Ерітінділердің концентрациясын анықтау әдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
СРС
Тақырыбы: Ерітінділер дайындау және концентрациясын анықтау

Орындаған:
Тексерген:

Алматы 2020 ж.
Мазмұны
Кіріспе3
Ерітінділерге жалпы сипаттама4-5
Ерітінділер6-8
Ерітінділердің концентрациясын анықтау әдістері 8
Қорытынды9
Пайдаланылған әдебиеттер10

Кіріспе
Ерітінді деп екі немесе бірнеше компоненттен тұратын гомогенді системаларды айтады. Әдетте ерітінділердің тығыздығы, қайнау және қату температурасы, тұткырлығы сияқты касиеттері өзгеріп отырады. Ерітінділерді жай механикалық қоспа деп те, химиялық косылыс деп те қарастыруға болады. Ерітінділердің бұл қасиеттерінің барлығы тек еріген заттың молекулалар санына ғана тәуелді. Вант-Гофф және Рауль заңдарымен сипатталады. Олардың біраз қасиеттері Дебай мен Геккельдің "күшті электролиттер теориясымен" сипатталады. Сонымен қатар ерітінділер түзілгенде жылу бөлінуі, жүйе түсінің құрамдас бөліктер түсінен өзгешелігі және ерітінділер көлемінің құрамдас бөліктер көлемінің қосындысына қарағанда кемуі еріген зат пен еріткіш арасында химиялық әрекеттесулер болатынын көрсетеді. Кейде олардың арасындағы байланыстың беріктігі соншалық, ерітінділерді суытқанда еріткіштің біраз мөлшері еріген затпен бірге кристалданады. Оларды жалпы сольваттар, ал еріткіш су болғанда кристаллогидраттар деп атайды. Бұл қасиеттер ерітінділердің химиялық теориясына тәжірибелік негіз болды.

Ерітінділерге жалпы сипаттама
Ерітіндінің механикалық қоспадан басты айырмашылығы ондағы әрбір микроскопиялық (өте кіші, ұсақ) бөлшектерді химиялық кұрамы мен физикалық қасиеттерінің көлемде бірдей болуында. Ал химиялық қосылыстардан негізгі өзгешелігі оның құрамында еритін зат көп еріткіштің мөлшеріне тәуелділігінде және еселік катынас заңына бағынбауында. Мысалы, ас тұзы суда тек белгілі мөлшерде ғана ериді. Айталық, 20°С (293F)-та алынған 100 мл суда ас тұзының 36,8 грамы ғана ериді де, одан әрі оның мөлшерін қанша көбейтсек те ол ерімейді. Бұл қалыпты жағдайда кездесетін құбылыс. Ерітіндінің химиялық қосылыстан тағы бір өзгешелігі химиялық байланыс табиғатында. Егер химиялық қосылыстар негізінен ионды, ковалентті байланыстармен сипатталса, ерітіндідегі байланыс, газдарда кездесетін аса әлсіз вандерваальстік, ал кейбір жағдайларда қосымша сутектік байланыстармен түсіндіріледі.
Жай қоспалардағы заттар өзара ешбір байланыссыз-ақ араласса, ерітіндідегі еріткіш пен еритін заттар арасында әлсіз болса да химиялық байланыс болады. Мысалы, бірдей өлшемдегі кұм мен ағаш немесе темір үгіндісін араластырса, қоспа пайда болады және оларды бір-бірінен бөлуге болады. Ал, ас тұзын немесе қантты су да ерітсе, олар оңайлықпен әуелгі жеке заттарға бөлінбейді.
Көбінесе, екі зат, бір-бірінде ерігенде, олардың арасында өзінің, агрегаттық күйін өзгертпейтін немесе ерітінді кұрамындағы мөлшері басым болатын бөлікті еріткіш дейді. Демек, "еріткіш", "еритін зат" ұғымдары салыстырмалы екенін ескеру керек. Мысалы, спирт пен судың тең бөлігін бір-бірінде ерітсе, олардың қайсысының еритін зат, қайсысының еріткіш екенін ажырату қиын, өйткені екеуі де сұйық және бір-бірінде ерігіштіктері бірдей. Мұндайда ерітінді кұрамындағы компоненттер туралы айтканы дұрыс. Сондықтан компоненттердің агрегаттық ескеріп, ерітінділерді үш топқа бөлуге болады:
- газдың газдардағы ерітіндісі (газ қоспасы);
- сұйық ерітінділер;
- қатты ерітінділер.
Газ ерітінділеріне ауа, ал қатты ерітінділерге түрлі металдардың қорытпалары мысал болады. Ал, сұйық ерітінділер:
- газдардың сұйықтықтағы ерітінділері;
- сұйықтың сұйықтықтағы ерітінділері;
- қатты заттардың сүйықтықтағы ерітінділері болып бөлінеді.
Еріткіші су болатын ерітінділер табиғатта кең тараған. Жер қыртысындағы, өсімдіктер мен тірі организмдердегі процесстер сусыз жүрмейді. Осыдан ерітінді дегеніміз жай ғана құбылыс емес, ол өте күрделі физикалық және химиялық касиеттері бар күрделі құбылыс екенін көреміз.
Еру процестері кейде жылу бөліну арқылы жүрсе, енді бірде жылу сіңіру арқылы да жүреді, яғни зат қыздырганда ғана ериді.
Сондай-ақ кей заттарды еріткенде ерітіндінің көлемі кемуі немесе артуы мүмкін. Мысалы, күкірт қышкылын не натрий гидроксидін суда еріткенде едәуір жылу бөлінеді. Бұл еріген зат пен еріткіш арасында химиялық реакцияның жүргендігін көрсетеді. Бұл процесті сольватация, ал пайда болған қосылысты сольват дейді. Зат суда еритін болса, процесс гидратация, қосылыс гидрат делінеді.
Ерітінді жайлы ілім өз алдына жеке бөлім болып, жалпы табиғаттану ғылымынан бөліне бастағаннан оның табиғатына қатарынан екі көзқарас қалыптаса бастайды. Олардың бірін - ерітінділердің - физикалық, ал екіншісін - химиялық теориясы дейді. Ерітінділердің физикалық теориясы XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты.
Ол теорияның негізін салушылар С. Аррениус пен Я-Вант-Гофф болды. Бұл теория еру процесі жай физикалық қоспа ретінде, еритін заттардың ұсақ бөлшектері еріткіш көлемінде біркелкі таралған, олардың араларында ешбір әрекет болмайтын орта сияқты ұғымда қарастырылады. Олай болса, бұл теория еритін зат пен еріткіш араларында ешбір химиялық әрекет жүрмейді деген пікірді теріске шығармайды. Жалпы физикалық теория ерітінділердің қайнау температураларының жоғарылауы, қату температураларының төмендеуі, будың қысымы, осмостық қысым сияқты касиеттеріне сүйенді. Бұл шамалар ерітінділердің концентрациясына тәуелді де, еріген заттың табиғатына тәуелсіз. Сондықтан да бұл теория бойынша ерітінділер еріген заттардың күйі газ күйіндегі ерітінділер секілді болып келетін молекулалардың бірыңғай қоспасы іспеттес. Ерітінділердің химиялық теориясының негізін калаушы Д.И.Менделеев болды. Бертін келе, бұл теорияға И.А.Каблуков, Н.С.Курнаков сияқты әйгілі совет ғалымдары елеулі үлес қосып, оны жаңа деңгейге көтерді. Бұл теорияны бірінші тұжырымдаған Д.И.Менделеев күкірт кышқылының, этил спиртінің және басқа да қосылыстардың судағы ерітінділерін нақты, жан-жақты зерттеді. Мұның нәтижесінде ол, ерітіндідегі компоненттер арасында, яғни еріген затпен еріткіш арасында химиялық әрекеттер жүреді деген қорытынды шығарды. Мысалы, Менделеев күкірт қышқылының ертінділерінде бірнеше гидраттардың түзілетінін анықтады. Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оптикалық әдістер
Инфузиялық ерітінділер, жіктелуі, сипаттамасы, номенклатура
Ni2+ ионының глицин және лимон қышқылымен комплексті қосылыс түзуін спектрофотометриялық әдіспен зерттеу
ХИМИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Аналитикалық химияның талдау әдістері
Электродтар классификациясы
Заттардың химиялык эквиваленті
Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік
Ерітінділердің концентрациясы
Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері
Пәндер