Құстырғыш және қақырық түсіргіш заттар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Факультет: Ветеринария
Кафедра: Клиникалық ветеринарлық медицина
Тақырыбы:Құстырғыш және қақырық түсіргіш заттар
Орындаған: Жумабек Динара
Топ: ВМ-309
Тексерген: Жыльгелдиева А.А.

Алматы 2020
Жоспары:
I. Кіріспе II. Негізгі бөлім 2.1 Құстырғыш және қақырық түсіргіш заттар туралы қысқаша сипаттама
2.2 Құстырғыш және қақырық түсіргіш заттар
III. Қорытынды бөлім IV. Пайдаланылған әдебиеттер

І.Кіріспе
Құстыратын және қақырық түсіртетін заттар бір топқа біріктіріледі, өйткені олардың көбісін аз мөлшерде қолданғанда қақарық тастатады, ал көп бөлшерде - құстыртады.
Бронхы бездерінің қақырық түсіртетін әсері мен секрециясын күшейтудің жөтел мен тыныс алу жолдарының қабынуында үлкен шипалық мәні бар. Жөтелде тыныс жолдары қабыну өнімдерінен, микробтардан және әртүрлі тітіркендіргіштерден тазарады және жөтел ылғалды түрде болады, мұндай жөтелде кілегей көп бөлінеді.

II. Негізгі бөлім 2.1 Құстырғыш және қақырық түсіргіш заттар туралы қысқаша сипаттама
Құрғақ жөтелдің қауіпті болатын себебі оның эмфиземаны туғызып, жүрек-қан тамырлары жүйесінің және басқа жүйелердің жұмысын бұзуы мүмкін. Қақырық түсіртетін дәрілер бронхы бездерінің секрециясын күшейтеді. Осының нәтижесінде жөтел жұмсарып, жайлы түрде өтеді. Бронхы бездерінің секрециясымен бірге кілегейлі қабықты тітіркендіретін, сөйтіп қабынуды бәсеңдету үшін қолайлы жағдай жасайтын заттар бөлініп шығады.
Мал дәрігерлігінде қолданылатын құстырғыш дәрілер:
-Тікелей қоздыратын дәрілер
-Рефлекторлы түрде қоздыратын дәрілер
Тікелей қоздыратын дәрілер:апоморфин
Рефлекторлы түрде қоздыратын дәрілер:вератрин, ак тамыр дәрі, ипекакуан тамырының алколоидтері, мыс тотияйыны, мырыш тотияйны, хлорлы натрий, жасыл сабын
Бронхтар эпителий кірпікшелері (цилиарлы) жасушаларының спираль бойымен перистальтикалық жиырылуы бронх тармағынан шырышты бөліп шығарады (мукоцилиарлық тасымалдану немесе мукоцилиарлы клиренс). Амброксол мукоцилиарлық тасымалдануды айтарлықтай жақсартады. Амброксол бронхтар шырышты қабығы безінің серозды жасушаларын көтермелейді, қақырық шырышты компонентінің құрамын арттырады және қақырықтың серозды және шырышты компоненттерінің өзара бұзылысын қалпына келтіреді. Гидролиздеуші ферменттерді белсенділендіре және Клар жасушасынан лизосоманың босап шығуын күшейте отырып, қақырық тұтқырлығы мен оның адгезивтік қасиеттерін (муколитикалық немесе секретоликалық әсерін) төмендетеді.
Амброксол альвеолдардағы және бронхтардағы синтезді және беткейлік-белсенді заттың сөлінісін (сурфактантты) жоғарылатады.
Осы механизмдердің нәтижесінде қақырықтың тұтқырлығы елеулі азаяды және қақырықтың түсуі жақсарады.
Ішке қабылдағанда әсер етуі 30 минуттан соң басталады және 6-12 сағат бойы жалғасады.

2.2 Құстырғыш және қақырық түсіргіш заттар
Ипекакуана тамыры (кұстырғыш тамыр - корень ипскакуаны) -Radix Ipecacuanhae). Бұл тропикалық өсімдіктің тамыры. Оның құрамында эметин және цефаэлин алколоидтері бар. Эметиннің маңызы ерекше, оны аз мөлшерде қолданғанда құстыртады. Эметинде ащы дәм болады, сондықтан оны ашқылтым дәрілік зат ретінде асқорытуды жақсартуға қолданады, Сонымен бірге ол асқазан мен ішектің шырышты қабығындағы сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді, мұның өзі бронхы бездері секретін бөлінуін рефлекторлы түрде күшейтеді. Эмстин асқорыту жолында неғұрлым ұзақ болса, оның қақырық түсіргін әсері де соғұрлым ұзағырақ болады.
Ипекакуана тамырын "Б" тізімі бойынша сақтайды. Өкпедегі және тыныс жолдарындағылғалды қабыну құбылыстарында қакырық түсіртетін ретінде қолданылады. Қазіргі кезде ипекакуана тамырының орнына хлорды-сутекті эметин (Emetini hydrochloridum) де кеңінен пайдаланылуда. Эметин амебалық
-дизентерияда, балантидиозда, гепатохолециститте, гепатохолангитте шипалы әсер етеді.
- Тері астына және бұлшық етке енгізу мөлшері: қойға 0,003 гкг; ешкіге 0,002гкг; Препаратты 1-2% ерітінді түрінде араға 2-3 күн салып 2-3 рет қолданады.
-хлорлы аммоний (мүсәтір)-Ammonii NH CI. Суда (1:3) оңай, спиртте (1:50) біршама нашар еритін ақ түсті кристалдыұ нтақ. Кыздырғанда буланып ұшады. Ұлпаның құрамында хлорлы аммоний ыдырайды, сөйтіп оның ыдыраған өнімдері баяу тітіркендіріп және дезинфекциялап әсер етеді. Бұл заттар бронхы бездерінде бәрінен де көп түзеледі.
Жоғары температурада хлорлы аммоний хлориді жеңіл айдалады және аса майда бөлшектер түрінде (0,5-2 мкм) ауада 1-1,5 сағат бойына тұрақты түрде сақталады. Бұл қасиетін пайдалана отырып,хлорлы аммоний түтінін тыныс мүшелерінің ауруларын топтап емдеу кезінде болады. Бөлменің текие метріне шаққанда хлорлы аммонидің мөлшері 0,5 г., ал емдік уақыты 60 мин.
Терпенгидрат-Terpinum hydratum. Скипидарды суда ұзақ ұстағанда немесе скипидарға азот қышқылын қатыстыра отырып спиртпен әсер сту арқылы алады
Суда нашар сритін (1: 250) алкогольда жақсы сритін (1:10) түссіз кристалдар
Уыттылығы төмендеу, тыныс жолдарыныңжәне бүйректің кілегейлі қабығын күнті жандандырад
Оны негізінен ұсақ жануарларға (иттерге) тыныс жолдары ауруларында қақырық түсіретін дәрі ретінде (0, I-0,5) және сирек жағдайда несие айдағыш дәрі ретінде (0,2-0,8) қолданады.
Үш күкіртті сурьма (антимоний, сурьма жарқырауығы) - Stibiisulfuratum nigrum, Sb, S5 - Кристалл курылымдағы бозғылт қара түсті ауыр кесектер немесе иіссіз және дәмсіз ұнтақ. суда ерімейді.
Асқазан мен ішекте антимоний оте баяу ериді және әлсіз тітіркендіргіш қасиет көрсетеді, соның нәтижесінде асқорыту және бронхы бездерінің секрециясы рефлекторде күшенеді. Әсері баяу және 8 сағатқа дейін созылады.
Антимонийді жылқыға, ірі қара малға, шошқаға және сирек жағдайда ит пен мысыкка қақырык түсіргіш дәрі ретінде қолданылады
Бес күкіртті сурьма -Stibium sulfuratum aurantiacum-Иіссіз, дәмсіз, суда ерімейтін аморфты кызыл-сары түсті ұнтақ. Жарықта үзак сақталғанда және ылғалда тотыктанады. Үш күкіртті сурма сияқты әсер етеді. едәуір әлсіз сінірілелі және қақырық түсіргіш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қақырықтың бөлінуіне дем беруші дәрілік заттар
Дәрілік өсімдіктер жайлы
Жалпы ашытқы ұғымына анықтама
Дәрілік заттар түрлері
Жедел және созылмалы бронхит
Қазақстанның дәрілік өсімдіктердің таралуы
Қазақстан территориясында кездесетін жабық тұқымдылар, папоротниктәрізділер, плаунтәрізділер қатарларына жататын дәрілік өсімдіктер
Жылқының ринопневмониясы, дауалау шаралары
Жұқпалы ауруларды сауықтыру шаралары
Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларының дәрілік өсімдіктері
Пәндер