Сағи дауысы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 САҒИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ТАҚЫРЫБЫ
1.1 Болмаған балалық шақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Сағи өлеңдеріндегі жетімдер мен жесірлер жайы ... ... ... ... ... ... ... ..6
2 БАЛАЛЫҚ ШАҚ КӨРІНІСТЕРІ
2.1 Сағи дауысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Мәңгілік сағыныш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... .. 20
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Сағи Жиенбаев -- өзіндік қолтаңбасы бар лирик ақын. Алайда Сағидың жарық көрген құнды еңбектері көп болғанымен, ол толық зерттеліп болды деп айта алмаймыз. Сондықтан біз зерттеу жұмысымызда Сағи поэзиясындағы балалық шақ тақырыбын кең түрде ғылыми тұрғыда зерттеуді тақырыптың өзектілігі деп көрсетеміз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Сағи Жиенбаевтың балалық шақ тақырыбында жазылған шығармаларын насихаттау;
Ақтөбе өңірінен шыққан ел мәдениеті, өнері, әдебиеті, тіл ғылымы, мақтанышы ақын С.Жиенбаевтың есімін ұрпаққа үлгі ету, ұғындыру және дәріптеу;
Жастардың Тәуелсіз Қазақстанның тарихын, мәдениетін, өнерін, тілі мен әдебиетін білуіне, ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаларды дәріптеуіне, патриоттық сезімдері мен азаматтық жауапкершілін арттыруға жол ашу;
Жастардың шығармашылық ізденісін ұлғайта отырып, Сағи Жиенбаев жөніндегі тың деректерін, зерттеу жұмыстарын ғылыми тұрғыда дәлелдеу.
Зерттеудің нысаны: Зерттеу жұмысында негізігі нысанға Сағидың поэззиясындағы балалық шақ тақырыбында жазылған өлеңдері іріктеліп алынды.
Зерттеудің әдістері: Әдеби-салыстырмалы, сипаттау, баяндау, жүйелеу, көркемдік талдау, қорытындылау әдістері қолданылды.
Зерттеудің жаңалығы: Сағи шығармашылығындағы балалық шақ тақырыбында жазылған өлеңдерін кең тұрғыда зерттей отырып, тың деректер ұсынып, ғылыми тұрғыда дәлеледеу.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақ поэзиясының көгіндегі жұлдыздардың бірегейі, талантты ақын, дарынды суреткер Сағи Жиенбаев шығармашылығымен оқырманның ыстық ықыласына бөленген тұлға. Ақынның жауһар жырлары нәзік иірімдермен, сыршылдығымен, шынайылығымен дараланды. Оның сырлы да, сымбатты поэзиясы әлі толық зерттеліп болды деп айта алмаймыз. Сағи ақын туралы жазбас бұрын біраз ойланып, толғандым, ол жайында әдебиетте қандай үлгілер барын іздеп, зерделеп көрдім.
Ұлы жазушы М.Әуезов Сағи Жиенбаевтың бірқатар өлеңдерін оқыдым. Оларда толып жатқан образ, көп шындық, көпшілікке ортақ шындық бар, біртүрлі еліктіретін, сүйсіндіретін, оқушыға бас игізетін соншалық шындық пен бетке ыстық демі сезіліп кеткендей көрінетін шыншылдық бар... - поэзияға керек нәрсе - осы шыншылдық - дейді. Қ.Шаңғытбаев Сағи Жиенбаев - лирик және оқитын жұртқа көптен бері танымал, көп қатарына ұқсамайтын, өз қолтаңбасы бар лирик. Оның шынайы шабытынан шыққан өлеңдері жалпақ жұрттың жүрегіне жол тауып жатты. Сонда өлеңді қадыр тұтатын қауым Сағи лирикасын неге жақсы көреді. Өйткені, өмір бар өлеңдерде, ыстығы мен суығы, кермегі мен тәттісі қым-қуат араласып, астасып жатқан кәдімгі дүниедей өмір бар десе, ақын Мұқағали Мақатаев Сағидың поэзиясы - мен үшін сол жез қоңырау. Бірде- бір артық сөзі жоқ, бірде- бір тәртіпсіз буыны жоқ, артық өлшем, жетпей жығылу дегендерді іздесе таптырмайтын Сағи поэзиясы сол жез қоңырауды елестетеді. Сағи оған сағилық әр, өң, сағилық мінез бермей қолынан шығармайды-деп бағалайды. Тұманбай Молдағалиев: Сағи көп те жазған жоқ, аз да жазған жоқ. Оның өзінің соңына қалдырған еңбектері бүгінде туған елінің қолында. Сырға, мұңға, от сезімге толы өлеңдер, көктемге ұқсайтын шуақты сезімдер, кісіні сергітуден, көңілдегі ұйықтаған ойларды оятудан жаңылмайтын. Сағи жырларын өлең сүйетін қазақтың оқымайтыны, оны аяламайтыны жоқ шығар. Сағи өзі жазған өлеңдерін оқуға өте шебер еді... Сағи не жазса да жақсы жазатын. Оның лирикасы өз замандастарының жақсы лирикасындай көңілді қуанышқа, нұрға, бақытқа толтыратын еді. Сағидың қысқа поэмалары да ерекше мақтауға тұратын дүниелер еді. Бүкіл үлкен өлеңнің бір жерінде сүрінбей жорғалап отыратын оның қаламы отты да, ойлы дүниелерді аз тудырған жоқ. Сағи жазған барлық өлең жақсы. Сағи аударған аудармаларға көзің қуанып, көңіл толады -дейді.
Мен де өз тарапымнан жерлес ақын шығармалары жайында бір үзік болса да қалам тартып, ақиық ақынның жыр жолдарына бойлай алсам, оның рухына басымды игенім, оған деген құрметім деп ойладым. Бала жүрегіммен Сағидың әлемін шарладым, Сағиды тани түстім. Ол - өте қарапайым жан, қиын да қилы, өзінше қызық тағдырдың иесі. Оның өзіме таныс өмірінің мөлдір, таза кезеңіне кері оралып, балалық шағы туралы жазған өлеңдері мені бірден баурап алды.

0.1 Болмаған балалық шақ
Сағи Жиенбаев жырлаған тақырып тым кең. Сағи туған ел, туған жер, табиғат, махаббат, Ұлы Отан соғысы, табиғат тақырыбына молынан қалам тартқан жазушы. Ол жырлар ішінде бейкүнә балалық ақын шығармашылығының алтын өзегі секілді арна тартып жатады. Ақын адалдық, азаматтық, кісілік, тазалық ұғымдарының қай-қайсысын да балалық бейнесінде береді. Сағидың балалық шағының қандай ауыр болғаны өлеңдерінен айқын сезіліп тұрады. Әсіресе, әкеге деген сағыныш сазы Сағиды ерте есейткенін көруге болады. Ол үш жасында әкеден айырылып, тұрмыстың бүкiл тауқыметiн анасы Жiбек тартады. Оның: "Құсалықпен өтпесiн деп от күнiм, Анам менен жасырды әкем жоқтығын... Періштедей сәби көңіл сенгесін, Ертегінің шығарды ойлап көп түрін" деуiнде үлкен сыр жатады. Әкесi Жиенбай Өмiрбаев 1901 жылы туған. Әкесі ауылдық кеңестің төрағасы болып қызмет атқарып жүрген кезінде әлдеқандай қателіктен болған оқиға ма, немесе кеңес өкіметіне өштескен жандардың қастандықпен жасаған ісі ме -- ол жағы белгісіз, аяқ астынан кеңсесі өртеніп, осы өртке бола ол кісіге байлармен ауыз жаласты деген жала жабылады.1937 жылы 8 -тамызда қазiргi Байғанин, ол кездегi Табын ауданындағы 11-ауылынан Ақтөбе түрмесiне ұстап әкетiп, "үштiктiң" ұйғарымымен екi аптадан кейiн атылыпты. Сүйегi Түйетөбеде әкелінеді. Сағи халық жауы деп ұсталып кеткен әкесі туралы сағынышқа толы жырын ашық жария ете алмай, тұспалдап болса да жеткізеді: Көңілімнің күні болып жүр Анам, Көз алдымда сол жүргесін жұбанам, - Әйтпесе мен ес білгелі жоқ әлі, Біздің үйде бір адам деп басталатын өлеңнің алғашқы жолдары-ақ, әу дегеннен сізді елең еткізіп, шынайлығымен, кір шалмаған сәбидің жүрегіндей пәктігімен сезіміңізді баурайды. Ел де көрді. Мен де көрдім соққыны, Бала кездің өтті алаңдап көп күні. Біздің үйде тұрады ылғи білініп, Бір адамның жоқтығы деген жолдардан ақын жанына үңіле, жыр жолдарын салмақтай, саралай отырып, әкесіз өсудің қиындықтарын жан тебіренісімен жеткізе білгенін аңғарамыз. Жүргендей ол осы маңда - жақында, Кейде маған беретіндей ақыл да... Біздің үйде шауып жүрген бөбектің Бәрі соның атында. Есімде жоқ - қандай еді түрі оның, Бірақ бәрін сезетіндей жүрегім. Соны күтіп біздің үйдің төрінде, Бос тұр әлі бір орын. Бір үміт бар ұялаған кеудеме, Айтам оны жұлдызға да, желге де. Әлі күнге өзі келіп қалардай. Отырмаймын төрге де... Бұл жолдардағы әкеге деген төгілген сағыныш күйі оқырманды мөлдір шықтай тазалағымен баурайды. Өлеңінің әр шумағынан сағыныштың сазы есетін Сағи ақын поэзиясында ерекше бір қуат бар. Ол басқа түскен қайғыға мойымайтын, қайта онымен тірескенде бел омыртқасын морт сындырып жіберетін - күрескерлік қуат. Ол адамды жеңіп, жігерін құм қылғысы келетін қасіретпен арпалысып, қолын қайырып, мойнын бұрап тастайтын - батырлық қуат.
Сондай - ақ Сағи Жиенбаевтың үш томдық өлеңдер жинағының бірінші томындағы Жыл сайын... өлеңінің Жанымды менің шымшылап, Жауар бұлт құсап бүгін де, Жауапсыз қалған бір сұрақ, Жатады көңіл түбінде... тәрізді өлең жолдарынан Сағидың сол бір балалық шағындағы әкесі туралы мұңды естелігі балалығымен бірге ескірмей, үлкейсе де өзімен бірге есейіп, жан жарасы болып сақталғаны аңғарылады.
Сағи өмірде де, өлеңде де ерте есейген ұрпақтың өкілі екенін байқауға болады. Мысалы, ақынның: Ерте көрдім мен әкемнің жоқтығын, Ес білгелі соны іздеумен өтті күн. Тағдыр мені тұрғызды да, бас деді -- Табаныма төсеп қойып отты құм деген жолдарынан тағдырдың Сағидың маңдайынан сипамағанын, ерте есейткенін көреміз.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Сағи небәрі 7 жаста болады. Балалық шағы сұрапыл соғыспен қатар келген ақын: Ел басына туды күн, Ер азамат ұрыста. Бiр қора жан тұрды бiр Бiздiң құйттай қуыста. Ышқынады долдана Қарлы құйын кимелеп. Отырамыз он бала Отбасында үймелеп, - деп келетін жолдардан балдәурен балалық шағының базарлы болмағанын, аштық, жетiмдiк, жоқтықпен өткенін байқауға болады.
Ақынның: Ерте көрдім соғыстың да не екенін, Қаңырап қалды менің туған мекенім. Қырға шықтым қарттарға мен қосылып, Жалаңаяқ, жабылмастан етегім... деген өлең жолдарынан еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін еңбек қазанын қайнатуға шоқтай жинаған кезең суреттерін кестелеген шоғыр жырлардан, жаралы жылдар бейнесі елестейді.
Сонау ел басына күн туған сұрапыл соғыс кезінде өзге отандастарымен бірге ел қорғауға аттанған ағасына арнап Солдатқа хат өлеңінде: Қызық па солдат тірлігі, Жауынгер жолдас қал қалай? Босаңдау едің, шырығып, Болдың ба жігіт балғадай? деп майдандағы ағасының хал - жағдайын білсе, ...Теп- тегіс аман ел жақ та, Тұрмыс қып жатыр жарасып. Хат келе қалса сен жақтан, Оқиды бәрі таласып деген сөздерімен елдің амандығын білдіріп, жауынгер көңілін жұбатады. Сонымен қатар балалықпен ағасына еркелей, болашақ жеңгесінің елеңдеп сағынып жүргенін жеткізеді... Жаутаңдап жүр ол елеңдеп Хатыңның ізін суытпа... Жауынгер жолдас, дегенмен, Бізді де бірақ ұмытпа! деп, тек жеңгемізге хат жаза бермей, бізді де ұмытпа деп, қулана назын айтады. Мұның барлығы балғын бала жүрегінен шығады, ол төрт құбыласы түгел болмаса да шүкірлігін ұмытпаған, жақсылықтан үмітін үзбеген есті баланың сөзі. Тап-таза бала көңілден шыққан риясыз үміт көрінісі кез - келген адамның бойына үміт сәулесін ұялатады.
0.2 Сағи өлеңдеріндегі жетімдер мен жесірлер жайы
Сағи өлеңдерінен соғыс жылдарындағы жетімдіктің зардабын тартқан барлық жесір мен жетімнің күйін көруге болады. Әкелерін, ағаларын майданға аттандырып салып, елдегі шаруашылық тұтқасын ұстап қалған ерте есейген жас балалар мен оларға ана да, әке де бола алған жесірлер жайын Сағи көз алдыңа сол күйінде алып келеді. Ақынның Оң аяқ, Күткен күн, Әйелдер, Сүт туралы баллада, Сыртта боран ұлып тұр тәрізді туындыларында көрініс тапқан шеберлікті еш ақынның шығармашылығынан көре алмайсың.
Әйелдер өлеңінде: Ырзамыз барлық ісіңе, Қазақтың қара көздері. От пенен судың ішінен, Бізді алып шыққан өздерің. Қызықтың бәрін құрбан қып, Біз үшін күйіп-жандыңдар дей келе, барлық ауыртпашылықты көтере білген қазақ әйелдеріне өмір бойы қарыз екенін білдіре отырып, олардың жетімдер үшін жасаған ерен ерліктеріне бас иеді. Таранып, Моншақ тағынып, Бойды да күткен жоқсыңдар. Қырманда жүріп бойжеттің, Қырларда кетті көп күндер... Түрлерін іздеп көйлектің, Таңдап та кимей кеттіңдер. Аралап дала өңірін, Термедің гүлді сызылып деген жолдарынан соғыстың кесірінен ару қыздардың табиғатына сай әйел бақытын сезіне алмағанына қынжылады.
Соғыс жылдары жас ғұмыр гүлдей солып, төрт баламен тiрлiк тауқыметiн шеккен сауыншы анасы Жiбекке де Сағи көптеген өлеңдер арнайды. Сүт туралы баллада өлеңінде заматы соғысқа кетіп, бір үйлі жан жалғыз сиырдың сүтіне қарап қалады. Көктем. Соғыс жылдарындағы жоқ-жұқа, ашпа-жалап, көріксіз көктем. Оны ұзынның қысқарып, қысқаның үзілетін кезі деп атаудың өзі қиын. Өйткені қысқаратын да, үзілетін де дәнеме жоқ. Тек жалғыз сиырдың сүті ғана. Оның өрістен қайтқанын балалар асыға күтеді: сүт керек қой! Ең алдымен жетуші еді елпілдеп, Біздің үйдің қызыл қасқа сиыры. Сонда: Тұлабойы дір-дір етіп, Жас бұзау Тығылатын енесінің баурына.Содан кейін: ...Үлпілдеген үрпінен Бір ақ жаңбыр нөсерлетіп құятын. Байлаулы бұзаудың да, балағы түрулі ойын баласының да көздері ақ шелектегі бұрқыраған ақ көбікте. Ары қарай Сауу керек үшінші рет, Соңғы рет. Бұзауы тұр жіберсе екен енді деп. Ол да бала, Мен де бала бүлдіршін, Екі бала елеңдейміз мөлдіреп деп шкбкп суреттейді. Соңғы иінді...Ең қиыны -- осы ара. Осы арада Арбасады қос ана: Екеуінің екі түрлі тілегі. Екі тілек қосылмайды. Не шара?! дей келе, Жасыра алмай, жануар-ай, сезімін, Жаутаңдайды қарашығы көзінің. Ене байғұс ойлайды тек бұзауын, Ана байғұс ойлайды тек өз ұлын. Сиыр сауылды, бұзау ағытылды, Шелек іші -- ақ жаңбырдың ақ көбікті ырысы. Түк жоқ ойда, Мәз боп бара жатамыз Екеуіміз екі анаға ілесіп деп аяқтайды.
Екеуін де еріксіз аяйсың, аяй тұра етжүрегің елжірей қуанасың. Аяйтынымыз: мынау өз шаруасымен қарбалас жұпыны ауылдағы мал өрістен қайтқан идиллия сағаттарында сонау күн астында қандықасап қырғын бір толастамай, махаббат пен ғадауат арпалысып жатыр, адамият тағдыры таразының табағында теңселіп тұр: оны балғын бүлдіршін де, оның ойын серігі бұзау да түсінбейді. Қуанатының: күні бойы көзіне көк шыбын үймелеп, нәр татпаған екі сәби қарындары қампиып, аналарының қасында мәз боп барады. Ауыр жылдардың аза бойыңды тік тұрғызатын қатал шындығын шебер ақын сөйтіп көз алдыңа әкеледі. "Сүт туралы балладасында": Көштi талай көк аспанның бұлттары, Кептi жұрттың көзiндегi шықтары. Төрт жыл бойы асыраған, бiрақ та, Таңдайымнан кетер емес сүт дәмi, -- десе, анасы Жiбек туралы: Менiң анам - сүйегi асыл мықты адам, Талай рет жай түссе де жықпаған. Бар кезде де сыртқа сыры шықпаған, Тар кезде де қабағын бiр шытпаған, - деп көсiле жырға қосады. Жыр жолдары арқылы анасын сүйегі асыл, мықтыға теңеп, бармын деп тасымаған, жоқпын деп жасымаған әзиз ананың даналығын сипаттайды.
Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келіп, өмірдің ауыртпалығын балғын иығына артқан Сағи шығармашылығындағы мөлдір туындылардың дені қасіретке арналған. Оған бір ғана Келіп қалар... атты жыр дәлел. Құсалықпен өтпесін деп от күнім, Анам менен Жасырды әке жоқтығын. Періштедей Сәби-көңіл сенгесін, Ертегінің шығарды ойлап көп түрін, - деп басталатын осы өлеңнің соңғы нүктесіне дейінгі оқырманның көңіл толқынысын, дәл тылсым сезімді бастан кешкен сәттегідей бедерлей алмасымыз анық.. Әкең сенің... Кетті сонау алысқа, жер де шалғай, жетпейді оған дауыс та. Ол тұратын қалың орман ішінде, жүреді екен қабылан да, барыс та... - деген ананың бала көңілін алдарқату мақсатында айтылған ертегісі: Кедергі боп кішкене бір төбе тұр, қанат болса, ұшқысы да кеп отыр. Көп ұзамас, дәм бұйырса батырың, жақын күнде келіп қалар деп отыр... - деген жолдарға жалғасқан. Бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz