Әлеуметтік жұмыстың кәсіби ерекшелігі
Қ.А.Авсыдыкова
А.М.Чинасилова
Әлеуметтік жұмыс теориясы
Оқу құралы
Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық баспа кеңесі шешімімен ұсынылған
Пікір жазғандар:
PhD Беймишева Айгүл Сейтжанқызы
PhD Омарова Әсем Тұрдыбекқызы
Оқу құралында әлеуметтік жұмыс теориясының даму тарихы мен қалыптасу кезеңдері туралы қысқаша талдау жасалып, әлеуметтік сипаттама берілген. Әлеуметтік сала мен әлеуметтік іс-әрекеттің ерекшелігі жөнінде жүйеленген теориялық білім қарастырылған. Бұл еңбек студенттер мен магистранттарға, оқытушыларға, және халықтың аталмыш санатының проблемаларына назар аударушы оқырмандарға арналған.
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз
1. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ТЕОРИЯСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІ РЕТІНДЕ
3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЖҮЙЕЛІЛІК СИПАТЫ. ӘЛЕУЕМТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ 12
4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
5. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСКЕРДІҢ КӘСІБИ МЕН КОНЦЕПЦИЯСЫ
6. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСКЕР МЕН ІЛИЕНТТІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
7. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАҒЫ КӘСІБИ ҚАТЕР
8. КЛИЕНТТІҢ ТҰЛҒАСЫН ЗЕРТТЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТЕОРИЯЛЫҚ АМАЛДАР
9. шетелдік тәжірибедегі ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
10. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ БАСҚАРУ
11. Әлеуметтік жұмыс тиімділігі (теория-әдістемелік аспектілері) ... 113
12. Отбасының әлеуметтік мәселелеріӘлеуметтік геронтологияЖұмысбастылық саласындағы әлеуметтік жұмысқамқоршылық және қорғаншылықҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Алғы сөз
Әлеуметтік жұмыс теориясы оқу пәні негізгі базалық курс болып саналады және басқа пәндермен сабақтасып байланысады. Аталмыш пән көлемінде студентер әлеуметтік жұмыстың маман ретінде және ғылыми пән ретінде теориялық білімдері мен біліктіліктерін қалыптастырады. Пәнді зерттеу барысында басқа пәнаралық циклдік байланыса отырып, әлеуметік жұмыстың ауқымды мәселелерін түсіне бастайды. Курс мазмұны әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдіснамалық аспектілерін толық игеруге мұрындық болып, жалпы әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындауда теориялық білімдерімен қамсыздандырады.
Курс мазмұнында әлеуметтік жұмыстың алғашқы тарихи қалыптасу кезеңдерін, әлеуметтік жұмыстың теориялық әдіснамалық негіздерін оның орны мен әлеуметік саяси құрылымын, әлеуметтік жұмыстағы әртүрлі бағыттарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін және әлеуметтік жұмыс саласындағы кадрлық мамандарды дайындау үрдісін іске асырады.
Әлеуметтік жұмыс мамандарына арналған типтік оқу бағдарламасында әлеуметтік жұмыс теориясының базалық білімдерімен қамсыздандырылып, олардың кәсiби дайындығы үшiн қажеттi дағдыларын қалыптастырудағы біліктілікті логикалық бірізділікпен, жүйелі тұрғыдан қарастырылған. Алдыңғы пәндерді зерттеу контексінде қарастырылғандай әлеуметтік жұмыс теориясының мәселесімен бірге сабақтасады: Социология, Философия, Қазақстан тарихы. Пәнді зерттеу кезеңінде білімі, іскерлігі дағдысы тізіміне кіретін пәндер: Әлеуметтік жұмыс теориясы, жалпы және әлеуметтік психология, Мамандыққа кірісп, Әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикалық негіздері.
Әлеуметтік жұмыс теориясы курсы әлеуметтік жұмыс маманы мен ғылыми мәселелерді зерттеудің жеке саласы ретінде. Әлеуметтік жұмыс теориясы пәні әлеуметтік саясат теориясы, саясаттану, социология, экономика теориясымен және басқа да ғылымдармен байланысы.
Пәннің зерттеу объектісі - өзіндік даму контексіндегі социум; пәні - қиын жағдайға душар болғандарға топтар мен жекелеген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсетудегі пракатикалық әрекетін қолдану және әлеуметтік жұмыстың ғылыми мазмұн саласы ретінде.
Пәнді зерттеу мақсаты - әлеуметтік жұмыс теориясын студенттердің теориялық - әдіснамалық негіздерін жүйелілікпен игеру, әлеуметтік жұмыстың әдістері мен бағыттарын меңгеру және әлеуметтiк жұмыстың теориясының қолданбалы сипатын терең түсiну негiзін тұтастық тұрғыдан қалыптастыру.
Міндеттері: - студенттерге әлеуметтік жұмыс саласындағы теориялық негіздерге білім жүйесін ұсыну;
- әлеуметтік жұмыс теориясын білім берумен қамсыздандырудағы әлеуми-гуманитарлық білім берудің қазіргі жағдайы;
- ауқымды ғылыми ақпараттарға интепретация жасаумен іскерлікті қалыптастыруға ықпал жасау; әлеуметтік жұмыстың жекелеген бағыттары бойынша әлеуметтік бағдарламаларды жобалау;
- болашақ мамандық бойынша студенттерді тұтас және құндыдылықты қатынас жасауға үйрету, қайырымдылық пен мейірімділікке балу.
Пәнді зерттеудің әдістері болып табылатындар: дәрістік, іскерлік ойын, эксперимент, ғылыми-іздену т.б.
1 тақырып. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ТЕОРИЯСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
Қазақтан қоғамының дамуының заманауи сатысындағы әлеуметтік жұмыс мәселесінің өзектілігі
Қазіргі жағдайда ондаған миллион адам (зейнеткерлер, мүгедектер, жетім балалар, босқындар және т.б.) жедел әлеуметтік көмекке және қорғауға мұқтаж.
Дүниежүзінде және Қазақстанда әлеуметтік жұмыстың елеулі тәжірибесі жинақталған. Бұл тәжірибе талдауды, жинақтау мен жалпылауды қажет етеді. Тұрғындармен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген, дәйекті тұжырымдамасын қалыптастыру және әлеуметтік технологияларды, әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің түсінікті, дәлелді тәсілдерін жетілдіру қажет.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес, көптеген елдерде әлеуметтік жұмыскерлердің қызметі болмаса, әлеуметтік даму бағдарламалары жасалмайды және мемлекеттің әлеуметтік саясаты қалыптаспайды. Бұл саладағы мамандар заңнамалық актілерді дайындауға, жергілікті билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың шешімдерін қабылдауға сарапшы ретінде кеңінен қолданылады.
Тәжірибеге сүйенсек адамдар не өздер, не отбасы мүшелері, не достары және көршілері, тіпті шенеуніктер шеше алмайтын мәселелерге тап болады. Бұл мәселені шеш үшін арнайы кәсіп мамандары - әлеуметтік жұмыскерлер талап етіледі.
Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде
Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде әлеуметтік сала мен ерекше әлеуметтік қызметтің шынайылық туралы объективті білімін әзірлеу және теоретикалық жүйелендіру қызметін атқаратын адами қызмет саласын құрайды. Әлеуметтік қызметті әлеуметтік субъектілердің (тұлғалар, отбасы, топтар мен таптардың) мәселелерін шешуге бағытталған түрлі ұйымдардың (мемлекетті, қоғамдық, жеке), мамандар мен белсенділердің кәсіби және қоғамдық қызметі ретінде қарастырсақ болады. Қазіргі таңдағы қолданыстағы әлеуметтік жұмыстың түрлері мен әдістерін талдау, жоғарыда аталған әлеуметтік жұмыс объектілерінің мәселелерін шешуге бағытталған оңтайлы әдістер мен технологияларды әзірлеу- әлеуметтік жұмыстың ғылыми пән ретіндегі ең негізгі міндеттерінің бірі.
Біздің елде әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде даму үдерісінің қалыптасу сатысында тұр. Соңғы жылдарда еліміздің бірнеше ЖОО әлеуметтік жұмыс кафедралары ашылды, сонымен қатар әлеуметтік жұмыстың Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты жұмыс жасайды, әлеуметтік жұмыстың теориясы мен әдістемесі туралы көптеген кітаптар мен оқу құралдары дайындалды және басып шығарылды.
Әрбір ғылым теориялық және эмпирикалық білімнің, әдістеменің (техника) және әдістердің бірігу болып табылады. Ал әлеуметтік жұмыстың ғылыми пән ретіндегі басты ерекшелігі білім мен дағдылардың тұтастығы болып табылады. Бұл әлеуметтік жұмыстың негізге алатын қағидасы. Жоғарыда аталған тұтастық болмаса әлеуметтік жұмыс ғылымы да адамдардың өмірі үшін маңызды салада қызмет атқаратын әлеуметтік жұмыскерлер де болмайтын еді.
Заңдылықтар, принциптер мен әдістер әрбір ғылымның ажырамас бөлігі болып табылады. Арнайы оқу құралдарында әлеуметтік жұмыстың заңдылықтарын екіге бөліп қарастыруды ұсынады: 1) әлеуметтік жұмыс субъектісінің дамуы мен жұмыс жасауының заңдылықтары 2) әлеуметтік жұмыстың объектісі мен субъектісінің арасындағы байланысты көрсетуші заңдылықтар.
Әлеуметтік жұмыс теориясының принципі ретінде келесілерді қарастырамыз:
Жалпыфилософиялық принциптер: детерминизм, даму.
Әлеуметтік ғылымдарға ортақ принциптер: тарихи, әлеуметтік келісу, әлеуметтік маңыздылық.
Әлеуметтік жұмыстың ерекше принциптері (жұмыста құпиялылықты сақтау; барлық әлеуметтік қызмет көрсету түрлерінің бірізділігі; адрестік, профилактикалық бағыттылық, әлеуметтік бейімделу мен сауықтыру барысында көмек көрсету) жатады.
Әлеуметтік жұмыстың маңызды принциптері- гуманизм, әділеттілік, альтруизм, жеке және топтық қызығушылықтарды үйлестіру, өзін-өзі қамтамасыз ету.
Психология- педагогикалық принциптері- модальдылық, эмпатия, аттракция (тартымдылық), сенімділік.
Әдістемелік принциптері- жіктелген амал, сабақтастық, бірізділік, үздіксіздік, біліктілік.
Ұйымдастырушылық принцип- жалпылық, кешенділік, делдалдық, ынтымақтастық, субсидарлық (көмек көрсету)
Әдістер- әлеуметтік жұмыстағы амал- тәсілдер мен операциялардың жиынтығы.
Әлеуметтік жұмыста қолданылатын көптеген әдістер пәнаралық болғандықтан бұл әлеуметтік жұмыстың қызмет түрі ретіндегі әмбебаптылығын білдіреді. Сондықтан, әлеуметтік жұмыстың сипаттағанда оларды экономикалық, құқықтық, саяси, әлеуметтік- психологиялық, медико-әлеуметтік, ұйымдастырушық, басқарушылық және т.б. деп бөліп қарастырады.
Әлеуметтік жұмыстың әдістері көп жағдайда әлеуметтік саладағы міндеттерге жету мақсатында ғылымның теоретикалық тұжырымын қолданатын әдіс ретінде түсіндірілетін жалпылама әлеуметтік технология ұғымының қатарында да қолданылады.
Курстың негізгі ұғымдары мен категориялары
Әлеуметтік жұмыстың ғылыми және оқу пәні ретіндегі пәнаралық сипаттамасы әлеуметтік жұмыстың тұжырымдамалық- категориялық аппаратын анықтау кезінде өз ықпалын тигізеді, себебі әлеуметтік жұмыстың тұжырымдамалық- категориялық аппараты әлеуметтік пен психологиялық ұғымдарға бай.
Әлеуметтік жұмыстың теория курсының негізгі ұғымдары мен категорияларын қарастырып өтейік. Бәрінен бұрын бұл әлеуметтік жұмыс ұғымы және осы ұғымға мағынасы жағынан жақын әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік көмек және т.б. ұғымдар жатады.
Әлеуметтік жұмыс- қоғамның барлық аясындағы әлеуметтік таптардың, топтардың және жеке тұлғалардың өмір сүруі мен өз қызметтерінің атқару процесіндегі тұлғаның субъективті рөлін оңтайландыру.
Әлеуметтік қорғау- қоғамның немесе басқа да құрылымдардың тұлғаның өмір сүруі мен өз қызметтерін атқаруына қажетті кепілденген минималды өмір сүру деңгейімен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүйесі.
Әлеуметтік қолдау- бұл өмір сүру кезінде немесе өз қызметтерін атқару барысында көмекті қажет ететін қоғамдағы әлсіз әлеуметтік топтардың, жеке отбасылардың, тұлғалардың қалыпты өмір сүру деңгейін сақтап тұруы үшін бағытталған арнайы іс- шаралар жиынтығы.
Әлеуметтік көмек- әлеуметтік қызмет органдары көмегімен жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың және қоғамдағы түрлі топтардың өмірлік қиындықтарын жеңуіне және олардың әлеуметтік статусын сақтап қалуына, толыққанды қызмет атқаруын қаматамасыз ететін әлеуметтік іс-шаралар жүйесі.
Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қолдау , жалпы әлеуметтік жұмыс өз қызметін мемлекеттің әлеуметтік саясаты негізінде атқарады.
Курстың негізгі категориясының бірі болып тұлғаның, қоғамдық институттың, әлеуметтік топтың негізгі қызметтерін қайта қалпына келтіруге бағытталған әлеуметтік реабилитация ұғымы болып табылады.
Курстың негізгі ұғымының бірі болып тұлғаның өзін-өзі қамтуына қажетті қызметтерді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік кепілдік ұғымы болып табылады.
Әлеуметтік басқару - қоғамдағы қоғамдық өмірдің барлық қатысушыларының әлеуметтік жағдайын реттейтін және оларды қоғаммен байланыс субъектілері ретінде дамытуды қамтамасыз ететін қоғамдағы басқарудың бір түрі. Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру үшін әлеуметтік тәуекел тобына, девиантты мінез-құлыққа ұшыраған адамдарға, балалар мен қарттарға, халықтың нашар қорғалған топтарына қатысты ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік басқарудың мәнін, механизмін және негізгі компоненттерін анықтау өте маңызды.
Курстың келесі маңызды, негізгі тұжырымдамаларының бірі- әлеуметтік жұмыскер. Әлеуметтік жұмыскер- әлеуметтік жұмыс саласындағы маман; ол мамандық, әлеуметтік жұмыс саласындағы мамандықтар жиынтығы.
Тексеру сұрақтары:
1. Қазақтан қоғамының дамуының заманауи сатысындағы әлеуметтік жұмыс мәселесінің өзектілігі қандай?
2. Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі сипаттамасын беріңіз?
3. Курстың негізгі ұғымдары мен категорияларықандай?
2.Тақырып ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІ РЕТІНДЕ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЖҮЙЕЛІЛІК СИПАТЫ
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік жүйе және іс- әрекет ретінде
Әлеуметтік жұмыс көптеген іс- әрекет түрлерінің қатарына жатады. Әлеуметтік жұмыс деп өз проблемаларын шеше алмайтын және әлеуметтік көмек алуға мұқтаж топтарға көмек көрстеуге бағытталған жұмыс түрін атаймыз.
Кез-келген қызмет түрі және соның ішінде әлеметтік жұмыстың да әрбір элементі бір- бірімен органикалық жолмен байланысқан және өзге де элементтермен тығыз байланысты және өзіндік орынға ие құрылымы бар қызметтерді атқарады.
Әрбір құрылым өз кезегінде толық құрылымды құрайды, сәйкесінше әлеуметтік жұмыс та толық құрылымды құрайды.
Әлеуметтік жұмыстың құрылымы бір- біріне тәуелсіз, бірақ сонымен қатар қызмет етуі жағынан өзара байланысқан элементтерден тұрады. Ол- субъект, құрамы, басқару, объект және оларды өзара байланыстырушы құралдар, қызмет және мақсат.
Сызбалануы:
Құрамы
Мақсат
Басқару
Құрал
Объект
Қызмет
Субъект
Әрбір сызба зерттелуші тақырыптың негізгі мәнін жеңілдетеді, соныдықтан оған аса мән берудің қажеті жоқ. Бірақ ол зерттелуші тақырып туралы ақпаратты көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді, яғни сызбаның танымдық мәні де осыда. Құрамдас бөліктердің де реттілігі кездейсоқтық емес: объект сызбаның соңында орналасқанымен де жүйенің негізгі мәнін ашушы және маңызды сипатын білдіруші қызметтерді де атқарады, бірақ әрбір қызмет субъектіден объектіге қарай бағытталады.
Сондықтан да әлеуметтік жұмыстың сипаттамасын объектіден бастаған жөн.
Әлеуметтік жұмыс объектісі
Әлеуметтік жұмсытың объектісіне көмекке мұжтаж адамдар: қарттар, зейнеткерлер, мүгедектер, ауыр науқасқа шалдыққандар, балалар, қиын өмір жағдайына тап болған адамдар- қайғылы жағдайға тап болғандар, девиантты топтардың арасындағы жасөспірімдер жатады.
Жоғарыда әлеуметтік көмекке мұқтаж тұлғалар тобының барлығы толық қамтылмады. Бұл миллиондаған адамдардың әрқайсысы да өзіндік психика, ақыл, өмірлік жағдайлары бар қайталанбас тұлға. Ал бұл өз кезегінде әлеуметтік жұмыскерден аяныш сезімін, әдіптілікті, жанжақты білімді, іскерлікті, шыдамдылықты және өз жұмысына жан-тәнімен берілуді талап етеді.
Әлеуметтік жұмыстың субъектісі
Мұқтаж адамдарға көрсетілуі тиіс барлық қызмет түрлерін әлеуметтік жұмыскер атқарады. Әлеуметтік жұмыстың субъектісіне әлеуметтік жұмысты жүргізуші және басқарушы тұлғалар мен ұйымдар жатады. Субъект қатарына: әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы мемлекетті, Қызыл Крест, Қызыл Ай типіндегі қайырымдылық ұйымдарын, қоғамдық ұйымдар: балалар фондтары, Ресейлік әлеуметтік қызмет ассоциациясы, әлеуметтік педегогтар мен әлеуметтік жұмыскерлер ассоциациясы және офицерлер ұйымын және т.б. жатқызамыз.
Әлеуметтік жұмыстың негізгі субъектісіне әлеуметтік жұмыспен профессионалды түрде немесе қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырумен айналысатын тұлғалар жатады.
Профессионалды әлеуметтік жұмыскерлердің саны өте көп емес. Дүниежүзі бойынша профессионал әлеуметтік жұмыскерлердің жалпы саны 500 мың адамды құрайды. Жоғарыда аталған тұлғаларға ресми әлеуметтік жұмыскер маманы екендігін дәлелдейтін дипломдары бар. Ресейде соңғы жаылдаы қабылданған заңдық актілер негізінде мыңдаған әлеуметтік жұмыспен профессионалды түрде айналысатын мамандар дайындалған. Мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек көрсету барысында негізгі салмақ өмірлік жағдайларға байланысты әлеуметтік жұмыспен айналысатын, бірақ арнайы дипломы жоқ, профессионалды емес әлеуметтік қызметкерлерге түседі.
Әлеуметтік жұмыстың субъектісін айтқан кезде келесі жағдайды естен шығармаған жөн. Олардың арасында әлеуметтік жұмысты ұйымдастырумен айналысатын (ұйымдастырушылар немесе басшылар) және сонымен қатар тікелей әлеуметтік көмекті көрсетуші тұлғалар да бар. Оларды шартты түрде практик әлеуметтік жұмыскер деп айтсақ та болады.
Әлеуметтік жұмыстың мазмұні мен құралдары
Әлеуемттік жұмыстың мазмұны оның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ол тікелей әлеуметтік жұмыстың қызметінен келіп шығады. Әлеуметтік жұмыстың қызметіне: ақпараттық, диагностикалық, болжаулық, ұйымдастырушылық, психолого-педагогикалық, басқарушылық және практикалық көмек көрсету жатады.
Әлеуметтік жұмыскер өз қызметін объектісі туралы ақпаратты жинаудан бастайды. Оның жынысын, жасын, денсаулық деңгейін, өмірлік жағдайын, өмір сүруіне қажетті заттармен өзін-өзі қамтамасыз ете алу деңгейі, ауқаттылығы, отбасылық жағдайы, қоршаған ортасы, психикалық және мінезінің ерекшелігі және т.б. анықтайды. Бір сөзбен айтқанда ақпараттық жұмыспен айналысады.
Өзінің клиенттері туралы жиналған ақпарат негізінде әлеуметтік жұмыскер диагноз қояды: жасалуы тиіс жұмыс түрлерін, жалпы көлемін, өз қызметінің кестесін құрады, әдістерін таңдайды, физикалық және материалдық шығынның санын есептейді.
Диагнозбен қатар әлеуметтік жұмыскер өз қызметіне де диагноз қояды, яғни өзі жасауы тиіс жұмысты бағалайды: жұмыс жасауы оңай не қиын болатынын, қажетті көмекті көрсете алуы не ешқандай нәтиженің болмай қалуын, қандай ресми және бейресми ұйымдармен қарым-қатынасқа түсетінін және пациентпен қанша уақыт жұмыс жасау керек екендігін және т.б. болжайды.
Әлеуметтік көмек сипатына байланысты (мысалы, жалғыз пациентке әлеуметтік көмек көрсету немесе психологиялық стрессті жою) жұмыс жоспары жасалады, оның мазмұны мен практикалық көмек түрі анықталады. Әлеуметтік қызметкердің ұйымдастырушылық немесе практикалық қызметті атқаратындығына қарамастан ол басқарушылық іс-әрекеттермен де айналыса алуы да қажет. Әлеуметтік жұмысты басқару оның мазмұнының өте маңызды және қажетті компонентінің бірі болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс түрлі құралдардың көмегімен жүзеге асады. Құралдар деп мақсатқа жетуге арналған әдістер мен іс-әрекеттер жүйесі жатады. Әлеуметтік жұмыстың атқаратын қазметінің әртүрлілігі сәйкесінше оның құралдарының да көптүрлілігіне әкеледі. Олардың барлығын атап шығу өте қиын. Құралдарға автоқалам, арнайы бланктар, телофон, іскерлік байланытар, психотерапия әдістерін және т.б. жатқыза аламыз. Әлеуметтік жұмыскердің жұмысының нәтижелі болуы өз кезегінде тікелей оның пайдаланатын құралдарының көптүрлілігіне байланысты. Қандай да бір арнайы құрал тікелей әлеуметтік жұмыс объектісінің сипаты мен ерекшелігіне байланысты таңдалады.
Мақсат пен басқару әлеуметтік жұмыстың құралымдық элементтері ретінде
Әлеуметтік жұмысты басқару элементінсіз елестету мүмкін емес. Себебі ол өз кезегінде объект жағдайын бағалау, координация, ұйымдастыру, әлеуметтік- техникалық қамтамасыз ету, есеп және бақылау, әлеуметтік жұмыс кадрларын тағдау, оқыту және тәрбиелеу жұмыстарымен айналысады. Жоғарыда аталған қызмет түрлерін басқарушы және практикалық әлеуметтік жұмыскер де орандайды.
Аталған элементтер (объект, мазмұны, құралдар, басқару, субъект) әлеуметтік жұмыстың құралымын құрайды. Егер элементтер мақсатпен және функциямен біріккен кезде қызмет жүйеге айналады.
Мақсат- өзінің қызметі негізінде адам жеткісі келетін образ немесе үлгі. Әлеуметтік қызметкердің ең басты мақсаты - өз клиенттерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мақсат субъектінің барлық іс-әрекеттеріне бағынады, оған сәйкес мазмұн қалыптасады, басқару ұйымдастырылады, әлеуметтік жұмыс әдісі мен нысандары таңдалады. Мақсат әлеуметтік жұмыстың құрамдас бөліктерін біріктіру негізінде оларды бірыңғай жүйеге айналдыруы мүмкін.
Осылайша, егер біз әлеуметтік жұмысты арнайы қызмет түрі деп қарастыратын болсақ, онда ол мақсат, функция, субъект, мазмұн, құрал, басқару және объектден тұратындығын ескеруіміз қажет (алдыңғы сызба)
Әлеуметтік жұмыстың басқа әлеуметтік, қоғамдық жүйелермен байланысы
Әлеуметтік жұмыс басқа әлеуметтік жүйелермен (экономика, саясат, құқық, мәдениет, этика, экология, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.) тығыз байланысты ашық жүйені құрайды. Әлеуметтік жұмыс жүйесінің қоғам жүйесімен және басқа да жүйелермен байланыстылығын түсіну әлеуметтік жұмысты әлеуметтік мәдениеттің жоғары деңгейіне көтереді, қоғамды адамгершілікті қоғамға айналдырады, адамды қоғамдық өмірдің орталығына қояды, адамдарды ең жоғары деңгей ретінде қарастырады.
Әлеуметтік жұмыстың басқа да қоғамдық жүйелермен байланысын көрсететін сызба:
Басқа
қоғамдық Экономика Саясат
пәндер
Құқық Әлеуметтік жұмыс Этика
Экология Денсаулық сақтау Эстетика
Әлеуметтік жұмыс ұғымын жүйе ретінде қарастыру әлеуметтік жұмысты басқару мен практикалық ұйымдастыру үшін концептуалды және әдістемелік маңыздылыққа ие. Әлеуметтік жұмысты жүйе ретінде түсіну ұйымдастырушыларды бір жақтылықтан босатып, бізге әлеуметтік қызмет көрсетудегі қателіктерді алдын-ала болжауға және түзетуге, әлеуметтік жұмыс уақытын мәдениет пен тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Тексеру сұрақтары:
1. Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік жүйе және іс- әрекет ретінде ерекшелігін көрсетіңіз?
2. Әлеуметтік жұмыстың объектісімен субъектісі?
3. Әлеуметтік жұмыстың басқа әлеуметтік, қоғамдық жүйелермен байланысы қандай?
3 тақырып. ӘЛЕУЕМТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ
Әлеуемттік жұмыстың философиясы- бұл кəсіби қызметтің идеологиясы. Оның негізін әлеуметтік жұмыс ретінде қоғамдық мамандық ретінде дамыған құндылықтар мен идеалдар құрайды. Әлеуметтік жұмыс философиясы - белгілі бір білімі бар, тиісті әлеуметтік және кәсіби қағидаттарды, нормаларды, құндылықтарды басшылыққа ала отырып, өз мамандықтары бойынша бірыңғай талаптарды біріктіретін адамдардың ұжымдық өкілдігі.
Әлеуметтік жұмыс философиясының парадигмалары
Әлеуметтік жұмыс философияларының келесі негізгі модельдерін бөліп көрсетсе болады: гуманизм, позитивизм, утопизм, профессионализм.
Әлеуметтік жұмыстағы гуманизм философиясы XIX ғасырдың аяғында пайда болды және әлеуметтік қайырымдылық ережелеріне бағынады. Осы доктринаның негізі - адамның өмірлік құндылықтары, адамның өмір сүру қажеттіліктерін қанағаттандыру идеясы мен қоғамның жеке адам үшін ең төменгі күнкөріс стандарттарымен қамтамасыз ету болып табылады. Ұйымдастыру шаралары арқылы әлеуметтік қатынастарды реттеуге қол жеткізіледі және қоғамның әл-ауқаты қамтамасыз етіледі. Гуманизм парадигмасы пуритандық этикаға қарсы. Пуритан этикасы әлеуметтік дарвинизм идеясына негізделген. Бұл тұжырымдаманың негізгі ережелері қатал бәсекелестікте өмір сүретін күшті тұлғаның ұғымымен байланысты. Әлеуметтік дарвинизмнің этикалық қағидалары халықтың әлеуметтік осал топтарына: науқастарға, кедейлерге, қарттарға және басқа санаттарға көмек көрсетуден тұрады. Мұқтаж жандарға көмек пен қолдау көрсету қоғамның әлсіреуін және оны жоюға бағытталған әлеуметтік іс- шаралар жүйесін білдіреді.
Әлеуметтік жұмыстағы XX ғ.20- жылдарындағы гуманизм моделі позитивизм моделіне ауысады. Бұл доктрина жалпы және әлеуметтік ғылым білімінің абсолютизациясына негізделген. Білім - объективтілік критерийі болып табылатындықтан ол адамдарға сыртқы жағдайларды өзгертуге мүмкіндік береді, ал ғылыми әдіс ақыл-ой мен әлеуметтік-экономикалық процестер туралы нақты идея береді.
Позитивизмнің негізгі идеологияларына бихевиоризм, фрейдизм, радикальді әлеуметтану жатады.
Бихевиоризм тұрғысынан қоғамдағы адамдардың өзін-өзі ұстауы мен мінез-құлқының заңдылықтарын сипаттау тікелей жүріс-тұрысы арқылы сипатталады. Кейбір жағдайларда адам мінез-құлқын зерттеу негізінде алынған білім тек жеке адамдардың әлеуметтену моделін құруға ғана емес, сондай-ақ ғылыми негізделген этикалық ұғымдарды қалыптастыруға да негіз бола алады. Фрейдизм сексуалды инстинкт арқылы бейсаналық ұстанымдардан тек интроспсихикалық процестерді ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік тарихи құбылыстар мен оқиғаларды талдау мүмкіндігін ашады.
Позитивизм парадигмасының орнын утопизм парадигмасы басады. Әлеуметтік жұмыстың философиясының негізін либерализм мен әлеуметтік-реформизм құрайды. Күнделікті өмір философиясы теориялық тұжырымдамалар мен практикалық тәсілдердің басталу нүктесі болып табылады. Жақсы өмір, жақсы қоғам, жақсы адам сияқты ұғымдар басымдылыққа ие бола бастады. Либерализм философиясының адамдық құндылықты тек қана кәсіптік қызметтің қағидалары мен нормаларымен ғана емес сонымен қатар оның әдістері және технологиялары арқылы да көрінеді. Утопианизмнің философиясы тұрғысынан алғанда, адам объективті себептермен туындаған қиындықтар салдарынан әлеуметтік тұрғыдан осал болып көрінеді, мысалы: қажетті білімнің жоқтығы, экономикалық ахуалдың төмендігі, әлеуметтік орта мен басқа да факторлардың теріс әсері.
Кәсібилік философиясы өз ұстанымын гуманистік және демократиялық идеалдар мен құндылықтардан алады. Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру, оның мүмкіндіктері мен қабілеттерін дамыту, әл-ауқат деңгейін көтеру, жеке, ұжымдық, ұлттық және халықаралық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ресурстарды дамыту, әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу - бүгінгі әлеуметтік жұмыс философиясының негізгі доминанттары болып табылады.
Кәсібиліктің құндылықтары, негізгі көзқарастары және этикалық қағидалары келесі аспектілермен анықталады: географиялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани.
Географиялық аспект. Қызмет белгілі бір шектерде жүзеге асырылады.
Саяси аспект. Әлеуметтік жұмыскерлер жұмыс істейтін елдерде әртүрлі саяси жүйелер бар. Бірақ әлеуметтік жұмыс саяси жүйеге қарамастан, әлеуметтік жұмыс принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Әлеуметтік-экономикалық аспект. Қолайлы өмір жағдайлары, жұмыстың қолжетімділігі, денсаулық сақтау және білім беру жүйесі, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мен қызметтеріне қол жеткізу қазіргі заманғы қоғамдағы адам құқығы болып табылады.
Мәдени аспект. Дәстүрлер, наным-сенімдер, жеке тұлғалардың, топтардың, қауымдастықтардың, елдердің мәдениеті құрметтеліп, сақталуы керек. Бұл кемсітушілікке қарсы саясаттың маңызды қағидаты, қоғамның тұрақтылығы мен дамуының кепілі.
Рухани аспект. Кез келген қоғамда құндылықтар жүйесі бар. Әлеуметтік жұмыстың құндылықтар жүйесін дамыту үшін әлеуметтік жұмыскерлер жұмыс істейтін адамдардың рухани әлемін, құндылықтарын, ұмтылысын, идеалдарын, философиясын, этикасын ескеру қажет.
Кәсіби философиясының осы аспектілері адамның қауіпсіздігін және дамуын қамтамасыз етуге қабілетті әділ әлеуметтік институттарды құруға ықпал етуі керек.
Әлеуметтік жұмыстың философиялық құндылықтары
Әлеуметтік жұмыстың философиялық құндылықтары түрлі деңгейлерде көрініс табады және идеалдар, этикалық нормалар мен өзара іс-қимылдың практикалық қағидаттары жүзеге асырылатын жүйені қалыптастырады.
Бірінші деңгей- метадеңгей. Онда әлеуметтік жұмыс философиялық құндылықтары кәсіби субмәдениеттің құндылықтары ретінде әрекет етеді, бұл кезде мамандық халықаралық қоғамдастық деңгейінде қаралады. Осылайша, кәсіби субкультураның құндылықтары жаһандық өркениет мақсаттары мен міндеттері тұрғысынан қарастырылады
Екінші деңгей- макродеңгей. Онда жалпы сипаттағы мақсаттар мен міндеттер анықталады, олар өзара әрекеттесудің корпоративтік қағидаттары мен нормаларына, қатынастарына және ұжымдық жауапкершілік жүйесімен өзара байланысты.
Үшінші деңгей- мезодеңгей. Онда әлеуметтік жұмыстың құндылық бағдарлары клиенттердің құндылықтарымен байланысты: дерексіз, топтық, жедел және құралдық.
Төртінші деңгей- микродеңгей. Әлеуметтік қызметкер мен клиенттің кәсіби қарым-қатынасының құндылық спектрін көрсететін әлеуметтік жұмыс философиялық құндылықтарының микродеңгейі (жеке араласу және өзара әрекеттесу).
Әлеуметтік жұмыстың құндылықтарының метадеңгейі
1. Өмір сүруге деген құқықтың болуы
Адам өмірінің құндылығы - әлеуметтік қорғау және қолдау саласындағы барлық жұмыстардың негізі. Өмір сүру құқығы әр адамның ажырамас және абсолютті құқығы болып табылады.
2. Еркіндік
Барлық адамдар тумысынан азат және әркім өмір салтын еркін таңдауға құқығы бар. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясына (1948) сәйкес еркіндіктің құрамына кіреді: құлдық пен құлдықтан босату, азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынас пен жазалаудан бас тарту, ерікті қамауға алудан, қамауда ұстаудан бас тарту, жеке және отбасылық өмірге еріксіз араласудан бас тарту мен жүріп-тұру бостандығына және тұрғылықты жерді таңдауға қатысты қол сұғушылықтың болмауы.
3. Теңдік және кемсітпеушілік
Әлеуметтік жұмыста теңдік қағидаты әділеттілік принципімен тығыз байланысты, кемсітпеушілікке жол бермейді, онда ол теңдікті қадір-қасиетті құрметтеу деп түсініледі. Кемсітпеушілік кемсітушілікке қарсы, адамға оның белгілерінің бірі: жыныс, нәсіл, түсі, діни немесе саяси көзқарасы және т.б. негізінде кемсіту орын алады.
4. Әділеттілік
Әділеттілік тұлғаларды құрметтеу мен олардың жеке бастарына қол сұғушылыққа жол бермеу арқылы жүзеге асады. Әділеттілік түрлі аспектілер негізінде жүзеге асады: құқықтық, соттық, әлеуметтік және экономикалық. Әділеттілік- адамның құқығы мен бостандығының кепілдігі болып табылатындықтан егер де оны айыпты деген айып тағылса, қоғамның әрбір мүшесінің әділетті сотпен шешуіне, гумандық қарым- қатынас орнатуына және әлеуметтік қайта тәрбиеленуіне құқығы бар.
Әлеуметтік әділеттілік адамның қажеттіліктерін, яғни материалдық ресурстарды әділетті бөлу, білім беру, медицина сияқты қызметтерге қолжетімділік, тең дәрежелі мүмкіндіктердің болуы, әлеуметтік қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз етуге бағытталған.
5. Әлеуметтік жауапкершілік
Әлеуметтік жауапкершілік- мұқтаж топтарға көмек көрсету, олардың қызығушылықтарын қорғау мен қолдау көрсетуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Қоғамдағы барлық ресурстар адам өмірін жақсартуға қолданылуы тиіс. Әлеуметтік жауапкершіліктің құндылықты мәні кедейлер мен мұқтаж топтарға көмек пен қызмет ұсыну болып табылады
6.Зорлық-зомбылықтан бас тартып, бейбіт өмірді қамтамасыз ету
Бейбіт өмірді қамтамасыз ету адамның өз-өзімен, басқа да адамдармен және жалып қоғаммен үйлесімділікке қол жеткізумен тікелей байланысты. Қатығыстан қашып құтылу мүмкін еместігін ескеретін әлеуметтік жұмыскерлер пайда болған қақтығыстрады зорлық-зомбылықсыз, бейбіт жолмен шешуге тырысады. Эволюциялық бағыттың негізінде қақтығысты шешудің революциялық жолы, яғни қирату мен қайта қалпына келтіруге қарағанда делдалдық, татуластыру, түсінісу, құрметтеу сияқты қақтығысты жағдайды шешудің бейбіт тәсілдері қолданылады. Бейбіт даму- әлеуметтік әділеттілікке және бейбітшілікке ұмтылатын планетаның барлық адамдарының өзгеріссіз цивилизациялық құндылығы болып табылады.
7. Ынтымақтастық
Ынтымақтастық әлеуметтік жұмыстың негізгі құныдылғы болғандықтан ол адамның күйзелісін түсіну, оның құқықтарын қамтамасыз етуге қатысу деген мағынаны білдіреді. Әлеуметтік жұмыскерлер тек қана адамдарға көмек көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар жеке тұлғалар, топтар мен таптырмен, зорлық-зомбылық құрбандарымен, өз еркіндігінен айырылған тұлғаларға да ынтымақтастықпен қаруы қажет.
Ынтымақтастық табиғи апаттар мен әлеуметтік әділетсіздік орын алған кезде өте үлкен орынға ие. Ынтымақтастық адамның құқығының тапталуы негізінде құрбан болған және қоғамның әлсіз топтарына деген белсенді көмек түрі болып табылады.
8.Табиғат пен адамның арақатынасы
Үшінші мыңжылдықта негізгі стратегиялардың бірі болып адамның табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруіге ұмтылуы болып табылады. Өндірістің қалдықтары, радиоактивті ластану, табиғатқа деген тұтынушылық көзқарас, сәйкес ақпараттың болмауы халықтың әлсіз топтарына апат тудырады. Қоршаған ортаны кері кетуден сақтауға арналған бағдарламалар , экологиялық тәрбиелеуге бағытталған комплексті бағдарламалар және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шаралар жүйесі- әлеуметтік жұмыскерлер үшін негізгі іс-шаралар қатарына жатады.
Әлеуметтік жқмыстың құндылықтарының макродеңгейі.
Макродеңгейдің құндылықтар жүйесі әлеуметтік жұмыскердің профессионалдылық деңгейін, яғни оның клиент, әріптестерінің, жұмыс берушілерінің және мамандығының алдындағы жауапкершілігін анықтайды.
1. Тұлғаның артықшылғы
Әлеуметтік жұмыскер өз клиентінің құқығы мен қызығушылықтар ж.йесін қорғауы тиіс. Ол клиентінің қоғамға интеграциялануы негізінде қоғамның теңқұқықты тұлғасы болуын қамтамасыз етітін реабилитациялық терапия курсын аса мән береді. Әлеуметтік жұмыскер өзінің іс- әрекеті мен жүріс-тұрысы арқылы клиенттің азаматтық және заңдық құқықтарын бұзбауы тиіс. Әлеуметтік қызметкер егер клиент заңды бұзған жағдайда және оның ерікіндікте болуы қоршаған ортасынлағы адамдардың еркіндігі мен құқығына қарсы шыған дағдайда ғана қоғамның қызығушылықтарын қорғауды қолға алуы тиіс.
2. Клиентпен қарым- қатынастағы ақпараттың құпиялылығын құрметтеу
Құпиялылық- клиентті қорғау құралы. Клиентпен қарым-қатынас кезінде алынған ақпарат басқа да тұлғалармен талқыланбауы тиіс. Профессионалды қызметте құпиялылық келесілерден тұрады: клиенттен ақпарат алатындығы туралы ақпараттандыру, профессионалды қажеттілік орын алған жағдайда үшінші тұлғамен талқылануы мүмкін екенлігін клиентке ескерту, клиенттен алынған ақпартты ғылыми негізде қолданылуы.
3. Профессионалдылық қызметтен жеке қажеттіліктер мен сезімдерді бөліп қарастыруға дайын болу
Әлеуметтік жұмыскер профессионалдылық қызметі барысында клиентпен, топпен және қоғаммен қарым-қатынас бағытының құндылықты жүйесін құрастырады. Әлеуметтік қызмет көрсету барысында ол өзінің жеке құндылықтар жүйесін, эмоциялары мен жеке сезімдерін профессионалды байланыстардан және клиентен қарым- қатынасынан ажыратып алуы тиіс. Мамандықтың нормативті ережелері әлеуметтік жұмыскердің клиентпен қарым-қатынасын қадағалауын талап етеді. Әлеуметтік жұмыкскер мен клиенттеің арасындағы субъект- субъект қарым-қатынасы кезіндегі сен маған, мен саған принципі жол берілмейді. Себебі профессионалды қарым-өатынастың негізін тұтынушылық емес, құндылықты бағдарлар, сыйластық, альтруизм құрайды. Әлеуметтік жұмыскер профессионалды қарым- қатынасты жеке басының қамы үшін пайланбауы тиіс.
4. Әлеуметтік қажеттіліктерге негізделген әдеуметтік өзгерулерге ұмытылуы
Әлеуметтік жұмыскер клиенттің шынайы қолдау мен көмекті сұрау мотивтрін білетіндіктен оның жеке қажеттіліктері негізінде көмек көрсетеді. Әлеуметтік жұмыскер барлық бөлінушілік пен зорлық-зомбылық түрлеріне қарсы шығып, қоғамдық қарым-қатынастар жүйесін үйлесімділікке бағыттауы үшін талпынысын көрсетеді. Қоғамдық ортаны өзгертуге бағытталған іс-шаралар профессионалды талаптарды негізі болып табылады.
5. Өз білімін басқа адамдарға беруге дайын болуы
Әлеуметтік жұмыскер- түрлі жағадйлардағы адамдардың өмірлік қарым-қатынас ымен рөлдері жайлы толық ақпаратты білетін профессионал болып табылады. Оның өмір, қарым-қатынас туралы білімдері клиенттің игілігі болып табылады. Қоағамдық байланыс пен қарым-қатынас туралы жаңа білімдерді игеру қоғамның дамуын қамтамасыз етеді. Бұл жолы әлеуметтік жұмыскер әлеуметтік саясат, заңнамалық базаның, әлеуметтік қорғау оқу орындарының стратегиясының, қоғамдық институттар мен әлеуметтік қорғау жүйесін өзгертуші ретінде жұмыс атқаруы тиіс.
Әлеуметтік жұмыскер өзінің мамандығына және әлеуметтік ғылымға өз үлесін қосу үшін жаңа шығып жатқан білімдерді игеріп, өмірлік тенденциядан қалмауы тиіс.
6. Индивидуалды және топтық өзгешеліктерді құрметтеу және дұрыс бағалау
Әлеуметтік жұмыскер ұлттық, нәсілдік, жыныстық, сексуалдық бағыттылық, жастық, діндік, әлеуметтік шығу тегі, отбасы, материалдық жағадйы, саяси ұстанымдары, фзикалық немесе ақыл- ой жетіспеушілігі тұрғысынан дискриминицаияға жол бермеу.
Клиенттің жеке қасиеттері немесе статусы ұнатуға негіз бола алмайды және жақсы немесе жаман деген субъективті құндылықты бағыттылық негізінде бағалауға жол бермеуі тиіс. Әлеуметтік жұмыскер үшін клиенттің өзі және қайталанбас өмірлік жағдайы мағызды болуы тиіс. Клиенттің бағдары мен артықшылықтары қоғамдағы қалыпты жұмысына кедергі келтірген жағдайда, топтық және тұлғааралық қарым-қатынастарда ғана жақсы немесе жаман болып қарастырылады. Жеке құндылықтық тұжырымдамаларынан объективті түрде бас тарту әлеуметтік жұмыкерге клиентке тиісті құрметпен қарауға мүмкіндік береді.
7. Клиенттің өз-өзіне көмек көрсетуге үйрету
Әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы кәсіби өзара әрекеттесудің маңызды құндылықтарының бірі клиенттің өзін-өзі анықтауы болып табылады. Әлеуметтік жұмыскер өз клиенттерінің көмек беруші тұрақты субъектісі болып қалмауы үшін бар күшін салуы тиіс. Қолдаудың басты міндеті- әлеммен, топпен және жеке тұлғалармен жоғалтып алған байланысын және қарым-қатынасын өздігінен қайта қалпына келтіруге үйрету. Әлеуметтік жұмыскер клиентті әрқашан өмірлік қиын жағдайларға тап болғанда сүйенуге болатын балдақ ретінде қабылдауға бағыттамауы тиіс.
8. Мүмкін болатын фрустрацияға (психикалық ауытқу) қарамастан клиенттің атынан әрекет етуге дайын болуы
Әлеуметтік қызметкер өзінің қамқоршысының атынан әрекет ететіндіктен кез- келген мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде клиентінің мүдделері мен құқықтарын қорғауға міндетті. Клиенттің құқықтары мен мүдделерін қорғау әлеуметтік қызметкердің субъективті сезімдеріне, өзіне деген сенімсіздігіне және мүдделі тараптардың тиісті назарының болмауына қарамастан өз міндеттерін этикалық, құзыретті және кәсіби орындауы қажет.
9. Қоғамның барлық мүшелері үшін әлеуметтік әділеттілік, экономикалық, физикалық, интеллектуалдық игілікке ұмтылу
Әлеуметтік қызметкер қоғамның барлық мүшелеріне қажетті ресурстарға, қызметтерге қол жеткізуге және әлеуметтік әділеттілікті дамытуға мүмкіндік беру үшін қажетті шараларды жүзеге асыруы тиіс.
Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби қызметі халықтың жалпы әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Кедейлік, аштық, қаңғыбастық- әлеуметтік жұмыс саласындағы маңызды проблемалардың бірі болып табылады және мамандардың реформаторлық қызметі жоғарыда аталған проблемаларды шешіп қана қоймай, соынмен қатар даму үшін негіз болып табылады.
10. Өмірде және кәсіби қызметте жоғары жеке стандарттарға ұмтылу
Әлеуметтік қызметкердің жеке өміріндегі мінез-құлқы қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірмейтін дәрежеде болса ол әр азаматтың өз таңдауы болып табылады. Әлеуметтік қызметкер өзінің кәсіби біліктілігіне, көрсетілетін қызметтерінің сапасына жауап беруімен қатар өз мамандығын құрметтеуі тиіс.
Әлеуметтік жұмыс құндылығының мезодеңгейі
Құндылықтың түрлі топтарын бөліп көрсетсек болады .
Бірінші топқа абстрактілі құндылықтар жатады: демократия, әділеттілік, теңдік, прогресс, еркіндік, бейбітшілік жатады. Екінші топқа тұлғаның құндылықтары: жақсы-жаман қоғам, жақсы-жаман отбасы, жақсы-жаман жұмыс және т.б. жатады. Үшінші топқа құрал-саймандық немесе операциялық құндылықтардан тұрады. Адам жұмыс істеу процесінде қабылдайтын міндеттемелердің тұрғысынан қарастыратын болсақ құндылықтардың келесі түрлерін: шынайы, бейімделгіш, ұмтылатын бөліп көрсетсек болады.
Әлеуметтік жұмыстың микроқұндылықтары
Бұл құндылық тобы әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы өзара әрекеттесу процесінде туындайтын қатынастарға байланысты.
Негізгі микроқұндылықтарға келесілер:
Эмпатия − уайымдау. Әлеуметтік жұмыскер өз клиентінің уаымына қатты көңіл аудармауы тиіс.
Қабылдау − уақытша жағымсыз эмоцияларға қарамастан клиентке позитивті, оң көзқараспен қарайды.
Шынайылық − Клиентпен дистанция сақтай отыра клиенттің жеке сезімдерін ашық айту негізінде өздігінен ашылуын қамтамасыз ету.
Сарапшылық − клиентті қолдау үшін орындалуы тиіс ықтимал іс-шараларды анықтау.
Тартымдылық - клиентке ұқсас болу
Сенімділік - клиенттің сеніміне ие болу.
Осылайша, қоғамда әр түрлі өмірлік жағдайларға бағдарланған құндылықтарды ғана емес, сондай-ақ олардың иерархиясы да бар және оларды қолдану тікелей адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты.
Тексеру сұрақтары:
1. Әлеуметтік жұмыс философиясының парадигмалары қандай?
2. Әлеуметтік жұмыстың философиялық құндылықтарына сипаттама беріңіз
3. Әлеуметтік жұмыс құндылығының мезодеңгейіне түсінік беріңіз
4 тақырып. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Принцип (лат. principim - принцип; негіз, алғы бастама) -- белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Әлеуметтік жұмыс принциптері тәжірибелік және теориялық қызметке тән ең маңызды байланыстар мен қатынастарды көрсетеді. Олар әлеуметтік жұмыс идеологиясын, практиканың тиімділігі критерийлерін ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс саласындағы ғылыми танымдық тенденцияларды да көрсетеді. Әлеуметтік жұмыстың қалыптасып жатқан отандық теориясы мен практикасы мен шетелдік әлеуметтік жұмыс мектебінің принциптерді қалыптастыру тәсілдері әртүрлі. Алайда, олардың айырмашылықтары зерттеудің әртүрлі формаларын, мәселенің даму дәрежесін, объективті шындықты рәсімдеу және жіктеу бойынша тарихи дамыған ғылыми көзқарастарды көрсетеді.
Әлеуметтік жұмыстың принциптерінің негізгі бағыттары
Отандық және шетелдік әлеуметтік жұмыс теориясында принциптерді түсіндіруде кейбір айырмашылықтар бар.
1. Шетелде әлеуметтік жұмыс тәжірибесі әлеуметтік шындықты түрлендірудің нысаны болып табылады, сондықтан оның принципитері практикадалық өзгерістерге бағдарланған.
Қазақстанда әлеуметтік жұмыс концептуалды шындық деп түсініледі, соныдықтанм принциптер сипаттамалы және болжамдық бағдарға ие. Сондықтан да әлеуметтiк жұмыс принциптерiнiң құрылымында басымдық әлеуметтiк және философиялық ғылымдардың принциптерi берiледi. Осы көзқарас тұрғысынан кейбір зерттеушілер әлеуметтік жұмыс принциптерін: жалпы философиялық принцип, әлеуметтік ғылымдардың жалпы принципі, арнайы принцип деп бөліп қарастырады. Әлеуметтік жұмыстың арнайы принциптері өз кезегінде мазмұнды, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, ұйымдастырушылық деп бөлінеді.
2. Шетелде әлеуметтік жұмыс принциптері тарихи дамудың нәтижесінде теорияға да, практикаға да қатар қолданылатын біртұтас принциптерге айналған әлеуметтік жұмыс мектептерінің тенденциялары мен бағыттарын көрсетеді.
Қазақстанда тарихи себептерге байланысты әлеуметтік жұмысқа қатысты теориялық плюрализм енді дами бастады. Мақсаты ресми заңдар мен нормативтік актілер тұрғысынан дамып келе жатқан әлеуметтік жұмыс тәжірибесін орталықтандыру позицияларына плюрализм ықпал етпейді. Осылайша әлеуметтік жұмыс принциптері мемлекеттік концепцияларды көрсетеді.
3. Шетелде демократиялық және гуманистік әлеуметтік жұмыс идеалдары азаматтық қоғамның қоғамдық санасының деңгейін көрсететін философиясының қажетті белгілері болып табылады. Гуманистік принцип - кәсіби қызметті жандандыру мен әлеуметтік жұмысқа жаңа тәсілдерді ұйымдастыруға бағытталған принцип болып табылады.
Қазақстанда әлеуметтік жұмыс идеологиясының алыс болашағы ретінде әрекет ететін азаматтық қоғамның идеялары мен принциптерін интернационализациялау процесі жүріп жатыр. Сондықтан тек әлеуметтік жұмысқа ғана қатысты арнайы принциптері кең ауқымды қолданысқа ие бола алмайды. Бұл үрдісті қоғамдық ғылым принциптері мен әлемдік қоғамдастықта қабылданған әлеуметтік қызметкерлердің принциптерінен көрсе болады. Осының негізінде әлеуметтік жұмыс принциптері: жалпы философиялық, әлеуметтік-саяси, ұйымдық, психологиялық-педагогикалық және нақты принциптер болып бөлінеді. Әлеуметтік жұмыстың арнайы принциптері халыққа көмек көрсету үшін қолданылады. Арнай әлеуметтік жұмыс принциптеріне: әмбебаптық қағидасы, әлеуметтік құқықтарды қорғау қағидаты, әлеуметтік жауаптылық принципі, профилактикалық бағыттылық, клиентоцентризм, өзін-өзі қамтамасыз ету принципі, құпиялылық, төзімділік принциптері жатады.
4.Түрлі парадигмалардың ерекшеліктері әлеуметтік жұмысытң шетелдік теорияларының принциптарының өз бастауларын әлеуметтік-психологиялаық практикалық концептілерден, мысалы осында және қазір принципі алатындығында. Қазақстандық практикада психолого-педагогикалық бағыттағы, мысалы жекелік ыңғай принципі қолданылады.
Әлеуметтік жұмыстың негізгі принциптерінің мазмұны
Әлеуметтік жұмыс прициптерін келесі түрге бөліп қарастырсақ болады: 1) қоғамдық танымдық және практикалық бағыттардағы әлеуметтік жұмыс стратегияларын көрсететін жалпы принциптер; 2) теориялық мектептер мен бағыттарға тән тұжырымдамалық қағидалар; 3) әртүрлі деңгейлерде өзара әрекеттесу процесінде қолданылатын жанама принциптер; 4) Қоғамдағы белгілі бір миссияны орындайтын әлеуметтік жұмыскердің моральдық императивтерін көрсететін этикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz