Қорытынды 1917 - 1940 жылдар аралығындағы Қазақстандағы халыққа білім беру ісі
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы
Қазақстан тарихы және әлеуметтік қоғамдық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары: қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицияға ауысуы және А.Байтұрсынов бастаған топ реформаларына қарсылық көрсетуі
Орындаған: Бақыт Лана
Тобы: ФӨТҚАБ-03-19
Қабылдаған: Төребаев О. Ә.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1)Білім беру жүйесінің қалыптасуы
2)Сауатсыздықпен күрес
3) Қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы
4)Ұлттық және мәдени негіздердің күйзелісі
Қорытынды
1917-1940 жылдар аралығындағы Қазақстандағы халыққа білім беру ісі. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда көптеген өзгерістер болды. Соның ішінде, республикада халықтың сауатсыздығын жою жөніндегі, жалпы білім беретін мектептердің кең жүйесін құру, яғни бастауыш, орталау, орта мектептерді және арнаулы орта, жоғары оқу орындары бойынша атқарылған көптеген жұмыстарды атап өтуге болады. Халыққа білім беру ісіндегі ең маңыздысы біртұтас жүйенің құрылуы және дамуы, сондай-ақ мектеп жасындағы балаларды оқуға қамту болды. Үкіметтің және халыққа білім беру органдарының ұдайы қамқорлығы арқасында қысқа мерзімде мектептер, мектептен тыс ұйымдар, балалар мекемелерін құруда үлкен табыстарға қол жетті. Мектеп ашудың қиындығы оқулықтардың жоқтығына, оқу бағдарламаларының, мектеп ғимараттарының, мұғалімдердің аздығына, әсіресе ұлттық педагогтік кадрлардың тапшылығына байланысты болды. Сауатсыздықты жою, бастауыш мектептерді ұйымдастыру, бір жылдық және екі жылдық мектептерді төртсыныптыққа ауыстыру жөніндегі жұмыстар төтенше күрделі жағдайда өріс алды. Мектептер тұрғызылды, алыс аудандардағы оқушыларды оқыту үшін тиісті жағдайлар жасалды. Балаларды оқытудың күрделі жағдайларын есепке ала отырып, әртүрлі үлгідегі мектептер коммуна-мектептер интернаты құрылды. Кейін ол жоғары үлгідегі мектепке айналдырылды. Оның ұлт жастарын техникумға түсуге дайындауда маңызы ерекше болды. Кеңес үкіметі құрамындағы ұлт республикаларының комиссариаты, губерниялар мен облыстардағы Халком жанындағы бөлімдерімен халық ағарту комиссариаты құрылды. Ағарту халкомы болып А.В.Луначарский тағайындалды. 1918 жылы қаңтарда Петроградта елдегі ағарту ісін түбегейлі қайта құруды көздеген Кеңестердің бүкілресейлік ІІІ съезі өтті. Күйзеліс, аштық, басталған соғыс интервенциясы мен азамат соғысына қарамастан, халық бұқарасының мәдениетін көтерудегі бірінші жағдай ретінде сауатсыздықты жою міндеті қойылды. 1918 жылы наурызда Түркістан өлкесінің Халком кеңесі өзінің декретін жариялады. Онда ағарту жөніндегі халық коммиссариаты А.В.Луначарскийдің жарлығына сәйкес, ұсынылған жоспарға байланысты Түркістан өлкесінде халыққа білім берудің өлкелік кеңесі ұйымдастырылады деп айтылған. 1918 жылы маусымның ортасында халыққа білім беру жөніндегі Өлкелік кеңестің орнына Түркістан ағарту комиссариаты құрылды. Ағарту комиссариатына көпұлтты халқы бар өлкенің ұланғайыр аумағында мәдени-ағарту мекемелері, ана тілінде сабақ беретін және ғылым талаптарына жауап беретін жаңа бағдарламалар бойынша оқытатын мектептер жүйесін құру жүктелді. Мектептерді бастауыш, гимназия, реальды училище және т.б. бөлу қысқартылды. Оның орнына екі сатылы мектеп енгізілді: бірінші - 8 жастан 13 жасқа дейінгі балалар үшін 5 жыл оқу және екінші - 13 жас пен 17 жас арасындағы балалар үшін 4 жылдық оқу. Қазақстандағы халыққа біліс беру жүйесіндегі түбірлі өзгерістерді барлық жастағы жұртшылықты қамтыған ағартушылық және мәдени-тәрбие жұмысының жаңа түрлері құрады. Жер-жерде курстар, кешкі мектептер, өз бетімен білім алу үйірмелері ұйымдастырыла бастады.
Кеңес өкіметінің мәдениет мәселелері жөніндегі бірінші маңызды декреттерінің арасында РСФСР Халық ағарту комитетінің Аз ұлттардың мектептері туралы қаулысы болды. Осыған сәйкес 1918 жылы тамызда Қазақ респуликасының ОАК (ЦИК) мектептерде оқытуды ана тіліне көшіру туралы декрет жарияланды. Қазақ мектептерінде ана тілінен басқа орыс тілін, сондай-ақ арифметика, география, тарих, жаратылыстану, сурет, ән-күй сабақтарын оқи бастады. Қазақ, орыс мектептері құрылды. Ал Қазақстанның Оңтүстік облыстарында басқа мектептермен қатар өзбек, ұйғыр мектептері дүниеге келді. 1918 жылдың 23 қаңтарындағы Шіркеуді мемлекеттен және мектептерді шіркеуден бөлу туралы декрет мектептердің еркін демуының бастауы болды. Халыққа білім берудегі қайта құрулармен қатар басқа да шаралар аса үлкен маңызға ие болды. Елдің барлық оқу орындары Ағарту жөніндегі халық комиссариатының қарамағына берілуі, ұлдар мен қыздарды бірге оқытуды ұйғару ерекше маңызды болды. Үлкен адамдардың арасында сауатсыздықты жою жөнінде көп жұмыстар атқарылды. Осы жылдары халыққа білім беру жұмысының табысы негізінен мұғалім туралы мәселені шешуге қатысты еді. 1920 жылдың соңына қарай 17 кәсіби-техникалық оқу орындары Орал, Семей, Торғай, Верный, Петропавлда ашылды. Сонымен қатар осы жылы Оралда, Петропавлда музыка мектептері; сондай-ақ Оралда педагог-суретшілерді дайындайтын мектеп ашылды. Техникумдар мен жоғары оқу орындарының жұмысшы факультеттері арқылы жергілікті ұлттан кадрлар дайындауға баса назар аударылды. Мектеп жүйесінің жылдам өсуі педагогтарды да көп талап етті. 1921 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда халыққа білім беретін төрт институт жұмыс істей бастады. Орынборда жалпы саны 130 адамдық орысша, татарша - 223 адамдық, қазақша - 140 адамдық, Семейде аралас - 90 адамдық. Олар бар болғаны 593 адамды қамтыды.
1920-21 жылдары қыздарға білім беруді өркендетуге ерекше назар аударылды. Ең масқарасы қалыңдықты қалың малға сатып алу түрі болды. Бұл барлық құқықтардан, тіпті білім алу құқынан айрылып біреудің екінші немесе үшінші әйелі болуына мәжбүр етті. Сондықтан 1920 жылдың 28 желтоқсанында Қазақ Орталық Атқару Комитеті ҚАКСР Халық комиссариаты кеңесі қалың малға тиым салу туралы декрет қабылдады. Қалың мал туралы келісім, баталасу дұрыс емес деп танылды. Декретті бұзу қалыңмалға берілген малды және басқа да дүние мүліктерді алған адамнан екі есе көлемде тәркілеуді және екі жақты да бір жылға дейін бас бостандығынан айыруды талап етті. Өздерінің еркіндікке деген құқын сезінген қазақ қыздары қоғамдық өмірге белсенді араласып, білім ала бастады.
1920-1921 жылдары азамат соғысы жүріп, халық шаруашылығы күйзеліп, көптеген аудандарды аштық жайлаған кезеңде мектеп ісінің жағдайы өте ауыр болды.
1923 жылы мұғалімдер дайындайтын қысқа мерзімді курстар ашылды. Курстарда жалпы білім, арнайы педагогтік және әдістемелік пәндерді оқып үйренді.
1924 жылдың ақпанында Сауатсыздық жойылсын қоғамы құрылды. Ол оқуға үгіт-насихат жүргізу, білім берудегі кенже қалудың себептерін түсіндіру мәселелерімен шұғылданды.
1924-1925 жылдары мектепті қаржыландыру біршама жақсарып, одан әрі қарай қазақ мектептерінің өсуіне ықпал етті. Қазақстанда 4 жылдық білім беретін мектептер, 7 жылдық мектептер ұйымдастырылды.
1930 жылы 27 тамызда ҚАКСР үкіметі жалпыға бірдей міндетті оқу туралы Декрет қабылдады. Декретте республикадағы барлық балаларды жалпыға бірдей оқуға тарту міндеті қойылды. Жергілікті өкімет, жергілікті жердегі халыққа білім беру органдары осы бағытта сан қырлы күрделі жұмыстар жүргізді.
1930-1931 оқу жылынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу енгізілді. Бастауыш мектеп 8 бен 11 жас арасындағы барлық балаларды қамтыды.
Жалпы білім беретін мектептерді түп тамырымен жақсарту үшін Үкіметтің 1933 жылы ақпанда Бастауыш және орта мектеп оқушылары үшін оқулықтар туралы, 1934 жылы мамырда Бастауыш және орта мектептің құрылымы туралы, 1935 жылы Оқу жұмысы және бастауыш, орталау, орта мектептің ішкі тәртібін ұйымдастыру туралы және 1934 жылғы КСРО мектептерінде азаматтық тарихын оқыту туралы қабылданған қаулысының мәні ерекше болды. Осы каулылар негізінде жалпы білім беру жүйесінің толық құрылымы аяқталды. Мектептерді жеке типтері айқындалды: бастауыш - 4 сыныптық, орталау - 7 сыныптық, орта - 10 сыныптық. Оқу үрдісінің негізгі түрі болып сабақ танылды. Мектептегі мұғалімнің рөлі артты.
1934 жылы ережеге сай педагогтік институттар жанынан екі жылдық мұғалімдер институты құрылды. Онда орта және орталау білімі бар адамдар қабылданып, жеті жылдық мектептер үшін мұғалімдер дайындады. Осындай екі жылдық институттың бітірушілеріне аяқталмаған жоғары білімді деген диплом берілді. Осы кезеңде педагогтік институттар мен мұғалімдер институттары Алматы, Орал, Қарағанды, Петропавл, Семей, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында жұмыс істеді. 1938 жылы 6 сәуірде халыққа білім беру органдары КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі Республиканың қазақ мектептерінде орыс тілін оқытудың міндеттілігі туралы қаулысын қабылдады. Қаулыда Қазақстанның қазақ, өзбек, ұйғыр, татар және басқа мектептерінде орыс тілін оқытудың қатаң тәртібі бекітілді.
1931 жылы тамызда ҚазКСР ХКК жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық оқуды енгізу туралы қаулы қабылдады. Осы қаулыны орындау үшін 1931-1932 оқу жылынан бастап республиканың барлық қалаларында, 26 ауданында жетіжылдық жалпыға бірдей міндетті оқу енгізілді.
1935 жылы республика үкіметі Мектеп құрылымдарын ретке келтіру және қазақ орта мектептерін көбейту туралы маңызды шешім қабылдады.
1940-41 оқу жылында қазақ орта мектептерінің жанынан 29 мыңға жуық бала тәрбиеленетін 250 бюджеттік интернат ашылды.
Жоғарғы оқу орындар саны өсті, ғалымдар саны ұлғайды. Қаз Хал Ағарту комиссариаты жүйесінде 1940-41 оқу жылының басында 13 педагогтік және мұғалімдік институт жұмыс істеді.
1940 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы өз Жарлығымен ең озық және еңбегі сіңген мұғалімдерге берілетін Республиканың еңбек сіңірген мұғалімі атағын бекітті.
Осы жылдар ішінде Қазақстан тұтас сауатты республикаға айналды, жүздеген, мыңдаған мектептер, балалар бақшалары, орта арнаулы және жоғары оқу орындары құрылды. Республикада Қазақстан аумағында тұратын барлық ұлттар тілінде жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру жүзеге асырылды. Сондай-ақ біртіндеп жалпыға бірдей жетіжылдық, сегізжылдық, сол секілді кейінірек орта білім беруге көшу жүзеге асырыла бастады.
1917-1940 жылдар аралығындағы Кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы. Кеңестік педагогиканың негізін қалаған халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері - Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, М.Н.Покровский және басқалары болды. Кеңес педагогикасында алғашқы жылдары тәрбиенің жалпы мақсаты тұжырымдалды. Тәрбиенің мәнін жаңаша тұжырымдау Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары атты декларацияда анық та айқын көрініс тапты. Декларация революцияға дейінгі мектептерге тән тәрбиенің милитаристік және ұлтшылдық бағыттарын қатты сынға алды. Кеңестік педагогика өнерді баланың танымдық қабілеттіліктерін дамытудың, рухани бейнесін қалыптастырудың, жоғары идеал мен дүниеге эстетикалық қатынастардың ең күшті құралы ретінде жоғары бағалады.
30-жылдардың орта кезінде педагогика тарихының саласында ғылыми-зерттеу жұмысы елеулі жандана бастады.
ХІХ ғасырдың соңғы онжылдығында қазақ мәдениеті үшін алфавит таңбаларының тіл табиғатына үйлесімді, қолайлы болуы жөніндегі мәселе жиірек сөз болды. ДУГ-та Д.Сұлтанғазиннен басқа Р.Дүйсенбаев, О.Әлжанов, И.Бисенұлы сияқты сауатты, білімді, ағартушы авторлар да тіл, графика, емле жайында пікірлерін білдіріп отырды. Д.Сұлтанғазин аталған газеттің 1899 жылғы 23-нөмірінде Қазақ сөзін қалайша жазу турасы деген мақаласында қазақ әліпбиі жөнінде сөз қозғап, христиан миссионерлері ұсынған орыс жазуы мен араб жазуының қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне қайсысы қолайлырақ дегенді талдайды. Бірақ араб әліпбиін былайша реформалау керек деген сияқты нақты ұсыныстар айтпайды. Тіл (қазақ тілі) жайында жазылған мақалалардың көпшілігінде араб әліпбиінің қазақ тілі үшін жарамсыз, оны толықтыру не жаңа алфавит жасау қажет дейді. Араб алфавитінің қазақ тіліне үйлесімсіздігін Д.Сұлтанғазин де, О.Әлжановтар да айтады. Демек, араб графикасын реформалау идеясы ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында әлеумет назарына ұсынылса да, оның жүзеге асырылуы ХХ ғасырдың алғашқы 10-15 жылының үлесіне тигені белгілі. Бұл идеяны дұрыс түсініп, нақты іске кіріскен ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды.
Қазақ жазбаларының орфографиясы мен жазба мәдениеті туралы әлеуметтік үн де ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы 10-15 жылы барысында ашығырақ шықты, мақалалар жарияланды, қазіргі тыныс белгілерінің түр-тұрпаты мен орындары көрсетілді. Жоғарыда айтылды, араб жазуымен берілген мәтіндерде ешқандай тыныс белгілері болмады. ДУГ-тің өзі бастапқы нөмірлерінде тыныс белгілерінсіз шығып тұрыпты. Кейін өзі танытып түсіндірген тыныс белгілерін пайдаланды. Бірақ не газет редакциясы, не жеке авторлар бұл тыныс белгілерінің қазақша толық (түгел) атауларын (терминдерін) бере алмады. Тыныс белгілері дегенді тыныстар деп атады және тыныс белгілерін қою емес, тыныстарды жүргізу деді. Ал жеке бірқатарының атауларын: нүктені, тыныс үтірді, жарты тыныс, нүктелі үтірді, тыныстың төрт бөлгенінің бірі, сұрау белгісін, сұралған жауаптың аяғына қойылады деп, леп белгісін ашуланып не қорқып, яки таңданып айтқан сөздің аяғына қойылды деп, осы үлгіде әрі қарай тырнақшаның, қос нүктенің, көп нүктенің, дефистің, сызықшаның терминдік атаулары емес, түсіндірмелері ғана көрсетілген. Тыныс белгілерінің осы күнгі терминдерін алғаш ұсынған А.Байтұрсынов болатын. Біршама әлеуметтік үні болған бұл газеттің (ДУГ-тің) қазақтың жазба тілі, алфавиті, пән сөздері (терминология саласы), емле, оқу құралдары туралы мәселелелерді көтеріп отырған дәстүрлерін (қарекетін) кейін ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында Айқап журналы мен Қазақ, Қазақстан газеттері, Шора журналы жалғастырды. Бұлардағы ғылыми негізі бар, жүйелі түрде ұсынылған пікірлер негізінен Ахмет Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Сералиндердің жазғандарында көрінді. А.Байтұрсынов 1895-1909 жылдары ауыл мектептерінде бала оқытып жүрген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz