Сөзжасамдық тәсілдер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Сөзжасам - тіл білімінің жеке саласы.
Сөзжасамдық тәсілдер. Морфемика және оның талдау түрлері.
Орфография.
III. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сөзжасам
Сөзжасам - жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен олардың мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін анықтайтын ,өз алдына зерттеу объектісі бар тіл білімінің жеке саласы.
Сөзжасам объектісіне сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік элементтер, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөзжасам үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық зандылықтар мен мағына,сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі мәселелер және олардың қалыптасуы, ұғымда жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы жатады. Сөзжасам сөзжасамдық жұрнақтардың сөзге тіркесу қабілеті, туынды сөздегі мағынасы, қызметі, қай сөз табына жататын сөз жасайтыны тәрізді мәселелерді зерттейді.
Морфология сөйлемдегі сөздерді байланыстырушы қызметін атқаратын жалғаулардың сөз таптарына қатысын, сол сөз таптары категориясының көрсеткіші болу қызметін, олардың сөзге қосатын грамматикалық мағыналарын зерттейді.

Бір сөзбен айтқанда, сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сөзжасамның тәсілдері:
1. Семантика-фонетика дегеніміз кейбір дыбыстардың сәйкесуінен жаңа сөздің пайда болуы;
2. Семантикалық сөзжасамдық - сөз құрылымы өзгермей, жаңа мағыналы туынды сөздің жасалуы;
3. Семантика-синтетикалық сөзжасамдық дегеніміз негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануынан жаңа мағынаның туындауы;
4. Семантика-аналитикалық - негіздердің бірігуі, тіркесуі арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.
Сөзжасамның жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен байланысты.
Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар:
* Сөзжасамдық тұлға, Сөзжасамдық ұя, Сөзжасамдық мағына, Сөзжасамдық үлгі, Сөзжасамдық қалып, Сөзжасамдық тізбек, Сөзжасамдық жұп, Сөзжасамдық саты, Сөзжасамдық тарам, Сөзжасамдық байланыс.
* Сөзжасамдық база -- белгілі бір тілдің сөзжасам жүйесінің негізіне жатқан құрылымдық-морфологиялық ерекшеліктердің жиынтығы.
* Сөзжасамдық қосымша -- Қосымшалар.
* Сөзжасамдық мағына - тудырушы негіз бен сөз тудырушы жұрнақтың мағыналарының негізінде туған жаңа мағына.
* Сөзжасамдық мотивация -- motivation - ниеттену, іздену, дәлелдеу
* Сөзжасамдық негіз -- туынды сөздердің жасалуына негіз болатын сөз. Бір сөзжасамдық ұяға кіретін түбірлес сөздердің өз ішінде бірнеше сөзжасам негізі болуы мүмкін. Мысалы: өкін сөзінен жасалған өкіну.

* Сөзжасамдық талдау -- осы күнгі сөзжасам тұрғысынан сөз құрылымын, яғни сөз құрамындағы морфемалардың өзара байланысын аңықтау. Мысалы: көр- түбірінен шыққан сөзінің құрамында бірнеше сөз тудырушы негіз бар: көрік, көріктендіруші (-лер көптік жалғауы). Осылардың әрқайсысы өзінен кейінгі туындыларға негіз бола алады.
* Сөзжасамдық тип -- белгілі бір сөз табына жататын сөздердің құрылымдық желісі.Негіз сөз бен туынды сөздің мағына жағынан бір-біріне қатыстылығымен және ұқсас форматтарының материалдық бірлігімен сипатталады.
* Сөзжасамдық тип тілдің сөзжасам жүйесіндегі негізгі буын болып табылады. Мысалы: қуаныш, өкініш сөздері бір тип жасайды.Қосымшалары бірыңғай дерексіз зат есім тудыратын -ыш, -іш жұрнақтары.
* Созжасамдық тізбек -- бір-бірімен жүйелі қарым-қатынаста болатын, бірінен-бірі туындап отыратын түбірлес сөздердің тізбегі.Мысалы: көр,көрік,көрікті.
* Сөзжасамдық уәждеме -- түбірлес сөздердің өзара қарым-қатынаста болуы. Сол арқылы олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
СӨЗЖАСАМ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Сөзжасамның жалпы түсініктері. Морфемдік талдау және орфография
Сөзжасамдық мағына - сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына
Сөзжасамдық тәсілдерін қарастыру
«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІК НЕГІЗДІ ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗЖАСАМЫ»
Қазақ тілінің сөзжасамы
Сөзжасамдық ұяның лингвистикалық сипаты
Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы
Тілдің сөзжасам жүйесі
Пәндер