Көшпенділер мәдениеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті

Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі

БӨЖ
Тақырыбы:
Көшпенділер өркениеті

Қабылдаған: Оңалбаева Р.
Орындаған: Жармахан Ұ.
Тобы: ЭҚЖ-811F

Түркістан - 2019ж

Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Көшпенділер мәдениеті
2.2. Жануарлар нысандары
2.3. Қазақ оюлары нысан ретінде
2.4. Атбегілік және құсбегілік - көшпенділер тәжірибесі
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақ халқының негізін құраған халық болып қалыптасуына, мәдени-рухани жаңғыруына жол салған тайпа, ұлыстардың арасында сақтар, ғұндар, үйсіндер мен қаңлылар, түркілер, қыпшақтар тағы басқа көшпенді тайпалардың орны бөлек. Солардың бірі сақтар туралы айтқанда, оның қазақ атауының шығуына да әсерін тигізгені көптеген еңбектерде көңілге қонымды келтіріледі. Мәселен тарихшы Мұсатай Ақынжанов Қазақтың тегі туралы деген еңбегінде Қазақтар - түрік, моңғол тектес халықтардың екі бұтағынан(ғұн мен сақ тарауынан) құралған ежелгі халық дей отыра, қазақ деген сөз қас (нағыз), сақ (сақ тайпасы) дегендердің қосылуынан шыққан деген болжам айтады. Сақтар әулеті біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда тарих сахнасына шығып, біздің заманымыздың II - ғасырына дейін өмір сүрген. Оның іргесін қалап, шаңырағын көтерген АЛЫП Ер Тұнға, жайлаған жері, мекен-тұрағы Орта Азияның бүгінгі байтақ Қазақстанның далалары, Шығыс Түркістан өңірі болды. Оның шаруашылық-мәдени типінің негізі көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық болды. Негізінен қой, түйе, жылқы және ірі қара өсірген көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан сақтар Батыс және Орталық Қазақстан жерлерінде, шөл және шөлейт далаларда жыл бойы көшіп жүріп мал, жан бағып күнелтіс етті. Тянь-Шань, Алтай тауларының бауырайы, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы-орманды, ашық-жазық алқаптарын мекендеген жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малдарын қыста тұрақты қора-жайларда, жазда жайлауда ұстады. Малдың қора жайларына жазын жерге ағаштан қиып, тастан қалап жылы тұрғын үйлер салып өздері сонда тұрды. Отырықшы болып мал ұстап, егіншілік-диқаншылықпен айналысқан сақтар табиғи су қорлары мол, шабындық жайылымдық алқаптары көп Оңтүстік Қазақстан жерін, Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойын мекен етті.
Осы күнге дейін көшпенділер тарихына қалам тартқан ғалымдар халқымыздың өткен жолынан мемлекет деген ғаламат маңызды құбылысты тани алмай келеді. Тіпті XV-XVIII ғ. аралығында өмір сүрген Қазақ хандығы туралы жазылған азды-көпті зерттеулерде мемлекетке қатысты атаулар қолданылмаған, оның құрылымдық қасиеті, ерекшеліктері туралы дәлелді тұжырым жоқ. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша "кочевники не успели осесть, создать культуру, государство". Олардың көзқарасы бойынша мемлекет тек отырықшы елдерге тән, көшпелілерге жат құбылыс, тіпті мәдениетке қосқан үлестері де шамалы деп орынсыз тұжырымдар жасайды. Соңғы екі мыңжылдықта Еуразияға үстемдік жүргізген көшпелі мемлекеттер деп аталды. Олардың түсінігі бойынша көшпелілер тек шаруашылық қауым болып қана өмір сүріп, саяси конъюктураның сәті түскенде ғана "әскери-көшпелі қауым" құрайды. Егер де ұлан байтақ кеңістікте бірнеше ғасыр бойы үстем саяси күш болып келген орта ғасырлық көшпелілердің саяси құрылымы мемлекет деп тануға жарамаса, онда XV-XVIII ғғ. өмір сүрген Қазақ хандығының тіпті іске татымай қалғандығы.
Көшпелілерде мемлекеттік дәстүр жоқ деушілердің дәлелдеу жүйесі де анық емес. Неге біз көшпелі болғандықтан мемлекет деген ұғымнан аулақ болуымыз керек? Қазақ тарихың немесе Еуразия көшпелілерінің бірнеше мыңжылдық тарихын адамзат баласының тағдырында дара соқпақ деп танысақ, онда олардың мемлекет дәстүрлерінің ерекше болуы заңды құбылыс емес пе? Егер көшпелі мен отырықшы өмір салттарының арасында айырмашылық болса, ол мемлекетке де қатысты болуы заңды емес пе?!
Адамзат өркениетінің даму жолының негізгі даңғылы және қозғаушы күші болып табылатын мемлекет деген құбылыстың қазаққа қатыстылығы жайында тың және түбегейлі зерттеулер жүргізу болашақтың үлесі болып табылады.
Еуразияның шетсіз де шексіз ұлы даласын ертеден мекен етіп мал өсіріп, жан бағып жүрген түркі тектес көшпелі тайпалардың бірыңғай этникалық топқа жіктеліп, қазақтың халық болып қалыптасуы нәтижесінде XV ғасырдың орта шенінде қазақ хандығы құрылды. Мұның өзі теңдесі жоқ оқиға болды. Ол шашырап жүрген қазақ тайпаларының ертеден аңсап армандаған бір орталыққа бірігіп, егеменді ел болу тілегін іске асырды. Олардың этникалық жер аумағын бүтіндеп, ежелгі қазақ жерінің алғашқы шекараларын белгілеуге мүмкіндік туғызды.
Менің осы тақырыпты таңдау барысында қазіргі қазақ халқының қалыптасып, құрылуына ұйытқы болған ертедегі көшпелі тайпалардың мәдениеті жайлы тақырып таңдауымның басты себебі - осы аталған тайпалар тарихында жаңалық ашу немесе оған бір өзгеріс енгізу емес, керісінше, біздің ата-бабаларымыз болып саналатын осы керемет көшпенділердің тарихын, мәдениеті мен өнерің, оның рухани байлығынан мұра болып қалған ескерткіштерді оқып біліп, аз да болса білім нәрінен сусындау еді.

2.1. Көшпенділер өркениеті
Қазақстанның ауа райы жағдайлары қазақтардың шаруашылық, әлеуметтік өмірін ұйымдастыруға тікелей әсерін тигізді. Қазақстан аймағының басым көпшілігін шөлдер мен шөлейттер алып жатқандықтан, қазақтарға бірден-бір ыңғайлы әрі қолайлы шаруашылық түрі болып көшпелі мал шаруашылығы 3 мың жыл бойы қала берді.
Қазақтардың көшпелі мал шаруашылығы қоршаған ортаға, ауа райына, жайылым мен су жағдайларына ыңғайластыра жүргізілді. Қазақ жұртшылығының шаруашылық өмірінде көшпелі мал шаруашылығы шешуші рөл атқарып, оның бүкіл тыныс-тіршілігінің ең басты негізгі болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығы қазақтар үшін тек тамақ асыраудың ең басты болып қана қоймай, олардың барлық материалдық және рухани құндылықтарын анықтайтын факторға айналды.
Көшпелі әлемнің басты ерекшеліктерінің бірі - бүкіл қоғамға әскери сипаттың тең болуы. Әрбір көшпелі туа біткен жауынгер, құралайды көзден атқан мерген, аттың құлағында ойнаған шабандоз болғандықтан, көшпелілердің орасан зор қолдарының болуы ешкімді де таңдандырмаған.
Көшпелілер кез келген уақытта ер адамдарды өз араларынан шаруашылықтан босатып, әскер қатарына жіберіп отырған. Кәмелетке толған әрбір жасөспірім дайындалған жауынгер болды. Бұған жас ұрпақты мақсатты тәрбиелеу жүйесі, әскери жаттығулар, әскери-спорттық жарыстар, жалпы көпшілік болып жабыла аң аулау, әскери қимылдарға үнемі қатысу әсер етті.
Діни сенім-нанымдарда, көркемсурет және зергерлік өнердегі аң стилінде, халық ауыз әдебиетінің батырлар жырларында әскери өнерді мадақтау айқын көрініс тапты. Тіпті, қолданбалы өнерді, ең әуелі қару-жарақты әсемдеуге ерекше көңіл бөлінді.
Қазақтың ежелгі замандарда қалыптасқан ауыз әдебиетінде, ертегілер мен батырлар жырларында толарсақтан саз кешіп ел қорғаған батырлардың ерлік істері мадақталып, халыққа үлгі етілді. Сонау ноғайлы заманынан ғасырлар қойнауынан келіп жеткен бұл жырлардың кейіпкерлері Ер Тарғын, Ер Қарасай, Қарасай-Қазы, Орақ-Мамай, Алпамыс, Қарақыпшақ Қобыландылар көшпелі халықты мұң-мұқтажын жоқтаған, оны сыртқы жаулардан қасықтай қаны қалғанша қорғаған қас батырлар еді.
Көшпенділік - шаруашылық өмірдің ерекше бір түрі және соған байланысты қалыптасқан тұрмыс-салттар жүйесі. Қазіргі Қазақстанның аумағы көшпелі мал шаруашылығы біздің д.д. 1-мыңжылдықтың басында қалыптасқан еуразиялық аумаққа кірген. Б.д.д. 1- мыңжылдықтың ортасында мал шаруашылығының үш типі қалыптасады: көшпелі мал шаруашылығы (Батыс және Орталық Қазақстан), жартылай көшпелі мал шаруашылығы (Жетісу және Шығыс Қазақстан) және отырықшы мал шаруашылығы (Оңтүстік Қазақстан).
Әрбіреуінің өз сипаты және көшу кеңістігі (3 мың км-ге дейін), мал шаруашылығының түрлі-түрлі салалары қалыптасқан. Қазақстандағы тарихи-мәдени бірізділік пен ежелгі және соңғы ұрпақтар арасындағы байланыс елді сол кезеңде мекендеген тайпалар мен ұлыстар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар жиынтығының нәтижесі болып табылады.
Сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың, оғыздар мен қарлұқтардың, қимақтардың, қыпшақтардың, моңғолдардың және т.б. материалдық және рухани мәдениеті қазақтар мәдениетінің негізін құрады. Бұл генетикалық тін қазақтар тұрмысында жалғасын тапты.
Көшпенділер мәдениетінің өз нысандары болды. Ол нысандар көшпенділердің өздерін қоршаған ортаға, әлемге, өмір салтына деген философиялық көзқарастарынан туындады. Әлем мен тұрмыс философиясы бір-бірінен бөлектендірілмей, бірлестіре қарастырылды. Әрбір нәрсенің, заттың өз мәні, мағынасы, философиялық анықтамасы болды. Қазақтар тұрмысынан адам мен ғарыш арасындағы байланыс анық көрініс тапты. Адам мен ғарыштың бірлігі өмір бастамасымен, бабалармен байланыстың көрінісі ретінде санаға сіңірілді. Қазақтардың осындай ұғымдарымен аға буынды сыйлау және бабалар рухына табыну байланысты болып табылады.
Көшпенді қазақтардың әлемдік өркениетке қосқан зор үлесі - олардың XI ғасырдан бастап қолданған киіз үйлері.
Қазақтардың киіз үйінің құрылысы көптеген нысандық рөл атқарған. Шеңбер тәрізді киіз үй әлем мен ғарыш арасындағы байланысты бейнеленген.
Қазақтар мәдениетіне тұрмыстың төртмәнділік жүйесі тән болған: айдың төрт жолы, дүниенің төрт бағыты, төрт зілзала.
Қазақ қоғамының шаруашылығы, тұрмыс-салты адамдар арасында демократиялық қарым-қатынастардың берік орнығуына ықпал еткенін атап өткен жөн.
Көшпелі мал шаруашылығы және оған байланысты көшпенділік өмір қазақ халқының салт-дәстүрлері мен тіл жөнінен біртұтастығын қамтамасыз етуге жағдай жасады. Өйткені қысы-жазы төрт түлік малға жайлы қоныс іздеп шарқ ұрып көшіп-қонып жүрген қазақтарға ағайындық, туысқандық қатынастардың берік орнығуы игі нәтижелерге қол жеткізді. Тек осындай ынтымақтық пен туысқандықтың, сондай-ақ басқа түскен қиындықтарды бірге көтерудің арқасында көшпенді қазақтар табиғаттың тылсым күштеріне төтеп бере алды. Олар қақаған аяздар мен түтеген борандарда мал басын аман алып қала білді.
Қазақтар қой, жылқы, сиыр, ешкі және түйе өсірген. Маңыздылығы жөнінен бірінші орында қой өсіру тұрды. Еті мен сүтін тамаққа пайдаланса, жүнінен киіз, алаша, текемет, кілем тоқып, жіп өрген. Қойды әуелде ақша орнына айырбас саудаға пайдаланған. Қазақ қойлары Орта Азия және орыс мемлекетінің базарларында үлкен сұраныстарға ие болып, мыңдап, оң мыңдап сатылып отырды.
Қазақстанда әрбір облыстардың өзіне тән қой тұқымдары өсірілді. Көбіне қазақтың құйрықты қойы белгілі болды. Қазақ қойлары, өсірілген аймақтарына қарай еділбай, адай, зайсан, жетісу қойлары болып бөлінді.
Төрт түлік мал ішінен қазақтар жылқы малын ерекше қастерлеген. Қазақ жылқылары аудандарына қарай адай, батыс қазақстандық, жетісулық және найман жылқысы болып бөлінді. Жылқыларды қазақтар сыртқы пішініне, жүрісіне, қасиетіне қарай қазанат, жорға, жабы деп бөлген. Батырлар мінетін жылқы малына халық арғымақ, тұлпар, сәйгүлік тәрізді ат беріп, ерекше қастерлеген.
Қазақтар жылқы және қой малдарымен қатар, түйе, сиыр, ешкі малдарын өсіруге де ерекше мән берген.
2.2. Жануарлар нысандары
Қазақ өзінің әлеуметтік тұрмысын төрт түлік малсыз: жылқы, түйе, қой және сиырсыз көз алдына елестете алмаған. Сондықтан да қазақ амандасқанда, ең әуелі мал-жан аман ба? деп сұрайтын болған. Оның мәнісі: қазақ үшін мал жай ғана мал емес, бүкіл тіршілігінің көзі, мал болмаса, оның күні қараң, малсыз ол өмір сүре алмайды, сондықтан да қазақ малды әрқашан өз өміріндегі құндылықтар арасында бірінші кезекке қоятын болған.
Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының түсінігінше төрт түлік мал дүниенің төрт бағытын, адамның төрт мінезін, төрт бағытты: жоғары-төменді, оң мен солды бейнелеген. Төрт түлік малдың ең қасиеттісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетінен тапсырмалар
Көк - Тәңір сөзінің баламасы
Реалиялар - лингвистикалық құбылыс ретінде
Көшпелілер мен батыс өркениеті
Көшпелілер мәдениті
Көшпелілер мәдениеті
Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері
Шаруашылыққа тигізген зардаптары
Татар-моңғол шапқыншылығының саяси-әлеуметтік салдары
Қазақстан териториясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері
Пәндер