Қазақ зиялыларының қазақ халқына сіңірген еңбектерімен танысу


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Тарих факультеті
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялылары
Орындаған: ИО-31 тобының студенті Бақытжан М.
Тексерген: т. ғ. м., аға оқытушы Бөдеев Қ. Т.
Қарағанды - 2019
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси, құқықтық ой-пікір өкілдерінің қазақ қоғамының саяси дамуына көзқарасы . . . 6
1. 1 ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси идеялары . . . 6
1. 2 Ұлттық-демократиялық бағыттағы Алаш қайраткерлерінің мүдде, бостандық теңдік идеялары . . . 10
2 ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының атқарған қызметтеріне саяси талдау . . . 19
2. 1 ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметтері . . . 19
2. 2 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы және қазақ интеллегенциясы . . . 23
Қорытынды . . . 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тізгінін өз қолына алғаннан кейін «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» деп жариялауы қоғамдық ғылымдар: заң, саясаттану, философия, тарих ғылымдары алдына тың тұрпаттағы жаңа міндеттер жүктеді. Солардың бірі және бірегейі ретінде халқымыздың ұлт болып қалыптасуына, оның ұлттық және саяси сана - сезімнің оянуына, өзінің дербес мемлекеттілігін жариялау жолындағы күресінің дамуына орасан зор әсерін тигізіп, осы процестерге жетекшілік жасаған қазақ интеллегенциялының саяси күресі мен құқықтық көзқарастарын зерттеу деп айтуға толық негіз бар.
Қазақстан Ресейге бодан болғаннан кейінгі кезеңдегі қазақ өлкесінде отаршыл - құқықтың жүйенің орнығуы және оған қарсы қазақ оқымыстыларының саяси күресі олардың қазақ елінің мемлекеттік құрылысы жөніндегі саяси құқықтық көзқарастарын эволюциясына негізделгені зерделенген.
Кешегі Кеңес Одағы дәуірінде бұл тақырып терең зерттелмеді, зерттелген күннің өзінде коммунистік идеология үстемдік еткен заманда маркстік-лениндік методология шеңберінде ғана қарастырылды. Кеңес Одағындағы барлық қоғамтанушы ғалымдар сияқты қазақстандық зерттеушілер де кез-келген саяси оқиға, құбылыс, қозғалыс, тарихына баға беруде, олардың жетекшілерінің құқықтық көзқарастарын айқындауда сол кезеңде үстемдік еткен таптық принцип тұрғысынан, қоғам мен оны қорғаушы күштерді міндетті түрде антогонистік таптарға жіктеу арқылы баға беріп келген мәлім. Кез-келген саяси күрестегі бірден-бір саналы күш жұмысшы табы ретінде танылып, ол яғни «пролетариаттың гегемондығы» мемлекет және құқық тарихындағы күмән келтірмейтін абсолютті ақиқат ретінде басшылыққа алынды. Міне, сондықтан Кеңес Одағы заманындағы зерттеулерде маркстік-лениндік методологияны басты принциптері таптық және партиялық принциптер үстемдік алып, ғылыми объективтілік шеттетілді. Еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани салаларындағы процестерді зерттеумен Қазақстан мемлекеті мен құқығының тарихы саласындағы ғылыми еңбектерді осы принциптерді басшылыққа алу тұрғысынан жүргізілді. Марксизм-ленинизм бірден-бір объективті ғылыми методология ретінде ұсынылса да, ол шын мәнінде тамыры терең, сан-салалы тарихи процестерді зерттеуде бір жақтылықты, бір ғана идеология мен қоғамдық пікірді орнықтыруды мақсат етті. Сондықтан кеңес дәуіріндегі ғылыми еңбектердің басым көпшілігінде мемлекет және құқық тарихына, оның ішінде ұлттықтұрпаттағы саяси құқықтық идеологияның қалыптасуы мен даму заңдылықтарына, ел тарихының шешуші кезеңдерінде оның бет алыс бағдарына үлкен әсер еткен көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлер, заңгерлер мен құқықтанушылар еңбегіне өз дәрежесінде лайықты баға бермеді[1, 65-68б. ] . Ендеше еліміз тәуелсіздік алған кезеңде аталған тақырыптарды жаңа заманның биік талаптары тұрғысынан және ғылыми объективтілік принциптерімен зерттеп, зерделеу осы жұмыстың арқауы болмақ.
Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі. Ендеше біз Қазақстан мемлекеті саяси және құқықтық ілімінің тарихын зерттеу үшін сол нақты тұлғалардың саяси өмірбаяны мен көзқарастарын білуіміз шарт. Тек соларды білу арқылы ғана сол кезеңнің саяси тарихының біртұтас келбетін жасай алмақпыз.
Курстық жұмысының зерттеу нысаны. ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялылары.
Курстық жұмысының пәні. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси өміріндегі қазақ интеллегенцияларының орны мен рөлі.
Курстық жұмыстың мақсаты - ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялыларының Қазақстан тарихында алатын орнын зерттеу.
Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси идеяларын анықтау;
2. Ұлттық-демократиялық бағыттағы Алаш қайраткерлерінің мүдде, бостандық, теңдік идеяларына түсінік беру;
3. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметтерін анықтау;
4. Қазақ зиялыларының қазақ халқына сіңірген еңбектерімен танысу.
5. Қорытынды шығарып, тұжырымдама жасау.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі . Қазақстандық ғылымдар салысында әр жылдарда қазақ интеллегенциясы туралы қалам тартқан зерттеушілер мен бірлі - жарым зерттеу еңбектер болғанымен, оның саяси қызметі мен құқықтық көзқарастары, әсіресе, қазақ ұлт - азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі ретіндегі рөлі түбегейлі түрде, жан-жақты зерттеліп, жетілмеген. Мұның себебі кешегі коммунистік партия билік құрған кезде көптеген зерттеушілерге «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, зерттеулерге тиым салынған.
Қазақ интеллегенциясының қоғамдағы рөлін бейнелейтін тарихи-шежірелік, тарихи-құжаттық, тарихи-ғылыми, тарихи-әлеуметтік алуан түрлі еңбектер бар. Мысал ретінде Агарский Г. К. қалдырған «Киргизская интеллигенция»[2] мақаласын айтуға болады.
Сонымен қатар қазақ интеллегенциясын зерттеп жүрген ғалымдар да аз емес. Мәселен, М. Дулатов туралыТұрантегі Д. [3], «Қазақ» газетінің басшыларының атқарған қызметі туралы Кемеңгерұлы Қ. [4], Ә. Бөкейхановтың өмір сүрген кезеңін Махат Д. [5], Әбдиманұлы Ж. [6], Пірманов А. мен Қапаева А. [7], Өзбекұлы С. [8], Алаштың беделді азаматы М. Тынышбаев және Х. Досмұхамедовтың қазақ халқына атқарған қызметін Жамбылов Д. [9], Нұрпейісов К. [10, 11], Қозыбаев М. Қ. [12], Рысбеков Т. [13], Шортанова А. [14], Алаш қозғалысының қызметі мен мақсатын зерттеген Қойгелдиев М. [15], Әбжанов Х. [16] және т. б. қазақтың қазіргі таңдағы интеллегенциясы деп айтуға болатын ғалымдар олар жайлы тың деректерді жинақтап, көптеген мақалаларды газет-жернал беттеріне, бірнеше томдық кітаптарды болашаққа үлгі ретінде жеткізіп жүр. Әлде де қазақ зиялылары көп зерттеулерді қажет етеді. Мұның себебі, сонау КСРО-ға бодан болып, айтылмай жарыққа шықпай қалған еңбектердің зерттелмеуі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, 4 тараудан, қорытындыдан тұрады. Курстық жұмыста пайдаланылған әдебиеттер мен деректерге сілтемелер берілген.
1 ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси, құқықтық ой-пікір өкілдерінің қазақ қоғамының саяси дамуына көзқарасы
1. 1 ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси идеялары
Қазақ қоғамының экономикалық өмірінде ХХ ғасырдың басында болған өзгерістер қазақ халқының қоғамдық санасын едәуір қайта құруға жеткізді. Қарастырып отырған кезеңде Ресейдің патша өкіметі Қазақстанды отарлауын толық аяқтауы деуге болады, оның ең басты әлеуметтік - экономикалық зардаптары: қазақ халқын біртұтас ел ретінде бытырату мақсаты мен қазақ жерлерін аумақтық жағынан әскерилендірілген бірнеше облыстарға бөлінуі; байырғы тұрғындарды жақсы жерлер мен шұрайлы жайылымдардан жаппай көшіру, шаруашылық жүргізу саясатын өзгерту; тұрмыс жағдайының күрт нашарлатып, оған қоса рухани қысымның күшейтілуі. Қоғамдық тұрмыстағы мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятты, қазақ қоғамында жаңа идеялар, ой-пікірлер, көзқарастар қалыптасуын бастап берді.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының озық ойшылдары қоғамды, адамдардың өздерін күш қолданылатын революция емес, қоғам мүшелерінің сезімін өзгерту мен адамдардың бүкіл қоғамды жаңарту практикасына тартылуы ғана өзгерте алады деп санап, қоғамдық сананы қалыптастыру процесін нақты жүзеге асырды. Адамдардың бүкіл бұқарасы мұндай өзгерістерге қатыса алмайды және оған қатысуға қабілетсіз, оны бірдей түсіне бермейді және оған бірдей дәрежеде мүдделі де емес. Қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық сананың байланысын әдетте барша жұрт бірігіп немесе әрбір адам жеке дара белгілемейді, қайта адамдардың ерекше топтары, сананы әзірлеу мен кәсіби түрде айналысатын интеллегенттер айқындайды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы төңірегіне топтасқан қазақ интеллегенциясы осындай интеллектуалдар тобы болды.
Қазақ халқының ұлттық сана - сезімін ояту және жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру ісіне «Қазақ» газеті де зор үлес қосты. «Алаш» партиясы сияқты, оның органы болған «Қазақ» газеті (1913-1918жж. ) де ұзақ уақыт бойы «буржуазияшыл-ұлтшылдық» газеті деп саналды.
Қазақ даласында ұлттық қозғалысқа жас интеллегенция жаңа табыс берді. Тарихи тәжірибенің дәлелдеп отырғандай, әлеуметтік күрт өзгерістер кезеңдерінде әрқашанда интеллегенция едәуір белсенділігімен, дербес бастамасымен ерекшеленіп отырған. Әлеуметтік, иетеллектуалдық және адамгершілік сезімі жоғары интеллегенция жеке адамның қоғамда алатын жағдайы туралы, оның санаға және сана-сезімге қатынасы туралы мәселе көтерді.
С. Асфендияровтың жазғанындай, «Мемлекеттік аппаратты қалыптастыру қажеттігі патша өкіметін белгілі бір дәрежеде кадрлар даярлаумен айналысуға мәжбүр етті». Сөйтіп Ресейдің оқу орындарынан қазақтан шыққан болашақ дәрігерлер, инженерлер, мұғалімдер, чиновниктер, офицерлер, аудармашылар, жазушылар жоғары білім алды[2, 7 б. ] .
Белгілі марксист Аграмши Ресей интеллегенциясының қалыптасу заңдылықтарын зерттей келіп былай деп жазған: «Ең белсенді, жігерлі, алғыр және білімді адамдардан тұратын бетке ұстарлар шетелге барады, Батыстың неғұрлым алдыңғы қатарлы елдерінің мәдениеті мен тарихи тәжірбиесін игеріп, бұл орайда өздерінің ұлттық мәдениетінің ең елеулі белгілерін жоғалтпайды, яғни өз халқынан рухани және тарихи байланыстарын үзбейді, сөйтіп интеллектуалдық даярлығын аяқтайды, олар отанына оралады да, халықты күштеп оятып, ілгері қарай жедел қозғалуға, кезеңдерден аттап өтуге мәжбүр етеді».
Бұл заңдылықты ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллегенциясының қызметінен көреміз. Қазақ интеллегенциясының алдыңғы қатарлы бөлігі ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялық күрес, 1905 жылғы бірінші орыс революциясы идеяларының және сол кездегі қазақ қоғамының тарихи нақтылықтарының ықпалымен қалыптасты.
Мұнда зиялы қауымның сіңірген еңбегі мынада: ол Бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде байқап, қазақ қоғамын да қозғалысқа келтіру амалдарын іздестірумен айналысты, ол үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланып, туған халқын феодалдық-патриархаттық мешеуліктен шығаруға, патшалық езгіден азат етуге оған білім мен прогресс, мемлекеттік тәуелсіздік алу жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі жанжалдар мен ізденістер жолы болғаны күмәнсіз. Ал бұл жолда жетістіктерімен қатар, әрине, қателесулер де, адасулар да болды. Алайда оларды кейіннен сталиндік идеологияның түсіндіргенідей, өз халқына жаулық көзқарастар емес, халық тағдырын жеңілдету жолындағы күрестің табиғи қиындықтары туғызған еді. Қазақ интеллегенциясының ең басты ізгі мақсаты - халыққа қызмет ету болғанын «Алаш» басшыларының бірі М. Дулатов 1929 жылы Буторск түрмесінен жазған хатында былай деп айқындайды: «Мен өзімнің құлдыққа түсірілген, езгіге салынған, бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуға көмектесуді өз борышым деп санадым . . . Саяси саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай алмадым деп санаймын, ал қазір Кеңес Үкіметіне қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ ұлтын дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім ғана».
Қоғамдық саяси өмір арнасына орыстың азаттық қозғалысының ықпалын бастан кешірген қазақ интеллигенциясының пиғылдығы жас ұрпағы көтеріле бастады. Ұлттық интеллегенцияның түрлі топтарының идеялық-саяси көзқарастары бірдей болмады[3, 25 б. ] .
Ә. Бөкейханов ХХ ғасырдың басында қазақтар арасында ұйымдасуы мүмкін саяси партиялар жөнінде былай деп жазды: «Таяу болашақта дала өңірінде қырғыздар арасында қалыптасып жатқан екі саяси бағытқа сәйкес екі саяси партия ұйымдастырылуы ықтимал. Олардың біреуі ұлттық-діни партия деп аталуы мүмкін, ал оның мұраты қазақтардың басқа мұсылмандармен діни бірлігі болады. Екіншісі - батыс бағытында . . . Біріншісі - мұсылмандық татар партияларын, екіншісі - оппозициялық орыстарды, атап айтқанда, халық бостандығы партиясын үлгі етіп алуы мүмкін».
Шынында да, кейіннен Ә. Бөкейханов бастаған қазақ саясатшылары болашақтағы ұлттық партияны кадеттер үлгісінде құрмақ болды. Оның өкілдері кадет партиясының Бүкілресейлік съездерінің жұмысына қатысты, ал Бөкейханов осы партияның орталық комитеті құрамына сайланып, Мемлекеттік Думада кадеттерге қосылды. Қазақ интеллегенциясы алдыңғы қатарлы бөлігінің кадеттермен ынтымаққа келуіне кадеттердің көшпелілердің отаршылық өмірге бірте-бірте өтуі қажет екендігін түсінгені және отарлық аймақтарда да орталық Ресейдегідей оқыту жүйесінің енгізілуін жақтауы әсер етті. Батысша пиғылға батыл бет бұрып, егер барлық саяси орыс қозғалыстарының тұғырнамасында бұратаналарға құқықтардың теңдігі мен олардың қадір-қасиетін құрметтеуге уәде берсе, олардың бәрімен ынтымақтастық жасауды жақтаған бұл қазақ тобының басшылары панисламизмге оппозицияда болып, оны шығыс утопиясы деп санады. Екінші жағынан, патша өкіметіне адал болып көшпелі халықтар арасында әскери міндеткерлік енгізілуімен де келісе отырып, олар тіл мен мәдениет жағынан орыстандыруға, сондай-ақ ауыртпалықты полициялық террор мен отарлауға қарсы күресті.
Қазақ интеллегенциясы өз қызметінің басты бағытын анықтап алып, өз идеяларын кеңінен тарату үшін баспасөз арқылы саяси аренаға шығуға ұмтылды. Оның өкілдері ұлттық баспасөз болмағандықтан әуелі татарлар мен орыстардың «Фикер», «Вакт», «Шура», «Омич», «Иртиш», «Голос степи», газеттерінің беттерінде өз пікірлерін айтты. Ал «Айқап» журналы шыққанан кейін соған жаза бастады. 1913 жылы олар сәтін түсіріп өздерінің баспасөз органы - сапасы жөнінен де, таралымы жөнінен де қазақтардың барлық мерзімді басылымдарының ең елеулісі «Қазақ» газетін ұйымдастырып алды. Көптеген сенделістерден кейін: Омбыда, Орынборда, Санкт-Петербургте сансыз көп чиновниктер кабинеттерінің табалдырығын тоздырып, астананың жоғары қызметтегі чиновниктері мен беделді қайраткерлерінің көмектесуімен, ақырында қазақ тілінде газет шығаруға рұқсат алынды. А. Байтұрсынов редакторы болған газет өз төңірегінде озық ойлы қазақ интеллигенциясының, жазушылары мен ақындарын біріктірді. Газеттің саяси бағыты реформистік саяси партияның талаптарына сай келді: ол негізінен қазақ халқының мәдениетін көтеруге қамқорлық жасап, ұлттық тіл мен әдебиетті дамыту ісін басты мақсат етіп қойды. Бұл жөнінде бірінші нөмірдің бас мақаласында оның үздіксіз редакторы болған А. Байтұрсынов ғбылай деп жазды: «Қырғыз халқы ғасырлар бойы өз жерін мекендеп, өз тіршілігін жасап келді, ал қазір далаға қоныстанушылар қаптап кетті. Біздің болашағымыз қандай болмақ? Тарих бізге келімсек халық мәдениет тұрғысынан байырғы халықтан күштірек болып шығады да, сонғысын жұтып қояды деп үйретеді. Ал егер екі жақ мәдениет тұрғысынан бір-біріне тең келсе, олар дамып бұл орайда тең құқықтарды пайдаланады және әрқайсысы өзінің ұлттық сипатын сақтап қалады. Қырғыздардың экономикалық өмірінің өзгермей қалатыны байқалып отыр. Шаруалар біздің егістік жерлерімізді алып жатыр, жер учаскелері алынып қойды. Қырғыз халқының өмір сүру проблемасының өзі шиеленіскен сипат алуда. Өз автономиямызды сақтап қалу үшін біз білім мен мәдениет жолында жан салып күресуге тиіспіз. Біз ана тілінде әдебиет жасай білген халықтың ғана тәуелсіз өмір сүруге құқығы бар екенін ұмытпауға тиіспіз». Газет беттерінде қозғалған проблемалар ауқымы өте кең болды. Газет өзінің мақсатын: «қазақ халқы арасында ғылым мен білімді таратуға басшылық ету, Жер бетіндегі басқа халықтардың тіршілігімен таныстыру, қазақ халқының тарихы туралы айтып беру, шаруашылық өмір, емдеу, әдебиет, мектептер мен медреселерде оқыту проблемаларын кеңінен талқылау» деп санады. Бұл идеяларды насихаттауға М. Оразаев пен бас редакторы А. Байтұрсыновтың және М. Жұмабаев, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов және басқалар сияқты патриоттық пиғылдағы жазушылар мен ақындардың тамаша ұжымының күш-жігері бағытталды[4, 296 б. ] .
Газет беттерінде жарияланған мақалаларға объективті түрде талдау жасау газетті ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның өзіміз қарастырып отырған күрделі әрі сан қилы қоғамдық санасында елеулі орын алған деген тұжырым жасауымызға мүмкіндік береді.
«Қазақ» газетінің беттерінде қоғамдық-саяси бағыт ұстанып, қазақ халқының қалың бұқарасының саяси және құқықтық санасында қалыптастыруға көп маңызды болған мақалаларға едәуір орын берілді. Қоғамдық саяси қызметін «Қазақ» редакциясындағы жемісті шығармашылық жұмыспен ойдағыдай ұштастыра отырып, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов баспасөз бетіне шаққан сөздері арқылы қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуға, олардың санасында бостандық пен тәуелсіздік идеяларын құюға мүмкіндігінше жәрдемдесуге ұмтылды. Олар отаршыл патша үкіметі жағдайында өз халқының құқықсыздығына қатты алаңдады, өз замандастарының әрекетсіздігі мен әлеуметтік енжарлығы үшін аяусыз айыптап, көш қимылды біріктіруге шақырды. Ә. Бөкейхановтың «Қыр баласы» деген жасырын атпен жариялаған мақалалар топтамасы осы мақсатқа арналған, бұларда ол Мемлекеттік Думадағы істер туралы егжей-тегжейлі айтып берген.
1917 жылдан бастап газет «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің ресми баспасөз органына айналды да, бұл оны 1918 жылы Кеңес өкіметінің жауып тастауына себеп болды.
ХХ ғасырдың басында Қазақстанда қоғамдық сананы қалыптастыруда «Айқап» журналы елеулі рөл атқарды. Бұл басылымның жалынды редакторы М. Сералин 1924 жылы журналдың құрылу тарихына арналған мақаласында «Айқаптың» ешқандай да таптық органы болмағанын жазады. Ол халықтық басылым болғандықтан ешқандай да таптық, саяси, экономикалық бағдар ұстанған жоқ. Сонымен қатар «Айқапта» айқын саяси бағдарлама болған жоқ, оны шығарушылар бүкіл қазақ халқын біріктіру туралы жалпы ұрандармен шектелді.
Алаш қозғалысы қайраткерлерінің 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейінгі ұсынған демократиялық идеялары партия бағдарламасының жобасында көрініс тапты. Жобада атап көрсетілгендей, партияның басты мақсаты Ресей федерациялық демократиялық республиканың құрамында қазақ автономиясын құру болды.
«Алаш» партиясы ұсынған бұл идеяны Кеңес үкіметі де Ресейдің федерациялық құрылысында пайдаланды. Алаш қайраткерлерінің ұлттық автономия түріндегі мемекеттілікке қол жеткізуге ұмтылуының өзіндік себептері де бар еді. Оның ең бастысы сол кездегі саяси жағдай дербес тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға мүмкіндік берген жоқ. Сондықтан да партия бағдарламасына іргесі бөлек, ынтымағы бір дербес басқарылатын автономиялардан тұратын федеративтік, демократиялық Ресей туралы қағида енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы мен ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан саяси қайраткерлердің жанкешті қызметін жоғары бағалап, былай деп жазды: «Алаш» партиясының бағдарламасын жүзеге асыру барысында дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыру арқылы бұрынғы қазақ қоғамындағы белгілі қайшылықтардан арылуға мүмкіндік туды. Онда тұжырымдалған өтпелі кезең қағидалары жаңғырту әрекетін біршама жүйелі атқаруға жағдай жасады. Олардың ұлттық бағдарламасы сол тұста өлкеде тұрған барша ұлттың бас біріктіруіне жағдай туғызды[5, 128 б. ] . Бір сөзбен айтқанда, олар елді өркендетудің демократиялық баламасын ұсынды, бірақ ол авторитарлық үрдістер салдарынан жүзеге аспай қалды. Келешек ұрпақ өз кезегінде, жаңа басталған тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына қазақ зиялыларының көзге түсе бермейтін, бірақ мейлінше игі үлес қосқанын дұрыс бағалауы тиіс.
1. 2 Ұлттық-демократиялық бағыттағы Алаш қайраткерлерінің мүдде, бостандық теңдік идеялары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz