Адамдардың биосфераға зияны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасыны Оңтүстік Қазақстан Медицина
Денсаулық Сақтау Министірлігі Академиясы

Гигена және эпидемиология кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы:Биосфералық үрдістегі адам орны

Орындаған:Cламбеков Д.Н
Тобы :ФӨТ 01-19 В
Қабылдаған :Бухарбаев Е.Б

Шымкент 2019ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Биосферадағы адам орны
Адамдардың биосфераға зияны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі өркениеттің ең ғаламдық проблемасы - экологиялық апаттың төнуі. Тірі табиғаттағы бір түр болып саналатын Адам әрекетінің барлық саласында табиғатпен шиеленушілік байқалуда. Мәселенің өзектілігі Өркениеттің тек қана өзін-өзі жойып жіберу ғана емес, барлық қоршаған тіршілікті Жер бетінен құртып жіберу қаупінде. Оны шешу үшін әртүрлі ғылымдар саласының өкілдері толғануда және одан шығудың жолдарын ұсынуда. Бірақ көбіне бұл - технократтық жолдар болып отыр. Шын мәнінде осы сыртқы апаттың дәні іште жатыр, ол - саналы адамның рухани-адамгершілік құндылықтарының жұтауы, ол кең ауқымды ұғымдағы адам мәдениетінің жетімсіздігі мен жетілмегендігі.
Адам табиғаттағы барлық түрге тән прогрессивті даму үстінде. Біздер, адамдар приматтар отряды ішіндегі тек жалғыз түр табиғатта үстемдік құрдық. Себебі не? Осынша майлы шелпекті жалғыз игеру неге байланысты? Ақыл, сана, мәдениет, ғылыми ой, пікір...
XX - XXI ғасырларда ғылымның бірте-бірте Жер биосферасын терең де қатты өзгертуінің куәсі болып отырмыз. Ғылым тіршілік жағдайларын, геологиялық үдерістерді, планетамыздың энергетикасын өзгертуде, олай болса ғылыми ой-пікірдің өзі де табиғи құбылыс болып табылады. Осы жөнінде В. И. Вернадский Натуралистің ой-толғамы. - Ғылыми пікір планеталық құбылыс ретінде деген кітабында Жердің геологиялық тарихын талдаған

Негізгі бөлім
Бұл еңбегінде В. И. Вернадский Ғылыми ой-пікір мен адам еңбегінің әсерінен биосфера жаңа күйге - ноосфераға ауысады деп анық жазған. Ол ауысу жаңа геологиялық күштің - адамзаттың ғылыми пікірінің әсерінен деп пайымдайды ... Ноосфера жөніндегі ілімнің басты тақырыбы биосфера мен адамзаттың бірлігі. Вернадский өз еңбектерінде осы бірліктің түп тамырын, адамзаттың дамуындағы биосфераның ұйымдасқандығын ашып көрсетеді. Бұл дегеніміз биосфера эволюциясындағы адамзаттың тарихи дамуының орны мен рөлін жете түсінуге мүмкіндік береді, сөйтіп оның ноосфераға айналуының заңды екендігін көрсетеді.
Табиғатта ғылымның пайда болып, оның дамуын біз үш ғылыми революция деп білеміз. Адамзаттың дүниені тануында бірінші ғылыми революция б. э. д. VI-IV ғасырларда болды, екінші ғылыми революция XVI - XVIII ғасырларға сәйкес келді. (әлемнің геоцентрлік нобайынан гелиоцентрлік нобайға көшіп ғылыми әлем бейнесінің ауысуының кезеңі, Коперник, Галилей жаңалықтары), үшінші ғылыми революция - салыстырмалылық теориясы мен кванттық механиканың ашылу кезеңдері. Төртінші ғылыми революция бола ма? Мүмкін болып жатқан шығар, мүмкін жақын шығар, ол саналы адамның ғылыми ой-пікірінің әсерінен биосфераның жаңа күйі ноосфераға өтуін жүзеге асыратын - ноосфералық педагогика болар.
Аса ғаламат жаңалықтардың ашылуы негізінен XX ғасырда болды. Осы ғасырда бұқаралық ақпарат құралдарында: Осы ашылған ғылыми жаңалық бүкіл Әлемді ауқымды өзгерте алады... деген ұран сөздер әдетке айналды. Нәтижесінде адамзат жеткілікті дәрежеде ойланылмай, жете түсінбей шығарылған жаңашылдық өнімдердің аса зор әлеуетін планетада шоғырландырды.
Саналы адамның даму тарихы көрсеткендей адамның санасы, ақыл-ойы мен әрекетінің дамуы мен жетілуінің шегі жоқ.

Олардың ішіндегі ең маңыздысы да, құдіреттісі де -- жер, оңың үстіңгі қабаты қара топырақ. Биосферадағы барлық тіршілік иелері -- адамзат баласы, жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі жерден қуат, нәр алады. Бір сөзбен айтқанда Жер тіршіліктің тірегі. Байлықтың атасы -еңбек, анасы -- жер, дейді қазақ. Жері байдың -- елі бай, жер таусылмайтын қазына деген халықтың даналы сөздерінде қаншама философиялық мән жатыр десеңізші! Құнарлы жерлер үшін көне заманнан бері қарай көптеген қан төгістер, неше түрлі ауыр соғыстар, ұрыс-тартыстар болғанын қазақ елінің ауыз әдебиеттерінен (фольклорынан), аңыз-ертедегілерінен белгілі. Жер дауы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзаттың экологиялық байланыстарының тарихы
Ауыр металдарға сипаттама және олардың зияны
Өндіріс қалдықтарының зияны
Қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару элементтердің ядросы - радиактивті нуклидтер
Қоршаған табиғи орта және адам
Биосфера, жер бетіндегі энергия айналысы
Қоршаған ортаға антропогенді әрекет
Адамның табиғатпен байланысы
Тіршілік қауіпсіздігін қорғау. Экологиялық проблемалар
Биосфера ұғымы туралы түсінік
Пәндер