Бүйрек астауының аномалиялары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Несеп-жыныс жүйесі мүшелерінің томографиялық және ультрадыбыстық сипаттамасы

Тексерген: Коржумбаева А.Т.
Орындаған : Қожан Д.П.
1-017 топ

2018-2019 ж.

Жоспары:
:: Кіріспе
:: Негізгі бөлім
:: Несеп-жыныс жүйесінің ауруы бар науқастарды КТ зерттеу ерекшеліктері
:: Несеп-жыныс жүйесінің мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу (удз)
:: Қорытынды
:: Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе:
Соңғы уақытқа дейін урологиялық ауруларды зерттеудің дәстүрлі рентгенологиялық әдістері (урография, цистография, т.б.) диагноз қоюда ең сенімді әдістер деп саналып келді. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты соңғы 20 жылда ұлпалар мен мүшелердің бейнесін алудың жаңа-ультрадыбысты сканирлеу, компьютерлік томография (КТ), магнит-резонанстық томография секілді әдістері жасалды.
Радиология саласындағы үлкен жетістік -- компьютерлік томографияны
ашқаны үшін Годфри Хаунсфильд пен Аллен Кормакқа 1979 жылы Нобель
сыйлығы берілді. Осы уақыттан бастап дененің барлық мүшелері мен
бөліктерінің ауруларына диагноз қоюда КТ қолдануда мол тәжірибесі
қалыптасты. КТ-ны қолдану негізінде әр түрлі аурулардың сипатын, патологиялық процестің ерте кезенің анықтау, патологиялық ошақтың орнын
және оның қоршаған ұлпалармен қарым-қатынасын дәл анықтау жоғары
деңгейге жетті.
Негізгі бөлім

Қалыпты бүйректің КТ бейнесі

Қалыпты жағдайда бүйрек томограммада жан-жағынан майлы қабатпен
қапталған күйінде анық байқалады. Дене құрылымы астеникалық науқастар
мен балаларла бүйрек басқа мүшелермен (бауыр, көкбауыр, ішек т.б.)
қабаттасып көрінуі мүмкін.Қалыпты жағдайда бүйректің жиегі біркелкі анық көрінеді. Бүйректің кейбір бөліктерінің толык косылмауынан оның жиегі кейбір жағдайда толқынды болып көрінуі мүмкін. Кейде бүкір бүйрек кезінде оның паренхимасының латеральдық жиегіне бұлтиып шығуын ісікпен шатастыру қаупі бар. Әдетте қалыпты бүйректі КТ зерттеуде оның үш деңгейін: жоғарғы сегментін (полюсін); орта сегментін (қақпалар деңгейін) және төменгі сегментін (полюсін) анықтайды. Томограммада осы деңгейлер сопақ пішінді құрылымдар түрінде көрінеді. Жоғарғы полюстер XII кеуде омыртқасы, төменгі полюстер -- III- IV бел омыртқасы тұсында орналасқан, мұнда сол жақ бүйрек оң жақ бүйректен 1-2 см жоғары болады. Қақпалар деңгейі тұсында (I -- II бел омыртқасы) бүйрек синусын түзуші алдынғы және артқы еріндері ажыратылады. Бүйрек синусы май клетчаткаларына толған. Кеңеймеген бүйрек астауын май тканінен ажырату мүмкін емес. Мұнда астау пішінін контраст енгізу арқылы ғана анықтауға болады.
Қалыпты бүйрек паренхимасының тығыздығы 30-35 Н.б. Контраст затты
бір мезетте енгізу нәтижесінде бүйректің ми және қыртысты қабатының
шекарасын анықтауға болады. Экскреторлық фаза кезінде тостағаншалар,
астау, несепағарлар анықталады. Қалыпты несепағарларды контраст затты
енгізбей анықтау қиынға соғады.

Бүйрек ауруларының КТ семиотикасы. Бүйрек дамуының аномалиялары
Бүйрек аплазиясы -- астауы мен тамыр аяқшасының жоқтығымен
сипатталады. Көлемі 3 см-ден аспайтын бүйректің құрылымы
фибролипоматозды (рудименттік бүйрек) болып келеді. Несепағарлары
әдетте анықталмайды.
Бүйрек агенезиясы -- бір бүйректің туа жоқ болуы. Жалғыз бүйрек
гипертрофияланған және кейде орның ауыстырып орналасуы мүмкін.
Бүйрек гипоплазиясы -- бүйректің туғаннан қызметі сақталынып,
көлемінің кішіреюі. Әдетте бір жақты гипоплазия кезінде екінші бүйректің
компенсаторлы үлкеюі байқалады. Гипоплазияланған бүйректің тамыр
аяқшасы мен астауы жіктеледі. Гипоплазияланған бүйрек қабынуға жиі
ұшырайды және нефрогенді гипертензияға жиі ұшырауы мүмкін. Тағатәрізді бүйрек -- бұл аномалия кезінде бүйректердің төменгі
полюстері тұтасып өседі, ал жоғары полюстерімен тұтасуы сирек кездеседі.
Бүйректің бойлық бөлігі жоғары қарай ашық бұрышты болып келеді. Бүйрек
мойнағы әдетте қолқа мен төменгі қуыс вена алдынан өтеді. Кей жағдайда
қолқа мен төменгі қуыс венаның артынан өтетіні байқалады. Бүйрек
мойнағының қалыңдығы 1,5 -- 3,0 см, тығыздығы бүйрек паренхимасының
тығыздығына сәйкес келеді. Екі жартысының да тостағанша-астау жүйесі
алға қарай бұрылған, кейде деформацияланғаны байқалады.
L және S тәрізді бүйректер . Бұл алғашқы бүйректің жоғары
полюсімен екінші бүйректің төменгі полюсінің тұтасып кетуі. L тәрізді
бүйректе бүйректің бойлық біліктері бір-бірімен бұрыш құрып жатады,
S тәрізді бүйректе әрбір 2 жартысының астауы мен несепағары қарама-қарсы
орналасады. Екі жарты арасында өткелше болады. Күрделі жағдайда
астау-несепағар сегменттерін вена ішіне контраст енгізу арқылы анықтауға
болады. Бүйректердің қосарлануы -- жиі кездесетін аномалиялар. Бұл
аномалияда бүйрек паренхимасы (жоғары және төменгі бөлімдері) мен қан
тамырлары (бүйрек артериясы мен венасы) қосарланады. Бүйректің толық
және толық емес қосарлануы ажыратылады. Толық қосарлануда әр бүйректің
өзінің тостағанша-астау жүйесі және несепағары болады. Әдетте қосарланған
бүйректің жоғарғы бөлігі төменгісіне қарағанда толық дамымай қалады.
Толық емес қосарлануында бір ғана тостағанша-астау жүйесі болады. Бүйрек дистопиясы төменгі және жоғарғы болып бөлінеді. Жоғарғы
дистопияда бүйрек кеуде қуысында орналасады. Төменгі дистопия --
бүйректің орналасуына байланысты бел, мықын, жамбас дистопиясы болып
бөлінеді. Әдетте дистопияға ұшыраған бүйректің көлемі кіші және түрлі
пішінді болып келеді. Әдетте дистопияланған бүйрек қақпасы құрсақ жақта
орналасады. Жамбас дистопиясында астау анықталмайды. Бел
дистопиясында бүйрек артериялары қолқаның іш бөлімінен (II бел
омыртқасынан төмен), ал мықын және жамбастың дистопиясы кезінде қолқа
тармағынан және мықын тамырларынан тарайды.
Кеуек бүйрек -- эмбриогенездің бұзылуынан болатын сирек
кездесетін ауру. Әдетте екі жақты болады. Жинағыш түтіктердің
зақымдануына байланысты көптеген ұсақ кисталар түзіледі. Соңынан бұл
кисталар ішінде тас түзіледі, ол КТ-да анық көрінеді.
Бүйрек астауының аномалиялары
Астау аплазиясы бүйрек аплазиясы кезінде байқалады.
Астаудың қосарлануы жиі кездесетін аномалия. Астаудың
қосарлануы жеке және бүйректің қосарлануы кезінде кездесуі мүмкін.
Несепағардың толық және толық емес қосарлануы түрінде кездеседі.
Бастапқы гидронефроз -- астау мен несепағардың бұлшық ет
құрылымының жеткіліксіз дамуынан және нервтелуінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПИЕЛОНЕФРИТТІҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
Бүйректің даму ақаулары
Қуық жүйесі
Адамның зәр-жыныс жүйелер ақаулықтары
Оқушыны медициналық -гигиеналық жане жыныстық тәрбиелеу. Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу
Жіті нефрит
25 – Адамның тұқым қуалайтын аурулары. Хромосомалық аурулар
Тұқым қуалайтын аурулардың түрі
Тұқымқуалайтын аурулар
Генетикалық тұқым қуалау мен ортаға байланысты және экзогендік аномалиялар
Пәндер