Жетісудағы көтеріліс


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

«1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

Амангелді Иманов бастаған Торғайдағы көтеріліс. Амангелдінің образы»

Дайындаушы: ФӨТ 19-007-1 топ студенті

Ахметова Камила

Мазмұны

  1. Көтерілістің шығу себебі
  2. Көтерілістің басталуына не түрткі болды
  3. Патша жарлығына қатысты көзқарастар
  4. Көтерілістің сипаты
  5. Қозғаушы күштері
  6. Қамтыған аумағы
  7. Негізгі ошақтары
  8. Жетекшілері
  9. Жетісудағы көтеріліс
  10. Торғайдағы көтеріліс
  11. Амангелді Имановтың портреті
  12. Амангелді Имановтың өзіндік соғыс жүргізу тактикасы
  13. Көтерілістің жеңілу себептері
  14. Тарихи маңызы
  15. Пайдаланылған әдебиеттер

Көтерілістің шығу себебі

Столыпин реформасы кезінде жергілікті халықтың егіншілікке жарамды жерін тартып алудың кең етек алуы;

Бірінші дүниежүзілік соғыстың халық үшін ауыр зардаптары;

Дәстүрлі қазақ шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы;

Өлкені тонаудың күшейе түсуі, алым-салықтардың еселеп өсуі;

Орыстандыру саясатының асқына түсуі, ұлттық саяси теңсіздік.

Көтерілістің басталуына түрткі болған мәселе

1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына түрткі болды. Патша жарлығы бойынша Түркістан және Дала өлкесінен қара жұмысқа 500 мың адам алыну тиіс еді. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен бұрмалаушылыққа жол ашқан болатын. Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село және ауыл басқарушыларын, байырғы тұрғындардан шыққан төменгі шенді полицейлерді, имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, ұсақ кредит мекемелеріндег іесепшілермен бухгалтерлерді, жоғарғы және орта оқу орындарындағы оқушыларды, үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян және құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды әскерге алудан босатты.

Патша жарлығына қатысты көзқарастар

Қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығы мен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ: ауылдың феодалдық-байшыл билеуші тобы мен жергілікті әкімшіліктің белгілі бөлегі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды;

Революцияшыл топ өкілдері ( Ә. Жангельдин, А. Иманов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ж. Мәмбетов ) қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.

Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сияқты либерал-демократиялық зиялылар өкілдерінің жетекшілері халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, оны орындамаған жағдайда қазақтар қантөгіске ұшырауы мүмкін деп санады және осыған байланысты үлкен алаңдаушылық білдірді. Негізінде, Алаш қайраткерлерінің бұл жағдайға қатты алаңдауының бірнеше үлкен себебі бар болатын: 1. Ресейге төнген сыртқы қатердің бодан болып отырған қазақтарға да толық қатысы бар деп санады. Бұдан сырт қалуға болмайды, - деп есептеді. 2. Ресей армиясы қазақ армиясынан мың есе жақсы қаруланған және жақсы дайындалған еді. 3. Соғыс біткен жағдайда қазақ шаруаларының хал-жағдайы жақсарта түседі деген үмітте болатын.

Көтерілістің сипаты

Көтеріліс патша үкіметінің отаршылдығына қарсы, ұлт-азаттық сипатта өтті. Сонымен қатар бұл қозғалыс тарихта патша үкіметіне қарсы жүргізілген соңғы қозғалыс болатын.

Қозғаушы күші

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары, сондай - ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілері еді. Сонымен қатар көтерілістің кейбір аудандарында(Қазақстанның оңт. және оңт. -шығысында) оған қазақтармен қоса қырғыз, өзбек, ұйғыр және басқа да ұлт өкілдері қатысты. Бұл осы көтерілістің бір ерекшеліктеріне жатады.

Қамтыған аумағы. Негізгі ошақтары.

1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыс бүкіл Қазақстан, Орта Азия, Сібір, Кавказдың бір бөлігін қамтыды. Жетісу, Торғай, Орал облысы мен Бөкей ордасы, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары болды.

Жетекшілері

Көтерілістің әр ірі ошағында өзінің жеке жетекшілері мен басшылары болатын.

Жетісудағы жетекшілер Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар және т. б.

Торғайдағы жетекшілер Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.

Жетісудағы көтеріліс

1916 жылы 20 шілдеде А. Куропаткин Түркістан генерал-губернаторы болып тағайындалды.

Жетісу генерал-губернаторы Фольбаум казактардан құрылған жазалау отрядтарын ұйымдастыру үшін казак станицаларын тез арада қару жарақпен қамтамасыз етеді.

1916 ж. Жетісу көтерілісшілері қырғыз, ұйғыр, дүнген шаруаларымен күш біріктірді.

1916 ж. 10 мыңнан астам қазақ-қырғыз көтерілісшілері Тоқмақ бекінісін қоршайды.

1916 ж. Тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер жазалаушы отрядты талқандап, Қарқара жәрмеңкесін басып алады. Жетісудағы көтеріліс 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасымен аяусыз басып жаншылады. Патша үкіметі бұл көтерілістің 12 басшысын азаптап өлтіріп, ал Б. Әшекеевті болса Боралдай асуында дарға асады. Осылайша Жетісудағы көтеріліске қатысқандардың 347 адамы атылып, 168 адам жер аударылып, Қытайға кетуге мәжбүр болғандар да болды.

Торғайдағы көтеріліс

Торғайдағы көтеріліс өзінің бір орталыққа бағындырылған басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесімен ерекшеленеді. Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетті.

1916 жылы 21 қарашада 13 болыс (6 арғын, 6 қыпшақ, 1 найман) өкілдерінің құрылтайында халық арасындағы атақты Нияз бидің ұрпағы Әбдіғапар Жанбосынов көтеріліске шыққан Торғай уезінің ханы болып сайланады.

Ал көтерілісшілердің сардарбегі болып Кенесары Қасымовтың серігі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов болып тағайындалады.

Амангелді Иманов тактикасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық - зомбылығы
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс
Қазақстанның жағдайына әсер еткен оқиғалар
Торғайдағы көтеріліс басшылары
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан
Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы
Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан
Көтерілістің Жетісудағы орталығы
Тақырып: XX ғ. басындағы қазақ өлкесіндегі жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы
Тұрар Рысқұлов
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz