Ежелгі Рим діні
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Дүние жүзі тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Тақырыбы:Ұлттық мемлекеттік діндер
Орындаған:А.Б.Бекенова Юр-19
Тексерген:С.М.Гиззатов
Орал,2018 жыл
Жоспар:
I Кіріспе
Ұлттық мемлекеттік діндер
1.1Ұлттық мемлекеттік діндер түсінігі мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ...3
II Негізгі бөлім
Ерте кезеңдегі ұлттық діндер
2.1 Ежелгі Египет діні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.2 Ежелгі Месоппотамиядағы діндер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 -5
2.3 Ежелгі Грекия діні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.4 Ежелгі Рим діні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-7
2.5 Үндістанның ежелгі діні - брахманизм ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..7-8
2.6 Ежелгі түркілердің діни дүниетанымы - тәңіршілдік ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.7 Ежелгі парсы еліндегі Заратуштра діні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-9
Кейінгі кезеңдегі ұлттық діндер
2.8 Үндістандағы ұлттық діндер - индуизм және сикхизм ... ... ... ... ... ... ... 9-10
2.9 Қытайдағы ұлттық діндер: конфуцийшылдық және даосизм ... ... ... ... 10-17
2.10 Жапондардың ұлттық діні - синтоизм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-20
2.11 Еврейлердің ұлттық діні - иудаизм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Ұлттық мемлекеттік діндер
Діндер тарихы тұрғысынан діндердің алғашқы қауымдық діндер, ұлттық діндер және әлемдік діндер деп үшке бөлінеді. Ислам ғұламаларының діндерді батыл (адасқан) діндер, иләһи діндер деп бөлгендігін айтқан болатынбыз. Бұл бөлімде ұлттық діндерге тоқталамыз. Ұлттық діндер - белгілі бір қауымға немесе ұлтқа тән дін. Ұлттық діндерде өзара ортақ еркіндікке және бақытқа жету деген ұғым бар. Қауымның барлық мүшелері осы ортақ еркіндік пен бақытты өзара бөліседі. Сонымен қатар бұл мәселе қауымның барлық мүшелерін бір-бірімен біріктіретін байланыс қызметін атқарады. Әр адам құрбандықтарға және түрлі діни рәсімдерге қатысу арқылы өзінің ұлттық тәңірімен байланыс орнатады деген сенім бар. Ұлттық діндер бұрын да болғандай, қазірде де бар. Кейде ұлттық дін үстемдік құрған аймақта әлемдік сипатқа ие индуизм секілді діндер шығып отырса, ал кейде әлемдік діннің ұлттық дінге айналғаны байқалады. Мәселен, иудей (Яһуди) діні сияқты.
Ежелгі Египет діні
Египетте дін бүкіл мәденеттің біртұтас негізі болады және сәулет, бейнелеу өнерлерінің, әдебиеттің қайталанбас туындыларын жасады. Бізге бұл үлгілер тұас күйінде жеткен жоқ. Түпнұсқалары қолда бары б.д.дейінгі 2600-2300 жылдардағы Көне патшалық дәуірінің Пирамидалар мәтіні мен б.д. дейінгі XXI - XVIII ғасырлар шамасындағы Орта патшалық дәуірінің Саркофагтар мәтіндері сияқты жекелеген жазулар. Жаңа патшалық дәуірі Өлілер кітабы, О дүниеде не бары туралы кітап деген, тағы басқа бірқатар діні шығармалардан көрініс Египетте Орта және Жаңа патшалық дәуірлерінде атақты Фива қаласынан шыққан фараондар (перғауындар) биледі. Ра - Күн құдайы Фивадағы Күн құдайы Амонмен теңдестірілді. Сөйтіп, бұл екеуі біріктіріліп, Амон - Ра Күн құдайы пайда болды. Көне Египет мифологиясында өліп, қайтадан дүниеге келіп отыратын құдай - Осирис туралы мифтер циклі бар. Миф бойынша ол адамзатты құдайларды құрметтеуге, қалалар салуға үйретуші, адам етін жеуге тыйым салушы. Египет мифологиясындағы барлық әйел-құдайлар Исиданың көрінісі болып саналады. Олар: Ренеутет - тағдыр мен қамбадағы астық құдайы, жылан түрінде бейнеленеді; Хатор - аспан және махаббат құдайы; Тефнут - дымқылдық құдайы; Сохмет - соғыс құдайы; Баст - сауық құдайы, мысық түрінде бейнеленген.Көне Египеттегі құдайға құлшылық рәсімдері. Көне египеттіктердің діни ғұрыптарың негііне адам жаны және Осиристің тірілуіне сену жөніндегі діни түсініктер жатты. Олар адам жаны мынадай төрт бөліктен құрылады деп санады: 1) Ба - жанның өзі; 2) Хайбет - оның көлеңкесі; 3) Рен - есімі; 4) Ка - адаммен бірге пайда болатын, бірақ онымен бірге өлмейтін, тіпті тәнді сақтаған жағдайда өмір сүре беретін көзге көрінбейтін екінші бейнесі.
Көне Египет діні бойынша фараон жердегі құдай саналды, мемлекеттік және дін басқару соның қолынан топтастырылды, Күн құдайы - Ра-ның мұрагері және оның жер бетіндегі бейнесінің өзі болып құрметтелді. Бертініректе фараон әкім ретінде Осириспен шендестіріліп, жерді қастерлеу рәсімдері тегіс басқарушы, жер қазынасының бас сақшысы дәрежесінде орнықты. Көне Египет дінінің мемлекеттік сипаты шет аймақтардағы барлық құдайлар культін бір пантионға біріктіру қажеттігін талап етті. Осындай орталықтандыру барысында Египетті басқару мен ондағы діннің тұтастығының кепілі ретінде фараонды тірі құдай дағуасына көтеру заңды құбылыс болатын.
Ежелгі Шумер-Аккад мемлекетіндегі дін.
Көне шумерлер б.д. дейінгі VI мыңжылдықтың соңын ала Тигр мен Евфрат өзендерінің аңғарларына қоныстанып (қазіргі Ирактың тереториясы), тұңғыш қала - мемлекет орнатты. Б.д. дейінгі II мыңжылдыққа қарай шумер өркениеті құлдырады. Бірақ, шумерлердің діни нанымдары аккадтықтарға - вавилондықтар мен ассириялықтарға мұра болып қалды. Көне шумерлердің құдайлары барлық қала мемлекеттер үшін ортақ болғанымен, олардың әрқайсысының ерекше табынатын құдайлары болды. Мәселен, Ниппурда Әнлиль құдайы ауа әміршісі және құдайлар патшасы деп дәріптелсе, Әреду қаласында даналық және әлемдік Мұхит құдайы Әнка, Урук қаласында аспан құдайы Ан, Наннада соғыс құдайы Инан-на әспеттелді. Шумер мифологиясында бала көтерген әйел түрінде кескінделетін Ұлы Ана кейіпіндегі Жер ерекше құрметтелді. Шумер мифологияясында құдайлар өліп,қайтадан тіріліп отырады. Соңынан көптеген аңыздарға негіз болған топан суы мифі кең көрініс береді. Бірде қдайлар адамзат баласына қатты қаһарланып, оларды құртып жібермек болады. Даналық құдайы Әнки мұны Шуруппак қаласының әкіміне мәлім етеді. Содан ол жеті тәулік бойы болатын топан суынан аман құтылуы үшін кеме жасауға әмір етеді. Бірақ құдайлар өздерінің бұл ісінің әділ еместігін ұғып қаһарынан қайтады да, Шуруппак қаласының басшысына мәңгілік ғұмыр сыйлайды. Аккадтықтар осы шумер құдайларына сыйынған. Бірақ, оларға басқа есімдер берген. Мәселен, Уту енді Шамаш деп аталса, Инанна құдай Иштар деп атаған. Вавилондықтардың бас құдайы, Вавилон қаласының жебеушісі Мардук болса, асириялықтар Ашур қаласының жебеушісі - Ашур құдайы дәріптеген. Осылардың ішінде алғашқы адамадрды жасаушы, аспанда және жер астында билік құрушы құдайлардың әміріне жүретін шекараны белгілеуші Мардук өзгесінен жоғары қойылып,әлемнің әміршісі саналған. Вавилондықтар әлем жоғарғы және төменгі аталатын қатар дүниелерден тұрады, ал жер бетіндегінің бәрі аспан әлемінің сәулесі, Аккадтықтардың басты мифтік мұрасы - Гильгамеш туралы миф. Кейінен епос түрінде өңделген бұл мұрадан аккадтықтардың ел билеушілері, достық, өмір мен өлім туралы әлеуметтік - дүнитанымдық түсініктерін оқимыз. Дін ілімі жер аспан құрылымын толық қайталайды деп үйретті. Осыдан шумер, аккад, вавилон сенімдерінде астрология, жұлдыз жорамалы сияқтыларға ерекше маңыз берілді. Бұлармен дін басылар шұғылданады. Аспан денелерін бақылау үшін арнайы мұнаралар - зиккураттар салынды. Дін басшылары (абыздар) аспанды бақылап, сәтті, сәтсіз күндерді айқындап, мерекелер күнтізбесін жасап отырды. Жыл басы да осы тәсілмен анықталған. Түрлі құбандық, құлшылық жолдары мен, қасиет дарыды деген мүліктерді құрбандық етіп, отқа тастау немесе қасиетті Тигр және Евфрат өзендері суымен жуып тазарту арқылы тылсым күштерді аластау дәстүрі кең тарады.Вавилон мемлекетін парсылар жаулап алған соң біртіндеп Заратуштра діні таралып, Мардук және Иштар құдайларының арасына Ахура - Маздаға бас ию тәртібі орнықты.
Ежелгі Грекия діні
Көне грек мифологиясы. Дінтану - көне грек мифологиясының дамуын үш кезеңге бөледі. Олар - хтон (грек тіл.- жер) немесе олимпке дейінгі кезең, классикалық немесе Олимп кезеңі және бертіңгі кезең. Олимп кезеңінің алғашқы мифтері жаңа құдайлардың ескі құдайлармен күресін баяндайды. Бұл күресте құдайлардың үлкені Зевс титандарды, циклоптарды, Хаостың өзге құбыжықтарын жеңіп, оларды жердің түпсіз тереңіне - Тартарға қуып салып, әлемді қайта жасайды. Ұлы Ана - Жер бейнесі енді Гера, Афродита, Артемида, Афина сияқты жасампаз әйел құдайларының бейнесіне ауысады. Мифология бойынша Гера Зевстің әйелі, ал қалған үшеуі қыздары. Теңіз құдайы Посейдон мен жер асты дүниесінің құдайы Аид Зевстің ағалары болып келеді.Көне гректердің құдайлар пантеоны. Көне грек мифологиясы мен дінінен Гомердің Илиада және Одиссея және Гесиодтың Теогония поәмаларында (б.д.д. VIII ) мол мағлұмат беріледі.Көне грек құдайлары пантеонда әйел құдайлардың орны ерекше.Көне грек мифологиясында қаһарман - жартылай құдайлар бейнесі көп ұшырасады. Олар кәдуілгі адам түрінде, бірақ олардан құдіреті артығырақ бейнеленеді. Құдайлармен адамадр қосылып, ұрпақ береді Грек діндері адамның тән сұлулығын уағыздады бұл белгілі мерзімде өткізіліп отыратын бейбіт сайыстарынан көрініс тапты. Тәні сау, күшті адамдарды көріп, құдайлар разы болып отырады деп саналды.Біртіндеп бұл сайыстар Олимп ойындарына ауысты. Барлық құдайларға арналған осы ойын кезінде соғыс қимылдары тоқтатылатын болды. Олимп ойындарының өткізілуімен байланысты жыл есебі дүргізілетін болды жыл есебі б.д.д. 776 жылдан басталды).
Ежелгі Рим діні
Көне Рим мәдениетіне көне Грекия мен әтрускілер дінінің орасан зор ықпалы болды. Римдіктер өз құдайлары мен ғұрыптарын әтрускілерден қабылдады. Әтрускілерде бірінші орында аспан құдайы Тин тұрды, одан кейінгі орындарда патшалық әмір құдайы Уни (римдіктерде - Юнона), қолөнер кәсіпшілігі құдайы Менерва (римдіктерде - Минерва) болды. Бұлар құдайлардың ерекше қадірлі үштігін құрады. Туран әйел құдайы -табиғатты, Аллу - табындағы малдарды қорғаушы саналды .Римдіктердің басты және ең мәртебелі құдайы - Юпитер. Ол - шарап жасау, антқа беріктік пен шекара беріктігі, жеңімпаз соғыс құдай, республиканың және Рим императорның жебеушісі.Римнің діни күнтізбесінде көптеген мейрамдар - фериялар боды. Олардың ішіндегі ең елеулілері: Паренталии - ақпанда ата-бабалар аруақтарына арналып өткізілетін мейрам; Флоралий - көкек айымен мамыр аралығында гүл құдайы Флораның құрметіне ұйымдастырылатын мереке; Сатурналий - желтоқсанда Сатурн құрметіне өткізіледі; Наурыз айында Марс күні мерекеленеді; әр айдың ортасында Юпитер құрметіне құрбандық шалу; қарашада Плебей ойындарын өткізу; қыркүйекте Юнона мен Минерва мерекелері, Рим ойындары - спорт жарыстары мен театрландырылған көіністер. Жаңа дәуірдің II-III ғасырларында-ақ Рим императорлары синкреттік культті енгізе бастады. Рим діні жалған сипат алуға көшті. Көне римдіктер IV ғасырдың аяғында христиан-император Феодосийдің әдиктімен ескі құдайларға табынудан бас тартты.
Үндістанның ежелгі діні - брахманизм.
Үндістанда арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:
Варналар - топтар Варналардың өкілдері
Брахмандар -Абыздық варна
Кшатрийлер- Әскери ақсүйектер тобының варналары
Вайшьялар- Егінші-варналар
Шудралар- Төменгі варна
Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған еді. Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. ЫЫ және Ы мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. Веда сөзі санскриттен аударғанда білім деген мағынаны береді. Бірақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген. Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді:Ригведа - Діни әнұрандар жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл шамасында). Көптеген құдайларға арналған құрбандық әндері, дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары болмыстың алғашқы бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен әлеуметтік айырмашылықтардың себептері туралы ой толғай бастайды.Брахмандар - Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда болуына дейін үстем болған брахманизм діні негізделді.Араньяктар - Орман тақуаларының кітаптары.Упанишадтар Б.з.д. мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы - жанында отыру, яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының қасында отыру мағынасында; немесе құпия тылсым білім. Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың бастауы мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі. Упанишадтарда басты орынға болмыстың ең басты себебі мен алғашқы негізі ретінде рухани бастау - брахман немесе атманды алатын ілімдер ие болады. Упанишадтар мәтіндерінің көпшілігінде брахман және атман рухани абсолют, табиғат пен адамның денесіз ең бастапқы себебі ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы таным теориясының басты мәселесі білімді екі түрге: жоғарғысына және төменгісіне бөлу. Төменгі білім - әмпирикалық шындық туралы білім. Жоғарғысы - рухани абсолют туралы білім, оған тек мистикалық интуиция, йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін береді.
Ежелгі парсы еліндегі Заратуштра діні
Тарихи деректердегі Заратуштра Виштаспа сарайына солтүстіктен келді деген мәліметтер Бойстың "Заратуштра Еділдің шығыс беткейлеріндегі азиялық далада өмір сүрді" деген тұжырымдарына сәйкес келеді. Соңғы ғыл. пікірлер бойынша, Заратуштра осыдан 3000 жылдай бұрын, Еділ өзенінің шығыс жағалауындағы Ұлы Тұран жазығында (қазіргі Батыс Қазақстан аумағы) киіз туырлықты сипаттама ұлысында, Поурушаспа деген малшының отбасында дүниеге келген. Кез келген көшпелі жұрттың өкілі тәрізді Заратуштра да табиғат құбылыстарына табынып, бала күнінен адам мен ғаламның, болмыстың сырын ұғуға, абс. ақиқатқа (Жаратушы иеге) жетуге талпынады. 30 жасқа толған шағында, көктемгі теңесу сәті - Наурызды қарсы алған күннің ертесіне Заратуштра әлемді жаратушы құдірет иесі - Ахура Мазда құдайға жолығады. Соның шарапатымен Заратуштра ақыл-білімге кенеліп, жаратушы Жалғыз Иенің ақиқат сөздерін жұртқа тарата бастайды. Бұл: Будданың жер бетіне келуінен - 1000 жыл, Иса пайғамбардың келуінен - 1500 жыл, ал Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) Жаратушыдан Құран Кәрім аяттарын қабылдауынан 2000 жыл бұрын болған оқиға еді. Заратуштра пәниден өкінішсіз өтіп, бақидың рахатына кенелу үшін адамзат баласына "ізгілікті ойға беріл", "ізгілікті сөз айт" және "ізгілікті іс тындыр" деп үш шарт қояды. Кесапаты көп, қиянаты мол пенделер болашақта дозақтың отына шарпылып, қиямет-қайым күй кешетінін ескертті, тайпаластарын әділеттілік пен қанағатшылдық жолына үндеді. Заратуштраның уағыздарын ен даланы еркін жайлаған көшпелі жұрт қабылдай алмады, оның өзін қуғындап, өміріне қауіп төндірді. Еділ бойын тастап қашқан дала пайғамбары Бактрия елінің (қазіргі Түрікменстан, Ауғанстан аумағы) билеушісі Виштаспа патшаны барып паналайды. Патша оның уағыздарына ұйып, ақыл-парасатына тәнті болады. Осылайша Заратуштра ілімі Бактрия арқылы ежелгі Иранға тарайды (қ Заратуштрашылдық). Арада бірнеше ғасыр өткен соң Заратуштраның діни-мистикалық уағыздары мен дұға-өлеңдері жинақталып, жүйеленеді де, "Авеста" деген атпен көне парсы тілінде кітап болып шығады (қ. Авеста). Адамзаттың алғашқы ұстаздарының бірі жөнінде неміс философы Ф.Ницше, "Заратуштра осылай деген" атты филос. толғау жазған.
Тәңіршілдік
Дәстүрлі түркілік дүниетанымның бастауындағы діни сенім. Тәңіршілдік сенімнің Ұлы Тәңірісі - берік қандастық жүйеге негізделген түркі қоғамының Жаратушысы әрі Иесі. Ұлы Тәңірдің елі де, қағаны да, жері де киелі әрі қуатты деп танылған. Тәңіршілдік ұлттық психологияны, яғни ұлттың ділдік сипатын анықтайтын танымдық өлшем. Ибн Фадлан ( Аббас халифатының елшісі) 10 ғ-дың басында оғыздарға жасаған саяхатында "түріктердің қиын-қыстау кезеңде "Бір Тәңірі" деп, басын көкке қаратып мінажат ететіндіктерін" айтқан. Әр түрлі дін адамдарын пікірталасқа шақырған Мөңке ханның: "...Біз тек қана Бір тәңірге құлшылық етеміз" деген ұстанымын еуропалық миссионер-саяхатшылар Марко Поло, Плано Карпини, Рубрук мәлімдеген. Тәңір ұғымы Шумер сына жазуларында, ғұндарда "зингир" (қазақта "зеңгір" сөзі бар) түрінде кездеседі. Ұлы Тәңірдің "Көк, Ұлы, Нұр", т.б. сипаттарының бәрі аспанды білдіреді. Сипаты жағынан Тәңірі ешнәрсеге ұқсамайды. Тәңіршілдік сенімінде соғыста жеңіс сыйлайтын да, билік иесіне билікті ұсынатын да, халықтың ниетіне қарай билеушіні таңдайтын да - Тәңірі. Дәстүрлі түркілік дүниетаным бойынша күйзеліске түсу халықтың рухани азғындағаны үшін Тәңірдің оларға жіберген жазасы болып саналады
Индуизм
Қазіргі Үнді елінде кең таралып, брахманизм ілімі негізінде елдегі әр түрлі діни нанымдарды бір жүйеге біріктірген дін . Ол 4--5 ғ.ғ. құл иеленуші қоғамның ыдырап, феодалдық қоғамның дамуы тұсында қалыптасты. Әдетте Индуизм деген атауды пайдаланбайды. Олар өз діндерін арьядхарма (арии заңдары) деп, сондай-ақ санатана- дхарма немесе жәй санатана деп те атайды. Индуизмде үш құдай бар : Брахма ( жаратушы) , Вишну (сақтаушы), Шива (бұзушы, қайта жаратушы). Брахма көптеген әр түрлі бейнелерге ие, соның ішінде әйел бейнесі Шакти де бар. Индуизмнің негізгі бағыттары : вишнуизм , шиваизм, шактизм. Бүкіл Үнді елінде осы құдайларға арналған мыңдаған үлкенді - кішілі храмдар салынған.Осы бағыттар үлкен құдайлар пантеонын құрайды. Храмдардан басқа қасиетті көптеген орындар , өзендер бар. Ең қасиетті өзен Ганг болып есептеледі. Үндістанда тек құдайларға ғана емес, сиырдың, өгіздің, маймылдың, жыланның мүсіндеріне де табынушылық кездеседі. Индуизмде бірегей шіркеу басшысы, шіркеу иерархиясы жоқ, сондай-ақ кононизация, ұйымдасқан шіркеу, клир де болған емес. XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла бастады. Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Бірақ, көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды.Индуизм үшін " Махабхарата" және "Рамаяна" әпостары - Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поәмада индуизм құдайлары пантеоны туралы кең әңгімеленеді. "Рамаянада" Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынан "Махабхарата" әпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін ' Бхагават-Гита " ("Жаратушы өлеңі" немесе "құдіретгі өлең") философиялық концепция тұтастығымен ерекшеленеді. Концепцияның негізін күллі болмыстың (соның ішінде психика мен сананың) бастауы ретіндегі пракрит (материя, табиғат) туралы және одан дербес таза рух - пуруша (кейде Брахман немесе Атман деп аталады) туралы ережелер құрайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы айқын көрінеді."Бхагавад-Гитаның" негізгі мазмұнын Кришнаның өсиеттері деген орынды. Үнді мифологиясы бойынша Вишнудің сегізінші аватарасы (осы кейіпте көрінуі) болып саналатын Кришна әр адамды өзінің әлеуметтік (варналық) қызметі мен міндеттерін орындауға, тұрмыс тіршілігі жемістеріне бейтарап болуға, өзінің бар ойын құдайларға бағыштауға үйретеді. Йога "Ведаларға" сүйенеді және Веда философиялық мектептерінің бірі болып табылады. Ол әрі философия, әрі тәжірибе (харакет), жекелей алғанда, әр адамның рух еркіндігіне жету жолы, ол ең бірінші кезекте медитация арқылы адамның өз сезімі мен ойын өз ырқына бағындыруға арналады. Йога жүйесінде құдайға сену азаптан құтқарылуға бағытталған іс-қимылдың шарты және теориялық дүниетанымдық көзқарастың әлементі ретінде қарастырылады. Дара (Жаратушымен) қосылу адамның өзінің даралығын сезінуі үшін қажет нәрсе. Медитацияны жақсы меңгерген жағдайда адам самадха күйіне (толық интраверсия) енеді.Индуизмнің тағы бір арнасы - Пурана діни-мистикалық поәмалары. Оларда космогониялық аңыздар мен құдайлар генеалогиясы топтастырылған. Индуизм тарихының ерте кезеңінде Брахманың әлемді жаратушылық орны, оның құдайлардың ішіндегі біріншілігі қалтқысыз мойындалса, бертін келе Вишну мен Шива онымен қатар қойылып, " Тримурти " немесе үштік ұғымы орнығады. Мифологиядағы Шива бейнесі - қарама-қайшылықты бейне. Ол кейде жағымды жағынан да көрінеді. Мәселен, Шива мәйектілік пен шексіз шығармашылық қуаттың құдайы. Әлем әрқашан Шива және оның жұбайы - Деви құдайдың әмірімен пайда болады және әрдайымғы солардың бақылауындағы қуат арқылы жасайды. Индуизмдегі абыздардың басты міндеті - шәкірттердің діни білім алуын ұйымдастыру. Мұндай білім таратушыларды "гуру"яеп атайды.
Индуизмнің басты мерекелері - Кришна мен Раманың туған күндері мерекелері жөне Ганеша мен Шиваның құрметіне өткізілетін салтанаттар. Индуизм - өмір салты және мыңдаған жылдар бойы орныққан дәстүр. Индуизм үнділіктер мекен ететін Непалда, Бангладеште, Шри-Ланкада және басқа елдерде тараған. Қазіргі кездері индуизмге Батыстың елеулі көңіл аударып отырғаны байқалады. Бүгінгі Үндістанда индуизм, буддизм, ислам, христиандық, сикхизм, зороастризм және өзге діндер қатар уағыздалады.
Конфуцийшылдық
Қытайда қазіргі кезде иудаизм, христиандық және Исламды қоспағанда, ресми сипатқа ие үш дін бар. Қытайлықтардың Сан Киау (үш дін) деп атайтын бұл діндері: Конфуцизм, даоцизм және буддизм. Конфуцизм мен даоцизм жергілікті әрі ұлттық дін болса, буддизм сырттан келген әлемдік дін болып табылады.Ежелден-ақ Қытайда аталмыш діндерден бұрын ата-бабаларға құрмет ету, көк пен табиғат тәңірлеріне табыну, келешектен сәуегейлік хабарлар беру, киелі нәрселерге құрбан шалу және Шанг-ти деп аталған ұлы болмысқа деген сенім бар еді. Қытай халқының діни ғұрыптарында ата-бабалар культі өте маңызды рөл атқарған. Қытайда әр кезеңнің діни ерекшелігі - ата-бабаларға құрмет көрсету және олармен байланыс орнату болып саналады. Кейбір тайпаларда ата-бабаларға табыну маңызды іс саналса да, қытай дініндегі туыстық және жанұялық байланыс одан да маңызды рөл атқарды. Қытайдың бір мақалында Әрбір нәрсенің негізі аспанда. Адамның негізі ата-бабасында, - дейді. Қытайлық Аспан Ұлы саналатын император және жанұяның отағасы болған әкегемойынсұну мен құрмет көрсету салтына ие. Қытайлықтар адамның үйленбей немесе артына ұрпақ қалдырмай тұрып өлуін үлкен күнәға жатқызды және оның ақыры адам төзгісіз азапқа душар болады деп есептеді. Ата-баба әруақтарына құлшылық етуді жалғастырар ұрпағы жоқ болса, онда нағыз тірі өлікке баланып, пәлекет әкелген албасты, мақұлық күйінде бақытсыз өмір сүруге мәжбүр болады.Әр отбасы ата-баба әруағын желеп-жебеуші, қорғаушы деп түсінеді және үйдің оңтүстік-батыс жағынан оларға арнайы орын жасап қояды. Әрбір үйде ата-бабалардың есімдері арнайы жазылған тақтайшалар болады. Жанұя қожайыны үйдің негізгі басты бөлмесінде немесе ата-бабаларға арналған орынға орналасырылған тақтайшалардың алдына оларға ас-ауқат және хош иісті бұтақты әкеліп береді. Некелесу, үйлену сияқты маңызды істер осы жерлерде жасалатын. Барлық жанұяның алдында орындалатын салтанатты діни рәсімдерде әкей үш тал хош иісті бұтақты тұтатып, тақтайшалардың алдына келеді, (Бұл жазба тақтайшалар үш-төрт ұрпаққа дейін сақталып, ата-бабаларға тиісті ғибадатханаларға табысталды) түтетілген бұтақты маңдайына дейін көтеріп, хош иіс жағылатын табаққа салады. Үш мәрте тізерлеп отырып, тоғыз рет ұрады немесе үш рет басын иеді. Кейде аталар шақырылып, оларға маңызды мәселелер жайында хабар жіберіп, көмек сұрайды.Қазіргі ата-бабалар культі тақтайшаларда, жерлеу рәсімінде және қорым-мазарлар төңірегінде көрініс береді. Конфуцизмде жерлеу рәсімдеріне қатты мән беріледі. Мазарлар, қорымдар көктем мезгілінде сыпырылып, тазаланады және ол жерлерге сыйлықтар әкелінеді. Сыйлық әкелу күзде де жалғасын табады. Ырыс, құт-береке әкеле берсін деген ниетпен мазарлар егістіктерде орнатылады.Қытайлықтардың ата-бабаға құрмет ету қағидасы сияқты біріктіруші факторлардың бірі - Инь және Янь принципі. Бұл принциптер үш қытай діни ғұрыптарында да бар. Инь - теріс, болымсыздықты, жағымсыздықты, ал Янь - оң, болымдылық, жағымдылықты бейнелейді. Жер мен көктің арасындағы байқалған барлық құбылыстарды осы екі принциптің тоғысуынан пайда болады деп санайды. Инь және янь принциптерін қытайлықтар жақсы-жаман, жарық-қараңғылық, ыстық-суық, еркек-әйел, жер-көк сияқты үлгілерге қолданады.Жер мен аспанның өкілдері әйел Инь мен еркек Янь принциптерінің екеуі де әлемнің тепе-теңдігі үшін керек. Олардың үйлесімділік бастауы және барлық тепе-теңдіктің сүйенері Дао. Дао туралық, жол, табиғи дүние жүйесі, дүниенің өзгертілмейтін қағидаларына сай жүру дегенді білдіреді. Дао тіркесі Конфуцизмнің де Лао Цзының да пікір жүйесінің негізі болған. Алайда Конфуций өзінің байланыста болғандығын айтқан Ұлы Жаратушыны түсіндіру үшін Шангти мен (Шангди-Шангти: Жоғарыдағы Үкім Беруші) мағыналас Тиен сөзін таңдаған. Тиен Аспанның Иесі, аспанның өзі дегенді білдіреді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz