Туризмнің тарихына қысқаша шолу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Похожее изображение

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІНІҢ СЕМИНАРЫ БОЙЫНША

Реферат

Тақырыбы: «Менің таңдаған мамандығым-туристік бизнес»

Курс: 1

Топ: 6B

Орындаған: Дүйсенбек Адема

Қабылдаған: Аймен. А. Т

Тараз 2019

Мазмұны

  1. Туризм жайлы жалпы түсінікТуризм дегеніміз не?Туризмнің тарихына қысқаша шолуҚазіргі кездегі туризм
  2. Қазақстандағы туризмӨткен ғасырдан қазіргі кезеңге дейінгі туризмнің Қазақстандағы жағдайыБүгінгі таңдағы Қазақстандағы туризмнің жағдайы
  3. Жалпы туризм не үшін қажет?
  4. Неліктен мен туристік бизнесті таңдадым?
  5. Қорытынды
  6. Пайдаланылған ресурс көздері

1.

1. 1

Туризм -бұл таныс емес жерге немесе белгілі бір қауымдастыққа қысқа мерзімге тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, саяхаттау үшін баруды қажет ететін демалыстың бір бөлігі.

1. 2

Халықаралық туризм ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды, яғни әлемнің дамыған елдерінде капиталистік жүйенің шоғырлануынан бастап дамыды. Туризмнің бесігі ретінде ең бірінші Еуропа саналды. Онда шетелдік туристер санының 2/3 бөлігі шоғырланды. Туризмнің бесігі ретінде ең бірінші Еуропа саналды. Онда шетелдік туристер санының 2/3 бөлігі шоғырланды . Англия алғашқы болып буржуазиялық революцияны жеңіп, капитализмды дамыта бастады. Дәл осы жерде алғашқы туристік ұйымдар құрылды, олар өз қызметін алдымен ел ішінде, содан кейін одан әрі, елден тыс дамыта бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914-1918 жж халықаралық туристік қатынастардың дамуына теріс әсер етті. Осы кезеңде туризм өз қызметін тоқтатты деп айтуға болады. Алайда әскери қажеттілік теміржол мен автомобиль көлігінің жақсаруына әкеліп соқтырғанын айта кету керек, сонымен қатар авиация адамдарды тасымалдауда қолданыла бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы халықаралық туризмнің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы болды. Біріншіден, бұл АҚШ-тың әлемдік аренадағы рөлінің артуына және Еуропадағы американдық капиталдың белсенділенуіне байланысты. Қазіргі уақытта американдықтардың Батыс Еуропа елдеріне ағымы айтарлықтай артып келеді және ағылшын туристерінің санынан асып түседі. 80-ші жылдарға дейін туристік толқулар кезеңі болды. 30 жыл ішінде халықаралық туристік қатынастарға қатысушылар саны 11 есе өсті. Осы уақытқа дейін туризм бүкіл әлемде дамыды, алайда әр түрлі аймақтарда оның өсуі біркелкі болған жоқ. Еуропада, Африкада және Латын Америкасында халықаралық туристік алмасудың өсуі дүниежүзілік орташа көрсеткіштер деңгейінде болды, ал Таяу Шығыс елдерінде ол олардан 3 еседен астамға, Оңтүстік Азия елдерінде - 5 еседен астам, шығыс Азияда - 10 еседен асты. 80 жылдары Еуропа және Солтүстік Америка мемлекеттері шетелдік туристерді қабылдауда да, азаматтарды шетелге жіберуде де алдыңғы қатарда болды. Туристердің «жеткізушісі» болған елдер қатарына Жапония мен Австралия кірді. Солтүстік Африка мен Азия мемлекеттері Жерорта теңізінің оңтүстік еуропалық елдерінің басты бәсекелестері болды, өйткені олар туристік өнімді арзан бағамен ұсынды (теңіз-күн-жағажай) . Біздің елімізде және басқа социалистік елдерде 1985-1992 жж. маңызды демократиялық өзгерістер болды, саяси демократизация процестері, нарықтық қатынастардың қалыптасуы. Кеңес басшылығының қырғи қабақ соғысты тоқтату және Батыспен қарама-қайшылықты тоқтату бағытындағы сыртқы саясаты, «гласность» және «перестройка» ұрандары халықаралық қауымдастық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды, бұл оның туризм сияқты халықаралық қатынастардың саласына әсерін бәсеңдетпеді. 80-жылдары халықаралық туризм халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды бөлігі болды. Осы уақытта халықаралық туристік биржадан түсетін табыстың өсуі байқалды.

1. 3

Соңғы жылдарда халықаралық туризм кең таралған. Қазіргі кезде өте көп елдерде туризм саласы қалыптасып, тұрақты түрде дамып келе жатыр. Бүгінде туристік бизнес саласы неғұрлым күрделеніп барады, себебі онда әртүрлі мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындардың мүдделері сабақтасады.

Бүгінгі таңда туризм әлемдегі ең ірі салалардың бірі болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Туризм Ұйымы (ЮНВТО) 2015 жылы бұл сала 4, 6% -ға өсіп, 1, 184 млн туристер келгенін айтады. 1950 жылдардың басындағы жағдайларды қоспағанда, мұндай өсу қарқыны жаңа емес. 2030 жылға қарай жыл сайынғы халықаралық туристік келушілердің саны 1, 8 миллиардқа жетеді және бұл кеңею жақын болашақта жалғасады деп болжайды. Мұндай сандар әсерлі және өте құнды. Мысалы:халықаралық туризм 2015 жылы экспорттан 1, 5 триллион АҚШ долларын құрады. [1]

2.

2. 1

Б. з. б. 3 мыңж. - Ұлы Жібек жолының дамуы.

Б. з. б. 1 мыңж. Ол туралы сипаттамалардың қағазға түсірілуі.

6-14ғғ. Ұлы Жібек Жолының солтүстік түркі трассасымен саудамен ғана емес, қажылық, емдік, ағартушылық мақсаттардағы да сапарлардың болғандығына толық негіз бар.

1399жж. Ақсақ Темір бұйрығымен Қожа Ахмет Йассауи мавзолейін салғызған.

19-20ғғ. А. Е:Қайназаровтың пікірінше, Қазақстандық өлкетану тұрғысында зерттелу басталды.

1886жж. А. Н. Краснов, ал 1891-1892жж. Н. Ф. Катановтың экспедициялары ұйымдастырылды.

1904жж. Орыс географиялық қоғамының қазақ мәдениеті мен тарихының алдындағы ерекше сіңірген еңбегі - «Орыс географиялық қоғамының жазбаларының» жеке томында Ш. Уәлихановтың этнографияға қатысты негізгі еңбектерін жариялады.

19-20ғ. Басында Торғай, Ақмола және Семей облыстық зерттеген статистиктер переселен ұйымының экспедициясы жинаған өлкетануға арналған материалдар жинағы.

19ғ 2-ші жартысы- 20ғ. Басы аралығында өлкемізді отарлау барысында қазақ халқының революцияға дейінгі мәдениеті, тұрмысы, әдет-ғұрпы және наным-сенімдері жайлы маңызды ғылыми материалдар жиналды.

1895-1917жж. Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі құрылды.

1888-1917жж. Орынбор мұрағаттық комиссиясы құрылды.

20ғ. Басы - 1927 Қазақстанда алғаш рет ресми түрде ашылған ұйымдасқан туристік ұйым Верный қаласында Ресей тау қоғамының бөлімшесі болды.

1929ж алғашқы ресми тіркелген жорық Верный қаласынан Іле Алатауына, Ыстықкөлге жасалды, оған 17 мұғалім қатысты.

1930ж Ф. Л. Савиннің жетекшілігімен Алматы қалалық пошта мен телеграф қызметкерлері құрамында 16 адамы бар, Алматы-Медеу-Көкжайлаау-Үлкен Алматы көліне күрделі емес маршрутпен жүрді.

1930ж. Ұймдасқан туризмінің кең таралуы. Сол жылы баспасөзде Г. Белоглазов, В. Горбунов, И. Мысловскийдің Кіші Алматы шыңын бағындырғаны туралы хабар шықты.

1931ж қаңтарында В. М. Зимин Алматы-Ұзынағаш-Қордай асуымен бірінші шаңғы маршрутын іске асырды. Туристерді ұлттық кавалерия полкінің 8 сарбазы «Еңбек пен қорғаныстың эстафетасы» деген ұранмен жүріп, эстафетаны Қордай асуында бауырлас Қырғызстан командасына табыс етті.

1931ж. Алматыдағы Жетісу губерниялық мұражайында тұңғыш рет 10 адамнан тұратын туризм мен экскурсия қоғамының тобы ұйымдасты.

1932ж. «Қазақстанның туристік маршрутының жолсерігі » басылып шықты.

1936ж. Горельник шатқалында Алматыдан оңтүстікке қарай 22 шақырым жерде 50 орындық «Горельник» туристік базасы салынды.

1938ж. Алғаш рет туристердің слеті Көкжайлауда өтіп, оған 200-дей адам жиналды.

1943ж. бастап Горельник турбазасының үйлеріне Кеңес әскерінің таулы жерде атқыштардың инструкторларын дайындайтын бүкілодақтық мектебі орналасты.

1952ж. Бүкілодақтық кәсіаподақ Қазақстанда туристік-экскурсиялық басқарма ашты.

1955ж. Есік көлінің жағасында «Есік» турбазасының құрылысы басталды.

1964ж. Туризм және экскурсия бойынша Қазақ республикалық кеңес және Алматы, Шығыс
Қазақстан, Қарағанды, Орал, Шымкент облыстарында облыстық кеңестер мен экскурсиялық бюролар ашылды.

1968ж. 18наурызда Алматы облысында балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы ресми түрде ашылды.

1981ж. Есік қаласында туризм техникас бойынша оқушылардың 6-шы республикалық жарысы өтті.

1985ж. мамырда Алматы жас туристер станциясы Кеңес халқының Ұлы отан соғысындағы жеңісінің 40-жылдығына арнап, алғашқы жалпы альпиниада өткізді.

1991ж. 12 желтоқсанда ҚР оқу министрінің орынбасары Б. Сапарбаев жаңа «Ережені» бекітті.

1995ж. 2 тамыз ҚР Оқу министрлігінің оқушыларының «Халықаралық туризм орталығы» аталды.

1997ж. оқушылардың туризм орталығы жабылды.

2000ж. балалар мен жасөспірімдердің туризм және экскурсия бойынша Алматы облысының орталығы Қазақстан альпинизм ардагерлерінің кеңесімен тығыз байланысты жұмыс істеді. [2]

2. 2

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тараз қаласының физика-географиялық орналасуы
География курсын оқыту барысында оқушылардың iзденiс iс-әрекетiн ұйымдастыру
Экскурсиялық туризмнің дамуы: мәселелері мен болашағы
Қазақстан Республикасы аумағындағы ішкі туризмді дамыту
Экскурсиялық туризмнің дамуы: мәселелері мен болашағын зерттеу
Экскурсия әдістемелердің байланысы
Ақтөбе облысының территориясына туристік - экскурсиялық маршрут жасау
Абылай хан даңғылы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Экскурсия түсінігі
«атакент» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz