Мартин Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Білім және Ғылым министрлігі
Astana International University

Реферат
Мартин Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары

Орындаған: Жұмабай Ерасыл

Нұр-Сұлтан 2019
Жоспар:
I. Ғұмырбаяны
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды

I. Ғұмырбаяны
Мартин Хайдеггер (нем. Martin Heidegger) -- неміс ойшылы, қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі, экзистенциализм, Феноменология, деконструкция, герменевтика, постмодернизм, саясаттану теориясы, психология и теология салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама.
Мартин Хайдеггер 1889 жылы 26 қыркүйекте Баден - Вюртембергтегі Месскирхта (Штутгарт қаласының оңтүстігінде 80 км қашықтықта) қарапайым католик отбасында дүниеге келген. Әкесі Фридрих Хайдеггер Месскирх қыстағындағы католик шіркеуінде төмен діни қызметкер болған. 1892 жылы қарындасы Мария, 1894 жылы бауыры туылды. Мартин Хайдеггер бала кезінде шіркеу мектебінде оқиды. 17 жасында ол шіркеу әкейінен Брентано жазған Аристотель бойынша болмыстың түрлі мән-мағынасы атты кітапты алып оқып, болмыс мәні мәселесіне айырықша назары ауады. 1990 жылы Фрайбург университетінде алғашында теология мамандығы бойынша екі жыл оқып, кейін философия мамандығына ауысады, гуманитарлық және жаратылыстану пәндеріне ден қояды.

1913 жылы Генрих Риккерт және Шнайдер секілді ғалымдардың ғылыми жетекшілігінде Психологизмнің тұжырым ілімі атты докторлық диссертация қорғады. Ал, оның оқытушылық біліктілігін айқындаған мақаласы Дунс Скоттың категория және мәнділік ілімі деп аталды. 1914 жылы ол докторлық атаққа ие болып, "Антикалық және схоластикалық философия мектептері желісі" тақырыбында Фрайбург университетінде сабақ бере бастады. І дүниежүзілік соғыс басталғанда, 1914 жылы тамызда Мартин Хайдеггер әскерге қатысты. Бірақ, екі ай өткенде денсаулығы сыр беріп, қосыннан шегерілді. 1917 жылы І дүниежүзілік соғыстың соңғы жылы Хайдеггер Пруссиялық лютеран қыз Эльфриде Петриге үйленді және тағы да әскерге алынды. 1919 жылы оның ұлы Йорг туылды.
1946 жылы Француз әскери билігі Хайдеггердің нацизммен байланысына бола оның университетте сабақ беруін шектеу бұйрығын жариялады. Нацизмнен арылту 1949 жылға дейін жалғасты. Бірақ одан нацизмдік қылмыс дерегі табылмаған соң ақыры оны жазалау күшін жойды. Сөйтіп 1951 жылы құрмет мәртебесі беріліп, сабақ беруіне мүмкіндік туды. 1951 жылдан 1958 жылға дейін Фрайбург университетінде тұрақты сабақ берді және 1967 жылдарға дейін ұсыныспен сабақ өтті. Соғыстан кейін ол экзистенциализмдік мағынада көптеген шығармалар жазды. 1976 жылы 26 мамырда адамзаттың ой-парасат тарихына бірегей идеяларымен үлкен ықпал еткен ойшыл Мартин Хайдеггер өз туған жері Месскирхта 86 жасында қайтыс болды және Католик шіркеуі дәстүрі бойынша жерленді.
II. Негізгі бөлімі.
Философия өз негізінде үш мәселені қамтиды. Олар: Онтология (өмір сүру, тұрмыстық жағдай), Гносеология (таным туралы ілім), Логика (ойлау жүйесі туралы ілім).
Онтология дегеніміз - болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер мен ойлар, анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста болмыс термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - өмір сүру сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi болу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Хайдаггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Мартин Хайдеггер өмірбаяны
Болмыс ілімнің онтологиясы
Əлеуметтік болмыс
Болмыс - өмір сүру сөзінің синонимі
Заттар болмысы
М. Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары жайлы
Хайдеггер философиясының жалпы сипаты
Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі
Пәндер