Полиция органдарының қызметі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
СМЖ құжаты
Сж 111-1.80-2019

Студенттің өзіндік жұмысы
Баспа 4

Еңгізу күні 05.01.2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

Менің болашақ мамандығым

Орындаған:
Ақшал Бекзат Еркебекұлы
Курс:
1
Топ:
В19СиАП-5Юп

Қабылдаған:
З.Т.Абдукаримова

Тараз- 2019ж

Жоспар

Мазмұны
І .Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ .Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.ҚР Ішкі істер министрлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Полиция органдарының қызметі.Жол патрульдік полициясы ... ... ...7
2. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезіндегі жұмысты жоспарлау, есепке алу және талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.1. Жол қозғалысын қадағалаудың нысандары мен әдістері ... ... ... ... ... .9
2.2. Жол-патруль қызметін атқару тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.3 . Жол полициясы қызметкерлерінің жол-көлік оқиғалары кезіндегі әрекеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 16

Кіріспе
Ата заңымыздың айрықша мәні - адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын бекітіп, заң шығарушы, атқарушы және ішкі істер органдарының бүкіл қызметі адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғанын айқындады. Біздің елімізде әр адам өз құқықтары мен бостандықтарын ішкі істер органдары арқылы қорғауға құқылы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Адамдар полиция қызметкерлерін өздерінің қорғаушысы ретінде танып, өз қауіпсіздіктерін сезінулері тиіс деген сөзі халық алдында адал қызмет етуге ант берген қатардағы әрбір тәртіп сақшысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені, еліміз үшін адам өмірінің қауіпсіздігі қашанда басты назарда болғандықтан,полиция қызметкерлерінің басты міндеті - халық сенімін барынша ақтап, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады.
Мамандық таңдау - адам өмірінің бір кірпішін дұрыс қалау десе болады. Бұл аса маңызды қадам. Өйткені, мұнда адам тағдырының бір бөлігі ұштасып жатады.
Бала кездегі қиял қосқан арман дәл осы сәтте маған бағдар болды. Асқақ арманыңның орындалуы, әрине, адамға оңайлықпен келмесі анық. Сондықтан да еліме пайдасы тиер мамандық иесі болуды ұйғардым. Шын мәнісінде, полиция қызметкері болу туралы ой маған 10-сыныпта келді. Бұл таңдауыма, әрине, қарсы адамдар көп болды. Бірақ, маған қолдау көрсеткен әкем болатын. Мамандықтың бәрі жақсы, ең бастысы өзін дұрыс таңдау жасап, жауапкершілікті сезіне білсең болды, - деген әкемнің бір ауыз сөзі-ақ мені қанаттандырды.
Дәл қазіргі таңда погон тағып, ел тыныштығын кірпік қақпай күзетіп жүрген азаматтар өз міндетін атқаруда.
Полицияда қызмет істеу - маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Соның ішінде Көліктегі Полиция департаментінің міндеті - еліміздегі мыңдаған шақырым аумақты алып жатқан темір жол торабы мен сағат сайын жолаушылар ағыны ілесіп жатқан темір жол вокзалдары және пойыздардағы қауіпсіздікті қалтқысыз қамтамасыз ету. Күн сайын құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды ізін суытпай ашу барынша зор міндет жүктейді.
Ішкі істер органдарында қызмет ету асқан парасаттылықты талап етеді. Қызметтік міндетін дұрыс және жауапкершілікпен атқара білген полиция қызметкері ғана парасатты полицей деген атаққа ие болады. Әрине, арнайы киімді кигеннен кейін полиция қызметкерлеріне халық үмітпен қарайды. Адамның жаны мұрнына келіп қысылған кезде, ең бірінші кезекте медицина қызметкерлері мен полицияға хабарласады. Еліміз үшін адам өмірінің қауіпсіздігі - басты назарда. Сондықтан да әрбір тәртіп сақшысына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бұл қызмет адамнан қажыр-қайратты, ерлікті, табандылықты қажет етеді. Сондықтан да болашақта өз ісіме есеп беріп, өзгеге жасаған жақсылығымды міндет етпей, шын жүрегіммен қоғамның дамуына сәл де болса үлесімді қосуға ұмтылсам деймін.
ІІ .Негізгі бөлім
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Ұлт жоспары - 100 нақты қадам атты Қазақстан халқына Жолдауындағы бес институционалды реформа аясында Ішкі істер қызметі ішінен негізгі бағыты құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қорғау болып табылатын Жергілікті полиция қызметін құру жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, ІІМ тарапынан дайындалған Заң жобасын ҚР Парламент Мәжілісі мен Сенаты мақұлдап, 2015 жылы 2 қараша күні Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды. Осылайша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа құрылым қызметіне кірісті. Аталған құрылымның халықаралық стандарттар мен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының ұсынымдарын есепке ала отырып дайындалған үлгісі қазір елімізде сәтті жүзеге асуда.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттері заңмен өлшенеді. Оның үстіне айрықша нысандағы кәсіптің иесі саналатын тәртіп сақшыларына халық тарапынан қойылатын талаптар да өте жоғары.
Билік пен заң өкілі - полиция қызметкері кәсіби қызме - тін - де немқұрайдылыққа, ұқып - сыз - дыққа, білімсіздікке бой ал - дырмауы тиіс. Адамгершілік тұр - ғыдан оның қателіктерге жол беруге қақысы жоқ. Полиция қызметкерінің мінез-құлқы адам - гершіліктің талабына сай болуы шарт. Өйткені ол - Қазақстан Рес - - публикасының халқына құқық - - тық қызмет көрсетуші тұл - ға. Олай етпейінше, полиция қызмет - керінің қоғамдағы салмағы кеміп, беделі мен абыройына нұқсан келері қақ.
Полицияның адам - гер - шілік бейнесі орнықты, рухы мықты болмаса, ол қоғамға қауіп төндіретін зиянды әрекеттерге қарсы қауқар көрсете алмайды. Қазіргі уақытта полицияның толық - қанды тұлғасының үш тұғыр - лы негізі бар. Біріншіден, үміт - кер полиция мамандығына жүрек қалауымен келуі керек. Сонда ол ішкі істер қызмет - кер - леріне қойылатын талаптың барлығын қабылдайды. Оларды кәсіби деңгейде дайындауды - екінші тұғыр дер едік. Үшін - ші - сі - жаңа буынды ішкі істер ор - гандарындағы алдыңғы толқын - ның үздік тәжірибесі мен қалып - тасқан дәстүрлеріне бой ұсын - ды - ру арқылы қалыптастыру. Полицияның жаңа легін дайындау - да білім мен тәрбиенің орны орасан.
Полиция мамандығының басты артықшылығы - арнайы білімі бар жас қызметкерлер үшін ашылатын мүмкіндіктер.
Бұл тек мемлекеттік қолдау, жеңілдіктер мен жалақы орташа республикалық көрсеткіштен жоғары емес, сонымен қатар батыр тұлға болудың нақты мүмкіндігі. Мұны істеу үшін әдеттен тыс әрекеттерді жасаудың қажеті жоқ - сіздің міндетіңізді орындау үшін жеткілікті.

Полиция мамандығының артықшылықтары:

-Қолайлы жалақы, көптеген жеңілдіктер;
-Әлеуметтік маңызды, қажетті қызмет;
-Мансаптың болашағы;
-Лайықты қызметпен қатардағы шапшаң өсу;
Полиция мамандығының кемшіліктері:
-Қоғамдағы даулы жағдай және көбінесе негізсіз теріс бағалау;
-Өте қиын және қауіпті жұмыс;
-Тұрақты қысым және стресстік жағдайлар;
-Бюрократия, қызыл таспа, ескірген стандарттар.

1.ҚР Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі -- Қазақстан Республикасы үкіметі құрамына енетін Қазақстан Республиксының орталық атқарушы органы, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жүйесін басқарады, сонымен қатар қарастырылған заңнамалар аясында Қазақстан Республикасы аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы салааралық іс-қимылдарды реттейді, құқық қорғау аясындағы мемлекеттік саясатты жасаумен және іске асырумен айналысады. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы заңдары, Президент, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері, басқа да нормативтік актілер, халықаралық келісімшарттар мен Қазақстан Республикасының басқа да міндеттемелеріне сәйкес жүргізеді.
1920 ж. қазанда Қазақ КСР-інің Ішкі істер халық комиссариаты (ІІХК) ретінде құрылды.[2]
1946 жылдан Қазақ КСР-інің Ішкі істер министрлігі.[3] ҚР Үкіметінің 2001 ж. 8 маусымдағы қаулысымен[4] министрліктің Жол полициясы комитеті құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге оның тағы бір ведомствосы - Жол полициясы комитеті бар екендігі көрсетілген өзгерту енгізілді.
ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы қаулысымен[5] ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық іс-атқару жүйелері комитеті құрылды. Оған таратылған ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық іс-атқару жүйелері комитетінің мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгертулер енгізілді: Қ Р Ішкі істер министрлігінің ҚЫЛМЫСТЫҚ іс-атқару жүйелері комитеті министрлік ведомстволарының қатарынан шығарылды, сондай-ақ министрліктің негізгі функцияларынан ҚЫЛМЫСТЫҚ іс-атқару жүйелері қызметін қамтамасыз ету функциялары шығарылды.
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы қаулысымен[6] министрліктің Тыл департаменті таратылды.
ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына[7] сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 26 қыркүйектегі қаулысымен[8] министрліктің Ішкі әскерлер командашысының бас басқармасы министрліктің Ішкі әскерлер комитеті болып қайта ұйымдастырылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге оның тағы бір ведомствосы - Ішкі әскерлер комитеті бар екендігі көрсетілген өзгерту енгізілді.
ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қазандағы қаулысымен[9] министрліктің Жол полициясы комитеті таратылды, оның мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері министрлікке берілді. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді: министрлік ведомстволарының қатарынан Жол полициясы комитеті алынып тасталынды.
ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы Жарлығымен[10] министрлік қайта ұйымдастырылды, экономикалық және сыбайлас қылмыстарды анықтау және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері ҚР Экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігіне (қаржы полициясы) берілді; қылмыс жасады деп күдіктенген және айыпталған адамдарды ұстау және тергеу изоляторында жазасын өткеретін сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды атқару, сондай-ақ құжаттау және ҚР азаматтарына жеке куәлігі мен паспортын беру жөніндегі функциялары ҚР Әділет министрлігіне берілді. ҚР Әділет министрлігі есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет ету саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ішкі істер министрлігіне беріле отырып қайта ұйымдастырылды.
ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы қаулысымен[11] министрліктің Есірткі бизнесімен күрес және есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі комитеті құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді: Есірткі бизнесімен күрес және есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі комитеті министрлік ведомстволарының құрамына енгізілді; министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет ету саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру қосылды.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 22 маусымдағы қаулысымен[12] министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Министрлік ҚР Ішкі істер органдары жүйесін басқаруды, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көлікте аумақтық органдары, сондай-ақ ведомстволары бар: Ішкі әскери комитеті және Есірткі бизнесімен күрес және есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі комитеті. Министрліктің негізгі міндеттері қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, қылмыспен және есірткі бизнесімен күрес, есірткі және қару айналымын бақылауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Құрылымы:
* ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті
* ҚР ІІМ Ішкі әскерлер комитеті
* ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті
* ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитеті
* ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті
* ҚР ІІМ Тергеу комитеті
* ҚР ІІМ министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

0.1 Полиция органдарының қызметі.Жол патрульдік полициясы
Полиция (ағылш. police; гр. politeia -- мемлекеттік істерді басқару; басқарма;фр. Police, от көне грекше: ἡ PIολιτεία -- мемлекет, қала) -- қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу, мемлекет пәрменін орындату, халық пен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық және мемлекеттік құрылысты қорғау міндеттері жүктелген мекемелер мен лауазымдардың және әскерилендірілген жасақтардың жиынтық атауы.
16 -- 17 ғасырларда Еуропа елдерінде қоғамдық тәртіпті сақтау органдары Полиция деп аталды. Ресейде "Полиция" термині 18 ғасырдың басында қолданылды. 1718 жылдан бастап Ресей қалаларында ген.-полицмейстер лауазымы белгіленді. Нәтижесінде Полиция департаментіне бағынатын орт-тандырылған, тұтас Полиция органдарының жүйесі пайда болды. Полиция департаменті 1917 ж. жойылды.
Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін милиция органдарының атауы Полиция болып өзгертілді. ҚР ішкі істер органдарының жүйесінде әкімшілік, криминалдық, әскери, көші-қон, жол, күзет Полициялары бар. Қаржы Полициясы өз алдына органдар жүйесін құрайды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзыреті шегінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі функцияларды қамтамасыз ету; жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйлестіру жөніндегі функцияларды қамтамасыз ету.
Жол-патрульдік қызметі - жол полициясының көптеген бақылау бөлімі, оған жол қозғалысын қадағалау, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтау және жолын кесу, осыған байланысты жол қауіпсіздігі саласындағы құқықтық нормаларды қолдану, сондай-ақ ұрланған және ұрланған көлік құралдарын іздеу функциялары жүктелген. , көлік құралдарын пайдалану арқылы қылмысты анықтау.

2. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезіндегі жұмысты жоспарлау, есепке алу және талдау
Жоспарлау қолда бар күштер мен құралдарды есепке ала отырып, жедел жағдайды, қызмет көрсететін аумақтағы апаттылықтың жай-күйін, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күрес жағдайларын, жол-патрульдік қызметтің бөліністерінде заңдылық пен тәртіптің сақталуын талдау мен болжау негізінде жүзеге асырылады.
Саптық бөліністердің жұмыс жоспарлары жол полициясының жол-патрульдік қызмет басқармаларының (бөлімдерінің) бөлім (бөлімше) бастықтарымен келісіледі және облыстық (қалалық) Департаменттердің жол полициясы басқармасының (бөлімінің) бастығы бекітеді. Жол полициясы басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтарымен келісіп, қалыптасқан жедел жағдайды ескере отырып, саптық бөліністердің командирлері жоспарларды түзете алады, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Жоспарлы кезең аяқталған соң жоспарланған іс-шаралардың орындалғаны туралы есеп (анықтама) жасалып, кейіннен жоспарды бекіткен басшыға баяндалады. Қандай да бір іс-шара орындалмаған жағдайда есепте жағдайдың себебі және қажет болса орындалуының жаңа мерзімі көрсетіледі. Жоспарлардың орындалу қорытындысы саптық бөліністің командирі жанындағы жедел кеңесте қаралады.
Жоспарлардың орындалуын бақылауды саптық бөліністердің командирлері (штаб бастықтары), сондай-ақ Департаменттердің жол полициясы басқармаларының тиісті бастықтары жүзеге асырады.
Жол-патрульдік қызметтің бөліністерінде қызмет алдында тұрған негізгі міндеттерді орындау үшін маңызы бар мәліметтерді есепке алу және талдау, тіркеу ұйымдастырылады. Есепке алу мен талдауға қызмет жүргізілетін аумақтағы жол-көлік оқиғалары және олардың алдын алу жөнінде қабылданған шаралар, көлік құралдарын пайдаланумен байланысты қылмыстар, жол-патруль қызметінің жеке құрамының арасындағы тәртіптің жағдайы мен заңдылықтың сақталуы туралы деректер, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың жол-патрульдік қызметтің жұмысын жетілдіруге және жол қозғалысы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстары жатады.

2.1. Жол қозғалысын қадағалаудың нысандары мен әдістері.
Жол-патрульдік қызметті атқарудың нысандары:
1) автомобильдермен және мотоциклмен патрульдеу;
2) жаяу патрульдеу;
3) бекеттерде, оның ішінде стационарлық бекеттерде қызмет өткеру;
4) көлік құралдарына еріп жүру және эскорттау;
5) тікұшақпен патрульдеу болып табылады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жол полициясының инспекторлары түсті графикалық сызбамен және жарық жарқын мен дыбыс сигналдарымен жабдықталған, сонымен бірге аталған түсті графикалық сызбамен және жарық жарқын мен дыбыс сигналдарысыз көліктерімен (кеінгісі - тәуліктің жарық кезінде ғана) жүзеге асырады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қызметтің нысандырын жүзеге асыру туралы шешімді саптық бөліністің командирі жол полициясы басқармасы бастығының немесе оның орнындағы адамның келісімімен қабылдайды, бұл туралы бекеттік ведомосте тиісті жазба жасалады. Бекеттік ведомосін жол полициясы саптық бөлінісі взводының (бөлімшесі) әрбір командирі жүргізеді және взводтың (бөлімшенің) өкімінде сақталады. Күштер мен құралдардың қызметін ұйымдастыру және басқару үшін взводтардың (бөліністер) бекеттік ведомстволарынан тәулік сайынға ақпаратты жол-патрульдік қызметтің қызметкері орналасыру жоспарында қорытып жинақтайды.
Қозғалысқа қадағалау жүргізудің барлық жағдайларында патруль автомобилі мен жол полициясының инспекторы жол қозғалысының қатысушыларына көрінетіндей болуы тиіс. Патруль автомобильдері бақылауды шектейтін қандай да бір тосқауылдың (ағаштың, ғимараттың, құрылыс қоршауының, жарнама тақтасының) тасасына қойылмайды, бұл талап жаяу жасақтарға да қолданылады.
Жасақшалар арасындағы өзара іс-қимыл және олардың бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру радио байланыстың көмегімен жүзеге асырылады.
Патрульдік автомобиль тиесілік табелінің осы нұсқаулықтың 4-қосымшасындағы формасына сәйкес жабдықталады.
Жаяу патрульдеу жолдардың ұзындығы бойына ұзақ емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті полиция қызметі
Полиция органдары жүйесі
Полиция қызметі этикасының негізгі қағидалары
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі: құрылымы, мақсаты және міндеттері
ІІО қызметінде әкімшілік құқық қатынастарындағы жеке адамның құқықтарын қамтамасыз ету кезінде туындайтын жалпы және жеке негізгі мәселелерді талдау, анықтау, қорыту және шешу, сондай-ақ осы қызметті жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы
Құқық қорғау органдары жайлы
Полиция қызметінің негізгі бағыттары
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының құрылымы
Ішкі істер министрлігі
Пәндер