Трансгенді өсімдіктерді құру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Өсімдік биотехнологиясының даму тарихы.

Орындаған:Қожакулова Ә. Е

Топ : БТ-805

Тексерген:Айткалиев Б. М

Семей, 2020

Жоспар :

Кіріспе

Негізгі бөлім

Өсімдік биотехнологиясының даму тарихы

Өсімдік биотехнологиясының негізгі бағыттары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Өсімдіктер биотехнологиясы - ғылым мен өндірістің өсімдік органдары мен оларда жүретін биологиялық процестердің негізінде түбегейлі жаңа технологиялар құрып, адамға қажетті өнімдерді алуға мүмкіндік беретін жаңа саласы.

Өсімдіктер биотехнологиясы саласындағы алғашқы зерттеулерді 19 ғасырдың аяғында неміс ғалымдары К. Рехингер мен Х. Фехтинг жүргізді. Қазақстанда Өсімдіктер биотехнологиясы жөніндегі зерттеулер 20 ғасырдың аяғында Бас ботаникалық бақта, Молекулдық

биология және биохимия, Ботаника және фитоинтродукция, Өсімдік физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы, Фитохимия институттарында, ҚазҰУ-да, т. б. жоғары оқу орындарындағы арнаулы кафедраларда жүргізілді.

Өсімдіктер биотехнологиясының даму тарихы:

I. 1976-1985 ж.

Оңтайлы қоректік ортаны және оқшауланған мүшелерді in vitro әдіспен өңдеу.

II. 1932-1939 ж. Ф. Уайт пен Р. Готр

Әр түрлі өсімдік тіндерінің in vitro шексіз өсуіне қабілеттілігін көрсету.

III. 1940-1960 ж.

1. In vitro өсімдік түрлерінің жиынтығын құру;

2. Гормондар мен витаминдердің өсімдіктердің морфогенезіндегі рөлін ашу;

3. Суспензия дақылдары мен бір жасушаларды өсіру әдістерін жасау

IV. 1960-1975 ж. Е. Кокинг

1. Оқшауланған протопластарды алу әдісін құру;

2. Соматикалық будандарды құру;

3. Вируссыз өсімдіктерді алу әдісін жасау

V. 1976-1985 ж

1. Өсімдіктердің соматикалық жасушаларының генетикасы - жаңа бағыт;

2. Түрлендірудің әр түрлі әдістерін құру;

3. Трансгенді өсімдіктерді құру.

Х. Фехтинг 1902 - 1922 Хаберландт

Өсімдік жасушаларының тотипотенттілік принципі.

Негізгі бағыттары Бұл зерттеулердің негізгі бағыттары:
  • гендік және клеткалық инженерия
  • гаплоидты биотехнология
  • клондық көбейту
  • биологиялық активті заттар алу, фиторемедиация, гендік банк жасау, т. б.

Өсімдіктер биотехнологиясын қолданып көптеген жоғары өнімді өсімдік сорттары мен линиялары, дигаплоидтар, каллустық және клеткалық дақылдар, протопластар, вируссыз өркендер, дәрі-дәрмектер, белоктар, вакциналар, витаминдер, т. б. биологиялық активті қосындылар алынуда.

Қазақстанда Өсімдіктер биотехнологиясының негізін салғандар : академиктері

  • М. Ә. Айтхожин
  • І. Рақымбаев
  • М. Қарабаев
  • профессор Г. УәлихановаҚазір Өсімдіктер биотехнологиясы саласында биология ғылым докторы Б. Б. Әнәпияев, Б. Ысқақов, К. Жамбакин, т. б. ғалымдар еңбек етуде.

C:\Users\Admin\Desktop\аяу\slide-18.jpg

Биотехнология және өсімдіктер өнімділігін жоғарылату.

  • Өсімдіктер биотехнология саласындағы ғалымдардың жұмыстарыөнімнің шығымдылығын және оның қоректік құндылығының арттыруға, қолайсыз табиғи жағдайларға және әртүрлі фитопатогенді микроорганизмдер мен зиянкестердің әсеріне төзімділігін жоғарылатуға, сонымен қатар, мәдени өсімдіктердің әр түрлілігін мен генетикалық ресурстарын сақтау мәселелеріне бағытталған. Мәдени өсімдіктердің түрлерін және сорттарын көбейтудегі жаңа жетістіктер, өсімдік клеткаларын дақылдау әдістерін жетілдірумен байланысты болып келеді.
  • Мәдени өсімдіктердің сорттарын жақсарту
  • Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жаңа астық өнімдердің жоғары өнімді сорттарын шығаруда селекциялық жұмыстар жүргізіле бастады. Олардың нәтижесінде бидайдың (Мексикада), күріштің (Филиппинде), соргоның, сұлының, жүгерінің және т. б. астық тұқымдастарының жаңа сорттарының түрлері пайда болды. Бұл жаңа сорттарды жергілікті линияларымен шағылыстыру, өнімділігі жоғары және табиғаттың қолайсыз жағдайларына төзімді сорттарды алуға мүмкіншілік туғызды. 1970 жылдың ортасынан бастап, қазіргі 100 жылдықтағы зерттеулер зиянкестер мен әртүрлі ауруларға, құрғақшылыққа төзімді жаңа өсімдіктерді селекциялау мен дақылдауға бағытталып отыр. Бұл зерттеулер тек шағылыстыру, айқас гибридизация және айқас шағылыстыру әдістеріне негізделіп қана қоймай, сонымен қатар өсімдіктердің биологиялық әртүрлілігін қамтамасыз ететін, молекулалық және клеткалық механизмдерге бағытталған әсер арқылы, мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын алуды көздейтін, гендік инженерия әдістеріне және клеткалардың, протопластар мен ұлпалардың дақылдарын пайдаланатын жаңа технологияларға сүйенеді. Өсімдік объектісіне бейімделген, рекомбинантты ДНҚ технологиясы түраралық шағылыстыруда кездесетін кедергілерге қарсы тұруға және ауруға шалдыққан өсімдік ұлпаларындағы вирустарды анықтауға мүмкіндік беріп, нәтижесінде, сау екпе материалды пайдалану арқылы, сапалы құнды өнім алуға болады.
  • Протопласттарды біріктіру
  • Клеткаларды дақылдау әдісін жетілдіру және жекеленген протопластарды алу мен дақылдау, өсімдіктердің соматикалық клеткаларына микроорганизмдермен жұмыс істеудің принциптері мен ережелерін қолдануға мүмкіндік берді. Бұл әдіс өсімдіктердің соматикалық клеткалары немесе протопластарының популяциясын бүтін өсімдік беруге қабілетті, жеке организм суспензиясы деп қарастыруға мүмкіндік береді. Жекеленген протопластар - клетка қабырғасынан айырылған, соматикалық клеткалар. 1970 жылы өсімдіктің соматикалық (парасексуальды) гибридизациясына негізделген протопластарды біріктіру әдісі пайда болды. Бұл әдістің мәні өсімдіктің жынысты клеткалары (гамета) емес, ал соматикалық (дене - сома) клеткалары гибридизацияланады. Мұндай жолмен алынған гибрид нәтижесінде гибридті өсімдік дамиды. Парасексуальды гибриднзация әдісімен әртүрлі түр аралық және түр ішіндегі, туыс, тұқымдас аралық (тек клеткалық деңгейде) гибидтер алуға болады, бірақ бұл күрделі қондырғылар мен арнайы жағдайларды қажет етеді.
  • Сонда да, қазіргі кезде әртүрлі өсімдіктерге
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеуге жарамды вакциналар
Экобиотехнология пәнінен дәрістер жинағы
Трансгенді ағзалар
Каллустық жасушаның өсу фазалары
Трансгенді өнімдер
ГМО қосылған тағам өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін зиян
ӘЛЕМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДАҒЫ АЗЫҚ - ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ
Өсімдіктер биотехнологиясы
Биотехнология дамуының негізгі бағыттары және анықтамасы
Трансгенді өсімдіктер алу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz