Энергия көзін пайдалануда табиғаттың көзін сақтау


Жоспар:
1. Кіріспе . . . 3
2. Энергия көзін пайдалануда табиғаттың көзін сақтау . . . 4
3. Табиғатты тиімді пайдалау қағидалары . . . 5-6
4. Қорытынды . . . 7
5. Пайдаанған әдебиеттер . . . 8
Кіріспе:
Табиғаттың негізгі ресурстарын пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамды әлеуметтік басқарудың бір саласы, яғни ол мемлекеттік экологиялық басқару болып табылады.
Экология саласындағы мемлекеттік қатынастарды басқаруға негіз болатын үш жағдай бар.
Бірінші-ҚР табиғи ресурстардың жеке дара меншік иесі.
Екінші- ҚР халықтың ресми өкілі.
Үшінші- Қоршаған табиғи ортаны қорғау оның адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы болуын қамтамасыз ету қызметін атқаратын мемлекет, оның органдары лауазымды адамдарды заң жүзінде белгіленген өкілеттіктері шегінде жүзеге асыру құқығына ие болады.
Мемлекеттік экологиялық басқару табиғи ресурстарды жер, су, орман жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорларын дұрыс пайдалануды, қорғалуы, табиғи ортаның, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуы саласындағы бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын ұйымдастыру іске асыру болып табылады.
Бұл салада мемлекеттік экологиялық басқарудың құқықтық негіздері ҚР Конституциясы «Қоршаған табиғи ортаны қорғау уралы заң: жер кодексі, жер қойрауы және минералдық шикізаттарды ұқсату туралы, су, орман кодекстері, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, атмосфералық ауаны қорғау туралы және басқа экологиялық заңдар мен заңдық актілер.
Жер бетіндегі биосфераның қазіргі қалпы - тікелей тірі организмдердің тіршілік әрекетінің жемісі. Атмосферадағы газдар қоспасының қазіргі кездегі пайыздық арақатынасы тірі организмдердің тіршілік әрекетінің нәтижесінде біртіңдеп қалыптасқан. Жасыл өсімдіктер миллиардтаған жылдар ішінде атмосфераны көмірқышқыл газынан тазартып, оны оттекпен байытты. Бұл жасыл өсімдіктерде жарықты жүзеге асатын фотосинтез процесімен түсіндіріледі.
Энергия көзін пайдалануда табиғаттың көзін сақтау:
Адамзат тарихында өмірлік қуат көзі - мәңгілік двигателін ойлап табу жайлы зерттеулердің болғаны мәлім. Дегенмен адамзат табиғатты тұтастай танып, біліп, оның құпия сырына қанық болды деп айтудың реті жоқ сияқты.
Алайда «мәңгілік двигателі» адамзаттың көп армандарының бірі болғанымен, бүгінде бізге мәлім мұнай өнімдері, электр тогы сияқты энергия көздері бірнеше ғасыр адам игілігіне қызмет етті.
Бүгінде ғалымдар энергияның балама көздерін іздестіруде. Алдағы 2030-2040 жылдары адамзат энергияның тапшылығын сезінуі мүмкін деген де болжамдар бар.
Әлем ғалымдары алдында сутегіні энергияның негізгі көзіне айналдыру мәселесі тұр. Сутегі өте қуатты, үнемді әрі экологиялық жағынан таза энергия көзі болып саналады. Дегенмен газ түріндегі сутегіні тасымалдау, сақтау қиын. Өйткені ол өте жеңіл. Әзірге ғалымдар сутегіні сұйыққа айналдырып пайдалану жолдарын ойластыруда.
Соңғы жылдары Қазақтан ғалымдары сұйық және газ механикасын іргелі және қолданбалы саласы бойынша ҚР ҰҒА академигі Шабхаз Әлімгерейұлы Ершиннің жетекшілігімен Ұзақ Қайырбекұлы Жапбасбаев, А. Қалтаев, Г. Б. Шерьязданов сияқты профессор-ғалымдар табысты зерттеулер жүргізіп, ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша 2004 жылы аталмыш сала бойынша І дәрежелі Қ. Сәтпаев атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Сұйық және газ механикасын зерттеу жұмыстары: каналдық ағымдар, инертті ағымдар мен жалын аэродинамикасы, қолданбалы зерттеулердің нәтижелері сияқты үш бағытта жүргізілді.
Бірінші бағыт кеуекті қондырғы қойылған каналдағы ағымдар; каналдағы жалындардың төмен температурада таралуы; кеуекті қабырғалар арқылы каналдық ағымдардағы масса алмасудың аэродинамикасы; мұнай құбырларындағы екі компонентті сұйықтың ағуы сияқты түрлі каналдық ағымдарды зерттеуге арналды.
Отын энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалануды жоғарылату негізгі қағида бола тұра, «ҚР экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы», «ҚР энергия үнемдеу» Заңы талаптарына қарамастан мекемеде, өндірістің технологиясын жаңалау және басқару жүйесін жетілдіру сияқты жұмыс жоспарлары жасалмаған.
Табиғатты тиімді пайдалану қағидалары.
-1-Табиғатты тиімді пайдаланудың принциптері - табиғатты пайдалану, табиғат ресурстарының негізінде қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған қоғамдық-өндірістік іс-әрекет саласы, сонымен қатар табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың принциптері, оның ішінде табиғатқа антропогенді әсері, олардың адамға тигізетін салдарын талдауды зерттейтін ғылыми бағыт. Қоғам табиғатты пайдалануды реттей отырып оған ұтымды сипат беруге ұмтылуы керек. Табиғатты пайдаланудағы ұтымдылық мағынасы тек экономикалық, мәдени-сауықтыру әсерінің жетістіктері, сонымен қатар қоршаған табиғи ортаны қорғауды білдіреді.
-2-Келешекте жаңаша ойлау негізінде, мемлекетаралық, халықаралық мекемелер тарапынан табиғат ресурстарын пайдалану, халық санын реттеуге негізделген дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне өтуді жүзеге асыру мүмкін болады.
Дүниежүзінде, тарихи тәжірибе көрсеткендей, экономикасы дамымаған елдер арасында табиғатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау шаралары шарттарын орындамай, экономиканы дамыту мүмкін емес. Сондықтан қоршаған ортаның жекелеген мәселесін шешу немесе табиғат ортасын қолдануда оған әсер ететін барлық түрткіжайтты ескеру қажет.
-3-Табиғатты тиімді пайдалану бірнеше заңдарға, заңдылықтар мен қағидаларға сүйенеді. Сонымен қатар табиғатты тиімді пайдалану дегеніміз - тіршілік ортасы көрсеткіштерін сақтай отырып, оның энергетикалық және шикізат базасының сарқылмауына қол жеткізу.
Кез келген технология, конструкция ұзақ уақыт аралығында экологиялық қауіпсіз жұмыс істеуі, ресурстардың қалпына келу қасиетін сақтайтын және өмір, тіршілік үшін таза орта жүйесін құруды қамтамасыз етуі керек.
-4-
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz