Жамбастың өлшемін анықтау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Астана медицина университеті АҚ
ОПХ-мен адам анатомиясы кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: "Акушерлік және гинекологиялық маңызды, жамбас препараттарынан үлкен және кіші жамбасының мөлшерлерін анықтау"

Орындаған: Эшметова Камола
Тайгараев Мақсат
Топ: 106 ЖМ
Тексерген: Шликбаев Д. А.

Астана-2016ж
Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлімі:
* Жамбастың анатомиялық ерекшеліктері
* Жамбастың өлшемін анықтау
* Тар жамбас түсінігі мен ерекшелігі
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

І. Кіріспе:
Жамбас сүйек -- адам аяғы мен жануарлардың артқы аяғы жамбас белдеуінің қаңқасы. Жамбас сүйек бір-бірімен сүйектене байланысқан мықын, шонданай және шатсүйектерінен құралған.
Осы сүйектердің өзара байланысқан жерінде, ортан жіліктің ұршық басымен буынды байланысатын ұршық шұңқыры болады. Оң және сол аяқтың жамбас сүйектері бір-бірімен өзара байланысып, шеміршекті жамбас жігін жасайды. Жамбас сүйектері құйымшақпен буынды байланысып, жамбас қуысының қабырғасын құрайды.

ІІ. Негізгі бөлімі:
Жамбастың анатомиялық ерекшеліктері
Жамбас қуысы екі бөлімнен тұрады. Жоғарғы - үлкен, төменгі - кіші жамбас қуыстары. Үлкен және кіші жамбас шекарасы екі жағынан мықын сүйек сызығымен, алдынан қасаға сүйегінің қырымен, артынан сегізкөздің негізімен өтеді. Екі жамбас, сегізкөз, құйымшақ сүйектерінен құралған.
Жамбас үш сүйектен тұрады: 1) мықын; 2) шат; 3) шонданай сүйектері. 16 жасқа дейін бұл сүйектер өзара шеміршекпен бекіген.
Мықын сүйек (os ilium) жамбас сүйегінің жоғарғы жағындағы қалақ тәрізді үлкен бөлігі. Оның ұршық ойысын құрайтын қалың жерін денесі, жоғарғы орналасып, кеңейіп келген жерін қанаты дейді. Қанатының жоғарғы жақ жиегін мықын қыры дейді (crista ilaca). Мықын қыры алдыңғы жағынан алдынғы жоғарғы (sрina ilaca anterior inferior) сүйек өсінділерімен аяқталса, сыртқы жағынан артқы жоғарғы (spina ilaca posterior inftrior) сүйек өсінділерімен аяқталып, үлкен шонданай ойындысына жалғасады.

Мықын сүйегінің ішкі беті ойыс және тегіс, ал сырты бұдырлы келеді. Мықын сүйектері қалындау жерімен сегізкөз мүйісімен байланасып, екі жақта да құлақ қалқаны тәрізді буын құрайды.
Шонданай сүйегінің (оs ischii) денесі және екі бұтағы бар. Денесі жамбастың ұршық ойысының төменгі жағын жасауға қатысады. Жоғарғы бұтағы денеден төмен қарай түсіп, шонданай бұдырын (tuber ischiadicum ) жасайды, төменгі бұтағының артқы бетінде орналасқан дөңес жағын шонданай өскіні (spuna ischiadicum) дейді. Төменгі бұтақ жоғарғы көтеріліп, шат сүйегінің төменгі бұтағымен қосылады. Сонымен бірге оның жоғарғы бұтақтарымен қосылып, жамбастың тесігін құрайды.
Шат сүйегі (os pudis) жамбас қуысының алдыңғы жағын құрайды. Екі қасаға өзара қосылып, шат симфизін (sуmphуsis pudica) құрайды. Мұндағы саңылау тәріздес қуыс ішінде сұйықтық болады. Сондықтан бұл буын жартылай буынға жатады.
Шат сүйегінің жоғарғы жағы қасағалық қыр жасап, алдыңғы бетінде қасағалық дөңеске (tubtrculum pudicum) жалғасады. Бұл сүйектің төменгі бұталары қосыла отырып шат сүйегінің иінін немесе бұрыштамасын жасайды. Оның босану кезеңінде маңызы зор.

Сегізкөз (оs sacrum) сүйегі өзара тұтасқан бес омыртқадан тұрады, омыртқалардың көлемі төменге қарай кішірейеді, осыған байланысты сегізкөз пішіні кесілген үшбұрышқа ұқсайды. Сегізкөздің бірінші омыртқасы Ү бел омыртқамен қосылса, бесінші омыртқасы құйымшаққа жалғасады да, сегізкөз-құйымшақ буынын жасайды. Сегізкөздің бел омыртқамен жалғасқан жерін негізгі деп атайды, осы сүйектің ортаңғы жерінде сегізкөз мүйісі (promontorium) бар. Сегізкөз омыртқаларының жалғанған жерінің алдыңғы бетінде көлденең өтетін төрт сызық бар, осы сызықтарды бойлай, жұптасып сегіз тесігі орналасқан. Осыған байланысты бұл сүйекті сегізкөз деп атайды. Сегізкөз екі жағынан мықын сүйектерімен байланасып, сегізкөз-мықын буынын құрайды, бұл қозғалмайтын жұп буын.
Құйымшақ (os coccygic). Сүйек төрт-бес омыртқаның тұтасып, бірігуінен пайда болған, мұнда тек омыртқа денелері сақталған.
Ер адам жамбасымен салыстырылғанда, әйел жамбасының жыныстық ерекшеліктері бар. Әйелдердің жамбас қуысы кең, сүйектері жұқалау, тегіс болып келеді. Ер адамның жамбасы тар, құйымшақ мүйісі ілгері шығынқы, ал мықын сүйектері бір-біріне жақын орналасқан. Әйел жамбасының мықын, шонданай сүйектері бір-бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан ішкі жамбас қуысының жоғарғы кіру және төменгі шығу ернеулері ерлердікіне қарағанда кең болады. Шат сүйегінің иіні ерлерге қарағанда әйелдерде кең болып келеді. Осы аталған ерекшеліктердің босану кезінде маңызды зор.
Үлкен жамбас қуысы
Үлкен жамбас қуысы кіші жамбас қуысымен салыстырғанда кең және көлемді. Оның қуысы екі жағынан мықын сүйегінің ойыс беттерімен, артқы жағы Ү бел омыртқамен шектеліп жатады. Бұл қуыстың алдыңғы ашық жері құрсақ қуысының алдыңғы бетін шектейтін бұлшықеттер мен тері арқылы жабылып тұрады. Үлкен қуыстың өлшемдерін оңай алуға және сол арқылы кіші қуыс өлшемдерін болжауға болады. Жамбас қуысы өлшемдерін арнаулы жамбас өлшегішімен бөлімдерге бөлінген. Екі ұшы түйме тәрізді дөңгелек . Жамбас қуысы өлшемдерін анықтау үшін жүкті әйел қатты тақта үстіне екі аяғын созып арқасымен жатады (10 сурет).
Үлкен жамбас қуысының төрт өлшемі бар: үш көлденең және бір тік өлшемі:
1. Distantia srinarum - мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы. Бұны өлшеу үшін жамбас өлшегішінің түймелерін осы өсінділердің сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда бұл аралық - 25-26 см.
2. Distantia cristarum - мықын сүйегі қырларының нүктелік аралығы (28-29 см). Ол үшін өлшегіштің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетімен жылжытып, оның ең алшақ нүктелерінің арасын өлшейді.
3. Distantia trochanterica - ұршық аралығы. Ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол шамамен - 30-31 см.
4. Conjugata externa - сыртқы коньюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі. Бұл өлшемді анықтау үшін әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созуы керек. Өлшегіштің бір түймесін шаттың сыртқы жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын сегіз көз үсті ойығына орналастырады. Сыртқы коньюгата қалыпты жағдайда - 20- 21см.
Сыртқы коньюгата өлшемін білудің маңызы зор, өйткені бұл арқылы кіші жамбас қуысының кіреберісіндегі - ішкі тік өлшемді (conjugata vera) анықтауға болады. Мысалы, сыртқы тік өлшем 20 см болғанда, одан 9 см-ді алып тастаса, ішкі тік өлшем 11 см-ге тең болады.
Диагональдық коньюгата (с.d.) деп шат сүйегінің төменгі қырынан сегізкөздің ең шығыңқы мүйісіне дейінгі аралықты айтады. Бұның тура өлшемін білу үшін, әйел қынабын зерттеу керек, екінші және үшінші саусақтарды қынапқа енгізе отырып, ІҮ-Ү саусақтарды бүгеді, І-ші үлкен саусақты шат сүйегінің үстіне орналастырады. Қынапқа енген саусақты мүйістің ұшына жеткізіп, ал алақанның үстіңгі қырын қасағаның төменгі қырына тірейді.
Содан кейін қынаптағы үшінші саусақ аралығымен алқанның шат сүйегіне түйіскен жерін жамбас өлшеуішімен өлшейді. Бұл аралық 12,5-13 см тең. Кіші жамбас қуысының ішкі тік өлшемін анықтау үшін, диагональды конъюгатадан 1,5 - 2 см алып тастайды. Үлкен жамбас қуысы сүйегінің жоғарғы өлшем мөлшерлері кем болған жағдайда, оның шығаберісінің тік өлшемін анықтауға тура келеді. Ол үшін өлшегіштің бір түймесін қасағаның төменгі қырының ортасына қойып, екінші ұшын құйымшақтың ұшына тірейді. Осы алынған мөлшерде 1,5 см алып тастасақ, жамбас қуысының шығаберісінің тік өлшемі шығады.
Жамбас қуысының шығаберісінің көлденең өлшемі өлшегіштің айқас бұтақшасымен анықтайды, шонданай төмпешіктерінің айқас бұтақшасымен анықтайды, шонданай төмпекшіктерінің аралығынан алынған мөлшерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбастың жыныстық ерекшеліктері
Жүктілікті анықтау және физиологиясы
Әйелді мед
Әйел жыныс жүйесінің анатомиясы және физиологиясы
Аяқ сүйектері және жамбас белдеу өлшемдері
Әйелдерді гинекологиялық тексеру
Сыртқы жыныс ағзаларын карау
Сүйек туралы
Денсаулықтың негізгі көрсеткішінің бірі дене дамуы
Жамбастың ауытқуы. Жамбас ауытқулары кезінде босанудың ағымы және босандыру
Пәндер