Азаматтық құқық қатынастардың субъектілері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік универстеті

Реферат
* Тақырыбы: Азаматтық құқықтың мазмұны, субъектілері және объектілері .
* Дайындаған:Биназаров
* Бауыржан 207 топ
* Тексерген: Жағыпар
* Жадыра Жағыпарқызы

Атырау қаласы 2020 жыл
* 1 Азаматтық құқықтың мазмұны, субъектілері және объектілері
* 2 Азаматтық құқықтың түрлері
* 3 Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы



+ 1 Азаматтық құқық қатынастардың субъектілері.

Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатынасцшыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатысуының алғышарты олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке және азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.

Азаматтық құқықтың негізгі субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Мемлект пен әкімшілік-аумақтық бөліністер де азаматтық құқықтың субъектілірі болып табылады,бірақ өздерінің азаматтық олар арнайы және соған уәкілетті заңды тұлғалар арқылы жүзеге сырады.

Жеке тұлғалар деп Қазақстан Республикасының азаматтары,басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар ұғынылады. Азаматтық құқыққа ие болып,міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеті) барлық азаматтарға бірдей деп танылады.Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып,қайтыс болған соң тоқтатылады.

Азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға,өзі үшін азаматтық міндеттер жасап,оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық құқық қабілеттілігі) кәмелетке толғанда,яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемде пайда болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтық құқық нормалары бар. Атап айытқанда, 6-бапта Қазақстанда мемлекеттік меншік пен меншіктің танылатыны және тең дәрежеде қорғалатыны белгіленген. Азаматтардың жеке меншігі мәселелері Конституцияның 26-бабында неғұрлым тәптіштеп баяндалған. Азаматтың ар-ожданы, қадір-қасиеті және абыройлы есімі, оның бостандығы мен өміріне ешкімнің тиіспеуі, жеке және отбасылық құпия, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзгеде хабарлар сияқты рухани қазыналар жөнінде туындайтын жеке мүліктік қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-18 баптарында көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 62 тарау және 1124 баптан тұрады. Жалпы бөлім мынадай бөлімдерден тұрады: жалпы ережелер, меншік құқығы және басқа да заттық құқықтар, міндеттемелік құқық. Ерекшк бөлім мынадай бөлімдерден құралған: міндеттемелердің жекелеген түрлері, интеллектуалдық меншік құқығы,мұрагерлік құқығы,халықаралық жеке құқық. Азаматтық заңдылықтар өздері реттейтін қатынастарда қатысушылардың теңдігін, мешікке қол сұғылмаушылықты,шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын,азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірі луін,оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері.

Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке):заттар,ақша,соның ішінде шетел валютасы,құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интелектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар,тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға:жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті,абыройы,игі атақ,іскерік бедел,жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы,есім алу құқығы,автор болу құқығы,шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

+ 2 Азаматтық құқық қатынас түрлері.

Қатынастардың негізі материалды игіліктердің болуы және болмауына бацланысты қалыптасатындықтан азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері мүліктік және мүліктік емес деп бөлінеді. Мүлікті қатынастар мүліктік,материалды игіліктер сипатында болатындыұтан, олардың эканомикалық мазмұны бар. Мүліктік емес қатынастарға адамның, азаматтың өмірі, денсаулығы, еркіндігі, бостандығы, қауіпсіздігі, ар-ожданы, намысы, аты-жөні т.с.с. жеке басының мүліктік емес мүдделері жатады. Мүліктік, материалды игіліктер бір жеке және заңды тұлғалардан екіншілеріне көшуі,қайтарылуы мүмкін. Ал мүліктік емес құбылыстар мен мүдделер екінші біреуге берілмейді, көшпейді.

Азаматтық құқық қатынастары негізінен:

а) Мүлітік және мүліктік емес

ә) Абсолютті жңне салыстырмалы

б) Заттық және міндеттемелік теп ажыратылады.

Азаматтық құқық,қатынастары мүліктік қатынастар мен мүліктік емес қатынастарға бөлу мынаған негізделген: мүліктік құқық қатынастарының беогілі бір эканомикалық мазмұнв бар,сонымен бірге мүліктік құқық қатынастарының мұндай мазмұны болмайды және жеке адмның кейбір материалдық емес мүдделерін қамтамасыз етеді.

Құқық қатынастары тағы да абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді. Бұлайша бөлу қатысушылардың байланысы негізіне негізделген. Субъективті құқығы бар тұлғаларға міндетті тұлғалардың беймәлім тобы қарсы тұратын құқық қатынастары абсолютті құқық қатынастары деп аталады. Мүлікті және жеке мүліктік емес құқық қатынастары абсолютті болуы мүмкін.бұл арада меншікті заттың бір субъектісі туындыныі немесе өнертабыстың авторы басқарцға құқықты болып табылады.Қалған тұлғалардың бәрі міндетті болады.Олардың негізгі міндеті келеңсіз болып табылады және меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруына,автор құқығын бұзбауға және т.б. келіп саяды.

Басқаруға құқықты адамға алдын ала белгілі адамдардың белгілі бір ацқын тобы өарсы тұратын құқық қатынастары салыстармалы деп саналады.Олар бірнещеу болуы мүмкін,бірақ олар әрқашанда дәл анықталған болады. Мысалы, азаматтар немесе зағды тұлғалар жасасқан шарттан туындайтын құқық қатынастары салыстырмалы.

Заттық және міндеттемелік құқық қатынастары. Профессор М.И.Брагинскийдің атап көрсеткендей, Рим құқығынан бастау алатын заттық немесе міндеттемелік болып бөлу ең алдымен құрлықтағы елдердің заңдарынды маңызын сақтап қалған.Егер де институциондық жүйе бойынша жасалған кодекстерде бұлайша болц онша айқын көрінбесе,пандектілік үлгіні пайдаланған кодекстерде оның негізгі маңызы бар.

Мейлінше жалпылама түрінде заттық және міндеттемелік құқық қатынастары арасындағы айырмашылық мынадан аңғарылады:заттық құқықтық мәселені зат,абсолютті сипатта болады, затпен байланысты болғандықтан,соның ізінен шықпайды және,ақырында, құқық иесінің белсенділігін және сонымен бірге өзіне қарсы тұлғалардың енжарлығын керек етеді.Міндеттемелік құқық қатынастарына олардың мәселесі белгілі бір адамның іс-әрекеті болуы тән,олар салыстырмалы болады, борышкерден қалмайды және құқықты адам-несие берушіге қарсы тұратын сол борышкердің белсенділігін керек етеді.Мүлікті беру,ақша төлеу,жұмыс орындау және т.б. сондай іс-әрекет болуы мүмкін.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру әруақытта да мерзіммен тыңыз байланысты.Сондықтан азаматтық құқығында мерзімнің алатын орыны ерекшк.Азаматтық заңдар уақыт кезеңі мен азаматтық құқықтардың пайда болуын,өзгеруін немесе жрйылуын анықтаумен қатар заңда немесе шарттарда көрсетілген әрекеттердің жүзеге асырылуын да қамтамасыз етеді.Уақыттың кезеңдері объективті түрде,яғни азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың еркіне бағынбайтын болғандықтан,оқиғалар қатарына жатады.

Мерзімді есептеу. Азаматтық заңдарда мерзімді есептеу ережелері жоғары деігейде анықталған.Азаматтық кодекстің 172-бабына сәйкес мерзім жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетін уақыт кезеңі ретінде белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар,мерзім сөзсіз болуға тиісті оқиғаның көлемінде көрсетілуі де ықтимал. Мысалы, азаматтың қайтыс болуы.Азаматтың қайтыс болуы көптеген құқықтық салдарға әкеліп соқтырады,мәселен,мұра ашылады және т.б.

Мерзім,негізінен алғанда,заңда,мәміледе немесе соттың шешімінде тағайындалады.

Мерзімнің аяқталуына тоқталатын болсақ,онда төмендегі ережелерге сүйенуіміз қажет. Егер мерзім жылдар есебінен есептелетін болса,онда мерзім мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді.Айлармен есептелетін мерзім мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді.Жарты жыл есебімен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылуы тиіс. Егер жылдармен немесе айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе,онда сол айдың соңғы күнінде бітеді. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе,онда содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады.

Егер мерзім қандай да бір әрекет жасауға белгіленген болса,онда бұл әрекет мерзімнің соңғы күніндегі жиырма төрт сағатқа юейін орындалуы мүмкін. Бірақ,егер бұл әрекет мекемеде немесе ұйымда жасалуға тиіс болса, онда мерзім олардағы жұмыс ресми түрде аяқталған кезде немесе тиісті операциялар жасалып болған кезде бітеді.Сонымен қатар,егер мерзімнің соңғы күніндегі жиырма төрт сағсақа дейін почтаға немесе телеграфқа тиісті жазба мәлімдемелер мен хабарламалар тапсырылса,онда олар мерзімінде берілген болып есептелінеді.

Талап қою мерзімі. Талап қою мерзімі дегеніміз-субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі
Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы
Азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері
Азаматтық.құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері туралы ақпарат
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы мәлімет
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы және олардың түрлері
Азаматтық іс жүзіндегі құқықтық қатынастар
Азаматтық құқыққа қатысатын тұлғалар
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері
Құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігінің құқықтық қатынас үшін маңызы
Пәндер