Қазақстанның қазіргі заман тарихын тарихи деректері мен тарихнамасы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Л. Гумилев атындағы Еуразиалық Ұлттық Университет
Реферат
\Тақырыбы: Қазақстанның қазіргі заман тарихын тарихи деректері мен тарихнамасы
Тексерген: Ерменбаева Гульжан Какимбековна
Группа: АЖ-17
Орындаған: Нұрмеден Дулат Бақытжанұлы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы - тарих ғылымында салыстырмалы түрде алғанда жаңа бағыт. А. Байтұрсынұлы тарих ғылымының пәніне; Тарихты қазақша ұлы дерек деуге, әуезе табына жатқанмен, айғақша әуезе деуге болады. Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы- тарих, - деп анықтама береді. Тарихтың атқарар қызметі мен алға қояр міндеті хақында ол; Тарихтың қызметі- бүтін адам баласының, бүтін бір жұрттың, иә бір топтың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту.
Қазақстанның тарихи өткенін зерделеу үшін тарих ғылымында дереккөздер пайдаланады:
1. Заттай - археологиялық көздер;
2. Этнографиялық;
3. Лингвистикалық;
4. Ауызша;
5. Жазбаша;
Археологиялық - еңбек қарулары, көне заттар, үй тұрмысындағы заттар, қару, теңгелер, киім, қала қирандылары, зындандар, көне заман адамдарының сүйек - мүрделері.
Археологиялық көздер - барлау және қазба жұмыстарын жүргізу арқылы анықталады. Олар көне заманның әрқилы дәуіріне жатады және сол дәуірдегі адамдардың мәдениетін білдіреді. Заттай көздерге: сондай ақ орта ғасырда салынған мавзолейлер, молалар, архитектура ескерткіштері жатады.
Лингвистикалық көздерге - қазақ тілі жатады. Ол қоғамның дамуына сай қалыптасып, этностың тарихи элементтерін сақтап қалған.
Ауызша көздерге, көшпелі халықтарда басым дамыған, халық ауыз әдебиеті жатады. Негізінен ол жазбаша тарихты алмастырды. Шежіре, эпос, мақал - мәтелдер, ертегі, жұмбақтар.
Жазбаша-деректер; жылнамалар, кітаптар қалдырған тарихи дәуірлер туғанға дейін, ең басты куәгерлер - археологиялық материалдар болған. Олар: елді мекендердегі қазба іздеу жұмыстары нәтижесінде табылған: еңбек қаруы, ескі теңгелер, тау-тастардағы суреттер, сүйек қалдықтары.
Ең көп тараған көздер түрі - жазбаша деректер, олар негізінен сол дәуірдің тарихи жай күйін білдіреді, бірақ олар терең зерттеуді қажет етеді.
Қазақстандық тарих ғылымының дамуы, тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігінің артуы, олардың қоғамдық дамудың әлеуметтік-саяси және мәдени-тәрбиелік мазмұнына ықпалы белгілі бір дәрежеде тарихнамалық зерттеулермен анықталатындығы белгілі. Сондықтан да қазіргі таңдағы отандық тарих ғылымының дамуы мен өсуін бағамдау мақсатында қазақстандық тарихнама мен олардың әдістемелік зерттеулерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар.
Қазақстан тарихының тарихнамасы 18 ғасырдан, Қазқстан Ресей империяның қүрамына кіргізілген кезеңінен басталады. Қазақстан жерінің, этникалық қүрамын, әлеуметтік, қоғамдық-саяси жағдайын орыс ғалымдары ғылыми тұрғысынан зерттелеу бастады. Бірақ, айтып кетуге керек, осы зерттеулердін, экспедициялырдын мақсаттары Ресей империяның отарлау саясатымен байланысты болды.
Тарихты зерделеуге орыс ғалымдары елеулі үлес қосты. Қазақстан территориясы 18 ғасырдан бастап Ресей империясының құрамына колония ретінде кіре бастады. Ресейдін империялық мүдделерін орнату үшін қазақ өлкесіне зерттеу экспедициялар ұйымдастырылды. Бірінші экспедициялардын ішінде П. С. Паллас басқарған Ресей ғылым академияның экспедициясы болған (1768-1774 жж. ) . Экспедиция мүшелері тарихшылар И. П. Фальк, И. Г. Георги өздерінің еңбектерін қалдырған. Қазақстанда және Орта Азияда тұрған халықтардын этникалық, әлеуметтік, саяси тарихынан маңызды еңбек жазған И. Я. Бичурин (1777-1853жж. ) “Ежелгі дәуірде Орта Азияны қоныстаған халықтар туралы деректер жинағы” (3 томдық) . Қазақстан тарихына зор үлес қосқан Левшин А. И. (1799-1879жж. ) “Қырғыз қайсақ ордалары мен далаларын суреттеу” 1832ж. Қазақстан тарихының маңызды мәселелеріне арналған шығыстанушы-ғалымдардын В. В. Вельяминов-Зерновтың “Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер” (1830-1904 жж. ), В. В. Бартольдтің (1869-1930жж. ) “Түркістан тарихы”, “Жетісу тарихынан очерктер” арналған.
ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары, қазақ қоғамының қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік жүйесі, шаруашылық жайы Н. Г. Аполлова, С. Е. Толыбеков, С. З. Зиманов, В. Я. Басин, Т. Ж. Шойынбаев, А. Н. Нүсіпбеков, Г. И. Семенюк, Н. Е. Бекмаханова, А. Сабырханов, Р. Б. Сүлейменов, В. А. Моисеев еңбектерінде көрініс тапты. Н. Г. Аполлова XVIII ғасырдағы қазақ тархандары Шақшақ Жәнібек пен Тама Есеттің қоғамдық ортадағы беделдері ханнан кем болған жоқ деген баға бере отырып, олардың қазақ-орыс қатынастарына байланысты қоғамдық-саяси қызметтерінен мол мәліметтер береді. Мәселен, В. Я. Басин зерттеуінде «протектор», «бодан» тарихи терминдеріне Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты мысалында талдау жасап, Ресейге қосылған жылдардан бастап «бодан» болды деген саяси ұстанымның қате пікір екендігін дәлелдесе, С. З. Зиманов қазақ қоғамындағы әлеуметтік жүйені зерделеп, өз пікірлерін ашық білдірді.
Тарих, этногенез, көшпенділердің өмірінің әлеуметтік жағдайы Ш. Уәлихановтың “Абылай”, “Қырғыз тегі”, “Даладағы мұсылмандық туралы” т. б. еңбектерінде зерттелген. Ш. Уәлиханов қазақ халқының атақты тұңғыш ғалымы үлкен, бағалы тарихи мұрасын қалдырды. Қазақ халқының жаңа заманның өкілдері - қазақ ұлттық интеллигенциясы Қазақстан тарихының зерттеуіне үлкен үлес қоскан. Қазақ зиялы қауымның өкілдері қазақ халқының сана сезімін оятуына үмтылған, сондықтан еңбектері қазақ тарихына арналған. Қазақ зиялысы Ә. Бөкейханов (1866-1937жж. ) тарихи этнографиялық “Қазіргі заманғы мемлекеттердегі ұлттық қозғалыс түрлері” атты очерк, т. б. еңбектер жазды. Аса құнды материалдарға сондай-ақ “Қазақ”, “Дала уалаяты”, “Айқап” мерзімді басылымдары жатады. Шәкәрім Құдайбердиевтің (1858-1931жж. ) “Шежіресі”- этногенез, тарихи ақпаратты береді. М. Тынышпаев жазған (1879-1937жж. ) “Қырғыз қазақ халқы тарихына материалдары” (1925 ж. ) қазақ тарихының маңызды мәселелерін анықтайды.
Кеңес дәуірінде С. Асфендиаров “Көне дәуірдегі Қазақстан тарихы” (1935ж. ), А. Панкратова, Н. Дружинин, М. Вяткин “Қазақ КСР тарихы” көне дәуірінен (1943ж. ) дайындалған, 1977жылы “Қазақ ССР” тарихының 5 томдығы жарыққа шықты. Белгілі қазақ ғалымдары Бекмаханов Е. Б., Дахшлейгер Г. Ф., Сүлейменов Р., Галузо П. Г., Марғүлан А. Х, Шахматов В. Ф., Зиманов С. З., және басқ. Олардың еңбектері және оқулықтары партия совет цензурасы қысымымен жазылған, сондықтан бұл еңбектерде тарихты зерделеу таптық- идеялық тұрғысы сақталған.
ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары, қазақ қоғамының қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік жүйесі, шаруашылық жайы Н. Г. Аполлова, С. Е. Толыбеков, С. З. Зиманов, В. Я. Басин, Т. Ж. Шойынбаев, А. Н. Нүсіпбеков, Г. И. Семенюк, Н. Е. Бекмаханова, А. Сабырханов, Р. Б. Сүлейменов, В. А. Моисеев еңбектерінде көрініс тапты. Н. Г. Аполлова XVIII ғасырдағы қазақ тархандары Шақшақ Жәнібек пен Тама Есеттің қоғамдық ортадағы беделдері ханнан кем болған жоқ деген баға бере отырып, олардың қазақ-орыс қатынастарына байланысты қоғамдық-саяси қызметтерінен мол мәліметтер береді. Мәселен, В. Я. Басин зерттеуінде «протектор», «бодан» тарихи терминдеріне Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты мысалында талдау жасап, Ресейге қосылған жылдардан бастап «бодан» болды деген саяси ұстанымның қате пікір екендігін дәлелдесе, С. З. Зиманов қазақ қоғамындағы әлеуметтік жүйені зерделеп, өз пікірлерін ашық білдірді.
Қазақстан тарихнамасы саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының кең көлемде жүргізіле бастауы, сондай-ақ Қоғамдық ғылымдар секциясы мен КСРО Ғылым академиясының Тарих бөлімінің бастамасына орай ҚазКСР Ғылым Академиясының Президиумы 1978 жылы 7 қыркүйектегі № 131 қаулысымен Институтта "Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құру туралың қаулысын қабылдайды. Осы жылдың 25 қазанынан бастап құрамында 5 ғылыми-техникалық қызметкері бар бөлім сол кездегі ҚазКСР Ғылым академиясының вице-президенті, академик Байдабек Ахметұлы Төлепбаевтың жетекшілігімен өз қызметін бастайды. Бөлімнің осы алғашқы құрамында аға ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты С. Б. Нұрмұхамедов, кіші ғылыми қызметкерлер - Р. В. Колдобская, Л. Н. Катасонова және лаборант В. А. Замаревалар болды. Институтта бөлімнің ашылуы өз тарихнамашы кадрларымызды дайындаудың игі бастамасы болды. Бөлімнің алғашқы тобында қызмет еткен аға ғылыми қызметкер В. К. Янулов КСРО ҒА Ленинградтық бөлімшесінің Ғылыми кеңесінде, аспирант Н. Әлімбаев "тарихнамаң мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғайды. Бұл қаулының қабылдануына түрткі болған басты себеп 1976-1979 жылдар аралығында жүргізілуге тиіс мемлекеттік тапсырыстағы "Қазақстанның тарихнамасы" атты Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша тарихи ойлардың дамуын зерттеудің алғаш рет қолға алынуы екендігін атап өткен жөн.
Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана, тарихшылар Қазақстан тарихын зерделеуге жаңа ғылыми тұрғыдан қарауына, ұлттық тарихты жаңғыртуға, Қазақстан тарихында белгісіз, бұрмаланған деректер мен оқиғаларды кеңінен ашуға мүмкіндік алды. Сөйтіп, Қазақстан тарихы жаңа тұрғыдан, шындық тұрғысынан қайта қаралуда
Жаңа тарих мәселелері бойынша зерттеулердің тақырыптық аясын кеңейту керек. Олардың арасында біздің мемлекетіміз бен қоғамымыздың өтпелі кезеңінің көзге түсер ерекшелігі ретіндегі үш еселенген транзит; мемлекеттік менеджмент пен стратегиялық басқару жүйесі; мемлекеттік құрылыстың жүріп өткен әр белесіндегі әлеуметтік-саяси үдерістер; қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымы; жаһанданудың ұлттық мәдениетке ықпалы және басқа да көкейкесті тақырыптарды бөле айтуға болады.
Жүйелі және тарихи-салыстырмалы талдау, хронологиялық және проблемалық көзқарастар арқылы қорланған тарихи білімдердерді жүйелендіру, жаңа концептуалды ережелерді теоретикалық дәлелдеу, шындық және тарих тұрғысынан қарастыру әдістерін қолдана отырып Қазақстан тарих ғылымының жаңа және қазіргі замандағы даму тарихын - тарихи білімдердің қалыптасқандығын, ұлттық тарих мектебінің пайда болғандығы мен дамуын қарастыруды мақсат еткен зерттеу мәселелері "Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихнамасы" бағдарламасының шеңберінде жүргізілді (1996-1998 жж. ) . Жұмысты орындаушылар құрамы төмендегідей болып бекітілді: Қозыбаев М. Қ. - жетекші, Төлепбаев Б. А. - бас ғылыми қызметкер, Романов Ю. И. - жетекші ғылыми қызметкер, Ерофеева И. В. - аға ғылыми қызметкер, Мәжитов С. Ф. - аға ғылыми қызметкер, Асанова С. А. - ғылыми қызметкер, Дулатова Д. И. - т. ғ. д., ҚазҰМУ, Гуревич Л. Я. - т. ғ. д., ҚазМАУ, Қозыбаев І. М. - т. ғ. д., ҚазМАУ, Бисенбаев А. К. - т. ғ. к., Президент Аппараты, Кожкенов С. А. - т. ғ. к., Президент Аппараты, Мұхаметқанұлы Н. - т. ғ. к., докторант, Жоламанова А. А. - кіші ғылыми қызметкер, Нұрмағамбетова Р. Қ. - Институт ғылыми хатшысы. Бөлімнің 1996-1998 жылдары жүргізілген зерттеулерінің нәтижесінде Қазақстан тарих ғылымының көптеген түбегейлі мәселелері бойынша жаңа концептуалды пайымдаулар жасалынды. Орындалған зерттеулер мазмұны: ХХ ғ. басына дейінгі Қазақстан тарихы және ХХ ғ. басы-90-шы жж. дейінгі Қазақстан тарихнамасын қамтыды. Осы уақытқа дейін танымдық мәдениет пен оның жалпығылыми немесе тәжірибелік мәдениетпен байланысының ғылыми жағының мәні жөніндегі мәселе қарастырылған емес-тін. Осыған орай ХҮІІІ ғ. екінші жартысындағы П. С. Паллас, И. П. Фалька, А. И. Левшин сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі қазақ халқы туралы тарихи білімдері мен П. И. Рычков, И. Г. Андреев, т. б. өлкетанушы тарихнамашылардың зерттеулері дерек көздері ретінде қарастырылады. Ал, ХХ ғасырдың басы болса ұлттық зиялы қауым өкілдерінің ғылыми еңбектерінің жанданған тұсы болды. Олардың еңтекрін талдау қазақ тарихнамалық дәстүрінің болғандығын нақтылай түседі. Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайдердиев, М. Ж. Көпеев, М. Тынышпаев, Х. Досмұхамедов т. б. еңбектектерін терең зерттеп, зерделеуде басты тарихи көзқарастар аспектілері анықталып, жоғарыда аталған қайраткерлердің тарихнамалық ізденістерінің жалпы бағытынан мәлімет аламыз. 20-30-шы жылдардағы жұмыстарды талдау барысында кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің тарих ғылымының дамуына кері әсер етіп, өз уысынан шығармағандығы анық байқалады. Зерттеу әдістемелеріне таптық тұрғыдан сипат берудің өктемдігінің нәтижесінде алаш қозғалысының тарихы туралы тақырып мүлдем жабық күйде болып келсе, "буржуазиялық идеологиямен күрес" ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихын зерттеу сипатына ықпал етті. Сондай-ақ 40-50-шы жылдардағы "Бехмаханов эпопеясымен байланысты отандық тарихнаманы зерттеу Е. Б. Бекмаханов тұжырымдарындағы амалсыздықтан жасалған "эволюциялардың шынайы келбетін жарыққа шығарады. Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде кеңестік дәуірге дейін және сол кеңестік кезеңде қордаланып қалған тарихи білімдер жарыққа шығару мен өңдеу, сараптаудан өткізілді. Тәуелсіздік жылдары жүргізілген ғылыми ізденістер отандық тарихымызды дүниежүзілік даму, түркі әлемі аясында, жалпы Дала өркениеті мәдениетінің даму жүйесінде қарастыру қажеттігін көрсетеді. Айтылған тұжырымдар "Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихнамасың тақырыбы аясында жүргізілген кешенді іргелі зерттеулердің нәтижесі. Тақырыпты орындаудың ақырғы нәтижесінде 3 монографиялық еңбек: Қозыбаев М. Қ. Тарих зердесі. 2-кітап. -А., 1998; Абылхожин Ж. Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ вв. -А., 1997; Абылхожин Ж. Б. Страна в центре Евразии. -А., 1998 және 1 құжаттар жинағы "Қаћарлы 1916 жыл" жарияланды. Үнемі ғылыми ізденістерде болған бөлім қызметкерлері "Әлемдік тарихнамалық дәстүрлер мен жаңашыл философиялық тарихи зерттеулердегі (историософия) Қазақстанның рөлі мен орны" атты бағдарламалық тақырыпты орындауда да нәтижелі қорытындыларға қол жеткізеді. Сонымен қатар бөлім қызметкерлері іргелі академиялық "Қазақстан тарихының" бес томдығын баспаға дайындауда үлкен үлес қосуда. Зерттеу объектісі ретінде қазақ халқының эпикалық, генеалогиялық материалдары мен ауызша халық шығармашылығындағы ұлттық тарихи ойларын қарастырған "ХҮІІІ-ХІХ ғ. ортасындағы Қазақстан әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері жазба дерек көздері мен қазақтардың ауызша тарих айту ескерткіштеріндең тақырыбы бойынша құрамында И. В. Ерофеева мен С. Ф. Мәжитов бар шығармашылық топ революцияға дейінгі қазақ қоғамындағы тарихи ойларды сипаттайтын жаңа деректерді ғылыми айналымға қосты. Қазіргі таңда жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б. М. Сужиков басқаратын Тарихнама және деректану бөлімінде т. ғ. д., профессор, Бас ғылыми қызметкер Ж. Б. Әбілхожин, тарих ғылымдарының кандидаттары, доценттер: жетекші ғылыми қызметкерлер И. В. Ерофеева, С. Ф. Мәжитов (ҚР ҰҒА жас ғалымдар сыйлығының иегері), аға ғылыми қызметкерлер С. Ә. Жакишева, Қ. Ш. Әлімғазинов, кіші ғылыми қызметкерлер М. Р. Сатенова, З. М. Төленова және 1-ші категориялы инженер А. Т. Ракишева ғылым жолындағы ізденістерін жалғастыруда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz