Қазақ әдебиетімен Европа халықтары әдебиетінің байланысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Мамандығы : Негізгі орта білім беру
Біліктілігі: Өзін-өзі тану мұғалімі
Пәні: Өзін-өзі тану сабақтарында әлемдік көркем әдебиет
Тақырыбы: Орта ғасырдағы Батыс Еуропа және Шығыс әдебиеті шығармаларындағы адамгершілік рухани құндылықтар

.

МАЗМҰНЫ

I КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 - ТАРАУ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ БАТЫС ЕУРОПА ЖӘНЕ ШЫҒЫС ӘДЕБИЕТІ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Орта ғасырдағы Батыс Еуропа және Шығыс әдебиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-8
1.2 Орта ғасырдағы Батыс Еуропа әдебиетінің өкілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-12
2- ТАРАУ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ БАТЫС ЕУРОПА ЖӘНЕ ШЫҒЫС ӘДЕБИЕТІ ӨКІЛДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ПАЙДАЛАНУ
2.1 Қазақ әдебиетімен Европа халықтары әдебиетінің байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...12-14
2.2. Еуропа әдебиетінің адамгершілікке арналған шығармаларын оқыту арқылы тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... 14-15
III.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Өзектілігі. Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз, - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев айтқандай, біздің алдымызда бабаларының игі дәстүрін сақтайтын, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің азаматтары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр. Ата - бабаларымыз бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған.
Кез келген халықтың тәрбие беру ісінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Сол сияқты қазақ халқында да, сан ғасырлар бойы жас ұрпақты имандылық пен әдептілікке, адалдық пен әділеттілікке, қарапайымдылық пен мейірбандылыққа, ерлік пен батырлыққа, жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеген ғұлама ғалымдары, шешендері мен билері, батырлары мен ақын-жыраулары болғаны баршаға мәлім. Қазіргі кезде еліміздің даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды.
Оқушыларға рухани адамгершілік тәрбие беруде Батыс Еуропа және Шығыс әдебиетшілері шығармаларының маңызы зор . Олардың еңбектерінде тәрбиенің маңызын, теңдік пен еркіндікті қарастырып, ізгілікті бағыттарын көрсеткен.
Курстық жұмыстың мақсаты: Орта ғасырдағы Батыс Еуропа және шығыс әдебиетішілерінің еңбектерін, оқу - тәрбие процесінде қолдану
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Орта ғасырдағы Батыс Еуропа және шығыс әдебиетімен және әдебиет өкілдерімен танысу;
2. Орта ғасырдағы Батыс Еуропа және шығыс әдебиетшілерінің шығармаларын оқыту негізінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге болатынын көрсету.
3. Өзін-өзі тану сабағымен байланысын көрсету.

1 - ТАРАУ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ БАТЫС ЕУРОПА ЖӘНЕ ШЫҒЫС ӘДЕБИЕТІ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
3.1 Орта ғасырдағы Батыс Еуропа және Шығыс әдебиеті

XV ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың бірінші жартысында Еуропа елдерінде ағарту ісі дами бастады. Біршама діни мектептер ашылып, көптеген адамдар сол мектептерде оқып, білім алып, хат таныған. Шамасы бар бай ауқатты адамдар өздерінің балаларын арнаулы білім беретін оқу орындарында оқытып, белгілі бір мамандықты меңгертіп алып шығып отырған. Осы кезде Батыс Еуропада көптеген гуманист-жазушылар шықты. Олар феодалдық құрылыс пен католик шіркеуін қатал сынады. Олардың көпшілігі өздерінің шығармаларында шын мәніндегі өмірдегі теңдік пен еркіндікке негізделген қоғам туралы жазылған. Жеке меншік үстем болып, еңбектің нәтижесі мен қызығын бай тап өкілдері иемденіп отырған капиталистік қоғамды аямай сынады. Әділетті қоғамдық құрылысты армандап, оның қандай болатынын көз алдыларына елестетуге тырысты.
Орта ғасыр әдебиетінің тууы мен дамуына үш фактор әсер етті: халық ауыз әдебиеті, антик әлемі және христиандық дін.
Батыс Европада үстемдік алған варвар халықтарында сол кезде өздерінің өте жақсы дамыған поэзиясы болған. Сол поэзия кейінгі Европа әдебиетінің негізін салды.
Орта ғасыр әдебиетінің алғашқы дамуына католиктік шіркеулер үлкен әсер етті. Сол кездегі бірнеше әйгілі әдеби жанрлар шіркеу әсерімен туған: діни гимндер мен өлеңдер, әулиелер өмірі тағы да басқалар. Шіркеу ішінде діни драмалар да туды.
Орта ғасыр әдебиетіне едәуір әсер еткен екінші ірі фактор - антик әлемі, яғни өнер мен әдебиет. Алғашқы кезде германдық жаушылар антик мұраның барлығын жойды. Бірақ және мәдениетті құру үшін негізгі материал керек болды. Үлгі ретінде жойылған антик мұраның қалдығын жинау басталды. Мемлекеттік заң және жоғарғы әкімшіліктің тілі ретінде латын тілі қабылданды.
Орта ғасыр әдебиетінің дәуірге бөлінуі Европа халықтарының қоғамдық дамуының кезеңдерімен бірыңғай келеді: I - кезең рулық қоғамның ыдырауы және феодалдық қатынастардың пайда болу кезеңінің әдебиеті, II - кезең өркендеген феодализмнің әдебиеті. Бірінші дәуір шамамен Х ғасырдың аяғына дейін созылады. Әр түрлі халықтардың тарихи және әдеби дамуы әр түрлі болды. Бәрінен бұрын ортағасырлық әдебиет Францияда дамыды. Германия, Европа елдері және Англия Франциядан біраз артта қалды. Даму жағынан соңғы орында қалған скандинавтар және кельттер басып алған Еуропаның шеткі солтүстік және солтүстік-батыстық аймақтары. І кезеңнің әдебиеті ІІ кезеңмен салыстырғанда біртұтас және бірыңғай болып көрінеді. Ал, ртағасырлық әдебиеттің екінші кезеңінде, Европа мен Англияда ХІ ғасырдан XV ғасырға дейін өркендеген феодализм дәуірінің әдебиеті әлдеқайда қиын жағдайда дамыды. ХІІІ ғасырға дейін үш ерекше әдеби ағым дамыды - халықтық, клерикалық және феодалдық-рыцарьлық әдебиет. Клерикалық әдебиет - шіркеудің әсерінен туған әдеби ағым. ХІІ ғасырда қалалар көбейіп, өркендей бастайды. Оларда ерекше өнер мен әдебиет пайда болады.
Германдық эпос. Ежелгі германдық эпостың идеологиялық мазмұны сол кездегі бүкіл халықтарға тән. Батырлар жыры жауынгерлердің ерлігінің даңқын шығарады. Германдық эпоста кейіпкерлердің арасында жаңа қарым-қатынастар пайда болады, бөлек-бөлек аңыздар циклдарға бірігеді. Эпостық қаһарман ерекше бір күштің, сұлулықтың, батылдықтың өнегесі болып табылады. Әр түрлі адамдардың ерліктері бір эпостық қаһарманның ерлігі болып табылады.
Ежелгі германдық эпос арфаның қостауымен айтылған. Жырларды орындаушы, шығарушылар және айтушылар - жасақшы - әншілер. Олар басқа жауынгерлермен бірге шайқастарға қатысып, солардың ерліктері туралы айтып, жырлаған. Жасақшы - әншілер сонымен қатар ауыз әдебиетінде сақталған ескі, көне заманның оқиғалары туралы баяндаған. Жасақшы - әншілер үлкен құрметке ие болған. Олар өздерінің айтқан немесе шығарған өлеңдері үшін корольдің қазынасынан алтын сақиналар, білезіктер басқа да бағалы сыйлықтарды алып тұрған. Ежелгі германдық эпостың сақталған жалғыз ескерткіші - Хильдебрант туралы өлеңнен үзінді. Бұл өлең әкесі мен ұлының кездесуінен басталады. Мұндай сюжет басқа халықтардың эпосында да кездеседі. Бұл аңыздарда қаһарманның ұлы басқа елде басқа әйелден некесіз туған бала туады. Ол ер жетіп есейіп әкесін іздеуге кетеді. Көп сюжеттерде әкесі шайқаста ұлын жеңіп, оны танымастан бұрын өлтіреді.
Ежелгі германдық эпостың сақталған ескерткіштерінің бірі - англосакс тілінде жазылған Беовульф туралы поэма. Англосакс тілі деп ежелгі ағылшын тілін айтады. Бұл тілде V ғасырда Британияны басып алған германдық тайпалар сөйлеген. Беовульф туралы поэма біздерге дейін тек қолжазба түрінде жетті. Ол Х ғасырдың басында жазылған өлеңдер. Поэма 2 бөлімнен және оларға кірген 3000 өлеңнен тұрады. Сол 2 бөлімді біріктіретін бейне - Беовульф бейнесі. Беовульф тарихи адам емес, поэмада тарихи оқиғалар көрсетілгенмен, көптеген эпизодтары басқа халық ертегілерімен салыстырмалы. Ежелгі германдықтар өзідерінің поэзиясын өлең түрінде ұрпақтан - ұрпаққа ауызша жалғастырған.
Мифологиялық және қиял - ғажайып ирландық сагалармен салыстырғанда исландық рулық сагалар сол кездегі Скандинавия халықтарының тұрмысын, қоғамдық және жанұялық қарым - қатынастарды, әдет - ғұрыптары мен діншілдігін көрсеткен.
Халық поэзиясы. Қоғамның түрлі жеңілдіктерін пайдаланушы таптар өздерінің мүдделері мен көзқарастарын рыцарлық және клерикалық әдебиеттен тапқан. ХІІ ғ. бастап қалалардың ролі күшейіп, өздерінің ерекше қалалық әдебиетін шығарды. Ал жазу білмеген бұқара халық өз шығармашылығын орта ғасырлардың ортасына дейін ауызша ғана жалғастырды.
Ортағасырлық әдебиеттің негізгі бағыттарының әлеуметтік тегі әртүрлі болса да, олар бір-бірімен тығыз байланысты болды. Халық ауыз әдебиеті жазба әдебиетіне өте бай материалдар беріп, оны өзінің сюжеттері мен бейнелерімен түрлендіріп, қамтамасыз етті. Халық поэзиясы өте бай және өз бетімен дамыған әдебиет болса да, ол ауызша дамығанның кесірінен тек XIV-XV ғғ. дейін өркендеді.
Халық поэзиясының барлық түрінен ең жақсы сақталған батырлар жыры. Бұл жанр Ирландияда өте жақсы дамыған. Оның негізінде рулық және жергілікті аңыздар жатады. Батырлар жырын орындайтын ақын жыршыларды бард деп атаған. Бард әнін музыкамен қостап, әртүрлі тарихи және аңыздарға айналған оқиғалар туралы, әр түрлі батырлар мен князьдардың құрметіне арналған өлеңдерді айтты.
Француз батырлар жыры. Батырлар жыры туралы материал әсіресе Францияда жақсы сақталған. Бұл шығармалар жүзге жақын поэма түрінде сақталған. Олардың ең көне түрлері XI ғасырдың аяғында, соңғылары XIV ғасырда жазылған. Француз эпосының негізгі мазмұнын үш тақырыпқа бөлуге болады:
1) елін қорғау;
2) корольге адал қызмет ету;
3) қанды феодалдық шайқастар.
Алдыңғы екі тақырып мейрімді және ұлы, дана корольдың бейнесімен байланысты. Көптеген поэмаларда бұл король Ұлы Карл болып аталады. Карл поэмаларда шындыққа жатпайтын бейне: ол әрқашан мейірімді, әділ, ұрыстарда жеңімпаз, сатқындарға қатал король болып бейнеленеді.
Клерикалық әдебиет. ХІІ - ХІІІ ғ. аяғына дейін халық поэзиясымен қатар клерикалық әдебиет өркендеді. ХІІ ғасырға дейін тек дін басылары мен ақсүйектер ғана монастырлық мектептерде оқып білім алатын болған. Клерикалық әдебиетте әулиелер өмірі мен әртүрлі діни аңыздар үлкен орын алады. Бұл аңыздар латын және басқа тілдерде елден елге, халықтан халыққа көптеген варианттарда тараған. Әулиелер өмірі жайлы әңгімелердің мазмұны әр түрлі. Оны 3 топқа бөлуге болады.
1) Бірінші топқа әр түрлі мұқтаждық, азап көрген, өзін өзі аштықпен, суықпен қинаған әулиелердің өмірбаяны;
2) Әртүрлі тайпаларды, аймақтарды христиандыққа айналдыратын миссионерлердің өмірі туралы;
3) Құлдыққа түскен адамдарды қорғау және адамгершілік туралы әңгімелер.
ХІІ ғасырдың ортасынан бастап құдайанаға табынумен байланысты оның жасаған таңғажайып істері туралы көптеген әңгімелер шығады. Сол кезде адамдардың өлгеннен кейінгі тағдыры туралы әңгімелер көп таралды. Осы әңгімелердің сюжеттеріне ортағасырлық адамдар көп назар аударған екен, өйткені ол әңгімелерде өлгеннен кейін мейірімді адам жұмаққа барады, ол дүниелік жазаны тартады деген. Осыны естіген ортағасырлық қанайған адамдар ол дүниеде қанаушылар жазаға тартылады деп сеніп, үміттенген.
Рыцарлық әдебиет. ХІ-ХІІ ғасырларда Батыс Европада феодалдық қоғамның үстем табы біржолата құрылды. Рыцарьлар енді әскери-феодалдар ақсүйектердің ерекше ұйымына айналды. Олардың өздерінің жазылмаған заңдары, дәстүрлері, жүріс-тұрыстың ережелері, абырой мен айыбының идеалдары болған. Сол заң бойынша рыцарь ер жүрек, әділ, адал, мейрімді, адам болуы керек. Ол шіркеуді, әлсіз, әйел адамдарды, жетімдерді қорғау керек, өз қожайына адал еңбек ету керек және бөтен діндегі адамдармен күресу керек. ХІІ-ХІІІ ғасырларда осы идеалды шығаруда рыцарьлар поэзиясының ролі орасан зор болды. Рыцарьлар әдебиеті әсіресе Францияда өркендеді, ол басқа европа елдерінің әдебиетіне өнеге болды.
Қалалық әдебиет ХІІІ ғасырда Батыс Еуропаның көптеген елдерінде ортағасырлық мәдениет өзінің жоғары деңгейіне жетеді. Сол кезде саяси және қоғамдық өмірдің барлық салаларында, адамның ақыл-ойында үлкен өзгерістер пайда болды. Философия және басқа ғылымдар да өркендеді.
ХІІ ғасырда қалалар туралы әдеби шығармалар шыға бастады. Әдебиетте өмірмен бірте-бірте байланысын үзген рыцарьлар поэзиясымен қатар жаңа қалалық әдебиет дамыды. Ол күнделікті өмірді, қоғамның барлық тап өкілдерін, әсіресе, шаруаларды, бейнелеуді мақсат етті. Қалалық әдебиетте кездесетін ең жақсы образдар мен сюжеттер фольклордан алынған.
Қалалық әдебиет рыцарьлар поэзиясының кейбір жанрларын пайдаланып, өздерінің өзгерістерін енгізді. Қалалық әдебиеттің жанрлары: публицистикалық, сатиралық лирика, өлеңмен жазылған қысқа тұрмыстық әңгімелер, үлкен сатиралық және аллегориялық романдар, әртүрлі дидактикалық шығармалар. Қалалық әдебиеттің стилі де өзгерді. Ол рыцарьлар поэзиясының сыпайылығына, әсемділігіне, нәзіктілігіне қарсы халық тіліне жақын болды.
Францияның қалалық әдебиеті. Ортағасырлық қала тұрғындары өлеңмен жазылған күлкілі қысқа әңгімелерді жақсы көрді. Оның басты кейіпкері көбіне епті әрі қу қала тұрғыны немесе жайдары, тапқыр шаруа болды. Олар үнемі өзінің жауларын - тәкаппар рыцарьлармен қомағай монахтарды келекеледі. Францияда өлеңмен жазылған ұсақ әңгімелер - фаблио қалалық әдебиеттің кең тараған жанрларының бірі болды. Ол күнделікті өмірден алынған қызықты, ерсі оқиғалар туралы әңгімеледі. Фаблио 3 топқа бөлінеді. Оның қарапайым түріне анекдоттар жатады. Фаблионың 2-ші тобына әлеуметтік бағытта жазылған, сюжеті жақсы дамыған әңгімелер жатады. Бұларда рыцарьдан гөрі қала тұрғынына тән қасиеттер дәріптеледі: тапқырлық, ұқыптылық, ептілік тағы басқа. Типтік фаблиоға Шаруа - емші атты әңгіме жатады. Осы фаблио ХVII ғасырда драматург Ж.Б. Мольердің Амалсыз емші болған шығармасына негіз болды.Фаблионың 3-ші тобына қоғамның әртүрлі таптарына, соның ішінде, қала тұрғындарына тән кейбір кемшіліктер әшкерленетін шығармалар жатады. Бұл әлеуметтік сықақ ауқатты қала тұрғындарының сараңдылығына, рақымсыздығына, мейірімсіздігіне, қомағойлығына, дін қызметшілерінің әдепсіздігіне, екіжүзділігіне, рыцарьлардың ақылсыздығына, дөрекілігіне, өтірікшілердің қитұрқы қылықтарына қарсы бағытталған. Көптеген фаблиолардың сюжеттері өзге халықтардың ертегілері, новелла мен өсиетті әңгімелеріне жақын. Ортағасырлық фаблио кейінгі француз әдебиетіне әсерін тигізді. романында, Ж.Б. Мольердің комедияларында, П.Лафонтеннің ертегілерінде, Ги де Мопассанның новеллаларында кездеседі. Фаблионы материал ретінде Д.Боккаччо және басқа да итальян жазушылары пайдаланды.
Франция қалаларында ондаған жылдар бойында мысалдар мен ертегілерден Түлкі туралы роман дастаны шығарылды. Дастанда аң бейнесінде жалқау ірі феодал - Аю, шіркеудің топас қызметкері Есек, жемтік іздеп шарқ ұрған жауыз рыцарь - Қасқыр, ақылды, тапқыр қала тұрғыны - Түлкі көрсетіледі. Түлкі Қасқырмен тартыста үнемі жеңіп шығады. Ал Қораз, Қоян, Ұлу бейнесінде берілген кедейлерді ол жәбірлегенде оның өзі қиын жағдайға душар болады.

3.2 Орта ғасырдағы Батыс Еуропа әдебиетінің өкілдері
Томас Мор
Ағылшын гуманист жазушысы Томас Mop (1478-1535). Ол Лондон қаласында, сот отбасында дүниеге келген. Өте білімді адам болған, ежелгі тілдерді жақсы білді. Әкесінің жолын қуып, заң қызметкері болып шықты. Біреудің басына түскен қайғы - қасіретке немқұрайлы қарай алмайтын Mop кедейлерді қорғаған. Мордың 1516 жылы Мемлекетті жақсы ұйымдастыру және жаңа Утопия аралы туралы алтын кітабы шыққан. Бұл кітапта сол кездердегі қоғамдық құрылысты, Англиядағы қайыршылық жағдайды қатты сынаған. Қоғамдағы кемшіліктердің негізі жеке меншікте, ал оның өмір сүру негізі адамдардың ақымақтық әрекеті, менменшілдік, мансапқорлықта жатканын айтады. Mop өзінің ойлап тапқан, Утопия аралындағы бақытты елді, оның тамаша қалаларын, гүлденген даласы, ғажап тәртіптері мен зандарын суреттеп жазады. Утопияда қанау жоқ, бай да жоқ, кедей де жоқ. Аралдың барлық адамдары еңбек етуге міндетті. Утопиялықтар күніне тек алты сағат еңбек етсе де, оларда азық-түлік мол, өйткені мұнда еңбек етпейтін жалқаулар жоқ. Аралдың тұрғындары өздеріне не қажет болса, соны коғамдық қоймалардан тегін алады. Қолдары бос кезінде арал тұрғындары ғылыммен, өнермен, спортпен айналысады. Утопия тұрғындары үйлерінің есіктері әрқашан да құлыпсыз, ашық тұрады, олар ұрлықтан қауіптенбейді. Адамдардың арасында сараңдық тумау үшін, олар әр 10 жылда өздерінің үйлері мен заттарын бір-бірімен алмастырып отырады. Утопиялықтар ақшаны жек көрді, қымбат тастардан балаларға ойыншықтар жасады. Олар алтыннан қылмыстыларға кісен соқты. Mop болашақта адамға қажет көптеген машина пайда болатынын болжай алмады, сондықтан ол ауыр әрі лас жұмыстарды Утопия заңын бұзған қылмыстылардың үлесіне берді. Томас Mop еңбек құрал-жабдықтары ортақ, әділетті қоғамдық құрылысты армандады. Бірақ оны қалай құрудың жолын білмеді. Солай бола тұра, Томас Mop оны өте батыл, өзі қиялдаған қоғамның өмірін нақты мысалдармен дәл көрсете білді. Томас Мордың идеясында жеке меншік жоқ, барлық адамдар тең өмір сүретін қоғам құру туралы қиял болды. Сондықтан Мордан кейін жүзеге асырылмайтын, өмірден қол үзген қиял утопия деп аталып кетті.
Мор көптеген моральдық - философиялық трактаттар қалдырған. Өзінің Утопия деген негізгі шығармасында жеке меншікке негізделген қоғамды, өз тұсындағы әлеуметтік - саяси қатынастарды сынға алып, қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді. Қоғамдағы кемшіліктердің негізі жеке меншікте, ал оның өмір сүру негізі - адамдардың теріс әрекеті, менмендік, мансапқорлық дейді.
Мигель Сервантес
Испанияның ұлы гуманист жазушысы Мигель де Сааведра Сервантес (1547-1616) Алькала - де-Энарес қаласында, кедейленген дворян дәрігердің отбасында дүниеге келген. Ол жас кезінен бастап өте ауыр тұрмысты басынан өткізген. Жақсы білім ала алмаса да, университет бітірді. Италияда қызмет етті. Испан әскерінің қатарында 1571 жылы Түркияға қарсы соғысқа қатысып, сол қолынан қатты жараланды. 1575 жылы Италиядан қайтып оралғаннан кейін, Алжир қарақшыларының қолына түседі. Бес жыл Алжирде тұтқында болады. Қашпақ болған әрекеті сәтсіз аяқталды. Кедейленіп отырған отбасы ақырында оны сатып алуға мәжбүр болды. Көп қиыншылық көрген Сервантес күн көру үшін театрларға пьесалар жазды, ауқатты адамдар туралы мадақ өлендер шығарып, азды-көпті ақша тапқан. Мұнымен күн көру мүмкін болмаған соң, Сервантес әуелі әскер үшін астық жинаушы, кейін қарыздарды жинаушы болып жұмыс істеді. Салық жинау барысында ол халықтың өте ауыр тұрмысын өз көзімен көріп, қатты қамығады. Сервантес өмірінің соңғы 15 жылы - оның әдеби шығармашылығының гүлденген кезеңі. Оны әйгілі еткен 1605 жылы жазған Дон Кихот романы болды. Бұл роман туралы Сервантестің өзі Дон Кихот сол дәуірде қатты әсіреленіп отырған рыцарьлық романдарға пародия ретінде жазылған деп жазады. Романның басты кейіпкері рыцарьлық романдарды өте көп окыған және оның оқиғаларына еліктеуші провинциялық кедей дворян Дон Кихот ежелгі кезбе рыцарьлық кәсіпті қалпына келтіруді ойлайды. Жәбірленгендер мен қамалғандарға қорған болып, әділеттілік орнатқысы келеді. Роман кейіпкерлері бірімен-бірі қайшы емес, көбі біріне-бірі ұқсас. Олар ақпейіл, ширақ, басқа біреудің басына қайғы-қасірет түссе қайырымды. Дон Кихот Санчоны оп-оңай байисың, сөйтіп губернатор боласың деген құр уәдемен жорыққа алып шығады. Бірақ халыққа қызмет етемін деп жүріп, Дон Кихот оларға тек зиян әкеледі. Дәулер екен деп ойлап, найзамен жел диірменге шабуыл жасайды, тұтқын рыцарьлар екен деп жер аударғандарды босатады. Оған жүргіншілер түсетін сарай-қамал, қоралы қой - жау әскері болып көрінеді. Маңайындағы есі дұрыстар Дон Кихотқа үнемі лағынет айтады, өлімші етіп сабайды, оны келемеждейді, қорлайды. Сонда да ол адамға деген сүйіспеншілігін сақтайды. Дон Кихоттың ықпалымен Санчо да өзгереді. Бай ақсүйек оны қалжыңдап аралдың губернаторы етіп тағайындағанда, сауатсыз шаруа данышпандық көрсетіп, сот мәселелерін шешуде әділеттілік және адалдық танытады. Сервантестің әлемдегі зұлымдық, әділетсіздік атаулыға қарсы күреске шақырған романы дүние жүзі оқырмандарының сүйіп оқитын кітабының біріне айналды.
Алжир каторгасы пьесасы испан жігітіне арналған сүйіспеншілікті сөз етсе, Алжир әдет-ғұрпы алжирлік жұбайлардың тағдырын бейнеледі. Нумансия трагедиясына Рим әскері шабуылына қарсы төтеп берген ежелгі қала тұрғындарының ерлігі негіз болған.
Нақыл новеллалары 1613 жылы жазған повесінде ерлік пен махаббат, уақыт, мінез мәселелері жайлы толғаныстар, адамгершілік, қайырымдылыққа байланысты тақырыптар қамтылған.
Шекспир Уильям
Шекспир ескі феодалдық дүниенің күні бітіп жатқандығын түсінді. Бірақ ол ақша мен баюға құмарлық үстемдік еткен буржуазияның жаңа дүниесімен де келісе алмады. Жазушының пікірі бойынша жауыздық барлық жерді жайлаған, ол сезім атаулының - сенім, әділет, сүйіспеншіліктің бәрін де уландырып отыр. Менің айналамда көріп отырғанымның бәрі де жексұрындық, - деген екен ақын.
Шекспир адамның ұлылығын терең түсінді. Шекспирдің ұлы трагедиясының кейіпкері Гамлет: Адам қандай тамаша жаралған! Оның ақыл-ойы қандай ізгі. Іс-әрекеті қандай дәл, қандай тамаша. Әлемнің сұлуы, - дейді. Өзінің Гамлет, Отелло, Король Лир, Ромео мен Джульетта және басқа да трагедияларында Шекспир қайырымдылық пен әділеттілік туралы ізгі, батыл адамдардың армандарының жүзеге аспайтындығын көрсетті. Ол күшті, ер жүрек кейіпкерлерді, олардың жоғары сезімдерін - сүйіспеншілік пен достықты, адалдық пен ерлікті мадақтады. Шекспирдің кейіпкерлері тағдырдың әлсіз құрбандары емес, олар қиналады және күреседі, бірақ дүниені өзгертуге күштері жетпейді. Шекспир 37 пьеса және көптеген өлең жазды. Шекспирдің антик мифологиясының сюжеттеріне жазылған 2 поэмасы бар: Венера мен Адонис, Лукреция.
Шекспир шығармашылығы үш кезеңге бөлінеді. Шекспир шығармашылығының бірінші кезеңі 1590-1600 жылдарды қамтиды. Оның алғашқы шығармалары 90-шы жылдардың басында жазылған: драмалық хроникалар, комедиялар және екі поэма Венера мен Адонис, Лукреция. Бұл екі поэманы Шекспир граф Саутгемптонға арнаған. Комедияларында адамдардың бақытқа ұмтылу жолындағы кездесетін қиындықтармен күресі суреттеледі, жаңа дендеп келе жатқан буржуазиялық қатынастар әшкереленеді. І кезеңдегі пьесаларында Шекспир адамның және оның тұрған жерінің сұлулығын, өмірдің қарапайым қуаныштары жайлы жазады. Драматург орта ғасырлық жазушыларда бұрын болмаған сұлулықтың жаңа, гуманистік идеалын жасады, сондықтан оның шығарған образдары айқын және көп - қырлы. Шекспир комедиялары мен драмаларының қойылымы әр түрлі елдерде болады, бірақ олар қай жерде өтсе де, барлығында Англияның рухы сезіледі. Драматург өткен ғасырды суреттесе де, оның жасаған кейіпкерлері Қайта өрлеу дәуірінің өкілдері болып көрінеді.
Шекспирдің саяси көзқарасы пьеса-хроникаларында айқын байқалады. Генрих VI, Ричард III қойылымының басылуы тағы басқа пьеса хроникаларының негізгі идеясы - мемлекеттік бірліктің қажеттігі, феодалдық анархияны жою. Шекспир пьесаларында дүние жүзінде алғаш рет драматургия саяси күресті мифтік емес, реалистік әдіспен бейнеледі. Ол шығармаларына феодалдық қоғамның барлық өкілдерін, сондай-ақ демократиялық пікірдегілерді де қатыстырды. Алайда Шекспир өз дәуіріндегі гуманистердің күмәншылдығынан асып кете алмай, халықтың өз тағдырын және мемлекет мәселесін өзі басқара алатындығына сеніңкіремей қарады.
Шекспир шығармашылығының екінші кезеңі (1601-1608) Англия өміріндегі қоғамдық-саяси өзгерістермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.Қ.Сәтбаеваның ғылыми мұрасы
Шоқан Уалиханов әдебиеттегі орны
Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Әуезов шығармалары
Абай оқыған шығыс шайырлары
ХХ ғасыр басындағы аударма
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. Халықаралық әдеби байланыс
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық, халықаралық әдеби байланыс туралы ақпарат
Пәндер