Қыс маусымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1 Батыс Қазақстан облысының физикалық-географиялық сипаты
1.1 Табиғаты
1.2 Климаты
2 Литогенді негізі
2.1 Тектоникасы
2.2 Геологиясы
2.3 Жер бедері
3 Ішкі сулары
4 Табиғи зоналар
4.1 Топырағы
4.2 Өсімдік жамылғысы
4.3 Жануар дүниесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Батыс Қазақстан облысы - Қазақстанның қиыр солтүстік-батысында, Жайық өзенінің ортаңғы ағысында орналасқан. Облыс оңтүстігінде Каспий маңы ойпатының солтүстік территориясын, солтүстік-батысында Жалпы Сырт сілемдерін, ал солтүстік-шығысында Елек өзеніне дейінге алқапқа созылып жатқан Орал маңы үстіртінің біршама территориясын алып жатады.
Географиялық координаттар жүйесінде, яғни экватор мен бастапқы меридианмен салыстырмалы түрде алғанда, географиялық картадағы облыстың ең қиыр нүктелерінің географиялық координаттары 51°14′ с. е. 51°22′ ш. б.51.233° с. е. 51.367° ш. б. арасында орналасқан. Өлкетану әдебиеттерінде кең тараған түсінік - Жайық өзенімен өтетін Еуропа мен Азия құрлықтары арасындағы табиғи шекара ескірген. Қазіргі уақытта Қазақстан территориясында бұл шекараны табиғи белгілері бойынша Мұғалжар тауларымен, Ембі өзені және Каспий теңізінің солтүстігіндегі тектоникалық жарық арқылы жүргізеді.
Облыстың жалпы шекарасының ұзындығы 2274 шақырым, соның ішінде Ресеймен мемлекеттік шекара - 1400 шақырым, Қазақстан облыстарымен - 847 шақырым. Облыс солтүстігінде және батысында Ресей Федерациясының Саратов, Самара, Орынбор, Волгоград облыстарымен, ал шығысы мен оңтүстігінде Қазақстанның Ақтөбе, Атырау облыстарымен шектеседі. Жалпы жер көлемі 151,3мың шаршы шақырым, бұл Қазақстанның жер көлемінің 5,6%-ын құрайды. Қазақстанның 14 облысымен салыстырып қарағанда, Батыс Қазақстан жер көлемі бойынша 8-ші орында. Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.
Облыс аумағы түгелдей Каспий маңы тектоникалық ойысында орналасқан. Тау жынысы құрылысы, оның қуаты мен орналасуы, геологиялық құрылымының дамуы мен оның қозғалыстар нәтижесіндегі өзгеруі - геологиялық тарихымен айқындалады.

0.1 Табиғаты
Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді. Бұл өңірдің абсолюттік биіктік 10 -- 25 м-ден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бөлігі (абсолюттік биіктігі 45 -- 65 м) Сырт қырқасы арқылы Орал үстіртіне ұласады. Жалпы Сырттың осы тұстағы ең биік жері 259 м (Ешкі тауы). Орал үстіртінің облыс жеріндегі бөлігі -- құрғақ арналармен тілімденген жонды-белесті өңір. Оның абсолюттік биіктігі 110 -- 260 м, ең биік жері -- Ақтау (Бортау) тауы (263 м).

1.2 Климаты
Облыс аумағында ғасырлар бойы үстем болған табиғи құбылыстардың әсерінен тым континенттік климат басым қалыптасқан және бұл сипат солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай күшейе түседі. Континенттік климат нәтижесінде күн мен түн, қыс пен жаздағы ауа райының шұғыл қарама-қарсылығы байқалып, қыс маусымы жазға тез ауысады. Бүкіл облыс жері үшін атмосфералық жауын-шашынның тұрақты болмауы мен тапшылығы, қар жамылғысының жұқалығы мен ашық далада ұлпа қардың жел екпінімен ұйытқып ұшып кетуі, ауа мен топырақтың тым құрғақтығы, бүкіл вегетациялық (өніп-өсу) кезеңінің өн бойында жер бетіне тікелей күн жарығының өте көп түсуі және топырақтың қарқынды булануы тән.
Қыс маусымы
Қысы суық, көбіне бұлтты, бұлыңғыр, бірақ қысқа, ал жаз ыстық және әжептәуір ұзақ болады. Бүкіл облыс аумағы үшін ауаның орташа жылдық температурасы 5,9°С жылы келеді. Қыс маусымы, әдетте, тәуліктік температураның 0°С-тан төмендеуінен басталады; бүл құбылыс облыстың солтүстігінде қазан айының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиырдың сүттілігіне әсер ететін факторлар
Мангоның маңызы
Қара ала тұқымдас сиырлардың өнімділігіне экологиялық факторлар
Сүт өнімділігінің сипаттамасы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі
Қара ала тұқымдас сиырлардың қоршаған орта факторларының тигізетін әсерін зерттеу
Жаздық бидай дақылы
Солтүстік Қазақстанның салқын мерзімдегі термикалық режимі
Туризм түрлерінің жыл мезгілдеріне байланыстылығы
Жер асты суларының құрылу процестері, құрамы және қасиеттері
Пәндер