Семейдегі ядролық полигон сынақтары және оның зардаптары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ Ұлттық аграрлық университеті

Реферат
Тақырыбы: Семейдегі ядролық полигон сынақтары және оның
зардаптары

Орындаған: Жанаберген А.
Тобы: МС103к
Қабылдаған: Ахантаева А.

Алматы қаласы 2019-2020
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

I. Кіріспе
КСРО уақытында Қазақстанда атом бомбаларының сынағы өтті. Осы сынақты өткізу үшін арнайы бөлінген жерге Семей ядролық полигонын ашты. Басында осы сынақ табиғат пен жануарларға тікелей зардаб тигізді. Осыған байланысты сынақтарды жер астында жасайтын болды. Сынақтағы жарылған атом бомбаларының әсері өте ауыр болды. Атом бомбаларының жарылыстары болып жатқан жерге жақын тұратын 500 мыңдай адам зардап шекті. 1949 және 1963 жылдар аралығында болған жер бетіндегі жарылыстар зардабы көп болды. Осы аумақта тұратын адамдардың арасында онкологиялық, жүрек, жүйке, психикалық ауруларға шалдыққандардын көлемі күрт өсті. Ауруға шалдыққан адамдардың есебі 1990 жылға дейін жасырылып келді. Өлім құшқан, зардап шеккен адамдар саны өте көп болды. Отбасыларда кемтар туылған балалар саны арта түсті. 1980 жылдардың аяғына қарай атом ядролық жарылыстар халықтың щыдамынан шығып, өз шегіне жеткен болатын. Басқа ядролық қаруы бар елдермен салыстырғанда Қазақстан аумағында ядролық арсенал саны көп болды. Қазақстан жеріндегі ядролық арсенал сонау Кеңес Одағының кезінен сақталған. Осы ядролық қаруды қолданғандағы тигізетін зардабы көптеген қалаларды, континеттерді, елдерді жойып кете алар еді.

II. Негізгі бөлім
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетінде немесе әуе кеңістігінде жасалды. Қазақ ғалымдарының есебі бойынша, Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. Осынау сынақтар Осынау сынақтар Қазақстанның тіршілік өрісі мен халық денсаулығына тигізген сұмдық нұқсанды сипаттау үшін тіл жетпейді. Жер бетіндегі жəне əуедегі ядролық жарылыстардың зардаптары сұмдық еді. 1950 жылдардың ортасына қарай жер бетінде ядролық қарудың тағылық сынағын өткізе беру мүмкін еместігі айқын болды. Муны да бірінші ұққан АҚШ еді. Американдықтардың 1950 жылдардың аяғында-ақ ядролық сынақтарды жер астында жүргізуге көшкені белгілі: жер астындағы қуаты 1,7 килотонналық, "Райнер" деген бүркеншік атпен белгілі тұңғыш ядролық жарылыс Невада полигонында 1957 жылы қыркүйекте жасалды. Кеңес Одағы жер асты ядролық сынақтарына тек бес жылдан кейін ғана, 1963 жылы кірісті. Алайда ядролық жарылыстарды жер астына "тығып қою" тек тіршілік өрісіне зиянды ықпалды ғана жасырды. Ядролық сынақтардың аса жиілігі сақталып қала берді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядро- лық сынак өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстардың салдарынан бір кездері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршік тас үйіндісіне айналды. Жер қойнауындағы ядролық жарылыстар, əскерилердің сөздеріне кереғар айналадағы ортаға "тіпті де зиянсыз" емес-тін. Жер астындағы əрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нəтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. Ондай соңғы оқиғалардың бірі 1980 жылдардың соңында болды. Ол кеңінен əшкере болып, жұртшылықтың ғаламат ашу-ызасын туғызды. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізілді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотон- надан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдары- нан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тəулік бойы радиоактивті газдар шығып жатты. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта ра- диациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті. Кейінірек анықталғанындай, мұндай жайттар поли- гонда едəуір жиі болып тұрады екен. 1987 жылы жарылыс салдарынан пайда болған радиоактивті газ толқыны Семейге алты рет жеткен, 1988 жылы мұндай жағдай екі рет болған. Бүгінде, Семей полигонындағы ядролық сынақтар Қазақстан аумағын радиоактивті заттармен ластау проблемасы мүзтауының шыңы болғанын жұрттың бəрі біле де бермес. Әр жылдарда атом жарылыстары республиканың барлық дерлік қиырларында болып жатты. Кеңінен белгілі болтан Семей полигонынан өзге Қазақстан аумағында Атырау жəне Батыс Қазақстан облыстарының шекарасында Азғыр полигоны орна- ласты. 1965 жылдан бастап, Батыс Қазақстанда өнер- кəсіптік мақсатта 26 жер асты ядролық жарылыстары жасалды. Жалпы алғанда, жер астында кең қуыстар жасау үшін "шаруашылық" мақсатта жер қойнауында ядро- лық жарылыстар жасау практикасы сол жылдары КСРО-да кеңінен таралған болатын. Айта кету керек, ауыз толтырып айтарлықтай табысқа қол жеткен жоқ. Атап айтқанда, Ресейдегі Астрахан газ-конденсат кеніштерінде жер қойнауында 15 ядролық жарылыс жасалды. Сол сияқты жарылыстар Осинск жəне Гричев кеніштерінде де жасалды. Алайда 1986 жылға карай ядролық жарылыстар көмегімен колдан жасалған қуыс- тардың көпшілігі су алып кетудің, тау жыныстарының табиғи эрозиясының, тектоникалық жылжулардың салдарынан кұлап бітті. 1992 жылы Казақстан Республикасының санитарлық- эпидемиологиялық қызметінің органдары Азғыр полигоны алаңдарын тексеріп, радиоактивті заттармен едəуір ласталған жерлерді анықтады. Ядролық жарылыстармен жасалған бірнеше қуыстар радиоактивті суға толы болып шықты, ол су ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қолданылатын сулы горизонттарға қосылып кетуі əбден мүмкін еді. Полигондажер бетіндегі радиация деңгейі сағатына 3500 микрорентген болды, мұның өзі адам денсаулығы үшін қауіпсіз табиғи деңгейден 150 есе көп еді. Сондай-ақ Азғыр полигонына жақын маңдағы аудан- дардың халқына радиациялық қауіптің бар екендігі туралы ескертілмегені де анықталды. Тіпті мынадай жағдайлар да болтан: колхоз егістіктері қуатты радиоактивті сəулелену көздерінен бірнеше жүз метр жерлерге орналаст ырылған екен. Полигонмен іргелес аудандарда мал мен жабайы аңдардың жаппай ауыруы, қырылуы оқтын-оқтын болып тұрған жəне олар сипаты жағынан сəуле сырқатына ұқсайтын. Полигонға жақын аумақ- тың халқы арасында рактан қайтыс болғандардың деңгейі жоғарылап кеткен. 1949-1991 жылдардағы бүкіл сынақ барысында одақтық басшылықта Семей ядролық полигонынан келген нұқсанды өтейтіндей ерекше ниет те, жеткілікті қаржы да болған жоқ. Одақтық бюджетте мұндай шығыс бабы болған жоқ, бері салғанда, американ өтемінің мөлшерімен салыстыратындай көлемде болған жоқ. Ядролық сынақтар жүргізілген уақыт жай ғана өзгеше уақыт болып қойған жоқ. Заман қиын болатын. Жарылыстан жер сілкінгенін сезінгенде немесе тіпті шайдай ашық күні екінші Күнді көргенде де ешкім ашуыза білдіре қойған жоқ. Ереуілдер, наразылықтар туралы əңгіме болуы да мүмкін емес-тін. Бас асауларды бас білдірудің сүйікті құралы психиатриялық емхана- лар болды. Бұрынғы КСРО-ның басшылары сынақтар өткізгенде сол кездегі Қазақстанның халқы түгілі, бю- рократиялық билік тобымен де ақылдасқан жоқ. Өйткені Қазақстан КСР-інің басшылары жұмысқа орталықта тағайындалып, сонда орнынан алынатын. Мəскеу бұйрығын қалт етпеу мансаптан айырылмаудың бірден-бір жолы болатын. Қойдың бауыздалар шағында да үн шығармауы дегеніңіз осы ғой. Ондаған жылдар бойғы үнсіздік бүгінде келмеске кетті. Адамдар денсаулығынан айырылғанын, үрейлі экологиялық соққыны тілге тиек етеді. Тəуелсіздігін енді ғана алған жас мемлекет осынау зобалаңмен, ашынған жұрттың енді ғана ие болған мемлекеттікке талабымен бетпе-бет қалды. Мəселеге кеңінен қарасақ, бұл тіпті де Қазакстанның кінəсі емес кой.
Тəуелсіздікке ие болған бойда біз Қазақстандағы ядролық сынақ кұрбандары мен Семей ядролық поли- гонының маңайындағы жұртқа көмектесудің үкіметтік бағдарламаларын қабылдадық. Бірак біз колданған шаралардың бəріне қарамастан, бүкіл Кеңес Одағының күш-жігерімен атқарылған нəрсенің бəрінің зардаптарын Қазақстанның жалғыз өзінің түзетіп шығуы оңай емес.
Сонау 1957 жылдың өзінде Жапонияның астанасында өткен атом жəне сутегі бомбасына тыйым салу жолындағы халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде жер бетіндегі алғашқы ядролық сынақтардың тажалды зардаптары туралы Мұхтар Əуезов айтқан болатын. Ол өзінің кіндік қаны тамған өңірге, ежелгі Семей жеріне атом полигонымен ілесе келген қасірет туралы, түсініксіз сырқаттардан бас кешкен адамдар мен мутанттар туған жүздеген аналар туралы толғады... Əсілі, Қазақстандағы ядролық сынақтар тақыры- бын қозғағанда, бұрынғы Кеңес Одағында бұл мəселені қарастыру əскери-өнеркəсіптік кешен басшылары мен Қазақстан жұртшылығының өзара қатынасының ең бір жиіркенішті сəттерінің бірі болғанын айтпай кетуге болмайды. Кеңестік жүйенің, одақтық қатынастардың шын бейнесі - метрополияның жартылай отар республикалардың - Кеңес Одағының шикізаттық қосшыларының мұқтаждары мен проблемаларына үстірт, кейде жүрдім-бардым қарауы айқын көрінеді. Ядролық сынақтардың тіршілік өрісіне қандай зиян тигізетіні қазір ешкімге де құпия емес. Бұл - Семей облысы мен басқа да жерлерде "бейбіт" ядролық бомбалауға ұшыраған мыңдаған "атомды" солдаттар, айна-қатесіз "тірі өліктер" мен жай азаматтар жəне əрине Семейдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей полигонының инфрақұрылымы
Семейдегі атом полигоны
Семей ядролық полигонының экологиялық проблемалары
Қазақстанның ядроға қарсы бастамасы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР АРАЛ ЖӘНЕ СЕМЕЙ АЙМАҚТАРЫ
Ядролық сынақтар
Қазақстан «Хрущевтік жылымық» жылдарында (1953 – 1964 жж.)
Әскери-космостық кешеннің Ресей және Қазақстан Республикасы территориясындағы орналасуы және әрекеттері
Семей экологиясы
Семей полигоны туралы жалпы түсінік
Пәндер