Аммоний тұздары


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
«Клиникалық ветеринарлық медицина» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Аммиак және оның туындыларына жалпы сипаттама
Орындаған: ВМ-309
Бәкір Балауса
Тексерген: Жыльгелдиева А. А.
Алматы 2020
Жоспары:
I Кіріспе
II. Негізгі бөлім 2. 1 Физикалық, химиялық қасиеттері
2. 2 Аммоний тұздары
2. 3 Азотты сутек қоспасын алу өндірісінің қазіргі замаңғы әдістері
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Алматы 2020
I. Кіріспе
Ауада азот бар екендігі Қытайда VIII ғасырда Мао - Хоаның жұмыстарында жазылған. Европада, азоттың ашылуы ауаның күрделі қоспа екендігін білумен қабат жүрді. Осы бағытта азот алған 1772 жылы зерттеген Даниэль Резерфорд оның дем алуға, жануға жәрдемсіз екендігін анықтап «улы ауа» деп атаған, сол жылы, ағылшынның екінші ғалымы Пристин азотты басқаша жолмен алып «флогистонданған ауа» деп ат қойған. 1773 жылы Карл Вильгелм Шееле ауаның екі газдан тұратынын оның бірі «бұзылған ауа» екендігін анықтайды. Сол уақытта Кавендиш те (Англия) сондай қорытындығы келеді. 1776 жылы Антуан Лоран Лавуазье осы айтылған «улы», «флогистонданған», «бұзылған ауаны» тексеріп соның барлығы бір заттың екендігіне көзі жетіп ауаның бұл бөлігін азот «грекше «а» өзінен кейінгі сөзді теріс мағынаға аударатын жоқ екендігін бөлек «зоэ» - тіршілік») тіршіліксіз деп, азотсыз тіршіліктің жоқ екендігін білмегендіктен. Лавуазе азотқа қате ат қойған. Азотты ангио-саксон тілінде сөйлейтін елдерде Nitrogen «селитра жуғызушы» неміс тілінде Stickstoff - «тұншықтырғыш» материя» деп атайды
II. Негізгі бөлім
2. 1 Физикалық, химиялық қасиеттері
Аммиак - түссіз, өткір иісті, ауадан екі еседей жеңіл, тұншықтырғыш улы газ.
Қайнау температурасы -33, 4ºC, -77, 8ºC қатты күйге айналады.
Аммиак суда өте жақсы ериді, бөлме температурасында 1 көлем суда 700 көлем аммиак ериді. Аммиак суда ерігенде аммиак гидратын NH 3 •H 2 O, NН4OH түзеді.
Аммоний тұздары алынуы:
NH 3 + H 2 SO 4 = (NH 4 ) 2 SO 4 аммоний сульфаты
NH 3 + НСІ = NH 4 СІ аммоний хлориді
NH 3 + H 3 PO 4 = (NH 4 ) 3 PO 4 аммоний фосфаты
Аммиактың судағы ерітіндісі аммиак суы немесе мүсәтір спирті деген атпен дәріханада сатылады, ол медецинада, тұрмыста кір жуу және киімнің дағын кетіру үшін қолданылады. Аммиактың 18-25% -тік қоюлау ерітіндісі аммиакты су деп аталады, ол, негізінен сұйық азот тыңайтқышы ретінде және өнер кәсіпте сода және аммоний сулфатын алу үшін қолданылады.
Аммиактан минералдық тыңайтқыштар, дәрі-дірмектер, қопарылғыш заттар, азот қышқылы және нитраттар өндіріледі, аммоний тұздары алынады. Аммиак төменгі қысымда (0, 7-0, 8мПa) оңай сұйылады, ол буланғанда көп жылу сіңіретін қасиетіне сәйкес тоңазытқыш қондырғыларда реагент ретінде қолданылады. (3-сурет) ; көптеген тұздары техникада қопарылғыш заттар есебінде қолданылады; Оның қышқыл тұзы NH 4 HCO 3 қамырды көтеру үшін -кондитер өнімдерін пісіруде пайдаланылады. Кез-келген тұзды қолдану үшін оның қасиеттерін білу қажет. Аммоний хлориді түтіндегіш шашкалар жасауға қолданылады.
Аммоний тұздарының химиялық қасиеттері:
(NH4) 2 СО 3 + НСl === 2NН 4 Сl + СО 2 + Н 2 О
Иондық теңдеуін құрыңдар.
(NH4) 2СО3+ ВаСl2 === 2NН4Сl + ВаСО3
Гальваникалық элементтерде (құрғақ батарея) энергия берудеде қолданылады. Аммоний хлориді металлдардың бетіндегі оксидті қабықшаны ерітеді, сондықтан металдарды пайкілеуге қолданылады. Катализатор ретінде алюминий, калий, кальций, кремний оксидтерін қолданылады. .
Химиялық қасиеттері.
1. Аммиактың сумен әрекеттесуі.
NH3 + HOH=== NН4OH
Амммиак гидраты аммомний гидроксиді. Аммиактың судағы ерітіндісі әлсіз негіздік қасиет көрсетеді. Себебі соңғы тепе-теңдік сол жаққа қарай көбірек ығысатындықтан, судағы ерітіндіде гидроксид ионы OH‾ аз болады. Негіздерден аммоний гидроксидінің айырмашылығы - мұнда оң зарядты ион аммоний NH 4 түрінде болады.
- қышқылмен: (NH4) 3CO3+ 2HCI = 2NH4СІ +CO2+ H2O
- тұзбен: (NH4) 2CO3+ BaCI2= BaCO3↓ + 2NH4СІ
3. сілтімен: (NH 4 ) 2 CO 3 + NaOH = Na 2 CO 3 + 2H 2 O + NH 3 ↑
Аммоний тұздарына сілті қоссақ, аммиак бөлініп шығады, бұл NH 4 + - ионына сапалық реакция.
2. Аммиактың оттекте жануы. (видиоролик көрсету)
4NH 3 +3O 2 = 2N 2 +6H 2 O (өршіткі қатыспаса)
ә) өршіткі (Pt қатысында ) азот(ІІ) оксидіне дейін тотығады:
4NH 3 + 5O 2 = 4NO + 6H2O
3. Аммиактың отсыз түтіндеуі. (видиоролик көрсету)
Аммиак қышқылдармен әрекеттеседі.
NH 3 + HCL = NH 4 CL
Физиологиялық әсері. Аммиактың тұншықтырғыш иісі бар. Ауаға тарағанда адамның дем алуына зиянды әсер етеді. Аммиак тасымалдайтын цистернаның қауіпсіздік шарасы үнемі қадағалануы тиіс.
Қыздырудың әсері.
Аммоний тұздарын қыздырғанда, олардың айырылуы кұрамына қарай әртүрлі өтеді. Мысалы:
Ерекшелігі - бөлінген аммиак NH 3 қайтадан хлорсутекпен әрекеттесіп, сынауықтың суык қабырғасында аммоний хлоридінің майда ақ кристалдарын түзеді (16-сурет) . Аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырса, аммиак газы бөлінеді. Газ шығып жатқан түтіктің аузына ылғал қызыл лакмус қағазын ұстаса, ол лезде көгереді. Аммиак газын өткір иісінен де байқауға болады. Бұл әрекеттесу аммоний тұзын анықтауға сапалық реакция болып табылады.
Физиологиялық әсері.
Аммиактың тұншықтырғыш иісі бар. Ауаға тарағанда адамның дем алуына зиянды әсер етеді. Аммиак тасымалдайтын цистернаның қауіпсіздік шарасы үнемі қадағалануы тиіс.
2. 2 Аммоний тұздары
Аммоний тұздары - құрамында аммоний ионы NH 4 + және қышқыл калдықтары болатын қатты кристалды, күрделі заттар. Мысалы, NH 4 Cl, (NH 4 ) 2 SO 4 , NH 4 NO 3 , т. б. Бұл тұздардағы аммоний ионы NH 4 + қосылыста бір валентті металл орнына жүреді. Бұл тұздардың бәрі суда жақсы ериді.
Аммоний тұздарының сыртқы түрі және физикалық қасиеттері сәйкес сілтілік металдардың тұзына ұқсас. Сонымен бірге аммоний тұздарының бірқатар өзгеше қасиеттері де бар. Аммоний катионының NH4+ сілтілік металдардың катионынан ерекшелігі құрылымы күрделі және белгілі жағдайда ыдырайды. Мысалы, аммоний хлоридін қыздырғанда ол бірден буланады, бірақ бұл NH4Cl молекуласының ұшқыштығының салдарынан емес, тұздың қайтымды айырылуының нәтижесінде жүреді. NH4+ катионы металл ионы сияқты бір валенттік көрсетеді. Аммоний тұздары кристаллдық заттар, суда жақсы ериді және судағы ерітінділерінде иондарға толық диссоциацияланады: NH4Cl= NH4+ + Cl- Аммоний ионына сапалық реакция. Аммоний тұздары химиялық реакцияларға қабілетті. Мәселен, негіздермен қосып қыздырғанда, олар алмасу реакциясына түсіп, аммиак бөлінеді, оны иісі бойынша анықтайды. Бұл аммоний ионының сапалық реакциясы: NH4Cl(қ) = NaOH=Tº NaCl + NH3↑+H2O Аммоний тұздарының ыдырауы. Егер тұз ұшқыш қышқылдан түзілсе, онда ол қыздырғанда толық ыдырайды, бірақ салқындатқанда бөлінген газ қайта әрекеттесіп, бастапқы зат түзіледі: NH4Cl(қ) = NH3(г) +HCl(г) Егер тұз ұшпайтын қышқылдан түзілсе, онда аздап ыдырау жүреді: (NH4) 2SO4= NH3↑+NH4HSO4 Анионы тотықтырғыш қасиет көрсететін аммоний тұздарын қыздырғанда тотығу- тотықсыдануға ұшырайды да, нәтижесінде қайтымсыз ыдырау процесі жүреді: NH4NO3=N2O↑+H2O Қолданылуы. Аммоний тұздары кеңінен қолданылады. Аммоний хлориді түтін түзгіш ретінде, ал оның ерітіндісі - мүсәтір металдарды қалайылауда және дәнекерлеуде, гальваний элементін жасауда, бояу өндірісінде қолданылады.
2. 3 Азотты сутек қоспасын алу өндірісінің қазіргі замаңғы әдістері
Аммиак - тұрмыста, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте қолданатын көптеген азот құрамды заттардың негізгі көзі болып табылады (1 сур. ) .
Азот атомының жоғары энтропиялық қасиеті атмосфералық азоттың қатысында еркше технологиялық процесті қалыптастыруды қажет етті: жоғары температура, жоғары қысым, арнайы катализаторлар. ХХ ғасырдың басында молекулалық азоттан оның қосылыстарын синтездеудің тіпті үш түрлі әдісі белгілі болды: доғалы, цианамидті және аммиакты .
- Доғалық әдістің негізінде азотты ауадағы оттекпен тікелей тотықтырудың эндотермиялық реакциясына негізделген. Реакция шамамен 3000оС температурада вольттік доғаның жалынында жүргізіледі:
N2 + O2 = 2NO + ∆Н, мұндағы: ∆Н = 179, 2 кДж,
реакцияда түзілген азот (ІІ) оксидінің тотығып, кальций нитратын алумен аяқталады:
NO + Са(ОН) 2 + О2 → Са(NO3) 2
- Цианамидті әдіс 1000оС температурада ұсақ етіп майдаланған кальций карбидінің молекулалық азотпен реакцияласуына негізделген:
CaC2 + N2 = CaCN2 +C - ∆Н , мұндағы: ∆Н = 300 кДж, соңынан түзілген кальцийцианамиді аммиакқа айналады:
- Аммиакты әдіс, азоттың сутекпен әрекеттесуіне негізделген:
N2 + H2 → 2NH3 - ∆Н , мұндағы: ∆Н = 111, 6 кДж.
Бұл әдістердің салыстырмалы энергия үнемділігі 1 кестеде берілген.
Осылардың ішінде аммиакты әдіс энергетикалық жағынан тиімді болғандықтан өнеркәсіпте кеңінен қолдау тапты.
Соңғы жылдары өнеркәсіпте қолданыс таппаған доғалық әдіс төменгі
температуралық ауалық кеңістікте жүзеге асатын плазмохимиялық процестер түрінде модифицирленеді:
Т, р
N2 + O2 → {N + O} → NO.
Процесс 5. 103-5. 104оС температура шамаларында, 2 МПа қысымда жүргізіледі. Жанасу уақыты 0, 0001 с, плазмалық қондырғының өнімділігін қамтамасыз етеді. генератормен қондырғыны комбинирлеу екіншілік энергоресурсты қолдануға мүмкіндік беріп, энергияның қайтымдылығын қамтамасыз етеді.
Атмосфералық азотты фиксирлеудің жаңа бағыты ауыспалы металдардың (темір, хром, молибден) комплексті қосылыстарын қолдану арқылы ферментті әдіс болып табылады.
2Ф-Ме + N2 → 2Ф-МеN,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz