Қазақстанда герпетофаунаның дамуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы су жыланының (Natrix tessellata) морфологиялық ерекшеліктері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
: 1
КІРІСПЕ: Әдебиетке шолу
: 1. 1
КІРІСПЕ: Шөл және шөлейтті зонаның физико-географиялық жағдайы
: 1. 2
КІРІСПЕ: Қазақстанда герпетофаунаның дамуы
: 2
КІРІСПЕ: Зерттеу материалдары мен әдістері
: 2. 1
КІРІСПЕ: Су жыланың жинау және фиксациялау
: 2. 2
КІРІСПЕ: Су жыланын анықтау тәсілдері
: 2. 3
КІРІСПЕ: Зерттеу материалдары
: 3
КІРІСПЕ: Алматы маңындағы су жыланының фаунасы
: 3. 1
КІРІСПЕ: Оңтүстік және оңтүстік - щығысына экологиялық-фаунистикалық шолу
: 4
КІРІСПЕ: Оңтүстік Қазақстандағы су жыланын биотопы
:
КІРІСПЕ:
: Қорытынды
: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
: Қосымша

КІРІСПЕ

Тақырыбтың өзектілігі. Қазақстанда жыландардың он тоғызға жуық түрі кездеседі. Солардың ішіндегі, су жыланы Natrix tessellata (Laurenti, 1768) Оңтүстік - Батыс Франциядан Солтүстік - Батыс Қытайға дейін кең таралған. Параскевтің мәліметтерінде, Солтүстік Шығысты қоспағанда, Қазақстанның басым бөлігін су жыланы алады, алайда С. А. Черновтың материалдары бойынша, Қазақстанның шығыс бөлігіннен оңтүстікке қарай қатты жылжуы байқалады.

Су жыланының морфологиясын зерттеу кезінде жануарлардың әртүрлі өмір сүру жағдайларына бейімделуінің дәрежесі мен кеңдігін анықтауға мүмкіндік беретін морфометриялық және фенотиптік параметрлерін зерттеу маңызды. Түрішілік өзгергіштікті зерттеу өзекті және қажетті болып табылады, ол популяциялардың биоалуантүрлік көріністерін түсінуге ықпал етеді. Біздің елімізде су жыланы (Natrix tessellata) жаппай таралуына қарамастан, биологиясы, экологиясы, таралуы, сыртқы морфологиялық белгілерінің өзгергіштігі бойынша деректер ішінара ғана ұсынылған және аз зерттелген. Бұл зерттеу жұмысының басты мақсаты - Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы су жыланының (Natrix tessellata) морфологиялық ерекшеліктерін сипаттау болып табылады. Себебі, біріншіден әр обылыста кездесетін су жыланының экологиялық климатына байланысты тіршілік ортасы әр түрлі болып келеді. Бір-бірінен айырмашылығы өте үлкен. Екіншіден, сол аймаққа тән басқа бір түр болып шығуы әбден мүмкін.

Қазіргі уақытта биоалуантүрлілікті сақтау мемлекетіміздің басты проблемасы. Геожүйеде тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығының деңгейін сипаттайтын көрсеткіш. Алуантүрлілікті сақтау біздің уақыттың актуальді мәселелері.

Өсімдік биттерінің алғашқы қазбалары туралы деректер триас дәуірінде табылған (Венгерек, 1990; Heie, 1985, 1990) [1, 2, 3] . Осы дәуірде тіршілік еткен өсімдік биттері Creaphididae, Genaphididae, Shaposhnikoviidae, Jurocallidae тұқымдастарына жатқан [1, 2] . Қазіргі таңда олардың 2800 қалдықтары белгілі. Барлық өсімдік биттерінің мезозойлық табылған жерлері тропикалық және субтропикалық климат жағдайында түзілген (Heie, 1981) [3, 4] .

Өсімдік биттері - әлем фаунасы бойынша (4700-ге жуық түрлер) көп таралған және көп болмаса да солтүстік жарты шардың тропикалық табиғи аймақтарында (2500) кездесетін теңқанаттылар отрядына жататын насекомдар -фитофагтар ( Insecta, Hemiptera, Aphidomorpha ) (Шапошников, 1964; Eastop, Hille Ris Lambers, 1976; G. Remaudiere, M. Remaudiere, 1997; Blackman, Eastop, 2006) [5, 6, 7, 8] . Өсімдік биттері басқа жәндіктермен салыстырғанда тропикалық аудандарда кең таралмаған, оның өзіндік себебі бар деп айтуға болады, тропикалық аймақтарда ағаштар мен шөптесін өсімдіктердің жапырақтары бірнеше жылға дейін алмастырылмайды және жабындары қатты болып келеді. . Олар соратын, мөлшерлері кішкентай жәндіктер болғандықтан маусымдық өзгерістерге байланысты ескі жапырақтарын ауыстыратын субтропикалық климат жағдайында өсетін өсімдіктерде кең таралады. Өсімдік биттерінің кейбір түрлері жарықтары бар ағаш діңдерінде аз пайыз болса да кездеседі. Сондықтан тропикалық климат жағдайына тек кейбір түрлер ғана бейімделе алады. Өсімдік биттері жәндіктердің ішінде мезофильды топ болып табылады. Қазақстанда орман және шалғындық биотоптар түрлерге бай болып келсе шөлейтті биотоптардың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың тіршілігі өсімдіктер қауымдастығымен тікелей байланысты. Өсімдік биттерінің көптеген түрлері - кең олигофагтар мен монофагтар. Қорек ететін өсімдіктердің өзгеруі өсімдік биттерінің санының өзгеруімен қатар, олардың толығымен жойылып кетуіне әсерін тигізеді. Тепе -теңдігі бұзылмаған тоғай жүйесінде өсімдік биттерінің түрлік құрамын, жеке түрлерінің санын білу арқылы афидофаунаның өзгеру жолдарын анықтауға болады. Осы нәтижелерді тоғай жүйесінің жағдайын бағалауда, яғни, өсімдік биттерін - биоиндикатор ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар, олар қоректік тізбектің негізгі компоненті болып табылады.

Өсімдік биттері шала түрленіп дамитын жәндіктер. Оларға партеногенез жолымен көбею тән. Көктемгі және жазғы маусымдық морфты аналықтар, қанатсыз тірідей туатын аналықтар және қоректік өсімдіктерде жаңа ұрпақ беретін қанатты түрлері жыныссыз жолмен тірідей ұрпақ береді. Тек күзге қарай көптеген жыныстық ұрпақтар ұрықтанған жұмыртқаларын салады. Тропикалық климат жағдайында өсімдік биттерінде жыныстық ұрпақ беру сатысы болмайды және олар көптеген жылдар бойы жыныссыз жолмен көбейеді. Өсімдік биттерінің тіршілік циклы өзіндік ерекшеліктері бар маусымдық морфтардың түзілуіне алып келді, яғни: алғашқы көктемдік партеногенетикалық аналық, жұмыртқа салушы аналықтар, қоректік өсімдіктерде жаңа ұрпақ беретін қанатты аналықтар, болашақ жынысты ұрпақ беретін партеногенетикалық аналықтар, қанатты және қанатсыз аталықтар. Өсімдік биттерінің әртүрлі таксондарында осы маусымдық морфтардың кейбіреулері болмайды. Маусымдық морфтарда морфологиялық айырмашылықтар болғандықтан кейбір кездерде оларды әртүрлі түрлер екен деп сипаттайды.

Су жыланының түрлік құрамын, биотоптық ерекшеліктерін, түрлердің саны, қоректік байланыстары және шаруашылықтағы маңызын зерттеу өзен, көл, тоғандар да, тағы басқа ортада су жыланының тұрақты тіршілік ету механизмін түсінуге мүмкіндік береді.

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1 Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысын да мекен ететін су жыланына ( Natrix tessellata ) экологиялық -фаунистикалық шолу жасау

Оңтүстік Қазақстан батыс бөлігіндегі Арал теңізінен басталып, шығыстағы Жетісу Алатауына дейінгі және солтүстіктегі Балқаш көлі мен Бетпақдала шөлінен Қазақстанның оңтүстіктегі шекарасына дейінгі үлкен алқаптары алып жатыр. Бұл территорияға 4 облыс кіреді. Олар Қызылорда облысы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы кіреді.

Балқаш маңы шөлдері Қазақстанның оңтүстік-шығысында Шу өзенінен солтүстік-шығысында Алакөл шұңқырына дейінгі үлкен аймақты алып жатыр. Көлемі жағынан көп аймақты алып жатқан құмды (Жалқұм, Жаманқұм, Қарақұм, Күшікжал, Лүкқұм, Мойынқұм, Сары- Тауқұм, Сарықұм және т. б) және сазды шөлдер. Тұзды шөлдердің ауқымы аз және олар өзендер мен Алакөл шұңқырында таралған. Тасты шөлдер тау шлейфінде орналасқан және аз ғана аймақты алып жатыр. Геожүйеде тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығының деңгейін сипаттайтын көрсеткіш. Алуантүрлілікті сақтау біздің уақыттың актуальді мәселелері. Биоалуантүрліліктің жойылуы табиғи экожүйеде тепе-теңдіктің бұзылуынан, атап айтсақ: жерді және өсімдіктер ресурстарын шамадан тыс қолдану, өзендердегі су режимінің бұзылуы, сонымен қатар экожүйеге басқа елдің өсімдіктері мен жануарларының түрлерін ендіру.

Әдебиет көздеріне жүгінсек Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанда тіршілік ететін су жыланының морфологиясы, экологиясы туралы ақпараттар жоқ, тек Параскиевтің[9] еңбегінде ғана су жыланы жайлы біраз ақпараттар келтірілген. Қазақстандағы герпетологияның қазіргі кезеңдегі жағдайын бағалай отырып, өткен кезеңде белсенді зерттеу жұмыстарын бірнеше кезеңдерін бастан кешкенін атап өткен жөн. ХХ ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы герпетологиялық зерттеулер тарихының қысқаша сипаттамасын К. П. Параскиевтің өзі келтірді. Герпетофаунаны бірнеше кезеңдерге бөлді.

Бірінші кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы) белгілі ресейлік ғалымдардың, саяхатшылар мен табиғат зерттеушілердің экспедицияларымен байланысты болды және қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың әртүрлілігі мен таралуы бойынша алғашқы деректердің жинақталуын көрсетті. Осы кезеңде амфибиялар мен рептилиялардың коллекциялары жиналып, Ресейдің көптеген ғылыми және білім беру орталықтарында сақталған және әлі күнге дейін ерекше танымдық құндылығы бар. Қазақстан герпетофаунасының алғашқы зерттеушілерінің бірі академик П. С. Паллас және академик доктор И. И. Лепехин болды. 1769-1773 жылы П. С. Паллас Солтүстік Каспийде жұмыс істеді, онда Соколов пен Зуевтің студенттерінің көмегімен бірге зоологиялық материалдар жиналды, сонын ішінде су жыланы да болды. И. И. Лепехин, П. С. Палласпен бірге, Астраханьдан 1769 жылы өз саяхатын бастаған, Гурьевке дейін Каспий теңізінің солтүстік жағалауының бойымен далалармен өтіп, осы жерден Янцкий қалашығына және одан әрі Орынбор қаласына барды.

XIX ғасырдағы Қазақстанның батыс бөлігін зерттеушілердің бірі Г. С. Карелин болды, ол 1826-1872 жылдар аралығында Маңғышлақ пен Кавказ өлкесінен бауырымен жорғалаушылардың 17 түрі бойынша материал жинаған; А. Леман (1839-1841 жылдары, Каспий маңы ойпаты, Үстірт) ; К. М. Бэр (1853-1854 жылдары Маңғышылақ, Ембі, Урал, Волга, Терек өзендерінің бойында) ; А. Остроумов (1888 ж. Маңғышылақ) ; И. Васильев (1906 ж. Маңғышылақ) және тағы басқа зерттеушілерді айтуға болады.

Қазақстанның шығыс және оңтүстік аудандарын да зоологиялық зерттеулердің тарихына бай, олардың барысында амфибиялар мен рептилиялар бойынша материалдар жиналған. Л. И. Шренк Санкт-Петербург ботаникалық бағының тапсырмасы бойынша 1840-1843 жылдары Жоңғар Алатауында, Тарбағатай мен Барлықта, Алакөл, Сасықкөл көлінде, Шу өзендерінің алқабында, Бетпақдала шөлінде, Балқаш көлінде омыртқалы, атап айтқанда жорғалаушылар бойынша материал жинай отырып зерттеулер жүргізді. Кейбір сұр жыландарының жүйелі жағдайына заманауи көзқарастың өзгеруі аясында Тарбағатайда, Жоңғар Алатауының маңындағы далаларда және Үржар ауылының маңында жүргізілген зерттеу де жасалған дала гадюкасынан А. И. Шренк жиыны үлкен құндылық болып табылады. А. И. Шренктің жиналған материалдары А. А. Штрауха (Strauch, 1873), В. Д. Аленицина (1876) және А. М. Никольский (1915, 1916) жұмыстарын да қолданылды.

XIX ғасырдың ортасында Қазақстанның шығыс және оңтүстік аудандарында созылған маршруттарды Н. А. Северцов жасады. 1857-1879 жылдары ол Сыр-Дарья, Сыр-Дарья және Шу, Тянь-Шань және Жетісу өзендерінің арасынан, Іле қазаншұңқыры, Жоңғар Алатауы тау етегі және шығыс Балқаш жағалауынан солтүстікке қарай Семей мен Павлодарға барып келді. Ол кейбір материалдарды "Түркістан жануарларының тік және көлденең таралуы" жұмысында қолданды.

XIX ғасырдың соңғы төрт жылдығын да - XX ғасырдың басын да зерттеушілер Қызылқұмды аралады. 1871 жылы шөлді аймақтың шығыс бөлігінде А. П. Федченко жұмыс жасады. Оның коллекциялық материалдарын А. М. Никольский, жартылай өңдеді (1899) . 1873 - 1874 жылдары Қызылқұмда М. Н. Богданов болды, ал 1886 жылы А. М. Никольский барлық жиналған материалдарды белгілі жұмысқа Herpetologica Turanica (1899) және кейбірін келесі мақалаларға қосқан. 1907 жылы шөлді аймақтың солтүстік бөлігін зерттеу де Д. К. Глазунов үлес қосты. 1907 - 1914 жылдары аралығын да Қызылқұмда бірнеше рет Н. А. Зарудный саяхат жасады, алайда көлемді герпетологиялық материалдар жинай алмады. Аралдың Шығыс бөлігіндегі жинақталған материалдардың ішіндегі “Гады Арала” (1915) деген еңбегін де белгілі. Аралда кездесетін жорғалаушылардың тізімін бірінші болып ұсынған В. Д. Аленицин (1876) . Оның мақалалары осы аймақтың бастапқы герпетологиялық жұмыстарын зерттеуде, базалық жұмыс болып табылады.

1877 жылы И. С. Поляков Семейден Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіне, Алакөл және Балқаш көліне барды; олар жинаған бауырымен жорғалаушылардың коллекцияларын А. А. Штраух өңдеді (Strauch, 1873) .

Жаркент маңының жақын ауданында - 1890 жылы бауырымен жорғалаушыларды П. Ю. Шмидт. жинаған (1896) . Мойынқұмның оңтүстік бөлігінен және Бішкек маңынан 1904-1905 жылдары А. Абрамов пен А. Г. Бегак коллекцияларын алып келді.

Қазақстан аумағынан коллекцияларды жинауға Л. С. Берг үлкен үлес қосты. Құнды мәліметтерді П. Игнатовпен бірге 1898 жылы Қазақстанның солтүстігіндегі Селеті-Денгиз, Теке және Қызыл-Как тұзды көлдерге барған кезде жиналды. Жорғалаушылардың кездесулерінің және олардың тіршілік ету кезеңін бақылау белгілі монографияда "Арал теңізі" (Берг, 1908), сондай-ақ кейбір басқа да жарияланымдарда көрсетілген.

1907-1915 жылдары Қазақстанның герпетофаунасын зерттеуге В. Н. Шнитников баға жетпес үлес қосты. Ол өз зерттеулерінің нәтижелерін Қазақстанның бауырымен жорғалаушылар фаунасына арналған алғашқы жалпылама еңбек еткен " Жетісудің бауырмен жорғалаушылары" атты тамаша монографияда баяндады.

Кітапты, орнитолог В. Н. Шнитников жазған, оны күтпеген жерден герпетологиялық бақылаулар мен жиындарды қызықтырған, ол көрген жануарлардың түстері мен суреттерінің дәл сипаттамасынан тұрады және күрделі түрлердің интерпретанциясымен байланысты қызықты ойларымен ерекшеленеді және бұл осы өңірдің зерттеушілері үшін ерекше құндылыққа ие. (Шнитников, 1928: с. 5) .

Қазақстанда герпетологиялық зерттеулердің екінші кезеңі 1946 жылы институтқа К. П. Параскиевтің келуімен басталады.

Константин Петровичтің энтузиазмының арқасында Маңғышлақ, Оңтүстік Қызылқұмы, Арыс, Мойынқұм, Бетпақдала, оңтүстік Балқаш өңірі, Іле алқабы, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырлары сияқты аудандарға бірнеше герпетологиялық жағынан қызықты экспедиция ұйымдастырылды. Жиналған материалдар "Пресмыкающиеся Казахстана" кандидаттық диссертациясын жазуға негіз болды және ол 1954 жылы табысты қорғалған, 1956 жылы жарық көрді. Бұл кітаптың маңызы зор, өйткені ол бүгінгі күні сол уақытта белгілі (50 түрі) бауырымен жорғалаушылардың барлық түрлері бойынша жалғыз жалпылама жұмыс болып қала береді. К. П. Параскивтің монографиясы шыққаннан кейін 51-ші түрді - Ф. П. Евдоков 1955 жылы Зайсан қазаншұңқырынан жолақты қарашұбар жыланды Coluber spinalis , тауып сипаттады. Бұл Қазақстан фаунасы үшін ғана емес, жалпы КСРО үшін де жаңа түр болды.

Жұмыс істеген жылдары К. П. Параскив 3000 данадан астам рептилиялар жинақтады, ол сол кезеңде Қазақстанда белгілі бауырымен жорғалаушылардың барлық түрлерін көрсетті.

К. П. Параскив өз жинақтарын да және әріптестерінің жиындарын да, КСРО ҒА зоологиялық институтында (Ленинград қаласын да) өңдеп, герпетологиялық бөлім меңгерушісі С. А. Черновтан кеңес алды.

1959 жылы К. П. Параскиев және К. И. Искакованың 70-ші жылдардың басында зейнетке кетуімен қатар, Зоология институтында герпетологиялық тақырыпта жұмыс жасау кадрлардың жоқтығынан тоқтатылды, бірақ Қазақстан аумағында герпетологиялық зерттеулер Қазақстан мен КСРО-ның басқа ұйымдарының мамандарының күшімен жалғасты. Амфибиялар мен рептилиялардың экологиясының жекелеген аспектілері туралы мәліметтер жинақталды(Бутовский, 1964; Мазунин, 1966; Дубровский, 1967) .

Осылайша, өткен ғасырдың 30-60 жылдары К. П. Параскив, К. И. Искакованың, қазақстандық зооологтар мен КСРО-ның басқа республикаларынан келген мамандардың жұмыстарының арқасында, амфибиялар мен рептилиялардың таралуы туралы толық түсінік жасалды, бірқатар өкілдердің экологиясы зерттелді, шаруашылық маңызы бар түрлер анықталды және елде герпетологияны одан әрі дамыту перспективалары суреттелді. Кезеңнің басты қорытындысы ретін де екі монография - "Қазақстанның жорғалаушылары" (Параскив, 1956) және "Қазақстанның қосмекенділері" (Искакова, 1959) болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәртөк ауданы экологиялық жағдайының мәселелері
Жорғалаушылардың денесінің құрылымы
Шығыс Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи территорияларында туризмді дамытудың геоэкологиялық алғышарттары
Алтын-Емел Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркімен шекаралас жатқан Жаркент өңіріндегі бауырымен жорғалаушылардың биологиясы, экологиясы
Шарын МҰТП жерінің экспликациясы
ХІХ ғасырдағы екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы
Хоккейдің тарихы
Тарих ғылымдарының кандидаты
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанның өнеркәсіптің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz