Жаңа медиа және ақпараттық мәдениет


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Журналистика факультеті
ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯ
Ақпараттық мәдениет және медиасауттылық
Орындаушы Мусаева Баян «__»2019 ж.
Ғылыми жетекші, филол. ғыл.
Докторы, профессор аты-жөні «__»2019 ж.
қолы
Қорғауға жіберілді
. . . . кафедрасының меңгерушісі:
филол. ғыл. докторы, профессор: аты-жөні «__»2019 ж.
қолы
АЛМАТЫ 2019
Түйін
Осы докторлық диссертацияда ақпараттық технологиялардың дамыған ғасырында ақпараттық мәдениет пен медиасауаттылықтың маңызы мен рөлі, медиабілімнің ғылыми-теориялық тұжырымдамасы, шетелдік және отандық медиабілімнің моделі мен даму бағыттары сарапталды. Сонымен қатар қазіргі жаңа медианың ақпараттық кеңістіктегі орны мен аудиторияға, әсіресе балалар мен жасөспірімдер таным-түсінігіне, ой-санасына әсері ғылыми негізде талданды, диссертациялық жұмыста мәтіннің коммуникативтік қызметі және оның аспектілері ғылыми негізде талданды. АҚШ, Канада, Аустралия, Франция, Белгия, Германия сынды елдердегі медиабілім модельдері мен әдістемесі зерттеліп, зерделенді. Қазіргі жаңа медианың балалар мен жасөспірімдер санасына әсері мен ықпалы, салдарлары сарапталды. Жоғарғы оқу орындарының «журналистика» және «педагогика» мамандықтарына енгізуге арналған «медиамәдениет» арнаулы курсының оқу жоспары дайындалды.
Summary
In this doctoral dissertation, the role and importance of information culture and media, the scientific and theoretical concept of media education, the model and development trends of foreign and domestic media are analyzed. At the same time, from a scientific point of view, the role of new media in the information space and the influence of the audience, especially on the cognitive ability of children and adolescents, the psyche, the communicative function of the text and its aspects on a scientific basis in the thesis work are analyzed. In the USA, Canada, Australia, France, Belgium, Germany, models and methods of mediation were studied and studied. The influence and influence of modern media on the consciousness of children and adolescents has been studied. A special curriculum on “media culture” was developed for the introduction of higher education institutions in the field of “journalism” and “pedagogy
Резюме
В данной докторской диссертации проанализированы роль и значение информационной культуры и медиаграмотности, научно-теоретическая концепция медиаобразования, модель и тенденции развития зарубежных и отечественных медиа. В то же время с научной точки зрения проанализированы роль новых медиа в информационном пространстве и влияние аудитории, особенно на познавательную способность детей и подростков, психику, коммуникативную функцию текста и его аспекты на научной основе в диссертационной работе. В США, Канаде, Австралии, Франции, Бельгии, Германии были изучены и изучены модели и методы медиации. Изучено влияние и влияние современных СМИ на сознание детей и подростков. Была разработана специальная учебная программа по «медиакультуре» для введения высших учебных заведений по специальностям «журналистика» и «педагогика».
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. Ақпараттық қоғамдағы жаңа медиа және медиамәдениет тұжырымдамасы
- Жаңа медиа және ақпараттық мәдениет
- Медиасауаттылық және таблойдты журналистика
1. 3Медиа сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері мен теориялық мәселелері
ІІ ТАРАУ. ХХ ғасырдағы шетелдік медиабілім: даму бағыттары мен моделі
2. 1 Шетелдік медиамәдениет қалыптастыру бағыттары
2. 2 Шетелдік медиабілім модельдері мен оны зерттеуші ғалымдар
2. 3 2. 3 Медиа-білім бойынша халықаралық конференциялар
ІІІ ТАРАУ. Медиамәдениет қалыптастыру және медиабілім әдістемесі мен тәжірибесі
3. 1 Шетелдік ақпаратық мәдениет пен медибілім береу әдістемесінің ерекшелігі
3. 2 Медиабілім дәрістерін ұйымдастыру әдістемесі
3. 3 Арнаулы курс: «Ақпараттық мәдениет қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі» университеттер мен педагогикалық ЖОО-ларға арналған оқу жоспары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Адамзат бүгінгі таңда жаңа мыңжылдықтың жаңа ғасырының да алғашқы жылдарын артқа тастап жаһандану сипатындағы ақпараттық қоғам дәуіріне қадам басты. Бүгінгі тарихи уақыт пен әлеуметтік кеңістік немесе қарапайым тілмен айтқанда заман мен қоғам түрлі қарама-қайшылықты оқиғаларға толы болуымен және саналуан қырларға ие болуымен сипатталады.
ХХІ ғасыр - адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен жүйткіп алға ілгерілеуші динамикалы және интенсивті-өзгергіш, қарама-қайшылықтарға толы күрделі, түрлі-түсті оқиғаларға толы мозаикалы дәуір.
ХХІ ғасыр - жаһандану мен ұлттық тенденциялардың тайталасы, үйлесімі мен текетіресінің дәуірі. Яғни бұл озық технологиялардың қарыштап дамуы мен рухани құндылықтар дүниесінің арасындағы өзара қатынас пен пропорцияның өзекті мәселеге айналған жаңашылдық пен қиындыққа толы күрделі кезеңі, бұл технократтық құндылықтар басымдығына адам жандүниесінің моральдік қасиеттерінің ілесе алуы туралы мәселенің таразыға салынған дәуірі. Ақпараттық технологиялардың дамуымен қатар ақпараттық қауіссіздік мәселесі де қатар жүреді. Бүгінгі күні дамыған елдер ақпараттық қауіпсіздік мәселесін шешудің түрлі тәсілдері мен жолдарын қарастыруда. Қазіргі қоғамның дамуының басты ресурсы ақпарат болып отырғанын ешкім жоққа шығармайды. Ал, ақпараттық қауіпсіздік - мемлекеттің және жеке азаматтардың құқықтары мен қоғам мүддесінің қорғалуы. Дүниежүзілік ақпарат әлемінде ешбір елдің саяси-әлеуметтік және мәдени өмірі БАҚ-тан тысқары бола алмайтын күрделі кезеңмен бетпе-бет келіп отыр. Электронды-цирфлық ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі шексіз. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың адамзат игілігіне жарайтын жақтары мол болғанымен, жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігіне де әсері бар. Дүниежүзі ғалымдары қазіргі кезде осы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың адамзат санасына кері әсерін жоюдың жолдарын қарастыруда. Әсіресе баллар мен жасөспірімдердің қауісіздігін қамтамасыз ету үшін олардың ақпараттық сауаттылығы мен медиа мәдениетін қалыптастырып, арттыру жолдарын зерттеуді бүгінгі медиапедагогика ғылымы қолға алды. Докторлық диссертацияда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ақпараттық қоғамдағы медиабілім мен медиамәдениет концепциясы зерделеніп, зерттелген. Сонымен қатар, медиамәдениеттің қазіргі ақрпараттық қоғамдағы рөлі, медиа және ақпараттық сауаттылық ғылыми негізде сарапталады.
Диссертациялық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі жаһандық дейгейде көтеріліп отырған өзекті мәселе ретінде көрініс берді. Батыс елдері Ақпараттық қауіпсіздіктің алғышарттары мен оның тұжырымдамасын жасап, оны орта және арнаулы, жоғарғы білімге енгізуді ертерек қолға ала бастады. Медиа білім берудің негізгі міндеттері: жаңа ұрпақты заманауи ақпараттық жағдайларға, әртүрлі ақпаратты қабылдау, оны түсінуге үйрету, психикаға әсерінің салдарын зерделеп, жас ұқпақтың санасын уланудан сақтап, олардың бойында ұлттық рух пен ұлттық сананы қалыптастыру. Медиабілім әлемнің барлық елдерінде қолға алынғанымен, білім беру саласына енгізілуі әр түрлі деңгейде жүзеге асуды. Британ киноинститутының білім беру саясатының кеңесшісі, медиабілім тақырыбын зерттеуші Кэрри Бэзэлгэт «Англия туралы емес, бүкіл Ұлыбритания туралы емес, Веллс, Шотландия және Солтүстік Ирландиядағы жағдай әр түрлі. Англияда (9 миллион оқушысы бар мектеп) шамамен 70 мыңға жуық 16 жастағы жасөспірімдерге медиа-білім беру пәндерін міндетті түрде оқуды және 18 жастан бастап бұқаралық ақпарат құралдары мен кино табиғатын оқытады. Мемлекеттік стандартта 11-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары үшін әдебиет және әлеуметтік ғылымдар пәндері біріктірілген, аталған пәндерде медиасауаттылық бағыты да қарастырылады. «3 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған сауаттылықтың ұлттық стандартында» фильмдер мен бұқаралық коммуникацияның басқа да құралдарының қызметі жайлы мәліметтер беріледі, мектептер бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істейді» -деп жазады[1] . Ғалым Британ Ұлттық білім беру стандарттарына медиабілім негіздері енгізілгені туралы айтып қана қоймай, медиабілімді дамыту кедергілері мен оның себептерін тарқата зерттейді. Америка Құрама Штаттарының зерттеушісі медиа-білім беру жөніндегі кеңесші және медиа-сауаттылықты веб-мастер (http://medialit. med. sc. edu. Колумбия) Ф. Бэйкер: «АҚШ-тағы медиа-білім беру әлі де фрагменттік сипатта: 50 мемлекеттің әр стандартында медиа сауаттылықтың элементтері бар, бірақ медиа-сұрақтар емтихандарға кірмейді, сондықтан мұғалімдер оларды елемейді» [2] - деп сипаттайды. Грузиядағы медиа, жарнама және телевизия өнері колледжінің директоры З. Ошхнели: « Грузияның Білім және ғылым министрлігінің Медиабілім беру орталығы Израильдің медиа-білім беру орталығының үлгісі бойынша құрылды, бірақ қазір Грузияның Білім министрлігінің бұйрығымен бұқаралық ақпарат құралдары, жарнама және телевизия колледжі қайта аталды. Әрине, колледжде білім беру және видео өнімдерін шығару үшін қаржы, техникалық немесе зияткерлік ресурстар жоқ. Бірақ қазір жағдай одан да күшейе түсті» [2] - деп баға береді. Орыс ғалымдарынан кинотанушы, медиапедагог С. Н. Пензин: «Воронеж облысындағы мысалды пайдалана отырып, медиа-білім беру үрдістері туралы айту маған оңай. XXI ғасырда медиа-білім берудің маңызды бөлігі болып табылатын кино білімінің ерекшелігі, бір жағынан, бұқаралық ақпарат құралдарына, ал екінші жағынан - өнерге жататын кинематографтың екі жақты сипатына байланысты болды. Воронеждегі Воронеж кинотеатрының оқытушылары осы түсініктерді студенттерге жеткізуге тырысады. ХХІ ғасырдағы ресейлік кино білім берудегі негізгі үрдіс - кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерінде медиа-білім берудің міндетті курстарын енгізу» [2] дейді.
Сонымен қатар медиабілім Швед мектебінде де жеке пән ретінде оқытылады. Балаларға ең алдымен ғаламтордағы ақпаратқа сыни тұрғыдан қарауды үйретіп, сараптауға бейімдейді. Елде және әлемдегі оқиғаларға негізделген мұғалімдер ұсынған, балаларға қандай тақырыпты талқылауға болатынын, қандай ақпаратты іздеуге байланысты Шведтерде бірнеше арнайы білім беру ресурстары құрылды. Олар: Medi Kompass, MIK-руммет. Бұл ойлардан шығаратын қорытынды, медиабілімді әлемдік деңгейде білім беру бағдарламалары мен стандарттарына енгізу қолға алынған. БАҚ және кино саласының ғалымдары бұл бағытқа ерекше назар аударып отыр. Оның басты себебі, жаһандық ақпараттық кеңістікте медианың қоғамдық сана мен пікір қалыптастыруда маңыздылығына байланысты. Жаһандану ғасырында ақпараттық қауіпсіздік мәселесі бірінші орынға қойылуының да маңызды себебі бар. Жаһандану жағдайында жер бетіндегі ұлттар мен ұлыстар өзінің ұлттық құндылықтарын ұлықтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, дәріптеп, ұлттық болмысын сақтап қалуға тырысады. Ол үшін өскелең ұрпақ санасына ұлттық құндылықтар мен ұлттық мәдениетті сіңіру керек. Осы орайда еліміздің тұғыш президенті Н. Ә. Назарбаев «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» тақырыпты бағдарламалық мақаласында «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды»[3] - дейді.
Медиасауаттылық және медиабілім бүгінгі күнде Қазақстанда ғана емес әлемде өзекті мәселе болып отыр. Бұл салалардағы инновациялық технологиялар көзілеспес жылдамдықпен дамып, қоғамдық сана мен руханиятқа ықпалын етуде. Аталған технологиялардың шексіз мүмкіндіктеріне адам санасын лезде жаулап ататын және қоғамдық пікірге ықпал ететін ақпараттық құзыретін қосайық. Демек әлем жұрттшылығы неліктен ақпараттық қауіпсіздік пен медиабілімге назар аударып отырғанын түсінеміз. Медиасауаттылық, медиабілім, медиақұзыреттілік мәселесінің әлемдік деңгейде өзектігінің артуының да себебі де осы.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты:
- Қазақстандық ақпараттық қоғамдағы медиасауаттылық, медиабілім және медиамәдениет тұжырымдамасын жасау және орта, арнаулы, жоғарғы оқу орындарына ұсыну;
- Медиасауаттылық пен медиамәдениеттің қазіргі ақрпараттық қоғамдағы маңызы мен рөлін айқындау;
- Медиа және ақпараттық сауаттылық контексіндегі тұлғаның және қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін ғылыми негізде зерделеу;
- Тұлғаның медиасауаттылығын, медиабілімін және мәдениетін қалыптастыру факторларын анықтап, тәжірибелік жолдарын ұсыну;
- «Медиабілім», «Медиасауаттылық», «медиапедагогика», «медиапедагог», «медиақұзыреттілік», «медиасын» терминдеріне ғылыми анықтама беру.
Диссертациялық жұмыстың міндеттері:
- Әлемдік медиабілім моделдерін зерделеп, салыстырып, сараптап, медиабілім берудің Қазақстандық моделінің тұжырымдамасын жасау;
- Шетелдік және отандық медиабілім беру әдістемесін зерттеп, орна және жоғарғы білім беру мекемелеріне теориялық негізделген медиабілім әдістемесін ұсыну;
- Қазақстандағы орта және мамандандырылған білім беру жүйесіндегі медиа сауаттылықтың өзекті мәселелерін анықтау, талдау жасау;
- Қоғамдық медиасауаттылықты және медиамәдениетті қалыптастыру жолдары мен әдіс-тәсілдерін ұсыну.
Диссертацияның зерттелу деңгейі .
Ғылыми еңбекте шетелдік ғалымдардың оның ішінде британдық профессор Эндрю Харт (Andrew Hart) өзінің әріптестерімен Еуропаның көптеген елдерінің - Ұлыбритания, Франция, Швейцария, Германия, Италия, Венгрия, Ресей және т. б. зерттеушілерінің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан кең ауқымды бірлескен Euromedia жобасының алғашқы нәтижелерімжайлы жазылған ғылыми еңбектер қарастырылды. Итальяндық Роберто Цианнателли (Roberto Ciannatelli), американдық Ренн Хобс (Renne Hobs) және Кэтлин Тинер (Kathleen Tyner), канадалық Каролин Уилсон (Carolyn Wilson), ағылшын Стив Бекингхам (Steve Beckingham), венгриялық Джудит Беней (Judit Benei) және Лазсло Хартай) (Lazslo Hartai), аргентиналық Роксанна Мордюк (Roxanna Morduс), австралиялық Робин Квин (Robyn Quin), чилилик Мигель Рейс Торрес (Miguel Reyes Torres), испандық Роберто Апаричи (Roberto Aparici), норвегиялық Элисе Зейп Тоннессен (Elise Seip Tonnessen) [4] және басқа да медиа қайраткерлері «түрлі елдердегі медиа-білім берудің теориясы, әдістемесі және болашағы мәселелерін талқылаған ғылыми еңбектер қарастырылды. Сонымен қатар нақты осы саланы зерттеп, ғылыми орталықтар құрып, бірнеше ғылыми еңбектер жазған Д. Клустер Ф. Бэйкер, Дж. Джонсон, Р. Кьюби, Р. Корнелл, Ф. Рогоу сынды ғалымдар медиабілім тақырыбын терең әрі толыққанды зерттеумен айналысқан. Неміс ғалымдарынан Х. Гапски, болгариядан К. Христова, британиядан Кэрри Бэзэлгэт, Грузиядан З. Ошхнели, Австриядан С. Крюксэй, Жаңа Зеландиядан ДжЛилэнд, Ресейден А. П. Короченский, Н. Ф. Хилько, B. Л. Колесниченко, А. П. Короченский, A. А. Новикова, Е. А. Бондаренко, А. А. Федорова, Е. В. Мурюкина сынды ғалымдардың ғылыми-теорилық еңбектері бар.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы.
- Медиа білім беру контекстінде ақпараттық технологиялар мен медианы дамытудағы қазақстандық және халықаралық тәжірибенің маңыздылығын көрсететін, әртүрлі мақсатты топтар үшін медиа-білім беру бағдарламалары үшін тұжырымдамалық негізді әзірлеуге бағытталған зерттеу бағдарламасы әзірленді;
- Медиа-білім беруді дамытудың философиялық және әдіснамалық негіздері, негізгі тарихи кезеңдері талданды және олардың сипаттамалары анықталды;
- Қазақстан Республикасының медиа кеңістігінің негізгі құрылымдық компоненттері, сапа, мазмұндық аспектілері зерттелді;
- педагогикадағы бағыт, мектеп оқушыларының жаппай қарым-қатынастарын зерттеу. Негіздері қазіргі заманғы ақпараттық жағдайларға жаңа ұрпақты дайындау, әртүрлі ақпаратты қабылдау, оны түсінуге үйрету, оның психикаға әсерінің салдарын түсіну, техникалық құралдарды пайдалана отырып, ауызша емес қарым-қатынас нысандарына негізделген байланыс әдістері зерттеліп, ғылыми айналымға енгізілді.
- Орта білім беру мекемелерінде оқытуға ұсынылатын «Медиабілім» және «Медиасауаттылық» пәндерінің типтік бағдарламалары мен оқу-жұмыс бағдарламалары ұысынылды;
- Жоғарғы оқу орындарында оқытуға ұсынылатын «Медиабілім», Медиақұзіреттілік», «Медиамәдениет» пәндерінің типтік бағдарламалары мен оқу-жұмыс бағдарламалары ұсынылды;
- Арнаулы орта білім (колледждер мен кәсіптік лицейлер) беру мекемелеріне «Медиасауттылық», «медиамәдениет» пәндерінің типтік бағдарламалары мен оқу-жұмыс бағдарламалары жасалды.
Диссертацияның теориялық және методологиялық негізі.
Докторлық диссертацияның теориялық және методологиялық негіздері ретінде АҚШ ғалымдары Д. Клустер Ф. Бэйкер, Дж. Джонсон, Р. Кьюби, Р. Корнелл, Ф. Рогоудың, неміс ғалымдары Х. Гапски, болгариядан К. Христова, британиядан Кэрри Бэгэнэт, Грузиядан З. Ошхнели, Австриядан С. Крюксэй, Жаңа Зеландиядан ДжЛилэнд, Ресейден А. П. Короченский, Н. Ф. Хилько, B. Л. Колесниченко, А. П. Короченский, A. А. Новикова, Е. А. Бондаренко сынды ғалымдардың ғылыми-теорилық еңбектері қарастырылды.
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы.
«Медиасауаттылық», «Медиамәдениет» пәндерінің типтік оқу бағдарламалары жалпы орта және орта-арнаулы(колледж) білім беру мекемелеріне дайындалып, ұсынылады.
Жоғарғы білімге «Медиабілім», «Медиақұзіреттілік», «Медиамәдениет» базалық пәндері мен таңдау пәндерінің типтік-оқу бағдарламалары дайындалып, ұсынылады. Докторлық диссертацияның барлық тарауын, бөлімдерін, лекция, семинар сабақтарында материал ретінде пайдалануға болады. Жоғарғы оқу орындарынын «Медиабілім» кафедрасының концепциясын жасауда, сайт, портал, газет-журнал концепцияларын жасауда, педагогтарға, мектер оқушыларына «Медиасауаттылық» курстарын ұйымдастыруда диссертация материалдарын пайдалануға болады.
Ғылыми жұмыстың негізгі зерттеу нысаны.
Докторлық диссертацияның негізгі зерттеу нысаны Қазақстандағы және шетелдік ақпараттық кеңістік, жаңа медиадары, медиабілім орталықтары. Оның ішінде жалпы білім беру және орта-арнаулы білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындары. Қазақстандағы ЖОО-лардағы «журналистика» және қоғаммен байланыс факультеттерінің мемлекеттік білім беру стандартты мен типтік оқу-бағдарламалары. АҚШ, Германия, Австралия, Британия және т. б. елдердегі медиабілім жағдайы туралы электронды және баспа БАҚ материалдары.
Зерттеудің тәсілдік негіздері.
Докторлық жұмыста тарихи-хронологиялық, типологиялық, теориялық талдау, салыстыру, баға беру, дәлелдеу, сараптау, талдау, дәйектеу, тұжырымдау әдістері қолданылады.
Диссертацияның құрылымы.
Докторлық диссертация үш тараудан, алты тараушадан тұрады.
І ТАРАУ. Ақпараттық қоғамдағы жаңа медиасауттылық және медиабілім тұжырымдамасы
1. 1Қазақстан ақпараттық кеңістігіндегі жаңа медиа және ақпараттық қауіпсіздік
Жаһандану дәуірінде жаңа ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты медиа өндірісінде ақпарат тарату құралдарының формалары мен моделдері де түрленді. Ғалымдар интернеттің пайда болуымен байланысты жаңа медиа моделдерінің көбейгенін, олардың аудитория үшін күресі қарқын алатынын айтады. Бүгінгі таңда, қоғам үшін əлі жаңа дүние болса да Twitter, Facebook және Instagram сияқты әлеуметтік желілерсіз негізгі қоғамдық іс-шараларды елестету мүмкін емес. Бұқаралық ақпарат ағыны қоғамның барлық салаларында қызмет етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының онлайн кеңселерінде (порталдарында) кез келген ақпаратты алуға болады. Мәселен онлайн-медиа, интернет-теледидар (webcasting), интернет-радио (подкастинг) ; ұялы теледидар, блогжурналистика, нтернет-аудиторияда есептелген кинотеатр, әлеуметтік желілер:Instagram, twitter, facebook, VK, WhatsApp, виртуалды қауымдастық, виртуалды ойындар және басқа веб 2. 0 ресурстары қазіргі қоғамдық сананы жаулап алды десек артық болмас. Жаһандық ақпараттық технологиялардың дамуы салдарының дәстүрлі медиа дереккөздерінен асып түсетін жаңа медиа енді. Тиісті жаңалықтарды таратуда әлеуметтік желілер мен блогтар дәстүрлі медианың алдын орап кетуі де мүмкін, сарапшылар жаңа медиа саяси қайраткерлер жайлы ақпарат тарату арқылы аудиторияның ең көп санын жинап алатынын айтады. Бірақ, ақпараттық қоғамды пайдаланушылардың белсенділігі мен Интернет арқылы үлкен ақпараттардың кең таралуына қарамастан, әлеуметтік желілер мен блогерлердің шикі сараптамасынан қоғамда түрлі арандатулар орын алуы мүмкіндігін ғалымдар жіті зерттеуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz