Қоршаған ортада микробтардың таралуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАПАРКУЛОВА Н. И., АМИРОВА А. К., АРАЛБАЕВА А. Н.,
УТЕГАЛИЕВА Р. С.
ТАҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2019
ӘОЖ
КБЖ А75
Оқу құралы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде тағамдық және санитарлық микробиологияның пәні мен міндеттері, ет және сүт өңдеу кәсіпорындарында дезинфекция, дезинсекция және дератизация әдістері мен тәсілдері, ет және ет шикізатының, сүт және сүт өнімдерінің, тауарлық балық және балық консервілерін, тамақ өнімдерін өндіруге арналған шикізаттың, ет, балық, жұмыртқа және сүт өнімдерін өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде кездесетін токсикоинфекция және токсикоздардың, сондай-ақ топырақ, су және ауа микрофлорасының микробиологиясын зерттеу ұсынылған.
Екінші бөлімде зертханалық сабақтардың тақырыптары берілген: микробиологиялық зерттеулер үшін жануарлардан алынатын өнімдерді іріктеудің, консервациялаудың және сынамаларды жіберудің жалпы ережелері; ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының етін, ет консервілері мен шұжық дайындау үшін шикізатты бактериологиялық зерттеу; жұмыртқа мен сүттің, жұмыртқа және сүт өнімдерінің, балық консервілерінің, сондай-ақ ауаның, судың және топырақтың сапасын бактериологиялық бағалау туралы жазылған «Тағамдық және санитарлық микробиология» оқу-құралы 6В05101 -Биотехнология мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарындағы бакалавр және оқытушыларға арналған.
Пікір жазғандар: б. ғ. д., Мурзахметова М. К.,
Тағамдық биотехнология кафедрасының мәжілісінде мақұлданды, № ПР хаттама көшірмесі, ДАТА
Жапаркулова Н. И., Амирова А. К., Аралбаева А. Н., Утегалиева Р. С.
Тағам өндірісі мамандарға арналған: Оқұ әдістемелік құрал /Н. И. Жапаркулова - Алматы: АТУ, 2019. - 00 б.
ISBN
МАЗМҰНЫ
Қысқартулар
МЕМСТ -Мемлекеттік стандарт
ІТБТ-Ішек таяқшасының бактерия тобы
ВСА -Висмут -сулфитном агаре
СРК -сульфитредуцирлейтін клостридиялар
ДДА- (дифференциялық-диагностикалық агар)
КТБ-колония түзуші бірлік
БОП -биологиялық оттегі пайдаланау
ХОП -химиялық оттегі пайдалану
ЕПА-ет-пептонды агар
ЕПС ет пептонды сорпа
СКМ санитарлы көрсеткішті микроорганизмдер
Т°-Тернер
Вас. Bacillus
Bact. Bacterium
ЕПБС -ет-пептонды бауыр сорпасы
АР- агглютинация реакциясы
ЖМС- жалпы микробтық сан
РДП
СанЕжН- санитарлық ережелер мен нормалар
КІРІСПЕ
Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен биологиялық құндылығын жақсартуға байланысты мәселелерді сәтті шешу үшін өндірістің санитарлық-гигиеналық жағдайын және қоршаған ортаның жағдайын іс-шаралар жүйесімен жақсартуға болады.
Тағамдық өндірістің санитарлық-гигиеналық жағдайын мемлекеттік бақылауды санитарлық қадағалау органдары жүзеге асырады. Ауа мен суды санитарлық қорғау жағдайы мемлекеттік маңызы бар мәселе, сондықтан су мен тамақ өнімдерінің сапасы мемлекеттік стандарттармен, санитарлық және микробиологиялық зерттеулермен қоса, тексерудің жан-жақты әдістерімен қамтамасыз етіледі.
Тағамдық және санитарлық микробиология медицинамен, тағамдық микробиологиямен тығыз байланысты. Осы пәндердің бір-бірімен байланысы, оның қоршаған ортадағы патогенді микроорганизмдерді жан-жақты және әртүрлі биоценоздық жағдайларының тіршілік рөлі туралы қарастырады.
ТАҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ ПӘНІ, ҚЫСҚЫША ТАРИХЫ ЖӘНЕ МІНДЕТІ
Санитарлы микробиология - адам денсаулығына жағымсыз әсер ететін қоршаған ортадағы микроорганизмдерді зерттейтін биологиялық және медициналық микробиологияның бөлімі. Қоршаған орта объектілерінде патогенді, шартты патогенді, санитарлы көрсеткіш микроорганизмдерді анықтайды. Санитарлы микробиология судың, қоршаған ортаның, топырақ, ауаның, тағам өнімдерін санитарлы бақылаудың әдістерін қолдану арқылы анықтайды.
Бұл ғылымның дамуы француз дәрігері Е. Массе 1888 жылы ішек таяқшасының суды ластаушы ретінде қарастырғаннан басталды.
Қазіргі таңда арнайы ғылыми зерттеу орындары мен санитарлы гигиеналық белсенді жұмыс атқаруда.
Тағамдық және санитарлық микробиологияның қызметті мен мақсаты әр түрлі қоршаған орта факторларының адам ағзасына әсерін зерттеуге бағытталған.
Қазіргі таңда республикамызда 2000-нан астам гигиеналық нормалар бар. Онда биологиялық, химиялық және физикалық факторлардың адам денсаулығына жағымсыз әсер етуі регламенттеледі.
Тағамдық және санитарлық микробиология дербес ғылым ретінде 1930 жылы дами бастады. Алғашқыда санитарлы микробиологияға ғалымдар мән бере қоймады, және оның тұжырымдамаларын жалпы гигиеналық норма ретінде қарастырған болатын. Бастапқы даму барысында ол медициналық микробиологияның бір саласы ретінде қарастырылды.
Ал қазір санитарлы микробиология - жеке дара ғылым. Ол үш ғылымды: микробиология, гигиена және эпидемиологияны тоғыстырады. Оның бөлініп шығуы санитарлы микробиология ғана шешетін мәселелермен, методикасына байланысты болды.
Отандық санитарлы-микробиологияның дамуы А. А. Миллер, А. С. Разумов, Г. Н. Чистович есімдерімен байланысты.
Ең алғашқы санитарлы-микробиология кітабын А. Миллер жазып шығарды. Ол біздің елімізде 1935 жылы жарық көрді.
ХХ ғасырдың ортасында микробиология мен вирусология ғылымдарынан ішінде жаңа бағыт - санитарлы-вирусология пайда болды.
Бұл ғылымның пайда болуы мен дамуы заманға байланысты болды. Себебі қазіргі таңда вирустық аурулар, қоршаған ортада вирустар түрлері көбейіп кетті олардың индикациясы мен идентификациясы және вирусты аурулардың прафилактикасы маңызды мәселелердің бірі болды. Ол жерде санитарлы-эпидемиологиялық орындардың қызметі, олардың әрі қарай дамуы, құрылымы туралы нұсқаулықтар берілген.
Бұл құжат қаралып, заңнамаға қосылған болатын. Оның негізгі қызметі санитарлы-гигиеналық, санитарлы-эпидемиологиялық жұмыстарды жүргізі, қадағалау; қатты ластанған орындарды ликвидациялау болып табылады.
Санитарлы-гигиеналық нормативтердің, МЕМСТ ережелерінің және олардың орындалуын қадағалау, дұрыс қолдануды санитарлы-эпидемиологияның қызметін, бекітілген аумақтардағы СЭС (санитарлы эпидемиялогиялық станция) атқарады. Санитарлы-гигиеналық іс-шаралар елдегі таралып жатқан көптеген жұқпалы ауруларды леквидациялау, елдегі адамдардың аурушаңдығын төмендетуге ықпал етті.
Мемлекеттік санитарлы қызмет санитарлы ескерту, жалпы нормалардың сақталуын қадағалау жұмыстарымен айналысады.
Заманауи санитарлы-гигиеналық микробиологияның алдында мына мәселе тұр:
- Ауа, су, топырақ, тағам өнімдері мен қоршаған ортаны санитарлы-микробиологиялық зерттеулердің жаңа әдісін ойлап табу, баға беру. Ол әдістерді жасауда медицина, ветеринария, эпидемиология, иммунология, гигиена, микробиология, химиялық ғылым салаларының соңғы жаңалықтарын қолдану керек.
- Адам мен жануарлардың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беру. Бұл мәселе санитарлы микробиологтарды қызықтырады. Себебі адам да, жануарда қоршаған ортаны патогенді микроорганизмдермен, басқада флорамен ластанудың көзі болып табылады. Микробтардың әрдайым қоршаған ортаға түсуі қазіргі таңда үйреншікті жағдайға айналды. Нәтижесінде адамдар мен патогенді микроорганизмдер арасында контаминация пайда болды.
Адамдардың әрекетіне баға бергенде су, ауа, топырақтағы табиғи тазалану процессі бұзылғандығымен және дұрыс тазаламау, ағын суларды дұрыс анықталады. Сондықтан заманауи санитарлы микробиологияның негізгі қызметі су, ауа, топырақтағы табиғи процесстерді, микробты құрамын зерттеу болып табылады. Бұл бағыт қазіргі таңда жақсы дамып келе жатыр, себебі қазір урбанизация және ірі өнеркәсіп салалары да даму үстінде, ол өз кезегінде Жер бетіндегі қоршаған ортаның лаастануына алып келеді.
- Қоршаған ортаның гигиеналық талаптарының микрофлорамен сәйкестігін анықтайтын МЕМСТ және методикалық нұсқаулықтарды жасақтау. Санитарлы микробиологияның нормативтері жалпыгигиеналық талаптарға сай келу керек. Себебі, микроорганизмдер қоршаған ортаның басқа да факторларымен тығыз байланыста болады.
- Қоршаған орта объектілерін сауықтыру іс-шараларын, бақылау жұмыстарын, ұсыныс жұмыстарын жүргізу. Ескертулік іс-шаралар мен санитарлы бақылау жүргізілгенде дәрігер-гигиенистер белсенді қатысады. Ескертулік санитарлы бақылау әр түрлі өндіріс орындарын салғанда немесе су құбырларын орнататын орынды таңдау кезінде жүргізіледі. Дәрігер-гигиенистер суға қатаң бақылау, тағам сататын орындарда зерттеу жүргізеді, қалдықтар мен ағынды суларды дезинфекциялайды.
- Қоршаған ортаны қорғау. Бұл санитарлы-микробиологиялық мәселе алдыңғысынан шығады. Ол қазіргі таңда барлық мамандарды қызықтырып отырған және ең маңызыд тақырып. Бұл гигиенаның жаңа бағыты - қоршаған орта гигиенасының ашылуына алып келді. Қоршаған орта гигиенасы адамның қоршаған ортамен өзара байланысы мен заңнамаларын зерттеумен, сонымен қатар адам денсаулығын сақтаудың ғылыми әдістемелерін жасауға негізделген.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері жалпыхалықтық мәселе болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
- Санитарлы микробиология қашан қалыптаса бастады?
- Санитарлы-микробиология туралы алғашқы кітапты кім жазып шығарды?
- Санитарлы-микробиология нені зерттейді?
- Санитарлы микробиология неге бағытталған?
- Заманауи санитарлы-микробиологияның алдында қандай жұмыстар тұр?
- Санитарлы-микробиологиялық зерттеудің принциптері мен әдістері.
МИКРООРГАНИЗМДЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Заманауи санитарлы микробиологияның зерттеу нысанына микроорганизмдер экологиясы да жатады. Ежелден бері адамзат экология жағынан қызыққан, яғни өмір сүру үшін қоршаған ортаны, яғни өсімдік, жануар ағзасының ерекшелігін білу керек болды. Адам қоршаған ортаны өзгертуге қабілетті болған кезде өркениет пайда болды деп айтуға болады.
Экология ұғымының астарында биоценоздардың функциясы, өлі қоршаған орта жатыр. Экожүйе терминін негізінен ағылшын оқымыстылар қолданады, ал бізде биогеоценоз ұғымы қалыптасып кеткен, оның құрамына биоценоз және биотоп ұғымы да кіреді. Жеке биоценоздарды зерттеу керек, мысалы, табиғи ауру ошағын табу кезінде керек болады.
Ғалымдар жануарлар мен өсімдіктерді экологиялық принциптерге сүйене отырып зерттегенде микроорганизмдер мен қарапайымдыларға тең дәрежеде әділ болады. Сондықтан микробтық бірлестіктерді комплекс түрінде қарастырған жөн. Себебі олар табиғатта бекер тіршілік етпейді, детерминирлеуші факторлармен әсерлеседі.
Микроорганизмдер барлық экологиялық процесстерге қатысатын биоценоз бөлшегі. Эволюциялық даму нәтижесінде әр түрге әр типке жататын микроорганизмдер арасында және басқа группаға жататындардың арасында даму адаптациясы күрделене түседі.
Микроорганизмдер экологиясы ( oikos - грек сөзінен аударғанда - үй, тіршілік ету орны) - микроорганизмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара арақатынасын зерттейді. Микроорганизмдер топырақта, суда, ауада, өсімдіктерде, адам организмінде және жануарларда, тіптен космоста да табылады. Микроорганизмдер - биоценоздың құрамды бөлшегі, яғни тіршіліктің біркелкі жағдайындағы суқойма немесе құрғақ аймақта орналасатын биотоп - жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер жиынтығы. Ортаның белгілі аймағында мекендейтін микроорганизмдер жиынтығын микробиоценоз деп атайды.
Қоршаған ортада микробтардың таралуы. Қоршаған ортаның көптеген организмдері табиғатта заттардың айналым процесіне қатысады, тіршілігін жойған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын жояды, топырақтың өнімділігін арттырып, биосферада тепе-теңдікті ұстап тұруға қатысады. Олар адам организмінде қалыпты микрофлора ретінде бірқатар пайдалы қызметтер атқарады.
Топырақ микрофлорасы Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін - өзі тазарту процесстеріне қатысатын, табиғатта азот, көміртегі және т. б элементтер айналымына қатысатын әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақта бактериялар, саңырауқұлақтар, мүктер (саңырауқұлақ пен цианобактерия симбиозы) және қарапайымдар мекендейді. Топырақтың 1 грамында бактерия саны- 10 млрд. жасауға жетеді. Топырақ беткейінде УК- сәулелері, құрғақшылық т. б факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы түрде азайып отырады.
Зерттеу әдістері: Топырақтағы ЖМС-ны терең егумен анықтаймыз (тығыз ортада) 10 еселенген сұйылтуда және тікелей микроскопиялау әдісі (Пеильев бойынша) .
Ауа микрофлорасы Ауа микрофлорасы топырақ және су микрофлорасымен өзара байланысты. Адамдар мен жануарлардың сілекей тамшыларымен және тыныс жолдарынан микроорганизмдер ауаға түседі. Мұнда шар тәрізді және таяқша бактериялар, костридиялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар мен вирустар табылады. Күн сәулесі және басқа факторлар ауа микрофлорасының жойылуына әкеледі.
Ауадағы микроб тығыздығын азайту мақсатында бөлменің ылғалды жиналуын желдетумен және түсетін ауаны тазалаумен (фильтрлеу) бірге жүргізеді. Сонымен бірге аэрозольді дезинфекция және УК сәулемен бөлмені (мысалы микробиологиялық зертханаларда, операциялық блоктарда т. б. ) қолданылады.
Ауаны зерттеудің сандық микробиологиялық зерттеу әдісі тұндыру (седиментация), аспирация немесе фильтрация принциптеріне негізделген.
Седиментациялық әдіс. Қоректендіретін агары бар екі Петри табақшасын 60 минут бойы ашық күйде қалдырады содан соң термостатта 37 0 С-да инкубациялайды. Нәтижелерді екі табақшадағы колониялардың жалпы санымен бағалайды: егер 250-ден аз колония табылатын болса ауа таза деп есептеледі, 250-500 колония орта дәрежеде ластанған, 500-ден көп колония ластанған деп есептеледі.
Аспирациялық әдіс. Ауаның микробтық өлшемін анықтайтын нақтырақ әдіс. Ауаның дақылдандырылуы құралдар көмегімен жүзеге асырылады. Кротов құралы қоректендіретін Петри табақшасын жауып тұратын плексигластық пластинаның жіңішке тесігінен белгілі бір жылдамдықпен ауаны өткізіп тұрады. Инкубациядан кейін термостатта микробтық өлшемді мына формула бойынша санайды:
x =a*1000/V
мұнда a-табақшадағы өскен колониялардың саны;
V-құралдан өткен өткізілген ауаның көлемі, л;
1000-ауаның болуға тиіс көлемі, л.
Су микрофлорасы. Су микрофлорасы топырақтың микробтық құрамы сияқты, себебі микроорганизмдер топырақ бөлшектерімен суға түседі. Суда ол жердің физикалық- химиялық, жарық жағдайына, көміртегінің қос тотығы мен оттегінің еру дәрежесіне, органикалық және минералды заттар болуына бейімделген тиісті биоценоздар құрылады.
Микрорганизмдердің өзара қарым -қатнасы.
Су, топырақ, жануар организмінде таза культуралы микроорганизмдер кездеспейді, себебі олар күрделі әрі өзара тығыз байланысты - әртүрлі бактерия, саңырауқұлақ, актиномицеттер қарапайымдылар микробиоценозында өмір сүреді. Микроорганизмдер әр түрге жатқанымен бірдей процессті жүзеге асырады. Олар одан бір біріне пайда не зиян келтіруіне қарамайды. Бұл процессті симбиоз деп атайды. Симбиотикалық қарым қатынастың формасы мен нәтижесі ұзақ уақытты эволюция, қоршаған орта күшінің өзгеруіне байланысты болып табылады. Кейде қай микроорганиздер бір біріне зиянын не пайдасын тигізіп жатқаныны анықтау мүмкін емес.
Қазіргі таңда микроорганизмдер арасында келесідей қарым қатынас орын алады:
Нейтрализм - бір аймақта тіршілік ететін микрорганизмдердің екі түрдің бір-біріне не оң не теріс әсер етуі.
Конкуренция - микроағзалардың бір-бірімен сыртқы ортаның ортақ ресурстары үшін бәсекеге түсуі. Ағзалар қорек, ареал, жарық үшін бәсекеге түсуі мүмкін. конкуренция түр арасында немесе түр ішінде жүруі мүмкін.
Симбиоз - әр түрлі екі немесе бірнеше микроорганизмдердің тұрақты бірге тіршілік етуі. Бұл кезде екі организмнің біреуі сыртқы ортамен қатынаста артықшылығы байқалады. Ал екіншісі оған тапсырма беріп отырады. Соның нәтижесінде өмір сүру мүмкіндігі артады.
Ағзалардың бірі-бірімен қатынасының 3 формасы: мутуализм, комменсализм, паразитизм.
Мутуализм - әр түрге жататын ағзалардың бір-біріне пайда әкелуі, селбесіп тіршілік етуі. Мутуализм түзетін ағзаның екуі де бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды.
Комменсализм - бірлесіп өмір сүрудің нәтижесінде бір түр пайда табады, ал екіншісі бейтарап болады.
Паразитизм - бір паразит басқа бір ағзаны өлтірмей, ұзақ уақыт бойы қорек және тіршілік ортасы ретінде пайдалануы. Паразиттерге вирустар, ауру қоздырушы бактериялар, саңырауқұлақтар жатады. Ағзалар арасында тұрақсыз тепе-теңдік орнаса, жүйе бұзылып, бір ағза немесе екеуі де өлуі мүмкін.
Жыртқыштық - бір жыртқыштың басқа жыртқышты өлтіріп, қорек етуі. Мысал ретінде Клостридиум өкілі бола алады. Олар ең алдымен жануарларға токсинді болып, оларды өлтіреді, кейін өлікті қорек ортасы ретінде қолданады.
Антогонизм - ағзалардың бір-бірінің дамуына кедергі жасауы немесе біреуі екіншісінің өсуін мүлдем тоқтатып, үздіксіз күресте болуы.
Экологиялық баланстың бұзылуы негізінен макро және микроорганизмдердің, микроб ішіндегі ассоциациясы селекцияда патогенді түрлер мен щтаммдардың пайда болуына, бактериялардағы интенсивті генетикалық алмасуның бұзылуына, яғни табиғи жағдайда эволюцияға кедергі келтіреді.
Микроорганизмдер биоценозы - биологиялық құбылыс, ол микроорганизмдердің қоршаған ортадағы дамуымен сипатталады. Экологиялық баланстың бұзылуына мысал ретінде сальмонеллалық инфекция проблемасын айта аламыз.
Қазіргі таңда сальмонеллалардың барлық түрі адам организмі үшін өте қауіпті екені дәлелденген. Қазір қоршаған ортаның қатты ластануымен байланысты микробиолог, гигиенистердің, эпидемиологтардың негізгі жұмысы микробтармен күрес, соның ішінде судағы сальмонеллалардың көзін жою болып табылады.
Кейбір елдерде мал азығына антибиотик қосып беру кең қолданылып келе жатыр. Олар R-плазмидалы бактерия колонияларын, әр түрлі жағдайға тұрақты микроорганизмдерге қолайлы жағдай тудыртады. Сонымен қатар антибиотиктерді тағам өндірісінде, соның ішінде ет косервілерін дайындағанда қолданылады.
Адамның иммундық жүйесі дәл қазірігідей қатты экологиялық ауыр жағдайдан бұрын соңды өтпеген. Соңғы он жылда жыл сайын 1 млрд адам иммунденеді, көбісі диагностикалық препараттарды қолданады, ол өз кезегінде аллергия тудыруы мүмкін. сол себепті адам мен оны қоршаган ортамен экология балансы зақымдалған.
Экологиялық ара-қатынастың бұзылуы қоршаған ортаның ластануы мен қатар ауыл шаруашылығында наскомдар мен кемірушілерге қарсы қолданылатын химиялық препараттарды қолданғанда да болады. Олар топырақта өмір сүретін, зооантропоноздық инфекция қоздырғыштарының антигенді структурасына, моологиясына әсер етеді.
Қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін санитарлы-микробиологтармен гигиенистер қосылып келесі жұмысты орындауға ат салысты:
- Қоршаған ортаның адам денсаулығына зиян келтіретін факторларын толығымен зарттеу;
- Қоршаған ортаның физико-химиялық ластанудан қорғау шараларын жүргізу, микробты ластанудың индикация әдістерін ойлап табу;
- Қоршаған орта объектілерін бактериялды ластанудан сақтаудың методикасын жақсарту;
- Қоршаған ортада микроб-продуценттердің, биологиялық активті заттардың адам ағзасына келтіретін патогенді әсерін және таралу жолдарын зерттеу;
- Қоршаған ортаның бактериалды ластануын төмендетуге бағытталған профилактикалық іс шаралар жүргізу.
- Санитарлы заңнаманы күшейту;
Бақылау сұрақтары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz