Сүт жолдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Негізгі ұлпалар
2.2 Бөліп шығарушы ұлпа
3. Қорытынды
4. Пайдаланылғарн әдебиеттер

НЕГІЗГІ ҰЛПАЛАР
Өсімдіктің әртүрлі мүшелерының негізгі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды. Кейбір әдебиеттерде бұл ассимиляциялаушы, қор жинаушы, сорушы, ауа алмастырушы ұлпалар деп жеке қарастырады.. Сонымен бірге оларды орындаушы паренхима, негізгі паренхима, немесе жай паренхима деп те атайды. Негізгі ұлпалар жасуша қабықшалары жұқа болып келетін тірі паренхималық жасушалардан тұрады. Бұл жасушалардың жасуша аралық қуыстары болады. Паренхималық жасушалар әртүрлі қызмет атқарады. Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор зат - тары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқа да қызметтер атқарады. Негізгі ұлпаларды атқаратын қызметіне қарай мынандай түрлері болады.
Ассимиляциялық, немесе хлорофилл түзетін, паренхима (хлоренхима). Жапырақтарда және жас сабақтардың қабағында орналасады
Ассимиляциялық паренхималардың жасушаларында хлорофил дәндерінің болуы. Олар фотосинтез процесін іске асырады. Өсімдктердің жапырағында, шөптесін өсімдіктердің сабағында, шикі жемістерінде, эпифиттердің ауа тамырларында кездеседі. Негізгі атқаратын қызметі ауа алмастыру және суды буландыру.
Олардың пішіндері мен мөлшері өсімдік түріне байланысты әр түрлі болып келеді. Қос жарнақтыларда бағыналы, борпылдақ ұлпалары болса, қылқан жапырақтыларда қатпарлы ұлпалар болады.

Шлаң сабағындағы аэренхима: 1-жасуша аралық қуыс.

Қор жинаушы ұлпалар. Қор жинаушы ұлпалар өсімдіктер денесінде пайда болған органикалық заттар мен су қорын жинауға бейімделеген жасушалар тобы. Қор заттарын жинау барлық жасушаларға тән. Қор заттары қатты (крахмал) және еріген (қант) күйінде болады. Олар негізінен сабақтың өзегінде, тамырдың тоздық бөлігінде, сонымен бірге көбею мүшелерінде, дәндерінде, жемістерінде, баданаларында, жерасты түйнектерінде және өсімдіктердің басқа да жерлерін де жиналады). Қорлық ұлпаларға шөлді аймақтарда өсетін өсімдіктердің бойына су жинайтын ұлпаларында жатқызуға болады (кактустардың, алоэнің және т.б.).
Сорушы (қабылдаушы) ұлпалар. Сорушы ұлпалардың өсімдік тіршілігінде маңызы зор. Сыртқы ортадан өсімдіктердің денесіне су және онда еріген заттарды осы ұлпалар арқылы қабылдайды. Бұл ұлпаларға тамырдың, тамыр түктері бар аймағындағы (зонасындағы) жасушалардың (эпиблема) тобы жатады.Олардың ұлпаларының құрылысы қабылдайтын заттарына, өсімдіктердің денесінде орналасуына байланысты әр түрлі болып келеді. Мысалы тамыр түктері, астық тұқымдастарының эндоспермі мен ұрық бөлімінің ортасында орналасқан қалқаншадағы сору қабаты, празиттік өсімдіктердегі гаусториялар.
Гидропоттар. Бір немесе бірнеше жасушалар топтарынан тұрады. Олар көбінесе су өсімдіктерінің жапырақтарының астыңғы бетінде орналасып суда еріген заттарды қабылдайды.
Ауалық ұлпа (аэренхима). Бұл ұлпа әсіресе өсімдіктің су асты мүшелерінде, эпифиттердің ауадағы және тыныс алу үшін қажетті тамырларында жақсы жетілген Негізгі қызметі тамырды оттегімен кейбір жағдайларда жапырақты көмірқышқыл газымен қамтамасыз ету. Олардың жасуша аралық қуыстары аса үлкен болып келеді және өзара байланысып, ауаны тазартып тұратын бір жүйе түзеді.

БӨЛІП ШЫҒАРУШЫ ҰЛПАЛАР
Барлық тірі ағзалар тәрізді өсімдіктерде де зат алмасу процессі жүріп жатады. Соның нәтижесінде әр түрлі қосылыстар түзіледі, ыдырайды, қабылданады және бөлініп шығарылып отырады.
Өсімдіктердің арнаулы бөліп шығарушы мүшелері бол - майды, бірақта экскректорлық заттар организмнен қалайда сыртқа шығарылып отырады, немесе белгілі бір орындарда (қуыстарда) жиналады. Осыған байланысты бөліп шығарушы ұлпалардың екі тобы болады: ішкі және сыртқы бөліп шығарушы ұлпалар. Олардың, біріншісіне, сүт жолдары, жекелеген бөліп шығарушы жасушалар (идиобластар), схизогендік және лизогендік қуыстар жатады. Ішкі бөліп шығаратын заттардың өнімдері илік заттар, смолалар, эфир майлары және басқалар. Екіншісіне, мүшелердің үстінде орналасқан безді түктер мен өсімдік бездері жатады; сыртқы бөліп шығарушы заттардың өнімдеріне эфир майлары, шірнеліктер, су және басқалар жатады.
Сыртқа бөліп шығарушы ұлпалар.
Безді түктер. Эпидермистің жасушаларынан пайда бо - лады. Олар эфир майларын, шайырды, және т.б. заттарды жинап қана қоймай, оларды өсімдік денесінен газ түрінде, сүйық және қатты күйінде өсімдік денесінен сыртқа шығарып отырады . Құрылысы жағынан олар алуан түрлі, бірақта өсімдіктердің әрбір тобына морфологиялық тұрғыдан тұрақты болады. Орналасуына қарай сыртқы және ішкі, құрылысына қарай жай және күрделі, бөлінетін заттарына қарай тұзды, майлы, шайырлы, шырышты безді түктер деп жіктеледі.
Шірнеліктер. Өсімдіктердің мүшелерінің сыртына көмірсулардың (тәтті сұйық зат - некткар немесе шірнелік) ерітіндісін бөліп шығаратын бездер. Шірнелік негізінен гүлдің бөліктерінде кездеседі. Шірнеліктерден бөлінетін қантты сұйықтар гүлдің тозандануын қамтамасыз ететін насекомдарды өздеріне еліктіреді. Шірнелік жасушаларының цитоплазмасы қою және оларда зат алмасу белсенді жүреді. Шығу тегі алып жатқан орнына қарай - флоральді және экстрофлоральді деп бөлінеді. Флоральді гүлдерге тән, ал экстрафлоральді вегетативті мүшелерге тән.
Гидатодтар. Бұл сулы устьицалар, эпитема жасушалары, жапырақтың өткізгіш ұлпаларымен байланысты тамыршасы-талшық шоғы. Олар жапырақтың шетінде, көп жағдайда иректелген тісті жиектерінің ұштарында орналасады. Олар су тамшыларын және онда еріген тұздарды бөліп шығарады. Гидатодтар арқылы су тамшыларының бөлінуі гуаттация деп аталады. Бұл құбылыс өсімдіктерде транспирация баяулап, артық су жиналған кезде (шық) байқалады. Гуаттация арқылы өсімдік өзінің денесіндегі артық судан және тұздан арылады.

Ас қорыту бездері. Ас қорыту бездеріне бунақденелілермен қоректенетін (шықшылдық, дүңгіршек және т.б.) өсімдіктердің сыртқа бөліп шығарушы ұлпалары жатады. Бездер бөліп шығаратын сұйықтық құрамында бунақденелілерді қорыта алатын ферменттер, қышқылдар болады.
Ішке бөліп шығарушы ұлпалар.
Сүт жолдары. Бұл цитоплазмасында коптеген ядролары болатын және сүтті шырыңдарға толы вакуольдері бар тірі жасушалар. Олардың қабықшалары целлюлозадан тұрады. Сүт жолдарының екі түрі бар: мүшеленген және мүшеленбеген. Мүшеленген сүт жолдары түтіктер секілді тік орналасқан жасушалардың қатарының, көлденең қабықшаларының жыртылуынының нөтижесінде пайда болады , мүшеленбеген сүт жолдары ұрықтың арнаулы жасушаларының өсіп ұлғаюының нәтижесінде пайда болады. Бұл аса үлкен цилиндр тәрізді, немесе тарамдалған жасушалар. Сүт жолдары не тек флоэмада орналасады, не болмаса өсімдіктің бүткіл денесіне өтеді (сабаққа, тамырға, жапыраққа).
Олар бөліп шығару қызметін атқаруымен қатар, өткізгіштік және қор жинау қызметін де атқарады. Өткізгіштік қызметі, сүт жолдары органикалық заттардың синтезделетін жерін, олардың қолданылатын жерімен жалғастырған кездерде іске асырылады, мысалы жапырақтарда. Сүт жолдарының бөліп шығарушылық

ікесінен жасалған кесіндідегі сүттіген түтікшелері (млечники): А-шоңайнаның (лопух) тамырындағы мүшеленіп біріккен анастомозды сүттіген түтікшелері; Б-сүттігеннің (молочай) сабағындағы мүшеленбеген сүттіген түтікшелері және қор жинау қызметін жасуша шырынының құрамы бойынша анықтап білуге болады.

Әртүрлі өсімдіктерде жасуша шырынының құрамы әрқилы болады. Экскреторлық заттардан оның құрамыңда көп жағдайда қаучук, танидтер, алкалоидтар, смолалар және басқалар болады; қорлық заттардан -- крахмал, қант, белоктар, шыны майлары және басқалар. Кейде жасуша шырынында ферменттер болады. Жасуша шырынының түсі ақ, не - месе сарғыш-қызыл болып келеді. Сүт жолдары өсімдіктердің тек кейбір топтарына ғана, мысалы күрделі гүлділерге, көкнәр гүлділерге, сүттіген гүлділерге және басқаларға тән.

Бөліп шығарушы ұлпалар:
А-қарағайдың сүрегіндегі схизогендік шайыр жолдары; Б-мандариннің жемісқабындағы эфир майлары жиналатын лизогендік куыс: 1-эпителиальдық жасушалар; 2-жасуша аралық куыс; 3-трахеидтер; 4-бұзылган жасушалар; 5-куыс.

Бөліп шығарушы жасушалар. Басқа ұлпалардың жасушаларының арасында шашыраңқы орналасады. Экскреттің жиналуына байланысты олардың протопластары өледі, ал жасушаның қабықшасына оның ішкі жағынан суберин жиналады. Ол улы заттарды, айналасыңдағы жасушалардан, бөліп тұрады. Бөліп шығарушы жасушалар шайдың, лаврдың, жапырақтарында, баданның тамырсабақтарында және басқаларда болады.
Схизогендік және лизогендік куыстар. Бұл қуыстар зат алмасуға уақытша қатыспайтын, өсімдіктің тіршілігінің көптеген соңғы өнімдерін жинау және оларды үзақ уақыттар бойы сақтау үшін қажет. Олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желін жарасы
Сүт безінің анатомиясы және физиологиясы
Желін үрпісінің аурулары және аномалиялары
Бөліп шығарушы ұлпалар
Тағамды санитарлық микробиология пәнінен дәрістер
Желіннің қан және лимфа тамырларымен қамтамасыз етілуі
Желіннің флегмонасы
Лактация және оны қамтамасыз етудегі ас қоырту жүйесінің рөлі
Сүттің түзілу механизмі
Агробизнесті ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
Пәндер