Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды экономикалық университеті

Баяндама:

Тақырыбы: Қазақстан азамат соғыс жылдарында. Басталуы және оның барысы

Орындаған: УА 19-1к тобының студенті
Акбаров Б.



2019 - 2020 оқу жылы

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Азамат соғысының басталуы және оның барысы.
ІІІ. Қорытынды

Кеңестердің екінші съезінде жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы
шіркеу мен монастрлердің, помещиктердің, бай қазақ-орыстардың, патша
шенеуніктерінің иелігінде болып келген, сондай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді. Жер мәселесін шешудегі жергілікті кеңес орындарының қызметі бірнеше кезеңнен тұрды. Оның 1917 жылғы қарашадан - 1918 жылғы жазға дейінгі кезеңінде жергілікті Кеңестер, жер комитеттері мен комиссиялары бос жерлерді, тәркіленген помещиктік имениелерді есепке алып, шаруалардың жағдайын анықтап, жерсіз, жері аз шаруаларды жермен қамтамасыз ету мәселесімен шұғылданды. Шаруалар съездерінің шешімдерімен қоныс аудару қорынан алынған жерлерді пайдалану ережелерін жасады. Екінші кезең - 1918 жылдың жазынан - 1920 жылдың аяғына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл тұста жерді социализациялау жөнініндегі шараларды іске асыруға әзірлік жұмыстары жүргізілді.
1921 - 1922 жылдарды қамтитын үшінші кезеңде жер - су реформасы іске
асырылса, 1924 - 1927 жылдарды қамтитын төртінші кезеңде - жерге орналастыру, шабындық, егістік жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілді. Сонымен Кеңес өкіметін нығайту жолындағы күрестің барысында Қазақстанда ескі мемлекеттік машина қиратылып, жаңа мемлекеттік аппарат құрылды. Жергілікті Кеңестер өздерінің алдарына қойылған міндеттерді жүзеге асыруға кірісті. Революция жеңістерін контрреволюциялық күштердің қол сұғуынан қорғау жөнінде қажетті шаралар қолданылды. Өлкенің экономикасы мен әлеуметтік-мәдени салаларын социалистік жолмен қайта құру бағытында алғашқы қадамдар жасалды. Дегенмен, Кеңес өкіметі алға қойған маңызды міндеттерді іске асыруда тәжірбиенің жоқтығы, жергілікті кадрлардың түсінігінің кемдігі, сауатының аздығы, т. б. себептер негізінде бұл революциялық шараларды іске асыру барысында асыра сілтеушіліктің, солақайлықтың, теріс әрекеттердің орын алғанын, Кеңес өкіметіне сенімді азайтатын жайлардың болғанын да айту керек.

1917 жылғы Қазан революциясының жеңісі алғашқы күндерден бастап,
құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес өкіметі елдің әр түрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі контр - революциялық бүліктерді батыл да шұғыл басып тастап отырды. Дегенмен, олар аяғына дейін талқандалмады. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарында, Торғай обылысының әкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы, Гурьев (Атырау) қаласында, Жетісу жерінде қалыптасты. Бұл жерде атаман Дутовтың, генерал Толстовтың әскерлері, ал Жетісуда қазақ - орыс жасақтары, ақ-гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды. Олар контрреволюциялық күштердің негізгі орталығына айналды және Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысын бастады.
1918 жылы 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Олар
генерал Толстовтың бұйрығымен жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ қазақтар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Мұнда олар кеңес өкіметін құлатып, коммунистерді, кеңес қызметкерлерін аяусыз жазалады. Кеңес өкіметіне қарсы күресте ақ гвардияшылар казак станицалары мен орыс селоларындағы бай - құлақ элементтеріне сүйенді, жергілікті кадет, эсерлер мен меньшевиктердеп қолдау тапты. 1918 жылы мамырдың аяғында Антанта мемлекеттерінің көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының офицерлері мен солдаттары бүлік шығарды. Бұлар бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейге тұтқынға түскендер болатын. Кеңес үкіметі Австро-Венгриямен жүргізген келісім бойынша оларды елдеріне қайтаруға уәделесті. Бірак, Ресей үкіметі олардың Кеңестерге қарсы шығуынан қорқып, чехтар мен словак әскерлерін елдің батыс территориясымен емес, ең әуелі Қиыр Шығыс темір жолы арқылы Владивосток қаласына жеткізіп, одан ары
Еуропаға теңізбен шығарып салуға келісті. Сібір аркылы жолда қайтып бара
жатқан чехтар мен словактардан құрылған корпусты Антантаның империалистері бүлік шығаруға арандатты. Атап айтқанда, олардың арасында елдеріне босату үшін емес, қайта түрмеге отырғызу үшін алып бара жатыр деген жалған лақаптар таратты. Мұны естіген құрамында 500 мыңға жуық солдаты мен офицері бар чехословак корпусы бүлік шығарып, Сібір мен Оралдың темір жол бойындағы бірқатар қалаларын басып алды. Олар Қазақстан жеріндегі Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын және тағы басқа да елді мекендерді жаулап, ондағы Кеңес өкіметінің жергілікті органдарын таратты. 1918 жылғы 11 маусымда Семейде кеңес өкіметі құлатылды. Бұл жерлердегі кеңес өкіметінің көрнекті басшылары К. Сүтішев, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П. Салов және тағы басқаларын азаптап өлтірді. Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушановты тірідей кеменің оттығына тастады. Сөйтіп, интервенттер мен ақгвардияшылар Ақмола, Орал, Семей облыстарын және Торғай облысының көптеген жерлерін басып алды. 1918 жылдың жазында интервенттер мен ақгвардияшылар Семей облысы жағынан Солтүстік Жетісуға басып кірді. Бұл жердегі казак-орыс
станицаларында Кеңес өкіметіне қарсы бүліктер басталды. Сондықтан Жетісу
облыстық ат-қару комитетінің шешімімен кеңестік қарулы күштері
біріктіріліп, Солтүстік Жетісу майданының штабы құрылды. Атаман Анненковтың дивизиясына және басқа да әскери бөлімдерге қарсы кескілескен ұрыстар жүрді. Ақ гвардияшылар басып алған аудандарда кеңес жасақтарының күресі негізінен партизандық әрекет түрінде жүргізілді. Мұндағы Черкасск, Андреев, Константиновск және басқа да селолар тұрғындарының ақ гвардияшыларымен ерлік шайқастары азамат соғысы тарихында "Черкасск қорғанысы" деп аталды.
Сонымен 1918 жылдың жазында Қазақстанның көп жерін интервенттер мен ақ
гвардияшылар басып алды. Кеңес өкіметі тек Жетісу мен Сырдария облыстарының бірқатар бөлігінде, Торғай облысының оңтүстік аудандары мен Бөкей Ордасының аз ғана жерінде сақталып қалды. Революцияға қарсы күштер Самарада ақ гвардияшылар мен әскерлердің Комуч (Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті) "үкіметін", Омбыда Колчак бастаған Сібір ақ гвардияшыларының "үкіметін", Каспий сыртқы облысында ағылшын "үкіметін" құрды. Бұл кезде немістер Донбасқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин соғыс қимылдарын күшейте түсті. Кеңес елі үшін ең басты майдан - Шығыс майданы еді. Шығыс майданының Орал бағытында ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Бұл майданның жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылдың 2 маусымында Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері оңтүстікке қарай шегінуге мәжбүр болды. Осыған орай Ақтобе
майданы құрылды. Ондағы қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск Қызылорда, Черняевск Шымкент, Әулиеата және т. б. қалаларда қүрылған отрядтар көмекке келді. Оның қатарына негізінен еріктілер кірді, әскери міндет туралы БОАК-нің 1918 жылғы 29 мамырда қабылданған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.)
Қазақстан Азамат соғысы жылдарында
Шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Өлкедегі азамат соғысы (1917-1920 жж.)
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның ерекшелігі
Алашорда өкіметінің құрылуы және тарихы
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және оның ерекшелігі. 1917 жылғы Қазан төңкерісінің Қазақстанға әсері
Қазақстан азамат соғысы жылдарында туралы мағлұматтар
Қазақстан азаматтық қарсыласу жылдары
Қазақстан шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарында (1918—1920)
Пәндер