Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру әдістері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
«БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІНІҢ
СЕМИНАРЫ» пәні бойынша
Тақырыбы: АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ.
Орындаған: Әнуарбек Әйгерім Олжасқызы
1 курс студенті
Факултет: «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация»
Білім беру бағдарламасы:
Тексерген оқытушы: Муратова Г. И.
Бағасы
« »_ Қыркүйек 201 ж.
Тараз 2019
Кіріспе . . .
1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе . . .
1. 1 . Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру әдістері . . .
1. 2. Автоматтандырылған ақпаратты жобалау жүйесі . . .
2. Басқару жұмыстарын автоматтандыру . . .
2. 1. Автоматты басқару жүйесінің құрлымы . . .
КІРІСПЕ
Автоматтандыру - техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу (тасымалдау), пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық-материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстанадамдыбосату. Автоматтандыру ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты саналады. Автоматтандыру- адамды материалдар, энергия және ақпарат қабылдау, жеткізу, сақтау, өңдеу және пайдалану процестеріне тікелей араласудан толық немесе жартылай босату үшін техникалық, программалық және баска құралдар мен әдістер кешенін пайдалану процесі. Автоматтандыру - энергияны, материал мен ақпарат түрлерін өндіру, тасымалдау және пайдалану үрдісінде адамның тікелей қатысуын толығынан немесе жартылай босатып, оның орнына басқару жүйесін, экономика-математикалық әдістер мен техникалық құралдарды қолдану.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе -ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге және сұраным бойынша талап етушіге жеткізуге арналған программалық және техникалық құралдар кешені. Ақпараттық жүйелерді құру кезінде пішімдеуді қолдану аз уақыт арасында қарапайым ақпараттық жүйелерді құруда ғана тиімді. Ал үлкен және күрделі ақпараттық жүйелерді құру үшін бірнеше модельдерді араластырып пайдалануға болады. Екінші бөлімде басқару жұмыстарын автоматтандыру мәселелері туралы жазылған. Ақпарат жүйесі басқа да жүйелер секілді элеметтерден түзелетіндіктен де, ол элементтер басқару үрдісіндегі есептерді шешуде әр түрлі функцияларды атқарады. Автоматтандырылған жүйенің сипаттамасын тиімді түрде бейнелеу үшін оны кестелер мен процедуралар жиыны деп қарастырғаннан гөрі түрлі ақпараттық объекттердің жиыны деп қарастырған дұрыс болады. Автоматтандырылған жүйенің нақты сипаттамасынан абстракцияланып, жүйенің ішкі функциялары мен ақпаратарды өңдеу операцияларын икемді түрде көрсетуге мүмкіншілік береді. Бұл объекттерді автоматтандырылған жүйенің ақпараттық моделі деп атаймыз.
1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз - ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды. Ақпараттық жүйені тұрғызу - ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең. Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы - математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру - құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады. Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру - құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру - әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдық-тау есептерінің өзгеруіне әкеледі. Автоматтандырылған жобалау жүйесі - дегеніміз жобалауды автоматтандыру құрал комплексі және жобалауды автоматтандыру жобалаушы мамандарының өз-ара байланысы. Көп техникалық әдебиеттерде мынадай анықтама жүреді - жоба ұйымының ішкі бөлімдерімен тығыз байланысы ұйымының техникалық жүйе негізінен автоматтандырылған жобалау жүйесі ұйымдастыру комплексіне қарағанда қолданатын тобымен байланысты програмалық комплексі түрінде болады.
Автоматтандырылған жобалау жүйесі-Автоматтандырылған ақпараттық жүйе және жобаны жүзеге асырып отырған ұйым қызметі. Автоматтандыру үшін арналған жобаны құру негізгі орта ақпарат қоры математикалық және графиктік модельдер. Автоматтандырылған және конструктивті процедура қолданады. Автоматтандырылған жобалау әдістемесінде берілген микропроцессорды дайындау үшін техникалық процесстері қарастырылады. Автоматтандырылған ақпараттық - іздеу жүйелері қазірігі кезеңде РМК-да электронды депозитарий рөлін кәдімгі файлдық форма атқарады. Мысалы, көшіру, мұрағатқа жіберудегі барлық мәселелер, файл атауларын ойластыру, құқық есебін жүргізу және тағайындаудың күрделі жүйесі және т. б. Бұл жерде басқарма функциясын кітапхана бөлімшесіне беру туралы сөз жоқ. Себебі электронды құжаттардың көшірмелерін энерготәуелсіз тасығыштарда паралель түрде сақтау қажет, сонымен қатар сол тасығыштардың есебі жүйесін және оларды қайта көшіру қажет. Аса ірі емес көлемде мұндай тәсіл жұмыс атқара алады. Бірақ мұндай көлемнен РМК-ның көлемі әлдеқайда алдыда. Сондықтан 2006 жылы электронды депозитарийге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің өңдемесін жасау қолға алынған. Бағдарламалық шешімнің қажетті базалық құралдардың жинағын басқару, мәліметтерді беруге арналған хаттамаларды жүзеге асыратын «Storage Resource oker» коммерциялық бағдарламалық қамту қойылған. РМК-ның қажеттілігін есепке ала отырып, ол қажет сервистер мен интерфейстермен толықтырылған. Көбінесе сенімді ресурстарды сенімді сақтауларды қамтамасыз ету құралдары, кітапханалық метамәліметтерді үдестіру жүйесі, электронды ресурстарды қолдау сервисі бар.
1- сурет. Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің бір түрі «Platonus»
1. 1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру әдістері.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру үшін бірнеше әдістері бар олардың ішінен мыналалды қарастыруға болады: - Пәндік саланы концептуальді модельдеу; - Пішімдеу арқылы ақпараттық жүйеге қойылатын талаптарды айқындау және жан-жақты зерттеу. - CASE-технологиясын қолдайтын бағдарламалық құралдардың жүйелік архитектурасы. Концептуальді модель - қарастырылатын пәндік саланың негізгі құрылымы болып табылатын ұғымдардың жиынын және олардың өзара байланысуын сипаттайды. Пәндік саланың модельдеріне келесі шарттар қойылады: - Рәсімделуі, пәндік аймақтың құрылымын бірмәнді сипаттауды қамтиды; - Түсініктілігі, тапсырыс беруші мен орындаушы үшін графикалық құралдар негізінде модельдің бейнеленуін қамтиды; - Іске асырылуы, модельдің физикалық іске асуы үшін барлық жағдай қамтылуы қажет;
- Тиімділік бағасын қамту, арнайы әдістермен есептеу көрсеткіштері негізінде бағалаулар алу.
- Даталогиялық модельде мәліметтердің құрамына тәуелсіз мен физикалық ұйымдастырылуы ескерілмейтін логикалық өзара байланыс қарастырылады. - Қиындықтарды санау барысында бағдарламалық - техникалық құралдардың арнайы сыныбының қажеттілігі туды - ол CASE технологиялары. CASE термині (Computer Aided Software Engineering) кең мағына береді. CASE - тің бастапқы мағынасы тек бағдарламаны қамтамасыз етудегі автоматтандыруын ғана шектелген еді, ал қазір ол жаңа мәнге ие жәнекүрделі өңдеудің процесін қарастырады. САSЕ-технология - бағдарламалық қамтуды құру, сүймелдеу, сонымен қатар бағдарламаға қойылатын талаптар мен талдау жасау, бағдарлама кодын генерация жасау, тестілеу, құжаттарды рәсімдеу, конфигурациялық басқару және жобаны басқаруға байланысты үрдістердің жиынтығының кешені. Ақпараттық жүйелерді құру кезінде пішімдеуді қолдану аз уақыт арасында қарапайым ақпараттық жүйелерді құруда ғана тиімді. Ал үлкен және күрделі ақпараттық жүйелерді құру үшін бірнеше модельдерді араластырып пайдалануға болады: Қазіргі кезде САSЕ-технологиялар нысанаға бағытталған және негізгі 4 блоктан тұрады: талдау, жобалау, іске асыру және құрылым. Талдау блогына қойылатын талаптар: - Модельде сипатталған экрандағы ақпараттар жиыны таңдауға мүмкіндік болу керек;
- Мәліметтер сақталған уақытта олардың диаграммаларға сәйкес келуі;
- Жобалық шешімді тіркеу мақсатында диаграммаларға түсіндірме сөздеді енгізуге мүмкіндік болу керек.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деп- ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдау үшін арналған ақпараттардың экономика математикалық әдістерімен модельдердің техникалық, бағдарламалық, технологиялық құралдардың және мамандардың жиынтығы. Ақпараттық жүйелер құрылымын бағыныңқы жүйелер деп аталатын, оның жекеленген бөліктерінің жиынтығын құрайды. Бағыныңқы жүйе дегеніміз- қандайда бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі. Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану сферасынан тәуелсіз бағыныңқы жүйелерді қарастыруға болады. Бұл жағдайда қамтамасыз ететін деп аталатын бағыныңқы жүйелердің классификациясының құрамдық бөліктері туралы қарастырамыз. Кез келген ақпараттық жүйенің құрылымын қамтамасыз ететін бағыныңқы жүйелердің жйынтығы түрінде ұсынамыз. . Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйенің сипаттамасын тиімді түрде бейнелеу үшін оны кестелер мен процедуралар жиыны деп қарастырғаннан гөрі түрлі ақпараттық объекттердің жиыны деп қарастырған дұрыс болады. Автоматтандырылған жүйенің нақты сипаттамасынан абстракцияланып, жүйенің ішкі функциялары мен ақпаратарды өңдеу операцияларын икемді түрде көрсетуге мүмкіншілік береді.
1-кесте . Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру әдістері
1. 2. Автоматтандырылған ақпаратты жобалау жүйесі.
Ақпараттық жүйенің жобасы деп - нақты бір программалық техникалық ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалық шешімдердің сипаттамасы бар жобалық-конструкторлық және технологиялық құжаттаманы айтамыз. Ақпараттық жүйені жобалау деп - жобаланушы объект, жобалау әдістері осындай типтегі объектілерді жобалау тәжірибелері жайлы кіріс ақпаратты түрлендіру үрдісі. Ақпараттық жүйені жобалау объектілері болып, функционалдық және қамтамасыз ету бөліктерінің дербес элементтері немесе олардың кешендері табылады. Дәстүрлі декомпозициялауға сәйкес функционалдық элементтерге есептер, есептер кешендері және басқару функциялары жатады. Ақпараттық жүйенің қамтамасыз ету бөлігі құрамындағы жобалау объектілері қызметін жүйенің жүйенің ақпараттық, программалық және техникалық қамту элементтері мен кешендері атқарады. Ақпараттық жүйені жобалау субъектісі болып, жобаны жүзеге асырушы мамандар ұйымы мен ақпараттық жүйені құруға тапсырыс берген мекеме жатады. Ақпараттық жүйені жобалау технологиясы, деп - ақпараттық жүйені жобалаудың және жобалауды ұйымдастырудың әдістері мен құралдар жиынтығы айтамыз. Кез келген жобалау технологиясының пәні ретінде ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде өзара байланысқан жобалау үрдістерінің бейнесі қызмет етеді. Жобалау технологиясын таңдау үшін қойылатын негізгі талаптарға келесілер жатады: --осы технология бойынша көмегімен құрылған жоба тапсырыс берушінің талаптарына сай болу керек;
- таңдалған технология жобаның өмірлік циклінің барлық кезеңдерін максималды түрде бейнелеу керек;
-таңдалған технология жобаны жобалау және сүйемелдеу үшін минималды түрде еңбек қаражат шығындарымен қамтамасыз ету керек;
- технология жобалау мен жобаны сүйемелдеу арасындағы байланыс негізі болу керек;
- технология жобалаушы еңбегінің өнімділігін арттыруға жағдай жасау керек;
Ақпараттық жүйені технологиясының негізін технологиялық ерекшеліктері мен мәнін анықтайтын әдістеме құрайды. Жобалау әдістемесі деп, жобалау концепциялар мен жобалау принциптерін әдістерінің жиынтығы мен жүзеге асатын айтамыз. Олар өз кезегінде жобалау құралдарымен сүйемелденеді. Ақпараттық жүйенің жобалау әдістерін автоматтандыру құралдарында және типтік жобалық шешімдерде қолданылу дәрежесі болатын өзгерістерге бейімделу сияқты белгілері бойынша жіктеуге болады.
Ақпараттық жүйелерді жобалау - көп еңбек сіңіруді және ұзақ мерзімді қажет ететін және оны құруға қатысушы мамандардың жоғары біліктілікті талап ететін күрделі жұмыс. Ақпараттық жүйелерді жобалау келесі кезеңдерге бөлінеді:
1. Пәндік облысын анықтау. Инфологиялық үлгісін құру.
2. Даталогиялық және физикалық жобалау.
3. Концептуалды сызбасын құру.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 . Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника . Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. - 456 бет. 2 . Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика. Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл. -29 1 б. 3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника. Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. - 456 бет 4. Матвейкин В. Г., Фролов С. В., Шехтман М. Б. Применение SCADA-систем при автоматизации технологических процессов. М: Машиностроение, 2000. 176с.
2. Басқару жүйесін автоматтандыру.
Басқару функциясы мақсатты өнімді алу үшін қажетті кірістер мен түрлендірулер арасындағы қатынас ретінде көрсетілген. Алайда, жалпы жағдайда, басқаруға деген қажеттілік келесі факторлардың үйлесімінен туындайды:
- шикізаттың соңғы өнімге дұрыс түрленуі үшін, материалдардың кірістік ағындарының қатынасы мен мөлшері қауіпсіз шектеудің белгіленген деңгейінде болуы қажет;
- егер біз соңғы өнімнің санын тұрақты сақтап қалуды қаласақ, шикізаттың ауыспалы құрамы, үдерістің басқа параметрлерінің құрылуын талап етеді;
- кейбір үдерістердің іске қосылуы мен тоқтатылуы, айқын басқарусыз мүмкін болмайтын, нақты синхрондалған операциялардың орындалуынан тұрады;
- капиталдық салымдардан түсетін пайданы жоғарылату үшін, жабдықтар мен материалдарды оңтайлы пайдалану қамтамасыз етілуі қажет.
Автоматты басқару жүйесі (АБЖ ) - жұмыстың талап етілетін режимін орнату мақсатында, басқару нысандарының бір немесе бірнеше параметрлерін автоматты түрде өзгертуге арналған құрылғылар кешені. АБЖ реттемелі параметрлердің белгіленген шамаларының тұрақтылығын немесе олардың белгілі бір заңдылық бойынша (тұрақтылық жүйелері, бағдарламалық басқару, бақылау жүйелері) орын алған өзгерісін ұстап тұруды қамтамасыз етеді не басқару сапасының белгілі бір критерийлерін (айрықша реттеу, оңтайлы басқару жүйелері) оңтайландырады. Басқару түрі бойынша АБЖ тұйық, ашық және құрама болып бөлінеді. АБЖ негізгі түрі - тұйық АБЖ, онда дабылдардың өту тізбегі, басқару құрылғысына немесе басқарылатын нысанға қосылатын тұйық сызықты құрайды. Мұндай басқару ауытқу бойынша басқару деп аталады. Ашық АБЖ басқару талдаусыз және басқарылатын нысан жұмысының үдерісінде қандай да бір факторларды есепке алмастан, қатаң бағдарлама бойынша жүргізіледі - басқару құрылғысына оның ағымдық жағдайы туралы ақпаратты тасымалдайтын дабылдар келіп түспейді, кейде қозғалыстардың (кедергі) негізгілері ғана өлшеніп, қайтарылады. Мұндай басқару қозғалыс бойынша басқару деп аталады. Құрама АБЖ басқарудың осы екі қағидасы (ауытқу бойынша және қозғалыс бойынша) қатар қолданылады. Күрделі техникалық жүйелері (мысалы, өндірістік және энергетикалық кешені, көлік құралдары бар) немесе реттелмелі параметрлері көп технологиялық үдерістерге ие АБЖ есептеуіш техника құралдарында - микропроцессорлар, ЭЕМ, басқару машиналарында кеңінен қолданылады.
Автоматтандыру - адамды энергияны, материалдарды немесе ақпаратты алу, түрлендіру, жіберу және пайдалану үдерістерінен жартылай немесе толықтай босататын, автоматтандырылған техникалық құралдар және басқару жүйелерінің қолданылуы. Автоматтандырылатын үдерістердің қатарына: технологиялық, энергетикалық, көліктік және басқа да өндірістік үдерістер; күрделі агрегаттарды, кемелерді, өнеркәсіптік құрылыстарды, өндірісті, кешендерді жобалау; цех, кәсіпорын, құрылыс, сала, әскери бөлім, бірлестіктер және т. б. шеңберінше ұйымдастыру, жоспарлау және басқару; ғылыми зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау, статистикалық мәліметтерді есепке алу және өңдеу, бағдарламалау, инженерлік есептер және т. б. жатады. Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен тиімділігін жоғарылату, өнім сапасын арттыру, жоспарлау мен басқаруды оңтайландыру, адамды денсаулығы үшін қауіпті шарттары бар жұмыстан алыстату.
Автоматтандырылған басқару - адамның тікелей қатысуынсыз, белгіленген алгоритмге сәйкес, басқарылатын нысанның (машина, құрал, жүйе және т. б. ) қалыпты қызметін қолдау. Автоматтандырылған басқару ауқымды ақпарат көлемін өңдеу, басқару сапасы мен айқындылығын арттыру, қол жеткізу қиын немесе денсаулыққа зиянды жұмыстан босату қажеттілігімен байланысты операцияларды орындау үшін, әртүрлі техникалық жүйелерде қолданылады.
Автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) - белгіленген мақсатқа сәйкес, күрделі үдерісті (нысанды) тиімді басқаруды қамтамасыз ететін математикалық әдістердің, техникалық құралдардың (ЭЕМ, байланыс құралдары, ақпаратты бейнелеу құрылғылары және т. б. ) және ұйымдастыру кешендерінің жиынтығы. АБЖ негізден және қызметтік бөліктен тұрады. Оның негізіне ақпараттық, техникалық және математикалық жасақтама кіреді. Қызметтік бөлікке басқарудың нақты функцияларын автоматтандыратын, өзара байланысты бағдарламалардың жиынтығын жатқызамыз. АБЖ маңызды міндеті - еңбек өнімділігін арттыру және басқару үдерістерін жоспарлау мен реттеу әдістерін жетілдіру негізінде нысанды (өндірістік, әкімшілік және т. б. ) басқару тиімділігін жоғарылату.
Кері байланыс - қандай да бір жүйе (құрылғы) қызметі нәтижелерінің қызмет сипатына немесе басқару органын басқару үдерісіне әсер етуі. Кері байланыстың екі түрі бар, олар: жүйенің тепе-теңдіктен ауытқуы кезінде осы ауытқудың бейтарап күйге айналуын жүзеге асырып, осы арқылы қызметтік жүйелерді тұрақтандырып, оның жұмысын тұрақты ететін теріс кері байланыс және жүйенің басқа тепе-теңдік жағдайына өтуіне ықпал ететін немесе жүйенің тұрақсыз жұмысына алып келетін екпінді үдерісті туындататын оң кері байланыс. Кері байланыс автоматтандырылған басқару жүйелерінде, электронды құрылғыларда (мысалы, генераторларда) және т. б. қолданылады.
Басқару элементтері . Негізгі басқару элементтері болып: өлшеуді жүзеге асыратын тетіктер мен басқару әсерін беретін атқару механизмдері табылады. Сонымен қатар, тағы бір элемент ретінде - шешім саналады. Онсыз тиімді басқару жүзеге аспайды. Үдерістің кейбір нүктелерінде температураны өлшеу, атқару механизмін қозғалысқа келтіру үшін тікелей пайдаланылмауы мүмкін. Алайда, оны шешім қабылданып, басқару жүзеге асырылатын, есептеулерді жүргізу үшін тәуелсіз айнымалының шамасы ретінде қолдануға болады.
2. 1. Автоматты басқару жүйесінің құрлымы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz