрі ұнайды.
2. Бұл өткен тақырыпты қайталау үшін тамаша тәсіл. Кез келген ыңғайлы
уақытта бала жай ғана лэпбукты ашады және қуана-қуана өткен қайталайды, өз
қолымен жасаған еңбекті қарастырады.
3. Бала өз бетімен жинауға және ақпаратты ұйымдастыруға үйренеді.
4. Лэпбук топта сабақ жүргізгенде қолайлы, онда бір мезгілде әр түрлі
жастағы балалар оқиды. Тапсырманы деңгейге қарай таңдауға болады (кіші
топтағы балалар үшін –карточкалармен қалташа немесе жануарлар пішінің, ал
ересек немесе даярлық топтардағы балаларға жаза білуге және т.б.
тапсырмалар) және осындай ұжымдық еңбек кітапшасын жасау.
5. Лэпбука құру ересектер мен балалардың бірлескен қызмет түрлерінің бірі
болып табылады. Ал мүмкін тақырыптық аптаның немесе жобаның нәтижелерін
ұсыну нысаны болып табылады.

2.
4. Лэпбуктің балабақшада мәні және қолдану барысы.

Лэпбук бір тақырып бойынша білімді жүйелейтін интерактивті қалта немесе
мини кітапша. Кең тақырып ретінде ("Жыл мезгілдері", "Ауа райы" "Спорт"),
жеке тақырып ретінде ("мысықтар", "қар", "алма") де алуға болады. Мұндай
кітапшада тақырыбы бойынша зерттеу және білімдерін бекіту үшін калташалар ,
конверттер (оның ішінде иллюстрациялық суреттер) және көп жүйеленген
қажетті материал бар.
Жаңа қызық ойын жасау арқылы жаңа ақпаратты тез меңгеріп алу және тиімді
талқылап бекіту үшін лэпбукттер көмектеседі. Лэпбукті оқу қызметінде балаға
қолдануға болатын ең қолайлы жас шамасы - 5 жас. Лэпбукті баламен бірге
құрастыру процесінде, ол жаңа ақпаратты тез есте сақтайды. Бала тақырыптық
материалмен жұмыс істеу барысында бақылау жүргізеді, тапсырманы орындайды,
зерделейді және баяндай алады.
Лэпбук өткен тақырыпты балаға өз қалауы бойынша ақпаратты ұйымдастыруға,
материалды жақсы түсінуге және есте сақтауға көмектеседі. Лэпбук өткен
тақырыпты қайталату үшін тамаша тәсіл. Кез келген өзіне ыңғайлы уақытта
бала өз қолымен жасалған кітапшасын ашып, өткен тақырыпты қарай отырып,
қайталайды. Лэпбук бір топта әр түрлі жастағы балаларды оқытатын жақсы
құрал. Әрбір баланың күшіне сай тапсырмалар таңдауға болады. (Кіші топтарға
пішіндер немесе мәселен жануарлар бар карточкаларымен, ал ересек топтағы
балаларға – жазуға дағдылайтын тапсырмалар және т.б.) да осындай ұжымдық
кітапшалар жасауға болады. Лэпбукті құру ересек адам мен балалардың
бірлескен қызмет түрлерінің бірі болып табылады. Бәлкім тағы да тақырыптық
аптаны қорытындылау немесе жобаны ұсыну нысаны ретінде қолдануға болады.
Болашақта бала ақпарат жинау арқылы жақсы дәрежеде рефераттар мен курсттық
жұмыстар ұйымдастыруды үйренеді.

Лэпбука дайындау үдерісінің өзі өте қызықты. Менің бірінші дайындаған
лэпбук "Seasons" (жыл мезгілдері) деп аталады. Лэпбукті құру үшін бірінші
тақырыбын таңдадым, жоспарын, макетін құрдым. Содан соң безендірдім. Жыл
мезгілі кітапшасында суреттер, дидактикалық ойындар, жыл мезгілінің
ханшайымдары және т.б.бейнеленген.
Бұл үшін бізге қажет болатын материалдар:
• картон негізі (картон қалта немесе пішімі А3қалың қағазды парақ);
• қағаз (ақ, түсті немесе әр түрлі түсті);
• принтер, қарындаш немесе фломастерлер, бояулар, қайшы, желім немесе
скотч, қапсырғыш;
• декоративтік элементтер қажеттілігі бойынша (кептірілген жапырақтар,
журналдардан қиылған тақырыптық суреттер, түймелер, түйрегіштер және т.б.).
Лэпбукты құруды неден бастауға болады?

1. Лэпбуктың тақырыбын алдын-ала анықтау қажет. Тақырып кез келген болуы
мүмкін – Family, Toys, Colors, Animals және т.с.с. Негізге қандай
да бір тақырыпты кешенді түрде зерттеп алуға болады. Тақырыптар ауқымды,
күрделі болуы мүмкін, мысалы Seasons және жеке тақырыптар Winter,
Summer және т.б. таңдауға болады.
2. Сіз тақырыпты анықтағаннан кейін, лэпбукқа болашақ жоспар құрыңыз,
сонымен қатар қандай тақырыпшаларды қамтиды, осы міне біздің кітапшамыздың
мазмұны. 5-7-тармақтан құрауға (кітапшаларды) кеңес беремін, бірақ бұл
жерде жалпы шектеу жоқ.
3. Әрбір тақырыпқа лайықты кітапша таңдаңыздар.

Лэпбуктің тақырыбын қалай таңдауға болады?
Лэпбукке тақырыпты ағылшын тілі пәніне құрылған жылдық жоспардан аламын.
Жобаның әрбір жұмыс кезеңін нақтылау үшін перспективалық жұмыс жоспарын
құруға болады.

Жобаның мазмұны. Жоба "Лэпбук" бір жылға есептелген, (5-7 жас) балаларға
арналған, іс-шаралар аптасына 1 рет өткізіледі, олардың ұзақтығы 30 минут.

Жоспар құру

Тақырыпты толық ашу үшін, лэпбукті қамтитын заттарды анықтап, толық
жоспарды құру қажет. Лэпбук тек қана суретті кітапша емес. Бұл оқу құралы.
Сондықтан тақырыбын ашу үшін оны немен толықтыру керектігін ойластыру
керек. Осы лэпбук арқылы жаңа материалды түсіндіру үшін жоспар қажет.
Жоспарды құру арқылы біз лэпбуктің ішін көрнекіліктермен толықтыра аламыз.

Лэпбукті толықтыру үшін қоданатын құралдар:

• қалташалар
• конверттер
• кітапшалар
• блокноттар
• бірнеше рет бүктелген беттер
• қозғалмалы дөңгелектер

Көбіне мен ағылшын тілі пәнінде интерактивті әдістерді және түрлі
ақпараттық технологияларды жаңа оқу қызметін түсіндіргенде, және қорытынды
сабақта қолданамын. Оқытудың басқа әдістеріне қарағанда, интерактивтік әдіс
оқытушының жоғары белсенділік танытуын талап ететін әдіс. Ағылшын тілін
оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені –балалардың
танымдық қабілетін жетілдіру, сөздік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лэпбук мектеп жасына дейінгі балаларға жыл мезгілдерін оқытудың заманауи құралы ретінде атты 4-5 жастағы балаларға арналған жоба
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының даму деңгейін анықтау
Күз мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру
Асық ату ойынының ережелері
Электрондық кестенің көмегімен мектеп информатика курсы бойынша көпнұсқалы тестер жасау әдісі
Химияны оқытуда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Берілетін материалдар көлемі
Жобалап оқыту жағдайында оқушылардың білімін бақылау мәселелеріне талдау жасау
Офистік бағдарламаларды орта мектепте оқытудың ерекшеліктері
Электрондық оқыту құралдарының функционалдық сипаттамалары
Пәндер