Тауар ұғымына түсінік
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
________________________кафедрасы
СӨЖ
СӨЖ
Тақырыбы:Тауарлар мен қызмет көрсету нарығының мониторингі
Орындаған:_________________
Тобы: ______________________
Қабылдаған:_________________
Шымкент 2019-2020
Жоспары:
Кіріспе
Тауар ұғымына түсінік.
Негізгі бөлім
Қызмет көрсету нарығы.
Қызмет көрсету нарығының қызмет ету мәні және негізгі принциптері.
Қызмет көрсету нарығының мониторингі.
Қорытынды.
Қызмет көрсету саласының қазіргі жағдайы.
I.Кіріспе.
Тауар- ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың қалыптасуы. Тауар айналысы деп ақша арқылы жүзеге асатын ақша айырбасын айтады. Түсінікті болғандай, тауар айналысы ақша айналысымен байланысты және ол дамыған ақша жүйесінің болуын талап етеді. Алайда, көптеген жылдар бойы тауар айналысы кездейсоқ, сирек құбылыс ретінде болды. Тек нарық жүйесі қалыптасқан соң ғана, ол жалпылама сипатқа ие болды. Нарық қоғамдық еңбек бөлінісі мен шаруашылықты жүргізу субъектілерінің өзара оқшаулануы негізделген тауар өндірісінің табиғи-тарихи даму процесінің нәтижесі болып табылады. Нарық деп алғашында адамдар тауарлар мен қызмет көрсетулерді өзара айырбастайтын жерлерді атаған, бұлар әдетте қала ортасындағы алаңдар болды. Тауар өндірісінің дамуына қарай нарық дамып және ол туралы түсініктер күрделене түсті.
Тауар нарығы - сұраныс пен ұсыныстың ықпалдасуы арқылы тауар бағасы қалыптасатын және сатушылар мен сатып алушылар жалғастырылатын айырбас аясы, яғни өндіріс құрал-жабдығы немесе тұтыну тауарлары ұсынылатын нарық. Тауар нарығы бәсеке нысанымен (монополиялану дәрежесімен), мемлекеттік реттеу дәрежесімен, аймақтылықпен, жариялылықпен, сатылатын тауардың түрімен және номенклатурасымен, сату көлемімен (нарықтың сыйымдылығы), сауда тәсілімен және баға деңгейімен сипатталады. Монополияланған нарықта жалғыз сатушы тек қана өзінің, бірегей тауарын сатады. Әлемдік тауар нарығы деп аталатын тауар нарығында мынадай белгілер болады:
көптеген елдердің қатысуы,
сауда мәмілесінің ауқымдылығы, тауар айырбасының тұрақтылығы,
тауар операциялары бойынша еркін айырбасталатын валютамен есептесу.
Ел ішінде әрекет ететін тауар нарығының жиынтығын ұлттық нарық деп атайды. Ішкі және әлемдік тауар нарығының арасында аймақтық нарық бөлінеді, мұнда аймақтық белгілері айқындалған аумақтық нарықтық құрылымдар әрекет етеді. Тауарлардың түріне қарай: тұтыну заттары мен қызмет көрсету нарығы, тұрғын үй, жылжымайтын мүлік нaрығы, өндіріс құрал-жабдығы (жерді қоса) нарығы, инвестициялар нарығы, ақша бағалы қағаз нарығы, жұмыс күшінің (еңбек, жұмыс орындарының) нарығы, инновациялар нарығы, рухани, зияткерлік қызметінің нaрығы болып бөлінеді. Стандарттар мен үлгілер бойынша өткізілетін тауарларды ірі ауқымда сату және сатып алу жөніндегі мәмілелер жасасылатын сауда операцияларын жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін ұйымдар - белгілі бір ереже бойынша және белгілі бір орында істейтін тауар биржалары құрылады. Тауар нарығында мерзімдік мәмілелер жасалады.
II.Негізгі бөлім.
Әлемдік нарықтық экономикада тауар, капитал, жұмыс күші нарығымен қатар қызмет көрсету нарығы да әрекет етеді.
Қызмет көрсету -- заттық нысан сипатына ие болатын және тұтынылу құны еңбектің заттық өнімінен өзгеше түрде нақты еңбектің пайдалы нәтижесінен көрініс табатын арнайы еңбек өнімі болып табылады. Дәрігер, мұғалім, актер, шаштараз, тағы басқа да көрсетілетін қызмет тер осындай еңбек өніміне жатады. Олардың еңбегімен сатып алу және сату нысаны, тұтыну заты бола алатын бейзаттық нысандағы белгілі бір өнім өндіріледі. Алайда қызмет көрсету ұрлана алмайды, бірақ оны өндіру мен тұтыну үдерісі уақыт жағынан үйлес келеді. Қызмет көрсету нарығының негізгі мақсаты- халықтың қызметтерге деген мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып табылатын күрделі жүйені құрайды. Қызмет көрсету нарығы әлемдік шаруашылықтың ауқымды бөлігін алады. Сондықтан қызмет көрсету саласы экономиканың жылдам қарқынмен дамып келе жатқан болашағы зор салалардың бірі. Алдыңғы қатарлы, дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне көңіл аударсақ, өндіріс күрделеніп нарық тауарлармен толыққан сайын қызметтерге деген сұраныс артуда.
Қызмет көрсету нарығы экономиканың барлық салалары жұмысшыларының сапалық сипатына әсер етеді, олардың күш-жігерін мамандандырылған функцияларға шоғырландыруға және еңбек ресурстарын өндірістік емес салаларда қолдану үшін босатуға мүмкіндік береді, яғни тек өзінің негізгі функцияларын орындап қана қоймай, сондай-ақ материалдық өндіріске де өз әсерін тигізеді. Ол өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының өндірісін дамытуға көмектесе отырып, материалды игіліктердің негізгі тұтынушыларының бірі болып табылады. Ал материалдық өндіріс өндірістік емес сала жасайтын көптеген қызметтерге сұранысты тудырады. Өндірістік емес сфера материалдық өндірісте өз базасын таба отырып, өзінің салаларын дамытуды жеделдетуге ынталы болып келеді. Екі саланың дамуының өзара байланысты үрдісінің жұмыс жасауы халықтың материалды жəне рухани игіліктерді үзіліссіз тұтынуымен негізделеді.
Қызмет көрсету нарығының жəне оның салаларының жұмысшылары материалды игіліктердің тек тұтынушылары ғана болып табылмайды. Өз еңбегімен олар халыққа қызмет ете отырып, материалды емес рухани құндылықтарды құрады. Олардың ортақ мақсаты- адамдардың түрлі қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру және өмір сүру деңгейін жоғарылату болғанымен де, екі сферада бұл мәселені түрліше шешеді. Қызмет сферасы əлеуметтік, сондай-ақ экономикалық функцияларды да орындайды. Мысалы, білім беру адамдардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, жұмысшы күшін ұдайы өндіру факторы болып келеді.
Қазіргі қоғамда қызметтер тұтынудың маңызды элементі жəне адамдардың өмір сүру қалпын жетілдіру шарты болып табылады. Қызмет көрсету сферасының салаларын дамыту қоғам мүшелерінің тіршілік іс-əрекетінің көптеген критерийлерін өзгертуге əсер етеді жəне бұл өзгерістер қоғамдық өндіріс құрылымындағы өзгерістерге, оның тиімділігін жоғарылатуға əсер етеді.
Ғылыми зерттеулерде жалпы қызметтер, біріншіден, орындалатын қызметтер жиынтығы, екіншіден, тұтыным құнына ие еңбек өнімі ретінде анықталады. Бұл дегеніміз қызметтер құндық көрсеткіштерге ие жəне барлық халықпен тұтынылады. Жалпы қызметтің келесі ерекшелігін атап кетуге болады:
- сезілетін жəне сезілмейтін қасиетке ие (сезілмейтін - аудитордың кеңесі, оқытушының дəрісі);
- қызметтің өндіру мен сату уақытының сəйкес келуі (мысалы, шаштараз);
- қызметтер тауарға қарағанда стандарттау мен бірыңғайлылықтың аз деңгейіне ие;
- қызметті тұтынушы қызмет нəтижесінің анықсыздығына жоғарғытəуекелділік аумағында болады;
- қызметтерді сақтауға жəне тауарлар ретінде көрсетуге болмайды;
- қызметтер өндіру мен тұтынуда жеке;
- қызметтердің материалдық еместігі;
- қызметтер түрінің сан алуандығы;
- тұтынуда қызметтер соңғы болып табылады.
Көптеген мемлекеттік, коммерциялық емес қызметтердің сыртқы əсерлері бар, соның арқасында оларды жеке игіліктер ретінде қарастыруға мүмкіндік бермейді.
Қоғамдық игіліктер ретінде қызметтер келесідей сипатталады:
- бөлінбеушілік, яғни оларды жеке тұлғаларға бере ала алмаушылығында;
- қызметтерді қолдану үрдісінен тұлғаны бөліп шығарудың мүмкін еместігі;
- белгілі қызмет түрін тұтынуды нормалау күрделілігі.
Сондай-ақ, қызметтер материалды жəне материалды емес болуы мүмкін. Материалды қызмет көрсету кезінде қызмет еңбек затында материализацияланады. Мысалы, материалдық қызметтер-бұл машиналарды жөндеу бойынша, аяқ киім тігу бойынша қызметтер және тағы да басқалары болып табылады. Еңбек заты заттандырылған тұтыну құны болып табылады, ол қызметті өндіруші тұлғаның немесе ұжымның ықпалына тиеді. Материалдық қызмет тауар сияқты өзінің объектісіне жылжу жолында барлық сатыдан өтеді: өндіру - айырбас - бөлу - тұтыну. Қызметтің объектісі қызметті өндірушімен байланысқа баратын, яғни қызметті алатын адам болып табылады.
Материалдық қызмет жеке талғамдар мен сұраныстарға сəйкес материалды тұтыну құндарын өндіруге жəне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz