Жібек жолы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті


Кафедра:Философия және мәдениеттану
Факультет:Басқару және бизнес


Реферат

Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениетаралық крммуникациясында Қазақстан түркілері

Орындаған:Абезова Айнура
Тобы:Эф-19-7К2
Қабылдаған:Ботабаев Ғ.Е.



Шымкент-2019
Мазмұны

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1

1. Ұлы Жібек жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
2. Ұлы Жібек жолынын тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..3
3. Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
4. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
5. Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
6. Қазақстанның ортағасырдағы қалалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

Кіріспе
ХХІ ғасырда тұрған қазақтың ұлттық мәдениеті үшін өзекті міндетке қазіргі әлемдегі жаһандану үрдісіне дұрыс жауап бере білу қабілеттілігін қалыптастыру жатады. Жаһандану тарапынан адамзатқа қойылған мәжбүрлеудің алдында ұлттық мәдениет өз бойында озық құндылықтарын жасап шығарулары керек. өйткені тек жасампаз мәдениет қана жалғыз өзіндік таңдауға ие болып қоймай, жаһандастырушылардың кез-келген жоғары стратегиялық және тактикалық ұмтылыстарына, айла-шарғылары мен шараларына үйлесімді және дәйекті жауап бере алады.
Ұлы Жібек жолы шығыс пен батысты байланыстырған сауда жолы. Ұлы Жібек жолы шаруашылықтың дамуына, мәдениеттін оркендеуіне, халықаралық қарым-қатынастын дамуына үлкен үлес қосты.
Ұлы Жібек жолы атауын алманиялық ғалымдар Ф. фон Рихтофен (F. von Richthofen) мен А. Герман (А Hеrman) 19 ғасыры ұсынған.
Ежелгі Қытай деректеріне қарағанда, б.з.б. Iғ. ортасында алғаш рет Қытай елінен Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан.
Қазақстанның орта ғасырдағы қалалары.

1
Ұлы Жібек жолы

Жібек Жолы (Ұлы Жібек Жолы) -- Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған.[[1]] Ұлы Жібек жолы-адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырғын көпір болғын.Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап, екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып,Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содна Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

1-ғасырдағы Жібек жолы.Қытайдан Жерорта теңізіне дейін

Ұлы Жібек жолы - Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы. Ұлы Жібек жолының кей тармақтары сол кезде-ақ іске қосылған. Негізінен, лазурит жолы, нефрит жолы және құндыз жолындағы сауда қызып тұрды. Лазурит жолы - Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары бағаланған. Нефрит жолымен қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік әшекей бұйымдарға қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. Құндыз жолымен бағалы аң терілері әр елге таралған. Б.з.д. I мыңжылдықтың ортасында дала жолы іске қосылды. Дала жолы арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды.
Ұлы Жібек жолы бүкіл адам ағзасын қоректендіруші қан жүйесіне ұксас жұмыс істеді. Себебі ол бүкіл Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді.

2
Ұлы Жібек жолының тарихы
Ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихттофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты - Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.Сонау Еуропа мен Азияны біріктіріп жатқан бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің бір-бірімен сауда-саттықпен айналысуына, ғылым салаларының дамуына, діни және мәдени салт-дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал етті.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Ең негізгі сауда жолы Тянь-Шань тау сілемдерімен, Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарлары аркылы Қытайға ұласкан, Жолдың ендігі бір бөлігі Яқсарт, Сейхун деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалай ары қарай Қаратеңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатты.
Негізгі күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға карай тарамдалған жолдар өткен. Осындай жолдардың бойында Исфиджаб, Усбаникент, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Жаңакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізген әсері мол. Қалалар мен далаларды, тау етектерін сақтар, үйсіндер, қаңлылар, кейіннен түргеш, қарлұқ, оғыз, кыпшақ, қимақ сияқты ежелгі түркі тайпалары мекендеген.
Ұлы Жібек жолының құрылуы - көшпелілер мен оазистер дихандары арасындағы мәдени байланыстардың қаншалықты жемісті болғанын көрсетеді. Оның бойындағы елді мекендерде мал, астық, жүн, былғары, қолөнер бұйымдары мен сауда жасау кең тарады. Көшпелілердің өздері жіктеліп, бір топтың өкілдері аграрлық шаруашылықпен айналысса, басқалары керуен жолдары тұрақтарында қолөнермен және іргелес елдермен керуен саудасы іске асырды. Этномәдениетте субмәдениеттер қалыптаса бастады. Бұл үдерістің Қазақстан жерін де қамтығаны туралы М. Орынбеков мынадай деректер келтіреді: Егіншілік аймақтармен шектес далаларда да, сондай-ақ ішкі дала аймақтарында да қалалар бой көтерді, оның бір мысалы Сарыарқаға тереңдеп орналасқан Саудакент қаласы сауда қақпасы болды. Дала мен егінші аймақтардың шекарасында Мерке, Құлан, Ақтөбе, Жуантөбе, Аспара, Музкет, Суяб қалалары пайда болды. Ұлы Жібек жолының керуен жолдарында Тараз, Отырар (Құйрық-төбе және Баба-ата) және Испиджап (Сайран) Іле атрабында Тальхиз (Талғар) , Оки-Оғұз және Қаялық бой көтерді.
Қала тұрғындарын Ұлы Жібек жолы бойында негізінен соғдылар, түркілер, сириялықтар, таңғұттар құрады.

Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері
Жібек жолы бойынша саудада Ферғананың асыл тұқымды жылқылары, араб және нисийлік тұлпарлар, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыс-тандар, қабыландар мен қарақұйрықтар, ақ тұйғындар мен ителгілер, тауыстар, тотықұстар мен түйеқұстар жүрді. Саудагерлер арқылы мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдалы, қауын, көкөніс, сонымен бірге дәмдеуіштер мен қант таралды. Әйтсе де, саудада негізгі және тұрақты зат болып жібек қала берді, ол алтынмен қатар іс жүзінде халықаралық валютаға айналды. Жібек - тауар, салым-салық пен сыйлық ретінде жоғары бағаланғандықтан, оны патшалар мен елшілерге сыйлады; ол жалақы ретінде жалдамалы жауынгерге берілді және мемлекеттік қарыздар төленді. Ол туралы бізге келіп жеткен деректерде көптеген мысалдар бар. Иранның шахиншахы Хосров 1 Ануширван қытай императорынан (басқа сыйлықтар жиынтығымен бірге) көкшіл шетіне тәжді және әшекейленген патша бейнеленген жібекті қытайлық ушари киімін алады. Жібекті қадір тұтуы Қытай, Орта Азия, Шығыс Түркістан билеушілері сарайларындағы сылаққа салынған суреттерден анық көруге болады: ақсүйектер киген жібекті киімдер оған тән қымбат бұйымдармен, әшекейлермен,
3
бөлшектермен, тіпті тігістеріне дейін салынып көрсетілген. Импорттық бұйымдардағы көз тартар заттар Талғар қаласынан табылды. Көмбеден шыққан қытай кәрленінен (фарфор) жасалған төрт тостағанның ішіндегі балалардың фигурасы ойылған бейнелер саңырауқұлақ пішінінде - ұзақ өмір символындағы медальондармен жиектелген. Табақтағы символика ерлердің үрім-бұтақ тілегі ретінде түсіндіріледі. Көмбеде сонымен қатар фаянсты тостағанның сынығы болды. Ішкі фонында тау және теңіз көрінісінде қызыл фонда аспашам орындалып, он бір отырған ер мен әйел бейнеленген. Кәрлен тостаған Қытайда жасалған, ал фаянстың сынығы Талғарға ХІІ-ХІІІ ғасырдың басында Жапониядан әкелінген. Жібек жолы бойымен діни идеялар, яғни теңіздің арғы жағындағы елдерге миссионерлер өз діндерін таратты. Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан және Қытай арқылы буддизм, Сирия, Иран мен Аравиядан - христиан, сосын ислам діні. Лазурит жолы Бүгінгі таңда осы жолдың жекелеген бөліктері қола дәуірінде-ақ қызметін бастағандығы анықталып отыр. Ұлы Жібек жолына кірген ең ежелгі сауда трассасының бірі, тарих ғылымында Ұлы лазурит жолы деген атауға ие болды. Ерекше әдемілігімен және сирек кездесетіндігімен құнды болып табылатын бұл көк тас көптеген халықтарда жоғары бағаланды. Бұл тас Еуразия материгінде тек Таулы Бадахшан, Байкал маңы мен Корей жарты аралының кейбір жерлеріндегі кен орындарында ғана кездеседі. Сонысына қарамай осы тастан жасалған бұйымдардың таралу аймағы өте кең.

Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың біртіндеп әкімшілік орталықтарынан қолөнер, сауда және мәдениеттің шоғырланған орталығына айналғанына көптеген зерттеушілер өз назарын аударады. К.М. Байпақовтың пікірі: Орта ғасырда Қазақстан аймағын мекендеген халықтар мен тайпалар мәдениетінде айқын дәстүрлі сабақтастық көзге түседі. Ол сабақатастық қала салу, қыш өңдеу өнерінде көрінеді. Бұл көне дәуірден бастап, тарихи тағдырлары өзара сабақтаса дамыған, өзара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуі
Ұлы жібек жолының Қазақстандық бөлігінің туристік әлеуетін бағалау және оның Қазақстан Республикасы туризмінің дамуындағы маңызын анықтау
Ұлы жібек жолы Шығыста Қытай империясы
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Жаңа Жібек Жолы туризм ретінде болашағы
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Ұлы жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақстан түркілері
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Ұлы жібек жолы жайында
Ұлы Жiбек жолының даму тарихы
Пәндер