Классикалық философия - антика философиясының екінші кезеңі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрлігі
Astana International University

РЕФЕРАТ

Орындаған:Ишанғали. Т. Р.

Тексерген:Мусабеков М. Н.

Нұр-Сұлтан қаласы, 2019ж

Жоспар

І тарау. Антикалық философия

1. 1. Классикалық философия

1. 2. Аристотель

1. 3. Аристотель философияның қарастыруы

ІІ тарау. Орта ғасыр философиясы

2. 1. Философия ілімінің негізгі үш кезеңі

2. 2. Оккам, Уильям

2. 3. Жасалған еңбектегі

1. 1. Классикалық философия

Классикалық философия - антика философиясының екінші кезеңі. Ол Сократтың есімімен (б. д. д. 469-399 жж. ) тығыз байланысты болғандықтан, «Сократтан кейінгі» немесе «классикалық кезең» деп аталады. Сократ жазбаша еңбектер қалдырмаған, оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдің еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікірталастырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа, тың білімге сендіруге тырысты. Оның қағидалары: «Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін» және «Өзіңді өзің танып-біл». Киниктер философиясының («Киносарг» деп аталған гимназияның атымен аталып кеткен, аудармасы - «көреген ит») негізін қалаушы Антисфеннің (б. д. д. 444-368 жж. ) пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Антисфен өзінің ұстазы Сократтың рақымшылық, ізгілік, басқа туралы ілімін ілгері қарай жалғастырып, түкке тұрмайтын құндылығы жоқ байлық, денсаулық, т. б. сияқты игіліктермен салыстырғанда, рақымшылық - ең құнды және жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Себебі, адам өзінің негізгі мақсаты бақытқа тек рақымшылық арқылы жетуге болады. Рақымшыл болу үшін ол туралы көп сөздің, немесе көп білімнің қажеті жоқ, ол - тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді. Материалдық тұрмыс қасиеттерін елемей, қоғамда қалыптасқан әдет-дәстүрлерді мысқылдай отырып, нағыз данышпандық, рақымшылық, бақытты іздеген Антисфеннің ізбасары Диоген Синопский (б. д. д. 412-323 жж. ) киниктердің этикалық ілімін өз өмірінің негізгі қағидасы етіп қабылдаған, осыған байланысты өзінің артынан көптеген анекдотқа ұқсас әңгімелер қалдырған ойшыл. Мысалы, ол туралы замандастары былай дейді. Бірде, базар алаңында, бөшкеде отырған Диогеннен Ұлы Александр сіздің қандай өтінішіңіз болса да орындауға әзірмін деп сұрағанда, ол - күнді қалқаламаңыз деп жауап беріпті. Ол өте кедей тұрғанына қарамастан, киниктердің түсінігінше рақымшылыққа, бақытқа, шынайы бостандыққа жеткізбейтін адамдардың кемшіліктерін сынап, ляззатқа деген құмарлықты жек көрудің өзі - ляззат деп уағыздаған. Тал түсте фонарь ұстап базар алаңында «халық-көп, адам аз екен» деген сөзі осы пікірді нақтылайтын сияқты.

1. 2. Аристотель

Ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Фракңиядағы Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жанда жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталды) ашты.

1. 3. Аристотель философияның қарастыруы

Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні - «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады.

Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі - Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ.

Антикалық философияның үшінші кезеңі римдік -эллиндік кезең ( б. д. д. 3ғ - б. д. 6ғ. ) . Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай «Эллиндік дәуірдің» өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы боды.

Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан-жақты таралып, қанат жая өркендеп өсуі- сол замандағы адамдардың өз өмірдерін жақсартуға деген құлшыныстарына да байланысты болды, өйткені, олар «қалай өмір сүру керектігін» білу үшін, «данагөй» болуға тырысты. Соған орай философия жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола бастады. Қалаған мектебінен, ұстазынан білім алатын жағдайға жетті, себебі әртүрлі философиялық мектептер қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа ие болған философиялық мектептер қатарына стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді жатқызкға болады. Мүмкін, Сіз, философияның барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы білетін шығарсыз, бірақ қайсысын таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде қолданатын болғандықтан. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі мәселе сол кездегі негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа жетудің жолын емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады деген мәселенің шешімін іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген стоик, эпикуршыл және скептиктер секілді ағымдар өздігінше жауап беруге тырысты.

Сіздің басыңыздан мынадай жағдай өтті ме: жақсы не жаман сәттер, оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз осы жағдайларға салқынқандылықпен қарап, тіпті назарға аудармайсыз. егер солай болса, онда сіз Стоиксіз. Сіз стоик ретінде болып жатқан барлық құбылыстармен оқиғаларға билік етіп, оларды қалағаныңызша өзгерте алмайтындығыңызды түсінесіз. Ал, қаншалықты билігіңіз жүрмегендіктенде, болған істі өзгертуге тырысудың қажеті жоқ.

Стоиктер («стоя») мектебі. Аталған мектептің негізін салған Китиондық Зенон. Өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Стоиктердің басты идеясы - сыртқы дүниенің түрлі әсерлерінен құтылу болды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін философтар табиғатпен бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті жақтады. Жағымсыз әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту керек, жағымсыз, жан дүние - өтпелі, сондықтанда одан құтылуға асығудың қажеті жоқ.

2. 1. Философия ілімінің негізгі үш кезеңі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты
Сократ философиясы
Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
Көне дәуір философиясы
Ежелгі философия туралы
Антика философиясы
Антикалық философия жайында
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасуы және зерттеу обьектілері сипаттаңыз
Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті.Византия мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz