Оқыту процесіндегі қазіргі сабақты ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі сабақ және оны ұйымдастыру

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ҚАЗІРГІ САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Сабақ - оқу процесін ұйымдастырудың формасы ретінде ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Қазіргі кездегі сабақ ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2. ҚАЗІРГІ САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

2.1. Қазіргі сабақты жүргізу тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. Қазіргі сабақты ұйымдастыруға болашақ мамандардың даярлығы ... ... ..17
2.3. Тәжірибелік жұмыс нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі сабақ және оны ұйымдастыру деп оқытушы мен оқушының арасындағы білім алу және беру міндетіне қарасты жасалатын арнайы процессті атаймыз. Яғни, қазіргі сабақты ұйымдастыру барысында сабақтың толық мақсаты, міндеті, әдісі қарастырылады.
Еліміздегі 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілгеніндей, Қазақстан Республикасының дамып өрлеуіне септігін тигізетін, осынау құбылмалы заманда кез келген жағдайға бейімделетін, құзіреттілігі жоғары, талпынысы мықты, барлық оқу технологияларын меңгерген мамандарды дайындау қазіргі таңда педагог мамандар үшін, жалпы білім беру саласы үшін ең басты әрі нақты жоспарланған міндет болып отыр .[1]
Қазіргі заманғы сабақ дегеніміз - ол, ең біріншіден мұғалім арқылы оқушының тұлғалық дамуы,ойлау қабілетінің жылдам өсуі, білімді әлдеқайда терең әрі кең игеруі, бойында адамгершілік негіздерін қалыптастыруы де. Бүгінгі таңдағы сабақ мұғалімнің оқушыға тек белгілі бір тақырып аясында ғана шектеліп қалмай, оның тұлғалық дамуы үшін, тез игеруі үшін жағдай жасау қажет. Қазіргі сабақты ұйымдастырарда, оның ересек өмірге үйренісуіне, өзгермелі қоғамға тез үйренісуіне септігін тигізетініне мән беруіміз қажет.
Еліміздің білім беруді дамытуда арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты қазіргі заман талабына сай терең білім, білік, дағдылар мен құзырлылықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа өз білімімен жете алатын, өз бетінше дұрыс әрі тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру керек екендігі айтылған.
ХVII ғасырда ең алғаш сынып - сабақ жүйесі білім беру негізіне ене бастады. Оның контурын неміс педагогі Штурм, теориялық негізін қалаушы және практикалық технологиясын құрушы Я.А. Коменский болды. Яғни, 1930 жылдан бастап, кеңес кезіндегі білім беру жүйесінде ең басты оқыту формасы сабақ болды.
Мектептегі ең басты оқыту формасы-сабақ.
Сабақ - бұл жас шамалары қатарлас , белгілі бір құрамдағы топпен сабақты ұйымдастыру формасы, тұрақты және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада сабақты ұйымдастырудың мазмұны, әдіс-тәсілдері, міндеті, құрал-жабдықтары, дидактикалық мәселелері, оның (сабақтың) қайда, қалай өткізілетіні қарастырылатын болады. Оқыту үрдісі қайда және қашан өтсе де, оқытушы мен оқушының ең басты міндеттері орындалуы тиіс, яғни олар өздеріне берілген тапсырманы аяқтау керек.Оқушыларға берілетін білім де, қазіргі замандағы техниканы қанағаттандыратындай, басқа салаларға пайдасы тиетіндей болуы тиіс. Осы барлық талаптардың мұқият орындалуына, оның жауапкершілігін өз мойнына алатын да, оқушыларды шығармашылық дамытып, оның әдіс-тәсілдерін үйрететін бірден-бір білімнің ең негізгі тетігі, ол - педагог.
Білім сапасы ең әуелі мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогикадан, методикадан хабардар - жақсы оқыта білетін мұғалім, - деп А.Байтұрсынов айтқандай, білім сапасын көтерудің ең негізгі тетігі ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметіне байланысты деуге болады. Ал, кәсіби шеберліктің жоғары шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу.Бүгінгі таңда қоғамдық сұранысты жүзеге асыру үшін мұғалімнен білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Ендеше заман талабына сай қазіргі сабақты ұйымдастыру, оқыту үрдісін шығармашылықпен құру- әр мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болмақ.
Зерттеу пәні. Оқыту процесіндегі қазіргі сабақты ұйымдастыру.
Зерттеу объектісі. Қазіргі сабақты ұйымдастыру мәселесін зерттеу.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың алға қойған мақсаты - жалпы 21 ғасырдағы білім беруде жаңа технологиялардың рөлін анықтап , техникалық құралдарды қолдану, осы ақпараттанған қоғам қажеттілігін одан әр дамуындағы білім берудің рөлін анықтау. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері оның кез келген сабақта жаңа техниканы пайдалана білуіне жол ашады. Және осы заманғы талаптарды ескере отырып, қазіргі заманға сай сабақтың ерекшелігін анықтау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді орындау көзделді:
- Қазіргі сабақты ұйымдастырудың теориялық аспектілерін анықтау;
- Қазіргі сабақты ұйымдастыруға қатысты озық технологияларды тану;
- Қазіргі сабақты ұйымдастыру әдістемесін жасау;
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҚАЗІРГІ САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
0.1. Сабақ - оқу процесін ұйымдастырудың формасы ретінде
ХVII ғасырда ең алғаш сынып - сабақ жүйесі білім беру негізіне ене бастады. Оның контурын неміс педагогі Штурм, теориялық негізін қалаушы және практикалық технологиясын құрушы Я.А. Коменский болды. Яғни, 1930 жылдан бастап, кеңес кезіндегі білім беру жүйесінде ең басты оқыту формасы сабақ болды.
Оқыту - білім берудің ең нақты әрі негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушы арасындағы екіжақты біртекті байланыс, оқытушы оқушыны жаңа дүниетаныммен таныстырып, өзінің болашақ мамандығына дайындап қана қоймай, оны екінші жағынан танымдық қабілетін арттырады.
Форма - сыртқы пішін, түр, қалыптасқан белгілі бір тәртіп. Форма мазмқнға негізделіп құрастырылады. Кез келген заттың, белгілі бір процесстің өзіндік формалары болады. Сондай-ақ, оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің арнайы құрылысы. Бұл оқыту процесінің мазмұнымен, әдістерімен, құралдарымен, оқушылардың іс-әрекеттерінің түрлерімен анықталады.
Сабақ - оқушылардың әрқалай топқа ұйымдасқан, класс (сынып) деп аталатын тұрақты құрамымен, мұғалімнің тікелей басшылығымен жүргізілетін оқу жұмысы. Сабақта оқытудың мәндеттері, мақсаттары, әдістері қалыптасады. Және сондай-ақ оқушының дүниетанымы қалыптасады. Оқытуды ұйымдастыру формасының сыныптық-сабақтық жүйесіндегі басты ерекшеліктері:
- оқушылардың жас және дайындық деңгейлерінің шамалас болуы;
- әр сынып жылдық оқу жоспары бойынша жұмыс істеу;
- оқыту процесі - бірлескен бір-бірімен жалғасқан сабақ жүйесі;
- әр сабақ бір пәнге ғана арналуы (монизм);
- сабақтың арнайы кесте бойынша өтуі;
- мұғалімнің жетекшілік ролі;
- оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекеттерін қалыптастыруда оқушылардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың әр түрлі формаларын қолдану.[3]
Әрбір сабақты ұйымдастырарда оның психологиялық, логикалық мәні болуы тиіс.
Сабақ - бұл жас шамалары қатарлас , белгілі бір құрамдағы топпен сабақты ұйымдастыру формасы, тұрақты және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада сабақты ұйымдастырудың мазмұны, әдіс-тәсілдері, міндеті, құрал-жабдықтары, дидактикалық мәселелері, оның (сабақтың) қайда, қалай өткізілетіні қарастырылатын болады. Оқыту үрдісі қайда және қашан өтсе де, оқытушы мен оқушының ең басты міндеттері орындалуы тиіс, яғни олар өздеріне берілген тапсырманы аяқтау керек. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының арасындағы біртекті екіжақты байланыс кезінде оқушының өмірге жаңа көзқарастарының қалыптасуымен қатар, мұғалімнің де кәсіби қабілеті одан әрі дами түседі. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.
Педагогикалық процесс тұрғысынан, сабақты оқыту үрдісінің басты формасы ретінде қарастыру қажет. Сыныпты - сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табады.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді.
Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде - динамикалық
құбылыс. Ол педагогикалық процестің негізгі даму тенденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды.
Сынып-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері.
:: Жастары және дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру. Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді.
:: Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын сабақ түрінде жүреді.
:: Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады.
:: Жұмыстың негізгі түрі - сабақ.
:: Сабақ бір оқу пәнін, сондағы негізгі тақырыпты түсіну үшін өткізіледі.
:: Оқушылардың жұмысына оқытушы тікелей бақылап, басшылық жасайды. Ол оқу жылының соңында оқушылардың барлық 1 жылдық білімін қорытындылап, оны келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды.
:: Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің әрқалай болуы;
:: Әр сабақта негізгі басты мақсатқа жету жұмыстары жүргізіледі.[4]
Сынып - сабақ жүйесі қазіргі таңда әлі күнге дейін зерттелу үстінде. Сынып- сабақ жүйесінің жақсы жақтары: сынып-сабақ жүйесінің басқа оқыту түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар, себебі оның бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді, оқушылардың бір-бірімен араласуына әрекет жасалады. Соның барысында оқушылар тәрбиеленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады.Сабақ оқудың тәрбие жөнінде де алатын орны ерекше, себебі сабақ оларды белгілі бір ережелерге бағындыруымен қатар, мұғалім олардың сезіміне әсер етеді, яғни, мұғалімге барлығы бағынады. Кемшілігі: сабақта үлгерімі төмен оқушыларға өте қиын, ал үлгерімі жақсы оқушылар тез қабылдағандықтан, олар тез тежеледі, яғни, басқа қызықты нәрсені күтіп отырады. Мұғалімге әрбір оқушымен жеке-жеке жұмыс жүргізу қиын. Басты кемшілігі "орташа" оқушымен жұмыс істеудің, онымен жеке оқу-тәрбие жұмысын жүргізу мүмкіндігінің жоқтығы.
Ғалымдар сынып-сабақ жүйесін жетілдіру және оны барынша дамытудың жолдарын іздестіруде. Сабақ уақыты белгілі бір қысқа мерзімге арналғандықтан, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, сол қысқа уақыт ішінде оқушы тақырыпты игеруі тиіс. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізіп, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы әрі сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес.Оқу процесінде көп талаптар мұғалімге байланысты, сондықтан мұғалімдер сол қысқа уақыт ішінде барлық нәрсеге үлгеруіне жағдай жасауы керек.Ал талаптарды сабақтың мақсаты, негізгі идеясы анықтайды. Одан басқа мектептерде көмекші нысандар, атап айтсақ, кеңес, қосымша сабақтар, нұсқаулар, үйірме, клуб жұмысы, сыныптан тыс оқу, үй жұмыстары және басқалары қолданылады. Кейде сыныптан тыс оқытатын нысандарға экскурсияларды, мектеп жанындағы үлеске, шеберханадағы жұмысты, туған өлкеге саяхатты, спорт жарыстарын, т.б. жатқызады.

1.2. Қазіргі кездегі сабақ ерекшеліктері
Қазіргі сабақ идеясы отандық оқыту теориясы мен тәрбиесінің ұзақ уақыт дамуына, әлемнің өзгеруіне байланысты қоғамның сұранысының өзгеруінің нәтижесінде пайда болды. Көбіне мұғалімдер сабақта жаңа технология, компьютер қолданылса болғаны, қазіргі сабақ деп ойлайды. Ал, кей мұғалімдер компьютерді қолданған күннің өзінде дәстүрлі сабақ болады деп есептейді. Алайда, қазіргі сабақтың негізгі мақсаты, сол жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру.
Қазіргі сабақтың негізгі ерекшеліктері:
-сабақтың мақсатын, міндетін түсіну;
-жекелеген оқушылардың тақырыпты оқу барысында танымдық қасиеті қалыптасып, және сабақтың соған орай ұйымдастырылуы;
-білім мазмұнын олардың жас ерекшеліктеріне қарай құрып, солардың өз қатарындағы яғни жасына сай қызығушылығын қалыптастыру;
- жағымды ахуал, оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату, оқушылардың қызығушылықтарын, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін білу;
-оқудың керек екенін түсіндіріп, жоғары мотивация,көзқарас қалыптастыру;
- оқушыларды оқу қызметінде нәтижеге жетуге итермелеу, табысқа қол жеткізу мен оқудан оқушылар рахат алатындай етіп ұйымдастыру;
-оқушылардың өздігінен тиімді әрі дұрыс шешім қабылдауға үйрету;
-қалай оқу керек екенін түсіндіре отырып, оның бұрынғы алған білімін жаңа білімге алмастыруға болатынын түсіндіру;
- проблемалық тапсырма мен өздік жұмыстың көптүрлігі, саралап оқыту формалары;
- оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік беру;
- ағымдағы және қорытынды бақылау мен оқушылардың жеке, топтық жұмыстарын бағалау;
- оқушыларды оқу үрдісінің барысын және қорытындысын бағалауға қатыстыру;
- сабақ туралы оқушылардың пікірін білу және келесі сабақты жоспарлауда ескеру;
Кесте-1Дәстүрлі сабақ пен қазіргі сабақты салыстыру(Д.И.Махмудов).
Салыстыру
Дәстүрлісабақ
Қазіргісабақ
Мақсат

Мақсат тек қанажаңабілімдімеңгеругебайланысты
Оқушымотивациясы:
мақсат - ынта - әрекет - нәтиже.Оқушыныңжекеқасиеттеріндамыт уғабағытталған
Мазмұны
Оқуматериалынтолықбаяндау
Негізгісіншығару. Негізгіақпараттыбірнешеқайтапысықта у
Оқытуқұралдары
Сабақтағытүрліәдістердіңмаксималды саны
Қажеттіжәнебір-біріменбайланыстыәді стердіңкешені
Оқытуәдістері
- дайынбілімдібаяндау
- оқуматериалынжаттау
- орташа оқушығабағытталу
- нашаркерібайланыс
-мұғалімніңбағалауы

- оқушылардыңоқу-танымдыққызметінұйым дастыру
- материалдытереңтүсіну
- саралапоқытутұрғысы
- тиімдікерібайланыс
- өзін-өзі, өзарабағалау
Оқытуформасы
Сабақтынақтыкезеңдергебөлу (үйтапсырмасынтексеру, жаңасабақтытүсіндіру, бекіту, үйгетапсырма), жеке, фронталдыоқытуформалары
- оқытудыңараласәдістері
- сабақкезеңдерініңөзарабірбірінекірі гуі
- жеке, жұптық, топтықоқытуформалары
- оқуматериалыныңбірнешеқайтапысықтал уыныңнәтижесінде 80-90% меңгерілуі
Үйтапсырмасы
Оқуматериалынпысықтаукөбінеүйгебері леді
Тапсырмаболмауымүмкіннемесекеңейтіл гентапсырмалар

Қазіргі сабақпен болашақтың негізі қаланатыны сөзсіз. Өзгеріп жатқан өмірде оқу мен оқытудың қазіргі заман әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесін саралап, өзгертіп отыруға, тыңғылықты дайындық пен сыни көзқарасты талап етеді.
Қазіргі біздің қоғамымыздағы білім беру саласындағы қайта құрулар, соны жаңалықтар қоғамдық сұраныстан туындап отыр. Бұл еліміздегі озық ойлы мұғалімдердің, практика мен ғылымды жаңа тұжырымдармен, қағидалармен байытып, жаңа тәсілдермен толықтырып, қазіргі педагогиканың тәжірибелерін жинақтауға және оған жол ашуға мүмкіндік туғызады. Педагогикалық процессті жаңаша ұйымдастыру мен оның жаңалығы басқа да мұғалімдердің жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайдаланудың негізгі өлшеміне айналуда. Қазіргі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің үстінде тұр.
Жеке адамды жан-жақты қалыптастыру міндетін атқарушы әр ұстаз өз мамандық саласында білімді, креативті, озық ойлы, ізденімпаз, оқушы жанын түсінетін, жоғары адамгершілік сапаларға ие, ізгі де кемел және әр іске махаббатпен келуі шарт. Оқыту барысында мұғалім оқушылардың өзі белсенді жасампаз күш болатын, оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет. Ол оқытудың әр кезеңінде үй жұмысын тексергенде, жаңа білім енгізу, оны тұжырымдаған және сүйенген, алынған білімді қорытып, бір жүйеге келтірілген кезде де көрініп отыруы керек. Білім берудің негізгі мақсатына қол жеткізу үшін, сапалы білім беру және оқу-тәрбие үрдістерін талапқа сай ұйымдастыру әрбір білім беру мекемелерінің, әр педагогтың тікелей міндеттерінің бірі болмақ. Оқытуды тиімді ұйымдастыру, яғни білімді оқушыға нақты жеткізу, оның ғылыми, қоғамдық, мәдени, техникалық іс әрекетінің өсуіне жағдай жасау, білімді өмірде қолдана алу дағдыларын қалыптастыруды үздіксіз жүргізіп отыру қажет. Оқыту үрдісі қайда өтсе де (сабақта немесе сабақтан тыс уақытта) оқытушы мен оқушы қойылған талаптарды орындауы тиіс. Оқушыларға берілетін білім нақты, қоғамның, ғылымның, мәдениет пен техниканың дамуына сай берілуі тиіс. Мұндай күрделі ой өрісінің жүйелі қалыптасуына тікелей басшылық ететін, оқушы әрекетінің даму мен қалыптасуына жетекшілік жасайтын, оқушылардың білімді шығармашылықпен игеруіне жетелейтін, оның амал-тәсілдерін міндетін орындайтын - мұғалім әрекеті. Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім, - деген А.Байтұрсынов. [5]Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі деуге болады. Ал, кәсіби шеберліктің жоғары шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу. Қоғамдық сұранысты жүзеге асыруда бүгінгі таңда мұғалімнен білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Ендеше заман талабына сай сабақты ұйымдастыру, оқыту үрдісін шығармашылықпен құру- әр мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болмақ.
Қазіргі қоғам дамудың жылдамдығымен, жоғары мобильділікпен ерекшеленеді. Даму адам өмірінің барлық саласында болып жатыр. Сондықтан жас буын оны қоршаған әлемдегі оқиғалар мен жағдайларға тез төселіп кетуі керек, ол үшін мықты білім мен іскерлік, дағдыны алуы тиіс. Қазіргі қоғам адамға мынадай талаптар қояды: жоғары сапалы білім, коммуникативтілік, қойған мақсатқа жетушілік, креативтіл-шығармашылық, ал жемісті карьера үшін лидерлік сапалар қарым-қатынасқа түсе алу, кездейсоқ, әрі жаңа шешімдерді таба білу т.б.
Қоғамдағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қолайлы талаптарды түбегейлі өзгертті. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамыту бағдарламасында: Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты - білім алып, білік пен дағды машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Сондай-ақ білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту.- деп көрсетіледі,[6] яғни белгілі бір қасиеттерге ие бола отырып, жастар қазіргі қоғамда әлеммен, өзімен, басқалармен бірге өзара үйлесімді өмір сүре алатын және қоғамға адал қызмет етіп, пайдасын тигізетін адам болып қалыптасуы тиіс. Ал Қазақстан Республикасының Білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін оқу – тәрбие үдерісінде пайдалану
Оқу сабақтарын талдауға жүйелі келістің әдістемесі мен технологиясы
Сабақ - қазіргі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы
Білім беру сапасының мониторинг жүйелері
Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру
Педагогикалық технологиялар және оқыту технологиялары жөніндегі түсінік
Оқытуды ұйымдастырудың формасы
Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Пәндер