Ашық тау өндірімдері


2 Таратылатын материалдар мазмұны
2. 1 Курстың тақырыптық жоспары
2. 2 Дәріс сабақтарының конспектісі
1-дәріс тақырыбы. Кіріспе. «Тау-кен өндірісінің экологиясы» пәні, түсінігі, анықтамасы, құрылу тарихы және тау-кен өндірісі экологиясының ғылым ретінде дамуы. Тау-кен экологиясының мақсаттары мен міндеттері. Табиғи тау-кен өндірісінің кешені - бұл тау-кен экологиясын оқу пәні. Тау-кен экологиямының даму тарихы.
Соңғы жылдары жер қойнауының ресурстарын игеруге байланысты басты мәселелер арасында минералды шикізаттарды өндіру және қайта өңдеудің қоршаған ортаға тигізетін әсері мәселелеріне көп көңіл бөлінуде, сонымен қатар келесі себептермен де түсіндіріледі:
- тау-кен өндірістік аудандар қатарындағы, сол жердегі тұратын халық өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер туғызатын, биосфера жағдайына тигізетін ірі бұзылымдар;
- экологиялық қатынаста мұнай құмдары, битумды тақтатастар, кенеусіз кендер және т. б. сияқты «лас» көздер есебінде минералды ресурстардың көптеген түрлерінің қорын толтыру мүмкіншілігі, мұндай көздерді өңдеу табиғи ортаға айтарлықтай қатер туғызады;
- қазіргі уақытта немесе жақын болашақта қоршаған орта жағдайын айтарлықтай нашарлататын технологиялық процестер (энергетикалық қиыншылықтар есебінде) қатарын қайта құру;
- қоршаған ортадағы минералды ресурстарды игеру және қайта өңдеу процестерінің кері ықпалының келбеті (техногенді ландшафтарды құру, су бассейнін бұзу және т. б. ) ;
- халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданылатын минералды ресурстардың және келесі болатын өндірістік тізбектің экологиялық тазалағына «жауапкершілік».
Экологиялық қауіпсіз тау-кен өндірісін құруда әлі де көптеген шешілмеген мәселелердің бар екенін ескеру қажет, ол объективті және субъективті сипатқа ие келесі мәселелермен негізделеді:
- жасанды (шаруашылық) және табиғи (экологиялық) жүйелерде заттар мен энергия айналымының сапалы айырмашылықтары;
- минералды шикізатты өндіру және қайта өңдеу технологиясында экологиялық шектеулердің жеткіліксіз негіздемелері;
- тау-кен өндірісінің техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту талаптары мен оңтайлы жағдайдағы биосфераны сақтау қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықтары;
- биосфера элементтеріне тау-кен өндірісімен тигізілетін залалдың және табиғи ресурстарды экономикалық бағалау әдістерінің жеткіліксіз өңделмегені;
- экология сұрақтары бойынша тау-кен өндірісінің жұмыскерлерінің жеткіліксіз дайындалмағандықтары.
Қазіргі жағдайда тау-кен өндірісінің қоршаған ортамен қарым-қатынасының маңызды жағы күшейіп бара жатқан қайтымды байланыс, яғни тау-кен кәсіпорындарын жобалау, құру кезінде және оларды эксплуатациялау кезіндегі шешімдерді таңдаудағы қоршаған орта жағдайының ықпалы болып табылады (кенорындарды құрғату әдісі, рекультивация бағыты, тау-кен массасын қопару әдісі, аршылған және сыйымды жыныстар үйінділерін орналастыру) .
Біздің уақыт жаңа ғылымдар мен ғылыми бағыттардың туындауымен, дамуымен және құрылуымен сипатталады. Олар ғылыми білімдер мен зерттеу әдістері ертеректе бір-бірінен алыс көрінетін процестер, құбылыстар және қоғамдық қатынастардың фундаментальды қауымдастығын ашуға мүмкіндік беретін деңгейде туындайды.
Әрбір жеке ғылым тұйықталған сипатқа ие идеялар мен түсініктердің концептуалды жүйесінен тұрады. Сонымен қатар, Жерді зерттейтін ғылымдарда зерттелетін көріністердің өзара қарым-қатынасы мен өзара келісімділіктің диалектикалық идеяларымен дәлелденеді. Тау-кен ғылымы дамуының заманауи кезеңі оны басқа ғылымдардан шектеп тұрған кедергілердің жойылғанын көрсетеді және тау-кен және экология ғылымының торабында, ғылыми идеялар мен белгілі академиктер КСРО ҒА және РҒА Агошкова М. И., Ласкорина Б. Н., Мельникова Н. В., Мельникова Н. Н., Ржевский В. В., Сергеев Е. М., Сидоренко А. В., Трубецкий К. Н., Федоренко Н. Ф., Хачатурова Т. С., Шварц С. С., корреспондент мүшелері РҒА Каплунова Д. Р. және Пучкова Л. А. жұмыстары негізінде үлкен теориялық және қолданбалы мағынаға ие тау-кен ғылымындағы жаңа бағыттың - тау-кен экологиясын құру және дамыту үшін жағдай туындайды.
Ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу практикасында табиғи ортаның алғашқы бұзылыстары 1976 жылы профессор В. Д. Горловпен экологиялық деп аталды. Оның ұсынғаны техногенді бұзылыстарды жіктеудің екі түрлі бұзылысы бар, олар: ландшафты және экологиялық.
Ландшафты бұзылыстарға келесілер сипатты:
- өңделген кеңістіктер;
- үйінді алаңдары;
- өндірістік объектілердің жер алаңдары.
Экологиялық бұзылыстарға жатады:
- өңдеу ауданындағы гидрогеологиялық жағдайларды өзгерту;
- ауа және су бассейніне тиесілі алаңдардың ластануы;
- сейсмологиялық бұзылыстар.
Автор әр бұзылыстың түріне толығымен талдау жасаған және төмендегі қорытындыны қажет деп табады: «аса жаңа және экономикалық тиімді әдістерді және табиғи ортаны қорғау әдістерін өңдеудегі ғылым мен практика жағдайын жинақтау, соның арқасында тау-кен өндірісінің тиімділігі айтарлықтай жоғарлай түседі».
1977 жылы ҚСРО ҒА академигі Н. В. Мельников жерді рекультивациялау бойынша бүкілодақтық ғылыми-техникалық конференцияда (Орджоникидзе қаласы) пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі бұзылған жерлер үшін экологиялық жағдайларға сәйкес құру немесе қалпына келтіру үшін және мемлекеттердің әртүрлі аудандары үшін тек экономикалық емес, сонымен қатар әлеуметтік және экологиялық тиімділіктерді рекультивацияны техникалық жобалау нормаларының экологиялық стандарттарын өңдеудің қажеттілігі туралы сөйледі.
Бұл жұмыстарда тау-кен экологиясы туралы мәселелер жаңа бағыт ретінде қарастырылған жоқ.
Ең алғашқы рет «тау-кен экологиясы» түсінігі 1978 жылы М. Е. Певзнермен ұсынылған. Ол тау-кен экологиясын тау-кен өндірісі саласында қоршаған ортаға адамзат әсерінің заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылыми бағыт ретінде анықтады. Бұл анықтама кейінірек 1984-1991 жылдары басып шығарылған тау-кен энциклопедиясында қолданылды.
Тау-кен экологиясының пәні тау-кен өндірісінде туындайтын, биосферадағы заттар мен энергияның айналымымен қатар физикалық және химиялық процестердің бір-бірімен байланысы болып табылады.
Бұл бағыттың мақсаты - экологиялық қауіпсіз тау-кен өндірісінің ғылыми негізін өңдеу және олардың практикалық жүзеге асыруының ұсыныстары болып табылады.
Тау-кен экологиясын дамытудың заманауи кезеңінде алға қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- барлық мәселелердің маңызын толығымен тұжырымдау;
- мәселелерді шешудің ғылыми бағдарламасын және әдістерін жасау;
- тау-кен жұмысындағы адам мен қоршаған орта арасындағы өзара қарым-қатынастың ортақ және жеке модельдерін құру;
- жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін жинақтап қорыту және тау-кен өндірісінің қоршаған ортаға әсерінің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар кешенін жасау.
КСРО ҒА академигі В. В. Ржевский 1985 жылы тау-кен ғылымдар кешеніне «тау-кен өндірісінің экологиясы» құрылымын енгізді және оны «табиғатты пайдалануды басқарудың теориялық негіздерін өңдеумен айналысатын, тау-кен ғылымдарының саласындағы реттеліп келе жатқан жаңа сала ретінде және тау-кен жұмыстарын өндіру кезіндегі жер және минералды ресурстарды пайдаланудың экологиялық және экономикалық жағынан тиімді екені туралы, сонымен қатар табиғи ортаның даму процесін, оның мақсатты түрде өзгеруін және қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының заңдылықтарын есепке ала отырып тау-кен жұмыстарын енгізу кезіндегі оны сақтау туралы» анықтады.
В. В. Ржевский тау-кен ғылымының осы саласын зерттеуді қамтамасыз етудің төмендегідей аймақтарын анықтады:
- табиғатты қорғаудың теориялық негіздері, тау-кен жұмыстарын жүргізудің әртүрлі әдістерін қолданған кездегі әртүрлі табиғи зонада оның ресурстарын пайдаланудың заңдылықтары; тау-кен өңдіру ауданының табиғи-ресурстар потенциалы, оны өлшеу әдістері, қалпына келетін және қалпына келмейтін табиғи ресурстарды пайдаланудың принциптері мен әдістері;
- антропогенді әсерді зерттеу әдістерін жасау, табиғи кешендер мен массалық тау-кен жұмыстары кезінде болатын зардаптар болжамын өзгерту, табиғи ортаның өзгеруін болжау принциптерін өзгерту, тау-кен жұмыстары кезіндегі техногенді ластанудың қарқынын салыстыру және жеке ландшафтардағы табиғатты өздігінен тазаруы;
- тау-кен өндіретін және қайта өңдеу кешендерінің географиялық алғышарттарын және олардың регионалды спецификасын дәлелдеу;
- табиғатты қорғау шараларының жүйесін, сонымен қатар тау-кен өндіретін аудандардағы табиғатты қорғаудың кешенді аймақтық жүйелерін дәлелдеу және әртүрлі аудандар мен ландшафтарда табиғи ортаны сақтау және жақсарту бойынша іс-шараларды дайындау;
- аймақтық жоспарлауды дәлелдеу, рационалды табиғатты пайдалануды жобалау және ұйымдастыру, тау-кен өндіру ауданындағы болашаққа сақталатын өндірістік күштерді орналастыру;
- жоспарлы шаруашылық жағдайында табиғатты пайдалану экономикасын зерттеудің теориясы мен әдістерін жасау және тау-кен өндіру аймақтары мен кәсіпорындары үшін оның талдауы, табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік зардаптарын және қоршаған ортаның, сонымен қатар теңіздер мен мұхиттардың нашарлауын анықтау;
- табиғи ресурстары экологиялық тиімді пайдалану үшін және тау-кен өндіру аймақтары мен кәсіпорындары үшін қоршаған ортаны қорғау мен жақсарту құралдарын жоспарлау кезінде «шығындар - пайдалар» балансын дәлелдеу.
РҒА корреспондент мүшесі Л. А. Пучков тау-кен экологиясын «сыртқы сфераның тау-кен ғылымы» ретінде қарастырады, ол тау-кен жұмысының қарым-қатынасы туралы ілімнің жиынтығы болып анықталады, яғни жер бетіндегі адамның инженерлік іс-әрекеті мен қоршаған дүниенің қатынасы болып табылады.
РҒА басшылығымен ұйымдастырылған жоғарғы тау-кен білімінің ғалымдары мен мамандарының ұжымынан құралған тау-кен ғылымының заманауи тобының авторлары тау-кен экологиясын тау-кен ғылымының тобына қосты және ортақ «тау-кен жүйелілігі» атауына, сонымен қатар келесі анықтама берді: «тау-кен экологиясы - жер қойнауын игеру кезіндегі техногенді экожүйе мен қоршаған табиғи ортаның өзара қарым-қатынасының заңдылықтарын зерттейтін ғылым».
Әртүрлі жағдайларда «тау-кен экологиясы» («тау-кен өндірісінің экологиясы») түсінігінің анықтамасында тау-кен ғылымында тау-кен-экологиялық бағытты реттеу экология дамуының заманауи тенденцияларына сай келетініне көңіл бөлу қажет, сонымен қатар ол ғылым осыдан 100 жыл бұрын «ағза-орта» байланысы туралы ілімен туындаған және көз алдымызда индустриалды қоғамда адамзаттың табиғаттағы тәртібінің теориялық негізі болып келеді.
Негізгі әдебиет: 1 [9-19], 3[44-50]
Қосымша әдебиет: 1[62-65]
Бақылау сұрақтары:
- Экологиялық қауіпсіз тау-кен өндірісін құрудағы басты мәселелер қандай?
- Тау-кен өндірісінің экологиясы деген не және оны зерттеудің негізгі пәні?
- Тау-кен өндірісінің экологиясы пәнінің мақсаттары мен міндеттері қандай?
- Тау-кен өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсері қандай?
- Тау-кен өндірісің кезіндегі қоршаған ортаға тигізілетін әсер түрлері қандай?
2-дәріс тақырыбы - Биосфераға антропогенді әсер. Биосферадағы негізгі процестер. Антропогенді факторлардың биосфераға әсері.
Биосферадағы негізгі процестер. «Биосфера» түсінігі, яғни «өмір сүру аймағы» Ламарк ХІХ ғасырдың басында Парижде (1744-1829 жылдары) биологияға енгізді, ал Э. Зюсс осы ғасырдың аяғында Венада (1831-1914 жылдар) геология ғылымына енгізді.
Биосфера - Жер қабығы, құрамы, құрылымы және энергетикасы, тірі организмдердің бұрыңғы немесе қазіргі іс-әрекетімен түсіндіріледі.
Биосфера атмосфераның төмеңгі қабатын (25-35 км дейін), гидросфераны және литосфераның жоғарғы қабатын (16 км жуық тереңдікке дейін) алып жатыр. Биосфераның қызмет етуі негізінен күн энергиясымен қамтамасыз етіледі және ол табиғаттағы заттардың екі айналымын тудырады: үлкен (геологиялық) және кіші (биологиялық)
Геологиялық айналым - дүниежүзілік мұхит пен құрғақ жер арасындағы заттар айналымы. Биологиялық айналым - жануарлар, микроорганизмдер, өсімдіктер және топырақ арасындағы заттар айналымы. Екі айналымы да бір-бірімен тығыз байланысты. Жер бетінің көмегімен Күннен алынатын сәулелік энергия 1, 2∙10 17 Дж-ге жуық құрайды. Осы энергияның шамамен 50 % судың булануына жұмсалады - ол заттың геологиялық айналымының негізгі процесінде жүреді. Биологиялық айналымға кететін сәулелік энергияның шығыны 0, 1-0, 2 % құрайды.
Осы екі айналымның энергия сыйымдылығының айырмашылығына қарамастан биосфераның негізгі тіршілігі биологиялық айналым болып табылады.
Биологиялық айналымның маңызды процесі фотосинтез болып табылады, яғни Күннің сәулелік энергиясының көмегімен өсімдіктер мен микроорганизмдердің органикалық заттардың химиялық байланысының энергиясына ауысуы.
Фотосинтездің классикалық теңдеуі келесі түрде беріледі:
СО 2 + Н 2 О = (СН 2 О) + О 2 . (2. 1)
Фотосинтез процесінде өсімдіктер топырақтан минералды заттар, ал ауадан көмір қышқыл газын тұтына отырып оттегін бөледі, яғни олар продуценттер деп аталатын органикалық заттар түзеді (латын тілінен аударғанда producentis - жасайтын, құрайтын) .
Жануарлар оттегін тұтынады және өсімдіктер көмір қышқылын бөледі. Бұл консументтер деп аталады (латын тілінен аударғанда consume - тұтынамын) . Редуценттер (латын тілінен аударғанда reducentis - қалпына келтіретін) деп аталатын бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер және т. б. бейорганикалық заттарға (нәтижесінде продуценттер пайдаланады) айналдыра отырып, өлі органикалық заттарды ыдыратады, соңында заттар айналымының циклын тұйықтайды және келесі циклдың дайындалуына қамтамасыз етеді.
Жыл сайын фотосинтез нәтижесінде Жерде 100 млрд. т астам органикалық заттар түзіледі, 200 млрд. т СО 2 таралады және 145 млрд. т жуық бос О 2 бөлінеді. Атмосфераның оттегі айналымы организмдер арқылы шамамен 2 мың жылға дейін жүреді деп болжамдалады, көмір қышқыл газының айналымының толық циклы 300 жылды құрайды, ал мұхиттардың, теңіздер мен өзендердің сулары биологиялық айналымда 2 млн. жыл ішінде ыдырайды және қалпына келеді.
Биологиялық айналымның салыстырмалы тұрақтылығын сақтау үшін фотосинтез есебінде келіп түсетін органикалық заттар оның шығынымен жабылуы тиіс, яғни оны жануарлар мен микроорганизмдер тұтынуы қажет. Олардың жұмысы шамамен 232, 5 ∙ 10 9 т құрғақ органикалық заттардың мөлшерімен бағалануы мүмкін. Планетаның жануарлары мен микроорганизмдерінің қосынды биомассасы құрғақ түрінде 23∙10 9 т құрайды. Сондықтан, жердегі организмдер жыл сайын өздерінен он есе көп органикалық заттардың массасын жоюы қажет.
Биологиялық айналымның интенсивтілігі табиғи жағдайларға байланысты және түзілетін (осы жағдайларға қолданылатын) экологиялық жүйелер немесе биогеоценоздар арқылы байқалады. Әр биогеоценоз (белгілі бір жағдайда мекен ететін организмдердің әртүрлі түрлерінің қауымдастығы немесе экожүйе) биосфераның өзіндік бір кішкентай көлемдегі үлгісі болып табылады және осыған орай биосфераның жалпы тұрақтылығы және оның эволюцияға мүмкіншілігі анықталады.
Өмір түрлерінің көптүрлілігі, организм түрлерінің бір-бірімен және абиотикалық факторлармен (абиотикалық факторлар - организмге әсер ететін бейорганикалық орта жағдайының жиынтығы) тығыз байланысы биосфераны жоғары кедергіге ие болатын, өзін-өзі реттейтін жүйеге айналдырады.
Мекен етудің табиғи ортасының ресурсы ретінде биосфера элементтері сарқылу принципі бойынша екі үлкен топқа бөлінуі мүмкін: сарқылатын және сарқылмайтын.
Сарқылмайтын табиғи ресурстарға су ресурстары (бірыңғай айналымдармен байланысты), атмосфералық ауа және космостық ресурстар (күн радиациясы, теңіз құйылымдарының энергиясы және т. б. ) . Ресурстардың бұл түрлері қайта қалпына келудің зор мүмкіншілігіне ие. Бірақ, мұндай ресурстардың сапасы су және ауа сияқты антропогенді факторлардың әсерінен айтарлықтай нашарлауы мүмкін.
Сарқылатын ресурстар өз кезегінде қалпына келу белгісі бойынша қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.
Сарқылатын қалпына келетін ресурстар тобына келесілер жатады: флора, фауна, топырақ, сонымен қатар минералды ресурстардың кейбір түрлері (мысалы, көлдер мен лагуналарда жиналып қалған тұздар) . Бірақ, рационалды пайдаланбаған жағдайда бұл ресурстар сарқылатын қалпына келмейтін ресурстарға ауысып кетуі мүмкін. Сарқылатын қалпына келмейтін ресурстарға жер қойнауының минералды ресурстары да жатады.
Табиғи ресурстардың формалары мен тұтыну интенсивтілігі қоғамның өндірістік күшінің дамуына сәйкес және ғылыми техникалық прогрестің деңгейіне сәйкес ауысады.
Биосфераға антропогендік факторлардың әсері.
Соңғы онжылдықта қоғам мен табиғи ортаның өзара қарым-қатынасының мәселесі адамзаттың алдында тұрған негізгі мәселелердің біріне айналды. Ғылыми-техникалық прогрестің және дүниежүзілік шаруашылықтың экономикалық дамуының жоғарғы темпі, урбанизацияның өсуі биосфераға тиетін әсердің ұлғаюымен бірге келеді. Сондықтан, оның дамуының заманауи стадиясы Жер бетінде адам қоғамының пайда болуына дейінгі туындаған табиғи процестердің жүруінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл ең біріншіден, адам өмірінің сферасына қатыстыратын заттар мен энергия айналымының тез жылдамдатуы мен интенсификациясына әсер етеді.
Академик В. И. Вернадский адамның саналы іс-әрекетінен туындаған биосфераның бұл жаңа жағдайын ноосфера деп атады, яғни сана сферасы. Ол ноосфераның біздің планетадағы жаңа геологиялық құбылыс деп тапты. Бұл жерде адамзат ең бірінші ірі геологиялық күш болып табылады. Ол өзінің еңбегімен және ойымен өз өмірінің аймағын жақсартуы қажет, ертеректе болған жағдайларды түбегейлі өзгертуі қажет. Оның алдынан аса кең шығармашылық мүмкіншіліктер ашылады.
Табиғат адам іс-әрекетінің қарым-қатынасымен бірге екі функцияны орындайды - ресурсты (адам іс-әрекеті үшін бастапқы затты-энергетикалық базаны жеткізеді - бұл функцияны пассивті деп атайды) және ассимиляционды (өнімдер мен адам іс-әрекетінің нәтижелерін, яғни өндірістік зардаптарын меңгереді және өңдейді - бұл функцияны белсенді деп атайды) .
Заманауи техногенді қысымның мүмкіншілігі өте зор, қазіргі кездегі заманауи өркениеттің қалдықтарының әртүрлі түрлерінің маңызды кері зардаптарынсыз биосфера мүмкіншілігінің шектеулілігі айқындалады.
Қазіргі кезде қоршаған ортаға адам қоғамының кері әсерін алдын алу мен жоюға бағытталған өндірістік іс-әрекеттің бағытына көп көңіл бөлінеді.
Типтік организмдермен қоныстанған немесе қоныстандырылған және оның табиғи даму динамикасында литосфера мен атмосфера бірлестігі биосфера немесе табиғи орта болып анықталады. Антропогенді ықпал ететін, яғни шаруашылық іс-әрекетке ұшыраған немесе зардап шеккен табиғи ортаның бөлігі қоршаған орта болып табылады.
Егер антропогенді әсер ету нәтижесінде белгілі бір аймақта ластаушы заттардың концентрациясы ШРК төмен болса, онда мұндай аймақ табиғи орта зонасына жатады, егер тең болса, онда оқыс жағдай зонасына жатады.
Биосфераға антропогенді әсердің масштабтары шындығына келгенде өте көлемді.
1988 жылы БҰҰ дайындаған Жердегі өмір жағдайына парникті әсердің ықпалы туралы доклад басып шығарылған, ол докладта парникті әсердің күшеюі нәтижесінде, яғни тропосферадағы көмірқышқыл газының, метанның, хлорфторидтердің және тағы да басқа заттардың көп мөлшерде жиналуынан жылу ағымының жоғарғы атмосфералық қабаттарға азаюымен туындаған атмосфераның ішкі қабатының жылынуы және жер атмосферасының температурасы 10 жыл ішінде 0, 2-0, 5 0 С жоғарлайды, соған орай Жер бетінде климаттың жаһанды жылынуына алып келеді, сонымен қатар Дүниежүзілік теңіз деңгейінің жоғарлауына, жағалау аймақтарын су басуына және көптеген елдердің экономикасының қатаң бүлінуіне алып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz