Қазақстандағы саяси репрессия



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: Механика-математика факультеті
Кафедрасы: Математикалық және компьютерлік модельдеу
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстандағы саяси репрессия

Орындаған: Сакен Дана Ерланқызы
Тексерген: Нұрпейіс Талдыбек Әліұлы

Алматы
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргіннің басталуы мен себептері
2. Репрессия барысы
3. Қуғынға ұшыраған қоғам қайраткерлері
III. Қорытынды

Кіріспе
Репрессия - [лат. repressio - басып-жаншу] - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді). Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары.
Кеңестік қоғам тұсында қазақ тарихының қайғысы мол, қасіреті ауыр парақтары жеткілікті. Солардың бірі бұрынғы Кеңес елінде болған қуғын-сүргін қасіреті. Бұл жайлы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: ...20-шы жылдары басталған Қызыл қудалау науқаны, 30-шы, 40-шы жылдар, содан кейін 50-ші жылдардың басында күллі елімізге сел болып жайылып қанды көбік шашты. Марқабаттылықты желеу етіп, ұлы мұраттарды уағыздаған болып көлсіреген қараниет жүгенсіздік миллиондаған адамдардың жанын қиды, көз жасын төккізіп, қасірет шеккізді,- деп көрсетті.
Басы 1920-шы жылдарда қалыптасқан елдегі репрессиялық саясаттың күшті жазалаушы механизмі қалыптасып, 1930жылдар бойына халық жауларымен үзіліссіз күресте жетілдіріп отырды. Әсіресе бұл механизм 1937-1938 жылдар үлкен террор кезінде қарқынды жұмыс атқарды. Олардың басынушылық әрекеттері, сот істерін жаппай өңдеп, оларды жоспарлы түрде соттауға дейін жеткізуі репрессияның жаппай етек алуына түрткі болды. Егер де 1930 жылдың ортасында саяси репрессия орталықтағы және жергілікті жердегі сталиндік жетекшілікке қарсы белгілі және айқын әлеуетті тобына жүргізілсе, 1937 жылдары террор тоталдық сипат алды.
Қазақстандықтардың саяси қуғын-сүргінге ұшырау себептерін зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы зор. Себебі аталмыш тақырыпты жан-жақты зерделеу арқылы кеңес мемлекетінің зорлық-зомбылық шараларының мәні ашылып, өткен тарихымызды жаңаша талдауға көмегін тигізетіні анық. Кеңес үкіметі өз халқын қуғын-сүргінге ұшырату саясатын мақсатты түрде жүргізді.
Осы жұмысым аясында мен қуғын-сүргіннің басталуын, қуғынға ұшыраған қоғам қайраткерлерінің, соның ішінде Алашордашылардың қатал тағдырын, қазақтың ұлы тұлғалары бес арысы туралы баяндамақпын, партия қатарынан шығарылып, айыпталып жазаға ұшыраған қоғам қайраткерлері жайын және қан кешті қырғын, қиыншылық , жазалау орны болған лагерьлер туралы айтып өтпекпін.

1937-1938 жылдардағы қуғын.сүргіннің басталуы мен себептері
Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж .Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда Кіші Қазан революциясын жасау керек деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды.
Сталиндік геноцидтің қасіретті жылдары туралы сөз болғанда, тарихшылар Қазақстанды сталиндік жүйе алпауыт əлеуметтік эксперимент жүргізген полигонмен салыстырады. Кейіннен Қазақстанға халықтар достығының зертханасы деген анықтама беріледі.
1931 жылы І Бүкілодақтық социалистік өндіріс жұмыскерлерінің конференциясында И.Сталин: Біз алдыңғы қатарлы мемлекеттерден 50 - 100 жылға артта қалып қойдық. Біз осы уақытты 10 жылда басып өтуіміз қажет, -- деп мəлімдейді. Барлық халықтар көсемі осы жүгіріп өтуге қанша адам құнын төлеу керектігін есепке алмайды. Ол бұл мақсатқа жету үшін заңсыздық та, жаппай репрессия да толығымен қолданыла алады деп санайды. И.Сталин өзінің қатігездігімен жəне бірбеткейлігімен партия жəне мемлекет аппараттарын бағындыра отырып, олардың көмегімен өз мақсатына жетеді. 1930 жылдардың аяғында КСРО-да партиялық мемлекеттік бюрократия, жаппай репрессия мен қорқыту, лагерлер мен түрмелер үстемдік еткен сталиндік социализм орнайды. Қазақ ұлты қатігез геноцидке тап болып, ауыр кезеңдерді бастан өткереді.
Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың ортасы болды. Социалистік қоғамды нығайту барысында Сталиннің тап күресін күшейту туралы тұжырымы репрессиялық, яғни қуғын-сүргін бағдарламасының негізіне айналып, халық жауларын әшкерелеумен айқындалды. Партия мен халыққа жат элементтер ең алдымен партияның өз арасынан және өзгеше ойы бар зиялылар қатарынан іздестірілді.
1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл-әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылып жазаланды. Ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары тағы басқалар ұшырады.
1937 - 1938 жж. саяси репрессия бұрынғы КСРО-ғы жеке тұлғаларға қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін шараларының ең шарықтаған кезеңі болады. Ол бірнеше факторлардың, əсіресе белгілі əлеуметтік-саяси топтардың, соның ішінде Б (б) КП-нің билік үшін күресінің нəтижесі болып табылады. Бұл күресте И.Сталиннің жеке билігін орнату барысында тек шынайы қарсыластарын ғана емес, бəсекелестерін, сталиндік режимнің қарсыластарын да жоюға бағытталған саясат негізгі роль атқарады.
Бұл жерде жасырын экономикалық сыр да болады. КСРО ұлан-байтақ территориясы бар, аграрлық бағыттағы мемлекет болды. Өркениеттік əдістермен экономикаға жаңа бағыт беру ұзақ та- рихи үрдісті талап етіп, ішкі саяси жағдайдың біршама жағымды болғанын қажетсінетін еді. Ал Қазақстан орасан зор кеңістікті алып жатқан, ауа райы қолайлы, табиғи ресурстарға бай, халқы аз болғандықтан, бұл мақсатты жүзеге асыруға өте қолайлы болды. И.Сталин үшін жетіп алып, озып кету, жедел күшті өнеркəсіп пен қуатты əскери-өнеркəсіптік кешен құру маңызды болды. Ал, репрессиялық саясат қосымша қаражат көмегінсіз елдің халық көп шоғырланған аймақтарына орасан зор көлемдегі адамдарды қоныс аудартып, олардың еңбектерін пайдалануға мүмкіндік беретін еді.
Репрессиялық іс-əрекет бағдарламасының негізі Сталиннің нақты халық жауларын табу арқылы социалистік қоғамды нығайту үшін таптық күресті күшейту қағидасына сүйенеді. Халық жауларын партия мен халыққа бөтен элементтер арасынан іздеу көзделеді. Мұндай бөгде элементтер ең алдымен, партияның өз ішінен, зиялылар қатарынан, елдің басқаша ойлайтын азаматтары арасынан іздестіріледі.
1930 жылдардың басына қарай қоғамдық санаға əсер ету құрылымы жасалады. В.Лениннің, К.Маркстің, Ф.Энгельстің ойларын догмалау үрдісі аяқталып, И.Сталиннің жеке басына табыну қалыптасады. Барлық уақыт пен халықтардың ұлы көсемінің кез келген сөзі халық пен партия үшін заңға айналады. Ол басқарушы органдардың Б (б) КП (съездер, пленумдар, конференциялар, ОК саяси бюросы) шешімдерінің негізінде республикалық жəне жергілікті партия органдарымен жүзеге асырылады. Партия шешімдерін тек партия мүшелері ғана орындауға тиіс делінгенмен, елдегі барлық халық сонымен өмір сүреді. Партияның қолшоқпары болып табылатын газеттер партия шешімдерін жарыса жазып, талқылап жатады. Кейде И.Сталиннің кейбір бұйрықтары көсемнің атымен беріле алмайтын жағдайда, олар газеттерде мақала түрінде Халық дауысы айдарымен жарияланады. Газеттерде жарияланған кез келген сын-пікірдің соңы репрессия түріндегі қуғын-сүргінмен аяқталады.
Жаппай қуғын-сүргін жүргізудің құқықтық базасы да жасалады. 1926 ж. РКФСР Қылмыстық кодексінде 17 контрреволюциялық қылмыстардың 12-не өлім жазасы қарастырылды. 1932 жылы тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті (əрі қарай -- ОАК) И.Сталин қол қойған Социалистік меншікті нығайту туралы Заңды мақұлдайды. Заңға сəйкес колхоз егістігінен масақ жинаған 12 жастан асқан азаматтар кемінде 10 жылға бас бостандығынан айрылуға тиіс болады. Ал, мұнан кейін шыққан сталиндік заңдар сериясы сталиндік кезеңнің заңнамалық базасы болып табылады. 1934 жылдан бастап қылмыстық заңдарға бірқатар өзгерістер енгізіледі. 1934 жылы 8 шілдеде Отанды сату туралы, 1934 жылы 1 желтоқсанда Террористік актілер туралы, 1937 жылы 2 қазан-да Зиянкестік пен диверсия туралы Заңдар жарияланады. Нəтижесінде, Кеңес үкіметіне қарсы террористік ұйымдар мен террористік актілерді тергеу істеріне 10 күннен аспайтын мерзім белгіленеді; 1937 жылы Ішкі Істер Халық Комиссариатының (əрі қарай -- ІІХК) органдарына қамауға алынғандарға физикалық əсер ету шараларын қолдануға рұқсат беріледі. Тағайындалған жазаға шағым білдіруге тыйым салынып, өлім жазасы дереу жүзеге асырылып отырады. КСРО ІІХК жүйесінің құрылымына, кадрлық құрамына өзгерістер енгізіліп, Ерекше жиналыс, Үштік, одан кейін Екілік деп аталатын соттан тыс органдар құрылады. Аталған заңдар қабылданғаннан кейін репрессия бірден күшейіп, қарапайым соттық -процессуалдық құқықтар шектеледі.
Партия арасынан ұлтшылдарды, халық жауларын табу үшін барлық партия ұйымдарына əр коммунистің идеологиялық-саяси деңгейін көтеру, еңбекшілер арасындағы саяси үгіт-насихат жұмыстарын арттыру, халық жаулары орналасқан ұяларды аяусыз жою, үнемі большевиктік ұйымдасу жағдайында бəріне дайын болу туралы тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар халық жауларын табу сияқты төтенше маңызды жəне шешуші жұмыстарды күн сайын барлық партия ұйымдары мен əрбір коммунистердің көмегімен кез келген жерде жəне кез келген жағдайда жүргізуге бұйырады.

Репрессия барысы
Қазақстанның партия басшылары жоғарыда аталған пленум шешімдерінің орындалуының қорытындыларын қызу талқылап жатқанда, ІІХК репрессия механизмін іске қосады. Барлық ел ішінде жаулар мен тыңшыларды анықтаудағы кезекті іс-шаралар басталады. Олар елдегі барлық ұлттарды, партия қызметкерлерін, əскери қызметкерлерді, интеллигенция өкілдерін, ірі өнеркəсіп басшыларын да қамтиды. Оларға фашистер мен ұлтшылдардың тыңшылары жəне т.б айыптар тағылып, қуғындалады. Республика аумағында халық жауын анықтайтын жиналыстар мен активтер қатары көбейеді.
Зұлмат қуғын-сүргін жылдары халық арасында бір-бірінің сыртынан арыз жазу, өсек айту сияқты кертартпа əрекеттер етек алады. Ел ішінде өсек айту əр заманда да есеп айырысу мен қызмет сатысынан көтерілу құралы болып есептелген болатын. Осы жылдары туыстарының, жақындарының, таныстарының ту сыртынан өсек айту мемлекет тарапынан көтермеленіп отырады. Отызыншы жылдары, одан кейін де кейбіреулер қызметін көтеру үшін қуғындалған əке-шешесінен бастартып, тегін өзгертеді, мүмкін болған жағдайда ұлтын да өзгерту фактілері жиілейді. 1926 - 1937 жж. аралығында КСРО-да украин, еврей жəне т.б ұлттардың санын азайту есебінен 7 млн. орыс пайда болады. Өсек айту індеті елдің барлық өңірлеріне таралады. Адамдардың бірін-бірі көрсетуі тұрмыс, отбасы жағдайындағы келіспеушілік, көре алмаушылық, қызғаныш сияқты ұсақ мəселелерден де тұрады. Олар өсекшіліктің негізгі сипатына халық жауларын ұстау деген саяси астар беріп, жалған ниеттерін жасыруға тырысады. Домалақ арыздар нақты дəлелдері болмаса да, негізгі құжат ретінде қарастырылады. Əрбір саяси істе бірге қызметтес болғандардың, таныстардың, жалған куəгерлердің, өз еркімен немесе əр түрлі қоқан-лоққы шаралардан қорқып, мəжбүр болып жазған құжаттар да болады. Осылайша сан мыңдаған адам қанды құрықтың құрбаны болады.
Жаппай қуғын-сүргін елдегі халыққа қорқыныш ұялатып, ешкім өзін қауіпсіздікте сезінбейді. Əр адамды партия мен мемлекет үшін сіңірген еңбегіне қарамастан, қамауға алып, жалған айыптар тағылады. Бұл əрекеттер адамдарды жоғарыдан берілген бұйрықтарды еш қарсылықсыз, үндемей орындауға мəжбүр етеді. Репрессия халықтың барлық қабаты мен саласын қамтиды.
Сталиннің жаппай қырып-жою саясаты бойынша жоспарын жүзеге асыруы 1937 жылғы 2 шілдедегі Б (б) КП ОК шешімінен басталып, ІІХК Ежовтың қолы қойылған № 00447 жедел бұйрығымен жеделдетіледі. Бұл бұйрықта: Операция 10 тамыздан бастап Өзбек, Түркімен, Тəжік жəне Қырғыз КСР-да, 15 тамыздан бастап Красноярск өлкесі мен Шығыс-Сібір облыстарында басталсын, -- деп нақты көрсетіледі. Ал Қазақстандағы репрессия операциясын жүзеге асыруды И.Сталин С.Реденске жүктейді. Ол Алматыға жіберіліп, І дəрежелі Мемлекеттік қауіпсіздік Комиссары болып тағайындалады. С.Реденс рұқсат деп қол қойған бұйрық 1938 жылы ақпанда күніне 37 - 38 адамнан, ал наурызда 53 - 54 адамнан атуға жол береді. Бұйрыққа сəйкес 4 ай ішінде 268 950 адам қудаланып, бірден оның 75 950-і өлтіріледі. Бірақ бұл сандар ОК-н қанағаттандырмай, жаңа жоспарлар құрылады. 1937 жылдың 3 желтоқсанында Б (б) КП ОК Қ (б) КП ОК-нің Қазақстан бойынша қуғындалған адамдар санын бірінші санат бойынша 600 адамға жəне екінші санат бойынша 1000 адамға көбейту туралы ұсынысын бекітеді. Бірінші санатқа Кеңес үкіметіне қарсы жау элементтер, ал екіншісіне лагерлер мен түрмелерде 8 жылдан 10 жылға дейін сотталатын адамдар жатқызылады. Б (б) КП ОК 1937 жылғы 17 қарашадағы Кеңес үкіметіне қарсы элементтер санын көбейту туралы шешіміне сəйкес 1937 жылдың 19 қарашасында отырыс өтеді. Отырыс барысында қабылданған шешімге бюроның 7 мүшесі қол қояды.
КСРО ІІХК 1937 жылы 31 шілдеде бекітілген бұйрығымен республикалық, өлкелік жəне облыстық Үштіктер құрылады. Оның төрағалығына -- ішкі істер халық комиссарлары, өлкелік жəне облыстық ІІХК басқармаларының басшылары, мүшелігіне -- одақтас республикалардың орталық комитеттерінің, өлкелік жəне облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшылары мен республикалық, өлкелік жəне облыстық прокурорлар енгізіледі. Үштіктер -- ату, жер аудару, 8 -- 10 жыл мерзімге лагерге жіберу немесе түрмеге қамау туралы шешім қабылдап отырады. Осы бұйрықпен Қазақстан облыстары бойынша үштіктердің құрамы бекітіледі. Оның құрамына бастапқыда енгізілген 24 адамның кейіннен 15-і қуғын-сүргінге ұшырайды.
1937 жылы 30 шілдеде Қ (б) КП ОК хатшысы Л.И.Мирзоян И.В.Сталинге Қазақстанда ұлттық- фашистік ұйымдардың қамауға алынған жəне көзге түскен мүшелері туралы хат жолдап, қамауға алынған 14 лауазым иесінің тізімін береді. Сонымен қатар өнеркəсіптік кəсіпорындарда, көліктер мен əр түрлі облыстық, аудандық мекемелерде жұмыс істейтін 400-дей адам қамауға алынғандығын жеткізеді. Хатта ҚОАК төрағасы Ұ.Құлымбетов мəскеулік (Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Ходжанов) орталықтың басты өкілі, Қазақстандағы контрреволюциялық қозғалыстың ұйымдастырушысы деп көрсетілсе, сол кездегі Алматы обкомының хатшысы Ж.Сəдуақасов пен Батыс Қазақстан обкомының хатшысы С.Сафарбековтің контрреволюциялық ұйымдарға қатысы туралы тексеріліп жатқандығы туралы хабарланады.
Л.Мирзоян И.Сталинге жазған осы хатында: ...Некоторые арестованные в своих показаниях приводят фамилии многих старых казахских работников, в частности упоминаются в двух показаниях фамилии нынешнего секретаря Алма-Атинского обкома ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Үлкен террор жылдарында
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай террор мен саяси репрессия зардаптары
Саяси репрессия, басталуы және себептері
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.)
1937 - 1938 жылдардағы репрессия
Қазақстандағы 1937-1938 жж. жаппай саяси репрессия шаралары мен салдарлары
Қазақстандағы 1920-1930 жж. шығармашылық интеллегенцияға қарсы саяси репрессиялар
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары:ұлт интеллигенциясының қиын тағдыры құжаттарда
1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, басталуы мен себептері
Пәндер