Ноқат дақылының сорттары


АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
C. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Мал азық дайындау» пәні бойынша
СӨЖ
Тақырыбы: Ноқат дақылын тұқымға өсіру технологиясы
5В080100 - Агрономия мамандығының 17-02 топ студенті:
Мухамедия Бақыт
Тексерген
Нұр-Сұлтан, 2019
Мазмұны:
- ҚР-да ноқат дақылының таралуының статистикалық көрсеткіштері
- ҚР бойынша ноқат дақылының егістік алқаптары
- ҚР бойынша ноқат дақылының түсімі
- Ноқат дақылының сорттарыМорфологиялық ерекшеліктеріСорттары
- Ноқат дақылын зертеу жүргізген Қазақстанның ғалымдары
- Ноқатты өсіру технологиясыНоқат дақылының алғы дақылыТопырақ өңдеуТұқымдарды себегу мерзімдері мен тәсілдеріӨнім жинау
- Қорытынды
Кіріспе
Қазіргі таңда, әлем нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін әрбір тәуелсіз мемлекет өзін-өзі азық-түлікпен, минералды шикізаттармен, экономикалық тұрақтылықпен және басқа да аспектілерді жүз пайыз қамтамасыз етіп, мемлекет қорын толтырып, сонымен қатар экспорт дәрежесін жылдан-жылға артыру қажет. Сол себептен мемлекет тарапынан әр қажеттілік нысандарын қанағаттандыру үшін өз саласы құрылды. Мысалы, азық-түлікпен - ауыл шаруашылығы; қаражатпен - экономика және тағы басқа бағыттар.
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығына соның ішінде агрономиялық салаға аса үлкен зер салуда. Осыған орай, мемлекет қорынан милиондап қаржы бөлініп, нәтижелері соңғы мәлімдер бойынша ауыл шаруашылық министірілігі «2019 жылғы І тоқсандағы Қазақстанның өндірілген жалпы ішкі өнімі 13180857, 2 млн. теңгені құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің өзгеру қарқыны 3, 8% өсті» деп хабарлады (Статистика комитеті 1-кесте, 2019ж) . Соның ішінде, үздік көрсеткіш көрсеткен Алматы қаласы - 20, 6%, ал ең аз үлесті Солтүстік-Қазақстан облысы 1, 6% көрсетті.
Негізгі ұсынылып отырған жұмыстың мақсаты бұршақ тұқымдасына жататын, ноқат дақылын тұқымдыққа қолданысы жайлы ақпарат жиытығы. Дақылдың егіс алқаптары, кең тараған сорттары мен гибридтері, морфологиялық пен биологиялық ерекшіліктері және негізгі өсіру технологиясы туралы жазылды.
- ҚР-да ноқат дақылының таралуының статистикалық көрсеткіштері
Қазіргі таңда ҚР-да статистикалық көрсеткіштерде ноқат дақылын жалпы бұршақ дақылы реттінде алынды. Алдағы қарастырылатын мәліметтер жалпы бұршақ дақылы ретінде қарастырылады. Дақылдың таралу көрсеткіштерін анықтау үшін статистика мәліметтерін енгізілді.
1. 1 ҚР бойынша ноқат дақылының егістік алқаптары
Соңғы бес жылдың ішінде жалпы бұршақ дақылдарының өсіру алқаптары бойынша әр түрлі деңгейде болды. 2014 - 2018 жылдар аралығында деректеріне сүйенетін болсақ:
- 2014 жылы Қазақстан Республикасы бойынша дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақ дақылдарының анықталған егістік алқабы15 291, 5 мың гектар
- 2015 жылы14 982, 2 мың гектар
- 2016 жылы15 982, 2 мың гектар
- 2017 жылы15 403, 5 мың гектар
- 2018 жылы15 150, 0 мың гектарнәтижелері бар(Статистика комитеті 2-кесте, 2019ж) .
Егер де жалпы 1990 - 2018 жылдардың анықтамаларын зер салатын болсақ, онда Қазақстан Республикасында ноқат және бұршақ дақылдарының таралу егіс алқабтары төмендеу регрессиясын көреміз. Оны статистика комитетімен ұсынылған график түрінде көруге болады. [1]
1-график. 2012 - 2017 жыл негізгі а/ш-ның дақылдардың егіс алқабы
Еліміздегі егістік алқабы ірі көлемді болып үштікке кіретін және алдыңғы қатарда орналасқан Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай. Осы аймақтардың дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақ дақылдарының егіс танаптарының соңғы бес жылдағы орташа көлемдері: Солтүстік Қазақстан - 4 800, 0 мың га; Ақмола - 4 763, 6 мың га; Қостанай - 4 519, 8 мың га.
- ҚР бойынша ноқат дақылының түсімі
ҚР - сы бойынша негізгі дақылдардың нақтырақ айтқанда дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты дақылдар (тазалағаннан кейінгі салмақта) жалпы мөлшері: 2014жылы - 17 162, 2; 2015 жылы - 18 672, 8 тонна; 2016 жылы - 20 634, 4 тонна; 2017 жылы - 20 585, 1 тонна; 2018 жылы - 20 273, 7 тонна.
Қазақстан Республикасы бойынша дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақ дақылдарының анықталған егістік алқабтарынан алынған түсім соңғы бес жылда: 2014 жыл - 11, 7ц; 2015 жыл - 12, 7ц; 2016 жыл - 13, 5ц; 2017жыл - 13, 4ц; 2018жыл - 13, 5ц. Орташа түсімі 1 га/ ц - 13ц. (3-4 кесте)
Жоғарыда қарастырылған мәліметтер қолана отырып, егіс алқабы азайғанымен түсім мөлшері бір қалыпты болуда. Оны график түрінде карастырсак болады:
2 - график. Түсім
- Ноқат дақылының сорттары
Егіншілік шаруашылығында қолданылатын дақылдарынан жоғары өнім алу үшін агротехникалық, химиялық және биологиялық қорғау шараларынан басқа, себуге алынған тұқымның сапалы болғанына байланысты.
Ноқат Cicer туыстығына жатады және ол 30-дан астам түрді біріктіреді. Дақылда кең тараған түрі - мәдени ноқат латынша Cicer arietinum.
Қазіргі кезде ноқат тұқымының бірнеше кең тараған сорттары бар. Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген ноқаттың сорттары: Краснокутский 123; Юбилейный. 1967, Камила 1255, 2000.
Краснокутский 195 . Сорт Краснокутск селекция станциясында жеткілікті тұқымнан өсіріліп шығарылған. Транскауказико түр тармаңғына жатады, тұқымы қызғылт сары, аралық формалы келеді. Бұтасы тік, жатып қалғыш емес. Өсімдігі аласа, биіктігі жыл жағдайына қарай 25-40 см дейін барады. Тұқымының ірілігіи орташа (1000 дәнің салмағы 235-190г, кейде 270г дейін), ондағы белоктың мөлшері орта есеппен 26-27, 8% болады. Сорт орташа иерзімде піседі, еккеннен бастап, толық піскенге дейінгі кезеңнің ұзақтығы 70-80 күн. Қуаншылыққа, аурылармен зиянды жәндіктердің залалына төзімді. Орташа өнімді, Семей облысының учаскісінде гектарынан 14-16, 8 ц дейін өнім береді. Негізінен Семей облысында аудандастырылған.
Юбилейный . Бұл сорт Краснокутск селекция станциясында. № 1881 х № 433/93 сорттарын будандастыру арқылы алынған. Авторы: Е. Е. Малинина. Сорттың қасиеті Краснокутский 195 сәйкес келеді. Бір ерекшелігі белогы молырақ, әр гектарынан 3-7, 6 ц артық өнім береді. Пісу мерзімі 90 - 100 күн.
Волжанин. Жатаған емес тығыздау өсетін куст, биіктігі 35 - 70 см. Жапырақтары сопақша. Бұршақтары домалақ немес сәл бұрышты, сары түсті. Вегетация кезеңі 71 - 101 күн. Сорт селекциясының негізгі мақсаты ірі дәнді бұршақтарды алу болып келеді. Құрғақшылыққа төзімді, тұрақтылығы төмен.
Камила 1255. Вильямс В. Р. атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ мен Өзбек астық ҒЗИ-ты бірлесіп шығарған. Өсіп-даму кезеңінің ұзақтығы тәлімі жерлерде 100, ал суармалы жағдайда - 120 тәулік, жапырылмайды. Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
Волгоградский 10. Сорт орташа мерзімде піседі. 1990 жылдан Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Жаңалық. Орташа мерзімде піседі. 2010 жылдан Оңтүстік Қазақстан облысында пайдалануға рұқсат етілген. Икарда 1. Орташа мерзімде пісетін сорт. 2007 жылдан Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
2. 1 Морфологиялық және биологиялық белгілері
Морфологиялық ерекшеліктері . Мәдени түрдегі өсімдігінің биіктігі 20-700см, сабағы берік, жапырылмайды. Кіндік тамыры топыраққа терең бойлайды, гүлдері жекелеген, ұсақ, әдетте ақ түсті. Жемісі-1-2 тұқымды, қысқа, қампиған бұршақ. Тұқымдары домалақ, сәл сүйір бұрышталған, тұмсықты, қойдың немесе жапалақтың басына ұқсас.
Биологиялық ерекшеліктері. Ноқат асбұршаққа қарағанда жылылықты, әсіресе, гүлдену және пісу кезеңінде, көп тілейді. Тұқымдары +3-4 0 С температурада өне бастайды. Қолайлы температура +16-18 0 С, егін көгі 9-10 күн дегенде пайда болады. [2]
- Ноқат дақылын зертеу жүргізген Қазақстанның ғалымдары
Жылдан-жылға атмосфера қабаты және биосферада түрлі өзгерістер болуда. Соның бірі ауа райының жаппай жылуына байланысты ауыл шаруашылық дақылдарының қуаңшылыққа төзімділігін арттыру қажеттілігі туындап отыр. Қоршаған ортаның құбылмалдылығы мәдени өсімдіктерде өнім сапасының төмендеуі бақалып жатыр. Осы мәселені көтерген ауыл шаруашылығы ғылымдарының канидаты А. Э. Хидиров өз мақаласында жазған болатын. «Өзге дәнді-бұршақты дақылдармен салыстырғанда ноқат - қуаңшылыққа төзімділігімен тікелей жинауға бейімділігімен, құрамындағы белоктың көптігімен ерекшеленеді. » деп ноқаттың негізгі биологиялық ерекшелігін айтып кетті (Жаршы журнал, 2011) . [3]
Жалпы ноқат дақылының жақсы өсуіне негізгі талап ол - егістік алқабының тазалығы. Кислов А. В және Васильев И. В. өз мәліметтерінде « . . . дақыл вегетациялық кезеңнің басында баяу өсіп дамитындықтан арамшөптерге қарағанда бәсекелестігі төмен» баяндайды (Минимализация оброботки почевы под нут на Южном Урале//Земледелие, 2006) . [4]
А. Э. Хидиров жоғары әрі сапалы өнім алу үшін ноқат өсірумен жаңадан айналыса бастаған шаруа қожалықтары дақылды себер алдында оның тұқымын Резоторфинмен өңдеп, микротыңайтқыштар қолдануы қажет. Сонымен қатар, А. Э. Хидиров ноқаттың нормасына байланысты « . . . ноқат тұқымының өздік құны қымбаттығы мен табу қиындықтарын ескерсек, гектарына 80 -100 кг/га өнгіш дәнді кең қатарлы және екі қатарлы - ленталы әдіспен себу ұсынылады. Вегетация кезінде 1 -2 рет өсімдік қатар аралық өңдеу жұмыс жүргізіледі. » шешім қабылдайды. (Жаршы журнал, 2011) .
Дақылдың өнім сапасы жайлы А. Э. Хидиров «Ноқатты малазықтық бағытта өсіру және оның құндылығын бағалауда дақыл құрамындағы протеин мөлшеріне ерекше көңіл бөлу керек» (Жаршы журнал, 2011) . А. Э. Хидиров зерттеу нәтижесінде топырақты өңдеу арқылы ноқат дақылында протеин мөлшері артатыны растады. Нәтижелері бойынша сүдігерді күзде 20-22см тереңдікке сыдыра өңдеуден ноқат құрамындағы протеин мөлшері 25, 1 % құрады.
- Ноқатты өсіру технологиясыНоқат дақылының алғы дақылы
Ауыспалы егістердің астық тұқымдас дақылдарымен қанығу мәселесі дақылдарды таңдаудағы таршылық құрғақшыл климат жағдайларында өткір тұр. Нәтижесінде дәнді дақылдар аңыз алғы дақылдар бойынша себіледі және соның салдарынан аурулармен, зиянкестермен арамшөптермен мәселелер туындайды. Заманауи экономика ауыспалы егісте дәнді дақылдардың кезекпен өсірілуінің тұйық шеңберін бұзатын және сүрі жерлерді күту сияқты өте қымбат шарадан бас тартуға мүмкіндік беретін дақылды іздестіруге мұқтаж етеді. Құрғақшыл жағдайларда сүрі жерді алмастыра алатын дақыл қажет. Және ол дақыл тек жақсы алғы дақыл ғана бола қоймай, тұрақты пайда беру керек. Құрғақшыл жағдайларда осындай дақылдардың бірі ноқат дақылы бола алар еді. Ноқат дақылы - құнды бір жылдық дәнді бұршақ тұқымдас дақыл. Ол барлық дәнді бұршақ тұқымдас дақылдары арасында ең жоғары қоректік құндылығымен, дәрумендер мен басқа биологиялық құнды заттардың көп мөлшерімен сипатталады. Бұл тағамдық және мал азықтық мақсаттарға пайдаланылатын ноқат дақылының дәніне үлкен сұраныс тудырады. Сонымен қатар ноқат дақылын бұршақ тұқымдас дақылы ретінде ауыспалы егіске енгізу топырақты азотпен байытуға (ноқат дақылының өнімін жинағаннан кейін әр гектарда 50 кг-ға дейін азот қалады) және барлық дәнді астық тұқымдас дақылдары үшін өте жақсы алғы дақылға ие болуға мүмкіндік береді. Онымен бірге мұндай ауыспалы егістердегі мәселе астық тұқымдас арамшөптері болып табылады. Ноқат дақылы - астық тұқымдас дақылы емес, жалпақ жапырақты дақыл, оны ауыспалы егіске енгізу біржылдық және көпжылдық астық тұқымдас арамшөптерімен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Ноқат дақылы алғы дақылдарға талапты емес. Дақылды орналастырғандағы басты жағдай - арамшөптерден таза танаппен қамтамасыз ету, ноқат дақылы арамшөптермен ластануға төзе алмайды. Сондықтан ноқат дақылы өсірілетін анаптымүмкіндігінше ертерек таңдап, оны күзден дайындау керек. Алдымен көпжылдық тамыр сабақты арамшөптерінен міндетті түрде арылу керек. Өсіп-өну кезеңінде бұны істеу мүмкін емес - осы кезге дейін ноқат дақылын қорғауға арналған бірде-бір тіркелген өскін үстімен өңдейтін гербицид жоқ. . Өз кезегінде ноқат дақылы көптеген ауыл шаруашылығы дақылдары үшін өте жақсы алғы дақыл болып табылады. Ноқат дақылынан кейін өсірілетін дақылдың өнімділігін негіздейтін басты критерий бұл пайда болған түйіндер мөлшері. Топырақта бактериялардың мөлшері жеткілікті болғанда және олардың дамуына өте жақсы жағдайлар болғанда (оңтайлы ылғалдылық, аэрация) келесі дақылдың өнімділігі артады. Ноқат дақылы танапты ерте босатады, сондықтан топырақты дайындауға және ылғалды жинауға қолайлы жағдайлар тудырады. Ноқат дақылын жоғары экономикалық эффект беретін күздік бидай - ноқат - күздік бидай ауыспалы егісінде орналастырған дұрыс. Аскохитоз және фузариоз қоздырғыштары болған жағдайда ноқат дақылын бір танапта төрт жылда бір рет қана орналастыру керек.
- Топырақ өңдеу
Ноқат дақылына топырақты өңдеу алғы дақылды қопсытуды, терең жыртуды, сүдігерді күздік тегістеуді және ерте көктемде ылғалды жабуды жүргізуде жатыр. Алғы дақылды жинағаннан кейін-ақ аңызды қопсыту немесе сыдыра Жырту өте маңызды. Топырақтың арамшөптермен ластануына байланысты сыдыра жыртуды 6-8 немесе 12-14 см тереңдікке жүргізеді. Танап көп жылдық арамшөптермен ластанса, оны 12-15 өңдеп отыру керек. Қопсыту кезінде жақсы аэрация жүреді. Сыдыра өңдеу кезеңінде 0 -100см тереңдік ылғалға толы болады. Арамшөппен күресу шаралар тамыздың соңы - қыркүйектің басы жақсы болады.
- Тұқымдарды себегу дайындық
Тұқымды себерден 3-4 апта бұрын, 3-5 кг/т мөлшерінде ТМТД препаратымен дәрілейді, ал себетін күні нитрагинмен өңдейді. Ноқат дақылының тұқымдары жоғары өнгіштігіне және өсу қуатына ие болуы керек, құрғақ, арамшөптер дәндерінен және механикалық қоспалардан таза болуы керек. Тұқымдардың жоғары ылғалдылығы жағдайында оларды ауа-жылу өңдеу керек. Тұқымдарды себуге дайындаудың маңызды шараларының бірі - дәрілеу. Ол аскохитоз, тамыр шіріктері, афиномикоз, фузариоз, антракноз, және топырақта тіршілік ететін зиянкестерге қарсы күресу үшін тиімді. Тұқымдарды себер алды өңдеу үшін ТМТД, 80%-тік дымқылдандырғыш ұнтақ (д. ұ. ) тоннаға 3-4 кг мөлшермен, фундозол, 50%-тік д. ұ. - 3 кг/т, тигам, 70%-тік д. ұ. - кг/т қолданылады. Өскіндердің толықтығын арттыру, өнімділікті арттыру мақсатында тұқымдарды 1% молибден- қышқыл аммониймен, 250-270 г/га шығын мөлшермен биопрепараттармен өңдеу жүргізіледі. Тұқымдарды ПСШ-5, ПС-10 машиналарында 1 т тұқымға 5 л су қосу арқылы жартылай құрғақ тәсілмен дәрілейді.
Ноқат өсімдіктері Rhizobiumsymplex түрі бактерияларымен симбиозға кіруге қабілетті және биологиялық азоттытіркеу арқылы вегетацияда атмосферадан 80-150 кг/га азот игеруге қабілетті, осылай азот тыңайтқыштарын қолданбай-ақ 20-25 ц/га дән өнімін қамтамасыз ете алады. Өнімді жинағаннан кейін биологиялық тіркелген азоттың 30% тамыр және егіс қалдықтарында қалады және келесі дақылдар пайдаланады.
- Тыңайтқыштар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz